Газ сақтау қоймаларын пайдалану туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. СӘТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
“Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану” кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ : Газ сақтау қоймаларын пайдалану
ТЕКСЕРГЕН:
Имансакипова Н. Б.
ОРЫНДАҒАН:
Каппаров Е. К.
ТОБЫ: ПГН-02-1 к
АЛМАТЫ 2006
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
БЕРІЛГЕНІ . . . 4
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Газгольдерлер туралы жалпы түсінік . . . 5
1. 2 Төменгі қысымдағы газгольдерлер, ылғалды
газгольдерелер. Олардың құрылысы. Құрал - жабдығы . . . 6
1. 3 Гидравликалық тығынның құрылысы . . . 7
1. 4 Ылғал газгольдерлердің механикалық есебі . . . 9
2. жоғарғы қысымды газгольдірлер . . . 10
3. Поршень типті құрғақ газгольдрлер . . . 12
4. Төменгі газгольдерді салуға қолданылатын материалдар . . . 14
5. Газгольдерді пайдалану . . . 15
6. Газгольдер тіректері мен жабдықтары . . . 16
7. ЕСЕПТІК БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ . . . 24
КІРІСПЕ
Осы курстық жұмыста газ сақтау қоймаларын пайдалану туралы жалпы мәліметтер беріліп кетеді. Оның ішіне жоғарғы қысымды газгольдерлер, цилиндрлік және шар тәріздес газголдерлер, жер асты сақтау газголдерлер кіреді.
БЕРІЛГЕНІ
Орталық температура ауа
max
min
-11
-17. 9
Резервуар сипаттамасы
Диаметр
Биіктігі
Төбе биіктігі
22, 76
11, 9
0, 565
Демалу клапанның нагрузкасы
Ркв
Ркд
196
1960
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Газгольдерлер туралы жалпы түсінік
Газгольдерлер дегеніміз - инженерлік құрылыс. Олар әр түрлі жағдайларда пайда болған және әр түрлі қызметке арналған газдарды сақтауға арналған ыдыс және олар газдың негізгі параметрлерін (газдың мөлшерін, құрамын және т. б. ) реттеуге арналған құрал - жабдықтармен жабдықталған ыдыс.
Газдың жұмыстық қысымы байланысты газгольдерлер төменгі қысым және жоғарғы қысымындағы газгольдерлер 2 - ге бөлінеді:
Төменгі қысымды газгольдерлердің артық қысымы 0, 04 - 0, 05 кгс/см² аралығында; Жоғарғы қысымды газгольдерлердің артық қысымы 0, 7 - 3 кгс/см²
Негізінде жоғарғы қысымды газгольдерлердің геометриялық тұрақты көлемде болады. Ал, төменгі қысымды газгольдерлердің ауыспалы көлемде және тұрақты қысым болуға есептелген.
Төменгі қысымды газгольдерлердің конструкциясына және технологиялық ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей 2 топқа бөлінеді:
- ылғалды газгольдер
- құрғақ газгольдер
Формасына байланысты газгольдерлер цилиндрлік, цилиндрлік - горизонтальді (тік), цилиндрлік - көлденең (вертикаль), сфералық болып 3 топқа бөлінеді.
1 . 2 Төменгі қысымдағы газгольдерлер, ылғалды газгольдерелер. Олардың құрылысы. Құрал - жабдығы.
Ылғалды газгольдерлерді конструкциясына байланысты екі типке бөлуге болады.
- тік бағыттағыштармен берілген газгольдерлер
- винттік бағыттағыштармен берілген ылғалды газгольдерлер
Ылғалды газгольдерлерді толтыру кезінде оның қысымы өзгермейді.
1 - резервуар
2 - аралық жылжымалы звено (телескоп)
3 - қоңырау (колокол)
4 - гидравликалық тығын
5 - келтіру құбыры
6 - газды алу құбыры
1. 3 Гидравликалық тығынның құрылысы
1 - резервуар қабырғасы
2 - қоңырау немесе жылжымалы звено қабырғасы
Ылғалды газгольдерлер суға толған, жылжымайтын аралық звенодан, резервуардан, қоңыраудан тұрады.
Жүргізілген немесе келтірілген газ құбыр өткізгіші арқылы қоңырау астына газ беріледі де, қоңырау судың жоғарғы бетіне көтеріледі. Үздіксіз берілген газ қоңырауды көтіруге әкеп соқтырады. Резервуардағы су гидравликалық тығын болып табылады, яғни ол газдың қоңыраудың үстіне шығып кетуіне септігін тигізеді.
Газгольдерлердің көлеміне байланысты аралық звенолар немесе телескоптар саны әр түрлі болуы мүмкін. Звеноларды бір - бірінен біріктіру гидравликалық тығынның арнайы қондырғылармен жүзеге асырылады. Сонымен қатар гидравликалық тығын, жекеленген звенолардың арасында тығыздауыш қызметін атқарады. Газгольдерлердің дұрыс та, қауіпсіз жұмыс жасауы үшін олар қажетті техникалық құрал - жабдықтармен жабдықталады:
- газды алу және әкелу құбыр өткізгіш диаметрін салу кезінде таңдалады, егер де олардың гидравликалық кедергілері 30 - 50 мм сынап бағанасынан жоғары болмаса;
- газгольдерлерге кіру газ құбыр өткізгішпен қапталынған камерамен өтеді (камераның ішінде газгольдерлерге қызмет көрсету құрал - жабдықтар орналасқан)
Газгольдерледегі гидравликалық тығын газгольдерлерді жөндеу кезінде ешқандай ауытқу болмауы үшін қажет.
Газгольдерлерге су поршеньдік сораппен және булы ағынды эжектр арқылы беріледі.
Газгольдерлердің іші газдан толып кетпеуі үшін, газгольдерлердің камераның ішінде сақтандырғыш клапаны орнатылады.
1. 4 Ылғал газгольдерлердің механикалық есебі
h 1 +h 2 =H≈400мм
H 2 =h 1 +h 2 +l+a+c+b
Резервуар қабатының қалыңдығының ішіндегі газ қысымына байланысты анықталады.
δ=(P+hgρ/R) *na/φm
P - газ қысымы
h - резервуар ішіндегі газдың биіктігі. Газ өтпейтін бетінен төменгі
белдемесіне дейінгі қашықтық
ρ - судың тығыздығы
n - артық жүк коэффициенті, n=1, 1
m - жұмыс жағдайының коэффициенті, m=0, 8
φ - пісірілген жіктің коэффициенті, φ=0, 9 - 1
a - резервуар радиусы
R - есептік кедергі
Резервуар түбінің қалыңдығы тұрақты (біртұтас материалдардан тұрады. Көбінесе 8мм) .
Құрғақ газгольдерлердің жабдығының құрамы:
- артық газды атмосфераға шығаратын автоматты құрылғы
- газгольдерлердің газ жүйесіне автоматты ажырату жабдығы
- газ көлемін көрсіту аспабы
- инертті газды кеңістікке келтіру жабдығы
- өрт сигнализациясы, жүктен сақтау
2. Жоғары қысымды газгольдерлер.
Жоғары қысымдағы газгольдерлер өндірісте кеңінен қолданады. Қалалық газ шаруашылығында жоғары қысымдағы газгольдерлер газды аз қажеттіліктегі газ аккумуляциясы және тәуліктегі үлкен қажеттілікте беру. Көлемі 175 және 270 м3 болатын цилиндірлік газгольдерлер газгольдерлік станцияларда қондырылған. Ішкі диаметрі 3200мм. Газгольдерлер 2, 5-нан 20 кгс/см² артық қысымға есептелген.
Суреттегі а, б нұсқаларында горизонталь және вертикаль орналасқан, жоғары қысымға және тұрақты көлемдегі газгольдерлер схемасы көрсетілген. Газгольдер түбі сфералық формада болады.
Жоғарғы қысымдағы шар тәрізді гагольдерлер 600м3 көлеммен жасалады. 400м3 көлемдегі газгольдерлер салынуы қарастырылуда. Кейбір шет елдерде 5000-1 м3 көлемдегі газгольдерлер жасалады. Францияда ең үлкен шар тәрізді газгольдер салынған. Оның көлемі 87000 м3.
Жоғары қысымды газгольдерлер сфералық және горизонталь цилиндірлік болып бөлінеді. Сфералық газгольдерлер шар тәрізді резервуарлар сияқты негізінен сұйытылған газ сақтауда қолданылып (изопентан, бутан, бутилен, пропан және осы газ қоспалары) және сақталынатын сұйық бу серпімділік өлшеміне байланысты ішкі ңысымға байланысты.
Резервуардың сфералық формасы басқа формалыларға қарағанда, мысалы цилиндрлік, қаржы және метал шығыны бойынша ұтымды болып табылады. ЦНИП жобақұрастыру институтымен көлемі 300-4000м 3 ішкі қысымы 0, 25-1, 8 МПа диаметрі 9-20м болатын газгольдерлер сериясын жасап шығарған. Сфералық газгольдерлерге сақтандырғыш клапандар, сынама алу және деңгей өлшегіш приборлармен, суыққа төзімді клапандармен, термометрмен және қабылдау тарату қондырғылармен жабдықталған.
Цилиндірлік газгольдерлер, әдетте жиектері жарты сфералық, негізі тіректерінде вертикаль және горизонталь қондырылады. Бұл түрдегі газгольдерлер көлемдері 50-220м 3 болатын (бәрінде диаметрлері бірдей), тек ұзындығы бойынша ерекшеленеді, сондықтан бұл түрдегі газгольдерлер дайын күйінде керекті жерде монтаждау оңайға түседі. Газгольдерлердегі жұмыстық қысым 0, 25-2 МПа(2, 2-20 кгс/см 2 ) . Газгольдерлерде сақтандырғыш және запорлық апаратуралар, сонымен қоса газ және конденсат шығаратын келте құбырлар орнатылған.
- ПОРШЕНЬ ТИПТІ ҚҰРҒАҚ ГАЗГОЛЬДЕР
Төменгі қысымды құрғақ газгольдерлердің тұрқысы цилиндрлі болат металдан, цилиндірлі поршень және болат шатырлы болады. (сурет. 1) Газ поршеньнің астындағы құбырдан газгольдерге беріледі. Газ айдалын жатқанда поршень көтеріледі. Газды поршеньге кетуін тоқтатын арнайы тығын орналасады. Тығын сығымдағыш сақиналардан тұрады. Ал олар болса швеллердің кесінділерінен жасалған. (сурет. 2) Сақинаға мақта қағазынан жасалған матадан бірнеше қабаттан бекітіледі. Жұмсақ тығын газгольдерлердің қабырғасымен байланысып тұрады. Жұмсақ тығын және поршень герметикалық фартукпен байланысады.
Газ өткізбейтін затворы төменгі температурада қататын арнайы маймен қамтамассыз етіледі. Май газгольдерлердің қабырғасына, цилиндірлік сақинасына, фартукқа және поршеньнің қабырғасына құйылады.
Газголдерлік май затвордың тығынынан өтіп кетіп қабырғамен газголдердің түбіне барады және одан кейін судан айырушы отстойниктерде жиналады. Май сораптың көмегімен майқұбыры арқылы жоғарыға беріледі, арнайы қуыс арқылы поршеннің затворына ағады.
Газголдердің асты жұқа қабатты болаттан жасалады. Ал астының шет жақтары қалыңдау қабаттан жасалады. Газгольдерлердің қабырғасы сыртқы тік калонналармен бекітіледі. 1 м 3 көлемді газголдерлердің қабырғасының қалыңдығы 5мм -ге тең болуы керек. Газголдерлердің қатаңдығын сыртындағы сақиналы ребролар қамтамассыз етеді. Олар әрі көру алаңының қызметін атқарады.
Газголдерлердің ішін жарықпен қамтамассыз ету үшін, жоғарғы сақинасының астында терезе орналасады. Поршеньнің шектен тыс көтерілуін тоқтататын құрал жоғарғы белдіктердің бірінде сақтандырғыш свеча орналасады: ол арқылы артық газ атмосфераға шығып кетеді.
Газголдердің түбінде, поршень төменгі жағдайға түскенде орналасатын қадалар болады. Газголдердің түбін тотығудан қорғау үшін 35мм қалыңдықпен тас көмірлі шайырмен қаптайды. Газголдер сатымен жабдықталған және жұмыскерлерді жоғары шығаратын көтергішпен жабдықталған.
Шатыры, газгольдердің қадасына контурлы тіреліп, радиалды фермадан жасалады. Шатырдың ортасында цилиндірлі қақпақша орналасады, ол арқылы ішкі алаңына және ішкі көтергіштің кабинасына баруға болады Газгодердің ішінде тағы шарнирлі саты бар. Поршеньнің жоғарғы жағындағы газголдердің кеңістігі, ортадағы қақпақша арқылы желденеді. Поршеньның жоғарғы жағы стропилалы фермалармен мықтыланған болатты диск. Оның шет жақтарында қатаңдық сақинасы орналасқан. Поршеньның қимылы ондағы орналасқан екі қатарлы болат роликпен іске асырылады. Поршеньге қажетті қысым поршеннің өз салмағымен және қосымша бетонды салмақтар болады.
Құрғақ газгольдерлер 1-1 м 3 көлемге дейін салынады. Поршень типті құрғақ газгольдерлердің кемшіліктері: қауіпті, жиі жөндеуді қажет етеді және үздіксіз қозғалыста сораптарға қондырғыларды ауыстыру және тағы басқа.
Қазіргі жағдайда жаңа типті газгольдерлер бар. Олардың айырмашылығы, поршеньнің орнына резиналы материалдан жасалған герметикалық мембранамен шайба қолданылады. Мембрана шайбаға герметикалық тұрде бекітілген және резервуарға.
Газгольдердің ішінде болатын артық қысымнан оның тұрқысы созылу кернеуін сезінеді. Сонымен қатар, желдің қысымын, тік күшпен түсетін шатырының салмағын және қондырғыларының салмақтарынан болатын қысымдарды да сезінеді. Тұрқысының қабаты оның ішінде болатын артық қысымға байланысты есептеледі. Газгольдердің поршені өз салмағымен және артық қысым арқасында жұмыс істейді.
4. ТӨМЕНГІ ҚЫСЫМДЫ ГАЗГОЛЬДЕРЛЕРДІ САЛУҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР
Газгольдер жоғары ылғалдылықта және төменгі температурада жұмыс істейді. Сондықтанда олардың тұрқысының болат қабаттары шарттарды қанағаттандыру керек:
- жоғары беріктікке ие болуы;
- олардың химиялық құрамы жақсы пісірілуді қамтамассыз ету керек;
- Төменгі температурада нәзік бұзылуға қарсы кедергіге ие болу керек;
Бұл сұранысты қанағаттандыратын аз көмірсутекті болат В Болат 3, МЕСТ 380-60 бойынша. Егер газгольдер, қоршаған ортасының температурасы (-40 о С) -ден төмен болатын жерде болат маркасы төменлегірленетін болаттан 10 Г2 С1, 09 Г2 С (М) - тұратын маркалар қолданылуы керек.
5. ГАЗГОЛЬДЕРЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Газгольдерлі паркке күтім көрсету кезінде барлық газгольдерлердің пісірілген, қосылған жерлерін көзбен көріп шеғады. Сонымен қатар бекіткіш арматурасы тексеріледі, сақтандырғыш қондырғыларын, бақылау-өлшеу құралдарын. Құдықтарында газ бар кезіндегі жағдайды бақылайды, конденсат жинағыштан конденсатты алып тастайды.
Қоңырау тәріздестің орналасуы бақыланады және сұйық газгольдерлерде аралық буыны және газгольдерлерде поршеньның орналасуы бақыланады. Бағыттағышты периодты майлау және доңғалақтардың өсін майлау жүргізіледі.
Құрғақ газгольдерлерде міндетті түрде сұйықты затворға майдың жіберілуін және поршеньннің астындағы кеңістіктің желдеткішінің жұмыс істеп тұрғанын бақылау керек.
Ондағы ауаның құрамы күнде тексеріледі. Барлық газгольдерлер өртсөндіргіш құралдармен міндетті тұрде қамтамассыз етілу керек.
6. ГАЗГОЛЬДЕРДІҢ ТІРЕКТЕРІ МЕН ЖАБДЫҚТАРЫ.
Горизонталь газгольдерлер төрт бөлек тіректерге орналасқан. Жалпы жүктеме тірек есептеуде тек үш тірекке таралады. Екі тірек қозғалмайды, ал газгольдер қабырғасының оңай деформациясы үшін екі тірек жылжымалы болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz