Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылар (тағайындалуы, түрлері)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылар (тағайындалуы, түрлері) 1
ЖББҚ-ны пайдалану ерекшеліктері. 3
Теңіз мұнай газ скважиналарын жабдықтары. 5

Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылар (тағайындалуы, түрлері)

Гравитң негіздерді үлкен теңіз тереңдіктерде қолдану мүмкіншілігі 60
жылдары ЖБЖБҚ-ды құру қажеттілігіне әкелді.
ЖББҚ-ды геологиялық барлау жұмыстарын 200-300 м дейінгі тереңдікте
жүргізу үшін қолданады. ЖББҚ жоғарғы тұлға, төменгі пантондардан тұратын
және оларды жалғайтын (стабилизациялайтын – тұрақтандырғыш) тізбектерден
тұрады.
ЖББҚ ерекшелігі – жеңіл орынауыстыруы, жаңа бұрғылау нүктесіне жеңіл
орнатуы және одан алуы, (жел, толқын, ағым әсеріне жоғары тұрақтылығы),
теңіз тереңдігі өсуінде құндылығының аз өсуі.
Жоғарғы жұмыс палубасының конструкциясы 3-, 4-, 5 одан да көп бұрышты
формада орындалады. Төменгі понтондарда және (стабилизациялайтын –
тұрақтандырғыш) тізбектердің балластты, техникалық суға, жанармайға,
майларға арналған арнайы цистерналар болады.
ЖББҚ-ң оптимальды конструкциясын табу тәжірибеде конструкциялармен
әртүрлі формалы, ЖББҚ шығаруға әкелді. Көбінесе, конструкциясы 2 понтонды
және 6-8 тұрақтандырғыш тізбектерімен, тікбұрышты тұлғадан тұрады.
ЖББҚ-ны тасмалдаудың 3 тәсілі бар: буксир арқылы өздігінен жүргіш,
комбинацияланған. Бұрғылау процессінде скважина үстінде ұстау тәсілі
бойынша 3 түрге бөледі: якорьлі ұстау (бекіту) жүйесі бойынша, динамикалық
позициялау бойынша және тартқыш тетіктер арқылы бөледі.
Су тереңдігі 200-300 м якорьлі бекіту.
Одан жоғарғы тереңдікте – динамикалық позициялау жүйесімен.
Әртүрлі жағдайларға байланысты – аралас бекіту жүйесімен қондырады
(ұстайды).
ЖББҚ-сы конструкциясымен игеру кезінде, оларға қойылатын негізгі
талаптар:
- Тұрақтылығы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Бұрғылау кезінде қозғалысын азайту;
- Жұмыс жасау икемділігін қамтамасыз ету;
- Бұрғылайтын орынға тез орналастыру;
- Технологиялық қор мөлшерін көбейту;
- қарапайым құрылуы және эксплуатациялау кезінде ыңғайлы болу;
- материалдар шығымын азайту;
- арнайы аумақтарды ескеру;
Якорьлі ұстау жүйесімен бекітілген ЖББҚ негізден және онда орналасқан
бұрынғы қондырғылы платформадан тұрады. Негізге – айнымалы жүзгішті
понтондар және платформа астындағы тіректер кіреді. Тасымалдау жағдайында
өзінің үлкен массасына қарамастан ЖББҚ-ң пантондардың жоғарғы бөлігі теңіз
деңгейінде шығып тұрады. Бұрғылау нүктесінде понтондар сумен толтырылып,
қондырғыштың негізі 18-30 м түсіріліп, якорланады. Ал платформа
жабдықтарымен және оған қатты түрде жалғанған негіз бөлігі судың бетінде
қалады. Жартылай батпалы жағдайында ЖББҚ өзінің тіректерінің жүзгіштігі
арқасында ұсталады.
Сумен толтырылған понтондар ЖББҚ-ң ауырлық центрін төмендетеді. (Егер
ауырлық центрі судың жоғарғы жағында болса, толқындар қысымы әсерінде болар
еді). Қатты (күшті) толқын нүктелерін қабылдайтын элементтердің қима
ауданын кішірейту және ауырлық центрін төмендету ЖББҚ-ның тұрақтылығын
арттырады.
Якорьлі ұстау жүйесі тек ғана 300 м тереңдікке арналған, өйткені
тереңдік өскен сайын якорьлі тростарлық ұзындығы өседі, якорьлі
лебедкалардың салмағы мен габариттары, өседі, → олар якорлау процесстерін
қиындатады. Мұндай ЖББҚ, мысалы “Седко-70!” (Великобританияда жасалған).

ЖББҚ-ны динамикалық позициялау якорьлі бекітуге қарағанда бұрғылау
процессінде скважина үстінде қондырғыш ұстау жүйесімен ерекшеленеді.
Айырмашылығы: мұнда акустикалық аппара, есептеуіш машина және & винттен
тұрады (көлденең және бойымен орналасқан). Шығатын сигналдар гидрофондармен
қабыданып, есептеуіш машина арқылы ЖББҚ-ның орналасу жағдайын анықтайды.
Скважинаға қатысты өзінің орнын ауыстырған кезде автоматикалы түрде сәйкес
қозғалтқыштарға команда беріліп, өз орнына қайта қойылады.
Теңіз тереңдігі өскен сайын динамикалық жүйенің тиімділігін өседі
(артады). Сондықтан, оны 6000 м дейін қолдануға болады. ЖББҚ “Мохол”
ЖББҚ якорлі бекіту және динамикалық позициялаудың бірқатар кемшіліктері
бар: скважина осі горизонталь бойынша орын ауыстыруы, ағымды акваторияларда
якорлі тростардың үзілу қауіптілігі.
Сондықтан, басқа түрлі ЖББҚ-ға қарағанда басты орын алатын (кемшіліктері
жоқ), тартқыш тірек тілі ЖББҚ болып саналады.
Негізгі элементтері: айнымалы жүзгішті понтондар, платформа астындағы
тіректер, бұрғылау нүктесінде орналасатын фундамент және фундаментті
понтондар мен жалғайтын тартқыштар (олар түп якорінің ролін атқарып,
понтондарды ұстайды). Тартқыштар әртүрлі болады: грунтқа батырылған үлкен Ш-
лі свайлар, массивті плиталар т.б. Тартқыштардың төменгң жақтары
фундаментпен скобалар арқылы жалғанады. Фундаменттердің бос қуысты орындары
сумен толтырылады, ол теңіз түбіне түсіп, тартқыштарды вертикал позициясына
әкеледі.
Бұл типті ЖББҚ-ның тұрақтылығы құбыртәрізді тартқыштардың тарту
күшіне байланысты (тартқыш тіректер да), бірақ олардың саны мен ш-нан
тәуелді емес. Диаметрлерін олардың беріктік шарттарынан анықтайды.
(“Тритон”)
Қазіргі кезде таратқыш тіректігі ЖББҚ-ны шет елдерде теңізде 800 м
тереңдігіне орнату мүмкіндігін бағалап отыр (келешекте 2000 м дейін
орнатады).

ЖББҚ-ны пайдалану ерекшеліктері.

Берілген аудан жұмыстары үшін ЖББҚ түрлерін анықтау кезінде қоршаған
ортаны зерттеу бойынша үлкен жұмыстар жүргізеді, одан кейін жел жылдамдығы,
толқын биіктігі, ағу жылдамдығы, мұздылық жағдайлары анықталған шамалары
бойынша ЖББҚ сипаттамаларын қарастырады, яғни онда бұрғылау жұмыстарын
жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкіншілігін қарастырады.
ЖББҚ-ны эксплуатациялау ерекшелігі – скважиналарды бұрғылау кезінде
оның ӨЖБҚ-ге қарағанда теңіз түбімен қатаң бекітілмей жүзбелі түрде болуы.
Оның теңіз түбімен байланысы теңіз стоягы арқылы жүзеге асады.
Оның жоғарғы қозғалатын жағы ЖББҚ-мен, ал төменгі жағы телескопиялық
жалғану арқылы суасты саға қондырғысына жалғанған.
Теңіз стояғы бұрғылау ертіндінің жабық түрде циркуляциялауын
қамтамасыз етеді.
Теңіз стояғында орналасқан бұрғы.тізбегі тәл блогтатты компенсатор
арқылы ілінген (ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теңіз мұнай-газ ғимараттарының (ТМГҒ) жалпы конструктивті белгілері мен ерекшеліктері
Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары (ӨКБҚ)
Бұрғылау кемелері туралы
Мұнай және газ кәсіпшілігінің жабдықтары
Теңіз мұнай газ кенорындарын игеру
Әлем балансында теңіз қайраңында мұнай өндіру
Көп қабатты кен орындарын меңгеру
Барлау жұмыстары
Жүзбелі қондырғылардың класстары және түрлері
Теңiз шельфiн өндiрiстiк игеру және пайдалануға дайындау бойынша инвестициялық жобаның тиiмдiлiгiн талдау
Пәндер