Мұнай жайлы


МҰНАЙ
Мұнай, газ, көмір өнеркәсібі-дүниежүзілік энергетиканың негізі. Мұнай өнеркәсібінің ерекше үлкен маңызы бар.
Адам мұнайды өте ертеден білген. Оны жарық, жылыту, дәрі дайындау үшін пайдалануға болатынын Геродот пен Плутарх та айтқан. ХІХ ғасырда алдымен керосин шамның, одан соң іштен жанатын двигательдің ойлап табылуы оны өндіруді арттыруға түрткі болды. ХХ ғасырда бастапқы энергетика байлықтарының басқа бірде-бір түрі адамзаттың экономикалық және әлеуметтік дамуына мұнай секілді үлкен ықпал ете алмады.
Мұнайды дүние жүзінің 80 елінде өндіреді. Бірақ бұл саланың географиясын “бірінші одаққа” жаиаиын елдер анықтайды. Олардың көпшілігі үшін мұнай өнеркәсібі халықаралық маманданудың маңызды, кейде бірден-бір саласы болды.
Күні бүгінге дейін еліміздің әр қиырындағы мұнай және газ өндірісі кеніштері мен жаңадан салынып жатқан мұнай, газқұбырлары салынып жатыр.
Осыдан он жыл бұрын еліміз тарихта тұңғыш рет төл тәуелсіздігін жариялап, өз алдына дербес өмір сүре бастағанда, Жетісу өнірінен-ару Ақ Жайыққа қазыеалы Маңғыстау жерінен сонау Алтай тауларына дейінгі жерге ғана емес, сол бір қасиетті қара жердің астындағы бар байлығына да ие болып қалған едік қой. Дегенмен, сондай мол байлыққа ие болу деген бар да, оны ұқсатып, ел игілігіне айналдыра білу деген мәселе тағы бар ғой.
Елімізосындай үлкен таңдаудың алдында тұрып, Қазақстанның санды жас тәуелсіз мемлекет үшін қазіргі таңдағы басты міндет төл тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктетіп, ел экономикасының күш-қуатын арттыра түсу деп білді де, келешекте осынау биік мақсат-мұратты жүзеге асыруға бірден-бір қолайлы стратегиялық бағыт-бағдар- мұнай мен газ өндірісі саласын өркендетуді қолға алды. Ол кезіндегі мұнай мен газ өндірісі еліміздің бүтіндей энергетикалық алыбымыздың 1/3 бөлігі мазут пен көгілдір отынды (газды) пайдалану арқылы жасалып келгендігін ескерсек, онда бұл көрсеткіш 37% дейін жетіп жығылар еді.
Соңғы жылдары Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінен табылған “қара алтын” қорын қоспағанда қазіргі таңда ел еншісінде 15млрд. тоннадан астам мұнай мен көгілдір отын (газ конденсаты) және 6трил. шаршы метрден астам табиғи газ қоры бар екен. Дегенмен, еліміз күні бүгінге дейін тек сол қолдануда ғана емес, кейін оны нарық базарында жоғары бағаға сатып, одан түскен қаржыны елдің басқа да толып жатқан қажеттліктерін өтуге жұмсап, тұтастай ел игілігіне айналдыра білуде де болса керек.
Соған қарай, еліміз соңғы жылдары өзінің мұнай мен газ қорының көлемін молайту мақсатында итальяндық “Аджип”, ұлыбританиялық “Бритиш газ”, норвегиялық “Статойл”, француздық “Тоталь”, нидерландтық “Шелль”компанияларымен бірлесіп, кең көлемді геофизикалық барлау жұмыстарын жүргізіп, үлкен табыстарға да қол жеткізді. Мұның сыртында соңғы жылдары еліміздің әр қиырындағы шағын мұнай және газ өндірісі кешендерінен табылған байлық қоры тағы бар.
Тәуелсіз Қазақстан үшін ендігі кезектегі тағы бір басты міндет-өз иелігіндегі сол мұнай мен газ шикізатының мол қорын әртүрлі тасымал жолдары арқылы экспортқа шығарып, одан ел қазынасына қомақты қаржы түсіру.
Міне, осыған байланысты, 90-жылдардың орта кезінде елімізде көптеген шетелдік компаниямен біріккен Каспий Құбыр Консурциумы құрылып, аз уақыттың ішінде-ақ қыруар жұмыстар тындырылып үлгерді.
Сонымен бірге, қазіргі кезде Қазақстанның мұнайын темір жол тасымалы арқылы Еуропа елдеріне жеткізіп, нарық базарында сатудың қолайлы мүмкіндіктері де қарастырылу үстінде.
Сондай-ақ, бүгінгі Қазақстанның сапалы мұнайына қызығып отырған елдер мен осынау мол байлықты әлемдік мұнай базарына шығарып, сатысуға қол ұшын беруге өтініш білдіріп отырған елдер де аз емес. Қазақстан жағы өз кезегіндегі осының бәрін ескере келіп, Батыс Қазақстанның мұнайын Ақтау қаласындағы теңіз порты арқылы Әзірбайжанның Баку теңіз айлағына, одан әрі Кавказдың құбыр жолдары арқылы Қара теңіздің жағалауына дейін тасымалыдап, Иран елімен мұнай алмасуды да бірден-бір қолайлы бағыт деген тұжырымға келіп отыр.
Сонымен мұнай мен газ қорының молдығы жағынан қазірдің өзінде-ақ Екінші Кувейт аталынып жүрген тәуелсіз Қазақстанның жерасты байлығын игеру жұмыстары қызу қарқанмен басталып та кетті деуге негіз бар.
Еліміз өз иелігіндегі ондаған іргелі мұнай-газ өнеркәсібі кеніштерін игеруде де осындай қолдау-көмекке - шетелдік несиелерге арқа сүйеп отыр.
Алыс-жақын шетелдердің миллиондаған долларлармен есептелетін әлгіндей қомақты қаржы көздері қазірдің өзінде-ақ ел қазынасына ағып келіп жатыр. Қарапайым есеппен алғанда, бүгінге әлдіндей мол қаржының бір бөлігі үлкенді-кішілі кеніштерді игеруге жұмсалады, ендігі бір бөлігі ел тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартып, ауыл-село, қалаларды өркендетуге де кеңінен пайдаланып келеді. Осындай қолайлы мүмкіндіктердің арқасында соңғы алты-жеті жылдың ішінде Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жаңадан емхана, мектеп, мәдениет үйлері мен спорт сарайлары салынып, пайдалануға берілсе, енді бір жерлерде жергілікті жастардың шетелдердің небір атақты деген жоғарғы оқу орындарын білім алуларына да түрлі жағдайлар жасалынуда. Осыған қарап, егер,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz