Нәрлендірудің созылмалы бұзылыстары – дистрофия


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Балалардағы нәрлендірудің созылмалы бұзылыстары немесе белоктық-калориялық жетіспеушілік.

Нәрлендірудің созылмалы бұзылыстары - дистрофия (грекше dys-бұзылыс, trophe-нәрлеу) - нәрлену және тіндер трофикасының созылмалы бұзылысы.

Сәбилерде оның екі түрін ажыратады: артық нәрлену - толықтық, семіздік және жеткіліксіз нәрлену немесе белоктық-калориялық жетіспеушілік.

Халықаралық жіктелуде І және ІІ дәрежелі гипотрофия БКЖ-ның І және ІІ жәрежесі делінеді, ал ІІІ дәрежесі алиментарлық маразм немесе Квашиоркор деп аталады. Дене салмағының, бойының, психомоторлы дамуының артта қалуыымен және иммундық толеранттылықтың төмендеуімен жүретін организмдегі созылмалы бұзылуы.

Жіктелуі: І. Пайда болу себебіне байланысты 2-ге бөлінеді:

  1. туа пайда болған
  2. жүре пайда болған: экзогенді және эндогенді себептер.

ІІ. Ауырлық дәрежесіне байланысты 3-ке бөлінеді:

І, ІІ, ІІІ дәреже.

ІІІ. Пайда болу мерзіміне байланысты:

Пренатальды, постнатальды, аралас.

Туа пайда болған БКЖ себептері:

  1. Анасының жүктілік кезінде дұрыс және толық емес тамақтануы;
  2. Анасының конституциялық және басқа да ерекшеліктері (жасына байланысты, туыстық неке), жүкті әйелдердің токсикозы, плацентаның жетіспеушілігі, жатырішілік созылмалы гипоксия;
  3. Жатыр ішілік инфекциялар;
  4. Геналдық және хромосомдық мутациялар.

Экзогенді себептер:

  1. Алиментарлдық - тамақ берудің сапалық, сандық жетіспеушілігі. Сапалық - бір жақты тамақтану, ана сүтінің аз болғандығы, белок-май тапшылығы. Сандық - гипогалактия, баланың өзінде асқорыту. Жүйелерінің ақауларында-пилоростеноз: ерін, таңдай жырығы, туа пайда болған жүрек ақауы.
  2. Инфекциялық - сепсис, ішек инфекциялары, зәр жолдарының инфекциялары, құрсақ ішіндегі инфекциялар, ас қорыту жолдарының инфекциялық бұзылыстары.
  3. Күтімнің нашарлығы, күн тәртібін дұрыс сақтамау, күтімнің, тәрбиенің жеткіліксіздігі.

Эндогенді себептер:

  1. Орталық нерв жүйесінің ақаулары, невроздар салдары, нейроэндокриндік ауытқулар.
  2. Асқазан ішек жолдарының туа пайда болған ақаулары, қатты таңдай, ерін жырығы.
  3. мальабсорбция синдромы - дисахаридазалық жетіспеушілік, муковисцидоз, қысқа ішек синдромы, ішек инфекциялары.
  4. Иммунды тапшылық.
  5. Эндокринді аурулар (қант диабет т. б. ) .

Патогенезі - күрделі себебі шақыратын факторлар көп. Орталық жүйке жүйесінің реттеуші функцияларының жетілмеуіне, ішкі ағзалардың, соның ішінде ас қорытудың қызметінің бұзылысына, баланың тамаққа толеранттылығының төмендеуіне байланысты. Жасына сай тамақтануын көтере алмайды, қажетті заттар сіңбейді. Баланың тамаққа қажеттілігі жоғары болғанымен, тамақтың қорытылуы қиындайды. Тамаққа төзімділігінің төмендеуінен ішек диспенциясы және ішектің моторикасының бұзылуы пайда болады. Күтімнің нашарлығы тамақ қабылдау мерзімінің бұзылуына, ал сапасыз тамақтану ми қыртысының қозғыштығының төмендеуіне және шартты, шартсыз рефлекстердің жоғалуына себеп болады. Ашығу кезінде бала жылуды сақтау үшін және ағзадағы тіршілікке маңызы бар үрдістерді қамтамасыз ету үшін өзінің белок, май, көмірсу қорын жұмсайды. Алғашқы кезде ағзалардағы, бұлшықеттегі, тері асты шел қабатындағы май мен гликоген қорын пайдаланады. БКЖ жеңіл түрінде көмірсу арқасында энергетикалық жетіспеушілігін өтейді, қоры таусылады, қанда қант деңгейі көбейеді. Ауыр түрінде организмдегі эндогенді белоктар энергия түзу үшін ыдыратылады, зат алмасу үрдістері өзгереді. Иммунитет төмендейді, әр түрлі инфекциялар жиі дамиды. Оған қоса су-тұз алмасу процестері өзгереді, гипонатриемия, гипоцинкемия, гипокальциемия дамиды.

Ұйқы безінің (амилоза, липоза белсенділігі төмендейді) бауырдың (белок-синтетикалық, көмірсу, май т. б. ), жүректің (жүрек тондары әлсіз, брадикардия, қан айдау жылдамдығы баяулайды) .

Клиникалық көрінісі. БКЖ І дәрежесінде дененің барлық жерінде ең алдымен іште теріастының шел қабаты азаяды. Цулицкаяның индексі 10-15-ке тең. Май қабаты болбыр, тіндер тургоры мен бұлшықет тонусы төмен. Тері мен шырышты қабаттың шамалы болғандығы, терінің серпілділігі эластикалығының төмендеуі байқалады. Самағы қалыптан 11-20%-ға азаяды, бойы қалыпты. Баланың жалпы көңіл-күйі қанағаттанарлық, псиихомоторлық дамуы жасына сай, бірақ ашушаң, мазасыз, тез шаршағыш, ұйқысы бұзылады. Ішкі ағзаларда ешқандай өзгерістер болмайды. Диспротеинемия және асқорыту ферменттерінің деңгейі төмендеген лоқсуға, құсып жіберуге бейім.

БКЖ ІІ дәрежесі. Шел қабаты кейде кеудеден жоғалып, аяқ-қолында өте азаяды, тек бетінде ғана сақталады. Чулицкая индексі 0-10. терісі бозғылт, құрғақ, оңай қыртыстанады, санның ішкі жағындағы терінің көлденең қыртысы жойылады, санның ұзына бойына жаңадан балбыр қыртыстар пайда болып, қанталанып тұрады. полигиповитаминз көріністері болады ) тері түлеуі мен тері қыртыстарынң гиперпигментациясы, тырнақ пен шаштың сынғыштығы, шырышты қабаттың қызаруы, езу жаралары) . Бұлшықеттер тонусының азаюы іштің үлкейуіне әкеледі. Ауру балада меошелдің белсенді түрі бұлшықеттер гипотониясымен, остеопорозбен, остеомаляция және гипоплазия симптомдарымен(краниотабес, үлкен еңбек жұмсақтығы, Гаррисон сайлары, тіс жаруының кешеуілдеуі, лордоз, кифоз, сколиоз) көрінеді. Салмақ қалыпқа қарағанда 20-30%-ға кем (боймен салыстырғанда), бой өсуінде де қалыстық болады. Тәбеті төме. Тағамға толеранттық төмен. Әлсіз, тіртіркендіргіш, мазасыз, жылауық, әрі бос, төңірекке зейіні немқұрайлы. Бет әлпеті үлкендерге ұқсас, ұйқысы тынышсыз. Психомоторлық дамуы өз қатарындағы балалардан қалып отырады. Дене қызуының реттелуі бұзылғандықтан сыртқы температурасынң әсеріне сәйкес тез ысынып, тез суынады. Дене қызуының күн бойы ауытқуы 1 градустан асады. Жүрек тондары әлсіз, тахипное, қатты тыныс, тахикардия, гипотония және бауырдың үлкейгендігі байқалады. Балаларды күштеп тамақтандырғанда құсу, кейдк іш қату байқалады. Қан жағынан да өзгерістер болады: гипохромды анемия, гипо- және диспротенемия, балалардыі көбінде отит, пневмония, пиелонефрит және басқа да инфекциялық аурулар кездеседі.

БКЖ баланың үлкен дәреті тұрақсыз: іш қату мен диспепсия бұзылыстары болады. Ішек жұмысының төмендегі бұзылыстары орын алуы мүмкін.

“Ұнтақты” нәжіс көмірсулар аса көп берілгенде көрінеді: сұйық реакциясы қышқыл, түсі сары-жасыл; құрамында жалқық болып, ал йодпен оң реакция береді (бұзыфлмаған крахмал болғанда ақшыл көк, эритродекстриндерде - қызыл, целлюлоза болса - қышқыл түске боялады) . Микроскопияда клеткадан тыс крахмал, бейтарап май мен май қышқылдары көп. Іру құбылысының басымдығына байланысты копрограммада жалқық лейкоциттер пайда болады.

“Белокты” нәжіс ауру рационында белок, мәселен, таза сиыр сүті, сүзбе көп болғанда көрінеді. Ішекте шіру құбылысы басым, осыдан қышқыл әсеріне ішектің тітіркенуі жойылып, жұмысы баяулайды, осыған байланысты ішек ішіндегінің бәрі, су да түгелге жақын сорылады. Дәрет мөлшері аз, қатты, құрғақ, сұрғылт-балшық түстес (билирубиннің байланысты), иісі жағымсыз, реакциясы сілтілі, кей балалардың дәреті жиілегенде жасыл түсті болады, құрамында жалқық, ақ түйіршіктер кездеседі. Ақ түйіршіктер негізінде әк және магнезий тұздарынан тұрады (сабынды-әк нәжіс) . Микроскопта детрит, май қышқылдарының тұздары көп те, бейтарап май аз - бұл көмірсулар мен май қышқылдарынң жетіспеушілігінен.

“Аш” нәжіс өте аз мөлшерде, құақ, түссіз иісі аса ұнамсыз (сасық) . Зәр аммиак иісті. Аш нәжіс жылдам диспенсиялық түрге ауысады: түсі жасыл, жалқық, лейкоциттер, клеткадан тыс крахмал, май қышқылдары, бейтарап май, кейде ет талшықтары да көптеп кездеседі. Бұларға қоса диспенсиялық құбылыс ішек таяқшаларының жоғарғы бөлігіне көтеріліп, оның моторикасын тездетуі немесе дертті штамдарымен инфекцияға ұшыратуы не дисбактериозға соқтыруы мүмкін.

БКЖ ІІІ дәрежесі. (алиментарлық моразм) өте арықтаудың көрінісімен сипатталады: баланың сыртқы тұрқы терімен ораған қаңқаға ұқсайды. Терінің шел қабаты барлық жерден де жоғалады. Тері - бозғылт-сұр, құрғақ, кейде алқызыл көк, аяқ қолы салқын. Терісі жазылмайды, себебі оның серпімдігі жоғалған (әжімнің көбеюі) . Чулицкая индексі теріс. Тері мен шырышты қабаттарда А, В, С тобының гиповитаминозы көрінеді. Аузы уылып, стоматит болады, қарағанда ол-ұлкен, ерні қызғылт, езуінде жара көрінеді (“торғай аузы”) . Теріде ылғалды эритема, бұлшықеттер атрофиясы байқалады. Маңдацын әжім басады. Мұрын - ерін қаптары терең, жағы мен иігі шығыңқы, бет әлпеті қарт адамға ұқсайды.

Ішкі жалпақ, кебіңкі немесе сыртынан ішек бөліктері байқалып тұрады. Үлкен дәреті тұрақсыз: көбіне іші тоқтап, сабынды-әкті дәретпен алмасып отырады, зәр шығаруы сирек, метеоризм дамиды.

Тынысы беткейлік, тыныс шығаруы ұзарған, жүрек тондары әлсіз, брадикардия, артерия қысымы төмендеген, дене қызуы төмендеген. күрт төмендеуіне байланысты өте жиі отит және пневмония, пиелонефрит т. б. дамиды, бірақ олар ІІ дәрежесіндегідей көрінісі нашар болады. Мешелдің гипопластиклық және остеомаляциялық белгілері анықталады. Ауру күннен күнге жүдейді. Салмағы жасы мен бойына сәйкес қалыптан 30% аз, бойының өсуі де қалып отырады.

