Өзен кен орнының геологиялық сипаттамасы


- ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛIМӨзен кен орны жайлы жалпы мәлiметтер
Өзен кен орны Маңғыстау түбегiнiң ойысы деп аталатын оңтүстiк шөл дала бөлiгiнде орналасқан.
Әкiмшiлiк жағынан кен орын территориясы Маңғыстау облысы құрамына кiредi. Ең жақын елдi мекендер: солтүстiк жағынан Беке-Башқұрт ауданынан жiңiшке Қызылсай аймағымен бөлiнедi, батыс жағынан Өзен, Қарамандыбас құралымен қосылады, ал кен орнынан оңтүстiкке қарай 8-15 км-де Жаңа өзен және теңге құрылымымен бөлiнiп тұр.
Орфографиялық жағынан оңтүстiк Маңғыстау ауданы теңiз жаққа, оңтүстiк батысқа қарай сәл көлбеулеген және төмпешiктi үстiрт түрiнде, оның абсолюттi белгiлiрi солтүстiгiнде +260м және оңтүстiгiнде +24м. Ауданның орталық және оңтүстiк бөлiгiнде ойпаттар бар, олардың iшiндегi ең iрiсi карагий ойпаты, минималды абсолюттiк белгiсi-132м. Аудан рельефi өте күрделi құрылысымен сипатталады. Орталық бөлiгiн ойпаттар арасында жатқан үстiрт алады. Үстiрттiң абсолюттi белгiлерi солтүстiгiнде +260м және оңтүстүгiнде +260м. өзен ойпаты 500км² ауданды алады. Ойпаттың түбi жыралармен кескiнделген.
Кен орнындағы ұңғыманың орнын кен орын игерудiң жобасымен анықталған. Ұңғыма құрылысының аумағында жер бетiндегi, жер астындағы конструкциялары жоқ, жұмыс аймағының табиғи климатының жағдайы жердiң аз өнiмдi, шөлейттi және оңтүстiк аймаққа жатады. Орфографиялық жағдайы құмтасты, көптеген сорлары бар төбелi ойпат болып келедi. Жер рельефi: әлсiз төбелi ойпат және жер бедерiнiң белгiлiрi 24-25м болып келедi.
Кесте 1
Қарастырып отырған аудан топырағы мен өсiмiдiктерiнiң сипатына қарай шөлдi аймаққа жатады. Ауданның шөл далалары негiзiнен су көзi жетiспеушiлiгiнен және өсiмдiк жабынының маусымдылығынан пайдаланылмайды.
Аудан климаты күрт континентальды, тәулiктiк температураның күрт өзгеретiндiгiмен, ыстық, құрғақ жазымен және салыстырмалы суық қысыммен сипататталады. Жазды максималды температура +45°C, қыста минималды температура -25°С.
Ауданда күштi желдер соғады. Қыста қары аз, атмосфералық жауын-шашын сирек және негiзiнен көктем- күз мезгiлiнде келедi және қардан жаңбыр көп жауады.
Жаңа өзен қаласына ауыз су сауысқан-бостанқұм массивтерiнде бұрғыланған геологиялық ұңғымалардан 70км суөткiзгiш құбырлармен тасымалданады. Техникалық сумен қамтамасыз ету альб-сеноман горизонттарының жер асты сулары арқылы iске асырылады.
Кен орнында өндiрiлген мұнай Атырау қаласына және одан ары Ресейге жөнелтiледi, өндiрiлген газ қазақ газ өңдеу зауытына және сондай-ақ Ақтау қаласының пластмасса зауытына түседi.
- Кен орынның геологиялық зерттелуiнiң тарихы
Маңғыстауда зерттеу өткен ғасырдың аяғында басталған, . Маңғыстау мұнайының алғашқы белгiлерi 1899-1901 жылдары Таспас орлары мен құдықтарының ауданында А. А. Алексейчиктiң далалық геологиялық зерттеулерiнде анықталған.
Маңғыстауда 1941-1945 жылдары арасында геологиялық зерттеулер жүргiзiлмеген. 1905 жылы ВНИГРИ Б. Ф. Дъяков. Н. Н. Черепаков және Н. К. Трифоговтың жетекшiлiгiмен Маңғыстауда iрi кешендi геологиялық-геофизикалық экспедиция ұйымдастырылады. Бұл коллектив ауданда зерттеуге үлкен үлес қосты. 1951 жылы «Каз нефте объединение» бас геологы Н. А. Кадин Батыс Қазақстанның геологиясы мен мұнайлылығы бойынше кең мәлiмет бердi барлық геологиялық материал талданды және Маңғыстаудың мұнай - газдылық болашағы ерекше атап көрсетiлдi.
1951 жылы Қазақстан нефтеразведка трестiнiң геологиялық iздестiру басқармасы директоры К. Н. Тулин, бас геологы А. П. Черняева Маңғыстау түбегiнде бұрғышылар партиясын бағыттады, олар төбешiк алаңында құрылымдық - iздестiру бүрғылау жүргiзе бастады.
1957-1961 жылдары Маңғыстаудың өндiрiстiк мұнай газдылығы жөнiндегi мәселелер шешiлдi. Бұл мақстатта ВНИГРИ мұнайды iздеу және бұрлауға үш аудан ұсынды. Қазан құрылымын бұрғылаудың нәтижесi болмады, Төбешiк алаңында мұнай кен орны анықталды, бiрақ ондағы мұнай ауыр, шайырлы және бұрлауға тиiмсiз болып шықты. Ал Жетiбай және Өзен құрылымдары аумағында мұнай - газ кен орындары анықталды. 1961 жылы желтоқсанның басында 1240-1261м аралығында №1 ұңғыманы сынағанда 10мм штуцерден тәулiктiк шығымы 80м фонтан алынды. Горизонттың өндiрiстiк бағалануы 1962 жылы сәуiрде үш режимде сынаумен берiлдi. 1963 жылы науыраздың басында осы горизонттағы екi және жиырма екiншi ұңғымалардан мұнай фонтандары анықталды.
Өзен кен орнында өнеркәсiптiк игерудi жеделдету мақсатында КСРО үкiметiнiң 1963 жылы жетiншi қыркүйектегi қаулысымен Шевченко (Қазiргi Ақтау) қаласында, «Маңғышлақ нефть» бiрлестiгi құрылды да, Өзен экспедиция соның құрамына ендi.
1965 жылы ВНИГРИ Өзен кен орын игерудiң бас схемасын жасады және ол Миннефтепром комиссиясымен бекiтiлдi. Онда мынандай жағдайлар қарастырылды:
- кен орнын игерудiң басынан бастап қабат қысымы мен температурасын көтерiп ұстау;
- төрт пайдалану объектiлерiн бөлiп алу:
- I объект XIII+XIV горизонттар; II объект IX горизонттар;
- III объект XVII горизонт IV объект XVIII горизонт;
- Негiзгi пайдалану объктiлерi (1 және II) бойынша кен орнын айдау ұңғымалармен 4км блоктарға бөлу;
- Барлық объектiлердi бiр уақытта және блоктармен игеруге қосу;
- III -объектiнi нұсқа сыртынан су айдау жүйесiмен игеру;
- IV -объектiнi қабат қысымын көтерусiз, аралас режимде игеру;
Бiрақ кен орынның су айдауға дайын еместiгiне байланысты XIII-XVIII горизонттар 2, 5 жыл бойы ешбiр әсер етусiз, табиғи серпiндi су айдау режимiнде игерiлдi.
Өзен кен орнының барлық өнiмдi горизонттары бойынша әсер етудiң қолданылудағы жүйесiнiң тиiмдiлiгiнен ұңғымалар шығымы төмендей бердi.
Негiзгi алаңдар мен горизонттар бұрғыланып бiткеннен соң мұнай өндiру төмендедi де және ұңғымалар өнiмiнiң улануы қарқындады.
1974 жылы жасалған игеру жобасында келесi жағдайлар қарастырылды:
- Әрбiр горизонт жеке игеру объектiсi болып табылады;
- Өнiмдi горизонттар енi 2км блоктарға айдау ұңғымалары қатарларымен бөлiнедi;
- Жаңа ұңғымалар әрбiр горизонтқа жеке бұрғыланады;
- Ыстық су айдаудың жобалық көлемi ұлғайтылады және кен орнын 1979 жылға қарай толығымен ыстық суға көшiру ұйғарылды;
Өнiмдi горизонттарда мұнайды алу ерекшелiктерi мұнайдың қорын игеру сипатының күрделi екенiн көрсеттi. Күрделi жағдайларда тек блоктық су айдау жеткiлiксiз болғандықтан кейiн сатылық-термалдық су айдау, сияқты технологиялар қолданылды. Бұл технологиялар кен орнын игерудiң тиiмдiлiгiн арттыруға жәрдемдестi. Қазiргi кезде ыстық су әртүрлi қондырғыларда дайындалады. Ыстық суды дайындауға көп шығын шығатын болғандықтан ыстық су айдаудың циклдiк әдiсi игерiлген, яғни өнiмдi қабатқа берiлген көлемде бiрде ыстық су, бiрде салқын су айдалады. Ыстық су айдау процессiнде қабаттың жабыны мен табаны қызыдрылады. Бұл жағдайда салқын су қабаттың қызған жабыны мен табанынан келетiн жылу арқылы жылжиды, ал артынан салқын су айдағанда ыстық су қабатқа қарай ысырылады.
- Стратиграфия
Өзен кен орнында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы шамамен 3600м шөгiндi мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның құрылымында трияс, юра, бор, палеогон, неоген, және төрттiк шөгiндiлерi орын алады.
Олардың былай белгiленуi ұңғыма үлгi тастарын зерттегенде алынған палеонтологиялық мәлiметтерге және Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шөгiндiлерiмен салыстыруға негiзделген. Бөлiмдер, ярустар, және подярустар арасындағы шекаралар шартты, негiзiнен электрокаратаж бойынша жүргiзiлген соңғы кезде микрофауна мен тағы басқа зерттеулер арқасында қолда бар стратиграфиялық үлгiлердi өзгертуге және анықтауға мүмкiндiк туып отыр.
Өзен кен орнының мұнай -газдылығы юра және кейдебор шөгiндiлерiмен байланысты. Кен орынның геологиялық қимасында бор және юра шөгiндiлерiне қарасты XXVI құмды горизонттары анықталған. I-XII горизонттар (жоғарыдан төмен қарай ) жасы бор газды, XII-XVIII горизонттар - жоғарғы және орта юра - кен орынның негiзгi мұнай - газды қабаты, жеке күмбездерде төменгi юраның XIX-XXIV горизонттары мұнай -газды.
Пермь-трияс (рт) шөгiндiлерi Өзен кен орнының ең көне жыныстары болып табылады.
Пермь-трияс (рт)
Жоғарғы пермь терең метаморфтық iздерi бар күңгiрт құмтастармен және юра сланецтермен көрiнедi. Төменгi трияс (т) шөгiндiлерi қоңыр аргилиттермен және орта түйiршiктi құмтастармен орын алады. Бұл шөгiндiлердiң Оңтүстiк Маңғыстауда қалыңдығы 440м -ге дейiн жетедi, жабынында шайылудың iзi бар.
Орта трияс жыныстары құмтастар мен қышқылды туфтар қабатшалары бар қара немесе қарасұр аргилиттер, әк тастар, алевролиттердiң бiртұтас едәуiр бiртектi тобын құрайды. Бұл шөгiндiлер жалпы қалыңдығы 1500-1600м болатын бiртұтас оңтүстiк Маңғыстау тобына бөлiнген.
Юра жүйесi (j)
Юра жүйесi шөгiндiлерi зерттелетiн кен орнының барлық жерiнде кездеседi, олар көбiнесе бұрғылау мәлiметтерiмен толық сипатталады. Бұл жүйе: төменгi, ортаңғы, жоғарғы бөлiмдерден тұрады, және жүйенiң жалпы қалыңдығы 1300м.
Төменгi бөлiм (j¹)
Қиманың төменгi юра бөлiгi, құмтастардан, алевролиттер мен саздың араласуынан тұрады. Құмтастар сұр және ақшыл сұр көбiнесе ұсақ және орта түйiршiктi. Iрi түйiршiктi түрлерi қыйршық тас түйiршiктерi қоспасымен сирек те болса кездеседi. Кейде құмтастар ақшыл сұр алевролиттерге немесе сазды құмтастарға ауысады.
Құмтастар мен алевролиттер цементтi сазды немесе сазды- кремнийлi саздардың түсi сұр және күңгiрт, кейде қоңыр. Олар әдетте аргилитке ұқсас және көмiр тектес затпен байланысқан. Құмтастар, алевролиттер мен саздардың алмасуы негiзiнен қиғаш қабатталады. Төменгi юраның жабынында сазды бүйрек тәрiздi құрылым дамыған, оның қалыңдығы шайылу мәлiметтерiнде күрт өзгерiстерге ұшыраған.
Төменгi юра шөгiндiлерiнiң қалыңдығы 120-130м. Төменгi юра қимасында XXIV-XXV екi өнiмдi горизонт айқындалған.
Ортаңғы бөлiм (j2)
Оңтүстiк Маңғыстудың орта юра шөгiндiлерi мұнай-газдылығы жағынан ең iрiсi. Сондықтан орта юраны бөлшектеп стратиграфиялық мүшелеу, өнiмiдi горизонттарда олардың корреляциясын айқындаумен тығыз байланысты. Орта юраның жалпы қалыңдығы 700 м. Бұл бөлiмде Аолен, байос және ба ярустары айұқындалады.
Аолен ярусы (j2a)
Аолен ярусы негiзiнен морт сынғыш, құмды- галькалды жыныстардан құралған. Ярустың қимасында сұр және қоңыр әртүрлi түйiршiктi құмтастар басым, олардың арасында орта және iрi түйiршiлiктерi кең жайылған. Кейде соңғылары гравелиттермен алмасады . Аолен құмтастары мен гравелиттерiнiң цементi негiзiнен сазды, кейде карбонатты және байланысқыш түрлi болады. Бiршама көп жұқа қабаттар түрiнде құмтастар мен гравелиттер арасында ұсақ галькалы конгломераттар да кездеседi. Саздар әдетте сұр, қарасұр, кейде қоңыр түстi, тығыз аргилитке ұқсас.
Ярустың жалпы қалыңдығы 330м. Аолен мен байос ярустары арасындағы шекара XXII горизонттың табанымен өтедi.
Байос ярусы (j2в)
Байос шөгiндiлерi ең көп және барлық жерде тараған байос ярусының шөгiндiлерi негiзiнен арасында көмiр қабатшалары бар. Алевролиттер мен саздардан құралған. Байос ярусы қимасының төменгi бөлiгiнде сазды және алевролиттi жыныстар, жоғарғы бөлiгiнде құмтасты жыныстар басым, олардың қалыңдығы 500м-ден 520м-ге дейiн өзгередi. Зерттеулер кешенi бойынша байос ярусының шөгiндiлерi екi подярусқа бөлiнедi.
Төменгi байос (j2в1)
Бұл подярустың шөгiндiлерiнiң жалпы қалыңдығы 470м, және саздар, құмтастар мен алевролиттердiң түсi негiзiнен сұр және ақшыл сұр, кейде қоңыр және сары да болады. Сирек қарасұр түстi құмтас-алевролит жыныстар да кездеседi. Саздар көбiнесе қарасұр, тiптi қара, кейде қоңыр түстi.
Өзен кен орнының төменгi байос шөгiндiлерiнде XVII- XVIII-XIX-XX-XXI-XXII горизонттар орналасқан.
Жоғарғы байос (j2 в2)
Жоғары байос шөгiндiлерi саз өабатшалары бар бiршама қалың құмтасты қабаттардан тұрады. Құмтастар сұр, қоңыр- сұр, байос және бат шөгiндiлерiнiң арасындағы шекара шартты түрде XV горизонттың табанымен өтедi.
Бат ярусы (bt)
Бат ярусының комплексi мықты құмдақ алевролиттi пачкалармен және бөлiнген сазды аргилиттi қабатшалармен қабаттасқан. Қима бойынша литологиялық құрамының өзгеруi қарапайым жеткiлiктi анық.
Бат ярусынынң тiлмесiндегi жекелеген кластармен пачкалардың төзiмдiлiгi әртүрлi, бiрақ байос пен салыстырғанда нығыздырақ, себебi мұнда теңiздiк седимитация жағдайлары басым болған. Тiлменiң бұл бөлiгiнде литологиялық ығысулар жоққа тән.
Жоғарғы бөлiм (j3)
Жоғарғы Юра қалдықтар түрiнде кездсетiн келловей, оксфорд, және кембридж ярустары мен ерекшеленедi. Жоғарғы Юра бөлiмi негiзiнен тәңiз шөгiндiлерiмен мен жануарлар қалдықтарынан құралған.
Келловей ярусы (j3 k)
Құмтастар, алевролиттер мен кейде әктастар қабатшалары араласқан сазды қалың қабаттар түрiнде кездеседi. Келловей ярусының саздары сұр, қарасұр, күлдейсұр, кейде жасыл және қоңыр түстi. Құмтас пен алевролиттердiң түсi - сұр, жасылсұр, кейде қарасұр және қоңыр. Құмтастар арасындағы ұсақ түйiршiктiлерi көп. Келловей ярусында XIII горизонт орналасқан. Оның қалыңдығы 50-135м.
Оксфорд - кембридж (j3 0+км)
Юра шөгiндiлерiнiң мұнай -газдылығын бағалағанда оксфорд-кембридж шөгiндiлерi аолен-келловей кешенi мұнайлы қабатының үстiн жапқан сазды- карбонатты жабын ретiнде көрiнедi. Ол саз-мергель жыныстарынынң бiршама қалың қабатынан құралған, арасында құмтастар, алевролиттер мен әктастар жұқа қабатшалар түрiнде кездеседi.
Оксфорд-кембридж шөгiдiлерiнiң қалыңдығы төменгi бұдақ үшiн 50-55м, жоғарғы үшiн 30-97м.
Бор жүйесi (к)
Бор жүйесiнiң шөгiндiлерi жоғарғы юра шөгiндiлерiнiң шайылған бетiнде орналасады. Литологиялық белгiлерi бойынша бор шөгiндiлерi үшiн бөлiкке бөлiнедi: төменгi терриген карбонаттық (неоком), ортаңғы терригендi (альб-сеноман) және жоғарғы карбонат (турандот) және де құрамындағы басқа ярустарғы бөлiнедi. Төменгi бөлiкке XII горизонт, ал ортаңғы және жоғарғы бөлiктерге I-II-III-IV-V-VI-VII-VIII-IX-X және XI газды горизонттар жатады. Бор шөгiндiлерiнiң қалыңдығы 1 100м шамасында.
Неоком - валанжин ярусы (к1 n+v)
Валанжин ярусының жынысы күкiрттi, Өзен структурасы оксфорд горизонтында, мел және юра жыныстарының шекараларында литологиялық құрамы көрiнедi. Валанжин ярусының бөлiгiнде көбiнесе құмтас - алевролиттi жыныстар бар. Құмтастар жасылдау - сұр, майда дәндi, сазбалшық -карбонатты цементпен цементттеледi, немесе кей кездерде қатты карбонатты болады, алевролиттер тура құмтастың түсiмен бiрдей. Жыныстың минерологиялық құрамында кварц, шпат, хлорит бар. Бұлар жеңiл фракцияда ал циркон, турмалин минералды ауыр фракцияда орналасқан. Тек қана бор комплексiнде көп жыныстар бар, олар кедергi көрсетедi.
Готерив ярусы (к3 g)
Готерив ярусының төменгi бөлiгiнiң жыныстары ұсақ сулы теңiз шөгiнiдiлерiмен, негiзiнде алевролит және жасыл - сұр мергель қабаттарынан тұратын сазбен көрсетiлген. Саз қиманың төменгi және ортаңғы бөлiгiнде көп. Готерив шөгiнiдiлерiмен XII горизонт байланысты. Жалпы қалығдығы 25-50м.
Баррем ярусы (к1 br)
Көбiнесе сазбалшықты жынысты болып келедi, құмтас - алевролиттi жыныстары қабыршақты болады. баррем ярусының жыныстары сұрлы - жасыл және қызыл-қоңырлау болып келедi.
Алт ярусы (к1 а)
Алт ярусы баррем ярусының үстiнде жатады. Алт ярусы негiзiнде алевролиттi және құм жыныстарын құрайды, оның iшiнде галька мен гравий кiредi. Галька мен гравий жергiлiктi карбонатты жыныстармен және кварцтық циритизирленген, кейде фосфоритизирленген сынықтарынан құралған жақын саз. Сазды әктас емес, кей жерлерде әлсiз әктасты онда полицинод және гастронод сынықтарымен ұсақ бақалшақтары бар. Алттың жоғарғы жартысында саздарды ашықтау алевролиттер және ұсақ түйiршiктi құмдақтар кездеседi. Қабат қалыңдығы 340-360 -ге дейiн одан да жоғары.
Альб ярусы (к1 аl)
Альб жыныстарында бiрқалыпсыз саз және алевролиттер және саздар тең арақатынасты. Құмтастар мен алевролиттер жасылтым және сарғыш сұр, көбiнесе ұсақ түйiршiктi, белгiлi мөлшерде сазды және карбонатты цементпен цементтелген. Жалпы қалыңдығы 110-150м.
Сеноман ярусы (к2 с)
Сеноман ярусы құмдақтар, алевролиттер, саздар мен сипатталады. құмдақтары жасыл-сұр, ұсақ дәндi. Жалпы алғанда сеноман ярусының сипаттамасы Өзен аймағының барлығына тән, бiрақ оның мәнiнде олардың әр ұңғымада және әр түрлi болады. Жалпы қалыңдығы 120м-ге дейiн.
Сантон - турон ярусы (к2 s+t)
Сантон -турон ярусының жоғарғы бөлiгi бiртектi бор - мергельдi, ал төменгi бөлiм мықты плита, цементтелген фосфориттi құмдақ. Жалпы қалыңдығы 100-150м.
Дат ярусы (к2 d)
Дат ярусы Мело - мергель қабатының жоғарғы жағында орналасқан. Оның литологиялық қосындысының ерекшелiгi, мергель және саздармен қосылатын пелитморфты және органогендi известняктiң сынақта кеңiнен кездесуi болып табылады.
Кайнозой тобы (kz)
Кайнозой тобында палеоген және неоген жыныстары орын алған, палеоген шөгiндiлерiне мергель әктас жыныстары мен саздардың бiрқалыпты қабаты жатады. Палеоген шөгiндiлерiнiң қалыңдығы 150-170м. Неоген жүйесi тортон және сармат ярустары мен көрiнедi, тортон ярусының қалыңдығы 19-25м, сармат ярусының қалыңдығы 80-92м.
Палеоген жүйесi (p)
Палеоген шөгiндiлерi зоцен және олигоцен бөлiмдерi жатады. Эоцен бөлiмi сұр және ақшыл сұр түстес саздардың бiр қалыпты қабаты түрiнде. Палеогеннiң қалыңдығы 150-170м
Төрттiк жүйе (Q)
Төрттiк жүйе эливиаль - деливиаль тектi құмдар, саздар көрiнедi. Шөгiндiлер қалыңдығы 5-7м.
Неоген жүйесi (N)
Неоген шөгiндiлерi тортон және сармат ярустарының шөгiндiлерi түрiнде кездеседi. Тортон ярусына саздар, мергелдер, құмтастар мен әктасты қабатшалары кiредi. Сармат ярусы да әктастар, мергелдер мен саздардың астарласуынан тұрады. Неоген жүйесiнiң жалпы қалыңдығы 115м.
- Тектоника
Өзен антиклинальды қатпары бiрiншi рет С. Н. Алексейчик ашқан. 1959-1963 жылдры өткiзiлген сейсмикалық зерттеулер, құрылымдық iздеу және терең барлау бұрғылауларының нәтижесiнде Өзен антиклинальды структурасының негiзгi құрылымдық шегi ашылған.
Сейсмика мен бұрғылаудың нәтижесiнде құрастырылған профильдiк және құрылымдық карталардың анализi өзен антиклиналы Оңтүстiк Маңғышлақ қатпарларының мысалы ретiнде көрсетуге болатынын айқындады.
Оңтүстiк Маңғыстау жүйесiнiң солтүстiк қанатына жататын Жетiбай - өзен тектоникалық баспалдағының шектерiнде қазiргi уақытта бiршама құрылымдар шығырлары айқындалған, олармен мұнай және газ кен орындары байланысты. Олардың қатарына Өзен, Теңге, Жетiбай, Қармандыбас, Тасболат, Оңтүстiк Жетiбай, Шығыс Жетiбай, Ақтас кiредi.
Солтүстiгiнде Өзен құрылымы оңтүстiк-шығыс антиклиналь аймағымен шектеседi, олардың арасында жiңiшке Қызылсай ойысы жатыр, солтүстiк қанатта жыныстардың құлау бұрышы 3°, солтүстiк қанаты оңтүстiкке қарағанда бiршама толқынды қосылыспен сипатталды.
Жыныстардың құлау бұрышы 5-6° болатын оңтүстiк бөлiктiң қатпары да осындай жiңiшке ойыспен Тенге көтерiлуiнен бөлiнедi. Ауданның шығыс бөлiгнде, Түнқарақшы ойпатының шығыс шегiнде Өзен көтерiлуi күрт төмендейдi . Өзен кен орны iрi қатпарға жатады. Оның өлшемдерi: 9x39км. Қатпар пiшiнi симметриялы емес. Оның күмбезi шығысқа ығысқан, соның нәтижесiнде шығыс периклиналь қатты созылған. Солтүстiк - батыс периклинальге қарағанда қысқа. Оңтүстiк қанат шамалы тiктеу, мұнда XIV горзонттың жабыны бойынша құлау бұрышы 6-8°. Қатпардың солтүстiк бөлiгi бiршама жайпақтау. Солтүстiк қанаттың батыс жартысында XII горизонттың жабыны бойынша құлау бұрышы 1-3°, құрылымның батыс бөлiгiнде мұнай кенiштерi бар күмбездер ерекшеленедi: Солтүстiк - батыс және парсымұрын.
Өлшемдерi үлкен емес парсымұрын күмбезi Өзен құрылымының оңтүстiк қанатын күрделендiредi. XVIII горизонттың жабыны бойынша көтерiлу амплитудасы 10 метрге жетедi және соңғы 1385м тұйық изогипс бойынша құрылым өлшемдерi 2, 9x0, 9км. Солтүстiк - батыс күмбезi өзен құрылымының солтүстiк қанатын күрделендiредi 1380м изогипс бойынша көтерiлу өлшемдерi 3, 5x2км, амплитудасы 12м.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz