Ботулизмнің жасырын кезеңі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Дәрістің тақырыбы: "Ботулизм"
Дәрістің жоспары:

- Анықтамасы;
- Тақырыптың өзектігі;
- Тарихи деректер;
- Этиологиясы;
- Эпилемиологиясы;
- Патогенезі және паталогоанатомиясы;
- Клиникалық көрінісі:
- Днагностикасы және салыстырмалы диагностикасы;
- Емдеуі;
- Профилактикасы;
Анықтамасы. Ботулизм (аллантиазис, ихтиизм) - өзінің қоздырғышы және
құрамында протеиндік нейротоксин (Clostridium botulinum) бар, тағамдық
өнімді қолдану нәтижесінде пайда болатын жедел токсико-инфекциялық ауру. Ол
көбіне орталық және вегетативтік жүйке жүйесінің зақымдалуы мен организмнің
улануымен сипатталады.
Тақырыптың өзектігі. Барлық елдердегідей, Қазақстанда да ботулизммен
аурудың басым көпшілігі (89%) үйде дайындалатын тағам өнімдерін
(маринадталған саңырауқұлақтар, көкөніс консервілері, үйде дайындалған
балықтар т.б.) пайдалануымен байланысты. Ботулизмнін клиникалық және
эпидемиологиялық мәні аурудың ауырлығымен, жоғары летальдігімен ( 15-25%)
және тағам өнімдерін үй жағдайында консервілеу масштабының өсуімен
анықталады.
Ботулизм клиникалық көрінісінің айқындылыгына қарамастан, жиі өз уақытында
диагностикаланбайды. Ботулизмен ауыратын науқастарға диагноз қоюда
жіберілген қателіктер мен емді кеш бастау кей жағдайларда қолайсыз нәтижеге
әкеледі.
Тарихи мәліметтер. Қанды шұжық қолдануына байланысты ауру Византияда ІХ-Хғғ-
ақ белгілі болған. Шұжықтан улануды Германияда 1815ж, Кернер анықтаған. Осы
уакыттан бері бұл сырқат "ботулизм11 және "аллантиазис"- деген атау алды
(латынша-botulinum-шұжы) . Ресейде 1818ж тағам ретінде тұздалған балықты
қолданғаннан кейін паралитикалық (салданулык) ауру дамыған болатын және ол
ихтиизм атауын аллы. Бірақ ихтиизм термині аса көп қолданылмады және бүкіл
әлемде тек ботулизм термині қолданылады.
Этиологиясы. Clostridium botulinum- анаэробты грамм оң таяқша, ыстыққа
төзімді спор түзеді, көбеюінде ең күшті әйгілі биологиялық у бөледі.
Антигендік құрылымы бойынша токсиннін 7 түрін ажыратады А. В. С. Д. Е. Ғ,
С, Соның ішінде адамға зиянды төртеуі ғана - А. В. Е. К Өсуі мен токсин
түзуінің оптимальлі температурасы 28-35°С . Қоздырғыштың вегетативті
түрлері қайнатқаннан кейін 2-5 минутта жойылалы. Ал споралы
түрлері 1,5 сағ. қайнатқанда сақталып, автоклавирование жасағаннан кейін
жойылады.
Эпидемиологиясы. Ботулизм кезінде қоздырғыштың негізгі резервуарлары:
а) жылықандылық жануарлар ( көбінесе шөп қоректілер)
б) салкынқандылық (балықтар, шаян тәрізділер, моллюскалар)
в) сыртқы орта ( жер қыртысы, көлдердің, теңіздердің лайы)
жұғу жолдары: а) негізінде- алиментарлы, инфицирленген тағамдық азықтар
арқылы, қайсысында токсин дамыған (етті , балықты, көкөніс консервілері,
консервіленген саңырауқұлақтар, сан ет (окорок), тұздалған және қақталған
балық).
б) жарақаттануда ботулизм болуы мүмкін.
is) емшек балалардағыботулизм- емшектегі баланың асқазан ішек жолына
қоздырғыштың споралары түскенде.
Ботулизмнің патогенезі. Тағамдық ботулизмнің даму механизмі:
1. Ботулотоксиннің асқазан-ішек жолына түсуі (асқазан-
ішек құбылыстары);
2. Токсиннің қанға сорылуы (интоксикация) жүйке
құрылымен байланысты;
3. Токсиннің іріктеу әсер етуі жұлынның алдыңғы мүйіздерінің
үлкен мотонейрондарының функционалды-белсенділігіне және үйлестік олардың
клеткаларына шеткері ядроларының қимылдатқыш бас сүйек-ми жүйкелерінің
(әртүрлі бұлшық еттерінің, сонын. ішінде қолайсыз кездейсок жағдайда-тыныс
мускулатурасының парездері (әлсіреуі) және параличтері (салдануы).
4. Шеткері моторлы - жүйке-бұлшық еттер приборларына әсер ету
(ацетилхолиннің өндіруін тежеу) ;
5. Токсинмен парасимпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігінің төмендеуі,
симпатикалық ықпалын ағзаларға және тіндерге рефлекторлық күшейтуі,
гиперкатехолемияның дамуы (тамырлардың зақымдануы және олардың тарылуы,
бозару, бас айналу; көздердің алдыыда "тор" және "шіркей", "АҚ"
жоғарлауы, шырышты қабыктарының құрғауы, іш қату) .
6. Гипоксияның барлық түрлерінің (гистотоксикалық, циркуляторлы,
гипоксиялык және гемиялық) дамуы;
7. Организмнен қоздырғыштың нәжіспен, токсиндер-зәрмен,
өтпен, нәжіспен бөлініп шығады.
Ботулизімнің патологиялық анатомиясы.
Терең гипоксияның белгілері: Барлық ағзаларда айқынгиперемия (қызару),
соның ішінде асқазан-ішек жолының шырышты қабығында көптеген қан
құйылулармен болуы. Ми тінінде - тромбоздар, тамырлар эпителиларының
дегенеративті-некротикалық зақымдануы. Протоплазманың вакуолизациясы,
гангенозды клеткалардың ядроларының ыдырауы клеткалардың түрлерінің
өзгеруі, өскіндердің түсуі. Қаңқалы бұлшық еттердің зақымдануы, көбінесе
кеуде сарайының. іштік қабырғасынын және қол-аяқтардың (бұлшық еттердің
"пісірілген" сияқты түрі).
Клиникалық көрінісі. Ботулизмнің 3 түрі бар: тағамдық ботулизм,
жаңа туған нәресте ботулизмі және жарақаттық ботулизм. Тағамдық ботулизм
барлық ботулизмнің 99%-ін құрайды. Тағамдық ботулизм кезінде токсиндер
пайдаланған тағамдық заттар арқылы түседі. Жарақаттық ботулизмде токсин
жарақаттанған ткань арқылы түседі. Ал жаңа туған нәресте ботулизмінде
инфекция асқазан-ішек жолында болады. Ботулизмнің жасырын кезеңі 2-4
сағаттан 2-3 күнге дейін кейде 10 күнге созылады.
Ботулизмнің симптоматикасы жедел басталады. Алғашқы кезеңде ауру 3
клииикалық вариантта дамиды: диспепсиялық бұзылыстар, көрудің бұзылуы және
тыныс алу функциясының бұзылуы. Сонымен бірге аурудың негізінде
паралитикалық гастроинтестиналды және жалпы интоксикациялық синдромдар
дамиды. 23 науқастарда ауру асқазан-ішек жолының бұзылу симптомдарынан
басталады: ауыз қуысының құрғауы, жүрек айнуы, қайталама құсыктар, іш өту,
ауамен кекіру, іштің кебуі, эпигастральды аймақтың ауру сезімі. Дене
тампературасы қалыпты және субфебрильді . 2 күннен кеін диспепсиялық
бұзылыстар өше бастайды. Іш өту іш қатумен алмасады, ішектің
перистальтикасы күшейеді. Асқазан-ішек моторикасының қозу сатысы мен өшу
сатысымен алмасады. Кейбір науқастарда ботулизм көрудің бұзылыстарымен
басталады. Көздің алдында тұман, торлар пайда болады. Науқастарда
аккомадация парезі, диплопия пайда болады. Көру қызметі бұзылуына шағым
жасаған науқастарды қарап тексергенде көз алмасының қозғалысының
шектелгенін қарашықтың үлкейгенін (мидриаз) қарашық реакциясының жарыққа
болмауын байқаймыз. Кейде бүйірлік жетулерде нистагм пайда болады,
горизантальді, корнеальді және коньюктивальді рефлекстер тежелген.
Жоғарлаған немесе төмендеген стробизм, анизокория, қабықтық птозы пайда
болады. Ауыр жағдайда толық. сыртқы және ішкі офтальмоплеги – көз алмасының
қозғалмауы және қарашық реакциясының болмауы байқалады. Көрудің бұзылысы
бірнеше күн сақталуы мүмкін. Жұтынудың бұзылысы да көрудің бұзылысы сияқты
ерте пайда болатын симптом. Жеңіл жағдайларда тамағында бір нәрсе тұрғандай
сезім болады және қатты, құрғақ тағамдарды жегенде жұтынудың қиындауы
байқалады. Ауру әрі қарай өршігенде жұмсақ және сұйық тағамдарды жұту
қиындайды.
Ботулизмнің ауыр түрлерінде жұтынудың толығымен болмауы байқалады. Кеңірдек
асты мен жұмсақ таңдайдың парезі арқасында жұтылған сұйықтық трахеяға
біртіндеп түсіп, жыбырлатып, жарты бөлігі мұрын арқылы төгіле бастайды.
Саливацияның бұзылыстарына тән: ауыздың шырышты қабатының құрғақтығы және
гиперемиясы, жұмсақ таңдайдың қозғалғыштығының шектелуі, жұтыну рефлексінің
төмендеуі сияқты өзгерістер болады. Дауыс қарлыққан және түсініксіз болып
шығады. Афония, анартрия пайда болады. Екінші, үшінші тәулікте интоксикация
симптомдары күшейе бастайды: бас ауруы, бас айналу, бұлшық еттердің
әлсіздігі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тағам статусы бойынша тамақтану адекваттылығын бағалау
Жіті ішек инфекцияларының алдын алу
Еттің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы
Ботулизмді балау, сақтандыру шаралары
Ботулизм жайлы
Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау індеттанудың негізгі зерттеу
Сақау қоздырушысының зардаптылық қасиетін анықтау
«Ботулизм ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Ботулизм
Ботулизм ауруы туралы толықтай мәліметтерді қамту
Пәндер