Квашиоркор - тропика елдерінің сәбилерінде кездесетін ерекше варианты. Квашиоркор термині “емшектен айырған” дегенді білдіреді.

4 синдромы бар:

  1. Тетрада Джеллифф - нерв психикалық дамуының бұзылуы, апатия, орталық жүйке жүйесінің артта қалуы, тәбеттің жоғалуы, физикалық дамудың қалуы.
  2. Ісктер - аяқ-қолда, бетінде ісіктер пайда болып, дене бітімінің толықтығы туралы жалған белгілер көрінеді.
  3. Дене дамуының артта қалуы - бойдың салмаққа қарағанда артта қалуы басым.
  4. Бұлшықет массасының азаюы атрофияға дейін семуі.

Квашиоркор кезіндегі өзгерістер: - шаш өзгерістері (ағаруы, жұмсаруы, түсуі) .

  • дерматит (теріде қара дақтар пайда болуы)
  • анорексия
  • диарея
  • анемия

бұлар жиі кездеседі.

Сирек кездесетін өзгерістер: пигментті дерматоз, гепатомегалия, экзема, геморрогиялы бөртпелер.

Диагноз қою үшін тері асты шел қабатының қалыңдығының таралуын терінің түсіне, бұлшықет тонусына, нерв психикалық дамуының артта қалуына, тамаққа тәбеттің төмендеуіне, даму себептеріне баға береді.

Емі. Емі кешенді: диеталық, ферменттік, витаминдік ем, сонымен қоса гимнастика жасау, массаж және де басқа әдістер.

І дәрежесінде емі амбулаторлы, ІІ дәрежесінде стационарлы. Анасының сүті жеткіліксіз болса донорлық немесе мына сүт қоспаларын береді: “Тутели”, “Симилак”, “Демолакт”, “Бона”, “Пилти”; соның ішінде адаптацияланған және адаптацияланбаған сүт қоспалары: “Малютка” немесе “Малыш”, “Балбөбек”, “Балдырған”, “Биолакт”, айран3, мацони және т. б.

Ана сүтінде құрам бөліктер аз болса оған қосымша ретінде, белок жетіспесе - айран, сүзбе, белокты сүт, көмірсу жетіспесе - ауыз суына қантты сироп қосады, май жетіспесе - 10-20% кілегей береді.

БКЖ кезінде дисбактериоз байқалады, емдік шаралары ретінде биологиялық активті өқосындылар беріледі: бифилин (БАҚ 1 лизоциммен), бифидобактерин лизоцинмен (БАҚ-15) және бифидобактерия (БАД-2), «биофруктолакт».

Алғашқы күндері витаминдер қабылдайды: Е, С, В 1 , ал кейін басқа витаминдеді А, РР, В 15 , В 5 , В 6 , В 12 қабылдайды. Бауырдың функционалды қызметін жақсарту үшін гепатоп-ротектор қолданады.

Белок синтезі белсенді жүру үшін никотин қышқылын немесе никотинамид, пиридоксальфосфат, кальций пантотенаты және калций пангаматын тағайындайды.

Ферменттік ем мақсатында абомин, фестал, мексаза қолданады. Егер нәжісінде нейтральды майлар және май қышқылдары көп болса, қосымша панкреотин панзинорм тағайындайды. Жаңа туған балаларға свеча ретінде мынадай дозада тағайындалады:

0, 0025 гр. күніне 2 рет, 4 күннен 14 күнге дейін.

Үлкен балаларға метацил, дибазол, 20 % карнитин хлориді ерітіндісін 1 кг салмағына 1 тамшыдан күніне 2 рет тағайындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зақым (альтерация). Дистрофия. Морфогенездік механизмдері
Патологиялық анатомия лекция кітапшасы
Сойып ашу хаттамасы. Хаттаманың кіріспе бөлімі
Ерте жастағы балаларда ас қорыту мен тамақтанудың созылмалы бұзылыстары. Дистрофия. Гипотрофия. Паратрофия
Жасуша патологиясы
Мыстың адам ағзасы үшін биологиялық маңызы
Паренхиматозды дистрофия
Мыс алмасуының бұзылыстары. Вильсон-Канавалов ауруы
Минералдар алмасуының бұзылуы
Мыстың маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz