Адам ағзасына радиацияның кері әсері
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Полигон және қоршаған орта 2
Адам ағзасына радиацияның кері әсері 4
Сәуле ауруының патогенезі 7
Рак 8
Қорытынды 14
Қолданылған әдебиеттер 15
Кіріспе
Соңғы кездерi бұқаралық ақпарат құралдары нашарлап бара жатқан
экологиялық ахуал туралы жиi айтуда. Бұл бiр ғана Қазақстан емес, бүкiл
әлем елдерi назарын аударып отырған күрделi проблемаға айналды.
Бiздiң жерiмiздiң қойнауы тек қазына, байлық емес, ол қазiр түрлi улы
газдар, күкiрттi сутегi және өзге де тiршiлiкке қауiптi химиялық
қосылыстарға да бай. Мұның барлығы адам денсаулығына керi әсерiн
тигiзуде. Уланған топырақта өскен өсiмдiк, онымен қоректенген жануар
айналып келгенде — адам азығы. Демек, адамзат өз өмiрiне қатерлi ортаны өзi
жасап отыр.
Елiмiзде жүргiзiлген экономикалық өзгерiстердiң барлығы экологиялық
жағдайды қорғау саясатынсыз iске асты. Осыдан келiп, Экономикадағы
экологиялық жендеттiк синдромы пайда болды. Кеңес Одағы тұсында Бiз
табиғаттан рақымшылық күтiп отырмаймыз. Оның бермегенiн тартып аламыз
деген солақай тұжырым жасалғаны белгiлi. Бұл адамзаттың қалыптасқан табиғи
жағдайларға қарсы шығып, оны өзiне бағындыру әрекетiнiң бастауы болды.
Мұның ақыры неге әкелгенi баршамызға аян.
Ғылыми-техникалық жетiстiктерiмiз бiр жағынан мақтаныш болғанымен,
оның да экологияға тигiзiп жатқан керi әсерi бар. Қырық жыл бойы Семейде
ядролық қару сыналуы, әлi де Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып жатқан
зымырандардың айтарлықтай зардабы бар екенi баспасөз беттерiнде жиi айтылып
жүр.
Соның бірі – Семейдегі ядролық жаралыстарға байланысты етек алған
экологиялық апат, яғни түрлі аурулар мен адам ағзасының әлсіреулері жатады.
Полигон және қоршаған орта
Адам өзін қоршаран ортамен бірге өсіп, біте қайнап келеді, өзі де осы
табиғаттың бір бұтағы болып саналады. Біз адам — әлеуметтік ақиқат иесі
дейміз, бірақ оның биологиялық тұрғыдан табиғатын толық танымаймыз немесе
оны қайта құрсақ дейміз.
Қоршаған орта: ауа, су, жер, ормандар сау болса ғана адамның өзі де
сау болады.
Адам — Жердегі биологиялық түрлердің ең жақсысы. Жер адам пайда
болудан миллиардтаған жыл бұрын жаратылған және, бәлкім, адам бір-бірімен
және табиғатпен бейбіт өмір сүруді үйренбесе, адамзат өліп кеткен жағдайда,
жер сонша уақыт тіршілік ете алады. Бірақта біз ғасырлар бойы және мыңдаған
жылдардан бері табиғатты пайдалану ұранын басшылыққа алып келеміз, яғни
табиғатқа қарама-қарсы бағытта тәрбиеленіп келдік.
Табиғатпен жарастықта өмір сүру үшін, оның заңдарын үйрену керек және
оны бұзбаған жөн, адам, өркениетін қоршаған әлемге аса сақтықпен қарап
отырып, одан өз орнын табуға тиіс.
Қоршаған ортаны қайта пішу жөніндегі желөкпе жобаларды және ойланбай
істелген әрекеттердің зардаптарын кім білмейді? Аралдың апатты таяздауы,
Байкалдың ластануы, ұланғайыр Қарақалпақстан жерінің тұз бен батпаққа
айналуы, су электр станцияларын салған кезде орасан үлкен аудаңдардың су
астыңда қалуы — бұл тек белгілі мысалдар ғана. Өзімізді қоршаған ортаны
осынша ғаламат өзгеріске душар ету, өкінішке орай, адамның жаңа табиғи-
климаттық және өндірістік жағдайға бейімделуіндегі экологиялық және
әлеуметтік мәселелерді шеше алмайды. Алайда қоршаған ортаға зорлықпен
жасалған өзгерістердің ішіндегі ең ауыры Семей аймағында болған өзгеріс. Ол
ешбір ақылға симайтын апат.
Полигонның ондаған жылдар бойы атқарған белсенді қызметі кезінде
айналаның — топырақтың, атмосфераның, судың радиоактивті газ-тозаңдармен,
азық-түліктің радионуклидтермен ластануы туралы ауыз ашпайтын әдет берік
қалыптасқан болатын, ядролық сынақтардың қоршаған ортаға әсері туралы
болжам теріске шығарылды. Ал бұл бағытта ешбір зерттеулер мақсаткерлікпен
жүргізілген жоқ. Тек облыстағы жекелеген салалардың ведомстволық бақылауы
мен шешімдері кейбір мәліметтер береді.
Тамақ өнімдерінен, ашық су қоймаларынан, малдардың сүйектерінен
қорғасын —210 табылды, ол уран —238 ыдырауынан пайда болған изотоп. Ал
Семей облысында уран кенінің жоқ, екені белгілі, ендеше оның ядролық
жарылыстардан тарауы әбден мүмкін.
1989 жылғы зерттеулердің мәліметтері бойынша ұсақ малдардың
сүйегіндегі қорғасын —210 мөлшерден ондаған есе көп. Етті пісірген кезде 10
проценті сорпаға шығады, денсаулыққа зияны аз емес.
Шаруашылықтардың байырғы өрістерінде жайылып жүрген және полигонға
таяу жерлерден су ішетін малдың еті мен сүтіндегі радионуклидтердің барлығы
мөлшерден ондаған есе асып түседі.
Жер астындағы дүмпулерді алайық. Жер астындағы ядролық жарылыстан
туған сейсмикалық қозғалыс күші зарядтың қуатына және сынақ алаңының
геологиялық жағдайына байланысты.
Невада полигонында жер қабаттары туфтар деп аталатын қуыстары көп
жыныстардан тұрады. Олар жарылыс толқындарының сейсмикалық энергиясын
сіңіріп алады да, жердің сілкінуі онша қатты болмайды.
Семей полигонының алаңдары гранит деп аталатын тектес жақпартастардан
тұрады. Граниттің сейсмикалық тербелістерді сіңіру қасиеті төмен. Сондықтан
мұндағы жерасты жарылыстары айтарлықтаай тербелістер туғызады. Қашықтықтары
мен қуаттары бірдей жарылыстардың Невада полигонындағы сейсмикалық тербеліс
күші Семейден 3—4 есе төмен.
Жер астындағы әрбір жарылыс, олардың саны аз емес —343, жердің
қыртысын қозғалысқа түсіреді.
Ғасырлар бойы терең тыныштықта, бейне бір ұйқыда жатқан жер қабаттары
жер асты ядролық күшті жарылыстардан қозғалысқа келіп, олардың ежелгі
(аналық) құрылыстары бұзылады.
Сондықтан да жер астындағы ядролық қуатты жарылыстарға таулар да төзе
алмайды.
Міне, сондықтан жер астындағы судың табиғи ағыны зақымданып, бағыты
өзгеріп кетеді, немесе құрып қалады.
Полигонға іргелес аудандардың шаруашылықтарында осындай суы тартылған
құдықтар әрбір жарылыс сайын пайда болып отырады. Соңғы жылдары поселкелер
мен малды сумен қамтамасыз етіп тұрған 700 құбырлы құдық істен шығып қалды.
Адам ағзасына радиацияның кері әсері
Адам ағзасы ұшан-теңіз клеткалардан (ұлпалардан) тұрады. Мөлшермен ол
100 триллионға тең. Адам дегеніміз, айтарлықтай жоғары дамыған сезімтал
механизм. Бірақ, өкінішке қарай, ол сәуле әсеріне ұшырағанын білмей қалады.
Барлық клеткалар және тері радиация энергиясын еш ауырсынбай сіңіре береді.
Осы кезде ағзаның иондануы басталады. Тағы бір теріс әсер — атомдардың
қозуы. Клеткалар мен тері заттарының қозған атомдары аса жоғары химиялық
белсенділікке ие. Содан барып қалыпты, сау ағзаға тән емес жаңа химиялық
қоспалар құрылады, олар клеткалар мен терідегі алмасуға қажет күрделі
биохимиялық процестердің бұзылуына апарып соғады.
Бір сөзбен айтқанда, радиация туғызған физикалық процестер — иондану
және атомдардың қозуы ағзаның өмірлік маңызды функцияларына тікелей
бұзушылық әсерін тигізеді және адамның түрлі мүшелерінің жүйелерін істен
шығарады.
Адам ағзасының клеткалары әдетте түрлі ауруларды туғызатын сыртқы және
ішкі бөгде заттарды жуытпай кері тебу қасиетіне ие. Сөйтіп ол иммундық
қорғаныс жүйесін құрайды.
Адамның аса шапшаң көбейетін клеткалардан тұратын иммундық жүйесі
жүздеген ғасырлар бойына жасалып, қалыптасты. Ол маңызды міндет атқарады —
қоршаған ортаның тікелей әсерінен ағзаның тәуелсіздігін қамтамасыз етеді,
яғни адам денесі ішінде қажетті жағдайлар туғызу жолымен ағзаның қоршаған
орта әсерлеріне төтеп беруіне жетіседі. Бір сөзбен айтқанда, иммундық жүйе
адамды сан қилы аурулардан табандылықпен қорғайды.
Алайда табиғаттың осы құдіреті Семей аймағында оншалықты тұрақты
болмай шықты.
Неліктен, не болып жатыр?
Жоғарыда айтқанымыздай, радиация клеткаларды, ең бірінші кезекте
иммундық жүйенің клеткаларын жаралайды.
Рас, иммундың жүйе клеткаларының бір бөлігі өз бетімен дербес құриды,
бұл — олардың генетикалық табиғатына тән құбылыс. Өйткені, олар аса шапшаң
көбейетін клеткалар жәрдемімен қайта қалпына келеді. Әйтседе радиация
әсерімен иммундық клеткалардың өлуі ондаған және жүздеген есе шапшаңдайды —
осының салдарынан ағзаны иммундық қорғау әлсірейді, иммундық тапшылық
жағдайы дамиды. Яғни адамның табиғи қуаты азаяды. Ақыры адам түрлі аурулар
алдында әлсіз немесе қорғаныссыз күйге ұшырайды.
Бәрінен де жұқпалы ауруларға қарсы тұратын иммундық жүйе осалдық
жасайды. Ағзаның шын мәнісінде барлық жұқпалы ауруларға қарсылық көрсетуі
кемиді. Қатерлі ісіктерге қарсы иммундык, жүйенің бөлінуі едәуір уақыт
өткен соң — сәуле алғанына 5 жылдан 40 жылға дейін және одан да көп
уақыттан соң білінеді.
Жоғарыда айтылғандай, табиғат бұзылған иммундың жүйені қалпына келтіру
үшін ағзаға қажетті уақыт беріп қамқорлық жасайды. Соған сәйкес бүлінбеген
клеткалар бүлінгендерін алмастыра алады. Алайда сәуле әсеріне қайта
ұшыраған шақта сол сау клеткалардың өздері бүлінуі мүмкін. Мұндай жағдайда
ағзаның қалпына келуі тежеледі, немесе ұзақ жылдарға созылады. Радиация
адам ағзасының басты қаруы — иммундық жүйені құрту, әлсірету барлық
ауруларға даңғыл жол ашып береді. Сөйтіп, сәуле әсеріне ұшыраған адамдар
иммундық жүйенің тапшылығына душар болады. Радиологиялық диспансердің
деректеріне қарағанда полигонға жапсарлас аудандарда тұратын халықтың 70—80
проценті иммундық тапшылық зардабын тартуда. Бақылау топтарында бұл
көрсеткіш 5—10 процент аралығында.
Адам ағзасының әрбір мүшесінің өз клеткалары болады және олардың
әрқайсысы өз бойында хромосомдар деп аталатын тұқым қуалау (генетикалық)
механизмін сақтайды. Әр клетка хромосомдарының өзіндік кескін-кейпі болады.
Яғни адамның әр мүшесі тек өзіне ғана тән хромосомаларға ие.
Түқым қуалау механизмі — сонау палеозой дәуірінен бері көп мыңдаған
жылдар ішінде өмір сүрген ұрпақтардың, өмірлік тәжірибесінің жемісі. Осы
ғажайып клеткалар бізді барлық тіршілік құбылыстарынан бүкіл ағзаның аса
күрделі жүйелерін кешенді әрекет істеуге жұмылдыру арқылы аман сақтап
келеді.
Адамның тұқым қуалау механизмі шын мәнінде ұлағасыр зор жұмыс жасайды.
Олар — аталық және аналық клеткаларда орналасқан аса күрделі молекулалар,
тұқымдық белгілерді сақтаушылар жаңа тіршілік иесіне құрылымдарды, барлық
бағдар мен ақпаратты, өзінен бұрын барлық ұрпақтың жадындағыларды мұра етіп
береді. Мысалға бір ұлттың немесе тайпаның бір топ адамын алайық. Олардың
бәріне сырт ұқсастық тән. Егер жеке отбасына келсек, одан да көп ұқсастық
көрінеді. Балалар ата-анасына, ал кейде бабаларына айна-қатесіз ұқсайды.
Мұның бәрі — тұқым қуалау механизмінің жемісі. Осы ғажайып механизм
осылайша тынымсыз жұмыс істейді. Оған ешқандай альтернатива жоқ.
Дегенмен табиғат, осындай қайталанбас механизмді жасай отырып,
неліктен екені белгісіз, оны толық аяқтамаған. Оған күйрете соққы беру үшін
көп нәрсе қажет емес. Мысалы, радиациялық әсердің көзге көрінбейтін және
жанға батпайтын қас қағым сәті ғана тұқым қуалау механизміне ондаған тіпті
жүздеген жылдарға жететін ауыр соққы береді.
Иондаушы радиация әсерінен тұқымдық белгілерді сақтаушы хромосомдар
қайтып қалпына келмейтін жағдайға душар болады, яғни хромосомдық аппарат
істен шығады. Бұл өзгеріс радиадиялық сәуле алған адамда ұрпақтан-ұрпаққа —
баланың баласына көшеді. Содан барып нәрестелер сан түрлі кемістермен,
кемтарлықпен өмірге келеді.
Иондаушы радиацияның тіпті болымсыз өте кішкене мөлшерінің адам ағзасы
клеткаларына генетикалық ауыр бүлдірулер тигізетіні анықталды. Мұндай
жағдайда сау клеткалардың биолоиялық заңды көбеюі орнына сәуле алған
клеткалардың қалай болса солай және басқа хроникалық мутация деп аталады.
Басқа, кері қасиетке соматикалық сапада көбеюі өрістейді. Бұл процесс —
сома болған клеткалар өздерінің бұл қасиеттерін дүниеге келетін нәрестеге
береді, сөйтіп түрлі патологияны (түрдің, кескін — кейіптің басқаша
өзгеруін) туғызады.
Радиация әсерінен пайда болған соматикалық мутациялар беймәлім ұзақ
мерзімге болашақ ұрпақтарға беріледі және табиғи жағдайда осы ұласпалы
дертті жою мүмкін емес дейді Семей аймағы практикасына сүйенген ғалымдар.
Жапон ғалымдары соңғы жылдарда соматикалық мутациялар санының сәуле
алу мөлшеріне тікелей сәйкес келетінін анықтады. Мәселен, 15—20 бэр сәуле
алу 10 бәр мөлшерінде алғандарыдан 3—4 есе көп соматикалық мутациялар
туғызаты көрінеді. Ал Семей облысының полигон төңірегіндегі тұрғындары
150—250 бэр және одан да жоғары сәуле алды.
Бүгінгі таңда радиациялық сәуле алған кезде адамның генетикалық
аппаратында нақтылы қандай өзгерістер пайда болатыны толық айқындалған жоқ.
Ғалымдардың болжамы бойынша Семей полигоны әсерін тигізген аймақта барлық
тұқым қуалау ақаулары болашақта, ұрпақ алмасқан кезде неғұрлым толық
көрінбек.
Қазірдің өзінде осы аудандарда туа біткен кемтарлық дүниеге келген
әрбір мың нәрестенің 48-інде кездесіп отыр. Бұл орта есеппен республика
бойынша алғандағыдан 6 есе көп, ал полигоннан ондаған шақырым орналасқан
ауылдарда бұл көрсеткіш бұдан да жоғары. Оның қаншалықты екенін нақтылы
айту мүмкін емес, өйткені ақаулы туған нәрестелер моральдық-этникалық
көзқарас тұрғысынан тіркелмейді. Тек Қайнар селосында соңғы бес жылда
кемтар 20 нәрестенің туғаны анықталып отыр. 4 мың адам тұратын село үшін
бұл өте көп емес пе?
Қайнар қасіретінің ең ауыр көрінісі — адам ағзасында өте қатерлі
ісіктердің пайда болуы (рак ауруы). Әдетте, әр сәтте миллиондаран
клеткалардың бірі өзгеріп, басқаша айтқанда қатерлі ісікке айналып,
тоқтаусыз өсу қабілетіне ие болып жатады. Әдетте мұндай клеткалар сау
иммундық жүйе қызметі арқасында дереу жойылады. Ал иммундық жүйенің өзі
радиация әсерінен дәрменсіз күйге түскен жағдайда рак клеткаларының саны
айтарлықтай көбейіп, қатерлі ісіктер жиілейді. Семей алшағы тұрғындарына
тән құбылыс осындай.
Қатерлі ісіктердің жаңадан пайда болып, жылдам дамуында радиацияның аз
ғана мөлшерінің жеткілікті екендігі дәлелденген нәрсе. Әсіресе, Семей
облысына тән жағдай — радиациялық сәулені ұзақ уақыт алу қатерлі ісіктің
тез өсуіне айрықша қолайлы.
Сәуле ауруының патогенезі
Патогенез. Иондаушы сәулелер әсерінің негізгі ерекшелігі тірі
материалды молекула мен атомдардың ионизациясы болып табылады. Бұл үрдіс
сәулеленудің биологиялық әсірінің бастапқы этапы болады және кейінен
тіннің, ағзарлар мен жүйелердің функционалды және органикалық зақымдануын
тудырады. Сәуле ауруының дамуының негізінде иондаушы сәулеленудің
организмге тікелей және тікелей емес әсер етуінің күрделі механизмі жатыр.
Радиациясының (үлкен дозада) белок молекуласына тікелей әсері олардың
денатурациясына әкеледі нәтижесінде белок молекуласы коагуляцияланып,
қоллойдты ерітіндіден шығады, кейіннен протеолитикалық ферменттердің
әсерінен ыдырауға ұшырайды. Бұл кезде клеткада нуклейн қышқылдарының
деполеризациясымен бірге физико-химиялық үрдістердің бұзылыстары байқалады,
ол клетка құрылымының және мембрана өткізіштігінің бұзылуына әкеледі.
Нысана теориясы бойынша барлық клеткалар сәулеленуге сезімтал бола
бермейді. Әрбір клеткада иондаушы сәулелердің әсерін қабылдайтын сезімтал
нысана аймақтар болады. Радиация әсерінен ядро хромосомасы мен цитоплазма
аса сезімтал екені анықталды.
Иондаушы сәуленудің тікелей емес әсері судың радиому механизмімен
түсіндіріледі. Судың адам организмінің барлық ағзарлар мен тіндерінің 80%
салмағын құрайтыны белгілі. Судың ионизациясы кезінде тотығу, тотықсыздану
қасиетіне ие радикалдар түзіледі. Олардың ішінде аса маңызды болып атанарлы
сутек (Н), гидроксид (Н2О) сутегі асқын тотығы (Н2О2) болып табылады. Бос
тотықтырғыш радикалдар активті емес дисульфитті қосылысқа (S=S) айналатын,
құрамында сульфигидрилді тобы (SН) бар ферменттермен реакцияға түседі. Бұл
реакциялар мен айналулардың нәтижесінде организмнің өмірлі қызметінде аса
маңызды нуклейн қышқылдары мен нуклеопротендердің синтезін белсенді
қатысатын маңызды тиалды ферменттік жүйенің каталитиканық белсенділігі
бұзылады. Клетка ядросындағы ДНК мен РНК мөлшері күрт төлемдейді, олардың
жаңару үрдісі бұзылады. Ядро биохимизгі өзгерісі морфологиялық түрде
хромосома құрылымының әртүрлі бұзылысы, яғни бүкіл генетикалық жүйенің
бұзылысымен сипатталады. Тіндердің митоздық белсенділігінің тежелуі
ионданғыш радиация биологиялық әсерінің белгілі бір спецификалық көрінісі
ретінде қарастырылады.
Радиоактивті сәулеленумен зақымдалған тіндер ядросындағы
биохимиялық үрдіс ағымында түзілген радиотоксиндер және тіндер мен
клеткадағы нейрогуморальды және гормоналды регуляция бұзулысы айқын әсер
көрсетеді. Организмде бөгде заттардың, яғни гистамин тәрізді, токсикалық
амин қышқылының жиналуына әкелетін алмасу үрдісінің бұзылуы. Бұның барлығы
иондаушы сәулеленудің биологиялық әсерін күшейтеді және организмнің
улануына әкеледі. Тіндік интоксикация нерв қызметінің бұзылуының ішкі
ағзарлар қызметінің өзгерістерінің (ахилия, миокардиодистрафия,
гепатопатия, эндокринопатия, гемопоэз бұзылысы) клиникалық симптомдарымен
көрінеді.
Сәуле ауруының патогенезінде белгілі бір маңызды орынды қан түзуші
ағзалардың зақымдануы алады. Қан түзуші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz