Кәсіпорын қызметін бағалау көрсеткіштері



Кіріспе

1.Кәсіпорын қаржыларын қалыптастыру негіздері
1.1 Кәсіпорын қаржы ресурстары
1.2 Кәсіпорынды қаржыландыру мәселері

2. Айналым капиталы
2.1 Айналым капиталының экономикалық мәні мен маңызы
2.2Айналым қаржыларын құру көздері мен пайдалану тиімділігін талдау

3.Кәсіпорын қызметін бағалау көрсеткіштері
3.1Кәсіпорын қызметінің тақтауы
3.2Банкроттықты алдын алу мәселелері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе

1.Кәсіпорын қаржыларын қалыптастыру негіздері

1.1 Кәсіпорын қаржы ресурстары

1.2 Кәсіпорынды қаржыландыру мәселері

2. Айналым капиталы

2.1 Айналым капиталының экономикалық мәні мен маңызы

2.2Айналым қаржыларын құру көздері мен пайдалану тиімділігін талдау

3.Кәсіпорын қызметін бағалау көрсеткіштері

3.1Кәсіпорын қызметінің тақтауы

3.2Банкроттықты алдын алу мәселелері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Нарықтық қатынастардың құрылымын да, мемлекет тарапынан оларды реттеу
механизмінде де кәсіпорын қаржысы зор рөл атқарады. Кәсіпорын қаржысы -
нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге
асырудың құралы. Бұл орайда, қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне
білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан
экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық
және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Зерттеу
объектісі "Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалай қорланымдар" болып
есептелінеді. Курстық жұмысының басты мақсаты - зерттеліп отырған
кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы ресурстарын оларды бөлу мен
ұйымдастырудың экономикалық механизмдері мен басқару тиімділігін зерттеу,
қаржы ресурстарын басқарудағы негізгі мәселелерді анықтау және қаржы
ресурстарын басқару бойынша ұсыныстар жасау, кәсіпорын қызметінің тоқтауы
мен банкроттықтың алдын алу мәселері.Қаржы деп мемлекеттің функциялары мен
міндеттерін орындау және ұлғаймалы өндірістің жағдайын қамтамасыз ету
мақсатында орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын
қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен байланысты болатын экономикалык
қатынастарды айтады.
Осы жұмыста
қарастырылатын Қаржыны басқару - бұл қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының
тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын
жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары) шараларының
жиынтығы. Қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты функционалдық
элементтерді бөледі: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу,
бақылау.

Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлардың нақты міндеттері қаржы саясатымен
анықталады. Бұл - жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша
қаражаттарының мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған қорлар арасында, халық шаруашылығының салалары мен
әкімшілік-аумақтық бөліністері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы
арақатынасын (пропорциясын) белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты
бағыттарын анықтау және т.б.

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау - бұл белгілі бір кезеңге арналған
қаржы ресурстарының және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің
ғылыми процесі.

Қаржыны жоспарлаудың міндеті — жұмылдырылатын және пайдаланылатын
қаржы ресурстарының ұдайы өндірістің материалдық-заттай элементтеріне
оңтайлы сәйкестігі негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің,
жүйелердің дамуының пропорционалдығы мен теңдестірілуіне жету.

Экономикалық жоспарлау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөль
атқарады, өйткені ол, бір жағынан - қаржы ресурстарын басқарудың құралы,
басқа жағынан - қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы –бірыңғай қаржы
жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның
орталықтандырылмаған бөлігін құрайдығ, елдегі ақшалай қатынастардың
аса маңызды сферасын, атап айтқанда, халықтың мұқтаждарын, өндірістік емес
сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін-жасалатын
қоғамдық өнімді,ұлттық табысты және ұлттық байлықты алғашқы бөлуді
қамтитындықтан және кәсіпорындар деңгейінде мемлекеттің қаржылық
ресурстарының басым ауқымы қалыптасатындықтан бұл буынның қаржысы
қаржылырдың негізгі,бастапқы болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы қаржы жүйксінің аса маңызды
буыны ретінде қоғам экономикасының ірге тасын қалыптастырады, өйткені
мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады.
Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы өндірістің барлық стадияларымен және өндірілген
өнімді өткізумен етене байланысты,бұл олардың өндірістік тиімділігін
қамтамасыз ете отырып,осы үрдістерге шынайы әсер етуіне жағдайлар жасайды.

Кәсiпорын - экономиканың даму сатысының негiзгi бip бөлiгi болып
табылады. Өйткенi кәсiпорындарда қоғамға қажеттi өнiм шығарылады және
жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркiн
өнеркәсiптік кәсiпорнын дегенiмiз- өндiрiстiк-техникалық, ұйымдастыру
әкiмшiлiк және шаруашылық еркiндiгi бар өндipic бipлiгi.

Кәсiпорындар белгiлi бip eндipic өнiмiн шығару үшiн, не болмаса жұмыс
атқару үшiн, әртүрлi қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттiлiiгiн
қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.

Өндiрiстiк жүйе ретiнде кәсiпорынның iшкi және сыртқы ортасы болады.

Сыртқы ортаға — экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық,
әлеуметтiк, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.

Iшкi opтаға — еңбек ресурстары, техника және технология,
бәсекелестiк, маркетинг және т.б. жатады. Кәсiпорынның нарықтық
экономикадағы негiзгi мақсаты— бәсекелесуге қабiлеттi өнiм шығару арқылы
неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен ең жоғарғы пайда табу негiзiнде
сұранысқа ие және бәсекелесуге кабiлетi бар өнiм шығару болып табылады

1.Кәсіпорын қаржыларын қалыптастыру негіздері

1.1 Кәсіпорын қаржы ресурстары

Қаржы- ақша қорларын ауыспалы айналым процесінде қалыптастыру мен
оларды пайдалану кезіндегі ақша қатынастарының жиынтығы.

Қазақстан Рнспубликасының қаржы жүйелеріне кіретіндер:

Мемлекеттік қаржылар (республикалық бюджет, халықты әлеуметтік
сақтандыру қоры және бюджеттен тыс қорлар:зейнетақы қоры,халықпен жұмыспен
қамту қоры және т.б)

Жергілікті қаржылар (жергілікті бюджетке түсетін қаржылар).

Кәсіпорын қаржылыры.

Мемлекеттік қаржылар деңгейінде елдің біріңғай қаржылық саясатын
жетілдіру жүзеге асырылады,бұл өз кезегінде кәсіпоын қызметінің
тиімділігіне байланысты.

Кәсіпорын қаржысы еліміздің қаржы жүйесінің құрылымында елеулі орын
алады.Мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын деңгейінде
қалыптасады.Республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің 70-тен астам пайызы
салық түсімдері есебінен құралады.

Кәсіпорын қаржысының негізгі элементтері:

- бөліп тарату;

- бақылау.

Қаржылық бөліп-тарату қызметі арқылы кәсіпорын иелігіндегі барлық
ақшалай табыстар мен қорлар қалыптсттырылады және пайданылады. Қаржылардың
бөліп тарату қызметінің орындалуы арқасында үзіліссіз өндірісті
ұйымдастыру жолға қойылады, сонымен қатар бұл құбылыстың басқа да
сатылырға әсер етуі қамтамасыз етіледі.демек ақша қаражаттарының дұрыс
тартылуы кәсіпорын жұмыстарын ынталандырады,олардың барған сайын жақсара
беруіне серпімді ықпал етеді.

Кәсіпорын жұмысында жұмсалған қаржылардың қайтарымына бақылау жасау
өте қажет.Бақылау қызметтерінің негізгі қаржы ресурстарының қозғалысынан
тұрады.Олар өз кезегінде қор ретінде және қордан тыс нысаналарда
құралады.

Бақылау қызметінің маңызды екі мәні бар:

-бухгалтерлік,статистикалық және басқа да есептеулердегі қаржы
көрсеткіштері;

-қаржылай ықпалдар.

Егер бұрынғы орталықтандырылған бюрократтық-жоспарлау жүйе кезінде
кәсіпорынды басқару өнім шығару,пайда,өзіндік құн және басқа да
көрсеткіштер бойынша қатаң шектеулерге негнізделсе ,қазіргі нарықтық
қатынастар жағдайында ол экономикалық тетіктер арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері:

- қаржылық-шаруашылық қызметтегі дербестік;

- өзін -өзі қаржыландыру және басқару;

- жұмыстың түпкілікті нәтижелеріне мүдделік;

- қол жеткен нәтижелерді еселей түсу;

- қаржы резервтерін жасау;

- қаржыны меншіктік және қарыз деп екіге бөліп ұстау;

- мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлар алдындағы міндеттердің
бірінші кезекте орындау;

- кәсіпорын қызметіне қаржылық бақылау жасау.

Қаржылық қатынастар құрамындағы кәсіпорындағы ақша қатынастарының
мына топтарымен тығыз байланысты болады:

- контрагентпен, алғашқы табыстарды қалыптастыру қорларды толық белгіленген
ішкі шаруашылық негізде құру және пайдалану жөнінде;

- кәсіпорындармен,қаржыларды бөлу тәртібі бойынша,қаржы ресурстарынның
қозғалысы қордан тыс нысанады жүзеге асады;

- өнімді тұтынушылармен,жасалған шарттарды орындау барысында кәсіпорындар
келісімдердіңнсандары мен түрлерін өздері таңдайды, міндетті орындалуы
шарттарын санкция қолдану тәртіптерін анықтайды, өзінің өнімдері мен
қызметтеріне қарай бағаны қалыптастырады және жүргізушілердің баға
негіздерін де бағалайды.

- сақтандыру ұйымдарымен,міндетті және ерікті сақтандыру түрлері бойынша ;

- банктер жүйесімен,алынған сомалардыжәне қарыздарды өтеуге бағытталған
процесттерді төлеуге байланысты есеп-айырысу-кассалық қызметтер
көрсету,сонымен қатар банктер ұсынған нақты төлеммен уақытша бос ақша
қаражаттарын пайдалану мәселелері бойынша;

- мемлекетпен,бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру мен пайдалану;

- бағынышты басқару құрылымдарымен,ішкі салаларда қаржы ресурстарын бөлуде
тікелей және көлденең өзара байланыста болуы.

Қаржы механизімі-бұл қаржы ресурстарын ұйымдастыру, жоспарлау және
тиімді пайдалануды көздейтін өзара тығыз байланысты мына төмендеігі бес
элемердің жиынтығы:

-қаржы әдістері

-қауылылардың

-жарлықтардың;

-басқа да құқықтық құжаттардың орындалуы жатады.

Нормативті қамтамасыз ету мыналар арқылы көрінеді:

-инструкция;

-нормативтер;

-нормалар;

-тарифтік ставкалар;

- әдістемелік нұсқаулар мен көрсеткіштер және басқа да.

Ақпараттық қамтамасыз етуге:

- экономикалық;

- коммерциялық;

- қаржылай;

- басқа да ақпараттар кіреді.

Қаржылық ақпараттарда:

- қаржы тұрақтылығы жөнінде мәліметтер;

- әріптестер мен бәсекелестердің төлем қабілеттігі, бағасы, курсы,
дивидендтері;

- тауарлар мен қорларда және валюта нарығындағы пайыздар;

- биржалық және биржадан тыс нарықтағы істері жөнінде;

- шаруашылық субъектілерінің қаржылық істері жөнінде;

- шаруашылық субъектілерінің қаржылық және коммерциялық қызметтері жөнінде
хабарлар болуы керек.

Ақпаратты иемдену нарықтағы жағдайды анықтауға бірден-бір пайдалы
септігін тигізеді.

Әр түрлі ақпараттар, мысалы, жеткізуші, сатып алушы жөніндегі хабарлар
интеллектуалды меншіктің бір түрі болып табылады және кәсіпорынның жарғылық
капиталында белгілі бір үлеске ие.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары

Бұл кәсіпорынның өз қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ағымдағы
шығындар мен өндірісті кеңейтуге жұмсаған шығындарды өтеу, қаржыға қатысты
міндеттерді және еңбеккерлердің экономикалық жағынан ынталандыру ісін
жүзеге асыру мақсатында құрылады.

Сонымен қатар қаржы ресурстары:

-өндірістен тыс саланың объектілерін дамытуға;

-тұтыну;

-жинақтау;

-арнайы резерв қорларын толықтыруға жұмсалады.

Қаржы ресурстарының алғашқы қалыптасуы кәсіпорынның мекеме болып
құрылған, яғни жарғылық капитал (акционерлік және жиналмаған капитал)
жинаған кезіне сай келеді.

Жарғылық капитал – бұл құрылтайшылар үлесінің негізінде құрылған
кәсіпорынның мүлкі.

Қаржы ресурстары негізінен табыстың есебінен қалыптасады. Сонымен
қатар:

- тозығы жеткен (істен шығарылған) мүліктерді сатудан түскен түсімдер;

- тұрақты пассивтер;

- әр түрлі мақсатты түсімдер;

- ұжым мүшелерінің әр түрлі жарналары мен үлестерінен (пай) құралады.

Тұрақты пассивтерге қатыстылары:

-жарғылық, резервтік және басқа да капиталдар;

-ұзақ мерзімді қарыздар;

-кәсіпорынның айналымындағы несиелік қарыздар.

Қомақты қаржы ресурстары:

- кәсіпорынды құру немесе оны қайта құру кезеңінде;

- акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарды сату;

- бағалы қағаздар және басқа да эмитеттердің дивиденттері мен пайыздарынан;

- қаржы операцияларынан түскен табыстар мен несиелерден қалыптасады.

Кәсіпорын қаржы ресурстарын:

- өздері мүше ассоциациялар мен концерндерден;

- өздері бағынышты ұйымдардан;

- мемлекеттік басқару органдарынан бюджеттік жәрден (субсидия) түрінде;

- сақтандыру ұйымдарынан алуы мүмкін.

Қайта бөлу кезінде қалыптасқан қаржы ресурстарының бұл топтарында
сақтандыру қорынан түскен төлемдердің көлемі барған сайын артып отырады, ал
түсімнің шығындар тізімі қатаң шектелетін бюджеттік және салалық көздері
азайып отырады.

Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану мына бағыттарда жүзеге асады:

- өнімдерді (жұмыс, қызмет) өндіру мен сатуға қатысты ағымдық шығындар;

- өндірісті ұлғайтуда және оны техникалық жағынан жанғыртуда, материалдық
емес активтерді пайдалануда инвестицияланған қаражаттарды капиталға қосу;

- бағалы қағаздарға қатысты қаржы ресурстарын инвестициялау;

- қаржылық, банктік төлемдер, бюджеттен тыс қорларға тиісті жарналар төлеу;

- әр түрлі ақша қорларын және олардың резервтерін құру, сыйлықтар беру және
басқа сол сияқты әлеуметтік сипаттағы төлемдер жасау;

- қайырымдылық мақсаттағы демеушілік және басқа да көмектер беру.

Эмитент – эмиссияны (ақша, бағалы қағаздар шығару) жүзеге асыратын
мекеме немес кәсіпорын.

Әр мемлекеттің кірісінің көп бөлігін бизнес субъектілері алып келеді.
Неғұрлым елдегі шаруашылық субъектілерінің көп болуы, олардың жақсы жұмыс
жасап тұруы соғұрлым мемлекет кірісінің ұлғаятынын білдіреді. Кәсіпорын
нарыққа шықпас бұрын өз капиталын қалыптастырып алады. Капитал кәсіпорынның
құрылуы мен дамуының негізгі экономикалық базасы болып табылады. Ол оның
активтерін қалыптастыруына инвестирленген ақшалай, материалдық және
материалдық емес нысандағы қаражаттардың жалпы бағасын сипаттайды. Өзінің
қызмет ету процесінде капитал кәсіпорын иелері мен қызметкерлерінің,
сонымен қатар мемлекеттің қызуғышылықтарын қамтамасыз етеді. Елде
кәсіпорындар көптеп қызмет ететін болса, онда халыққа жұмыс орындары көбейе
түседі, мемлекеттің кірісі артады, т.б. Кәсіпорын капиталы әр түрлі ішкі
және сыртқы көздерден қалыптасады. Кәсіпорын капиталын қалыптастырудағы
ішкі көздердің ішіндегі ең маңызды ролді жарғылық капитал алады. ҚР
Заңдарына сәйкес кәсіпорындар ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарай өз
жарғылық капиталын құрады.

Кәсіпорынның капиталын қалыптастыру үшін сыртқы көздердің маңызы зор.
Олар кәсіпорынға ақша қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда көмек
көрсетеді десек те болады. Бірақ, сыртқы көздердің кәсіпорынның өзіндік
капиталынан тым көп болуы кәсіпорынның сыртқы көздерге шектен тыс тәуелді
болып, өз қызметінің нашарлауына алып келіп кәсіпорынды банкроттыққа алып
келуі мүмкін. Өз кәсіпорынның өркендеуі меншік иесіне ғана емес, сонымен
қатар мемлекетке де көп табыс алып келеді.

Сондықтан да осындай кәсіпорындарды дамыту тек меншік иесінің ғана
емес, сонымен қатар мемлекеттің де қызығушылығында болуы хақ.

Қазіргі кезде өз ісін ашқысы келген әрбір адамның алдында қаржыландыру
мәселесі тұрады, сонымен қатар, басқа да мәселелер меншік иесін ойландырып
тұрады. Қазақстан Республикасында өз ісін ашқысы келген азамат бастапқы
қаржыны өзінің жинаған құралдары арқасында құрады. Оны ары қарай кеңейту
де, дамыту да өз қолында. Сонымен бірге бұл жолда оған
кездесетін кедергілерде көп. Экономиканың дамып, шаруашылық субъектілердің
кеңеюі, дамуы мемлекеттің де мүддесінде. Сондықтан да мемлекет әр уақытта
бұл секторға заңнамалық түрде де, қаржыландыру түрінде де қолдау көрсетуі
қажет. Кәсіпорындарға мемлекет мынадай салаларда қолдау көрсетуі тиіс және
кәсіпорындар өз жағдайын жақсарту үшін келесі мынадай іс-әрекеттер жасау
керек:

Заңнамалық тұрғыда, әсіресе, салық салу жүйесін заманға сай түрде өзгерту
қажет. 2009 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі жұмыс жасауда.
Бұл кәсіпорынның салық салумен байланысты сұрақтарды жоюға, кәсіпорын
табысының артуына алып келеді;

Банктердің және әр түрлі қаржылық ұйымдардың шағын және орта бизнес
субъектілеріне қызметін кеңейтуге және дамытуға несиелерді жеңілдіктермен
ұсынуы;

Мемлекеттік тапсырыстарды шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарға беру;

Ғылыми-техникалық жобаларды, кәсіпорындарға инновациялық идеяларды
ендіретін жобаларға қолдау көрсету, қаржыландыру;

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен Концерн құру, мемлекеттің
осыны құруға барынша қолдауы;

Әр түрлі қаржылық ұйымдардың инвестицияларына кәсіпорындар арасында ашық
конкурстар жариялау;

Кәсіпорындардың венчурлық компаниялармен жұмыс жасауын дамыту, сонымен
қатар факторинг, форфейтинг операцияларын және франчайзингті дамыту;

ҚИҚ, ҚДБ, сонымен қатар басқа да ұйымдардың әр түрлі жақсы жобалар бойынша
кәсіпорындармен серіктестігі және т.б. шаралар.

2.Айналым капиталы

2.1Айналым капиталының экономиалық мәні мен маңызы

Кез келген шаруашылық жүргізуші субъектіге оның қалыпты жұмыс істеп,
өнім өндіру және оны өткізу үшін негізгі қорлармен бірге өндірістік айналым
капиталдары да қажет. Олар өндіріс сферасына қызмет етеді және өзінің
бастапқы нысанын бір өндірістік циклда өзгерте отырып, өзінің құнын дайын
өнімнің құнына көшіреді.

А – Т -- ... Ө... -- Т1 – А1

Өндіріс процесінде тұтынылған айналым қорлары өндіріс сферасына тауар
нысанында (қоймадағы және жөнелтілген дайын өнім түрінде) енеді, онан кейін
ол дайын өнімнің өткізілуіне қарай ақша нысанына (есеп-қисаптағы ақшалай
қаражаттар, шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасындағы және банктегі
оның шоттарындағы ақшалай қаражаттар) ауысады

Капиталдың шеңберлік айналымы үш кезеңнен тұрады: жабдықтау,
өндіріс, өткізу.

Айналым капиталдары түрлі сфераларға өндіріс пен айналысқа
қатыстылығымен ерекшеленетін айналым өндірістік капиталдары мен айналыс
капиталын қамтиды. Айналым қаржылары кәсіпорын мүлкінің құраушы
бөліктерінің бірі. Олардың жай күйі мен пайдалану тиімділігі – кәсіпорынның
табысты қызметінің басты шарты.

Нарықтық қатынастардың дамуын оларды ұйымдастырудың жаңа шарттарын
анықтайды. Жоғары инфляция, төленбеген төлем және т.б. дағдарыстық
құбылыстар кәсіпорындардың айналым қаржыларына қатысты саясатын өзгертуге
мәжбүр етеді. Сонымен қатар олар пайдалану тиімділігінің мәселесін шешуге
де мәжбүр.

Айналым өндірістік капиталдары деп заттық мазмұны жағынан еңбек
құралдары. Айналым өндірістік капиталдары өндіріс сферасына қызмет етеді
және өндірістік цикл процесінде бастапқы нысанын өзгерте отырып өзінің
құнын дайын өнімнің құнына көшіреді.

Айналым қаржылары кәсіпорын мүлкін құрушы бөліктердің бірі. Олардың
жай-күйі мен пайдалану тимділігі - кәсіпорынның табысты қызметінің басты
шарты. Жоғарғы инфляция, төлемеушіліктер және тағы да басқа дағдарыстық
құбылыстар кәсіпорындардың айналым қаржыларына қатысты саясатын өзгертуге
мәжбүр етеді, сонымен қатар олар толықтырудың жаңа көздерін іздеп, оларды
пайдалану тиімділігінің мәселесін шешуге мәжбүр.

Өндіріс үздіксіздігінің басты шарттарының бірі оның материалдық
негізгі -өндіріс қаржысын тұрақты жандандырып отыру. Ал ол өз кезегінде,
шеңберлік айналым ретінде өтетін өндіріс қаржылары қозғалысының
үздіксіздігін анықтайды. Айналыс капиталдары өндіріс процесіне тікелей
қатыспаса да өндіріс пен айналыс процесінің бірлігін қамтамасыз ету үшін
қажет. Олардың іс-әрекеттерінің сипаты мен аясы оларды дербес айналыс
капталдары ұғымына бөліп көрсетуге алғы шарттар жасайды. Айналым
өндірістік капиталдары мен айналыс капиталдары үнемі қозғалыста бола отырып
қаражаттардың үздіксіз айналымын қамтамасыз етеді.. Сонымен бірге
авансыланған құн нысандарының тұрақты және заңды ауысымы болып отырып: ол
ақша нысандарынан тауар нысанына, сонан соң өндірістік және қайтадан тауар
және ақша нысандарына айналады. Сөйтіп, қажетті өндірістік босалқы
қорларды, аяқталмаған өндірісті, дайын өнімді және оны өткізудің шарттарын
жасайтын айналым өндірістік капиталдары мен айналыс капиталдарының үздіксіз
қозғалысын қамтамасыз ету мақсатымен қаражаттарды авансылаудың объективті
қажеттілігі пайда болады.

Айналым өндірістік капиталдары мен айналыс капиталдары қозғалысының
біркелкі сипаты олардың бірыңғай ұғымы- айналым қаражаттарына біріктіруге
мүмкіндік береді.

Айналым қаражаттары – бұл өндірістік және өнімді өткізудің үздіксіз
процесін қамтамасыз ету мақсатымен айналым өндірістік капиталдары мен
айналыс капиталдарын жасау және пайдалануға авансыланған ақша жиынтығы.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің айналым қаражаттарын қалыптастырудың
көздері мыналар болып табылады: табыс, тұрақты ең аз кредиторлық берешек,
банк және коммерциялық несие.

Өндірістің үздіксіздігінің басты шарттарының бірі оның материалдық
негізі- өндіріс қаржысын тұрақты нысандандырып отыру.

Айналым қаржыларының жалпы сомасы тауарлы материалдық қорлар,
дебиторлық қарыз және ақша қаражаттарының қосындысына тең болады.

Е = Ез + Едз + ЕД

Мұндағы, Е – айналым капиталының жалпы сомасы

Ез – тауарлы материалдық қорлар

Едз – дебиторлық қарыз

ЕД - ақшалай қаражаттар

Тауарлы- материалдық қорларға мыналар жатады: материалдар,
аяқталмаған өндіріс, тауарлар.

Дебиторлық қарыздарға мыналар жатады: сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің қарызы, күдікті борыштар бойынша резервтер, еншілес
серіктестіктердің дебиторлық қарыздары, басқадай дебиторлық қарыздар,
болашақ кезеңдердің шығындары, берілген аванстар.

Ақшалай қаражаттарға қаржылық инвестициялар, жолдағы ақшалай
аударымдар, банктердің арнайы шот есептердегі ақшалай қаражаттар, валюталық
шот есептердегі қолма-қол ақша, есеп айырсу шот есебініндегі ақша,
кассадағы ақша.

Кәсіпорынның айналымдық қаржылары екі қызметте атқарылады: өндірістік
және есептік. Өндірістік қызметті атқара отырып, өндірістік қорларға
аванстала отырып, айналым қаржылары, өндіріс процесінің үздіксіздігін
қамтамасыз етеді және өз құндарын өндірілген өнімге көшіреді. Өндіріс
аяқталысымен айналым қаржылары ретінде қорлары ретінде айналыс саласына
өтеді, онда айналым қаржыларын тауарлы формадан ақшалай формаға айналдырып,
шеңберлік айналымды аяқтаушы функцияны атқарады.

1-кесте Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы
және оның өндіріс процесіндегі ролі.

Айналым қаражаттарының Қаражаттың құрамына кіретіндер
тобы
1. Өндірістік айналым 1.1. Өндірістік қосалқы қорлар:
қорлары. -1 шикізат
-2 негізгі материалдар
-3 сатып алынған жартылай фабрикаттар
-4 көтекші материалдар
-5 отын
1.2. Өндірістік процестегі қаражаттар:
-6 аяқталмаған өндіріс
-7 өзінде дайындалатын жартылай фабрикаттар
-8 болашақ кезең шығыстары
2. Айналыс қорлары 2.1 . Өткізілген өнім
(айналыс қаражаттарының -9 қоймадағы дайын өнімдер
айналымы) -10 тиелген, әлі төлем ақысы төленбеген
төлемдер
-11 қайта сатуға арналған тауарлар
3. Айналым қаражаттарының өндірістік айналым қорларына айналыс
жалпы сомасы. қорларын қосу арқылы анықталады.

2-кесте Кәсіпорынның балансы бойынша айналым

қаражаттарының құрамы мен құрылымы

Айналым Баланс активтерінің баптары
қаражаттарының
тобы
1 2
1. Өндірістік айналым-12 өндірістік босалқы қорлар;
қаражаттары (босалқы -13 төмен бағалы тез тозатын заттар (қалдық
қорлар). құны);
-14 аяқталмаған өндіріс;
-15 болашақ кезең шығыстары;
-16 дайын өнімдер;
-17 тауарлар;
-18 қосымша құнға салынатын салық
2. Дебиторлық береше.-19 тиелген тауарлар;
-20 тауарлар мен қызмет көрсету үшін дебиторлық
есеп айырысу;
-21 алынаған вексель бойынша дебиторлық есеп
айырысу;
-22 еншілес кәсіпорындармен есеп айырысу;
-23 жеткізушілерге берілген аванстар;
-24 басқа да айналым активтері.
3. Ақша қаражаттары. -25 қысқа мерзімдік қаржы салымы;
-26 кассадағы ақша қаражаттары;
-27 есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттары;
-28 басқа да ақша қаражаттары;
Айналым Материалдық айналым қаражаттары + дебиторлық
қаражаттарының жалпы берешек + ақша қаражаттары.
сомасы

Қалыптастыру көздері жөнінен айналым қаржылары меншікті, қарыздық және
қосымша тартылған болып бөлінеді.

3-кесте Айналым қаржыларының қалыптастыру көздері

Меншікті Қарыздық Қосымша тартылған
-жарғылық капитал -банктердің несиелері -еншілес
-төленбеген қосымша -ұзақ мерзімді заемдар серіктестіктерге
капитал -қысқөа мерзімдік кредиторлық қарыз
-резервтік капитал банктік несиелер -жеткізушілер мен
-басқа да резервтік -банктен тыс мердігерлермен есеп
капитал мекемелердің несиелері айырсу
бөлінбеген табыс -қысқа мерзімдік заемдар-басқа да кредиторлық
(жабылмаған залал) -коммерциялық несиелер қарыздар және
есептесулер
-әлеуметтік
сақтандыру мен
зейнетақымен
қамсыздандыру бойынша
есеп айырсу
-бюджетпен есеп
айырсу
-болашақ кезеңдердің
шығындары
-күдікті борыштар
бойынша резервтер

Нормалау прцесінде жеке және жиынтық нормативтер орнатылады. Нормалау
процесі бірнеше біркелкі кезеңдерден тұрады. Норма – бұл айналым қаржысының
әр элементінің қорын көлеміне сәйкес келетін қатысты көлем әдеттегідей,
нормалар қор күндерінде белгіленеді және материалдық құндардың берілген
түрі мен қамтамасыз етілетін кезең ұзақтығын білдіреді. Мысалы: норма қоры
24 күннен тұрады, яғни өндіріс 24 күн ішінде қанша қормен қамтамасыз етсе
сонша болуы тиіс. Қор нормасы белгілі бір базада проценттен, ақшалай түрде
белгіленуі мүмкін.

Айналым қаржысын нормалаудан келесі негізгі әдістерін қолданамыз:
тікелей есеп, аналитикалық, коэффиценттік.

Тікелей есеп әдісі былай болады: әуелі айналым қаржысын әр элементке
авнстаудың көлемі анықталып, сосын оларды сомалау арқылы нормативтік жалпы
сомасы анықталады.

Аналитикалық әдіс алдынғымен салыстырғанды кәсіпорын жұмысы
жағдайында едәуір өзгерістер қарастырылмаған кезде қолданылады. Бұл кезде
Айналым қаржылары нормативінің есебі ірілендірілген түрде өндіріс көлемі
өсу ырғағы мен алдыңғы кезеңдегі нормаланған айналым қаржылары көлемі
арасындағы қатысты ескере отырып жүзеге асырылады.

Коэффиценттік әдіс кезінде жаңа норматив ескі базада оағн өндіріс,
жабдықтау, өнімді (тауар, қызмет) өткізу, есептеу жағдайларын ескере
отырып, өзгерістер енгізу арқылы анықталады.

Айналым қаражаттары – бұл өндірістік және өнімді өткізудің үздіксіз
процесін қамтамасыз ету мақсатымен айналым өндірістік капиталдары мен
айналыс капиталдарын жасау және пайдалануға авансыланған ақша жиынтығы.

Капиталдың шеңберлік айналымы үш кезеңнен тұрады: жабдықтау,
өндіріс, өткізу.

Айналым қаржысын нормалаудан келесі негізгі әдістерін қолданамыз:
тікелей есеп, аналитикалық, коэффиценттік.

2.2Айналым қаржыларын құру көздері мен пайдалану тиімділігін талдау

Кәсіпорындардың айналым қаржылары олардың шеңберлік айналымның
тбарлық кезеңдеріндегі үзіліссіз қозғалысын қамтамасыз етуге арналған, ол
сол арқылы өндірістің ақшалай және материалдың қорларға қажеттілігін
қанағаттандырып, есеп-шоттардың өз уақытылы мен толықтылығын, айналым
қаржыларының тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Айналым қаржыларын қаржыландырудың барлық көздері меншікті, заемдық
және тартылған болып бөлінеді.

Қорлардың шеңберлік айналымын ұйымдастыруда меншікті қаржылар басты
роль атқарады, өйткені коммерциялық есеп негізінде жұмыс жасаушы
кәсіпорындар қабылданатын шешімдерге жауап береді, істі тиімді жүргізу үшін
белгілі бір мүліктік және оперативтік тәуелсіздікке ие болуы тиіс.

Айналым қаржыларының құрастырылуы кәсіпорынның жарғылық қорының
орнатылып, ұйымдастырылуы сәтінде жүзеге асады. Бұл жағдайда құрау көзіне
кәсіпорын негізін салушылардың инвестициялық қаржылары жатады. Жұмыс
процесінде айналым қаржыларын толықтыру көзіне алынған табыс, сонымен қатар
меншікті қаржыларға теңестілілген тұрақты деп алынатын пассивтер жатады.
Кәсіпорынға тиісті емес, бұл қаржылар үнемі айналым болады. Мұндай қаржылар
айналым қаржыларын оның минимал қалдығы сапасында құрастыру көзі болып
табылады. Оған мыналар жатады: кәсіпорын жұмысшыларының еңбегін төлеу
бойынша айдан айға көшіп отыратын минималды қарыз; алдағы шығындарыд жабу
қорлары, бюджет кен бюджеттен тас қорлар алдындағы минималды көшпелі қарыз;
өнімге алдын-ала төлеу негізінде алынаған несие берушілер қаржысы; тұтыну
қорының өтпелі қалдықтары, қайтарым таралары үшін сатушылардың кепілдеме
ретінде енгізген қаржылары.

Айналым қаржыларын құру үшін несие тартудың басты бағыттарына мыналар
жатады: өндірістің кезеңдік процесімен байланысты шығын, материал,
шикізаттың кезеңдік қорларын несиелендіру; меншікті айналым қаржысының
жетіспеушілігін уақытша толықтыру; төлем қаржыларын есептеу.

Сөйтіп, экономиканы басқарудың нарықтық жүйесіне көшумен қатар
айналым қаржыларының көзі ретіндегі ролі қалай болғанда да азайған жоқ.
Кәсіпорындардың айналым қаржыларын нормадан жоғары қажет етушілікті жабудың
үйреншщікті қажеттілігімен қатарбанкілік несие мәнін күшейтуді негіздеуші
жаңа факторлар пайда болады. Бұл факторлар дамудың еліміз бастан кешіріп
отырған өтпелі кезеңіне байланысты. Олардың бірі инфляция болып табылады.
Кәсіпорынның айналым қаржыларына инфляцияның әсер етуі көп қырлы: ол тура
және жаңаша әсер етеді. Тура әсер еткен кезде айналым қаржылары айналым
барысында құнсызданады, яғни айналымды бітірген соң кәсіпорын өнім
өткізуден түскен табыс құрамында айналым қаржыларының авансталған сапасын
мүлде алмайды.

Аталған себептер кәсіпорындардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарызда
тоқтатылып қалған айналым қаржыларының орнын толықтыру көзі ретіндегі
заемдық қаржыларға деген кәсіпорындардың қызығушылық артуын туындатады.
Берілген жағдайда несиені айналым қаржыларының көзі ретінде пайдалану
шекараларының сұрағы пайда болады. Бұл сұрақ несиені қолданудың кәсіпорын
жағдайына толығымен алғанда және айналым қаржылары жағдайына жекелеп
алғанда екі әсер құбылысымен байланысты.

Бір жағынан, меншікті қаржы тапшылығы жағдайында айналымғы несиелік
ресурстарды тартпастан кәсіпорын өндіріс толығымен тоқтатуы немесе
қысқартуы тиіс, ал ол өз кезегінде қиын қаржылық жағдайдан банкроттыққа
дейін жеткізуі мүмкін. Екінші жағынан, пайда болған мәселелерді тек
несиелердің көмегімен шешу ссудалық қарыздың көбеюі нәтижесінде
кәсіпорынның несиесін ресурстарға тәуелділігінің артуын туғызады. Бұл
қаржылық жағдайдың тұрақсыздығының ұлғаюына әкеп соғады, өйткені банкілік
процент ретінде берілген капиталдық нормасын кәсіпорын қамтамасыз
етпегендіктен, банктің меншігіне көше отырып меншікті айналым қаржылары
жоғалады.

Несиелік қарыз айналым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
Кәсіпорын табысын бөлу және пайданы арттыру жолдары
Темірлан ЖШС мысалында кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
Кәсіпорында қаржы-шаруашылық қызметін зерттеу және оны жақсарту жолдарын ұсыну
Қаржы менеджменті туралы
Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар
Қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
Пәндер