Батыс Қаратүлей алаңының геологиялық құрылысы, мұнайгаздылы болашағы мен мұнай-газ кеніштерін іздестіру жұмыстарының жобасы


Мазмұны
КІРІСПЕ . . .
I. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1. Алаңның (ауданның) физикалық, географиялық, экономикалық жағдайлары . . .
1. 2. Алаңның геологиялық, геофизикалық зерттелу тарихы . . .
1. 3. Литологиялық, стратиграфиялық қима . . .
1. 4. Тектоника . . .
. 5. Мұнай-газ белгілері мен барлығын және кен орындарын ашудың болашағы . . .
1. 6. Жер асты суларының сипаттамасы . . .
1. 7. Мұнай және газ қорларын есептеу . . .
1. 8. Жобалау, іздестіру жұмыстарының әдістері мен көлемі . . .
1. 8. 1. Іздестіру жұмыстарының мақсаты мен міндеттері . . .
1. 8. 2. І здестіру жұмыстарының мақсаты мен міндеттері . . .
1. 9. Мұнайгаз түзуші кешендердің пайда болуы. (арнайы тарау) . . .
II. ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2. 1. Ұңғы бұрғылаудың геологиялық жағдайлары . . .
2. 2. Жуу сұйықтығының қатарының сипаттамасы . . .
2. 3. Ұңғымалардың үлгілі құрылмасын негіздеу . . .
2. 3. 1. Қолдану тізбегін есептеу . . .
2. 3. 2. Пайдалынатын құбырды цементтеуді есептеу . . .
2. 4. Ұңғы сағасын жабдықтау . . .
2. 5. Геологиялық, геофизикалық зерттеулер жинағы . . .
2. 5. 1. Шламды және жыныс үлгісін іріктеу . . .
2. 5. 2. Геологиялық, геохимиялық зерттеулер . . .
2. 5. 3. Өнімді қабаттарды сынау және бақылау . . .
2. 5. 4. Пайдалану тізбегі түсірілгенен кейін, ұңғыны өнімдікке байқау. .
III. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
Мұнай мен газға геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру. .
2. 5. 5. Еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру . . .
2. 5. 6. Материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру . . .
2. 5. 7. Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерді есептеу. .
IV. ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
4. 1. Еңбек қорғау . . .
4. 1. 2. Пайдалы қазбалар, мұнай-газдың физикалық, химиялық қасиеттері.
4. 1. 3. Таңдаған қоймалар мен қоршаған ортаны қорғау . . .
4. 2. Қоршаған ортаны қорғау . . .
4. 2. 1. Табиғи қоймалар мен қоршаған ортаны қорғау . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
графикалық тізімі
1. Аудан жұмысының шолу картасы.
2. Жобаланған литологиялық-стратиграфиялық қимасы.
Масштаб1:10 000
3. Солтүстік Үстірт ойпатының - тектоникалық схемасы. Масштаб 1:100 000
4. “III”, “IV”, “V 2 ” және “б” шағылыс горизонты бойынша құрылымдық картасы.
Масштаб 1:100 000
5. I-I және II-II сызықтары бойынша геологиялық-геофизикалық профильдері.
Масштабы: көлденең 1:20 000
тігінен 1:100 000
6. Геологиялық-техникалық тапсырма. Масштаб 1:10 000
7. Негізгі техникалық, экономикалық көрсеткіштер.
АНДАТПА
Дипломдық жобада Батыс-Қазақстандағы Солтүстік-Үстірт мұнайгаз облысында орналасқан, Батыс Қаратүлей алаңында жиналған геологиялық-геофизикалық мәліметтер негізінде мұнай іздеу жұмыстарының геология-техника - экономикалық тиімділігі бекітіледі.
Жобайлайтын алаңда жоғары триас және ортаңғы юраның бат, байос, аален ярустарының түзілімдері өнімді болып табылады. Жобалау тереңдігі 4300м., төрт іздеу ұңғыларын тұрғызу болжанады (біреуі тәуелcіз, үшеуі тәуелді) . Жобалау беткейлері: жоғарғы юра және ортаңғы юра түзілімдері (бат, байос, аален ярусы) мұнайдың С 3 категориясы бойынша есептелінген қоры 81285568млн. т. құрайды.
АННОТАЦИЯ
В дипломном проекте обосновывается геолого-технико-экономическая целесообразность постановки поисковых работ на нефть, на основе геолого-геофизических материалов, собранных по площади Батыс Каратулей расположенной в Западном-Казахстане Северо-Устюртской нефтегазоносной области на проектируемой площади продуктивны отложения верхнего триаса и средней юры бат, байос, аален яруса.
Проектируется заложение четыре поисковых скважин (одна независимая и три зависимые) с проектной глубинной 4300м. Проектные горизонты: верхняя юра и средняя юра (бат, байос, аален яруса) .
Подсчитанные запасы нефти категорий С 3 составляет 81285568млн. т.
ШОЛУ КАРТАСЫ
Масштабы 1:3 000 000
Кіріспе
Қазақстан мұнай мен газдың қоры бойынша бай мемлекеттердің қатарына жатады. Оның территориясына көптеген мұнайгазды облыстар кіреді. Соның бірі Солтүстік Үстірт мұнайгаз облысы.
Триас, юра, бор, палеоген түзілімдерінен ашылған мынадай кенорындар бар: Арыстан, Қарақұдық, Қайың, Шағырлы-Шөмішті және Базой т. б. Жалпы алғанда Солтүстік Үстірт мұнайгазды облысы өзінің масштабы бойынша Батыс Қазақстандағы мұнайгаздылы аудандардан ерекшелінеді. Батыс Қаратүлей алаңы Солтүстік Үстірт мұнайгазды облысында орналасқан. Тектоникалық жағдайы бойынша Тұран тақтасында жатыр.
Өндірістік геологиялық бірлестік “Қазгеофизиканың” алдына қойған мақсаты: ауданның құрылымын сейсмобарлау МОГТ әдісімен зерттеу юра-бор және юра алды кешенді түзілімдерді толық зерттеу, мұнай-газ болашағын зерттеу және тереңдік іздеу бұрғылауға дайындау болады .
Берілген ауданда МОГТ жұмыстарын жасаудың негізгі алғы шарттары аудандық МОВ және аймақтық МОГТ іздеу зерттеулері болып табылады.
Осыған байланысты далалық жұмыстардың жаңа әдістерін қиманың юра-бор бөлігінің құрылысын нақтылау және юраға дейінгі бөлігін зерттеу үшін цифрлық тіркеу аппаратын қолданып МОГТ жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Қазіргі кезде бұл аймақта тек юра-бор қабаты ғана емес, сондай ақ перм-триасқа дейінгі іргетасты жауып жатқан юраға дейінгі шөгінді кешені де мұнай-газ іздеу бағытында болашағы мол болып отыр.
Аймақтық және сейсмикалық зерттеулер Солтүстік Үстірт көтерілімді белдемінде төменгі кешен тармағының жоқ екендігін көрсетті, яғни кристалды іргетасы қалың перм-триас қабаты жауып жатыр.
1984-1987 жылдар аралығында «Қазгеофизика» экспедициясы Солтүстік -Үстірт ойпатының Батыс Қаратүлей алаңында геофизикалық және сейсмикалық жалпы терең нүктелік әдістердің (МОГТ) жұмыстары жүргізілген.
Геологиялық есебіне байланысты, «Қазгеофизика» экспедициясының алдында сол жылдары мынадай мақсат тұрған: Солтүстік-Үстірт ойпатының юра және юраға дейін түзілімдерде геологиялық құрылысында, осы құрылыстарда мұнай және газдың болашағының болуын зерттеу еді.
Солтүстік Үстірттің көтерілім бөлшектерінде палеозой түзілімдер іздеу объектілермен шектелген. Бұл жоспарда триастың түзілімдері нақтылы көрсетілген.
Батыс Қаратүлей алаңында іздеу бұрғылау жұмыстарының мақсаты сол алаңнан юра және бор шөгінді жынысындағы көмірсутек белгілерін анықтау, сонымен қатар берілген мәліметтерге сүйене отырып толығымен сипаттама беру.
Осы дипломдық жобаға сәйкес барлық бөлімдері толығымен орындалды. Орындалған мәлімет қорытындыларында, Батыс Қаратүлей алаңында келешекте іздеу бұрғылау жұмыстарын жүргізу керек пе? деген сұрақтың толығымен жауап беру бастамасы ретінде болып табылады.
Сонымен қатар бұл дипломдық жобада мен материалдарды “Геологиялық” фондтан қарастырып және пайдаландым.
Бұл дипломдық жобада мен сонымен қатар АБ “ЮжКазнедра” геологиялық фондынан, қарастып және пайдаланған материалдарды және ең алдымен “Өзенмұнайгаз” өндірістік бірлестігінде өткен диплом алдындағы практикада жинаған дипломға қажетті материалдарды пайдаландым.
1. Геологиялық бөлім.
1. 1. Алаңның физикалық, географиялық, экономикалық жағдайлары.
Батыс Қаратүлей алаңы административтік орналасу жағынан Маңғыстау облысында жатыр.
Географиялық жағынан келсек Солтүстік-Үстірт, солтүстік және оңтүстіктен бұл аудан 44 0 50 / және 44 0 00 / параллельдермен қоршалған, ал батысы мен шығысы 53 0 30 / және 54 0 15 / меридиандарымен шектелген геологиялық жағынан келсек - Астауой-Ырдалы моноклиналінің батыс бөлігінде және Солтүстік-Үстірт ойпаңының оңтүстік батыс бортында орналасқан.
Үстірт ауданның жұмыстары жалпы айтқанда оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай төмендеуін көреміз, солтүстік-шығыс бөлігінде терең емес, қысқа жыралармен (овраг) көрсетілген.
Абсалюттік биіктігі +177м-ден (оңтүстік-батыс бөлігі) +107м-ге дейін өзгеріп тұр (солтүстік- шығыс бөлігі) .
Территорияның географиялық ауданы бойынша Орта азиялық белдемінің континентальды климатына жатады. Климаты континентальді жазда ыстық, құрғақ, қыста-аяз. Жаздың ең ыстық кезеңі -шілде (max-ды t-сы +45 0 С), суық айы -қантар (min-ді t-сы -35 0 С) . Көктем мен күзде ауыспалы ауа-райы болып тұрады. Жауын-шашынның мөлшері орта есебі 100-170 мм/жылына көбінесе қыс және көктем айларында жиі болып тұрады. Желдің соғуы қатты, ол көбінесе дауыл-шаңдар ретінде болады. Желдің жылдамдығы 20-25м/с шығыс және оңтүстік шығыс бағытпен соғады.
Өсімдіктердің жамылғысы шамалы, көбінесе сор және жылым, Солтүстік-Үстірт территориясында су көздері жоқ, құдықтардың суы ащы-тұзды, ішуге жарамсыз.
Жергілікті халқы қазақтар, олар мал шаруашылығымен айналысады.
Жақын маңда асфальтты жолдар және темір жолдар бар. Бұл жолдардан басқа, жобаланған алаң маңына барлық автотранспорттардың қозғалуына ыңғайлы грунтты жолдарды пайдалануға болады, әсіресе құрғақ жылдар кезінде.
Осы ауданда жалғыз станция ретінде - Сай-Утес станциясы. Алаңның жұмыстары Атырау, Бейнеу-Ақтау темір жолымен қиылысады, оның жанында мұнай-газқұбыры жүргізілген.
Автотранспорттың құрғақ уақытта өту жағдайы қанағаттау, сонымен қатар грунтты жолдарда және жол салынбаған жерлерде.
Дала жұмыстарының жүргізу жағдайына байланысты, тұрғылықты жер I және II категориялы қиындыққа жатқызылады.
1. 2. Алаңның геологиялық, геофизикалық зерттелу тарихы.
Солтүстік-Үстірттің геологиялық құрылысын бірінші мәліметтері XIX ғасырдың екінші жартысында және XX ғасырға жатқызылады.
Негізгі зерттеушілері: Н. А. Северцева, Н. С. Никитина, М. В. Баярунаса және Н. А. Андрусова.
Солтүстік-Үстірттің стратиграфиясы, тектоникасы, гидрогеологиясы бойынша жұмыстардың көбі О. С. Вяловтың жұмыстарына енеді. Нәтижесінде Үстірттің 1:2 масштабты геологиялық картасы құрылды.
1944 жылдан бастап А. Л. Яншиннің басқаруымен үлкен аймақтық территорияда геологиялық зерттеу басталды. Онымен ең бірінші Солтүстік-Үстірт жүйесінің ойысы көрсетілген, масштабы 1:1000 000-дық геологиялық картасы құрастырылған.
Солтүстік-Үстіртте мезозой-кайнозой түзілімдерінде мұнайгаздылықтың пайда болуы туралы қағидалар берілді. Юра және бор түзілімдерінің мұнайгаздылығының болашағын құрылымдық тектоникалық аймақтарда анықталуының мақсаты 1958 жылы Батыс Қазақстан геологиялық басқармасының үкімі бойынша Қызан, Астауой, Құмтөбе, Ырдалы, Еліғажы және т. б. алаңдарда терең барлау-бұрғылау жүргізілді. Бор, юра және триастың жоғарғы бөлігінде мұнай мен газ анықталмаған, тек қана Шағырлы-Шөміштіде жоғарғы эоцен түзілімдерінде ашылды.
Солтүстік Үстірттің юра-бор және юра алды түзілімдер кешенінде, іздеу және параметрлік терең бұрғылау жұмыстары 1970 жылы жүргізілді. 1970-71 жылдар аралығында Гарецкий Р. Г, Кирюхин Л. Г. геологиялық-геофизикалық зерттеушілердің 1965-1969 жылдар аралығындағы қорытындылары көрсетілген.
Іргетасының құрылысы, аудандалған территориялардың тектоникасы қарастырылған, ауыспалы кешені және іргетас беті бойынша құрылымдық карталар құрастырылған. Олардың қарым-қатынасы қарастырылған, юраға дейінгі түзілімдерінің мұнайгазды болашақтағы жағдайы айтылған. Сонымен қатар юра түзілімдерінің таралу жағдайы, шекарасы келесі бағыт зерттеулерін ұсынған. Олардың геохимиялық негіздерін және литофациалдық құрамы зерттелінеді, соның көмегімен мұнайгазды өнімдердің потенциалын анықтау керек.
1971-1975 жылдары ПГО «» мынадай аудандарда барлау-бұрғылау жұмыстарын жүргізген: Терең, Мұрынсор, Астауой, Ырдалы, Арыстан, Қарақұдық, Еліғажы т. б. құрылымдар, «» трестімен табылған және дайындалған. Екі мұнай кенорындары ашылған: Арыстан және Қарақұдық. Шоғырлары юра түзілімдеріне бейімделген. Бұл аудандарда кәсіптік мұнай ағындарының алынуы іздеу-барлау, бұрғылау жұмыстарының өрістеуіне әкелді, бірақ бұл жұмыстардың негізгі көлемі юра түзілімдерімен байланысты, стратиграфиясы және палеозой-триас түзілімдерінің құрылымы әлі де белгісіз жағдайда болып отыр. Аймақтың басты бөлімінде жоғарғы және ортаңғы триастың сұр түсті-ашық түсті түзілімдері бірінші обьектісінде зерттелуі керек, терең бұрғылауға қолайлы болып келеді. Сонымен қатар, палеозой кешені терең бұрғылауына орынды. Юраға дейін анықталған түзілімдердің ұңғылары 1. 1. -кестеде келтірілген.
Солтүстік-Үстірттің геологиялық құрылысының зерттелуі және геофизикалық іздеу әдістері 50-жылдан басталады.
1954-1958 жылдары ауданның барлық жұмыс масштабы 1:200 000-дық аэромагниттік түсірілуімен қамтыған. Солтүстік-Үстірттің территориясы теріс аномалиялы жұмыстары көрсетті. Жұмыстың қорытындысы бойынша магнитті аномалиялы шағылыс карталары құрылған. Кристалды іргетасының құрылысына байланысты. 1973-1975 жылдары қарастырылып отырған территория масштабы 1:50 000 жоғарғы дәлдік аэромагниттік түсірілумен шектеліп отыр. Бұлар кванттық магнитометр және радиогеодезиялық байланыстыру бағытымен жүргізілген. Территорияда жаңа тектоникалық жарылымдар анықталған.
1950-1954 жылдары бірінші гравиметрлік зерттеулер тек қана жалпы гравитациялық алаңның мәліметтерін берді, ол Солтүстік-Үстірттің құрылымдық элементтерінде шағылуын тапты. Солтүстік-Үстірттің орталық бөлігінің ойысында аймақтың гравитациялық алаңында локальді аномалиялардың тартылу күші белгіленген.
1954 жылы В. А. Лапшовтың гравиметрлік зерттеу жұмыстары бойынша, Маңғышлақтың терең геологиялық-тектоникалық құрылысының картасы құрастырылған. Соның көмегімен Арал-Каспий аймағының іргетасы бойынша тектоникалық аудандау орындалды.
1968 жылы Солтүстік-Үстірттің территориясы гравиметрлік түсірілулермен жабылған, масштабы 1:50 000. Жұмыстардың нәтижесінде масштабы 1:50 000 гравиметрлік карталары қалдық ауытқу және
Equation. 3 аймақтық карталары келтірілді. Бейнеу, Ырдалы, Тоқыбай және т. б. ауытқулар пайда болды.
1973-1975 жылдары Тоқыбай және Оңтүстік-Арыстан алаңында электробақылау жұмыстары, гравибарлау және геофизикалық зерттеу және түзу іздеу жұмыстары жүргізілді. Мезозой-кайнозой кешенінің таужыныстарының электрлік құрамы осы жұмыстарда берілген. Сонымен қатар, осы зерттеулер бойынша юра-бор жасты түзілімдер көрсетліген. Бұл әдіс юра түзілімге қолайсыз. Сейсмикалық зерттеулер геофизиканың басты әдісі болып табылады, территориядағы құрылысын терең зерттеу үшін қолданылады. Жалпы терең нүктелік әдісінің МОВ жұмыстары «» және Қазақ геофизика трестімен орындалады.
1964 жылы жұмыстары көмегімен Қаратүлей және Тоқыбай құрылымдары пайда болды. Арыстан, Қарақұдық, Батыс Қаратүлей құрылымдары зерттелінді. Осы жұмыстар көмегімен терең бұрғылауға дайындалды. Іргетастың жоғарғы құрылыс және жоғарыда шағылып жатқан шекаралар зерттелінді.
1970 жылы Кухин Н. Я. және Волож Ю. А. сейсмикалық жұмыстары көмегімен іргетастың құрылысын айтып берді, масштабы 1:1 000 000-дық іргетастың беті бойынша құрылымдық сұлбасы келтірілді.
1973 жылы Рахметова Р. А. және т. б. 1980 жылы Сапожников Р. Б. және Волож Ю. А. сейсмикалық материалдарын қарастырды. Бұл жұмыстар көмегімен аймақтық құрылымның және палеозой-триас түзілімдерінің қалындықтарының өзгеруін, фактілі материалдар бойынша іргетастың құрылысын анықтады.
1962-1964 жылдары аймақ және аудан бойынша жүргізілген жұмыстары Солтүстік-Үстірт түзілімдерінің мезозой-кайнозой кешенінің тектоникалық құрылысын жарыққа шығаруға мүмкіндік берді. Неокомның жабыны бойынша (III горизонт) құрылымдық схемасы жасалды.
1967 жылдан бастап Солтүстік-Үстіртте «» трестімен сейсмикалық жұмыстар жүргізілді. Топталған жарылыстар қолданды. Соның нәтижесінде магнитті жазылумен бірге ұқсас аппараттары геологиялық әсерлік үйлестік жұмыстары жоғарылатты. Нәтижесінде I және III горизонттардан басқа ортаңғы юра қабатында IV горизонт анықталды.
1970 жылы геофизика экспедициясы Солтүстік-Үстірт территориясын МОГТ әдісімен жоспарлы, зерттеу жұмыстары басталды. Осы әдіспен мезозой және кайнозой кешендерінің құрылысын толық зерттеу мақсатында аймақтық қималарды зерттеу жұмыстары жұргізілді. Алғашқы жұмыстары 12 қысқа қималық жүйесі орталық бөлігінде ұзындығы 4600м. жарылу интервалы - 200м. топталған сейсмоқабылдағыштар - 11 дана, базадан 90м., 11 ұңғымада қоздыру тербелістер жүргізілді. Орташа ток күші 100 А.
1972 - 1974 жылдары Солтүстік-Үстіртте МОГТ аймақтық жұмыстарын жүргізу жалғасып жатты. Осы жұмыстардың нәтижесінде юраға дейінгі, юра, бор түзілімдері бойынша Солтүстік-Үстірттің біршама бөлігінің тереңдік құрылысы зерттелді. РТ 1 шағылыс горизонты бойынша келесі көтерілімдер анықталды: Астауой, Қаратүлей, Батыс Ырдалы, Хакім, Құлажат, Орлын, Бегеш, Еліғажы. Сондай-ақ Арыстан көтерілімі Қарақұдық құрылымдары да анықталды. 1974 жылы өткен жылдарда геофизикалық материалдар қорытындылады. Солтүстік-Үстірт сейсмикалық тобымен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Солтүстік-Үстірттің территориясын күмбездік құрылымдық картасы тұрғызылды. III және IV шағылу горизонттарының құрылымдық карталарында қатар бөлікшелері белгіленеді, амплитудалары 20-25 м, біртекті және бірқалыпты құрылымдары болжамды түзіліп жатыр. Соларың бірі Батыс Қаратүлей көтерілімі солтүстік бастыста орналасқан. Жоспарда бұл учаскелер (III, IV горизонт бойынша) Қаратүлей көтерілімінің шегінде орналасқан және 5/84-87 сейсмопартиясының жұмыстарымен «б» горизонты бойынша анықталған.
Солтүстік-Үстірттің және жақын жатқан территорияның жүргізген жұмыстарының нәтижесінде масштабы 1:500 000 құрылымдық карталары IV горизонт (байос табаны) және V (юра табаны) горизонттары бойынша және V 2 (жоғарғы триастың табанымен) «б» (палеозой табаны) горизонттары бойынша құрылымдық схемалар тұрғызылды.
1982-1986 жылдары сейсмикалық МОГТ зерттеу жұмыстары Арыстан, Ұялы, Еліғажы, Қаратүлей, Ұзынтөбе аудандарда жүргізілді. Осы жұмыстарының нәтижесінде осы аудандарда құрылымдық карталар тұрғызылды: III (табаны неоком) шағылу горизонты бойынша IV (табаны байос), V 1 (табаны юра), схемалық-құрылымдық карталары V 2 ( жоғарғы триас табаны) және «б» ( палеозой жабыны) . Қабаттың қалыңдығы және қабаттың жылдамдығының сұлбасы тұрғызылды.
Олардың мәліметтері бойынша юраға дейінгі түзілімнің стратиграфиясын және тектоникасын жазып берді. Біріншіден, құрылымдық тектониканың аймақтық кешені берілген, перм, триас түзілімдерінің қимасында қалыптасқан. Келесі геофизикалық зерттеулерге мінездеме берілген, қосымша аймақтық МОГТ жұмыстарын Бозашыда, Солтүстік-Үстірт және Каспий маңы ойпатының қосылған жерінде жүргізу, сонымен қатар МОГТ сейсмикалық зерттеу және іздеу жұмыстарын перм және триас түзілімдерінің құрылымына көзделінген. Геофизикалық зерттеулер 1. 2. -кестеде берілген.
1. 2. - кесте
Геофизикалық зерттеулер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz