Мемлекеттік мекемелердегі шығындар туралы жалпы түсінік


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ ШЫҒЫНДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 4
1. 1 Мемлекеттік мекемелер шығындары және олардың түрлері4
1. 2 Мемлекеттік мекемелер шығындарын қаржыландырудың мақсаттары7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ11
ҚОРЫТЫНДЫ 14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 15
Кіріспе
Шығын деген ұғымды түсіну үшін, ең алдымен оның пайда болу себептерін, табиғатын, олардың бағыттарын, мақсатын, негізгі шешетін мәселелерін, шаруашылық үрдістерінің сатыларындағы атқаратын қызметімен, рөлін анықтап алудың маңызы зор.
Алғашқы шығын, ұйымды әділет министрлігінен тіркеуге өткізуге байланысты туындап, шаруашылықтың бухгалтерлік балансында «материалдық емес активтер» бабынының құрамында «ұйымдастырылу шығындары» ретінде көрсетіліп өтетінін ескерсек, шығындардың пайда болу табиғатының шаруашылық үрдісінің жабдықтау, өндіріс, өткізу (сату) сатыларының шеңберінен кең екенін байқаймыз.
Отандық және ТМД елдерінің авторлары «шығындарды»: өндіріс шығындары (издержки) ; шығындар (затраты) ; шығыстар (расходы) деп жіктесе, Д. Энтони., Дж Рис, бұл аталғандарға төлеу (выплата) деп төртіншісін қосады. Аталған «шығындар» жіктеулеріне анықтама бере отырып, олардың өзара байланысын шектеу шеңберіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып табиғатын түсінудің қажеттігі туындайды. Шығындарға отандық байырғы авторлар профессорлар Радостовец В. К., Сатубалдин С. С., Кеулімжаев К. Қ., Дюсенбаев К. Ш., Ержанов М. С., Седахметова Ф. С., және ТМД елдерінің бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі авторлар Безруких П. С., Кондраков Н. П., Палий В. Ф., Маргулис А. Ш., Пизенгольц М. З., Варава А. П., Грииман Г. И., Немчииов П. П. және т. б.
«Өндіріске жұмсалған шығындар» өнім өндіру, жұмыс орындау және қызмет көрсету шығындарын қамтыса «Өндіріс шығындары» сату шығындарын қоса қамтиды. Бұдан туатын тұжырым алдымен өндіріске жұмсалған шығындар материалдандырып актив ретінде нақты өзіндік құны бойынша тіркеліп, дайын өнім (қызмет, жұмыс) түрінде болашақта табыс әкелу қасиетіне ие болады. Өндіріске жұмсалған шығындардың табыс әкелу қасиеті шығынның жұмсалу мақсатынан туындайды.
І. Мемлекеттік мекемелердегі шығындар туралы жалпы түсінік
1. 1 Мемлекеттік мекемелер шығындары және олардың түрлері
Мемлекеттік мекемелер шығындары - бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығындары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығындарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығындарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т. т. функцияларымен тікелей байланысты.
«Шығындар» ұғымының қос мағынасы бар:
- Ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни ақша қаражаттарын айырбас процесінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығындардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының, халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
- Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпымемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде: ақша шығыстары барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізі болып табылады.
Мемлекеттің шығындары мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттің тікелей шығындары мен өндірістік және өндірістік емес салалардың мемлекеттік кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің шығындарынан тұрады.
Шыруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (нарықтық және әкімшіл-әміршіл) және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің рөлі, оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес мемлекеттің жасайтын шығындарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп огтырады.
Мемлекеттің шығындарының құрамына мемплекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.
Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығындарының құрамына мыналар кіреді:
- өндірістік, шаруашылық - пайдалану қызметімен байланысты шығындар;
- ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі құрал-жабдықтарға және айналым капиталдарына) жұмсалатын шығындар;
- бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;
- көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.
Шығындардың бірінші тобы қорлардың (капиталдардың) ауыспалы айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып табылады және шартты түрде шығындарға жатады («шығындар» терминінің мағынасына қараңыз) . Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығындары шығыстардың екінші және үшінші топтарын қамтиды.
Басқа категориялардың арасында мемлекет шығындарының жайы мемлекеттік меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен анықталады. Мемлекеттік өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік процестердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет шығындарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін қанағаттандырады. Реформалау кезеңінде республика экономикасында мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегенімен, бірақ тіпті мемлекет иелігіне алу және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл үлес 30-40 % (табиғи ресурстарды есепке алумен) шегінде қалады, мұның өзі дамыған нарықтық қатынастарға сай келеді. Сондықтан «мемлекеттің шығындары» категориясы тұрақты экономиаклық қатынастарды қамтып көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды.
Мемлекет шығындарының басым бөлігі қоғамдық тауарды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығындарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік - мәдени мақсаттарға , қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнімі мен қызмет көрсетулеріне жұмсалатын шығындар мемлекет, сонымен бірге экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктік тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.
Мемлекет шығындарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебіне жүргізіледі. Олар сондай-ақ өнімнің өзіндік құнына кіріктірілетін амортизация сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастылыған күрделі жұмсалымдарға бағытталады.
1. 2 Мемлекеттік мекемелер шығындарын қаржыландырудың мақсаттары
Мемлекеттің шығындарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғұрлым перспективті және прогрессивті салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттің шығындарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды (кредит механизмінен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап етпейді. Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен қатар қолданылады (мысалы Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры) - бұл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырады.
Дамуды жоспарлар мен болжамалардың орындалуына қарай қардыландыру қаржы ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды экономикалық - әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде бөлуді қажет етеді.
Ресурстарды пайдалануды үнем режімін сақтау - мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың маңызды қағидаты, ол ішкі резервтерді жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдеріне мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі құнтты пайдалануға бағытталған.
Мемлекеттің шығындарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы үйлесуі болып табылады. Бұл қағидат мемлекет шығындарын ортақ қаржыландыру процесін білдіреді.
Мемлекет шығындарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны жағынан бірыңғай (бір текті) емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысанындарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осығын байланысты болады.
Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығындары экономикалық мазмұны бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:
- материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығындар;
- қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;
- мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары;
Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен байланысты.
Мемлекет шығындарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Өндірістік емес сфераға жұмсалынатын қаражаттар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, тұрғын үй және мәдени - тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет сондай - ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.
Өндірістік емес сфераның қажеттеріне жұмсалатын шығыстар тұтыну қорына түсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның тиімділігін арттыру қарқынында білініп, көрінеді. Бұған білікті кадрларды даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық өндіріс сферасының қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету есебінен қол жетеді.
Мемлекеттің шығындарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міндеті болып табылады. Қорлану қоры мен тұтыну қорының арасалмағы өзгерді: соңғы жылдары тұтыну қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан асып түседі. Тұтыну мен қорлануға пайдаланылатын ұлттық табыстағы тұтыну қорының үлес салмағы Қазақстанда 83 пайызға жуығын құрайды.
Үшінші топтың мемлекет шығындары - мемлекеттік резервтерді жасау және толықтыруға жұмсалатын шығындар өндірістік, сондай - ақ өндірістік емес сфералардың төтенше жағдайлар кезіндегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Мұндай резервтерді орталықтандырылмаған тәртіппен жасау ұтымды болмас еді. Оларды жасаудың орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салыстырмалы төмендетуге және бұл резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Мақсатты белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикаға, әлеуметтік мәдени шараларға, ғылымға, қорғаныс пен басқаруға жұмсалатын шығыстарға бөлінеді.
Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттік шығындар экономикалық аймақтар болып бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға және ұлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттік шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа ауылшаруашылығына, көлік пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді: өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен денен шынықтыру, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс, басқару шығындары болып бөлінеді.
Мемлекеттік мекемелер шығындары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекеттің шығындарын қаржыландырудың екі әдісі болады:
- Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен жәнет жетіспеген бөлігі - бюджет қаражаттары есебінен жасалынады;
- Сметалық - бюджеттік қаржыландыру. Сметалық тәртіппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп атады.
Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма - қол ақша шығару және кредиттік эмиссия есебінен эмиссиялық қаржыландыру қолданылады.
Бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеуқаржы, субенциялар, субсидиялар.
Демеуқаржылар кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджет қорларынан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың әлеметтік қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-комуналдық шаруашылықтардың зиндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын ішінара өтеу түрінде тараған болатын.
Субвенциялар-халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттің қаржы көмегінің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.
Субсидиялар-үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша және заттай нысанадағы жәрдемақылар.
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ КЕЙБІР
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мемлекеттік бюджет ең алдымен әлеуметтік салаға бағдарланған. Мемлекеттік ауқымда білім беруге, денсаулық сақтауға, әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке арналып 2004 жылы 599 миллиард теңге қаржы бөлінді. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда екі есе артық. Аталған сомадан осы мақсаттарға арналған республикалық бюджет шығыстары 301, 6 миллиард теңгені құрады.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстар құрылымында әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке - 20, 6%, білім беруге - 14, 8%, денсаулық сақтауға - 9, 9%, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға - 9, 0% және көлік пен байланысқа 8, 1% құрады.
Біздің елімізде соңғы үш-төрт жылдан бері әлеуметтік-мәдени шараларға (білім беруге, денсаулық сақтауға, мәдениет пен спортқа және әлеуметтік мәселелерге) ЖІӨ-нің 11-12% мөлшерінде қаржы жұмсалып келген болатын. Пайыздық үлес бірқалыпты болып көрінгенмен аталған шараларға бөлінген қаржы көлемінің жылдан-жылға артып отырғанын статистикалық мәліметтерден көруге болады. Мәселен, 2001 жылы ол 373, 5 миллиард теңгені құраса (бұл ЖІӨ-нің 11, 4%), 2003 жылы 511, 7 миллиард тенгеге (11, 5), ал өткен жылы 599, 1 миллиард теңгеге жетіп, 2000 жылдық көрсеткішінен екі есе асып түскен. Елбасының жаңа Жолдауынан кейін биылғы бюджет қайтадан қаралып, әлеуметтік-мәдени шаралардың шығыстары тағы да жүз миллиард теңгеге өсетіні мәлім болды.
Елімізде «Атаулы әлеуметтік көмек туралы» заң жүзеге асырыла бастаған 2002 жылы 1 миллион 137 мыңнан астам адам кедей деп танылды. Осыған сәйкес, олардың әрқайсысына жәрдемақы тағайындалып, осы шараға алғашқы жылы бөлінген қаржының жалпы көлемі 9 миллиард 143, 6 миллион теңгені құраған. Дегенмен, қосымша жұмыс органдарының тез ашылуына байланысты атаулы кемек алушылардың саны бірте-бірте азаяды. Мәселен, 2003 жылы бұл көмекті 859, 8 мыңы пайдаланса, 2004 жылы олардың саны 625, 5 мың болды. Сөйтіп, қазіргі кезде еліміздегі 15 миллионнан астам халықтың әрбір 23-інші атаулы көмек алуда.
Елбасының жаңа Жолдауына сәйкес әлеуметтік көмектің көптеген жаңа түрлері мен мөлшерлері белгіленіп отыр. Соның ішінде ана мен балаға жәрдемақы тағайындау мәселесі қамтылған. Мәселен, 2006 жылдан бастап қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына ай сайын бір айлық көрсеткіш көлемінде жәрдемақылар төрт және одан да көп бірге тұратын баласы бар аналарға мемлекеттік жәрдемақылы мөлшері 9000 теңгеге дейін көбейтілуі қаралып отыр. Бұндай жәрдемақы қосымша сәбидің және бір жасқа дейінгі күтімі кезінде де төленетін болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz