Жүрек, оның құрылысы мен қасиеттері, дамуы


Жоспар:
Жүрек, оның құрылысы мен қасиеттері, дамуы. 1
Жүректің қызметі мен оның жас ерекшеліктері. 6
Жүректегі электр құбылыстары. 7
Жүрек-кан тамырлар жүйесінің қызметінің реттелуі8
Пайдаланылған әдебиеттер11
Жүрек, оның құрылысы мен қасиеттері, дамуы.
Жүрек -қан айналу жүйесіндегі негізгі бөлім. Ол тоқтаусыз қызмет етіп, қан тамырларында қанның қозғалысын қамтамасыз етеді. Бір тоуліктің ішінде жүрек 5-6 мың литр қанды айдайды. Қанның тамырларда қозғалуына түрткі болатын энергия жүректің бұлшық еттерінің қызметіне байланысты өндіріледі. Бұл 200 кг жүкті 100 м биіктікке көтергенмен бірдей. Ал дене еңбегі бұл жұмысты 2 есе күшейтеді деуге болады. Айталық, 1 сағаттай ауыр жұмыс кезінде жүректен өтетін қанның мөлшері 2000-2500 л. Мұндай жұмыс жүректі қанмен күшті қамтамасыз етуді тілейді. Адамның жүрегінің салмағы 250-360г, яғни дене салмағының 1/200 бөлігіне тең, бірақ ол қан айналымындағы бүкіл қанның 1/10 болігін пайдаланады. Жүректі қанмен қамтамасыз ететін қан тамырлары жеке жүрек-қан тамырлар жүйесі.
Сәби өмірге келгеннен кейін, оның жүрегі өседі және пішіні қалыптасады.
Адамның жүрегі бұлшық еттен тұратын конус пішінді қуыс мүше . Ол салмағына, жынысына қарай бөлектенеді: ерлердің жүрегі (300 г) әйел жүрегінен (220 г) салмақтырақ. Жалпы ұзындығы - 12-14 см, ең жалпақ жері- 10-11 см. Журек оң және сол жақ бөлімдерден тұрады. Олардың әрқайсысында екі-екіден қуыстары бар: жүрекше және қарынша деп аталатын қуыстар. Жүректің оң жақ бөлігін сол жақ болігінен қалың ерекше құрылымды жүрек еттері бөліп тұрады. Қарынша мен жүрекшенің арасында сол жағында қос жаппалы және оң жағында үш жаппалы қақпақшалары (клапандары) болады. Сол жақ жүрекшеден денедегі ең үлкен қолқа тамыры, ал сол жақ жүрекшеден өкпе артериясы басталады. Жүрекшелер мен қолқа және өкпе артерияларының арасында жарты ай іспетті қақпақшалары (клапандары) бар. Жүрек қуыстарының қақпақшалары қанды тек бір бағытта ғана өткізеді: жүрекшеден қарынша куысына, одан артерия қан тамырларына қарай.
. Жүрек куыстары:
І. Денесі шынықпаған адамның жүрегі, 2. Денесі шыныққан адамның жүрегі.
.
Жүрек қуыстарындағы қысым.
А - жүрсктің оң жақ жартысы, Б - жүректің сол жақ жартысы
Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады: сыртқы -эпикард (грек. эпи - үстіңгі + кардиа - жүрек), ортаңғы -миокард (грек. миос - бүлшық ет + кардиа) және ішкі -эндокард (грек. эндон - ішкі + кардиа) . Жүректің еті -миокард- ерекше құрылымды көлденең жолақты ет ұлпаларынан тұрады. Оның калыңдығы жүректің әр жерінде әртүрлі. Ең жұқа жері жүрекшенің қабырғасында 2-3 мм, ал ең қалың жері -- сол жақ қарыншаның қабырғасының қалыңдығы бұдан 3-4 есе артық. Миокард ырғақты жиырылып және босап, қанның үздіксіз ағуын қамтамасыз етеді. Бұл жүрек еттерінің қалыпты жиырылуы. Бұдан басқа жүрек етінде ерекше талшықтар болады. Бұл ет талшықтарының өзінен-өзі автоматты жиырылуына байланысты жүректе қозу пайда болып, ол қозу қарыншадан жүрекшеге өткізіледі. Мұңдай ет талшықтары құрылысы бойынша да, физиологиялық қасиеттерімен де жүрек етінен ерекше болады. Олардың көлденең жолағы онша айқын емес, оның есебіне қозу оңай пайда болады және залалды әсерге төзімді келеді. Бұл талшықтар қозуды жүректе өткізетін болғандықтан оны жүректің өткізгіш жүйесі деп атайды. Жүректің ерекше талшықтарының жалпы мөлшері онша көп емес. Ондай ет талшықтарының шоғырларын түйіндер дейді. Мұндай түйіннің бір шоғыры оң жақ жүрекшеге жоғарғы қуыс венасы құйылатын жерде, яғни синуста орналасқан, сондықтан синоатриалдық немесе синустық-жүрекшелік түйін деп атайды. Осы түйінде жүректің жиырылу ырғағына қозғау болатын қозу импульстері туады. Бұл жүрек автоматиясының бірінші дәрежелі бөлімі. Екінші түйін оң жақ жүрекше мен қарыншаның арасындағы миокардта орналаскан. Жүректің бұл жерінде қозу жүрекшеден қарыншаға жайылады. Мұны атриовентрикулярлық немесе Ашоф-Тавар, немесе жүрекше-қарынша түйіні деп атайды. Атриовентрикулярлық түйін Гисс будасына жалғасады, ол екі талшық болып, біреуі оң, екіншісі сол жақ карыншалардың қалқасын бойлап тармақталады. Қозу жүрекше-қарынша түйінінен Гисс будасының бойымен қарыншалардың еттеріне ауысады.
Жаңа туған сәбидің жүрегі көлденең орналасқан. 1 жасқа жақындағанда отыру мен тәй-тәй басып тұруына байланысты диафрагма (көк ет) төмен түседі де, қиғашталады және жүрек сәл бұрылып, кеуде қабырғасына жүректің оң жақ қарыншасының беті жақындайды. Сөйтіп 2-3 жасқа жеткенде жүректің ұшы Ү-ші қабырғаға дейін жетеді де, 10 жаста ересек адамдардағыдай болады. Жүректің салмағы дененің жалпы массасымен салыстырғанда үлкен: 0, 63-0, 80 %, ал ересек адамда 0, 48-0, 52 %. Алғашқы жылда жүрек тез оссдІ: 8 айдың ішінде оның салмағы 2 есе артады, 3 жаста үш есе, 5 жаста төрт есе, 16 жаста 11 есе ұлғаяды. Ер балалардың жүрегінің салмағы бірінші жылда 110-127 г қыздардың жүрегінің салмағьнан 108-120 г артық. Жыныстық жетілу басталған кезде қыздардың жүрегі тезірек өсіп, ер балалардың жүрегінің салмағынан артық болады: ер балаларда - 130-134 г, қыздарда - 140-143 г, бірақ 15-16 жаста олардың жүректерінің салмағы теңеседі де кейіннен жігіттердің жүрегі салмақтырақ болады: қыздарда - 190-200 г, жігіттерде - 193-260 г. Кейіннен ер азамат пен әйелдердің жүрегінің салмағының бұл айырмашылығы сақталады.
Адам өмірінде жүректің дамуы басқа ішкі мүшелерден, әсіресе жүйке жүйесі мен қаңқаның дамуынан екі рет артта қалады. Бірінші рет, 6-7 жаста жүрек пен қан тамырларының өсуі кешігеді, ал жүректің нервпен қамтамасыз етілуі бұлшық еттердің дамуынан озады. Сондықтан бұл мезгілде балалардың дене еңбегін гигиеналық талаптарға сай мөлшерлеу аса маңызды. Екінші рет, жүрек күшінің қоры бұлшық еттер мен жүйке жүйесінің қызметімен 50 жастың мөлшерінде сәйкес келмейді. Сондықтан 50 жастан асқан адам спортпен өте белсенді шұғылданып, көп күшті қажет ететін жарыстарға қатысқанда жүрегі шыдай алмай, инфаркт болып қалған жағдайлар спорт тарихында кездеседі. Жасына лайық мөлшерленген спорт адам организміне пайдалы, бірақ әр нәрсенің шегі бар, сол шектен шықпаған жөн. Кенеттен болған қатты қайғы, үрей, күшті қуаныш адам жүрегінің қызметіне күшті әсер етеді, ондай жағдайда жүректің соғуы тоқтап қалуы да мүмкін.
Бала туып, кіндігін кескеннен кейін оның алғашқы шырылдаған дауысымен бірге жүрекшелердің арасындағы сопақша тесік пен боталл тамыры жабылып, қан үлкен және кіші қан айналыс жолдарымен айдалады. Баланың алған алғашқы демімен бірге өкпе қуыстары керіліп, сырттай кірген ауаға толады сыртқа шығарады. Боталл тамыры біртіндеп дәнекер ұлпаға айналады, ал сопақша тесік 6-8 айда, кейбір балаларда 9-11 айда жабылады.
Жүректің қызметі мен оның жас ерекшеліктері.
Жүрек еті ырғақты жиырылады: жүрек қуыстары кезекпен жиырылып, босайды, содан соң толық демалыста болады. Жүрек етінің жиырылуын систола, босауын диастола, демалуын пауза деп атайды. Жүректің бір рет жиырылып және босап, демалуын жүрек циклы деп атайды. Орта есеппен алғанда ересек адамның жүрегі 1 минөтте 70-75 рет жиырылады, яғни бүкіл цикл 0, 8 с. Жаңа туған сәбидің жүрегінің соғу жиілігі 1минөтте 120-168 рет.
Тамырлардағы қанның қысымы, жас ерекшелігі. Тірі организмде қан тамырларының бос қуысы болмайды, олар қанға толы болады немесе жиырылып тұрады. Қан капиллярларында қан болмауы мүмкін, бірақ онда қуыс орын болмайды. Үлкен қан айналыс жолының тамырларында қанның қозғалуы үшін үлкен қысым болуы тиіс. Ересек адамның сол жақ қарыншасының қалың күшті еттері жиырылып қолқаға қанды күшпен айдайды. Қарыншадан қан қолқаға айдалған сәтте қолқадағы қысым шамамен сынап бағанасымен (с. б. ) 150 мм-ге (немесе 2 м су биіктігіне) тең болады, ал иық артериясындағы ең жоғарғы қысым 120 мм болады. Жүректен айдалған қан алыстаған сайын, қан тамырлары тарамдалып, қанның қысымы азаяды: капиллярларда с. б. 40 мм-ге тең. Сөйтіп қан физикалық заң бойынша қысымы көп жерден аз жерге жылжиды. Ал ұсақ вена тамырларында қанның қысымы небары 10-4 мм. Сондықтан адам дем алғанда вена тамырлары созылады да ондағы қысым с. б. 5 мм-ден төмендейді, сөйтіп веналарда қан сорылады. Вена тамырларында қанның қайта қайтуына тамырлардың бойындағы қақпақшалар кедергі жасайды. Қан қысымы жүрек еті босаған кезде төмен болады, шамамен с. б. 70-80 мм. Қанның қысымы жүректің жағдайын білдіреді. Адамның қан қысымы с. б. 110-120/70-80 мм.
Жүректегі электр құбылыстары.
Жүректің қызметі кезінде қозғыш ұлпа ретінде электрлік белсенділік байқалады. Жүректің қызметінің электрлік белсенділігін электрокардиограф (көне грек. электрон - янтарь + кардиа - жүрек + графо -жазу) деген аспаппен жазып алады. Электрокардиограф қозу өрісіне өте сезімтал аспап. Жүрек еттерінің жұмысы кезінде пайда болатын қозуын жазып алған сызбаны электрокардиограмма (ЭКГ) деп атайды.
Электр өрісінің күші потенциал айырмашылығы пайда болған жерінен барлық жаққа таралатыны мәлім. Кеуде қуысында жүректің орналасуына сай оның электр өрісінің өсі симмметриялы емес. Сондықтан қозып тұрған жүректің потенциал айырмашылығын жазып алу үшін аспаптың электродтарын адам денесіндегі екі электр өсінің нүктелеріне орналастыру керек. Сондықтан І-ші электродты оң жоне сол қолдарға, ІІ-шісін оң қол мен сол аяққа немесе III-шісін сол қол мен сол аяққа бекітеді.
Жүректің қозуы кезіндегі потенциал айырмашылығы азғантай ғана, сол себепті аспаптың күшейткіші болады.
Адам жүрегінің электрокардиограммасы әртүрлі биіктіктегі тісше жазба. Онда 5 тісшені анық көруге болады.
Электрокардиограмма.
Жүрек-кан тамырлар жүйесінің қызметінің реттелуі
Жүректің қызметі кезеген және симпатикалық қос жүйкемен реттеледі. Кезеген жүйкесі сопақша мида басталып, жүрекке жетеді де, оның қызметін тежейді. Симпатикалық жүйкс симнатикалық мойын түйінінен шығып, жүректің еттерін нервтендіреді, оның жиырылуын және соғуын тездетеді. Симпатикалық жүйкенің тамыр тарылтатын талшығының әсерінен қан тамырлары тарылады.
Бала туғаннан бастап кезеген және симпатикалық жүйкелердің тармақтары жақсы жетілген. 2-3 жасқа дейін симпатикалық жүйкелердің жүрек тонусына әсері анық білінеді. Ал кезеген жүйке орталығының тонусы бұл кезде төмен болады.
Нәресте өсе келе, кезеген жүйкесінің жүрекке әсері күшейе түседі. Бұған бұлшық еттердің дамуының маңызды ықпалы бар. 3-4 айда нәрестенің мойыны бекіген кезде бұл жүйкенің жүрек қызметіне әсері байқала бастайды. Мысалы, нәрестенің көз алмасы, оның жүрегінің ырғағы баяулайды. 3-4 жаста баланың қозғалысы айтарлықтай көп болады, бұл кезде кезеген жүйкесінің жүрекке ықпалы күшейеді. Баланың қозғалысының дамуы нашар болғанда кезеген жүйкесінің жүрек қызметіне әсері кешігеді. 7-12 жаста бұл жүйкенің жүрекке әсері күшті болады, соның нәтижесінде жүректің соғу жиілігі азаяды.
Жүректің жиырылуының ырғағы мен күші баланың көңіл-күйіне, істеген жұмысына байланысты.
Баланың жағдайы оның қан тамырларына да әсер етеді. Қорыққанда, ашуланғанда, дене еңбегі күшейгенде қан тамырлары өзгеріп, бала не қызарады, не көгеріп бозарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz