Туберкулез - созылмалы жұқпалы ауру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Туберкулез (құрт ауруы)

Туберкулез - созылмалы жұқпалы ауру. Ол әртүрлі органдарда жайылуы мүмкін. Оларда ұсақ бұдырмақтар, латынша туберкулдер пайда болады, аурудың туберкулез атауы осыдан шыққан.

Туберкулез адамның ең көне ауруларына жатады. Туберкулез кезінде көбінесе тыныс органдары зақымданады. Өкпе адам тыныс алатын ауаның үлкен көлемімен қатар ауру таратқыш микроорганизмдермен ұдайы байланысқа түседі. Жұтылған ауа жыпылықтағыш эпителиямен тұрақты қозғалыста болатын кірпіктік клеткалармен жабылған ауа жолдарында тазаланады.

Кірпіктер, секундына 12 діріл жасай отыра, қалалық адамның бүкіл өмірі бойында 5 кг шаңның шығарылуын, ал қатты шаңданатын жерде жұмыс істейтін адамдарда 40 кг-ға дейін шаңның шығарылуын қамтамасыз етеді.

Шаң - органикалық және неорганикалық тектегі бөлшектер қоспасы. Онда әртүрлі микроорганизмдердің үлкен мөлшері жинақталған.

Туберкулездің қоздырғыштары

Туберкулездің жұқпалылығы туралы дәрігерлер сонау көне ғасырларда-ақ білген, олар туберкулезге шалдыққан ауру төңірегіндегі ауада қандайда бір жұқпалы микроптардың бар екендігін болжады. Алайда осы аурудың жұқпалылық табиғаты туралы тек XIX ғасырдың ортасында ғана нақтырақ айта бастады. 1882 жылы неміс микробиологы Роберт Кох жұқа сәл иілген таяқша түріндегі микроптың туберкулезге шалдықтыратынын дәлелдеді. Артынша туберкулез қоздырғышы туберкулез таяқшасы немесе Кох бацилассы (қысқаша- «БК») деп атала бастады. Туберкулезбен күрестің қиындығы қоздырғаыштың кейбір ерекшеліктеріне байланысты, лоар сыртқы орта нысандарында өте төзімді ылғалды қақырықты 75 градусқа дейінгі қыздыруға жарты сағат, 100 градуста 5 минутқа төзеді. Құрғатылған қақырықта 100 градус кезінде 45 минут ішінде өледі, ал бөлме температурасында 2-10 ай аралығында тіршілік қабілетін сақтайды.

Сүтте, май мен ірімшікте БК ұзақ сақталады. Туберкулез қоздырғышы сыртқы ортаға зақымдалған органнан - өкпе туберкулезі кезінде қақырықтан, бүйрек немесе несеп бүршігі кезінде кіші дәреттен бөлінеді. Туберкулез жұқпалысының негізгі таралу көзі аурудың қақырығы болып табылады. Шыққан қақырық аурудың төсек орнына тұрмыстық заттарға, тұрғын үй немесе өндірістік ғимараттың еденіне, қабырғасына шашырайды. Шаңмен бірге құрғаған қақырық шашындысы сау адамның тыныс жолына өтеді.

Тубекулез тек шаң арқылы ғана емес, сондай - ақ қақырық тамшысының өкпеге бірден түсуі арқылы жұғуы мүмкін. Жөтелген кезде қақырықтың ұсақ тамшылары екі метрге, ал түшкірген кезде тоғыз метрге жетеді. Тамшы жұқпалысы жаппай зақымдауға алып келеді, сондықтан ол аса қауіпті.

Кейбір жағдарларда ол тамақ ішкен кезде су, ет ас қорыту жолдары арқылы жұғады.

Жұғу көздері. Адам туберкулезі қоздырғышының негізгі көздері ауру адам болып табылады. Сырқаттың туберкулездің ашық түріне ұырау мерзімі айлар мен жылдарға созылуы мүмкін. Микробактерияларды адамдардың сыртқы ортаға шығару уақытымен анықталады.

Инкубация мерзімі 3-8 апта.

Клиникалық көріністері.

Туберкулездің ашық түрінің ғана жұқпалылық қауіпі бар. Туберкулезбен ауырған кезде әртүрлі сипаттағы белгілер пайда болады: жалпы әлсіздік, уайымға салыну, тібеттің нашарлануы, арықтау, түнде тердің шығуы, дене температурасының жиі көтерілуі. Бұл белгілер болмашы сипатта болуы және жұмыс қаьілетіне айтарлықтай әсер етпеуі мүмкін. Кейбір жағдайларда тұмау, өкпенің қабынуы байқалады. Туберкулез кезінде сырқаттардың температураның көтерілуін жиі сезбейтіндігіне назар аударған жөн. Тер көбінесе таң алдында, мойынмен дененің доғары бөлігі төңірегінен шығады.

Аурудың тізбеленген белгілерімен қатар өкпе туберкулезінің жиірек және салястырмалы ертерек белгілері жөтел мен кеуденің шаншуы болып табылады. Жөтелмен бірге, тіпті бір рет, қан ұйылмасы шыққан кезде бірден дірігерге көрінген жөн.

Туберкулез ашық және жабық түрге бөлінеді. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшасы байқалады. Егер ауру сақтықтың гигиеналық шараларын сақтамаса, ол бұны қасындағыларына жұқтыруы мүмкін. Туберкулездің жабық түрі кезінде қақырықта туеркулез таяқшасы байқалмайды. Организмге туберкулез микробоктериясының өтуі зақымдауға алып келеді. Алайда, бұл жағдайда ауру қозбауы мүмкін. Иммунитет әлсіз дамыған адамдар жиі ауырады, жыныстық жандану кезінде жасөспірімдер жүйкелік-

Эндокрендік реттегіштің тұрақсыздығына байланысты, сондай-ақ организмнің жұқпалыға қарсылығы әлсіреген қарт адамдар. Туберкулез қоздырғышы ең алдымен өкпені жайлайды. Туберкулез микробоктериясы енген ұлпаларда ұсақ бұдыр немесе ірі ошақтар түрінде қабыну учаскелері пайда болады. Олар әуелі ыдырауы, кейіннен балқуы мүмкін.

Өкпе туберкулезі

Өкпе туберкулезінің белгілері ауру түріне сырқаттың жасына байланысты. Қоздырғышпен алғашқы байланыстан кейін әдетте сәбилік шақта пайда болатын бастапқы туберкулез кезінде алғашқы күндері, тіпті апталарда аурудың ешқандайда белгілері байқалмайды, өйткені баланың ішкі органдарындағы өзгерістер мардымсыз, сондықтан оларды тыпті мұқият ренгендік тексеріспен де анықтау қиынға түседі. Алайда егер, тері ішіндегі туберкулиндік Манту сынамаса оң болса балада да аурудың жалпы белгілері байқала бастайды, яғни туберкулезбен улануды айтуға болады. Түберкулез микробоктериясы түскен кезде өкпеде сөл түйіндерінің қабынуымен ұштасатын ірімшікті некроз бар қабыну ошағы пайда болуы мүмкін, бастапқы туберкулез кешені пайда болады.

Қайталама туберкулез - өкпе туберкулезының жиі кездесетін түрі. Ол өкпемен сөл түйіндерінің ескі ошақтарында «мүлгуші» жұқпалылығы сақталуы салдарынан пайда болады. Қайталама туберкулез кез-келген жаста басталуы мүмкін. Ауру белгісіз жағдайда ауру әдеттегідей тәбетін жоғалтады, арықтайды, жөтел пайда болады, түнде қара тері шығады. Кейде ұсақ ошақтар өкпенің бүкіл ұлпаларына таралып, ол өкпенің тұқым қуған туберкулезі деп аталады.

Сақтандыру. Әлеуметтік, санитарлық және арнайы сақтаныру шараларын қамтиды. Әлеуметтік сақтандыру халықтың денсаулығын жақсартуға, ана мен баланы қорғауға, халықтың жалпы мәдениетін көтеруге, дене шынықтырумен спортты дамытуға бағытталуы тиіс.

Снитарлық сақтандыру. Туберкулездің пайда болуында жұқпалының таралу деңгейінің үлкен маңызы бар. Туберкулез ошағында дезинфекция-еденді, қабырға мен жиһазды, 0, 5 хлороминмен немесе әк ерітіндісімен тазарту жүргізіледі. Аурудың жеке заттары арнайы тазартылады. Жайма төсек жуардың алдында бір пайыз хлоромин ерітіндісімен шайылады, бұдан кейін жуылған соң қайнатылады. Аурудың қақырығын 2, 5 хлоромин ерітіндісімен алдын ала зарарасыздандырусыз канализацияға төгу тиым салынады. Ыдыс-аяқты 15 минут бойы екі пайыз сода ерітіндісімен қайнатады. 4 сағатқа 5 пайыз хлоромин ерітіндісіне тігінен салады. Метал ыдысты тек 15 минут бойы қайнатып зарасыздандырады.

Арнайы туберкулезге қарсы сақтандыру. БЦЖ вакцинасымен жүргізіледі. БЦЖ вакцинасын алғаш рет туберкулезден сақтандыру үшін француз ғалымдары Кальмет пен Герен 1921 жылы қолданды. Туғанына 3-4 күн болған сәби міндетті БЦЖ вакциялануына, жағымсыз манту сынағы алынған жағдайда 6-7 жастағы балалар қайта вакциналауға жатады.

Химиялық сақтандыруға жататындар:

Бактерия бөлетіндермен жақындасқан адамдар

өкпесінде үлкен қалдықтық өзгерістері бар адамдар

манту сынағымен бөлінетін туберкулиндерге кенеттен шалдыққан адамдар. Біздің Республикада әрбір екі жүзінші адам туберкулезбен ауырады.

Спид

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құстың туберкулез ауруы
Құстың туберкулез ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары
Балалардағы өкпе туберкулезі
Жылқының жұқпалы анемиясы
Туберкулез(тарихы, этиологиясы, патогенезі, түрлері, диагностикасы, емі, алдын алу)
Туберкулездің микробактериялары
Малдардағы туберкулез ауруы
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
Жүйке жүйесінің аурулары
Сібір жарасы. Туберкулез
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz