Зәрдің физикалық қасиеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Зәр
Зәр (Uron) – биологиялық сұйықтық, бүйректен өндіріледі және зәр
жолдары жүйесі арқылы организмнен шығарылады; зат алмасудың соңғы өнімдерін
жою қызметін атқарады, артық сулар мен тұздар, және де бөгде заттарды, оның
ішінде токсикалық заттар, олар тірі организмге сырттан түседі немесе өзінде
түзіледі.
Адам оргаинзмінің тіршілік әрекетінде зәрдің маңызы бұрыннан белгілі
болған. Индияның көне ілмінде Аюрведа (Өмір мәні) былай айтады (б.з.д. ΙΧ-
ІІІ ғ.ғ.):
Зәр – ұлы тазартқыш. Ол денеден барлық таза еместерді шығарады.
Зәрдің түзілуі бүйректе жүреді. Зәрдің жеке клиникалық зерттеу мәнін
дұрыс түсіну үшін, бүйректің қалыпты физиологиясына тоқтау керек.
Зәрдің түзілуі қазіргі кезде фильтрациялы-реабсорбциялы-секреция лы
теориясымен түсіндіріледі (9 сурет).
Бұл теорияның негізгі жағдайлары келесігідей.
Шумақтың жартылай өткізгіш мембранасы арқылы қысыммен өткен қан
сүзіліп, Шумлянский-Боумен шумағының кеңістігіне түседі. Сүзгіден соң
түзілген сұйықтық біріншілік зәр деп аталады, өзінің сапалықсандық құрамы
қанға ұқсайды(қант, тұздар, сулар және т.б.), себебі формалық элементтер
менколлоидтардың(белоктар) болуына байланысты. Сұйықтың меншікті салмағы
ондағы еріген заттардың мөлшеріне байланысты, біріншілік зәрдің меншікті
салмағы белогы алынған қанның меншікті салмағына тең және 1,010 құрайды.
Біріншілік зәрдегі қышқылды және сілтілі құрамдас бөлшектердің арасындағы
байланыс қандікіне ұқсас, яғни оның pH=7,4.
Біріншілік зәр түтіктерде үлкен реадсорбциялық процеске ұшырайды,
нәтижесінде роганизмге қажетті заттар қайтып келеді (глюкоза, тұздар, сулар
және т.б.), ал зәрге қосымша кейбір заттар келіп түседі (бояғыш және
дәрілік заттар, қышқылдар, сілтілер және т.б.). Секреторлық және
реадсорбциялық процестің нәтижесінде соңғы зәр түзіледі, ол зәр жолдары
жүйесі арқылы шығарылады. Оның химиялық құрамы 10 кестеде көрсетілген.

Зәрдің сандық шамасы түрақты болмайды және тек әр
түрлі адамдарда ғана емес, бір күнде бір адамның өзінде түрленеді. Сутектік
көрсеткіш –pH- зәр реакциясын көрсетеді, сандық көрсеткішке кірмейді.
Егер адам ауру болып, дәрілік препараттарды қабылдаса, онда зәрдің
құрамы айтарлықтай өзгереді. Мысалы, поливитамин қабылдайтын адамдарда зәр
қызылдау түске айналады, ал қантпен теріс пайдаланатындарда оны зәрден
табуға болады (функционалдық глюкозурия), бірақ бұл адам қант диабетімен
ауырмайды.
Зәрдің мөлшері мен түсіне сондай-ақ жыл мезгілі де әсер етеді. Жазда
зәр қою түстеніп, мөлшері азаяды, себебі көп терлейді. Қыста зәр ашық
түсті, көп мөлшерде бөлінеді.
Зәрдің құрамына диета ғана емес, нервті-эндокриндік тепе-теңдік де
әсер етеді.Адам қобалжығанда, қозғанда организмде гормондардың өндірілуі
жоғарлаған (адреналин, кортикостериодтар, қалқанша без гормондары), зәрмен
де көп бөлінген.
Ұзақ тұрған зәр сілтілі ашуға ұшырайды (аммикты), түстің қарқындылығы
төмендейді, лайланады, қабықшамен жабылуы мумкін, түнба түседі. Зәр
реакциясы сілтілі (pH 7,0-ден жоғары), ал иісі аммиакты болады.
Зәрді зерттеу бүйрек функциясының жағдайын көрсетіп қана қоймай, адам
организмінің жүйелері мен басқа органдарының зақымы туралы талқылауға
мүмкіндік береді. Сондықтан зәрді зерттеу әрбір науқастың жалпы
тексерілуінде маңызды құрамды бөлігі болып табылады.

Зәрдің жалпы клиникалық талдауы.
Зәрдің лабораториялық зерттеуінің берілген түрі мынадай параметрлердің
анықтамасын көрсетеді:
Зәрдің физикалық қасиеті
Зәрдің химиялық қасиеті
Тұнбаның микроскопиялық зерттелуі
Мәліметтерді стандартты бланкіге қояды.
Анализді тапсырар алдында бір күн бұрынтамақ райионынан ашық түсті
тамақтарды алып тастау керек, олар зәрдің түсіне әсер етеді (сәбіз,
апельсин, қызылша және т.б.), мүмкіндігінше дәрілік препараттарды
қабылдауды тоқтату керек.
Әдетте таңғы, көбірек концентрацияланған, бірден ұйқыдан кейінгі зәрдің
порциясын жинайды.
Әйелдерге зәрді жинау алдында міндетті түрде алдын-ала дәретханада
өткізуі тиіс, ал зәр жинауды етеккір арасындағы кезеңде жүргізеді.
Әдете зерттеу бланкасында лабораторияға жеткізілген зәрдің мөлшері
көрсетіледі.Адамның бір күнде шығарған зәрдің мөлшері бір күндік диурез деп
аталады, ол қабылдаған сұйықтың жалпы мөлшері нормада 65-75% құрайды.
Сөткелік диурез жасқа және жынысқа байланысты мынадай:
-жаңа туғандар (1-2 күн) – 30-60 млкүніне,
-жасқа дейінгі балалар-400-500 млкүніне,
- 1-3 жастағы балалар – 500-600 млкүніне,
- 3-5 жастағы балалар – 600-700 млкүніне
- 5-8 жастағы балалар – 650-1000 млкүніне,
- 8-14 жастағы балалар – 800-1400 млкүніне,
- әйелдер – 600-1600 млкүніне,
- ерлер – 800-1800 млкүніне.
Үлкен адамда сөткелік зәрдің мөлшері 500 мл-ден төмен (олигурия) және
2000 мл-ден жоғарыласа (полиурия) патология болып есптеледі.
Полиурия мынадай жағдайларда болады:
-көп мөлшерде сұйық ішу,
-қант және қантсыз диабетте (4-6 лкүніне),
-ісікті, транссудатты, экссудатты сорғанда,
-нефросклерозда,
-безгек жағдайынан кейінгі сауығу кезінде.
Олигоурия мынадай кезеңдерде болады:
-жеткіліксіз мөлшердегі сұйық ішу,
-нефрозонефриттерде,
-безгек ұстау жағдайында,
-құсқанда, іш өткенде,
-токсикозда,
-жүрек-қан тамыр ауруында,
-шок жағдайында.
Анурия (зәр шығарудың толық тоқтауы) мынадай кезде болады:
-көп сұықтық жоғалту,
-бүйрек ауруының ауыр түрінде,
-менингитте,
-перитонитте,
-ауыр металдың тұздарымен уланғанда,
-зәр шығару жолдарының ісікпен немесе таспен бітелуі (ретенционды
анурия).
Жиілігі бойынша зәр шығарудың мынадай бұзылыстары белгіленеді:
-Полакирузия-жиі зәр шығару, мынадай жағдайларда бақыланады:
-көп мөлшерде сұйық ішу,
-зәр шығару жолдарының қабынуы,
-бүйрек үсті безінің аденомасы.
-Олакизурия-сирек зәр шығару, ол:
-жеткіліксіз мөлшерде сұйық ішкенде,
-нерв-рефлекторлық бұзылыс кезінде болады.

Зәрдің түсі
Қалыпты түс зәрдің концентрациясы мен реакциясына байланысты және
янтарлы-сарыдан сабанды сары түс аралығында болады. Қышқылды реакциялы,
концентрацияланған зәрдің қарқынды бояуы бар. Қалыпты боялатынзаттарға
урохром, уробилин және т.б. жатады.
Әдеттен тыс түсті зәр тамаққа ашық түсті көкөністер мен жемістерді
пайдаланғанда түзіледі (қызылша, бүлдірген, сәбіз және т.б.).
Гиперхромурия – зәр түсінің қарқындылығының жоғарлауы, шыққан
мөлшерінің төмендеуіне байланысты, ол іш өткенде, құсқанда, қалтырау
жағдайында сұйықтықты жоғалту есебінен болады.
Гипохромурия – зәр түсінің қарқындылығының төмендеуі, полиурияның әр
түрінде байқлады, әсіресе қант және қантсыз диабетте, нефросклерозда.
Зәр түсінің өзгеруі:
1. Жасыл реңті қою-сары (сыра түсіндей) - әр түрлі сары ауру кезінде
және өт пигменттерінің болуы кезінде байқалады.
2. Қызғылт-қызыл – кейбір дәрілік препараттарды қабылдағанда
(амидопирин, антипирин, сантонин, сульфанол) және карбол қышқылымен
уланғанда байқалады.
3. ет шайындысы түсті – гематурия мен гемоглобинурия кезінде
көрінеді, ол бүйректің органикалық ауруына байланысты.
4. Жасыл және көк – метилин көгін, үлкен дозада индигоны қабылдағанда
болады.
5. Сүттей ақ – липурия кезінде.
6. жасыл-сары түстен кір-қоңыр түс – пиурия кезінде байқалады.

Зәрдің тұнықтығы
Сау адам зәрін зерттеген кезде әрқашан да тұнық болады (қалыпты зәр).
Зәрдің лайлануы мынадай кезде көрінеді:
-тұздың болуы,
-клеткалық элементтердің пайда болуы,
-шырыштың болуы,
-майдың болуы.

Зәрдің меншікті салмағы (қатынасты тығыздық)
Бұл физикалық қасиет зәрдегі заттардың концентрациясын көруге мүмкіндік
береді.
Таңғы зәрдің меншікті салмағыжасқа байланысты теңселеді:
-жаңа туғандарда – 1012,
-бір жасқа дейінгі балаларда – 1002-1006,
-үлкендерде – 1008-1026.
Зәрдің меншікті салмағының жоғарлауы мынадай жағдайларда байқалады:
-сұйық ішуді шектеу,
-сұйықтық жоғалту (іш өту, құсу),
-қант диабеті,
-олигурия.
Зәрдің меншікті салмағының төмендеуі мынадай кезеңдерде байқалады:
-көп сұқйық ішу,
-бүйрек жеткіліксіздігі,
-қантсыз диабет,
-ашығу,
-полиурия.
Изостенурия – меншікті салмағымен зәрдің ұзақ уақыт бойы бөлінуі,
шығатын зәрдің көлеміне қарамастан біріншілік зәрдің меншікті салмағына
тең(1010-1011) , бүйрек зақымының ауыр жағдайларында кездеседі және жаман
болжаулы белгі болып табылады.
Гипостенурия (меншікті салмақ 1011-1016) – бүйректің зәрді
концентрациялау және айыру қабілетінің жойылуының жиі көрінуі кезінде
байқалады.
Бүйректің біріншілік зәрді концентрациялау және айыру қасиетін бағалау
үшін Зимницкий сынамасын жүргізеді.Осы кезде бір күн ішінде зәрді әрбір үш
сағат сайын жинайды және оның саны мен меншікті салмағын анықтайды.

Зәрдің реакциясы
Тұрақты түрдегі сау адамда (нормада) зәрдің pH-4,5-тен 8,4-ке дейін
тербеледі және жеген тамақтың құрамына байланысты.Сол сияқты, етті тамақты
артықтау жегенде зәр қышқылданады, ал сүт-өсімдікті диета және көп мөлшерде
сілтілі минералды суын ішкенде pH жоғалайды.
Қышқыл реакция:
-қант диабеті,
-подагра,
-қалтырау жағдайында,
-ауыр бүйрек жеткіліксіздігі.
Сілтілік реакция:
-қуықтың қабыну процесінде,
-бүйрек қабыну процесінде,
-асқазан сөл қышқылының жоғарылауы,
-құсу кезінде байқалады.

Зәрдің химиялық құрамы
Зәрдің химиялық құрамы 10 кестеде көрсетілген, тұрақты мөлшерде
болмайды, физиологиялық норма есебінде теңселеді.Бірақ бұл нормадан зәрмен
химиялық заттардың шығуы төмен не жоғары болса зәр түзілу процесінің
бұзылысын немесе басқа органдар мен жүйелерде патологияның бар болуын
көрсетеді.

Белок
Тұрақты түрдегі сау адамның зәрімен күні бойы белоктың минимальді
шамасы (25-75 мгкүніне) бөлініп отырады, ол зәрді зерттеу кезінде әдеттегі
сапалық сынамалармен анықталмайды.
Зәрдегі белокқа әдеттегі сапалық сынама кезінде көп мөлшердегі белоктың
түзілуі оң болса протеинурия деп аталады.
Бүйректік және бүйректен тыс протеинурияны ажыратады.
1.Бүйректік протеинурия:
а) физиологиялық:
-жаңа туғандарда;
б) инсульттік:
-тамақ ішкенде шикі жұмыртқа белогының көп болуы,
-көп физикалық жүктеме кезінде (марштау),
-көп психикалық жүктеме кезінде (суық портеинурия және күйгендк),
-химиялық факторлардың әсері кезінде (ауыр метал тұзымен улану);
в) ортостатикалық портеинурия;
г) органикалық бүйректік протеинурия:
-жіті және созылмалы гломерулонефрит,
-нефроздар,
-нефросклероздар,
-туа біткен бүйрек аномалиясы (бүйрек поликистозы).
2.Бүйректен тыс протеинуррия:
а) преренальді протеинурия қаралады:
-науқастағы жүректі декомпенсациялы тоқыраушылық;
б) постренальді – портеинурия бүйректі қоспалармен түзіледі, ол зәр
шығару жолдары мен жыныс мүшелерінің ауырғанда болады:
-цистопиелит,
-вульвовагинит,
-уретрит,
-зәр шығару жолдарының ісігі.
Бенс-Джонс белогы – патологиялық белоктар тобы, 45-650С
температурада тұнып, зәрде пайда болады:
-миеломды ауру,
-макроглобулинемия кезінде байқалады.

Зәрдегі қант
Зәрде тұрақты сау адамда (нормада) глюкозаның минимальді мөлшері
болады (0,02%) қарапайым сапалық сынамамен анықталмайды.Көрсетілген
мөлшерден жоғарласа, зәрдегі глюкозаны анықтаймыз.
Глюкозурия – глюкозаның зәрмен шығуы, ол сапалық сынамамен анықталады.
Глюкозурия қасиетіне байланысты:
1. Инсулярлық (панреатогенді) :
-қант диабеті,
-жті панкреати,
-ұзақ ашығу.
2. Экстраинсулярлық (п. емес):
-алиментерлы-көп мөлшерде көмірсу қабылдағаннан кейін, 30-60 минуттан
соң көрінуі мүмкін, бірақ 2-4 сағаттан соң жоғалып кетеді;
-центрельді генез:
-бас ми сүйегінің зақымы,
-бас миының ісігі,
-менингит,
-лихорадка,
-психикалық қозу,
-морфинмен, стрихнинмен, хлороформмен, фосформен улану,
-гормональды:
-тириотоксикоз,
-акромегалия,
-бүйрек үсті безі қыртысының игперплазиясы,
-Иценко-Кушинг синдромы,
-ренальды глюкозурия:
-бүйрек диабеті.
Зәрдегі глюкозаның санын анықтағанда бір күндік зәрдің барлығын жинау
керек: таңғы алтыда түнгі зәр порциясын жіберіп, күні бойы барлық зәрді бір
ыдысқа жинайды. Сосын бір күндік зәрдің жалпы мөлшерін анықтайды, бір
күндегі глюкозаның абсолютті анықтамасын білу үшін. Сосын зәрді жақсылап
араластырып, клиникалық талдауға 200 мл құяды.

Зәрдегі ацетон (кетонды дене)
Зәрмен бірге бөлінетін кетонды денелерге ацетон, ацетон-сірке қышқылы
және бета-оксимай қышқылы жатады.
Сау адамда зәрмен бірге күніне кетонды дененің минимальды мөлшері (20-
50 гкүніне) бөлінеді, қарапайым сапалық сынамада анықталмайды.
Кетонурия – зәрмен кетонды денешіктердің көп бөлінуі, кездеседі:
-қант диабетінің ауыр жағдайларында,
-кетонемикалық жағдайларда:
-ұзақ ашығу,
-күшті қозу,
-күшті шаршау,
-гиперинсулизм,
-тиреотоксикоз,
-гликогенді аурудың бауырлық формасында,
-акромегалия.

Өт пигменттері
Сау адамдардың зәрінде (нормада) өт пигменттері (билирубин) болмайды.
Билирубинурия – зәрдегі тікелей билирубиннің пайда болуы мынадай
жағдайда:
-механикалық сары ауруда (тұрып қалған),
-паренхиматозды сары ауруда байқалады.
Уробилинді дене (уробилин, уробилиноген) билирубин өндірушілері болып
табылады және сау адам зәрінде минимальды мөлшерде 6 мгкүніне кездеседі.
Урубилиногенурия (Нейбауер сынамасында оң):
-бауыр паренхимасының зақымы,
-гепатоз,
-цирроз,
-улану және т.б.,
-гемолитикалық жағдай,
-ішек аурулары:
-энтероколиттер,
-іш қату,
-ішектің түйілуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несеп жүйесін зерттеу.
Несепті зерттеудің диагностикалық маңызы
«Физиология» пәнінің оқу - әдістемелік кешені
Орталық жүйке жүйесін қоздыратын дәрілік заттар
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Гемодиализ
Жүректің ишемиялық ауруы, тұрақсыз стенокардия ауру тарихы
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің жалпы сұрақтары
Қан жүйесінің физиологиясы
Нефросклероз
Несепті зерттеудің диагностикалық маңызы жайлы
Пәндер