Маңғыстаумұнайгаз Акционерлік қоғамында өнім сапасын басқаруды талдау


«Маңғыстаумұнайгаз» магис диплом
Кіріспе1
І Бөлім. Сапа - өнімнің бәсекелік қабілеттілігін арттыру факторы7
1. 1. Өнім сапасының мәні және оның негізгі көрсеткіштері7
1. 2. Өнімнің бәсекелік қабілеттілігін арттырудың маркетингтік стратегиясы. 12
1. 3 Өнім сапасының деңгейін бағалаудың әдістемелік негіздері. 21
ІІ Бөлім «Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік қоғамының қазіргі жағдайына баға беру. 30
2. 1. «Маңғыстаумұнайгаз» Ақционерлік қоғамының өндірістік - шаруашылық жұмыстарына сипаттама беру. 30
2. 2. Маңғыстаумұнайгаз Акционерлік қоғамында мұнайдың сапасын басқаруды талдау. 60
ІІІ Бөлім «Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік қоғамында өнім сапасын басқаруды жетілдіру жолдары71
Қорытынды81
Қолданылған әдебиеттер87
Кіріспе
Қазіргі нарық қатынасына көшіп жатқан кезде өнім, жұмыс және қызмет көрсету сапасы еліміздің әлеуметтік - экономикалық өркендеуінің ең негізгі көрсеткіші.
Адамның ұдайы өсіп келе жатқан және біртұтас қоғамның сұранысы сапасыз ешқашанда қанағаттандырылмайды. Сапа негізінен экономиканың жетілгенін аңғартатын көрсеткіш. Өсу сапасы ғылыми техникалық прогрессті жеделдетуге, өндірістің техникалық дәрежесін және барлық экономикалық қызмет түрлерінің сапасын арттыруға негізделген қоғамдық өндірісті интенсивтендіруде көрініс алып, түбінде өнім, жұмыс, қызмет көрсету сапасына ықпал етеді. Ғылыми - техникалық прогресспен өнім сапасы өзара тығыз байланысқан, оларды бір - бірінен ажыратуға болмайды. Өйткені сапа ғылыми - техникалық дамудың қорытындысын көрсететін ғылым және техника жетістіктерін пайдалану дәрежесіне сабақтас.
Сапа проблемасы біздің дамып келе жатқан еліміздің экономикасының көкейтесті проблемасы болған және солай болуда болуда. Бұл проблеманың тереңдігі соншалықты ол әрбір адамға, әрбір жанұяға қатысты, адамның еңбек, тұрмыс, демалыс жағдайларына әсерін тигізеді. Өнім және қызмет көрсету сапасы тұрмыс сапасына тікелей байланысты, сондықтан да сапаның төмендігі бірден сезіледі.
Бұл мәселе бұрын да назардан тыс болған жоқ. Өнім сапасын реттеу жолында кешенді жүйелер жасалып, өнім сынақтан өткізіліп, стандарттау кең қанат жайған болатын. Сапаны бақылауға жеткіліксі көңіл бөлінгенімен сапа жолындағы күресті материалдық жағынан ынталандыру шаралары ойластырылған болатын. Жасалынған жоспарларда жоғары дәрежелі сапалы өнімдердің көлемі көрсетілетін. Алайда жүзеге асырылған шаралар дерлік нәтижеге жеткізбей өнім сапасы төменгі деңгейде қала берді. Жоғары сапаға өндірістік және әлеуметтік салаларда қоғамымыздың бүкіл тыныс тіршілігінде түбегейлі терең бетбұрыс болмай қол жеткізе алмайтынымыз хақ. Оған жетудің бірден - бір жолы ғылыми - техникалық прогрессті жеделдету жолы. Тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын арттыру проблемасын шешпей тұрып Қазақстанда нарық тауарының бәсекелестік қабілетін күшейту мүмкін емес.
Магистірлік жұмыста мұнай мен газ нарқы зерттеліп, Қазақстан Республикасындағы сапа жөніндегі жұмыстың жағдайы мен үйымдастырылуына баға беріліп, тәжірибе талданылды.
Соңғы жылдары Қазақстанда айтарлықтай саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер болып жатыр. Мұндай жағдайда жақсы дамыған экономика және заңдылық құрылым туралы сөз қозғау ертерек. Кез келген орынсыздық дұрыс бағыттан ауытқытып, тайдырып жіберуі мүмкін. Нарықтық реформалар жүйелі жолдан тайса ауыр кесапатқа соқтырары сөзсіз, бизнес жүйесінде күтпеген өзгерістер болуы мүмкін. Саяси, заңдылық, салықтық жағдайдағы сенімсіздік және осы факторлардың біреуі ғана бойынша сәтсіздікке ұшырасақ, істі табысты жалғастыру мүмкіншілігінен айырыламыз. Қандай өзгерістер боларын, оның қандай нәтиже берерін алдынала болжай алмайсың. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың басты мақсаты - елді экономикалық дамудың жаңа деңгейіне алып шығу. Бұл істе сапа мәселесі ерекше мәнге ие, осы мәселені шешу нарықтық ортаның қалыптасуына, жаңа нарықтық субъектілерінің пайда болуына шаруашылық жүргізу механизмнің ажырамас бөлігі болып табылатын нарықтық бәсекелестіктің бекітуіне зор ықпалы бар.
Нарықтық өндірісті реттеуде бәсекелестікті қолдану мүмкіндігін болдырмайтын маңызды жағдай - бұл барынша сапалы, барынша жетілдірілген, сатып алушылардың сандаған сұранысын қанағаттандыра алатын әр - алуан тауарлар ұсыну.
Жұмыстың объектісі болып «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы саналады.
Қазіргі таңда мұнай өндіруші кәсіпорындардың алдына қойған міндеттерін шешу үшін мынадай факторлар әсерін тигізеді:
- көптеген елдердің және аймақтардың экономикасының дағдарысқа ұшырауы.
- Қазақстан экономикасында өндірістің қысқаруы және энергияны тұтынушылардың төмендеуі.
- Қазақстанда әлеуметтік проблемалардың күрт өсуінен жұмыссыздықтың пайда болуы.
- «өндіруші - тұтынушы» қатынасында көп мөлшерде делдалдардың болуы.
- Дүниежүзілік нарықта мұнай жабдықтаушылармен мұнай компаниялары арасындағы күрестің шиеленісуі.
- Дүниежүзінде ірі мұнай өндіруші елдердің және компаниялардың бірігу мүмкіндігі.
- Мұнай өндіру аймақтарында экологиялық проблемалардың көбейіп кетуі.
- Мұнай кешенінің өндірістік құрлымын жақсарту және дамыту.
- Қазақстанның қаржы нарқында несие ставкаларының өсуі.
- Дүниежүзілік нарықта балансын
құруда энерготұтынушылардың сұранысы.
Сонымен қатар кәзіргі кезде кәсіпорындар инновацияларды қолдауға қажет қаржы тапшылығына тап болуда. Нарықтық қатынастарға көшу және халықаралық экономикалық жүйеге кіру бағалы қағаздар эмиссиясы арқылы қаржы көздерін тарту мүмкіндіктерін туғызып отыр. Қазақстанның мұнай өндіруші кәсіпорындары арасында әлі мұндай қағаздар эмиссиясын тарту әлі дұрыс қолға алынбаған, Қазақстанның мұнай өндіру өнеркәсібіндегі ғылыми - техникалық жеделдету қарқыны жаңа жобаларды қаржыландыру жоқтың қасы, қолда бар технологияның ескіруінің артуы, шетелдік капиталды тарту үшін халықаралық есепке алу және қаржылық есепті қолдану қажеттілігі және де амортизациялық саясатты өзгерту қажеттігін көрсетіп отыр.
Осы мәселедерді шешу жолдары жұмысымда қаралған, себебі кәсіпорындардың қолда бар технологиялар мен инновацияларды енгізуді қолдау мүмкіндігін артырар еді. Өйтпеген жағдайда таяу болашақтың өзінде мұнай өндіруші кәсіпорындарда өнім өндіру төмендейді.
Сонымен қатар магистірлік жұмыста нарықтық қатынастардың қызмет етуінің әмбебап экономикасы шаруашылық құралы ретіндегі сапа жөніндегі жұмысты Қазақстан экономикасындағы басқарудың барлық деңгейінде жетілдіру қажеттігі теориялық және практикалық жағынан дәлелденді. Сонымен қатар сапаны басқару процесін жетілдіру жөнінде нақты ұсыныс пен стратегиясының бағыттары, оларды кәсіпорын деңгейінде жетілдіру тәсілдері қаралды.
І Бөлім. Сапа - өнімнің бәсекелік қабілеттілігін арттыру факторы
1. 1. Өнім сапасының мәні және оның негізгі көрсеткіштері
Қазіргі заманғы нарықтық экономиканың өнім сапасына қоятын талабы мүлде ерекше. Бүгінгі таңда кез - келген кәсіпорынның өміршең болуы, тауарлар мен қызмет көрсету нарығында нық орын алуы, оның бәсекеге төзімділігіне байланысты. Өз кезегінде бәсекеге қабілеттілік екі көрсеткішпен байланысты біріншісі - баға деңгейі, екіншісі - өнім сапасының деңгейі. Екінші көрсеткіш біртіндеп алға шығуда. Еңбек өнімділігі, барлық ресурстарды үнемдеу өнім сапасына орын беруде.
Сапа - кәсіпорын беделі, гүлдену, кіріс түсіру көзі. Кәсіпорында сапаны басқару жөніндегі жұмыс басшыдан нақты орындаушыға дейін бүкіл персонал үшін абыройлы іс.
Өнім сапасы - кәсіпорын жұмысындағы маңызды көрсеткіш. Өнім сапасын арттыру кәсіпорынның нарық жағдайындағы өміршеңдігін анықтап, ғылыми - техникалық прогресстің өсу ырғағын, өндіріс тиімділігінің өрлеуін көрсетеді, кәсіпорында пайдаланылып отырған барлық ресурстарды үнемдеуді үйретеді.
Өнім сапасының өсуі әлемнің барлық жетекші кәсіпорындарына тән.
Сондықтан шығарылатын өнімнің сапасы олардың арасындағы негізгі бәсеке. Қоғамдық ғылымда “сапа” философиялық түсінік, ал жобалау, жоспарлау, басқару - техникалық категория. Сонымен бірге “сапа” түсінігі “тұтынушы бағасы”, “ баға”, “тиімділік”, “құн”, “жалақы”, “ материалдық ынталандыру шаралары” сияқты түсініктермен тығыз байланысты экономикалық категория.
Қазірше “сапа” және оған өте жақын “техникалық деңгей” түсінігі экономикалыққа қарағанда, техникалық аспектте нақтыландырылады.
Өнім, тауар, қызмет көрсету қажеттілігін есептеп шығарғанда, баланс есептерінде, мақсатты кешенді халықшаруашылық бағдарламаларында, сондай - ақ жоспарларда сапа басқа көптеген көлемді көрсеткіштер қатарында елеусіз қалуда. Сондықтан “сапа” түсінігін “экономиялау” өте қажет.
Сапа экономикасына көңіл бөлінбей өнім сапасының көтерілмейтіні анық. Сөздіктерде философиялық категория ретінде сапаға мынадай анықтама жие беріледі: «сапа заттың татымды анықтығы» делінген. Басқаша айтқанда, заттарды ерекшелендіретін сапаға акцент жасалынған. Әрине, әрбір заттың өзіндік қасиеттері бар екендігі сөзсіз. Алайда тұтынушыларға заттың тек сапалық қасиеттері ғана қажет емес, оған оның пайдаланылған кездегі тұтынушылық сапасы керек. Әр зат тұтынушыны өзінің атына сай қанағаттандыруға тиіс. Мысалы: шегені тек балғамен қағу керек. Әрбір затпен өзіне тиісті жұмыстар ғана жасалынады. Сағат уақыттың қанша болғанын көрсететін зат. Оны шығарушы шеберлер сағат уақытты дәл көрсетіп, ұзақ жылдар бойы пайдалануға жаласа болды, деп түсінеді. Ал тұтынушылар оған қосымша сағаттың әдемі, көзге тартымды, ықшамды, су мен шаңды өткізбейтін, татқа желінбейтін, бұзылып қалса оңай жөнделетінін қалайды. Осы талаптарға сай келмеген жағдайда, тұтынушы оны сапалы зат деп мойындамайды және сатып алмайды. Сондықтан тұтынушының ой - пікірін, заттың пайдаға асар - аспасын ескермей өнім шығару дұрыс емес.
Менің ойымша “өнім сапасы” түсінігін басқаша экономикалық категория ретінде сапа принциптерін біріктіре сипаттауға болады. Атап айтқанда, өнім сапасы дегеніміз тұтынушы талғамына сәйкес келетін нақты сұраныстарды қанағаттандыратын бір топ қасиеттер. Өнім сапасы тек бір қасиетпен шектелмейді, ол бірнеше жағымды қасиеттердің жинағы. Олардың әрқайсысына тоқталсақ, өнім қасиеттері сапа көрсеткіштерінде сапалы көрінбек. Өндірістік - техникалық қызметке арналған өнім үшін негізгі міндет өнімділік көрсеткіші немесе белгілі бір уақыт ішінде көрсетілетін қызмет көлемі.
Сенімділік көрсеткіші - бүйымның толассыз жұмыс істеуі, сақталымдылығы, жөндеуге жарамдылығы, сондай - ақ ұзақ уақытқа төзімділігі.
Технологиялық көрсеткіштер - өнімді өндіру және жөндеу кезінде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін конструкторлық -технологиялық тиімділікті сипаттайды.
Стандарттау және унификациялау көрсеткіштері - өнімнің стандарт, унификация және ерекше құрама бөлшектермен қанықтырылуы.
Эстетикалық көрсеткіштер - ақпараттық мәнерлікті форма тиімділігін, компазицияның біртұтастығын, бүйымды жасаудың жетістігі мен тауарлық түрін қалыптастыруды сипаттайды.
Тасымалдау көрсеткіштері - өнімнің тасымалдауға жарамдылығын
анықтайды.
Патенттік - құқықтық көрсеткіштер - өнімнің патенттік қорғанысын және патенттік тазалығын сипаттап, бәсекеге қабілеттілігін анықтау кезіндегі негізгі фактор.
Экологиялық көрсеткіштер - өнімді пайдалану немесе тұтыну кезінде пайда болатын және қоршаған ортаға теріс әсерін тигізу дәрежесі.
Қауіпсіздік көрсеткіші - өнімнің тұтынушылар мен қызмет көрсетуші персоналдардың қауіпсіздігі жолындағы ерекшеліктерін суреттейді, яғни монтаждау, құрастыру, қызмет көрсету, жөндеу, сақтау, тасымалдау кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Жоғарыда атап өтілген көрсеткіштер жинағы өнім сапасын құрайды.
Зат сенімді, тартымды, өз қызметтерін жақсы орындайтын болуы керек. Аталған көрсеткіштермен қатар заттың бағасы да маңызды. Затты сатып алар кезде тұтынушы оның сапасын немесе соған кеткен шығындарды салыстырады. Соған байланысты экономикалық үйлесімді сапа дегеніміз сапа мен шығын салыстырмасы немесе сапа бірлігі. Оны мына формула арқылы көрсетуге болады:
Копт =Q / Ce
Koпт - экономикалық үйлесімді сапа.
Q - зат сапасы.
Ce - затты сатып алуға және пайдалануға кететін шығын.
Формуланың бөлімін табу жеңіл, өйткені ол өнімнің сатылу бағасынан оны пайдалану жөндеу және пайдаға асыру жөніндегі шығындардан тұрады. Формуланың алымын табу қиын, себебі ол әртүрлі көрсеткіштерден тұратын сапа. Онымен квалиметрия деген бақандай бір ғылым айналасуда. Бұл ғылым сапаны сан жағынан бағалайтын үйлесімді әдістер табуда. Сонымен қазіргі өндіріс жағдайында өнім сапасы кәсіпорын тиімділігін арттыратын маңызды құрастырушы шарттың туындысы. Сондықтан оған ұдайы тұрақты назар аударған жөн. Сапа мәселесімен кәсіпорын директорынан бастап әрбір операцияның нақты орындаушысына дейін бәрі айналасуға міндетті.
Сапаны жобалау, қамтамасыз ету, сақтау жөнінідегі барлық процесстер сапаны басқару реттеу жүйесінде біріктірілген.
1. 2. Өнімнің бәсекелік қабілеттілігін арттырудың маркетингтік стратегиясы.
Сапа мен бәсекеге қабілеттілік түсініктерінің өзара байланысы ол
екеуінің қазіргі замандағы әмбебақтық қасиеттері. Бұл проблеманың
ойдағыдай шешілуі әр елдің экономикалық және әлеуметтік
мәселелерді табысты жүзеге асыруына тікелей байланысты.
Сапа - тауардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі құрамасы.
Оның табиғи реттеушісі. Сонымен қатар тауардың бәсекеге
қабілеттілігі оның тұтынушы алдындағы тартымдылығын,
ұнамдылығын көрсетеді. Сондықтан бәсеке тауардың сапасын
арттырушы күш деуге болады. Бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан
қарағанда сапасын байқар кезде тек бір түрлі тауарларды ғана
салыстырып, сынақтан өткізеді. Сапаға сай баға қойылады,
тұтынушыларда өз бағасын береді. Нарық ілкімділігін сараптау
кезінде сатып алушы талаптары мен артықшылықтарын білудің алар
орны ерекше. Бұған қажетті көрсеткіштер жүйесінің төмендегідей
түрлері бар:
1. Тұтынушының тауарға қоятын жалпы талаптары, оның ішінде
мыналарды айтуға болады :
- өнімнің жаңа екендігі және техникалық деңгейі;
- дайындалу сипаты, пайдаланудағы кідірссіздігі;
- сатылғаннан кейінгі техникалық күтім деңгейі және көрсетілетін
қызметінің сипаты;
- өнім бағасы және оны пайдалану тиімділігінің ара қатынасы;
Мұнда өнімнің ассортименті мен сапасына, сыртқы түріне, буып - түйген таңбаларына, тауарлық белгісіне қойылатын тұтынушының өзіндік талаптарын білу маңызды.
2. Өзіндік талаптарға мыналар жатады:
- өнімнің ассортименті мен сапасы, сыртқы түрінің бағалануы,
буып тию мен таңбалау әдістері, тауарлық белгінің қолданылуы;
- қолданудың географиялық және климаттық жағдайы;
- қолданылып жүрген техникалық стандарттар;
- тұтынушылар мінез - құлық әдеті мен талғамдары;
- өнімді пайдаланудың сенімділігі және қолайылығы
- ақаусыздығы және беріктігі;
3. Тұтынушылық артықшылықтарды сараптау - тұтынушының заттық
сипатты, оның арналымын есептей отырып, тауарды талдау және
бақылауға қатысты әрекеттерін білу. Өнім дифференциациясы ең
алдымен заттың нақты маркасын бөлектендіру арқылы іске асады.
Тұтынушы таңдауы өнімнің артықшылығымен, дизайнымен, белгілі
бір маркалық тауарды ғана қолдану әдетімен айқындалады.
Тұтынушы әдетте әмбебап жабдықтан гөрі олардың арнайы
жасалынғандарын таңдайды, олар пайдалануға аз шығын жұмсалатын
сатылым бағасы жоғары жабдықты алған дұрыс деп санайды.
Тұтынушы көбіне нарықта атағы белгілі фирмаға арттықшылық
береді, себебі ол фирма өз міндеттерін дәл орындайды, үздіксіз
пайдалануды қамтамасыз етеді, қазіргі заманға сай қызметпен,
оңтайлы сапамен қамтиды, тұтынушыға қолайлы етіп тауар бағасын
белгілейді. Тұтынушы үшін тауардың сапалылығы тек жоғары кластығында емес, оның өзіне ұнағандығында.
Франция маркетолыгы Жан - Жак Ламбен сапаны әр тауардың
нарықта өтуіне байланысты қалыптасқан бәсекеге қабілеттілік
дәрежесіне сай бағалауды ұсынған. Осыған орай сапаның нақты
бағасы бір бағалы тауармен бірдей талаптарды қанағаттандыруда
анықталады. Тұтынушы, тауардың сапасы оның көңілінен шыққан
кезде ғана қанағаттанады. Бұл тауардың сапасын жетілдіруді
тұтынушы талап етеді деген сөз. Алайда тауарлардың жасырын физикалық - химиялық қасиеттері де болады. Сондықтан
тұтынушының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, денсаулығын қорғауды
мемлекет өз мойнына алуға тиіс. Қазіргі уақытта республикамызда
бұл функция жүзеге асырылып нарыққа түсіп жатқан тауарлардың
сапасы бақылануда. Шет елдердің тәжірибесінен сапа проблемасын
шешуге біртіндеп мұқият қарауын көреміз: инновация, шикізат пен
қондырғылар, бәсекеге қабілетті тауарлар шығару жолындағы
технологиялық процесстер.
Тауардың сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру - басқару
қызметті болып табылады. Нарық жағдайында бұл белгілі бір озық
технология арқылы сапалы өнім шығаруды, тауар сапасын бақылау
деген сөз . Сонымен тауар сапасын өндіріле бастағаннан бастап
бақылау мемлекеттің тауардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізін
қалап, тұтыну стилін қалыптастыру сияқты маркетингтің негізгі
қызметін орындауы. Тұтынушылар тарапынан тауарларға сұраныс
төмендесе өндірушілер сапалы өнім өндіруге кететін шығындарын
азайтады, осының салдарынан өндірілетін тауарлардың бәсекеге
қабілеттілігі төмендейді. Бұрын зерттелген сапа проблемалары
Қазақстанның басқарушы органдарын сапаны бақылауға тек тауар
айналымының бастапқы кезінде ғана, яғни “тартушы” менеджмент
кезінде итереді . Ал нарық қатынасы кезінде “ итеруші”
менеджменттен өнім сапасын бақылауға алуды өндірістің ең алғашқы
кезеңінде бастауды талап етеді. Қазақстан үшін бұл проблемаларды
шешу өте маңызды мәселе. Өйткені нарық республикамызда енді ғана
қалыптаса бастады. Тұтынушылар сұранысының күрт төмендеуі тауар
сапасына деген талапқа кері әсерін тигізуде.
Мемлекеттік органдардың бағалауы бойынша тексерілген
кәсіпорындардың 58, 8 % 1997 - 1998 жылдары сапасыз өнім
шығарған, 69, 8 % ауыл шаруашылық кәсіпорындары стандарт және
сертификат нормаларын сақтамаған. Агроөнеркәсіптік кешенінің
кондитерлік және қант ( 53, 5 %) , наубайхана және ашытқы
дайындау (51, 9%) , спирт - арақ ( 50, 7 % ) , сыра және алкогольсіз
ішімдіктер (52, 6%), жеміс - көкөніс (69, 8%), ет ( 55, 3%) , құс өсіру
(69, 8%) сияқты маңызды салаларында стандартты жаппай
бұзушылық байқалды. Мұның бәрі республика тауарларының
бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетіп, тұрғын халықтың азық-
түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсерін тигізбек. Экономикалық
дағдарыс пен инфляция Қазақстан кәсіпорындары өнімдерінің
қымбат болуына соқтырып, шет елдерден арзан тауар әкелуге итермелейді. Алайда шет елдерде бұрыннан төмен баға сапасы төмен тауарларға тән. Қазақстанда 1997-1998 жылдары ТМД елдерінін әкелінген тауарлардың 11, 3 % алыс шет елдерден әкелінген тауарлардың 14, 8% жарамсыз деп танылды. Оның ішінде сусындардың 29, 5%, консервілердің 17, 9%, сүт тағамдарының 16, 6% жарамсыз болып шықты. Елімізде тұтынушылардың сатып алу қабілетінің төмендеуіне байланысты кіріс жоқтың қасы болып, шығын өсе бастауда. Сондықтан бәсекеге қабілеттілік резерві бірінші кезектегі сапа проблемасына ауысуда. Оған төмендегідей жағдайда ғана қол жеткізуге болады :
- халыққа зиянды сапасыз өнім өндірушілерді жауапқа тартатын
заң шығарылса;
- Қазақстан Республикасаның территориясында қазір қолданылып отырған айып пұл көлемін анағұрлым көтеру шаралары
ойластырылса;
- егер республика кәсіпорындары әлем нарығында бәсекеге
қабілетті тауарлар өндірген жағдайда олардың салық төлеміне
жеңілдік жасалса;
- сапаны мемлекеттік органдар жәй бақылап қоймай оны
жоспарлап, талдап, қол жеткен нәтижелерді жасалынған
жоспарға сай екендігін анықтап тұрса;
- қажетті технологиялық процессті пайдалана отырып,
жіберілген кемшіліктерді түзетуге немесе тауар сапасын арттыруға
жұмсалған қосымша шығындар өнім шығарушы кәсіпорындар
үшін тауар сатудың белгілі бір кезеңінде қайтарылмас шығыны
болмақ және ол тауар бағасына енгізілмеу керек.
Осы айтылған шаралардың бәрі орындалуы кажет. Оны сатып алушылар мүддесі тұрғысынан қарағанда өнім артықшылығын анықтаудың бірден - бір әдісі сауалнама болып табылады. Сауалнама жүргізу сұрақтары тауарды талдауда, оның сапасына қойылар талапқа, бағаға қатысты ынта деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сауалнаманы сатылатын тауар көлеміне қарай дүкендерді, аудандарды, қалаларды қамти отырып, сатып алушылар санына қарай жүргізу тиімді. Сараптамалық сауалнама тауардың немесе көрсетілетін қызметтің барлық маңызды сипаттарын қамтуы тиіс. Сонан кейін әрбір сипаттамадан үш мәнді таңдап алу қажет маңызы бар, қажетті, ешқандай мәні жоқ. Осы талдаудың бәріне сәйкес тұтынушылардың үш тобы анықталады. Бірінші топты сауалнамада тауар сипаттамасын маңызды санайтын тұтынушылар құрайды. Екінші топты осы сипаттамалардың өздерінде болғандығын қалайтын тұтынушылар құрайды. Үшінші топты бұл сипаттамалардың мәні жоқ деп санайтын тұтынушылар құрайды. Бірінші топтың талап тәлеткерінің мәні = 1. Екінші топта бұл мән = 0, 5. Ал үшінші топта 0 тең. Сауалнамаға қатысқан сатып алушыларға әр сипаттама бойынша осы үш мәндік деңгейдің бірі ұсынылуы тиіс. Мында сараптамалардағы сегменттер саны көп болмауға тиісті. Есептеу мына формуламен жүргізіледі:
Кn = Мі бұл жерде
Кn - өнімге қатысты маңыз коэффициенті.
n - өнім сипаттамасының саны.
Мі - үлес салмағы немесе өнім сипаттамасына сәйкес дәреже.
Нарықтық ілкімділікті зерттеудің маңызды құрамын ұсыныстарды талдау құрайды. Маркетинг мамандары тұтастай алғанда маркетинг жемісі ұсыныстағы табыстарға тәуелді екенін айтады. Тұтынушы жақсы қабылдаған қарапайым өнімнің өзінен жақсы бизнес жасауға болады. Ұсыныстың өзгеруі маркетингтің маңызды ұстанымдарын іске асыру үшін негіз болып табылады. Бұл ұстаным мәні мынада фирма тұтынушының сипаттамасы мен өзіндік сұранысына барынша сәйкес келетін тауар түрлерін шығаруы тиіс. Соған байланысты маркетингтік концепция тауардың бәсекеге қабілеттілік, жалындағы күрестің негізгі көрсеткіші болып сапа стратегиясын анықтайды. Бұл аталмыш концепция мынадай ережелерден туындайды: егер сұраныс өсімі жекеменшік сектордағы ұсыныстың демеуімен болып, бәсекеге қабілетті нарық жасаса:
1. Өткізу бағасын сақтай отырып, тауар сапасын арттыру
... жалғасыС → max, Б → const.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz