Иммунитеттің жас ерекшеліктері


Иммундық жүйе, оның қорғаныс қамалдары
Қан құю және қан топтары
ЖОСПАР
Иммунитеттің жас ерекшеліктері2
Қан құю және иммунитет3
Әдебиет8
Иммунитеттің жас ерекшеліктері
Қазіргі кезде ана құрсағындағы ұрықтың қанында антигендер болмайтыны анықталды. Ұрық плацентасының қорғаныс қабілетіне байланысты оның денесінде ешқандай антиденелер өндірілмейді, бірақ анасының қанындағы антигендерді плацента ұрыққа өткізбейді. Ал бала туған сәттен бастап сыртқы ортадағы көптеген микроорганизмдерге қарсы тұру қабілеті дами бастайды. Бірақ алғашқы 3 айдың ішінде бала организмі анасынан алған антиденелердің әсерінен ауруға төзімді болады. Алғашқы кезде сәбидің денесінде антиденелер аз өндіріледі, өйткені ондай атиденелер ана сүтінің құрамында болады. Баланың иммундық қабілеттері күшті дамитын кез 1 жастан 10 жасқа дейін, онан әрі 20 жасқа дейін иммундық қорғанысы біршама төмендейді де 20 жастан 40 жасқа дейін тұрақталады, ал 40 жастан аса біртіндеп нашарлай бастайды. Әсіресе жыныс мүшелерінің қызметі әлсіреген кезде иммундық қабілет төмен болады.
Балалар мен жас өспірімдердің ауруларының алдын алуда арнайы екпелердің маңызы зор:
1. Туберкулезге (көксауға) қарсы бірінші екпе 5-7 күндері жасалады да, 7, 12, 17 жаста қайталанады.
2. Полиомиелитке қарсы бірінші екпе 2 айда жасалып, 1, 2, 3, 7, 15-16 жаста қайталанады.
3. Дифтерия (күл) мен көкжөтелге (коклюш) қарсы бірінші екпе 5-6 айда, 2-3 және 6 жаста қайталанады.
4. Шешекке қарсы бірінші екпе 1-1, 5 жаста, 8 және 15 жаста қайталанады. Бірақ соңғы кездерде бұл аурудың толық жойылуына байланысты қазір ешқандай екпені жасамайды.
5. Қызылшаға қарсы 10 айдан бастап 8 жасқа дейін бір рет қана егіледі.
Осы мәліметтерді тұжырымдай келе, оқу мен дене еңбегі қанға белгілі шамада әсер етеді. Ол әсерлер еңбектің ұзақтығына байланысты деп айтуға болады. Яғни гигиеналық талаптарға сай оқу мен дене шынықтыруды ұйымдастыру арқылы балалар мен жастардың организміне ауыртпальгқ түсірмей, денсаулығын сақтауға болады.
Қан құю және иммунитет
Қан құюдың қажеттілігі және қан топтарының негізі. Адам жараланып, денесінен қанның жартысына жуығы аққанда әлсіреп, тірлігінен айырылады. Мұндай жағдайда бір кісінің қанын екінші адамға құйып, жарақаттанған адамды аман алып қалуға болады. Бірақ адамдардың қанының құрамы бір-біріне сәйкес келмесе, қан құйылған кісі өліп те кетуі мүмкін. Сондықтан донордың (қан беруші адам) қанын реципиентке (қан қүйылатын кісі) құяр кезде алдымен олардың қандарының сәйкестігін тексереді.
Қанның құрамындағы эритроциттерде екі түрлі агглютиноген деп аталған зат бар: А және В агглютиногендер. Қанның плазмасында бұлармен кездескенде қанды ұйытып тастайтын α және β агглютининдер болады. Егер агглютиноген А агглютииин альфамен (α) немесе агглютиноген В агглютинин бетамен (β) кездессе, қанның эритроциттері бір-біріне жабысып, бұзылып, қан ұйып қалады да, оттегін денеге таситын эритроциттер қызметін атқара алмай, адам өліп кету қаупінде болады. Бұл заттардың бір-бірімен қосылыс жасау мүмкіндігі 4 түрлі, соған байланысты адамдардың қанын 4 топқа бөліп АВО жүйесі деп атаған:
1. Эритроциттерінде агглютиногендер жоқ, бірақ плазмасында екі агтлютининдері (α, β) де бар кісілер. Мұндай адамдар 40%, олар І-топқа жатады;
2. Қанының эритроциттерінде агглютиноген А, плазмасында агглютинин β бар адамдар 39%, олар II-топқа жатады;
3. Эритроциттерінде агглютиноген В, плазмасында агглютинин α бар кісілер 15%, олар ІІІ-топқа жатады;
4. Эритроциттерінде агглютиноген А және В бар, плазмасында агглютининдер жоқ кісілер 6%, олар IV-топқа жатады.
Осы агглютиногендер мен агтлютининдердің бір-бірімен кездеспеуін көздеп, донор мен реципиенттің қандарын тексереді.
11-ші кесте
α және β
β
α
Жоқ
Жоқ
А
В
А және В
О
А
В
АВ
I
II
III
IV
Барлық топқа IV және II топқа IV және III топқа
IV топқа ғана
АВО жүйесінен басқа түрлі адамдар топтарында кездесетін қанның қорғаныс жүйелері бар екені анықталды. Соның ішінде алғаш рет макака-резус маймылдарының қанынан табылған резус-фактор деп аталған заттың маңызы күшті. Бұл зат адамдардың 85%-ында бар, ал 15%-ында жоқ. Резус-факторы бар адамдарды оң-резусты (Rh+), жоқ адамдарды сол-резусты (Rh -) деп атайды. Егер Rh - кісіге Rh + адамның қанын құйса, ол реципиентте сол факторға қарсы антидене пайда болады. Ал екінші рет сондай қан құйылса, бұрын пайда болған арнайы агглютиногендер эритроциттерді бір-біріне жабыстырып, қызметін тоқтатады да, адамның өміріне қауіп төнеді. Осы резус-факторға байланысты Rh - жүкті әйелдердің ұрығына Rh + әкесінің факторы тұқым қуалап ауысқанда жүкті әйелдің қанында ұрықтың факторына қарсы антидене пайда болып, түсік түседі. Сондықтан жүкті әйелдердің қанында бүл фактор болмаса, оның күйеуінің қанының факторын тексереді де, ол Rh+ болса, түсік болмаудың қамын ойлап, арнайы емдейді.
Сонымен, қанды құю үшін реципиенттің қанының АВО және Rh -факторын міндетті түрде тексеру қажет.
Иммунитет және оның түрлері. Иммунитет (лат. иммунитас - бірдеңеден бос болу) адамның жұқпалы ауруларға қарсы түру қабілеті. Бүл - адам организмінің өте күрделі, көптеген морфологиялық және физиологиялық қасиеттерге байланысты қалпы. Ертеректе кейбір аурулармен ауырған адамға сол аурудың жұқпайтыны белгілі болған (мысалы, қызылша, шешек, сүзек т. б. ) . Бұл тұжырымды ғылыми тұрғыдан ХVШ-ХІХ ғасырлардағы ғалымдар Э. Дженнер, Л. Пастер, И. М, Мечников, т. б. ашқан.
Әсіресе иммунитеттің фагоцитарлық қағидасының маңызы үлкен. И. И. Мечников 1886 ж. жануарлар организмінің кейбір клеткалары - фагоциттер - денеге енген бөтен заттардың бөлшектерін іліп ұстап алып, қорытып, бойына сіңіретінін байқаған. Адам денесінде мұндай фагоцитарлық қабілет лейкоциттерде, әсіресе нейтрофилдерде бар. Лейкоциттер адам денесінің сақшысы іспетті, бөтен зат денеге енісімен қан тамырынан шығып, жалған аяқтары арқылы бөтен заттың шоғырланған жеріне жылдам барады да оны қоршап алып, протоплазмасының ішіне тартып, арнайы ферменттер арқылы ыдыратып немесе бір-біріне жабыстырып бөтен заттың залалының алдын алады. Мұндайда кейбір лейкоциттердің қозғалыс жылдамдығы шамамен сағатына 2 мм-ге тең. Бөтен заттың жиналған жерін лейкоциттер сол затпен бірге денеге енген микроорганизмдердің өсіп, өніп улы заттарды шығарып, дене ұлпасын қабындыруынан анықтайды. Бұл күресте лейкоциттер өздері өліп, қажетсіз қалдықтармен бірге денеден шығады.
Қанның құрамында қорғану қызметін атқаратын басқа да маңызды заттар бар. Бүларға антиденелер мен антитоксиндер жатады. Антиденелер қанда болатын белок заттары - иммундық глобулиндер денеге кірген басқа бөтен заттардың әсерінен пайда болады. Ол заттарға бактериялар, вирустар, басқа тек белокты заттар жатады. Оларды антигендер деп аталды (грек. анти-қарсы + генос-тек) . Антитоксиндер - уланған кезде организмде пайда болатын усыздандырушы заттар (грек анти + лат. токсинум - у, улы зат) . Антиденелер, антитоксиндер мен антигендер - өте өзгеше үйлесімді заттар, яғни әр антигеннің немесе токсиннің өзіне ғана үйлесетін антиденелері мен антитоксиндері болады. Олар бір-біріне кілттің құлыпқа сай келетіні іспетті. Антиденелер ауру тудыратын микроорганизмдерді бір-біріне жабыстырып, енді біреулерін ерітіп жібереді. Денеге бөтен заттар, айталық шешек вирустары енісімен организм сол вирустарға қарсы антидене түзеді. Олар вирустармен күресіп, организмді қайталап аурудан сақтап қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz