Балалар жарақаты туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Балалар жарақаты негізінен жас ерекшелігіне қатысты болып келеді:

Ой және дене еңбегінің даму деңгейіне, қажетті өмірлік тәжірибенің жоқтығына, шексіз құмарлыққа, еркелікке.

Балалардағы тұрмыстық жарақаттар үй шаруашылығындағы берекесіздіктен, жанғыш, жарылғыш заттар мен химикаттарды сақтағандықтан, электр тұрмыс приборларының ақаулығынан туындайды. Ер балалар карбитпен, күкірт қышқылымен «химиялық сынақтарды» жиі өткізеді, мылалы олар қышқыл қосындыларының ересек адамдар үшін бар-жоғы жарты граммның өлімге алып келетіндігін білмейді! Үй жағдайында балалар аспаптармен жұмыс істегенде немесе оқшауландырылған электр өткізгіштеріне сүйкену арқылы жаралануы мүмкін.

Балалар спорт, және ойын алаңдарындағы, кесетін және кіріп кететін заттармен ойнағанда, конькимен, төбеден шанамен, шаңғымен сырғағанда, велосипедпен, ролик конькимен, скейдбортпен жүрген кезде, баспалдақ жақтаулармен сырғанағанда, лифтімен, балконда, шатырда, ашық терезеленде, люктерде ойнағанда, ағаштарға, қоршауларға шыққанда, бейтаныс суаттарда шомылғанда жарақат алуы мүмкін.

Балалар жарақатын ескертуде балалар мекмелері мен үйлерінде тұрмысты дұрыс ұйымдастырудың оларды тиісті қадағалайтын жүйелі тәрбиелік және түсіндіру жұмыстарының маңызы зор.

Көше жарақаттарының 70%-і оқушылардың мектептен үйге қайтар жолында болатындығын есте ұстау қажет. Өйткені олар сабақтың аяқталуын - демалыстың бастауы деп санайды. Олардың мектептен кейін ойын алаңдарында қалмай және еш қайда соқпай үйге қатуларын ескертіп отыру керек.

Балалар әсіресе көктемгі уақытта үй қабырғаларының жанында болған кезде нығыздалған қардың мұздақтың құлауының немесе мұз тоғандақтан су өткізетін құбырдың сынып кетуі қауіпті екендігін білеге тиіс. Әсіресе қатты жел, ауа-райының кенеттен жылу мен суу кезінде тар кеңістік аса қауіпті. Мұндай жағдайда алған жарақат аса қауіпті болуы мүмкін.

Көшедегі қауіптердің келесі жиыны жер асты коммуникацияларымен байланысты. Біздің әрқайсысымыз көшедегі ашық канализациялық және басқа құдықтарды байқаймыз және оны айналып өтеміз. Балалар үшін жабылмаған немесе жартылай жабылған люктер аса қауіпті. Егер ересек адам құлаған кезде бір жерін көгертіп алса немесе сындырып алса, ал бала магистральдық - канализациялық құбырға батып кетуі немесе басына құлаған қақпақ соққысынан қатты жарақат алуымы мүмкін.

Ер балалар үзіліп ілулі тұрған немесе жерде жатқан өткізгішке айрықша құмар. Балалар өлімге алып келетін қауіпті құмарлықтың мыналар екенін білуі тиіс:

- жоғары вольтті желі тіректермен шығу, ойнау, жоғары вольтті желі үстінде от жағу, тіректі изоляторды сындыру, өткізгішке сым мен басқа заттарды лақтыру, электр өткізгіштері өте жақын үй мен құрылыстың төбелеріне шығу, электрқалқандарының ғимаратына кіру.

Жыл сайын көлік, трамвай және тралейбус дөңгелектерінің астында қалып бақытсыз жағдайға душар болған балалар аз емес. Мектепке бара жатып және үйге келе жатып әрбір оқушы бірнеше көшеден және жол үстінен өтеді, қоғамдық көлікке мінеді. Сондықтан ұстаз бен ата-ана балаға өзін көшеде, жолда, аулада, қоғамдық көлікте қалай ұстауды үйретіп отыруы керек. Әрбір оқушы негізгі жол белгілерін білуге және оның талаптарын дұрыс орындай білуге тиіс.

Мектеп оқушылары көшеде болған кезде жеке қауіпсіздігін сақтау мақсатында мына ережелерді есте сақтауға тиіс:

  • ата-анасы баланың қайда жүргендігін әр уақытта білуге тиіс;
  • кешке дейін аулада ойнамау;
  • көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспеу;
  • мастардан, күдікті адамдардан аулақ болу;
  • бейтаныс адамның машинасына отырмау;
  • бейтаныс балалармен немесе ересектермен басқа подъезге, подвалға, басқа да орындарға серуендеуге келіспеу;
  • аулада от жақпау - бұдан өрт шығуы мүмкін;
  • аулада, үйіңде қымбат заттардың көп екендігін айтып мақтанбау;

Кауіпсіздіктің ең қарапайым ережелері:

  • Қауіпке әрдайым дайын болып, оны көре білу.
  • Ешуақытта үрейленбей, барлық уақытта сабырлық сақтау. Барлық жайдайдан шығуға болатындығын әрдайым есте ұстау.
  • Қауіпке тап болған кезде оған берілмей, күресу.
  • Қауіп пен күресте тек күшпен рух ғана емес, білімнің де керектігін жадыда ұстау.
  • Бақытсыздыққа ұшыраған адамға әрдайым көмек көрсетуге дайын болу.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар жарақаты
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Күйік төртінші дәрежесі - терінің ғана емес, тері асты клетчаткасының және жатқан құрылымның тереңдеуі
Гипоксия мен туы жарақаттарының себептері. Асфиксиямен туылған нәрестелерге көрсетілетін негізгі шұғыл көмек шаралары.
ЭПИЛЕПСИЯЛЫҚ ПРИСТУП КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Жарақаттар туралы
Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар
Тері сыдырылғанда, шаншылғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем Инфекционды аурулар және диагностикасы Күн өту, суға бату, электр жарақаты, алғашқы көмек
Денсаулықтың психоәлеуметтік факторлары
Күйік жарақатының ауырлығы мен ақырын болжау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz