Жүрек - тамырлы жүйесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Жүрек – тамырлы жүйесі.

Жүрек тамырлы жүйесі – ол мүшелер жиынтығы (жүрек, қан және
лимфатикалық тамырлар), ол ағзада қоректендіруші және биологиялық активті
заттарда, газдар мен заттар алмасу өнімдерін тасымалдануын қамтамасыз етуші
болып табылады.

Қан тамырлары.

Қан тамырлары – олар алуан диаметрлі бітеу түтікшелер жүйесін
құрайды; олар тасымалдаушы қызметті және мүшелерді қанмен жабдықтау және
қан мен қоршаушы тіндер аралығындағы зат алмасуды реттеуші болып табылады.
Даму. Алғашқы қан тамырлар адам эмбриогенезінің 2-3 апталығында сары
уыз қапшығы қабырғасының мезенхимиясының және қан аралшалары- атты,
хорионның қабырғасының құрамында пайда болады. Аралшалар перифериясының
лизенхимды жасушаларының бір бөлігі, орталықты жерде орналасқан жасушамен
байланысынан айырылып, жалпақтанып бастапқы қан тамырлардың эндотениалді
жасушаларына айналады. Аралшаның орталықты бөлігінің жасушалары
домалақтанып, дифференцияланып, қан жасушаларына айналады. Тамырды
қоршаушы, мезенхимды жасаушалардан кейін тегіс бұлшық ет клеткалары,
перициттер мен адвентициалді жасушалар және фибробласттар
дифференцияланады.
Ұрық денесінде мезенхимадан бастапқы қан тамырлар түзіледі; ол
түтікшелер және саңлау тәріздес кеңістіктерге ұқсас болады. Құрсақ ішінде
дамудың 3- апталығының аяғында ұрық ьденесінің тамырлары ұрықтан тыс
мүшелер тамырларымен қатынаса бастайды.
Тамыршалар қабырғаларының кейінгі дамуы – қан айналымы басталған соң,
бірқатар гемодинамикалық жайлар әсерінен (мысалы, қан қысымы, қан ағымының
жылдамдылығы) пайда болады; олар дененің бір қатар бөліктерінде түзіліп,
мүшелер ішіндегі және мүшелерден тыс тамырлардың өзгешелікті
ерекшеліктерінің пайда болуына себеп болады.Эмбриогенез кезеңінде бастапқы
тамырлар қайта құрылу жолында, олардың бірқатары жойылады.

Тамырлардың жалпы сипаттамасы мен жіктелінуі.

Қан айналым жүйесінде артериялар, артериолалар, гемокапиллярлар,
венулалар, веналар және артериоловенулярлы анастомоздар ажыратылады.
Артерия мен веналар арақатынасы микроциркулярлы арнаның тамырлар жүйесімен
жүзеге асырылады.
Қан артериялар арқылы жүректен мүшелерге ағады. Әдетте, осы қан
оттекке қаныққан болады ( венозды қанды апарушы өкпе артериясын
есептемесе). Веналармен қан жүрекке құйылады және өкпе веналарымен
салыстырғанда, олардың құрамында оттек аз болады. Гемокапиллярлар
артериялық қан айналым жүйесін венозды жүйемен байланыстырады; ал, ғажап
торларын (vete mirabile) есепке алмаса (мұнда капиллярлар екі бір атаулы
тамырлар аралығында орналасады), мысалы, олар бүйрек шумақтар
артерияларының аралығында табылады. Барлық артериялар мен веналардың
қабырғалары үш қабықтардан құралады: ішкі (tunica intima немесе interna),
ортаңғы (tunika media) және сыртқысынан (tunica adbentitia немесе externa).
Алуан түрлі тамырлардың қалыңдығы, тіндер құрамы және атқаратын
қызметтердің ерекшеліктері біркелкі емес болады.

Артериялар

Жіктелінуі. Құрылыстарының ерекшеліктеріне қарай, артериялар үш типті
болады: эластикалық, бұлшық еттілік және аралас типті ( бұлшық етті-
эластикалық). Олардың жіктелінуі – артериялардың ортаңғы қабығындағы етті
және эластикалық талшықтарының сан жағынан байланыстарына негізделінеді.
Эластикалық типті артериялар.
Эластикалық типті артериялар (arteria elastupica) – олар эластикалық
құрылымдарының (мембраналар, талшықтар) ортаңғы қабығының елеулі түрде
дамуымен сипатталады. Олардың қатарына ірі мөлшерлі тамырлар мысалы, аорта
мен өкпе артериясы кіреді; мұнда қан жоғары қысыммен (120-130м. Сынап
бағанасы) және үлкен шапшаңдықпен (0,5-1,3мс) ағады. Осы тамырларға қан
тікелей жүректен немесм оның маңайындағы аортаның доғасына құйылады. Ірі
мөлшерлі артериялар, көбінесе тасымалдаушы қызметтерді атқарады.
Эластикалық элементтердің көп мөлшерде болуы ( талшықтардың,
мембраналардың), осы тамырларға жүректің систола кезінде керілуге мүмкіндік
беріп және диастола кезінде қайта орнына келуді қамтамасыз етеді.
Эластикалық типті тамыр ретінде аортаның құрылысы қарастырылады.
Аортаның ішкі қабығының құрамына эндотелий (endothelium), эндотелий
асты қабат (stratum subendotheliae) және эластикалық тамыршалар өрімі (
plexus tibroelasticus)кіреді.
Адам аортасының эндотелийі алуан пішінді және мөлшерлі жасушалардан
тұрады; олар базалді мембранада орналасады. Тамырлардың ұзындығына және
жасушаларының пішіндеріне қарай олар біркелкі болмайды. Жасушалардың
ұзындығы 500мкм және ені 150мкм-ге жетеді. Олар көбінесе бір ядролы,кейде
көп ядролы болады. Ядролардың мөлшерлері біркелкі болмайды. Эндотелиалді
жасушаларда гранулярлы типті эндоплазматикалық тор шала дамыған.
Митохондиялар саны өте көп болады (200-700 аралығында); олардың пішіндері
мен мөлшерлері алуан түрлі және цитоқаңқаны түзуші микрофиламенттер мол
болады.
Эндотелийасты қабат тамыр қабырғасының қалыңдығының шамамен 15-20%
құрап, жұлдыз тәріздес жасушаларға бай болып, борпылдақ жұқа фибриллалы
дәнекерлі тінінен тұрады. Олардың құрамында көптеген пиноцитозды
көпіршіктер мен микрофиламенттер және гранулярлы типті эндоплазматикалық
тор байқалады. Осы жасушалар тірек ретінде эндотелийды ұстап тұрады.
Эндотелийасты қабатта бөлек бойлай бағытталған тегіс бұлшық ет жасушалары
(тегіс миоциттер) кездеседі.
Ішкі қабықтың эндотелийасты қабаттан тереңірек жерінде жиіленген
эластикалық талшықтар өрімі орналасады; ол ішкі эластикалық мембранаға сай
болады. Аортаның ішкі қабығының клеткааралық затында көп мөлшерде
гликозаминогликандар мен фосфолипидтер кездеседі. Тамыр қабырғасының
трофикасында негізгі аморфты зат маңызды қызметті атқарады. Осы заттың
физикалық-химиялық күйі – тамырдың өткізгіштігінің дәрежесін қамтамасыз
етеді. Есейген және жасы келген адамдардың клеткааралық затында холестерин
мен май қышқылдары табылады.
Жүректен шыққан жерде аортаның ішкі қабатында үш қалта тәріздес
қабыршықтар (айшық клапандар) түзіледі.
Аортаның ортаңғы қабығы – көптеген (50-70) эластикалық терезе
тәріздес мембраналардан (membranae elastical fenestratae) тұрады; олар
өзара эластикалық талшықтармен байланысып, басқа қабықтардың эластикалық
элементтермен бірыңғай эластикалық қаңқаны түзеді.
Сканирлеуші электронды микроскопия әдісімен эластикалық
мембраналардың үш түрлері дәлелденеді: біркелкілікті, талшықты және аралас
түрлері. Адамның ортаңғы қабығында біркелкілікті және аралас мембраналар
кездеседі; олар біркелкілікті қабаттан және бір немесе екі талшықты
қабаттардан тұрады. Эластикалық талшықтар, бір жағынан, терезе тәріздес
эластикалық мембраналарға өріледі, ал, басқа жағынан – тегіс миоциттермен
жанасып, бойлай орналасқан эластикалық талшықтардан ерекшеленілген тысты
түзеді. Мембрана аралықты кеңістіктің коллагенді талшықтары көршілес терезе
тәріздес эластикалық мембраналарды жалғауға қатысады.
Эластикалық типті артериялардың ортаңғы қабығының мембраналар
аралығында тегіс бұлшық етті жасаушалар орналасады, олар мембраналарғақарай
қиғаш бағытталады.
Аортаның тегіс миоциттерінің құрылымдық ерекшеліктерінің бірі –
олардың цитоплазмасында көптеген аралықты филаменттердің болуы; олар
виментин белогынан тұрады, ал басқа тамырлардың тегіс миоциттерінің
аралықты филаменттері (олар өте кұшті түрде жиырылғыш болады) – виментин
мен десмин белогынан тұрады. Жиырылғыш қызметімен бірге, тегіс миоциттер
секреторлы функцияны – гликозаминогликандарды, коллагенді және эластинды –
синтездеу қызметін де атқарады.
Гликозиламиногликандарға бай (ГАГ) аморфты затқа терезе тәріздес
эластикалық және коллагенді талшықтар мен тегіс миоциттер батырылып тұрады.
Аорта ортаңғы қабығының осындай құрылысы – оны күшті эластикаландырып,
жүректің сол қарыншасының жиырылу кезеңінде тамырға айдалатын қанның соғуын
жұмсартып, диастола кезеңінде тамыр қабырғасының тонусына тіректілікті
қамтамасыз етеді. Аортаның сыртқы қабығы борпылдақ талшықты дәнекерлі
тінінен тұрады; оның құрамында көп мөлшерде жуан эластикалық және
коллагенді тіндер болады; олар көбінесе бойлай бағытталады. Аортаның
ортаңғы және сыртқы қабықтарында (барлық ірі тамырларға ұқсас),
қоректендіруші тамырлар (Vasa Vasorum) өтеді. Сыртқы қабық тамырды артық
созылу мен үзілуден құтқарады.

Бұлшық етті типті артериялар.

Бұлшық етті типті артерияларға көбінесе, ортаңғы және ұсақ мөлшерлі
тамырлар жатады, яғни ағза артериясының көпшілігі (дене, қол-аяқ және ішкі
мүшелердің артериялары).
Осы артериялар қабырғаларында біршама көп мөлшерлі тегіс бұлшық ет
жасушалары болады; олар қосымша нығайту күшін және мүшелерге қан баруын
реттеуді қамтамасыз етеді.
Ішкі қабығының құрамына базалді мембраналы эндотелий, эндотелийасты
қабат және ішкі эластикалық мембрана кіреді.
Базалді мембранада орналасатын эндотелиалді жасушалар тамырдың бойлай
бағытталатын білікте созылады. Эндотелийасты қабаты жұқа эластикалық және
коллагенді талшықтардан құралады; олар көбінесе, бойлай бағытталған және
шамалы мамандырылған дәнекерлі тінді жасушалардан тұрады.
Бірқатар артериялар ішкі қабықтарында – мысалы, жүректің,
бүйректердің, аналық безінің, жатырдың, кіндік артерияның және өкпелердің
бойлай орналасқан тегіс миоциттер табылады.
Эндотелийасты қабаттың негізгі затында гликозаминогликандар
орналасады. Эндотелийасты қабат ортаңғы және ірі мөлшерлі артерияларда
жақсырақ, ал ұсақ артерияларда – ол шамалырақ дамыған. Эндотелийасты
қабаттан сыртына қарай, онымен тығыз байланысқан ішкі эластикалық мембрана
(membrane elastica interna) орналасады. Ұсақ артерияларда ол өте жұқа
болады. Сәл ірілеу бұлшық етті артерияларда эластикалық мембрана анық
көрінеді (гистологиялық препараттарда ол иірмелі жылтыр эластикалық
пластинкаға ұқсас).
Артерияның ортаңғы қабығыныңда тегіс бұлшық етті жасушалар жайпақ
спираль тәрізді орналасады; оның аралығында аздаған дәнекерлі тінді
жасушалар мен коллагенді және эластикалық талшықтар орналасады.
Коллагенді талшықтар тегіс миоциттердің тіректі қаңқасын түзеді.
Артерияларда І, ІІ, ІV, және V-типті коллагендер табылған. Бұлшық еттердің
спираль тәріздес орналасуы, тамырдың жиырылу кезінде оның көлемін
кішірейтіп, қанның ілгері ағуын қамтамасыз етеді.
Артерия қабырғасының эластикалық талшықтары – сыртқы және ішкі
қабықтарының шекарасында – эластикалық мембраналармен тұтасады. Сонымен,
бірыңғай эластикалық қаңқа түзіледі; ол бір жағынан, егер тамыр созылғанда,
оған созылғыштық беріп, екінші жағынан – қысылған кезде – оған серпінділік
береді. Эластикалық қаңқа – артериялардың бәсеңсуына жол бермейді; мұнда
олардың үңіреуіп түріне мүмкіндік беріп және қан ағымының үздіксіздігін
қамтамасыз етеді.
Бұлшық етті типті артериялардың ортаңғы қабығының тегіс бұлшық етті
жасушалары, өзіндік жиырылуы арқылы қан қысымын ұстап, мүшелердің
микроциркуляторы арнасының тамырларына қанның келуін реттейді. Ортаңғы және
сыртқы қабықтардың шекарасында сыртқы эластикалық мембрана орналасады
(membrane elastika externa). Ол бойлай бағытталған жуан, тығыз бір-бірімен
өрілген эластикалық мембраналардан тұрады; кейде олар бүтін эластикалық
пластинкаға ұқсас болады. Әдетте, сыртқы эластикалық мембрана ішкі түрінен
жұқалау болып және барлық артерияларда онша анық байқалмайды.
Сыртқы қабық – борпылдақ талшықты дәнекерлі тінінен тұрады; мұнда
дәнекерлі тінді талшықтар, көбінесе қиғаш және бойлай бағытталады. Осы
қабықта үнемі нервтер және қабырғаны қоректендіруші қан тамырлары
кездеседі.
Артериялардың диаметрі кішірейгенімен және олардың артерияларға
жақындаған кезінде, оның барлық қабықтары жұқарыла бастайды.Ішкі қабықта
эндотелийасты қабаттың және ішкі эластикалық мембрананың қалыңдығы азаяды.
Ортаңғы қабықтың бұлшық ет жасушалары мен эластикалық талшықтар саны да
біртіндеп азая бастайды. Сыртқы қабықта эластикалық талшықтар саны азаяды
және сыртқы эластикалық мембрана жойылады.

Бұлшық етті – эластикалық типті артериялар.

Бұлшық етті – эластикалық немесе аралас типті (aa. Mixtotupicae)
артериялар, олардың құрылысына және атқаратын жұмыстарының ерекшеліктеріне
қарай, олар бұлшық етті және эластикалық типті тамырлар арасында аралықты
орын алады. Оларға әсіресе, жалпы ұйқы және бұғана асты артериялар жатады.
Осы тамырлардың ішкі қабығы – базалді мембранада орналасқан эндотелийден ,
эндотелийасты қабаттан және ішкі эластикалық мембранадан тұрады. Осы
мембрана ішкі және ортаңғы қабықтардың шекарасында орналасады және басқа
тамырлы қабықтың элементтеріненанық ажыратылуымен және оқшаулануымен
сипатталады.
Аралықты типті артериялардың ортаңғы қабығы – шамамен саны тең
болатын, тегіс бұлшық етті жасаушалардан, спиральді бағытталған эластикалық
талшықтардан және терезелері бар эластикалық мембраналардан тұрады. Тегіс
бұлшық еттер жасушалар мен эластикалық элементтер аралықтарында аздап
фибробласттар мен коллагенді талшықтар кездеседі.
Артериялар сыртқы қабығында екі қабатты ажыратуға болады. Құрамында
бөлек бұлшық етті жасаушалар будалары бар ішкі қабаты және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамыр тонусын реттеу
Дәрілік өсімдіктер жайлы
Жүрек жүйке орталықтарының тонусы
Бауырдың атқаратын қызметтері, бауыр циррозының клиникалық көрінісі
Қант қызылшасы
Мал дәрігерлік офтальмология
Мидың қан кетуінің негізгі себебі - жоғары қан қысымы
Фибриноидты ісіну
Мерез кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдалуы
Оқу әдістемелік құрал жоғарғы медициналық оқу орындарының мейірбике ісі мамандығы бойынша оқитын жоғарғы курс студенттеріне арналған
Пәндер