Суспензия туралы түсінік


ЖОСПАР
Суспензия туралы түсінік2
Суспензияның қасиеттері2
Суспензияның қолданылуы4
Суспензияның медицинадағы маңызы5
Технологиядағы суспензияның маңызы6
Пайдаланылған әдебиеттер7
Суспензия туралы түсінік
Суспензия - латын тілінен аударғанда көтеру, іліну деген мағынаны білдіреді. Суспензия - дегеніміз дисперстік ортасы - сүйық, ал дисперстік фазасы 10 -5 см. -ден асатын қатты заттардан тұратын дисперстік жүйе.
Суспензияның қасиеттері
Суспензияның қасиеттері: дөрекі дисперстік жүйелердің зольдардан айырмашылығындай айрықша. Дисперстік фазасы 10 -5 см. -тен 10 -7 см. -ге дейін. Сүспензия бөлшектері сәулені шағылыстырады немесе сындырады, сонымен қатар оларды микроскоптан көре аламыз. Суспензия бөлшектері диффузияға қабылетсіз. Соның нәтижесінде осмостық қысымы жоқ. Суспензия бөлшектерін қағаз, әйнек, керамикалық фильтрлер өткізбейді.
Суспензия - кинетикалық тұрақсыз зат болып табылады. Оны біз, яғни дисперстік фаза тығыздығына, дисперстік ортаға тәуелдігінен - седиментациядан, бөлшектерінің ағылып шығуы (флотациядан) көре аламыз.
Суспензиядағы седиментация бөлшектерінің жылдамдығы центрофугтауда барынша өседі.
Тағы бір суспензия қасиеттеріне - электр зарядын және бөлшектердің электрлік потенциалын жатқызуға болады.
Суспензияның бөлшегінің электр заряды, колоидты бөлшектер секілді, дисперстік ортада таңдамалы адсорбция иондарының нәтижесінде түзіледі, немесе беттік бөлшектердің иногенді топтарының диссоциациясының нәтижесінде.
Агрегат тұрақтылығының факторларының бірі - суспензия. Яғни, егер бөлшектері сольватты қабықпен қапталса, егер дисперстік ортасы су болса - онда гидратты. Яғни қапталған қабығы дисперсті орта молекуласынан тұрады.
Суспензия бөлшегі айналасындағы қабығы дисперстік ортада суланудың нәтижесінде пайда болады. Сондықтан гидрофильді ұнтақтар. Мысалы: кварц ұнтағы, алюминий гидроксиді, сумен жақсы суланса, агрегативті тұрақты суспензия түзеді.
Егер, бөлшектердің сулану дәрежесі төмен болса, бөлшектер айналасында сальватты қабаты түзілмейді, яғни суспензия агрегативті тұрақсыз болады, бұл дегеніміз бөлшектердің қосылып агрегат бөлшектерін түзеді - бұл процессті коогуляция немесе флоккуляция деп атаймыз.
Концентративті суспензияның флокуляциясында, әсіресе дисперстік фазадағы ассиметрикалық бөлшектердің флокуляциясында гель тәрізді, тиксотропиясы бар структуралық жүйе түзіледі.
Полярсыз сұйықтықтағы гидрофильді ұнтақтар немесе полярлы сұйықтықтағы гидрофогты ұнтақтар агрегативті тұрақсыз суспензия түзеді. Бірақ, суспензияның агрегативті тұрақты етіп жасау үшін, дисперстік ортаға беттік активті затты қосу керек. Бұндай заттардың молекуласы, Мысалы, : олейн қышқылының суспензия бөлшегінде адсорбцияланып, айналасына сольватты қабат түзе алады. Суспензияның тағы конденсация немесе диспергация жолымен алуға болады.
Суспензияның Броундық қозғалысы өте баяу, диффузиясы жоқ. Броундық қозғалыстың жәй болуына байланысты тұрақсыз болып келеді.
Суспензияның қолданылуы
Медицинада көптеген дәрілік заттар суспензия түрінде қолданылады.
Жоғары концентрациялы суспензиялар - пасталар деп аталады. Оларды медицинада және парфюмерияда қолданылады. Суспензияны бояу үшін де қолдануға болады. Әрине, суспензияның табиғатта да, техникада да маңызы зор. Әк және цемент суспензиясы құрылыс материал ретінде қолданылады, және резина, керамика бұйымдар жасауда, қағаз, фотоматериалдар жасауда суспензияның маңызы зор.
Суспензияның медицинадағы маңызы
Суспензияның медицинадағы маңызы:
- Ішкі және сыртқы инъекцияда қолданады.
Суспензия келесі жағдайларда түзіледі:
- егер жазылған дәрілік зат дисперстік ортада ерімесе, мысалы, камфора, күкірт.
- Дәрілік заттарды суспензия түрде қолдану бір қатар жетістіктері бар:
а) ерімейтін заттарды ұнтақталған түрде суйық дисперсті ортаға еңгізу, үлкен беттік қатты фазаны алуға ыңғай жасайды, соның арқасында күшті терапевтік эффект береді;
б) суспензия түрдегі дәрілік заттар пролонировты әсер береді. Мысалы: цинк-инсулин суспензиясы, ерітіндіге қарағанда 24-36 см аралығында әсер етеді.
- Кейбір жағдайларда суспензия асқазан сөлінің дәрілік заттарға қарсы әсерін бәсеңдетеді.
Технологиядағы суспензияның маңызы
Технологиядағы суспензияның маңызы:
- Суспензия - эмульсия - лай жүйе. Бұларда Тиндаль конусын көруге болады, яғни технологияда маңызы зор, яғни дәрілік формасын бағалауға болады.
- Осмостық қысымы жоқ: яғни колларгол, проторголды жергілікті антисептик түрде қолдануға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. Том 1
2. Қазақ Совет энциклопедиясы. Том 1
3. Қазақ Совет энциклопедиясы. Том 2, 3
4 . Химия есептері. И. Г. Хомченко. Алматы, 1997ж
5. Общая химия. Н. Л. Глинка. Химия, 1974г
6. Жалпы химия. Б. А. Бірімжанов, Н. Н. Нұрахметов 1998ж
7. Студенттің химия пәнінен оқу-әдістемелік кешені (ОӘК)
8. Химия негіздері. Жалмағанбетова Лиман. Шымкент 2000ж
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz