Стационардағы сырқаттардың емдік тамақтандыруын ұйымдастыру


ЖОСПАР
СЫРҚАТТАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ1
Стационардағы сырқаттардың емдік тамақтандыруын ұйымдастыру2
ЖАСАНДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ4
СЫРҚАТТАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Адам организміндегі барлық тіршілік процесінің негізі организм мен сыртқы орта арасындағы тұрақты зат алмасу.
Тамақтану - тірі организмнін, негізгі физиологиялық қажеттілігінің бірі болып табылады. Азықпен адам жалпы тіршілікке қажетті белок, май, көмір, сутегі, минералды тұз, су, витаминдер мен тканьдарды қалпына келтіруге, энергия шығынын және организмнің қажетте-рін толтыруға арналған басқа да заттар алады. Осы заттардын, бәрі күрделі алмасу процесіне түсіп, ыдырайды да, организмнен шығарылады. Белок, май мен көмірсутегі тотыққанда энергия шығарады, ол калориямен елшенеді. 1 г белок - 4, 1 ккал, 1 г май-9, 3 ккал, 1 г көмірсутегі - 4, 1 «кал беліп шығарады. Азык калориялығы арнайы таблица бойынша есептеледі. Дені сау адам түрлі тағам ішкен кезде тәулігіне 3000-ден 3100-ге дейін ккал алады.
Дененің салмағын арттыру үшін калориясы мол тағамдар, ал салмағын кеміту үшін калориясы төмен тағамдар ішу қажет.
Емдік тамақтар сырқаттың тағамдық заттарға физиологиялық қажеттілігін қамтамасыз етеді және аурудың паталогиялық механизмдеріне әсер етеді. Емдік тамақтарының міндеттері - бұзылған зат алмасуды қалпына келтіру және тамақтың терациялық әсер етуі. Диетаның сапалық құрамын азықтың аспаздық өңдеу сапасын өзгерту жолымен мүшелер мен жүйелердің функциялық күйіне әсер етуге болады. Түрлі аурулардың, әсіресе ішкі аурулар клиникасында, комплексті терапиясында емдік тамақтары міндетті түрде қолданылады. Емдеу тамақтарын белгілегенде дені сау адамның тағамдық заттарға физиологиялық қажеттілігі нормасынан шығу қажет.
Дені сау адамға ұсынылған иормаға сәйкес тәулік рационында мал белогы 100-120 г, өсімдік белогы 40 г, мал майы 85-90 г, өсімдік майы 10-15 г, кемір сутегі 400-450 г. А витамині 1-2 мг, В1 және В 2 витамині 2- 3 мг, С витамині 50 мг, натрий хлориді 15 г, калций 0, 8 г, магний 0, 5 г, фосфор 1, 4-1, 6 г, темір 15 мг болуы қажет. Күніне төрт рет тамақтанғанда қабылданатын тағам салмағы 3 кг болуы керек.
Стационарда жатқан сырқатқа арналған тағамның калориясы дене еңбегімен шуғылданбайтын адамдарға қойылған нормадан аспауы тиіс.
Диета - сырқатты емдеу тәсілі ретінде немесе оның асқындырмау мақсатында жасалатын рацион әрі тамақтану режимі.
Тамақтың белгілі бір әсері оның сезім мүшелеріне (керу, қабылдау, сезіну, дәм) әсер етіп, тамақ қорыту мүшелерінің қызметін күшейтетін рефлекстер жасауымен анықталады. Тағамдық заттардың емдік әсері тамақтың арнайы таңдап алынуымен және олардың аспаздық өңдеу сипатын өзгертумен анықталады.
Кез келген диета жасау кезінде алдымен жынысына, жасына, салмағына, бойына, жумсалатын күш-қуатына сәйкес болуы тиіс. Адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілеттілігі, сондай-ақ ұзақ өмір сүруі бірқатар шамада дұрыс тамақтануға байланысты. Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары - оның толық жарамдылығы, алуан түрлігі және-орынды тамақтану.
Тамақты белгілі бір уақытта қабылдау қажет. Бір ішетін ең көп тағамның өзі шағын болуы қажет. Ыстық тамақ температурасы 60°С, ал суық тамақ 10°С аспауы керек. Тамақтың жақсы қорытылуы үшін тағамды әбден шайнап жеудің маңызы зор, ол асқазан-ішек жольшың жұмысын жеңілдетеді.
ТАҒАМНЫҢ ҚҰРАМЫ
Тағамның қажетті құрамдас бөлімдері: белоктар, майлар, көмір сутектері, су, минералды тұздар мен витаминдер.
Стационардағы сырқаттардың емдік тамақтандыруын ұйымдастыру
Диеталық тамақтандыру - комплексті терапияның міндетті түрдегі компоненті, ол бірқатар ауруларды емдеудің негізгі әдісі. Сырқатты емдеуге жіберілетін бюд-
2-таблица
100 г. тамақтағы азықтық тағамның қурамы мен калориялар саны
жеттік қаражаттың 30% тамақтануға беріледі. Емдеу-профилакториялық мекемелерінде аурухана ішінде тамақты дайындау мен палаталарға жеткізуді ұйымдастырудың екі жүйесі бар: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған. Орталықтандырылған жүйеде бұл процестер шикі затты өңдеу және тамақ дайындаудың барлық процесі қажетті бөлімшелерден қосылған орталық тамақ блогына шоғырландырылған. Орталықтандырылмаған жүйеде бұл процестер жеке-жеке орындалады, осыған орай жартылай шикі зат жасайтын бір жалпы бөлме және аурухананың әрбір корпусында жартылай шикізатты пісіретін ас үй болады. Сондай-ақ сырқатты тамақпен қамтамасыз етудің аралас жүйесі де бар.
Қазіргі кезде ауруханалардың бәрі тамақ блогының орталықтандырылған жүйесіне көшуге ұмтылуда, себебі ол экономикалық тиімді, бөлмені ұтымды пайдалануға, жоғары өнімді технологиялық жабдықтарды қолдануға, қызмет ететін адамдар санын азайтуға және оның еңбек жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Алайда мұнда дайын тамақты жасау жолы ұзарып, оны жеткізу уақыты ұлғаяды, бұл кейде тамақты қайта қажет етеді. Бөлімшелерді тамақпен қамтамасыз етуді жетілдіру, оны жеткізу, тамақ қалдықтары мен ыдыстарды әкету процестері орталықтандыру жолымен жүргізіледі.
Бөлімшелерді тамақпен арнайы қызметкерлер аурухана ішіндегі транспорттың көмегімен қамтамасыз етеді, ал ол айнала жүріп жұмыс істейді және арнайы жылу өткізбейтін ыдыспен жабдықталғаи. Тамақ тасьшалдауға арнайы бак, сонымен қатар арнайы тележкалар пайдаланады.
Ірі ауруханаларда тамақты тексеріп отыратын диеталық дәрігерлер, ал бөлімшелерде диеталық мейіркештер бар: бұл қызметті бөлімшенің аға мейіркеші де орындай алады.
Мейіркеш сырқатқа күнделікті порционник жасап, оны бөлімшенің аға мейіркешіне тапсырады, ал ол диеталардың қосындысын санап, порционникті аурухананың тамақ блогына жібереді. Түнде түскен ауруға порционникті бөлімшенің кезекші мейіркеші жасайды. Осы порционниктердің негізінде ас үйде тамақ дайындалады.
Буфетші тамақты алуға бармайды: оны басқа жұмысқа қолданбайтын машинамен арнайы ыдыста орталықтандырылған күйде жеткізеді. Тамаққа арналған шелектер мен кастрольдердің беті әрқашан жабылған, әрі олар таза болуы тиіс. Ыдыстарды таңбалайды және қыздырылатын жылжымалы арнайы үстелшелерге салып, жылы күйінде палаталарға әкеледі. Жүре алатын сырқаттар асханадан өздері ішеді.
Асханаға табиғи жарық жақсы түсіп тұруы керек. Онда 4 адамдық шағын үстелшелер қойылады, ол сырқаттарды диеталары бойынша топтарға бөліп және жақсы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Орындықтар сүртуге ыңғайлы, жұмсақ қаптамаларсыз болуы тиіс. Буфетте асхана ыдыстары сақталады, тек тамақтандыру алдында ғана оны үлестіру бөлмесінде береді. Ол бөлмеде жылытқыш приборлар: газ плиткалары, электр және газ шкафтары мен су моншалары бар. Ыстық су ыдыс жууға арналған титанда бөлме ішінде болады. Бұл бөлмелерді таза ұстау керек, оны буфетші қадағалап отырады, оған аға мейіркеш пен палаталық мейіркештер көмектеседі:
Жаз күндері терезеге тор салу қажет, ол терезеден шыбын кіргізбейді, себебі шыбындар көптеген жұқпалы асқазан-ішек ауруларын таратушылар деп саналады. Буфет пен асханада шыбындардың болуы санитарлық гигиеналық режимнің сақталуы қанағатсыз дәрежеде екендігінің бірінші белгісі болып табылады.
Аурухана тағамын ұйымдастыру тамақтандыру режимінің маңызды сәті деп саналады. Мұны былай түсіндіругс болады: бұл тек қана тиісті диетаны сақтау емес, сондай-ақ арасына дұрыс уақыт салып ішетін тамақты, оның әркез мөлшерінің тиімді болуының, дұрыс температура-І І. ІІІ сақтау және т. б. Сонымен қатар ішуге байланысты оның сыртқы шарттарын сақтау да маңызды: дастарханды жабдықтау, тағамның сыртқы түрі, оның иісі мен дәмі, буфетшінің мұнтаздай бейнесі. Осы факторлардың бірі тамақты дұрыс қорытып, жақсы сіңірупе көмектеседі. Көптеген сырқаттың тамаққа тәбеті тартпайды ол үшін тамақ көз тартарлық, дәмді болуы керек. Асханада тыныштық болып және ұқыпты жиналуы тиіс.
Мейіркеш міндеті - сырқат денсаулығын қалпьша келтіру үшін тамақтың маңызы ерекше екенін оларға дурыс түсіндіру. Тамақ ішуден бурын барлық емдеу процедуралары мен физиологиялық қызметтерін тәмәмдап, палатаны жинап желдетіп, ауыр науқастардың қолын жууға көмектесу керек. Егер сырқат кереуетте өздігінен отыра алмаса, оның басын көтеріп немесе жауырынына бірнеше жастық салып жартылай отырғызу қажет. Мойын мен кеудесіне клеенка немесе алжапқыш жабады. Төсек тартып жатқан сырқатты тамақтандыруда кереуеттен жылжытып шығаратын үстелшелер пайдаланады да, оған ас қойылады. Жүдеген, әлсіреген, қажыған сырқаттарды әртүрлі тетіктерді пайдалана отырып, барынша ыңғайлырақ отырғызып тамақтандырады. Мейіркеш сол қолымен сырқат басын жастығымен бірге көтереді де, оң қолымен оның аузына қасықты немесе тамақ құйылған арнайы ыдысты апарады. Егер сырқат жұтпаса тамақты аузына зорлап құюға болмайды, өйткені тамақ тыныс жолына түсіп кетсе, ауруды асқындырады .
Диетотерапия - тамақты емдеу мақсатында қолдану. Ол алдымен ауру мүшеге химиялық және механикалық аяушылық кәрсету, бұзылған функцияны қалпына келтіру үшін немесе сырқат организміне жететіндей қажетті қоректік заттарды өндіру үшін бір тағамды екіншісімен ауыстыру.
ЖАСАНДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz