Безгекпен ауыратындар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Дәрістің тақырыбы : “Безгек”.
Жоспары:
Безгек. 1
Патогенезі және патологиялық анатомиясының көрінісі. 3
Қолданылған әдебиет. 9

Безгек.

Анықтамасы: (malaria) - трансмиссивті протозойлы аурулар тобына
жататын және қызбалық ұстамамен, анемиямен, бауыр, және көкбауырдың
үлкеюімен өтетін жұқпалы ауру.
Тақырыптың өзектілігі. Безгек - кең таралған убиквитарлы инфекция.
Дүние жүзі бойынша, негізі Африкадағы, Оңтүстік Шығыс мемлекеттерінде жыл
сайын тіркеледі 300-500 млн. Безгекпен ауыратындар. Проблема
актуальдылығына байланысты: 1) 1-шіден – көрші мемлекеттер (Азербайжан,
Тәжікстан) эндемиялық аудандарға жатады, сол мемлекеттерден халықаралық
қарым-қатынасты 3 күндік безгекті біздің елімізге әкелуі мүмкін. 2)
екіншіден –безгектің қоздырғышы кейінгі жылдарда малярияға қарсы
препараттарға төзімді болатын болды. 3) Температуралық жағдай мен
безгектің берілуінің ұзақ маусымдылығы Жамбыл облысы, оңтүстік Қазақстан
облысы, Алматы облыстары безгек ауруның көзі.

Тарихи деректер. Безгек адамға ерте заманнан белгілі аурулар қатарына
жатады. Безгекке ұқсас эпидемиялық ұстамалар жайында, көне әдеби
жазбаларда, қытай әдебиеті мен Египет папирустарынан табылған. Ертедегі
грек дәрігерлері, Эмпедокло және Гиппократ ауыспалы қызбалық симптомдарын
жазған. Гиппократ оны қызбалық аурулар тобынан бөліп қараған.
Біздің эрамызға дейінгі V, VIII, XII, XIII ғасырда Рим империясы
территориясында ауыр іздерін 4 пандемия түрінде қалдырған. Ежелгі славян
жазбаларында безгекті “селкілдеу“, ”дірілдеу“, “лихоманка”, “знобука”
деген аурулармен қалдырған, Ғылыми ашылулар тарихи 1640 жылдан басталды, 1-
ші рет Европа дәрігері Хуан дель Вего безгекпен ауырған науқасты хин
ағашының қабығынан жасалған тұнбаны пайдаланған. Италияндық Ланцизи
“malaria” терминін 1717 ж. енгізген. Ол батпақ – саздың улы булануларымен
байланыстырған. (итал. тілінен аударғанда malaria – шіріген, бұзылған ауа)
1880 ж. француз дәрігері Лаверан Алжирде безгектің қоздырғышын ашқан.
1885ж. C. Golgi Р.vivax және Р. malaria деген түрлері болатынын тапқан.
1889 ж. Н. А. Сахаров , 1890 ж. Е . Marchiafava және А. Сеlli Р.
falcifarum - ды жазған 1897 ж. Рональд Росс Индияда әскери дәрігер болып
жұмыс істегенде, тәжірибие жүзінде жаңалық ашты – адамдар мен құстардың
тасмалдаушысы болып масалар табылады деген. 1922 ж. Стефан адам безгегінің
4- ші қоздырғышы Р. ovаlе – ні тапқан.
Этиологиясы. Безгек қоздырғыштары – қарапайымдылар (Рrоtоzoa),
Spоrоzоа класына, Рlasmodia тұқымдастығына, Рlasmodium туыстарына жатады.
Әртүрлі жануарларда безгек қоздырғышының 70 – ке жуық түрі кездеседі.
Адамда 4 түрі паразиттік тіршілік етеді.
Р.vivax – үшкүндік безгек қоздырғышы.
Р. ovale - үшкүндік безгек қоздырғышы.
Р. falcifarum– тропикалық безгек қоздырғышы.
Р. – malaria төрткүндік безгек қоздырғышы.
Плазмодиилердің басқа түрлері маймылдарға, кеміргіштерге, құстар мен
кесірткелерде паразиттік тіршілік етеді. Қоздырғыштың түрлері,
морфологиялық белгілері, вируленттігі, иммунологиялық және эпидемиологиялық
сипатымен, химиотерапевтикалық препараттар әсеріне сезімталдығы жағынан
ажыратады.
Безгек қоздырғышының дамуы иесін ауыстыруы арқылы жүреді. Жыныстық
циклы (спорогония) масасының организмінде жүреді: жыныссыз (шизогония) –
адам организмінде. Аnofeles туыстастығына жататын масалар, безгекпен ауырып
жүрген адамның немесе тасымалдаушы қанын соған кезде жұқтырып алады. Қанмен
масаның асқазанға жыныстық формалары – аналық және аталық гаметоциттер
түседі. Спорогония фазасы спорозиттар түзумен аяқталады (10 – 50 мың
спорозоидтқа дейін). Спорозоидтар масаның сілекей бездерінде көп мөлшерде
жиналады. Жұқпалығы 2 –2,5 айға дейін сақтайды және адам үшін жұқпалы болып
табылады. Спорогония ұзақтығы ауаның температурасына байланысты. Егер
15(С–тан төмендеп кетсе спорозоидтар түзілумі мүмкін.
Адам организмінде безгек паразитінің шизогония фазасы 2 кезекпен
жүреді.
1. Тіндік шизогония. Гепатоциттерде өтеді. Онда спорозоидтардан
тіндік трофозойдтардан, шизонттар мерозоидтар түзіледі. (1 спорозойтан 1
неше мыңдаған). Мерозоидтар тек эротроциттерде дами алады. Осы фазаның
минимальді ұзақтығы Р.falcifarum – 6 тәуліктік, Р. vivax – 8 тәулік, Р.
ovale – 9, Р. malaria –15 тәулік. А Я Лысенко (1959), К Шют көзқарастары
бойынша Р. vivax пен Р. ovale спорозоидтары фенотиптік жағынан біркелкі
емес және гепатоциттерде инокуляциядан кейін және ұзақ белсенсіз жағдайдан
кейін даму мүмкіншілігі бар. (“таксиспорзиттер” және “гипнозоидтар”).
2. Эритроцитарлық шизогония. Р. vivax – 48 сағат, Р. ovale және Р.
Falcifarum
72 сағат ұзақтығымен циклдік процесс турінде өтеді. Эритроциттерде
мерозоидтар біртіндеп трофозоидтар мен шизонттарға трансформацияланады.
Белгіленгеннен кейін 4-24 дейін эритроцитарлық мерозоидтар түзіп жаңа
эритроциттарды инвазиялайды да, қайтадан цикл қайталанады. Эритоциттерде
мерозоидтардың 1 бөлігі пісіп жетілмеген аталық және аналық жыныстық
клеткалар-микро және макрогамоциттерге айналады. (гаметоцистогония),
масаның асқазанда даму аяқталады. Р. falcifarum гамонттары түзілгеннен
кейін, қанда 1,5-2 аптадан соң байқалады және қан ағысында 1-неше апта бойы
сақталуы мүмкін.
Р. falcifarum – ның басқа плазмодии түрлерін ерекшелігі, ол
эритроцитарлық шизогонияны ішкі органдардың капиллярында өткізіледі... яғни
инвазияланған эритроциттер мен эндотелиалды клеткалардың цитоадгезия
феномені нәтижесінде. Осыған байланысты адамның асқынбаған тропикалық
безгек кезінде, науқастардың қанынан тек бастапқы (жас, сақина тәрізді
трофозойдтар) және соңғы (гаметоциттер) паразиттің стадиясын анықтауға
болады, ал аралық стадиясын (Р. falcifarum) науқас қанынан ауру қатері
ағымда өткен кезде анықтауға болады.
Эпидемиологиясы. Инфекция көзі – ауру адам және паразиттасмалдаушы.
Негізгі жұғу жолы трансмисивті, anopheles туыстығына жатын аналық масалар
шаққанда жұғады. Парентеральді жолмен жұғуы да мүмкін, паразиттасмалдаушы-
донордан қан трансфузиясы кезінде, жеткілікті өңделмеген құралдармен емдеу-
диагностикалық манипуляциялар жүргізген кезде, босану кезінде, плацента
арқыл тропикалық безгек сирек жұғады.
Безгекті қабылдап алу бейімділігі, баларда әсіресе жоғары болып
келеді.
Сонымен қатар безгекке төзімділік бар. Мысалы- көптеген
плазмодиилердің зооноздық түрлерін қабылдамау. (Ри у (Ғу, Ғу )) –лық бар
–негативті Р. vivax индивидумына. S – гемоглобині бар және Г-6 ФДГ. Р.
falcifarum – ға дефициті бар тұлғалары.
Безгекке маусымдылық тән. Маусымдылық спорогония және тасмалдаушының
белсенділігіне әсер етеді. Әлсіз климатты зоналарда берілу маусымы 1.5-3
жаз айларында, субтропикалық зоналарда 5-8 айға дейін созылады, ал
тропикалық зоналарда жыл бойы безгек берілуі мүмкін.

Патогенезі және патологиялық анатомиясының көрінісі.

Безгек – рецидивтеуші ағымға бейім, циклдық инвазиялық процесс. Безгек
инвазиясында дамуында, безгек паразиттерінің әртүрлі түрлеріне,
макроорганизмнің фазалық реакциясына негізделіп, бірқатар периодтарды
ажыратады. Адам организміне паразит енгеннен кейін, біріншілік безгектің
дамуын шақырады, ол қандай жолмен жұғуына байланысты, спороидты немесе
шизонтты инвазия түрінде өтеді.
Спорозоидтармен жұқтырылған болса, тіндік шизогония периоды
кезінде байқауға болатын патологиялық көріністер дамымайды. Инвазияның бұл
фазасы аурудың инкубациялық периодына сәйкес келеді.
Эритроцитарлық стадиямен жұқтырылған болса, паразиттердің
экзоэритроцитарлық дамуы жоқтығынан, инкубациялық периоды қысқарған түрде
болады.
Эритроцитарлы шизогония басында, плазмодиялардың көбеюі
натижесінде парзитемия ”пирогендік деңгейге” жетеді (инвазия түріне
байланысты, иммунизм тұлғалардың 1 мкм қанында 1-неше ондаған паразиттер
немесе плазмодиялар құрайтын болса). Осылар қызбаның тууына және безгектің
біріншілік көрініс фазасының басқа да, белгілерінің дамуына әкеледі.
Инкубациялық периодтың соңында түзілген тіндік мерозоидтар қанға
шығады да, эритроциттерге еніп эритроциталық шизогонияның дамуына бастама
береді. Эритроцитарлы шизогония ұстамасының кезектілігін, безгектің әртүрлі
формалары анықтайды - үшкүндікте 48 сағаттан кейін, тропикалық, овале,
төрткүндікте 72 сағаттан кейін. Безгектік ұстама немесе пароксизм дегеніміз-
пирогенді белоктар әсеріне алдын-ала организмді сесибилизциялаған жауап
реакциясы. Инвазияланған эритроциттер бұзылған кезде, пирогенді белоктар
босап шығады. Яғни, пирогенді комплекс факторлары адам организміне
патогенді әсер көрсеткенде, дамитын спецификалық емес жауап реакциясы.
Пирогендік факторлар комплексі - мерозоидтар, безгектік пигмент,
организмнің өзінің денатурацияланған бөлігі, безгектің токсині ыдырауы
натижесінде пайда болған бөтен белок.
Бірақ плазмодиялардың спецификалық ерекшелігі белгілі бір
қоздырғышпен шақырылған аурудың түрлілігін, кейбір жауап реакциясының
спецификалығын анықтауда маңызды. Безгек плазмодиясы эритоциттерде
паразиттік тіршілік етеді. Гемоглобинді ыдыратып безгектік пигмент түзеді
де, эритроцитарлық шизогония процесінде қайталамалы гемолизге негіздейді.
Нәтижесінде анемия дамиды, және безгектік пигменттердің ағзалар мен
тіндерде жиналғанын көруге болады. Анемияның даму дәрежесі паразитемия
интенсивтілігіне, өткізген пароксизмалар санына байланысты. Ауыр түрде
дамитын анемияда аутоиммундық процесстер, аутоиммундық гемолиз, әсіресе
тропикалық безгекте маңызды роль атқарады. Сонымен қатар, клеткалық
мембрана өткізгіштігінің бұзылғанын және гормональды тепе-теңдік, бауыр,
бүйрек функцияларының бұзылғанын және басқа да, өзгерістер байқалады.
Осылар тропикалық безгектің ауыр формасында кездесетін, спецификалық емес
патологиялық реакцияның тізбегі. Тропикалық безгек көбіне науқастың
өміріне қауыпты, ауыр формасында өтуі мүмкін (безгектік кома, жедел бүйрек
жетіспеушілігі, ИТШ). Бұл Р. falcifarum-ның кейбір ерекшелігіне,көбіне ішкі
органдарды, мидың да капиллярларында да паразиттердің дамуы жүреді және
бұзылған эритроциттердің және паразиттердің жиналуына әкеледі. Р.
falcifarum интенсивті түрде көбейеді және азғана уақыт ішінде жоғары
паразитемиялық деңгейге жете алу қабілеті бар. Осылай жылдам көбею
себептерінің бірі – эритроцитерді зақымдағанда таңдамалық жоқтығынан? Р.
falcifarum ретикулоцитерді қалай зақымдаса, солай жетілген эритроциттерді
де зақымдайды. Ал Р. vіvах болса- тек ретикулоциттерді.
Мидың және басқа да ағзалардың капиллярларында өте жоғар деңгеде
парзитемия және өте жоғары мөлшерде бұзылған эритроциттер жиналып қалса,
қан ұю жүйесінде өзгерістер болса- бас миының ісінуі, кеіннен жедел бүйрек
жетіспеушілігіне әкелетін бүйрек каналдараның некрозы, бауыр клеткаларының
некрозы, бүйрек безі жетіспеушілігі және басқа да бұзылыстар дамиды.
Иммунитет. Безгекке қабылдаушылық жалпылама жоғарыда айтып
кеткендей, толық немесе бөліктік туа пайда болған қабылдамаушылық
(қоздырғыштардың кейбір түрлеріне)тұрғындар популяциясында бар.
Безгектің эндемиялық аудандарында тұрған немесе нәрестелерге
берілген пассивті иммунитетпен алғашқы айларда ауырмайды. Иммунды
тұрғындарда безгек жеңіл формада өтеді. Бірақ безгек паразиттердің әлсіз
иммуногенділігі нәтижесінде, әсіресе Р. falcifarum- мен жиі реинфекция түсу
керек (7 жыл бойы ). Себебі жеткілікті иммунитет тұзілуі үшін. Қайталап
кезекті жұқтыру тоқталса иммунитеттің біртіндеп сөнуіне әкеледі. Сондықтан
безгек ауруы кездеспейтін жерлерде 1-неше жыл тұрып, келгеннен кейін және
иммунитеті жарамды эндемияның ошаққа оралғаннан кейінгі безгек ауыр түрде
өтеді, әсіресе тропикалық.
Клиникалық көрінісі. Безгек қоздырғыштарының 4 түріне сәйкес
аурудың 4 формасын ажыратады: 3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
Ревматизм
Халықтың басым топтары үшін медициналық және әлеуметтік қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету
Паразиттік жұқпалар кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері
Ауру ағымы және клиникалық белгілері
Ауру ашатұяқтыларға тән
Қызыл таспа
Қой туляримиясы
Аурудың түріне және сатысына байланысты паразиттердің морфологиясын зерттеу әдістері
Туляремияның
Пәндер