Қазақстан мұнайын тасымалдау келешегі


ЖОСПАР
Кіріспе2
Қазақстан мұнайын тасымалдау келешегі3
«ҚазТрансОйл» ЖАҚ активтері8
Келешегі зор жобалар8
Атырау Самара мұнай құбырының қуатын арттыру8
Омбы- Павлодар- Шымкент -Чаржоу мұнай құбыры бойынша мұнай беруді қалпына келтіру жобасы. 9
Батыс Қазақстан Қытай мұнай құбыр жобасы10
«КазТрансОйл» ЖАҚ мұнай құбырларын құбырішілік ізерлеу12
Қызмет көрсету сапасы13
Құбырөткізгіштер ақауларын жою технологиясы мен әдістері. 13
Негізгі тұжырымдар14
2002 жылға арналған күрделі қаржы салу бағдарламасы шеңберінде «ҚазТрансОйл» ЖАҚ іске асыратын жобалар15
1. SAP R/3 жобасы15
2. «ҚазТрансОйл» ЖАҚ өеркәсіптік технологиялық байланысын жаңғырту жобасы (ВОЛС) 15
3. SCADA жобасы16
4. Әлібекмола -Кеңқияқ мұнай құбыры жобасы16
5. Шағыр станциясында темір жол мұнай құю бекетін салу16
6. Кеңқияқ БМАС -ты қайта құру мен жаңғырту17
7. Жаңажол бас мұнай айдау стансасын салу17
8. Атырау қаласында мұнай құю терминалын кеңейту17
Кіріспе
Мен 9-шы шілдеден 9-шы тамыз аралығында Ақтөбе арасындағы Кеңқияқ ауылынан 2 км арақашықтықтағы орналасқан Сызықты Өндірістік-Диспетчерлік «Кеңқияқ» стансасында тәжірибелік жұмысты атқардым. СӨДС «Кеңқияқ» Кеңқияқ кен орынына жақын маңында және Жаңажол кен орынынан 60 км арақашықтықтықта орналасқан. Жаңажол мұнайы СӨДС «Кеңқияқ» стансасына жеткізіледі. Жаңажолда болашақта Әлібекмола және Жаңажол кен орындарынан мұнай жеткізілетін мұнай айдау станциясы салынады деп күтілуде.
Қазақстан мұнайын тасымалдау келешегі
Егер республиканың тасымал күретамырларының схемасына көз жүгіртсек, Қазақстан Республикасы магистральды мұнай құбырларының жүйесі технологиялық жағынан жеке-жеке үш батыс, Ақтөбе және шығыс қосымша жүйелерінен тұратын аңғару қиын емес. Мұның өзі Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарына Батыс Қазақстаннан мұнайды тікелей жеткізуге мүмкіндік бермейді. Компания осы жәйтті ескеріп, ресейлік мұнай компаниялармен айырбас операцияларын (сауда-саттық) жолға қою арқылы экспортқа және ішкі рынокқа мұнай жеткізудің пайдалы шарттарын қамтамасыз етуге баса назар аударды.
Өткен жылы «КазТрансОйл» ЖАҚ Бестамақ мұнай құю эстакадасы, Ақтау поты, Махачкала порты, арқылы және одан әрі Махачкала-Новороссийск мұнай құбырымен Ақтөбе мұнайын тасмалдаудың жаңа маршрутын жасады. Біздің қатысуымызбен Бестамақ эстакадасында ақпан айында Жаңажол және Кеңқияқ мұнайының қоспасын меркаптандар және күкіртті сутектілерінің жеңіл фракцияларынан тазартатын қондырғы пайдалануына беріліп, бұл «СНПС Ақтөбемұнайгазға» өз мұнайын Атырау-Самара экспорттық құбыр желісі арқылы тасымалдауға мүмкіндік берді. Сөйтіп бұдан бұрын негізінен Ор мұнай зауытында өңдеу үшін Кеңқияқ Ор мұнай құбырымен жеткізіліп келген осы аймақтың өткізу нарқын кеңейтуге қол жетті.
Ақтөбе аймағында мұнай өндіру 2007 жылы жылына 14 миллион тоннаға дейін ұлғаяды деп күтіліп отырғанын назарға алып, үстіміздегі жылы Кеңқияқ Атырау мұнай құбырының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл жоба Қытай жағымен бірлесіп жүзеге асырылады және осы пайдалануға берген 2003 жылдың қыркүйек айына жоспарланған. «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-тың осы құбыр желісінің операторы болатынын атап көрсету маңызды.
Бірінші кезектегі мәселелердің келесі бір топтамасы өндіру көлемі қауырт көбейіп келе жатқан Құмкөл мұнайын тасымалдауға қатысты. Қазіргі кезде Құмкөл мұнайы экспортынының басыңқы бағыты Еуропалық нарық болып табылады, мұның өзі «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-тан аймақтың кен орындарынан мұнайды батыс бағытқа жеткізу үшін тиісті инфрақұрылым дамытуды қажет етеді. 2001 жылғы желтоқсанда Атырау мұнай айдау станциясынан құю эстакадасына дейін темір жолмен жеткізілетін Құмкөл мұнайын Атырау- Самара мұнай құбырымен жөнелтудің негізі қаланды. Болашақта Құмкөл мұнайын осы бағытта жеткізу көлемі ұлғая бермек бұл үшін біз Атырау мұнай айдау станциясына ауыстырып құю қуатын ұлғайту жөнінде шаралар қолданып жатыр.
Үстіміздегі жылы «Харрикейн Құмкөлмұнай» АҚ-пен уағдарластық бойынша біз темір жол көлігіне Құмкөл мұнайын қабылдап алып, оны сапасын сақтап, КҚК құбыр желісіне айдау үшін Атырау мұнай айдау станнциясын жаңғыртуға кірісті. Бұл Құмкөл өндірушілеріне КҚК-да жұмыс істейтін мұнай сапасы банкінің артықшылықтарын толық дәрежесінде пайдалануға мүмкіндік береді.
2001 жылы Ақтау айдау мұнай станциясына темір жол эстакадасында Құмкөл мұнайына арналған ыстық күйінде құю жүйесінің пайдалануға берілгенін айта кеткен жөн, мұның өзі оны танкерлеге қыс кезінде ауыстырып құю көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Бұған қосарымыз, қажет болуына қарай Ақтаудағы қотару қуаттарын одан әрі ұлғайту жоспарлануда.
ШНОС ААҚ-қа тиесілі Текесу мұнай құю эстакадасын қазіргі ауыстырып құю қуаттары Құмкөл Арал мұнай құбырын пайдалануға бергенге дейін оңтүстік торғайлық өндірушілердің қажеттерін қамтассыз етуге жеткіліксіз екенін басшылыққа ала отырып, «КазТрансОйл» ЖАҚ Шымкентке жақын маңда қуаты жылына 3 миллион тонналық шағыр жаңа мұнай құю эстакадасы құрылысының жобасын жасауға кірісті ол Құмкөл өндіршілуренің «КазТрансОйл» ЖАҚ Құмкөл-Арал құбыры желісі салып, оны кейінен Кеңқияққа дейін ұзартқанға дейін таяудағы екі үш жыл ішінде барынша мүмкін мұнай көлемін экспорттауға мүмкіндік береді.
Солай бола тұра «ҚазТансОйл» ЖАҚ жүйесі бойынша Қазақстан мұнайын тасымалдаудың негізгі экспорттық бағыты Атырау-Самара құбыр желісі болып табылады, сондықтан біз оны өткізу қабілетін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл құбыр желісінің осылай кеңейтуге мол мүмкіндігі бар. Қазақстанда мұнай өндірудің артуы туралы болжамды деректердің негізінде және Қазақстандық мұнай компаниясының экспорт мақсатында Самара бағытын пайдалану жөніндегі ниетін басшылыққа ала отырып, 2006 жылға қарай Атырау- Самара мұнай құбырымен жылына 25 милион тоннаға дейін мұнай тасымалданатынын есептеді. Бүгінгі таңда «КазТрансОйл» ЖАҚ-пен біздің стратегиялық әріптесіміз АК «Транснефть» ААҚ арасында осы мұнай құбырының қуаттарын бірлесіп кезең кезенмен кеңейту жөнінде қағидатта уағдаластық бар.
2002 жылы 7 маусымда қол қойылған мұнай транзитті туралы Ресей Қазақстан Үкімет Аралық келісімі осы ынтымақтастыққа тың серпін берді. Келісімге «Транснефть» мұнай құбырлары желілері бойынша Атырау- Самара бағытымен жылына кемінде 15 миллион тонна және Махачкала Новороссийск құбыр өткізгіші бойынша жылына кемінде 2, 5 миллион тонна көлемінде Қазақстандық мұнай транзитіне кепілдік беру мүмкіндігі көзделген. Бұл құжат тиісті кезеңге ең қажетті көлемді беруді жүзеге асыруға тараптардың кепілдік жасауын ескере отырып, мұнай транзиті бойынша қуаттарды кеңейту мүмкіндігі де қарастырылған.
2002 жылы «ҚазТрансОйл» ЖАҚ пайдалануға берілген балтық құбыр желісін пайдалана отырып, жаңа Приморск аймағы арқылы мұнай жеткізуді рәсімдеуге кірісті. ТҚЖ-нің қуаты жылына 12 миллион тонна бірінші кезегі 2001 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілді. Қазігі уақытта «Транснефть» АК жобаның өткізу қабілеті жылына 18 миллион тонна екінші кезегін іске асыру жөнінде жұмыс жүргізуде, ал келешекте жүйені жылына 30 миллион тоннаға дейін жеткізу және одан да асыру жоспарланған, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ приморск аймағы Қазақстан мұнайын тасымалдауда экономикалық тартымды бағыттарының бірі ретінде қарайды және балтық құбыр желісін қуаттарын кеңейту жобаларын іске асыруға қатысуға әзір.
Мұнай сапасының банкін жасау компания қызметіндегі айрықша назар аударып отырғанын тағы бір бағыт болып табылады. Құрамында күкірт аз жеңіл мұнай өндіушілер оны өткізуден түскен табысты барынша көбейтуге мүдделі. Сондықтан сапа банкі қазірдің өзінде бар КҚК құбыр желісін іске қосылумен бізде мұнайдың нақ осы жеңіл сорттарын тасымалдау саласында елеулі бәсекелестік пайда болды. Бұл орайда «ҚазТрансОйл» ЖАҚ алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі «Транснефть» АК жүйесі арқылы жеткізілетін Қазақстан мұнайын сапасын экспорттық қоспаға қойылатын техникалық шартар шегінде сақтау және бір мезгілде мұнайдың артуы және күкіртті сорттарын өндірушілер мұнай тасымалдау жөнінде қызметте көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Өткені КҚК қарағанда «ҚазТрансОйл» ЖАҚ тепе-тең мүмкіндік шараларымен жалпы пайдаланатын мұнай құбырларын пайдаланады. Сонымен сапа банкісін еңгізу Теңізшевройл сияқты компаниялар үшін біздің қызметтеріміздің тартылымдығын арттырудың негізгі факторлардың біріне айналады. Сонымен бірге сапа банкін жасау кезінде барлық мұнай өндіруші компониялардың мүдделерін барынша ескеруге тырысады. Сапа банкі жасау үшін «ҚазТрансОйл» ЖАҚ консультант ретінде француздің Beicin Franlab компаниясын тартуда.
«ҚазТрансОйл» ЖАҚ активтері
Мұнай құбырларының жүйесінің жалпы ұзындығы 6491, 73 км
Суағарлар жүйесінің жалпа ұзындығы 2054 км
Резервуар паркінің сыйымдылығы 1200 млн. текше метр
Сорап-айдау стансалары 39 кешен
Қабылдау өткізу бекеттері 18 кешен
Темір жол аспалы мұнай құярлықтары: Шығыс филиалда Атасу (қуаты жылына 2 млн . тонн), Батыс филиалда Мақат (жылына 1 млн . т ), Атырау (жылына 5 млн . т. )
Темір жол аспалы қотару құярлықтары: Ақтау МАС (жылына 1 млн. т. ), Атырау МАС (жылына 2 млн. т. ), Атырауда аспалы құярлықты қотару қондырғылармен жете жарақтандыра отырып, қайта жаңғырту жүріп жатыр
Теңіз мұнай құю терминалдары, Ақтау айлағы жылына 6 млн. тоннаға дейін
2000 жылғы жүргізілген қайта бағалауды ескергенде 2001 жылдың 1 қаңтарына активтердің жалпы құны 170, 873 млрд. теңге
Келешегі зор жобалар
Атырау Самара мұнай құбырының қуатын арттыру
«ҚазТрансОйл» ЖАҚ «Транснефть» АК-пен білесіп 2000 жылы аяқталған аса маңызды жоба жоба Атырау Самара мұнай құбырының қуатын жылына 15 миллион тоннаға дейін ұлғайтқаны болды.
Бүгінгі күні осы мұнай құбырының қуатын кезең кезенмен білесіп кеңейту жөнінде Транснефть АК-пен уағдаластық бар. Болжам деректері бойынша 2006 жылы мұнай құбыры бойынша жылына 25 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалданатын болады.
«ҚазТрансОйл» ЖАҚ Атырау - Самара мұнай құбыры арқылы жеткізу үшін қолайлы Қазақстандық мұнай қоспасын қамтамасыз ету жобасын жоспалап отыр. Сондықтан компания Теңізшевройл сияқты компанияларға көрсететін қызметтердің тартымдылығын арттыратын негізгі жағдайлардың бірі ретінде сапа банкін жүргізуімен айналысатын. Сапа банкін әзірлеу кезеңінде мұнай өндіруші барлық компаниялрадың мүдделері мейлінше ескерілетін атап көрсету керек.
Омбы- Павлодар- Шымкент -Чаржоу мұнай құбыры бойынша мұнай беруді қалпына келтіру жобасы.
Омбы- Павлодар- Шымкент -Чаржоу мұнай құбыры батыс сібір мұнайын Омбы -Павлодар - Шымкент- Чаржоу қалаларының мұнай өндіруші зауыттарына тасымалдау үшін 1977 жылдан 1983 жыл кезеніңде кезең кезенмен салынған болатын мұнай құбырының өткізу қабілеті Омбы- Павлодар учаскесінде жылына 36 миллион тонна, Павлодар- Шымкент учаскесінде 17 миллион тонна және Шымкент- Чаржоу учаскесінде 7 миллион тонна.
КСРО ыдырыған және батыс сібір мұнайын беру тоқтатылған соң Шымкент Чаржоу мұнай құбыры 11295, 5 км учаскесінде пайдаланылмады. 1999 «ҚазТрансОйл» ЖАҚ мұнай құбырының осы учаскеде мұнайды ығыстырып шығаруды және құбырды бұқтыруға қоюды жүргізді. Бұған қосымша компания 2002 жылы ішінде мұнай құбырының осы учаскесінде оны бұқтырудан шығаруды жүргізбек.
Қазіргі уақытта бірқатар Ресейлік компания мұнайды Сейди қаласында (Түркменистан) МӨЗ-де өңдеп, ода әрі Иран Ислам Республикасының рыногына тасымалдау үшін Омбы-Павлодар -Шымкент -Чаржоу мұнай құбыры жүйесі бойынша Қазақстан мен Өзбекстан аумақтары арқылы мұнай транзитін қалпына келтіруге мүдделік көрсетіп отыр.
Батыс Қазақстан Қытай мұнай құбыр жобасы
Жоспарланған мұнай құбыры Қазақстандық мүнайды энергия ресустарына үлкен мұқтаждық көріп отыған Қытайдың орталық және оңтүстік аймақтарына экспортау үшін балама бағыт жасауға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру үшін негіздемелер:
1997 жылы 24 қырқүйекте ҚР және ҚХР үкіметтері қол қойылған мұнай және газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
1997 жылы 24 қырқүйекте Қытай ұлттық мұнай газ корпорациясы мен ҚР энергетика және минералды ресурстар қол қойған кен орындары игеру мен мұнай құбырларын салу жобалары туралы бас келісім.
1998 жылы 13 маусымда КазТрансОйл ҰМТК ЖАҚ (ҚТО) -пен Қытай ұлттық мұнай және газды балау мен игеру корпорациясы қол қойған Қазақстан Қытай мұнай құбырының ТЭН-ін бірлесіп әзірлеу туралы келісім.
Орталық мұнай жоспарлау және жобалау институты Атырау қаласындағы каспий мұнай газ ҒЗЖИ-мен бірлесіп орындаған ТЭН бүгінгі күйге дайын.
Мұнай құбырын тарту үшін мұнай құбыры өтетін бағыт жер бедеірінің жазық сипаты, құрылыс жүргізу үшін қолайлы жағдай мұнай айдаудың салыстырмалы түрде қарапайым технологиясы, шағын үлестік шығындар, саяси қатердің бәсеңдігі.
Сонымен қатар, қазіргі кезде тасымалдаудың кепілді көлемдері бойынша қуатталған деректер жоқ. Қытай ұлттық мұнай газ корпорациясы өз кезегінде ҚР мұнай газ секторына инвестициярды көбейтуге мүдделі, бұл жобаны іске асыру үшін күшті факторы болып табылады.
«КазТрансОйл» ЖАҚ мұнай құбырларын құбырішілік ізерлеу
1998-2002 жылдар кезеңінде қоғам жылына орта есеппен 780 км, 3701 км мұнай құбырларын құбырішілік ізерлеуден өткізді.
Мұнай құбырларын құбырішілік ізерлеу бойынша жұмыстарды орындау көлемі жылда бойынша мынадай:
Олардың ішінде:
Батыс филиал бойынша - 1555 км мұнай құбыры;
Шығыс филиал бойынша -942 км мұнай құбыры;
Ақтөбе филиалы бойынша- 622 км мұнай құбыры:
2002 жылы құбырішілік ізерлеу қоғам бойынша жалпы ұзындығы 582 км мұнай құбырына жоспарланған. Бұл тізбекке көптеген мұнай айдау болмаған сияқты техникалық сипаттағғы себептер бойынша бұрын құбырішілік тексерумен қамтымаған учаскелер енгізілді.
Бүгінгі күні Өзен Атырау Самара негізгі магистралді мұнай құбырын құбырішілік ізерлеу толық аяқталды.
Мұнай құбырларын ізерлеу техникалық есептерін зерделеу нәтижелері бойынша пайдалану департаменті талдау жүргізді және құбырөткізгіштерге жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдады.
Осы мақсатта аса қаупті ақаулы жерлер анықталады және ақаулардың мөлшердің санымен сипатына қарай ақаулады немесе жекелеген учаскелерді жою жөніндегі жұмыстар жоспарланады ізерлеу нәтижелеррін мақсатты талдау үшін пайдалану департаменті жанынан ізерлеу секторы құрылған.
Қызмет көрсету сапасы
«Бритиш газ» компаниясы жүргізіген ізелеу инспекциясы нәтижесінде машиналық модель жасалды, соның нәтижесінде құбырөткізгіштегі сапалық және сандық сипаттамасы есептеледі.
Жоғары сапаға қол жеткізу үшін ізерлеудің техникалық шарттарына, ізерлеушілік және аралас снарядтар конструкцияларына, жұмыстардың орындалуына және алынған деректерді талдап таратуға қатаң талаптар белгіленген.
Құбырөткізгіштер ақауларын жою технологиясы мен әдістері.
Құбырішілік ізерлеу нәтижелері бойынша анықталған құбырөткізгіштер ақауларын жою үшін аса жаңа технологиялар мен материалдар пайдаланады.
Бүгінгі күні әлемдік тәжиребеде қолданатын құбырөткізгіштерді ағымдағы жөндеу техногиялары мен әдістері ішінен «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-та CLOCK SPRING (сағатты серіппе) динамит тұрпаты метал молекулярлы композициялық материалдар танылған және қолданылады.
Негізгі тұжырымдар
МҚ желілік бөлігінде істен шығу мен авариялар туғызатын себептердің ішішнде негізгі құбырөткізгіштерді жасау кезінде металдың заводтық жарамсыздығы, сондай-ақ құрылыс монтаж жұмыстары кезіндегі жарамсыздық, тотығудан болінудің өрістеуі, құбырөткізгіштерге қасақана саңылау жасау, қирату, құбырөткізгіштердің күзетілетін аймағында жұмыс жүргізу ережесін бұзу салдарынан болған механикалық зақымдануы болып келеді.
Қолданыстағы МҚ-ның іс жүзінде сенімділігінің жай күйінде жасалған талдау олардың сенімділігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстардың басым бағыттары мыналар болып табылады:
- ізерлеу, күрделі жөндеу, техникалық қайта жарақтандыру және қайта құру жөніндегі іс шаралар кешенін жүргізу;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz