Аджип ҚКО компаниясы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Аджип ҚКО компаниясы туралы

Аджип Каспиан Си Б.В. арқылы Эни С.п.A. компаниясына толығымен қарасты
Аджип ҚКО компаниясы жеті халықаралық компания атынан және Солтүстік Каспий
бойынша Өнімді бөлісу туралы келісімге (ӨБК) сәйкес Бірыңғай оператор
ретінде Каспий теңізінің қазақстандық бөлшегіндегі кенорындарын игеруді,
бағалауды және болашақта көмірсутекті шикізаттарды өндіруді жүзеге асырады.

Солтүстік Каспий бойынша ӨБК шеңберіндегі мердігерлік телім 5 600 шаршы
шақырым аумағын алып жатыр және оған Қазақстан Республикасындағы алғашқы
теніздегі кенорны – Қашаған алып мұнай кенорны, Оңтүстік-Батыс Қашаған
(ОБҚ) кенорны, Ақтоты, Қайраң және Қаламқас кенорындары кіреді.
Экономикалық жағынан барынша тиімді және қоршаған орта үшін қауіпсіз
әдістер арқылы Солтүстік Каспий бойынша ӨБК шеңберіндегі мердігерлік
телімді барлау мен игеруді жүзеге асыру - Аджип ҚКО компаниясының міндеті
болып табылады, бұл ретте компания жергілікті жұртшылық үшін даму
мүмкіндіктерін арттырады, өз операцияларын жүргізу кезінде қазақстандық
компаниялардың қатысу үлесін барынша арттырады, сондай-ақ Консорциум мүше
компаниялары үшін барынша пайда табуға тырысады.
Консорциум
Компаниялар
Қатысу үлесі

Эни С.п.A. (Аджип Каспиан Си Б.В. - Оператор)
18,52%

ҚазМұнайГаз АҚ ҰК (ҚМГ Қашаған Б.В.)
 8,33%

ЭксонМобил Қазақстан Инк.
18,52%

Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.
18,52%

Тоталь И&Пи Қазақстан
18,52%

КонокоФиллипс (Филлипс Петролеум Қазақстан Лтд.)
 9,26%

ИНПЕКС Норт Каспиан Си Лтд.
 8,33%



Компанияның тарихынан

Жобаның негізгі кезеңдері
[1997 ж. Солтүстік Каспий бойынша Өнімді бөлісу
pқараша туралы келісімге қол қойылды
i
c
]
[2000 ж. Қашаған кенорнының ашылуы
pшілде
i
c
]
[2002 ж. Қашағанның коммерциялық ашылуы туралы
pмаусым хабарландыру
i
c
]
[2004 ж. Қашаған кенорнын игеру жоспары мен бюджеті
pақпан бекітілді
i
c
]
[2005 ж. ҚазМұнайГаз компаниясы Консорциумға қосылды
pмамыр
i
c
]
[2006 ж. алғашқы пайдалану ұңғымасы іске қосылды
pақпан
i
c
]

 
Консорциумның құрылуы
1993 жылдың наурыз айында Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде орналасқан
мұнай және газ қорларын барлап, игеру мақсатында ҚазақстанКаспийШельф (ҚКШ)
мемлекеттік компаниясы құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметімен жарияланған тендерінің нәтижесінде жеті
халықаралық мұнай компаниялары (Эни-Аджип, Би-Джи Груп, Мобил, Шелл,
Тоталь, Би-Пи, Статойл) мен ҚКШ мемлекеттік компаниясы арасында консорциум
құрылды, Солтүстік Каспийде сейсмикалық және экологиялық зерттеу жұмыстары
басталды.
1993 жылдан 1997 жылға дейінгі аралықта Консорциум сейсмикалық зерттеу
жүргізіп, 110 000 шаршы шақырым аумағында 26 000 погонды шақырым
сейсмикалық қырындар бойынша деректер жинады. Бұл деректер бойынша талдау
жүргізіліп, бірнеше болашағы бар құрылымдар анықталды.
1997 жылдың қараша айында Консорциумның жеті әріптес-компаниясы Қазақстан
Үкіметімен Өнімді бөлісу туралы келісімге қол қойды. Бүл келісім бойынша
Консорциум Қашаған ірі теңіз құрылымынан, Оңтүстік-Батыс Қашаған, Қаламқас,
Қайраң және Ақтоты құрылымдарынан тұратын және жалпы көлемі 5 600 шаршы
шақырым қүрайтын 11 блоктан көмірсутектерді барлап, өндіреді.
1998 жылдың тамыз айында Қазақстан Үкіметінің ҚКШ компаниясына қарасты
жобадағы үлесі американдық Филлипс Петролеум (қазір КонокоФиллипс) және
жапондық ИНПЕКС компанияларына сатылды.
Бірлескен операциялық компания ретінде тоғыз әріптес-компаниялар Оффшор
Қазақстан Интернэшнл Оперейтинг Компани (ОКИОК) атты жаңа консорциум құрды.
2000 жылы әріптестер жеке компанияны Оператор етіп тағайындау жөнінде шешім
қабылдады.
2001 жылы Эни С.п.А. компаниясының еншілес кәсіпорны Аджип Каспиан Б.В.
компаниясы Консорциум мүшелерінің таңдауымен Бірыңғай оператор болып
тағайындалды. Соңынан, Эни компаниясы жаңадан құрылған Аджип Қазақстан Норт
Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (Аджип ҚКО) компаниясына Оператордың
құқықтары мен міндеттерін тапсырды.
2002 жылы Би-Пи және Статойл меншігіндегі сатуға қойылған акцияларын қалған
әріптестер артықшылықты құқығын пайдаланып, оларды сатып алды.
2005 жылдың сәуір айында Консорциумның барлық мүшелері (ИНПЕКС
компаниясынан басқа) артықшылықты құқығын пайдаланып, Би-Джи компаниясының
үлесін сатып алды, жаңадан алынған акциялардың 50 пайызы ҚазМұнайГаз Ұлттық
компаниясына сатылды.
Өндірістік операциялар мен кеңселер
Аджип ҚКО компаниясының бас өндірістік кеңсесі Батыс Қазақстандағы Атырау
қаласы мен портының жанында орналасқан, компанияның құрлықтағы және
теңіздегі операцияларын үйлестіру жұмыстары осы кеңседен жүзеге асырылады.

Аджип ҚКО компаниясының Қазақстандағы өндірістік орындары
• Атырау Қазақстандағы бас кеңсе
• Астана Астанадағы өкілдік кеңсе. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
• Алматы Қазақстанның қаржы орталығындағы көмекші кеңсе
• Ақтау көмекші кеңсе, Каспий теңізінде Қазақстанның негізгі порты
жанында орналасқан.
• Баутин барлық теңіз операцияларын қамсыздандыру бойынша негізгі
базасы.

Қазақстанда атқарылып жатқан жұмыстарға қолдау көрсету үшін Аджип ҚКО
компаниясы Европада бірқатар кеңселерін ашқан.
• Гаага, Нидерланд компанияның корпоративтік бас кеңсесі
• Лондон, Қашаған жобасы департаментінің
Ұлыбритания кеңсесі
• Лондон, маркетинг және тасымалдау бөлімінің
Ұлыбритания кеңсесі

Аджип ҚКО мердігерлік компанияларын және жеткізушілерін Қазақстан, Италия,
Ұлыбритания, Нидерланд, Швейцария, АҚШ, Біріккен Араб Эмираттары, Түркия,
Норвегия, Франция, Жапония, Ресей, Үндістан және басқа елдерді қоса
алғандағы бүкіл дүние жүзі компаниялары құрайды.

Қашаған
Теңіз түбіндегі алып кенорны
Атыраудың оңтүстік-батысында 80 шақырым жерде орналасқан Қашаған –
Қазақстанның алғашқы ашылған ең ірі теңіз кенорны. XIX-шы ғасырда Маңғыстау
өңірінде туылған белгілі қазақстандық ақынның құрметіне өз атына ие болған
Қашаған кенорны 75 x 45 шақырым аумақта жайылып жатыр.
Солтүстік Каспий бойынша Өнімді бөлісу туралы келісімінің (ӨБК) мердігерлік
теліміндегі кенорындардың арасында Қашаған кенорны ең ірісі. Бұл 1960
жылдарда Алясканың Солтүстік беткейінде табылған Прудо Бэй кенорнынан кейін
соңғы отыз жыл ішінде жасалған ең ірі ашылым.

Қашаған кенорны алғашқы барлау ұңғымасы (БҚ-1) бұрғыланғаннан кейін 2000
жылы шілдеде ашылды. Бұл ұзақ мерзімді жоба Аджип ҚКО компаниясының бірнеше
іске асыру кезеңдерін болжайды. Қазіргі баға бойынша кенорнының әлуетті
геологиялық қоры 38 миллиард баррельді құрайды, олардың ішінде 13 миллиард
баррелі газды кері айдау технологиясын қолдану жағдайында әлуетті алынатын
қор болып табылады.
Басқа кенорындар
Қашағаннан басқа Оңтүстік-Батыс Қашаған, Ақтоты, Қайраң және Қаламқас
сияқты құрылымдар ашылды. Халықаралық стандарт бойынша бұл теңіз
кенорындары жеткілікті ірі, дегенмен олар алып Қашаған кенорнынан едәуір
кіші.
Қашағанды қоса алғанда табылған геологиялық қорлардың жалпы саны мұнай
баламасының 40 миллиард баррелінен асады. Солтүстік Каспий бойынша ӨБК
шеңберіндегі мердігерлік телімде барлау бұрғылауы жетістіктерінің дәрежесі
100% құрады.
Жоба жұмыстарының барысы
Қашаған жобасы техникалық қиындықтар мен қатаң климаттық жағдайлардың
бірегей ұштасуымен сипатталады. Өткізілетін операциялардың ауқымдылығы мен
әртүрлілігі бұл жобаны әлемдік мұнай өнеркәсібінің ең күрделі жобасы етіп
қалыптастырады. Қашаған кенорнын игеру жобасы зерттеу жұмыстарын,
нысандарды салу мен оларды пайдалануға енгізуді, бұрғылау операцияларын,
материлдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мен шикізат өндіруді қоса
теңіз операциялары мен құрлықтағы операцияларды қоса үйлестіруді
қарастырады.
Бірегей қоршаған орта
Аджип ҚКО компаниясы Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі теңіз
операцияларын жүзеге асырады. Қазақстанның бұл бөлігіне күрт континенттік
климаттық жағдайлар тән – қысы суық, жазы ыстық, температурасы күрт ауысып
отырады. Қыс уақытында ауа-райы -40ºC дейін (-40ºF) төмендейді, ал жазда
+40ºC дейін (+104ºF) көтеріледі.
Каспий теңізінің оңтүстік бөлігіндегі Қашаған кенорнының аумағында судың
тереңдігі 3-4 м және Ақтоты мен Қайраң кенорындар аумағында 1-2 м тең.
Теңіздің бетін қарашадан наурызға дейін 4-5 ай бойы мұз басып жатады,
мұздың қалыңдығы орта есеппен 0,6-дан 0,7 метрге дейін болады. Мұздың
қалуы, судың таяздығы және теңіз деңгейінің күрт тербелісінің ұштасуы
транспорттың жүруіне едәуір қиындықтар тудырады

Мұздың қалыңдығы Қашағандағы орташа су Температура
тереңдігі



Технологиялық қиындықтар
Аджип ҚКО компаниясының жұмыс ерекшелігі бір жобада техникалық қиындықтар
мен катаң климаттық жағдайлардың бірегей ұштасуымен негізделеді
• Коллектор тереңдігі – 5 000 м
• Жоғары қабаттық қысым – 800 бар
• Күкіртті сутектің (H2S) жоғары мөлшері - 16-20%
• Күкірт сияқты жанама өнімдерді өндіру
• Қабатқа газды кері айдау
Аджип ҚКО компаниясына Консорциум құрамына кіретін ірі әлемдік мұнай және
газ компанияларының бай тәжірибесін пайдаланудың айрықша мүмкіндігі
берілген. Компанияның жұмысына қазақстандық мамандар мен жергілікті
компаниялардың елеулі тәжірибесі мен дағдылары үлкен үлес қосады. Қашағанды
игеруге байланысты қиындықтарды жеңу үшін Компания жоғары технологиялар
саласында жетекші өндірушілер ұсынған озық технологиялар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аджип ҚКО компаниясы
Аджип ҚКО компаниясы туралы ақпарат
Жарақсыз газ бен мұнай қалдықтарын тазалайн фильтр
«ҚазМұнайГаз» мұнай компаниясы
Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайын талдау
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы
Мұнай саласында Қазақстан аумағында оны барлау, өндірумен айналысып жатқан шетелдік мұнай компаниялары
Мұнай өндірісінің қоршаған ортаға әсері
Мұнай ұғымы
Қоршаған ортаны қорғау және алдын алу жолдары
Пәндер