Туберкулезді емдеу шаралары туралы


Қазақстан медицина УНИВЕРСИТЕТI
Р Е Ф Е Р А Т
Тақырыбы: Туберкулез
Орындаған: Фаритдинова Д.
Алматы 2006
ЖОСПАР
Кіріспе3
Туберкулез - толық жазылатын ауру3
Әйелдердiң жыныс мүшелерiнiң туберкулезi4
Туберкулезді науқастық тамақтану тәртібі10
Қорытынды16
Пайдаланылған әдебиеттер17
Кіріспе
Туберкулез ауруы көбiне өкпеден басталып, сүйектерге, бүйрекке, жыныс мүшелерiне ауыса бастайды. Өкпе туберкулезiмен науқастанатын адамның қақырығында туберкулездiң сан мыңдаған микробтары болады. Олар тыныс және ас қорыту жолдары сау адамдарға өтедi. Туберкулез сондай-ақ үй жануарларының сүтiн шикiлей немесе еттi шала пiсiрiп жегенде жұғуы мүмкiн.
Қан тамырларына түскен туберкулез таяқшалары бүкiл денеге тарайды да, қолайлы жағдай туындаған кезде, яғни адамның ауруға қарсылығы әлсiреп, организмге қажеттi заттардың келуi нашарлағанда, қозып, дамуын күшейте түседi.
Аурудың бiлiнуi туберкулездiң түрiне, науқас адамның жасына, жағдайына байланысты. Алайда аурудың өзiне тән жалпы белгiлерi бар, мысалы дененiң қызуы көтерiлуi, түнде қара терге түсiп терлейдi, ұйқысы, тамаққа тәбетi нашарлайды, жүдейдi, жүйкесi жұқарып, жұмысқа қабiлетi төмендейдi және т. б. Өкпе туберкулезiнде бұлармен бiрге құрғақ жөтел пайда болады, кейде қан аралас қақырық түседi.
Туберкулездiң қай түрi болса да емдеудi кешiктiрмеу керек. Қазiргi таңда елiмiзде туберкулезге қарсы күрес ғылыми тұрғыдан негiзделген толық жүйелi және жоспарланған шаралармен жүргiзiледi. Туберкулез мекемелерiнде ауруды жан-жақты ақысыз емдеуге толық жағдайлар жасалған.
Туберкулез - толық жазылатын ауру
Туберкулез ауруын ұлғайтып алуына көбiне адамдардың өздерi кiнәлi. Ауру белгiлерi бiлiнiп, жағдайлары нашарлай бастағанда дәрiгерге келгенмен, ауруының туберкулез екенiн бiлгеннен кейiн, оны “ұят” санап кейiн дәрiгер алдына бармай қояды. Сөйтiп, кейбiреулерi халық емшiлерiне көрiнiп емделедi. Ал бұдан туберкулез таяқшалары жоғалмайды, керiсiнше, ұлғая түседi. Ақырында ауру ұлғайып, жанға қатты батқан кезде ғана амалсыздан туберкулез мамандарына келедi. Мұндай жағдайда ауруды емдеу қиындай түседi.
Ауру адам дұрыстап құнарлы азықпен тамақтануы, таза ауада жиi болуы керек. Тамақтың құрамында мал өнiмiнiң белоктары жеткiлiктi болуы тиiс. Жемiс шырындарын және көкөнiстердi көбiрек пайдалану керек.
Ауру айыға бастаған кезде дене шынықтырумен айналысқан дұрыс.
Қазiр дәрi-дәрмектiң түрлерi көп. Оларды орынсыз және белгiлi бiр жүйесiз iшсе, организмнiң басқа мүшелерiне зардабын тигiзуi мүмкiн. Сондықтан дәрiлердi дәрiгердiң тағайындауымен ғана iшу керек.
Егер ауру адамдар кезiнде емделсе, дәрiгердiң кеңестерiн мұқият орындаса, туберкулезден толық жазылуға болады.
Туберкулезге қарсы егiлу бала дүниеге келгеннен бастап жүргiзiледi.
Мұны белгiленген ауқытын жiбермей қабылдап отыру керек. Туберкулезге қарсы егiлген адамдар туберкулез ауруымен сирек аурады.
Әйелдердiң жыныс мүшелерiнiң туберкулезi
Туберкулез ауруына өкпе ғана емес, басқа ағзалар да шалдығады. Солардың iшiнде әйелдердiң жыныс мүшелерiнiң туберкулезi де бар.
Туберкулез таяқшалары организмдегi лимфа және қан тамырларымен бүкiл денеге тарап, жыныс мүшелерiне барып тоқтауы мүмкiн. Адам әлсiреп, жүйкесi шаршаған кезде, сондай-ақ дұрыс тамақтана алмағанда туберкулездiң қоздырғыштары өкшелене түсiп, аурудың тез басталуына себепшi болады.
Жыныс мүшелерi туберкуллезге ұшыраған кезде әйелдер тез шаршайды, қайта-қайта терлей бередi, iшi ауырады, жыныс мүшелерi қабынады және т. б. Мұндай жағдайлар бiресе күшейiп, бiресе басылып отырады. Әсiресе етеккiр келiп жүрген кезде күшейе түседi. Етеккiрдiң келу ретi бұзылады. Бiрде ерте, бiрде кеш, кейде тiптi келмей қалуы да мүмкiн. Сондай-ақ етеккiр бiресе азайып, бiресе қатты көбейiп, ауыртып, мазасыздандырады.
Әйелдердiң осындай дертке шалдығуы бала көтеруге мүмкiндiк бермейдi. Сондықтан кейбiр әйелдердiң жүктi бола алмауы туберкулездiң осы түрiне байланысты болуы мүмкiн.
Аурудың әлгi белгiлерi бiлiнiсiмен әйелдер дәрiгерiнеқаралып, емделу қажет. Егер туберкулездi дер кезiнде емдемесе, ауру асқынып, аналық безторсылдағы (кистасы) және жатырдың бұлшық етiнде iсiк пайда болады, тiптi iрiңнiң, сарысудың түзiлуi сияқты жағымсыз құбылыстар болуы мүмкiн.
Жыныс мүшелерiнiң туберкулезге шалдығуы әсiресе жастар арасында көп кездеседi. Мұндай науқасқа көбiнесе етеккiрi алғаш келген кездерi, алғашқы жыныстық қатынастан кейiн, кейде нәрестелi болғаннан кейiн шалдығады. Туберкулездiң климакстан кейiн де болатын кездерi бар.
Ауру әйел қашанда, әсiресе етеккiрi келiп жүргенде тазалықты сақтауға тиiс. Өйткенi етеккiрмен бiрге туберкулез таяқшалары сыртқа бөлiнiп, басқа адамдарға жұғуы мүмкiн.
Әйелдердiң гинекологқа, физиогинекологқа қаралып, тексерiлiп тұрғандары жөн. Ал мұндай кесел белгiлерi қыздар арасында байқалса, балалар дәрiгерiне және туберкулездi емдейтiн мамандарға көрiнуi қажет.
Туберкулездiң салдарынан болатын түрлi аурулардың да, бедеулiктiң де алдын алу туберкулезге арналған химиялық дәрi-дәрмектердiң көмегiмен жүзеге асады.
Туберкулезді емдеу шаралары
Заманымыздағы озат медицина ғылымы туберкулезді емдеуде ірі табыстарға жетіп отыр. Қазір туберкулез адамның қай жерінде кездессе де, оны түрлі әдістерді қосарландыра жүргізіп емдейді. Туберкулезге қарсы жұмсалатын барлық емді негізінде үш бағытта жүргізуге болады. Олардың бірі - жалпы емдеу. Өйткені туберкулезбен дененің бір жері (сүйек, өкпе, без және т. б. ) ауырса оның зардабы барлық денеге жайылады. Сондықтан емдік шара алдымен жалпы дененің арқауың нығайтуға, оның қорғаныш күшін арттыруға жұмсалғаны жөн. Жалпы шараның нәтижесінде адамның нерв жүйесі бұзылған қызметін жөнге келтіреді, денеде қоректі заттар алмасуы түзетіледі және бездер жүйесінін жұмысы ширайды.
Екінші бағыты - ағзада ұялаған, оны бүлдіріп жатқан туберкулез микробын өлтіру. Қазір күшті дәрі-дәрмектер жеткілікті, солардың күшімен микробтың өсіп-өнуіне тоқтау салып, ұяларын құртуға болады.
Емдеудің үшінші бағыты - хирургиялық және ортопедиялық тәсілдер. Әрине, тәжірибеде осы айтылған әдістер мен түрлі дәрілер өзара үйлестіреле жұмсалады. Мысалы, стрептомицин, фтивазид, ПАСК, болмаса тибонмен емдеу кеуде қуысына газ үрлеумен немесе өкпенің ауырған жерін кесумен бірге істелсе, оның нәтижесі жақсы болады. Сондықтан ауру адамды емдегенде бірнеше әдістер және дәрілер қосарлана жұмсалады. Мұны қоспалы емдеу дейміз. Бірақ туберкулезді емдеуге қандай әдіс қолданса да, нендей дәрі жұмсалса да, негізгі шара - аурудың жалпы халін көтеру, денесінің қорғаныш күшін арттыру, сөйтіп туберкулезге қарсы күресте оны жеңімпаз ету. Сондықтан толып жатқан емдердің бастысы гигиеналық-диеталық режим болады. Мұның мәнісі адамның тұрмысында тазалық сақтау және тамақтану тәртібін дұрыс ұйымдастыру деген сөз. Бұл әдіс адамға жағымды жағдай жасайды, дененің кеселге қарсы күшін арттырады және адамның жазылуға сенімін күшейтеді. Осы айтылған мақсатқа жету үшін мамандар науқастың жағдайына қарап, жатқызып емдейді, ал біеулеріне туберкулезге қарсы дене шынықтыратын шаралар істейді.
Таза ауа - пәрменді ем. Туберкулезді емдеуде гигиеналық әдістің маңызы зор дедік.
Науқасқа емдік шараның қай түрін қолданса да, таза ауаны кең пайдалану жағы көзделуге тиіс, себебі адам ауруханада, үйде, санаторийде емделсе де сыртқы таза ауаны қысы-жазы бірдей пайдалану таптырмайтын ем. Бірақ басқа ем түрі секілді, ауаны да аурудың түріне, сатысына қарап пайдалануға тура келеді. Айталық, ауру қозған кезінде адам терлегіш, нерв жүйесі шыдамсыз, қозғыш келеді. Ондай ауру жатқан бөлмеге немесе палаткаға мезгіл-мезгіл терезені, есікті ашып, таза ауа жіберіп тұру керек. Егер адамның дене қызуы қалпына келіп, жалпы халі тәуірленсе, оған көлеңкеде жатуға және аздап серуендеп таза ауада жүруге рұқсат етіледі.
Қырым жағасындакы санаторийлерде емделген науқастар ала жаздай таза-ауада болады, тіпті түнде де теңіз жағасында ұйықтайды. Ал солтүстікте кейбір шыныққан адамдар жылы оранып, 10-15 градус аязда күніне 2-3 сағаттай таза ауада жатуға дағдыланады.
Туберкулез науқас үшін таза ауаның пайдасы өте көп. Күнделікті тыныстанатын ауамыз негізінде оттегі мен азоттан тұрады. Бірақ бұлардың құрамына организмге зиянды көмір қышқыл газы, су буы және басқа қосымшалар да қосылып отырады. Егер тұрғын үйдің (бөлменің) ауасы ауық-ауық жаңартылмаса, ондағы ауа бұзылады, ол адам үшін, әсіресе туберкулез ауруы үшін зиянды.
Таза ауада ауру жұқтыратын микробтар сирек кез деседі. Үйдегі ауаның бұзылуына ылғал, кір жуу, ас пісіру, темекі түтіні, лас киімдер сақтау себеп болады.
Таза ауа өкпеге өтіп, онда жиналған қақырықтың шығуына көмектеседі. Адам таза ауада қыдырып жүріп, еркін дем алған кезінде ауа өкпені толтыра кернейді. Қақырықпен бітеліп қалған жіңішке тыныс жолдары ішке ауа тартуға ашылады. Далада немесе терезені ашып ұйықтағанда адамның күркілдеп, қақырық тастауы тиылады, көңілі көтеріледі. Өкпедегі жолдардың қақырық түкіріктен босауы; тыныс жолдарына (өкпе ішіңе) таза ауаның еркін және мол тарауына жардай туғызады. Мұның өзі денені оттегімен байытады, сөйтіп қан кұрамын жақсартады, адамның жалпы халі жақсарып, оның асқа көңілі шабады.
Үй жағдайында адамның сыртта көбірек жүргені жақсы. Жаз айларында тіпті күні боны таза ауада болғаны жөн. Ал қыстыгүні жылы киініп, далада қыдырып жүру таптырмайтын ақыл. Туберкулез науқастың ентігіп, шаршап жұмыс істемеуі, жүгірмеуі шарт екені есте болуға тиіс.
Күн сәулесімен емдеу. Туберкулезді емдеуде күн сәулесінің де маңызы күшті. Күнмен емдегенде науқастың қан кұрамы жасарады, дене тканьдары шынығады. Соның нәтижесінде олардың атқаратын қызметі жақсарады. Мұның өзі организмнін туберкулез микробына және оның уына қарсы тұруына қолайлы жағдай туғызады. Күн сәулесі, әсіресе, теріге жағымды келеді. Күнге қақталғаннан кейін (күн ваннасы) тері жылтырап, қоңыр тартады, пысып тығыздалады. Күн сәулесі, сүйек, буын, без, тері туберкулездеріне қарсы жақсы нәтиже береді. Ал өкпе туберкулезіне күн қауіпті. Сондықтан бұндай адамдарға күн сәулесі сирек қолданылады. Адам күн көзінде аңдамай көп отырып (жатып) қалса, туберкулез процесі тез қозады дене қызуы көтеріледі, тіпті қан қақырып та қалады. Дұрысында өкпе туберкулезді адам күн сәулесін тек дәрігердің айтуынша ғана пайдалануы керек. Күнге қақталғанда адам жалаңаш немесе трусикпен жатқаны жөн, басқа орамал тарту керек, бас ауырса орамалды суға батырып, сыра ораған жақсы болады.
Күн сәулесіне бірте-бірте дағдыланбаса пайда орнына зиян келтіреді адамның нерв жүйесіне зақым келеді, ұйқы қашады, бас ауырады және тары сондай әсерлер сезіледі.
Судың денсаулық үшін маңызы зор, өйткені адам өзін сумей емдеуге үйретсе, оның жүрек қызметі жақсарады, денеде қан айналысы тәуірленеді, асқа тәбеті шабады және тынысы ашылып, тереңдеп дем алатын болады. Алдымен науқас адам денесін таза ұстауға тиіс, ойын үшін жетісіне бір рет моншаға немесе жылылығы 32-35 градус ваннаға түсуге тиіс. Адам ваннада 10-12 минут ішінде денесін сабындап жуып, артынан 24-28 градус салқын сумей үстін шаяды да, үстін таза сүлгімен құррата сүртіп, бір сағаттай тынығады.
Ваннаға түскенде мына жағдай есте болсын. Егер ауру адамның дене қызуы аздап көтеріңкі болса, онда оған бес минуттан артық жуынуға болмайды. Өте жүдеген немесе дене қызуы тым көтеріліп кеткен адам ваннаға түсуді уақытша тоқтатады. Сондай-ақ қан қақырып жүргенде де ваннаға шомылу өте қауіпті, ондайда дәрігермен ақылдасқан жөн.
Денені таза ұстап, шынықтыруда ысқылаудың маңызы зор. Денені күнделікті ысқылау тіпті әлсіз адамға да жағады. Тек өкпеден қан түскен кезде ғана ысқылауға болмайды, өйткені бұл кезде адам қозғалмай тыныш жатуға тиіс. Ысқылауды таңертең оянысымен, дененің жылы кезінде жасаған жөн. Суыған денені ысқылаудың пайдасы жоқ, тіпті зиян келтіруі де мүмкін.
Денені ылғалданған сүлгі немесе губкамен ысуға болады. Оның үшін сүлгі (губка) суға малынып сығылады. Онсын дене мүшелерін (қолды, мойынды, кеудені, арқаны және аяқты) түгел тез ысқылап шығады. Кейбіреулер тек белуарға дейін ғана ысқылайды. Ол қате, өйткені көптеген адамдардың қан айналысы нашарлараннан аяқтары тоңғақ қеледі. Ал аяқты баса ысқыласа, қан тарауы қүшейіп, аяқ жылынып кетеді. Денені ылғалды сүлгімен ысқылап, құрғақ сүлгімен сүртеді, сонда тері ысып, қызарады, адамның қабары ашылып, көңілі көтеріледі, ысқылағаннан кейін мұндай көрініс болмаса, тері түршігіп тоңса, онда ысқылаудың дұрыс жасалмағаны, бұл зиян. Шамалары қелетін адамдар үстерін өздері ысқылайды, ал әлсіздерін күтуші адамдар ысқылауға тиіс. Кейбір әлсіз немесе нерв жүйесі нашар адамдар батыра ысқылауды жақтырмайды, сондықтан оларды жайлап ысқылап, денесін тез кептіре сүрту керек. Салқын сумен ысқылауға адамдардың өздері аз-аздап үйренуі қерек. Денесі толық, ширақ адамдар ысқылауды үй-ішіндегі судан бастауға тиіс, дене салқынға дағдыланған сайын су температурасы төмендетіле береді, сөйте-сөйте нарыз салқын (су құбырындағы) сумен ысуға жетеді. Әрине, әлсіз немесе дене қызуы көтеріңкі, жүдегендерді әуелі бірнеше күн құрғақ сулгімен сақтықпен ысқылаған жөн, одан кейін жылы, артынан жылымшы сумен ысқылауға болады. Әрине, денені салқын сумен ысқылағанда судың температурасы оған адам сүйсініп, көңілі көтерілетіндей болғаны жөн. «Салқындаудың жөні осы екен» деп дене түршігетін, тым мұздай суға шомылу қате!
Әлсіз адам ысқылау алдында бір стакан сүт ішіп немесе бір тарелка ботқа жеп алсын, ал ысқылағаннан кейін 15-30 минуттай төсекте жатып тынықсын.
Бұрын дағдыланбаған адам ысқылауды жаз айларында бастап, денесін салқын суға үйретуге тиіс. Әбден дағдыланып алған соң ысқылау қысы-жазы бірдей істеліп, әдетке айналады. Қыстыгүндері ысқылауды жылы үйде істейді. Егер әйелдер денесін бұрыннан ысқылап дағдыланған болса, оны етеккірі келгенде де тоқтатпауға тиіс, бірақ бұл кезде денесің тек белуарға дейін ысқылаған жөн, су тым салқын болмасын. Денені ысқылау әдісін әлі үйренбеген, етеккірі келіп жүрген әйелдерге ысқылауды бастауға болмайды. Екіқабат кезінде әйел дәрігерге барьш ысқылану жөнінен кеңес алады. Өзенге шомылу және салқын бүрікпе (душ) қабылдау денеге ысқылаудан гөрі күшті әсер етеді. Сондықтан туберкулез науқас дәрігермен кеңеспей ондай істеуіне болмайды. Өзен немесе бүрікпеге түскеннен кейін кейде өкпе ауруы қозуы, яки плеврит басталуы ғажап емес. Суға түсетін адамдардың денесі мықты, бүйрек, жүрегі сау, өкпе ауруы тоқтаған, ешбір қауіп туғызбайтын болуы қажет.
Туберкулезді науқастық тамақтану тәртібі
Туберкулезді науқастың тағам құрамында дене мұқтажын өтеуге керекті белок, май, углевод, витаминдер жеткілікті болсын. Бірақ бұл заттарды организмнің мұқтажына қарай, орнымен пайдалану керек. Бұл тәртіпті сақтау, әсіресе, туберкулез науқас үшін өте қажет. Мөлшердегі артық тағам туберкулез адам үшін пайдасыз. Әсіресе, өзі семіз, қарт және жүрек, қан тамыр, бауыр қызметі нашарлаған, ішегі ауыру адамдарға тамақты көп беру қате. Өкпесі ойылған және туберкулезі өршіп, қатты жығылған адамға да тағамды шамадан көп берудің қажеті жоқ, себебі ауру орган ішкен тамақтың бәрін бірдей ұқсата бермейді. Астың бойға сіңуі негізінде ішек-қарын қызметіне байланысты. Ал шамадан тыс ішкен асты бұлар баптай алмай қалады, тіпті қалыпты қызметі бұзылады. Туберкулезді адамның кейде іші өтіп қалуы осындайдан болады. Сау асқазан - туберкулез адамның қорғаны. Себебі астың бойға сіңіп, пайдасын көрсетуі үшін асқазан алқабында уыттағыш шырындар жеткілікті болуға тиіс. Ішек-қарын қызметі бұзылғанда бұл шырындардың бөлінуі де берекетсізденеді. Астың бойға дұрыс сіңбейтіні де осыдан. Есте болсын, тым семіріп кету өте зиянды. Артық май жүрек қызметін бұзады, ондай адамның жүріп-тұруы қыйындайды, тез ентігеді, жалпы халі нашарлайды.
Туберкулездің қай түрінде болса да астын жөні бөлек. Бірақ ауру адамдардың бәрі бірдей күшті тамақ тілемейді. Ауырған адам организмінің өзгешелігіне, оның жасына, бойына және атқаратын қызметіне қарап, кімге қандай тағамды қанша беру керектігін тек емдеп жүрген дәрігер ғана белгілеп береді. Мысалы, ас тапшылығынан, ауыр жұмыстан, түрліше қатаң аурулардан және босанғаннан кейін адам жүдеп-жадаса, ондайлардың тамағын күшейтуге тура келеді. Оның өзінде де тамақ мөлшері табиғи нормасынан 15-25 проценттен аспауға тиіс, яғни тәулігіне ішілетін тамақтың жалпы қуаты 2800-4500 калориядан аспауы керек. Мұнымен қатар Туберкулезді адамның күнделікті тағамында алдымен белоктар жеткілікті болуға тиіс. Ауру өршіген сайын белоктың қажеті арта береді. Басқаша айтқанда, мұндай кезде тағамда ет, балық, сыр, сүзбе, сүт жеткілікті болғаны жөн.
Өкпе туберкулезін емдеуде қымыздың шипалық қасиеті күшті. Бие сүті туберкулезді емдеуде ертеден бері пайдаланылып келеді. Зерттеу нәтижесіне қарағанда қымыздың қасиеті оның химиялық құрамына байланысты. Қымыз белогы ішекке жетіп бойға сіңімді келеді. Қымыздың адамды аздап желпінтетіні, көңіл көтергіштігі оның құрамында этил спирті, сүттік қышқыл және таза көмір қышқылы болуына байланысты. Қымыз құрамында бұлардан басқа түрлі ферменттер мен А, В, С витаминдер де бар.
Қазақ халқының өмірінде қымыз бен бірдей орын алған шұбатты, ғылымға белгісіз болғанымен, айтпай кетуге болмайды. Өкпе туберкулезіне шалдығып, қан қақырған талай адамдардың шұбатпен емделіп, жазылғанын көп кездестіріп жүрміз. Біздің арнаулы зерттеуіміздің нәтижесінде шұбат құрамы мен емдік қасиеті жағынан қымыздан артық екен.
Туберкулезді адамға майлы тамақты көбірек беру жайындағы ертедегі көзқарас та өзгерді. Бұдан бірнеше жыл бұрын шипа болады деп ауру адамға борсық шошқа және күзен майлары және басқа да майлы тамақтар беріле берсін дейтін еді. Бұл ұсыныстың соңғы кезде қате екені анықталды, себебі ауру асқынған сайын майдың сіңуі нашарлайды. Май мөлшерден артық қабылданса ол бауыр қызметін және басқа қоректік заттардың ағзада алмасуын бұзады. Сондықтан науқастың күнделікті асындағы май тәулігіне 90-100 грамнан, ал қатал аурудікінде 70-80 грамнан аспауы керек. Майдың әр түрлі және ішінде өсімдік майлары да болғаны жөн. Ауру адамға минералды тұзы мол капуста, сүт, жаңа сүзбе (творог), помидор, инжер, балық майы және с. с. азықтар аралас берілуге тиіс.
Туберкулезде дененің витаминдерге тарықпауы шарт. Есте болсын, туберкулезбен ауырғанда, кесел қозғанда денедегі витаминдер кеми бастайды. Сондықтан бұл аурудан емделгенде витамин ұмытылмай, қайта оның мол болу жары қарастырылсын. Мәселен, денеде А витамин жетімді болуы үшін сары май, сыр, жұмыртқа, бауыр, сүт, балық майы, томат, бұршақ, сәбіз, абрикос және басқа жеміс-жидектерден жасалған тарамдар дастарханда күнде болуы шарт. Ал В витамині кемімеу үшін сыра ашытқысы, бидайдың қоңыр наны, асбұршақ және овощтар күнделікті тағамнан үзілмеуге тиіс. Егер осыларға қоса жұмыртқаның ақ уызын, етті, балықты, бауырды және сүтті тағамға күнде араластырып отырса, онда денеге В 2 (рибофлавин) және В 6 (пиродоксин) витаминдері жеткілікті барады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz