ш сүзегі А және В - парасүзектері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Дәрістің тақырыбы: «Іш сүзегі А және В -парасүзектері»

Дәрістің жоспары:

  • аныктамасы;
  • тақарыптың өзектілігі;
  • этиологиясы;
  • эпидемиологиясы:

патогенезі және патологоанотомиясы;

  • диагностикасы;
  • емдеуі;
  • профилактикасы.

Анықтамасы: Іш сүзегі (іурһиз аЪсіотшаііз), (еі В) клиникалық құбылыстарымен патогенезімен, патоморфологиялық өзгерістерімен бір -біріне ұқсас жедел ішек инфекцияларының тобына жататын аурулар. Бұлар фенольды-оральды механизммен берілетін сальмонелла бактерияларымен шақырылатын интоксикациямен, қызбамен, негізгі ащы ішектің лимфатикалық аппаратының зақымдануымен бактериемиямен. бауыр мен көкбауырдың үлкеюімен бөрткілер (розеолезді, розеолезді панулезді пайда болуымен сипатталатын антропонозды аурулар.

Тақырыптың өзектілігі: Антибиотикотерапияның кең қолданылуы осы аурулардың ауырлығын жеңілдетіп. летальдығын төмендетті. Бірақ сыртқы орта жағдайылық, санитарлы - гигиеналық жағдайының төмендеуі, онын ішінде бірінші орында сумен қамтамасыз ету және канализацияның нашарлауы. лас заттарды дер кезінде жоймау қазіргі күндердің өзінде сүзек - парасүзектер аурушылдығының жоғарлауына алып келуі мүмкін. Сондықтан іш сүзегі мен А және В - парасүзектері проблемасы қазіргі күнге дейін өзінің маныздылығын жойған жоқ, оның үстіне дүние жүзінде көбірек не болмаса азырақ болса да осы аурулар кездеспейтін мемлекет жоқ-

Тарихи деректер. Іш сүзегі және парасүзек тобындағы аурулар ерте зааманнан белгілі болған және барлық жерде таралған. Аурудың аталуы (іурһоз - түтін, түман) және клиникалық ағымы б. э. д. 460 -377 жж. Гиппократпен жазылып кеткен.

18 ғ. дейін "сүзек" терминіне естің жоғалуымен және естің тұнжырауымен бірге жүретін барлық қызбалық жағдайлар біріктірілген. Іш сүзегінің "сүзектер' 1 . "жүйкелік қызба" топтарынан жеке нозологиялық түрге бөлінуі тек 19 ғ. ортасында аурудың қоздырғышы анықталғаннан кейін жүзеге асырылды. Таяқша тәрізді микроорганизмдерді, ішектің пейср табақшасында бір біріне кәдімгі концентрациядағы дезинфекциялық заттар (хлорамин, лизол, фенол) бірнеше минут ішінде қоздырғыштарды жойып жібереді.

Эпидемиологиясы. Іш сүзегі, А және В

Парасүзектері антропоноздарға жатады. Инфекция көзі тек адам. Адам организмінен паратиф А және В, іш сүзегі қоздырғыштары сыртқы ортаға зәр арқылы, сілекей арқылы шығарылады.

Бактерия бөлінуі (жедел бактерия бөліну) 3 айға дейін, кейде өмір бойы (созылмалы бактерия бөлінулер іш сүзегінің негізгі инфекция көзі болып табылады. Іш сүзегіне және парасүзектерге сумен, тағам және контакты - өндіріс арқылы инфекцияның жұғуы мен жүретін фекальді - оральды механизм тән. Көбінесе 15-30 жас аралығындағы адамдар ауырады. Сүзекті паратифазды аурудың эпидемиологиясына - мезгілдік тән. Көбінесе, жаз - күз айларында ауру қозады.

Патогенезі және патологиялық анатомиясы. Іш сүзегі ауыз арқылы жұғады. Қоздырғышының бірінші орналасуы асқазан жолы болып табылады. Асқазанда қоздырғыш асқазан сөлінің бактерицидтік құрылымының әсерінен жойылуы мүмкін. Асқазан жолынан іш сүзек бактериясы ащы ішек қуысына түседі (жұғу сатысы) . Шырышты қабаттың лимфаоидынан және регионалды лимфа түйіндерінің болуынан олар көбейіп қабыну процесіне алып келеді (біріншілік регионарлы инфекция сатысы) көрсетілген патогенетикалық сатысына жасырын кезең де қатысады (14-7 күн) . Аурудың даму кезеңінде организм сенсибилизациясы, сонымен қатар ішек лимфатикалық өзгерісі тумақ. Осылардың нәтижесінде гематолимфацитарлы кедергінің бактерияға деген өткізгіштігі бұзылып, бактериемия пайда болады. Бактериемия қызба алды кезеңімен қатар жүреді.

Қанның бактерицидті құрамының әсерінен сальмонелланың бөлігі жойылады, осының салдарынан эндотоксин бөлініп шығады. Бұл жалпы ағзаның улануына әкеп соғады (бактериемия және токсинемия сатысы) . Ол ауру алдына дене қызуының көтерілуіне де себеп болмақ. Терморегуляцияның бұзылысы байқалады. Орталық жүйке жүйенің бұзылысынан есінен адасу, ұмытшақтық, ұйқышылдық, бастың ауруы болады. Вегетативті жүйке жүйесінің бұзылысынан метеоризм пайда болады. Микроорганизмдер қанда көбеймейді, бірақ олар ретикулоэндотелиалды жүйе (бауыр, көк бауыр, лимфатикалық түйіндер, сүйек қызыл кемігі) арқылы көбейіп, қанға келіп түседі. Бұнда паренхиматозды кезең болады. Бұның клиникалык көріністері болып барлық жүйелер мен ағзалардың бұзылыстары табылады. Аурудың 8-9 күндері өтпен бірге бактериялар ішек қуысына қайта келіп түседі. Қалған бактериялар ащы ішектің дистальды бөлігінде біріншілік сенсибилизация тобына әсер етеді. Тез басталған некротикалық процесс аллергиялық реакциямен сипатталады. Бұнда гиперергиялық қабыну түрімен жүреді (аллергиялық сатысы) .

Организмнен қоздырғыш зәр, сілекей, бала емізетін аналардың сүті арқылы бөлінеді. Адам организмінен микробтардың көп бөлінуінен, арнайы антиденелердің ағуы фагоцитарлы белсенді клеткалардың жоғарлауы иммунитеттің және физиологиялық тепе-теңдіктің қалыптасуы болады. Патогенезбен қатар патоанотомиясын қарастырған жөн.

Іш сүзек патологоанотомиясы - бұл жүйелі ретикулоэндотелиоз. Мықын және кейде тоқ ішектің лимфоидты тінінің өзгеруімен сипатталады.

Бірінші кезеңде аурудың жуықша бірінші аптасында ащы ішектің лимфоидты тінінің ісінуі болады. Топты және солитарлы лимфатикалық фолликулалар көлемі ұлғаяды, бұнда кезең - "ми тәрізді ісіну" кезеңі болады. Екінші аптада ісінудің ортаңғы бөлігінде некрозға ұшырау кезеңі дейді. Үшінші аптада лимфоидты тіннің некротикалық элементтері шығып жараға ұшыратады. Сондықтан шырышты қабатта терең қабат көрінеді. 3-ші аптаның соңында, 4-ші апта басталған кезде некрозға ұшыраған тіндердің түсуі аяқталып -таза жара немесе төртінші кезең басталады. Жара түбі - таза да тегіс болып келеді, шеті аздап ісінген. Бесінші кезең, жуықтап 5-ші - 6-шы аптасында, жараның жазылуымен сипатталады. Іш сүзегі кезінде бауыр үлғайған, микроскопия арқылы қарағанда, белокты және майлы дистрофияны көруге болады.

Іш сүзегінің клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезеңі 9-14 күн, кейде 3 күннен 21 күнге дейін созылады, мүмкін одан да көп, бұл оның вируленттілігіне, жұғу жолына және макроорганизмнің жағдайына байланысты болып келеді. Клиникалық классификациясы бірнеше топқа бөлінеді.

Іш сүзегінің клиникалык жіктелуі.

1. Ағымына байланысты:

а) типтік түрі;

б) атиптік түрі (абортивті, клиникасы өшірілген, амбулаторлы, сирек кездесетіндер; пневмотиф, менинготиф, нефротиф, колотиф. тифті гастроэнтерит және т. б. ) ;

2. Ағымының ұзақтығына байланысты:

а) жедел;

б) рецидивті;

3. Ағымының өтуіне байланысты:

а) жеңіл;

б) орташа ауырлықта;

в) ауыр;

4. Асқынуларына байланысты:

а) асқынусыз;

б) асқынған:

- арнайы асқынған (ішектен қан кету, ішек перфорациясы, инфекциялық - токсикалық шок) ;

- арнайы емес асқынған (пневмония, паротит, холецистит. тромбофлебит, отит және т. б. ) .

Аурудың басталу кезеңінде: улану синдромының біртіндеп басталған аурудың бірінші күні науқаста шаршағыш, әлсіздік, басының ауруы, тәбеттің төмендеуі көрінеді. Дене қызуы күніне сатылы көтеріліп тұрады 5-7 күні дене қызуы 39-40 С болады. Осы кезде улану жоғарылап, әлсіздік, адинамия, бастың ауруы, ұйқының бұзылуы, анорексия пайда болады, метеоризм байқалады. Кейде диарея болады. Нәжісі 2-4 рет тәулігіне. Түрі бұршақ супына ұқсас және өзінің қышқыл, өткір иісі бар. Жедел басталған түрінде 2-3 күндері улану белгілері толық көрінеді, ал қарап тексергенде науқас беті бозғылт немесе аздап гиперемия байқалады. Жүрек - қан тамыр жағынан салыстырмалы брадикардия, кейде пульсі қосарланып келеді. Қан қысымы төмен. Өкпеде қатаң тыныс және құрғақ сырылдар естіледі.

Ас қорыту жүйесінде көптеген өзгерістер болады. Науқас тілі жуандалған және бүйір бетінде тістердің іздері көрінеді. Тілі сарғыш -ақ жабындымен жабылған. Іші аздап метеоризмге байланысты кепкен. Сипап көргенде мықын ішектің терминальді бөлігінде ауру сезімі болады. Перкуссия кезінде перкуторлы дыбыстың моцекальді аймағында қысқаруы байқалады (Падалка симптомы) . 4-5 күні қысқа уақытты шамалы лейкоцитозда, анэозинофилия, салыстырмалы лимфоцитоз және тромбоцитопения байкалады. Урограммада: протеинурия, микрогематурия, цилиндрурия болады.

Парасүзектердің клиникалық мінездемесі.

Эпидемиологиясы, патогенезі, морфологиясы және клиникасы жағынан іш сүзегіне ұқсас келеді. Бірақ бірнеше айырмашылықтары да бар. Іш сүзегіне қарағанда А- парасүзегінің инкубациялық кезеңі қысқа, ұзақтығы 8-10 күн. Көбіне жедел басталады. Кейде тұмаумен. жөтелмен болады. Қарап тексергенде, бетте гиперемия, ернінде ұшық көруге болады. А-парасүзегінде бөртпелер ерте кезде-ақ пайда болады. Ол алқызыл, патехиалды болып келеді. Улану шамалы айқындалған. Гемограммада нормоцитоз. лимфомоноцитозды лейкоцитоз болуы мүмкін. В-парасүзегінің инкубациялық кезеңі 5-10 күннен тұрады. Жедел басталады, бұлшык еттерде ауру сезімі және тершеңдік байқалады. Дене қызуы толқын тәрізді. 3-5 күндері улану болып, кейін тез жоғалып кетеді. Бөртпелер ертеден болады және жиі шығады. Гемограммада нейтрофильді лейкоцитоз көрінеді.

Диагностикасы. Іш сүзегінің диагностикасында эпидемиологиялық, клиникалық және лабораториялық мәліметтер маңызды орын алады. Ерте диагностикаға алғашқы 5-7 күндер өте қажет. Алдымен бактериологиялық зерттеу жүргізіледі. Тек осы әдіс арқылы ғана іш сүзектің ерте және абсолютті диагностикасын жүргізуге болады. Клиникалық белгілерін сызу арқылы, нақты диагнозын көрсетуге болады. Лабораториялық және серологиялық (ПГАР, Видаля реакциясы ИФА) әдістер қолданылады. ИФА-ң радиоиммунды анализін (РИА) қолдануға болады, лабораториялық зерттеуді инфекциялық процесс кезеңінде жүргізеді. 1-2-ші аптада қаннан қоздырғышты бөліп алу оңай болады, ал 2-3 аптада - зәрден. Сонымен қатар гемограммаға көңіл бөлу керек.

Сүзек - парасүзектердің салыстырмалы диагностикасы бөртпе сүзекпен, безгеклен, бруцулезбен, листериозбен, пневмониямен. ку-қызбасымен, лентострозбен, сепсиспен, туберкулезбен, инфекциялық мононуклеозбен, лимфогранулематозбен және т. б. жүргізіледі.

Емдеуі. Іш сүзегінің, А және В-парасүзектердің ағымы дұрыс күтімнен, ем-дәм және антибактериялық және патогенетикалық заттар беруге байланысты. Науқасқа тыныштық, жайлы төсек - орын. гигиеналық жағдай тағайындалу қажет. Қалыпты температурамен 6-7 күн төсектік түзім, 7-8 күндері отыруға рұқсат беріледі. 10-11-ші күндері қалыпты температурамен жүруге рұқсат беріледі. Сүзекті парасүзекті науқастарға антибиотиктердің ішінде левомицитин және ампицилин жақсы. Левомицитинді қызба кезінде алғашқы 10 күн температура қалыптасқанда қолданылады. Оны 0, 5 г-нан 4 рет тәулігіне ішке енгізеді. Созылмалы бактерия таратушыларға левомицитин оң әсер көрсете қоймайды. Ампицилинді 1, 0г 4-6 рет тәулігіне қолданады. Бұл іш сүзегінің жедел кезеңіне жақсы әсер етеді. Қоздырғыш төзімділігіне бактрин (бисептол) немесе нитрофуранды препараттар қолданамыз. Кейінгі жылдарда абактал (пефлоксацин), хиндис, досициклин, ципрофлоксацин қолданылады. Антибиотикотерапияны барлық жағдайда қолдануды қажет етпейді. Жеңіл және қысқа мерзімді сүзек - парасүзектер кезінде патогенетикалық және симптоматикалық еммен шектеледі. Фаготерапия қолданылады. Соңғы кезде иммунотропты әсері бар препараттар (тимоген, тимолин және т. б. ) қолданылуда. Организмнің дезинтоксикациясында Рингер ерітіндісін, 5% глюкоза, гемодез. энтерогез, энтерал, реополиглюкинді қолданады. Ішектік қан кетуде 12-24 сағат ішінде аркасымен наукас төсекте жатуы керек, Ішке суық басу, 10-12 сағатқа тамақ қабылдауға болмайды, сұйықтықты 500 мл дейін азайтады. Науқасқа жеміс шырындары кисельдер, еттің және балықтың сорпасы беріледі. Қан кетуде дицинонды аминокапрон қышқылын кальций хлориды Сжәне В витаминдері (5-10 мл көк тамырға) плазманы және т. б. қан препараттарын енгіземіз. Науқастарға рибоксин, гастроцетин, мезим - форте, хилак-форте. катрикал, гордокс, тавигил керекті жағдайда беріледі. Ішек қабырғасының перфорациясында хирургиялық операцияны араластыру қажет. Эндотоксинды шокта кортикостероидтар- гидрокартизон, преднизалон. 15-30 мг/кг 3-6 сағат бойы көк тамырға тамшылату арқылы енгізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биттер отрядының жалпы сипаттамасы
Қазақ тіліндегі ауру атауларының лексика-семантикалық және морфологиялық құрылымы
Коринебактериялар, микобактериялар, алапес (лепра) қоздырғыштар
Вирустық аурулар туралы түсініктер
Трансмиссивті инфекция қоздырғыштар
Әлеуметтік медицинада және денсаулық сақтау саласында статистикалық әдісінің ең күрделі екенің анықтау
Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу санитариялық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары
Қызылша бөртпелері
Топырақтың эпидемиологиялық маңызы
Кондиционализм теориясының даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz