ДӘРІ - ДӘРМЕК ЗАТТАРДЫ ЕНГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

ДӘРІ-ДӘРМЕК ЗАТТАРДЫ ЕНГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ 3
Дәрі-дәрмек заттарды сыртқы тәсілмен енгізу 3
Дәрі-дәрмек заттарын ішкі (энтеральды) тәсілмен енгізу 5
Дэрі-дәрмек заттарды парентеральды жіберу 7
Дәрілік заттарды тері ішіне құю. 7

ДӘРІ-ДӘРМЕК ЗАТТАРДЫ ЕНГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ

Дәрі-дәрмек заттарды енгізудің бірнеше тәсілдері бар: сыртқы тері
беті, шырышты қабық немесе тыныс жолы арқылы, Ішкі (энтеральды)- ауыз
немесе тік ішек арқылы және парентеральды — қарын-ішек жолына соқпай
қабылдау.

Дәрі-дәрмек заттарды сыртқы тәсілмен енгізу

Дәрі-дәрмек заттарын сыртқы қолдану олардың белгілі бір жеріне эсер
етуге негізделген. Зақымданбаған терінің сіңіру қабілеті өте төмен заттарды
тек май бездерінің шығару өзектері, май-ерігіш және шаш филликулдары арқылы
сіңіреді. Дәрі жағу таза тepire таза аспаптармен және мұқият жуылған қолмен
жүргізіледі. Жағатын майды негізінен тері ауруларына қолданады.
Зарарсызданған қалақшамен жағатын мазды екіге бүктелген зарарсызданған
салфеткаға жағады да, ауыратын жерге салады. Салфетканың үстіне шағын түрде
қабаттап мақта төсейді. Егер май компресі кажет болса, онда мақтаның астына
компрестік қағаз салады да, бинттеп тастайды. Кейде тереңде жатқан тканға
сіңіру үшін майды теріге жағуға тура келеді. Ол үшін терінің сол жерін
сабындап жуып, содан соң алақанға қажетті мөлшерде май салып, ол сіңгенше
сыланады. Майды белгілі бір дене учаскесіне 30—40 минуттай мұқият жағылады.
Дененің тукті жерлеріне жағуға болмайды: егер осындай қажеттілік туса, онда
түгін қырып тастау керек.
У қ а л а п с и п а у үшін жылы дәрі-дәрмек заттың шағын мөлшерін
алақанға құяды да, алақаны құрғап, терісі қызарғанша ысқылайды. Кейде
теріге сырқат көңілін басқаға бұру ретінде йод тұнбасын жағуды қолданып
отырады. Ол үшін ағаш немесе темір стерженьге домалақтанған мақта орап,
содан кейін оны 5% спиртке жасалған иодқа батырып, теріге бірнеше рет
жағады. Майламастан бұрын шишадағы бар йодты бүлдірмеу үшін шамалы йодты
банкіге құйып алып домалақтанған мақтаны малады. Процедурадан соң қалған
йодты төгіп мақтаны лақтырып тастайды немесе жағып жібереді.
Ингаляция — дәрі-дәрмек заттарды тыныс алу жолымен ішке де.м тарту
арқылы енгізетін әдіс. Бұл принцип бойынша газдарды (оттегі, көмір,
қышқыл), тез ұшатын заттарды (эфир, хлороформ), сондай-ақ (аэрозольдар)
бүркуге арналған арнайы аппараттар құрылысына арналған (сырқат дем алатын
ерітіндісін қысылған ауа мен oттeгі ыдыратады) ұсақ бүркілетін заттарды
жатқызуға болады.
Ингаляцияны дәрі-дәрмек ингаляторының көмегімен де жасауға болады.
Ингаляция жасарда сырқат іш киімдері кірсіз болуы үшін оның кеудесіне
клеенка жабады. Сырқат бөлінген буға күймейтіндей жерге, аппарат алдына
отырғызады. Буды мұрнымен жұтып, ауыз арқылы шығару керек. Тыныс
демікпесімен ауыратын сырқаттар үшін үйде қолдануға арналған ингаляторлар
бар. Дәрі-дәрмек заттары пластмассадан жасалған түтікшеде болады, оған
резеңке баллон кигізіледі. Сырқат балонды басып, ауаның күшімен дәріні
тыныс жолдарына итереді.

Дәрі-дәрмек заттарын ішкі (энтеральды) тәсілмен енгізу

Дәрі-дәрмек енгізудің ең көп тараған, қарапайым да ыңғайлы тәсілі
оларды ішке қабылдау, яғни ішу. Ұ н т а қ дәрі, туймедақ, пилюль, тамшы
және м и к с т у р а түріндеті дәрілерді ішеді. Олардың бәрі дерлік
организмге жалпы, ал қарын-ішек жолына жиі әсер етеді. Дәріні қарын-ішек
жол тітіркендірмейтіндерінен (темір, мышьяк, йодтап) басқасын көбіне
тамақтану алдында береді, ал тітіркендіретін дәрілерді тамақтан соң
қабылданды. Ұйықтататын дәріні жарты сағат бұрын, тәбет қоздыратын дәріні
тамақтанудың алдында береді.
Бұл тәсілдің артықшылығы мұнда дәрі-дәрмек заттарды түрлі формада және
зарарсызданбаған түрде қолданылады, ал кемшілігі — дәрі қарын-ішек жолында
балу және түгелдей емес дерлік сіңіріледі, соған байланысты оның мөлшерін
дәл анықтауға болмайды. Мейір-кеіп сырқаттарға ауыз қуысы арқылы дәрі беру
және тік ішек арқылы енгізу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДӘРІ - ДӘРМЕК ЗАТТАРДЫ ЕНГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ САҚТАУ
Дәрілер жаздырып алу және сақтау. дәрі-дәрмекпен емдеу тәсілдері
Дәрілік терапияның әдістері мен тәсілдері
Дәрілік заттарды енгізу жолдары
БҰЛШЫҚ ЕТКЕ КӨК ТАМЫРҒА ПАРЕНТЕРАЛДЫ ЖОЛМЕН ДӘРІ ЕҢГІЗУ
Денсаулық сақтау (фармация) саласын стратегиялық басқару
Фармацевтік қадағалау және басқару мекемелеріндегі фармацевтік қызмет
Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медицина өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы
Дәрілік зат формалары
Жалпы рецептура
Пәндер