Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ТЫНЫС АЛУ
(Дыхательная система, зукіетпа гезрігаіогит)
Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы.

Тыныс алу - адам, жануарлар мен өсімдіктердің өмірлік маңызы бар
қызметтерінің бірі болғандықтан, тірі дене мен сыртқы орта арасындағы газ
алмасуын қамтамасыз етеді. Осы қызметінің нәтижесінде дене оттегімен
қамтамасыз етіледі де, зат алмасу өнімдері - көмір қышқылы газы, су буы,
т.б. сыртқа шығады.
Тыныс алу жүйесі - тыныс алу жолы мен таз алмасу мүшесінен тұрады.
Тыныс алу жолына: мұрын қуысы, көмекей, кеңірдек, бронхтар кіреді, ал тыныс
алатын немесе газ алмасатын мүше - өкпе .34-сурет.

34. сурет. Тыныс алу мүшелері. 1. Мұрын қуысы 2.. Көмекей. 3. Кеңірдек
4Бронхтар. 5. Сол өкпе. 6. Оң өкпе.

Тьныс алу жолы жоғарғы (мүрын куысы, жұтқыншақ көмекей жөне төменгі
(кенірдек, бронхтар) тыныс алу жолы болып екіге бөлінеді. Тыныс алу
жолында ауа тазарады, жылиды дамқылданады. Оның кілегейлі қабығында
ауамен бірге ішке зиянды затгар мен ауру қоздырғыштарға қарсы арналған
қорғаныс қасиеттері болады.Тьныс алу мүшелері иіс сезу, дыбыс жене сөз
құрау қызмерттерімен тығыз байланысты. Мысалы: мұрын қуысының кілегейлі
қабығында иіс қабылдайтын иіс сезу жүйкесі ұшы бар. Ал көмекейде дыбыс
пайда болады, көмекейдің үстіңгі жағындағы қуыста (жұтқыншақ, ауыз және
мұрын қуысы) - адамға тән әншілік пен сөйлеу дыбысы пайда болады.

Мұрын. Мұрын қуысы.
Мұрын қуысынан тыныс алу жолы басталады, сонымен бірге иіс
сезу мүшесі орналасқан. Мұрынның сыртқы пішіні: түбі, қыры, ұшы және
желбезегі болады. Мұрынның сыртқы пішіні, адамда әртүрлі. Мұрын қуысы
(кеңсірік) сыртқы ортамен желбезек, ал көмекеймен хоаналар арқылы
байланысады. Мұрын қуысы жоғарысында бас сүйегінің алдыңғы шұңқырымен,
төменінде ауыз қуысымен, ал екі бүйірінде көз шарасымен шектеседі. Мұрын
қуысының пайда болуына сүйектерден басқа төрт шеміршек қатынасады. Олар
мұрынның сыртқы жұп шеміршектері және желбезек шеміршектері, тақ - мұрын
пердесінің, шеміршегі мен желбезектің кіші шеміршектері.
Мұрын қуысының әр жартысының шеткі қабырғаларында үш кеңсірік қалқандары
бар: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Олардың аралығынан жоғарғы, ортадағы
және төменгі мұрын жолдары өтеді. Танау тесігі арқылы мұрын қуысына кірген
ауа тыныс жолдарын аралап өтеді, ауа жылиды, тазарады. Мұрын қуысыньң
сілекей қабаты кірпікшелі призмадай кілегеймен қапталған. Тыныс алғанда
пайда болған тербеліс кезінде кірпікшелер ауаның бағытына қарай тез және
барынша иіледі, шаң-тозаң, микробтар жабысқан шырышты алып шығады.
Кеңсіріктері шырыш микробтарды жұтып қана қоймайды, олардың тіршілік
әрекетін әлсіретеді. Бұл аймақ қан тамырға бай.
Мұрынның жоғарғы бөлігінде иіс сезу аймағы орналасқан. Мұрын айналасындағы
қуыстарға (околоносовые пазухи, Рагапахпіех) маңдай, жоғарғы жақ (гаймар),
торша және сына сүйектердегі қуыстар кіреді. Бәрінің жолы мұрын қуысына
ашылады. Қуыстар кеңсіріктен өткен ауаны жылытуға, тазартуға қатынасады
сонымен бірге дыбыс резонаторы қызметін атқарады. Олардың қабырғаларын
қаптаған кірпікшелі бір қабатты кілегей, мұрын қуысының қабырғасын қаптаған
қабықтын, жалғасы. Әрбір қуыс өздері аттас сүйектердің арасында
орналасқан. Жоғарғы жақ, маңдай, торша қуыстың алдыңғы және ортадағы
ашылды. Ал торша қуысының артқы шұңқырының жолдары жоғарғы мұрын жолына
төменгі мұрын жолына көз-жас-мұрын тесігі ашылады.
Мұрынның, айналасындағы қуыстар қабынғанда олардың латынша аттарына "ит"
жалғауы жалғанады. Мысалы: жоғарғы жақ (гаймор) қуысы қабынғанда гайморит,
мандай қуысы -фронтит, сына - спеноидит, торша - этмоидит.
Көмекей (гортань, Іагупх) мойынның алдыңғы жағында, ІҮ-Ү мойын
омыртқаларының тұсында орналасқан. Қалқанша мембранасының көмегімен тіл
асты сүйекке ілініп тұрады. Төменгі жағында сіңірлер арқылы кеңірдекпен
жалғасқан. Көмекейдің алдынан тіл асты еттері, артында жұтқыншақ, ал
бүйірінде қалқанша безінің бөліктері мен қан тамыр будалары, қыдырма жүйке
өтеді (35-сурет),
35-сурет. Көмекей (артынан көрінісі).

1. Көмекей үсті шеміршегі.
2. Сақинаша шеміршек.
3. Қалқанша шеміршек.
4. Ожау шеміршек.
5. Қиғаш ожау бұлшық еті.
6. Артқы сақинаша ожау бұлшық еті.
7. Көмекейге кіреберіс.
8. ТІлше.
9. Таңдай бездері.

Көмекейде 6 шеміршек бар. Олардың 3-уі жұп, 3-уі тақ жұптар: ожау, мүйіз,
сына шеміршектер. Тақтары сақинаша, қалқанша, көмекей үстіндегі
шеміршектер. Ең үлкені қалқанша шеміршегі. Оның желбезегі алға қарай
шығыңқы бұрыш болып жұптасып, дөңестенеді. Бұл жұтқыншақ деп аталады,
әйелде, балада көрінбейді. Еркекте жұтқыншақ анық білінеді, жұтынғанда
қозғалып тұрады.
Сақинаша шеміршек қалқанша шеміршегінің астында орналасып, көмекейдің,
негізін құрайды. Көмекей үстіндегі шеміршек — көмекейге кіреберістегі тіл
түбірінің артында. Ол адам жұтынғанда көмекейді жауып тұрады, сол кезде
тамақ өңешке өтеді. Ожауша шеміршек сақинаша шеміршектің үстінде екі
жапыраққа бөлінген. Әрбір жапырақтың табаны, ұшы бар.

Табанында екі өсікшесі болады, оның біреуіне көмекейдің көптеген еттері, ал
дыбыс есікшесіне дыбыс сіңірі бітіседі. Көмекейдің ортаңғы бөлігінің
кілегейлі қабықшасында екі жұп қатпар бар, үстіңгісі қарыншалық, төменгісі
дыбыстық. Дауыстық қатпар көмекейдің кенересінен едәуір шығыңқы. Олардың
кілегейлі қабықшасының астында дыбыс желбезектері мен дыбыс бұлшық еттері
орналасқан, ал бұлар қарыншалық қатпарда болмайды. Көмекейдің екі дыбыс
сіңірінің арасында дыбыс қуысы, немесе дыбыс саңлауы бар. Оның алдыңғы жағы
дыбыс желбезегінен, ал артқы жағы ожауша өсінді шеміршегінен тұрады. Тыныс
алу негізінде дыбыс қатпарлары ашылып, үш бұрыш тәрізді ойық пайда болады.
Оның көлемі тыныс алу мен тыныс шығаруға тығыз байланысты болып келеді.
Көмекейдің бұлшық еттері көлденең жолақты, олардын, қызметі адам еркіне
бағынышты болады. Бұлшық еттер атқаратын қызметіне байланысты дыбыс қуысын
тарылтатын, кеңейтетін және дыбыс сіңірін қатайтатын болып бөлінеді. Дыбыс
қуысын тарылтатын бұлшық еттер: сақина-ожау, қалқанша-ожау, көмекей үсті-
ожау, көлденең, қиғаш ожауша бұлшық еттер. Дыбыс қуысын тарылтатын бұлшық
еттерге артқы сақина-ожау жұп бұлшық еті жатады.
Дыбыс сіңірін қатайтушы бұлшық еттер: сақина-қалқанша және дыбыс бұлшық
еттер.
Көмекей үш қызмет атқарады: тыныс алу, қорғаныс және дыбыс құрау. Тыныс алу
кезінде ауаны өткізуші қызметін атқарады. Оның қорғаныс қызметі, жөтелгенде
қақырық пен бөгде заттарды рефлексті түрде сыртқа шығарып тастау.
Көмекейдегі дыбыс құрау қызметі тек адамға тән ең басты қызмет.
Дыбыс құрау кезінде тыныс мүшелерінің жүйесі үш топқа бөлінеді.
1. Ауа жинақтайтын және оның қозғалысына жағдай жасайтын мүшелер - өкпе,
бронхтар, кеңірдек.
2. Дыбыс шығаратын және дауыс құрайтын мүшелер – көмекей оның қатпарлары
және бұлшық еттері.
3. Дыбысты күшейтетін және анықтағыш мүшелерді сыйыстырушы көмекей үсті
қуысы (ауыз, мұрын кеңсірік, ауыз және көмекей жұтқыншағы) тіл, ерін,
жұмсақ таңдай және төменгі дауысты күшейткіштер кеңірдек пен қолқа.
Дыбыстың пайда болуы және дыбыс мүшелерінің қызметі орталық жүйке жүйесіне
тікелей байланысты.
Кеңірдек (трахея, Ігасһеа) көмекейдің тікелей жалғасы. Ол түтікше
пішіндес. Ұзындығы 9-15 см., ені 1,5-2,7 см . Кеңірдек 5-7 мойын
омыртқаларының тұсынан басталады да, 5 кеуде омыртқасының тұсында ол екі
бас бронхқа бөлінеді. Кеңірдектің жерін, оның "бифуркациясы" деп атайды.
Мойын бөлігінің алдында қалқанша безінің мойыны мен төс сүйегінің сабы
орналасқан, ал артында өңеш, бүйірінен тамырлар мең жүйке талшықтары өтеді.
Кеңірдек 16-20 жарты сақинаша шеміршектен құралған, олар бір-бірімен
буындар арқылы біріккен. Кеңірдектің артқы, өңешке қараған бетінде шеміршек
жоқ, тек бірыңғай салалы бұлшық ет пен қабыршықтан тұрады. Кеңірдектің
қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі - кірпікшелі эпителімен қапталған
сілемейлі шырышты қабат. Ортадағы - етті, оның жоғарғысында, көлденең
жолақты бұлшық еттер, төменінде - біріңғай салалы еттер болады. Сыртқы сір
қабаты. Ішкі шырышты қабатында көптеген шырыш бездері мен лимфа түйіндері
болады.
Бас бронхтар (главные бронхи, ) немесе 1 қатардағы бронхтар. Кеңірдек
тік бұрыш болып оң және сол жақтағы бас бронхтарға бөлінеді.
Бронхтар өкпенің қақпасы арқылы оң жене сол өкпеге кіреді. Он бронх сол
бронхтан кең және қысқарақ кеңірдектің тікелей жалғасы болып саналады. Бас
бронхтар кеңірдекке ұқсас жарты сақинаша шеміршектерден тұрады.. Қорыта
айтқанда, өкпенің қақпасына кіргеннен кейін бас бронхтардың бұтағынша
тармақталады.

36-сурет. Бас бронхтар.

1. Қалқанша шеміршегі.
2. Сақинаша шеміршек.
3. Кеңірдек сақиналары.
4. Бас бронхтар (оң және сол).
5. Кеңірдектің тармақталуы.
6. Қолқа.
Бөліктердін, сегменттер және бөлікшелердің бронхтары шеміршектерден тұрады,
ал кішкене бронхтарда шеміршектер азайып, серпімді ұлпа көбейеді.
Өкпеге кірген бас бронхтың тал бұтағынша тармақталуына қарап оны "бронх
талы" деп атаған..
Өкпе (легкое, риіто) - кеуде қуысында, жүректіқ екі жағыңда. Өкпенің пішіні
кесілген конусқа ұқсайды. Конустың ұшы жоғарыға табаны төменге қараған, ұшы
табанына қарай кеңейген. Ұшы бұған ана сүйегінен 2-3 см жоғарыда
тұрады. Өкпенің үш беті бар: алдынғысы — қабырға, төменгісі - көкет
ортадағысы – аралыққа қараған медиаль беттері. Әр өкпе бір-біріне
қараған медиаль бетінде ойсынады. Ол - "өкпенің қақпасы (ворота легкого)-
деп аталады. Өкпенің қақпасы арқылы бас бронхтар, өкпе артериясы, 2 өкпе
венасы, лимфа тамыр өтеді. Бұлардың өкпеге өткен тұсын өкпенің түбірі
(корень легкого) деп атайды.Осы жерде лимфа бездері шоғырланған.

1. Қалқанша шеміршегі.
2. Кеңірдек.
3. Оң өкпе.
4. Сол өкпе.
5. Өкпенің жүрек ойығы.
6. Бөлік аралық сай.
7. Сол өкпенің жоғары бөлігі.
8. Төменгі бөлігі.
9. Оң өкпенің ортадағы бөлігі.
10.Төменгі бөлігі.
11. Жоғарғы бөлігі.
12. Қабырғалық беті.
13. Көк ет беті.

Әр өкпе сайлары арқылы бөліктерге бөлінеді. Оң өкпеде үш, ал сол өкпеде 2
бөлік бар. Өкпенің бөліктері сегменттерге бөлінген, олар конусша. Оң өкпеде
11 сегмент, сол өкпеде 10 сегмент бар. Әрбір бөліктің, одан сегменттердің
бронхтары бар. Бронх сегменті дегеніміз 3-ші қатардағы бронхтар мен
артерия, вена тамырларынан тұратын өкпенің бөлігі. Сегменттің бронхтары
бөлініп, өкпенің шетіне қарай бағытталады. Бронхиолардың көлденеңі 1 мм
ғана болады. Шеткі бронхиола альвеолаға тармақталады. Альвеола жолының
кеңейіп, көпіршіктей альвеола пайда болады.
Сурет. Өкпе бөлігі.

1. Ең шеткі бронх.
2. Еронхиолалар.
3. Альвеола жолдары.
4. Кесілген альвеолалар.
5. Альвеодалар.
Ацинус - өкпенің, капилляр мен ауа толған альвеоласының газ алмасатын
құрылыс бірлігі. Альвеола алды ашық, арты жабық көпіршік, ішінен бір
қабатты жалпақ эпителімен қапталған. Ересек адамның, өкпесінде 300-500 млн
альвеолалар болады, олардың жалпы көлемі 100 м2 тең.
Өкпеге оның қақпасы арқылы өкпе артериясы кіреді. Өкпе артериясы бронхтар
мен бронхиолар артериясьна тармақталады, ен соңында альвеоланы қоршаған
капиллярдың торы пайда болады. Осы жерде газ алмасуы өтеді, нәтижесінде қан
оттегіге кенеліп. өкпе венасы болып жүрекке бағытталады.
Өкпе қапшығы (плевра, ріеига) өкпені жан-жағынан бүркеп, көкірек қуыстың
қабырға бетіне өтіп, онын, ішінен тұмшалап тұрады. Өкпе қапшығы оң және
сол өкпені бөлек-бөлек орап тұрады. Өкпе қапшығы ішкі және сыртқы екі
жапырақтан тұрады. Ішкі жапырақ өкпеге жабысып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің жалпы сұрақтары
Спортшыларды дайындау
“Зоология” курсының кіріспесі
ІШКІ АУРУЛАР ПӘНІНЕН ЕМДЕУ ІСІ МАМАНДЫҒЫ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Жаттықтырушылардың ағзасына сауықтыру жүргізудің әсері
Наркозға арналған заттар
Мүше ретіндегі сүйектің құрылысы
Сүттігеннен улану белгілері
Жалпы энтомология пәні
Туберкулездің ағымы
Пәндер