Мұнай алабын игеру тәсілі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мұнай алабын игеру жүйесің инженериясы.
Жүйе- бір-біріне байланысты, бір-біріне әсер ететін, әрі салыстырмалы
дербес екі немесе екіден көп тармақ жүйеден немесе фактордан құралған
белгілі бір функцияны орындау тұрғысынан жасанды тәсілмен орналастырылған
жиынтық тұлға.
Жүйе инженериясы- пән аралық шектес ғылым. Ол бірнеше жай пәннің
немесе технологиялық техниканың терең егжеи-тегжеилі кемелді зерттеу
нәтижелерінің негізінде құрылған. Ортақ нысанаға ең сапалы жалпы тұлғаға
жеткізу үшін, оларды ендік бағытта ұйымдастыратын обьектив жақтан белгілі
техника тәсіл қажет ететін ендік техника- жүйе инженериясы делінеді.
Мұнай ұяшығы инженериясы және мұнай ұяшығы құрылысын жобалау.
Мұнай ұяшығы-мұнай құдығымен сол құдығын бақылау, өлшеу, басқару
жүйесі, жобаны атқару жүйесіндегі талаптар т.б. Мұнай ұяшығын геологиялық
зерттеу-мұнай ұяшығы құрылысын жобалаудың негізі және дәлелі. Жобаны
саралау- мұнай ұяшығы құрылысына шешім жасау тәсілі.
Мұнай алабын игеру жобасын технологиялық мазмұны ғылыми назармен
мәнерлеу техникасының дамуына байланысты толықтанып, кешелденіп отырады.
Мұнай ұяшығын байымдау.
Түрлі материалдар мен шаралардан пайдаланып, мұнай ұяшығының
геологиялық ерекшелігінің зерттеудің және танудың жалпылай аталуы.Оның
басты мазмұны: қурылым, топырақ қабат жүйесі.Мұнайлы қабаттың
қасиеті,орналасу заңы, қалыптасу себебі.Мұнай,су,газ- ақпа денелер қасиеті,
мұнай ұяшығының турлері,мұнайлы қабат қысымы,температура, тағы басқа.
Мұнай ұяшығын байымдау- мұнай ұяшығы құрылысын жобалаудың негізі. Мұнай
(газ) алабын жалпы беттік игеріп болғанға дейін (газ) алабын анықтай беру
немесе жаңа мұнай тауып,барлау, игеру көлемін біртіндеп кеңейте беру.

Мұнайлықты игеру кезеңдері.
Уақытқа немесе игеру көрсеткінің өзгеру жағдайына қарай бөлінген
игеру кезеңдері.Мысалы: сусыз мұнай алу кезеңі, су құрамы төмен мұнай алу
кезеңі,орташа су құрамды мұнай алу кезеңі,жоғары су құрамды мұнай алу
кезеңі, т.б.
Игеру тәртібі.
Мұнай (газ) алабын бағалап,барлап,бұрғылаудан жаппай игеру
барысына дейінгі жұмыс тәртібі мен шаралары. Мұнай (газ) алабының жағдайы
түрліше болғандықтан игеру тәртібі де түрліше болады.Жалпы
алғанда,қадағалап барлау.Өндіріске қосып-сынау.Алғашқы игеру жобасын және
нақты игеру жобасын жасау,т.б. жұмыс тәртібі қолданылады.
Өндірістік сынақ районы.
Недәуір көлемді мұнай (газ) алабын нақты игеруден бұрын мұнайлықтың жер
асты жағдайымен және өндірістік заңымен танысу тұрғысынан алдымен оның
өкілдік сипатын алатын көлеміне нақты игеру орналастырылып,игеру жұмыстары
басталады.Игеріліп жатқан осы район өндірістік сынақ районы делінеді.
Өндірістік сынақ районын белгілеуде мына принціптер ескеріледі:

1.тектоникалық пішіннің, мұнайлы қабатты ерекшелігінің ақпа дененің қасиеті
мен орналасу жағдайының өзіндік өкілдік сипаты болу, әрі сынақтан алынған
материалдардың жетекшілік сипатын аңғарта алатын белгілі ауданның
өндірістік көлемі болу.

2.салыстырмалы дербестігі сыртқы әсерді ең төмен дәрежеде тежеп,сынақ
нәтижесінің дәлділігіне кепілдік ететін болу.

3. сынақтың сәтті жүргізілу тұрғысынан қатынасы қолайлы,орны үйлесімді жер
үсті құрылыстарына тиімді болу сияқты шарттарды ескеру қажет.

Алғашқы игеру жобасы және нақты игеру жобасы.
Недәуір көлемді көп қабатты мұнай алабының орналасуы тұрақты, оңай
танылатын неізгі мұнайлы қабаттарын қадағалап, барлау негізінде алдынғы
жасалған игеру жобасы.Алғашқы игеру жобасы.Жоба бойынша қазылған құдық
тораптарының алдымен тесік ашып,өндіріске қоспай,жаңа материалдар бойынша
қайталай танылған соң жасалған барлық мұнайлы қабатты (негізгі мұнайлы
қабат та қамтылады) игеру жалпы жобасы нақты игеру жобасы делінеді.
Негізгі мұнайлы қабат және жанаша мұнайлы қабат.
Негізгі мұнайлы қабат-мұнайлы қабаты салыстырмалы қалың,өткізгіштігі
жоғары,орналасуы тұрақты,иелеген қоры мен өндірілген мұнайының меншікті
салмағы аса зор мұнайлы қабат.Ол мұнайлықты игерудің негізгі нысанасы.Ал
оның керісінше,мұнайлы қабаты жұқа,өткізгіштігі төмен,орналасуы тұрақсыз
мұнайлы қабат жанама мұнайлы қабат делінеді.
Көп қабатты мұнай алабын игеру тәсілі.
Көп қабатты мұнай алабын игеру тәсілі 4 түрлі:
1.”Астынан үстіне” қарай ашу тәсілі.Алдымен мұнайлы қабаттың ең астынғы
қабатын ашу.Астынғы қабат ашылып болғаннан кейін,үстінгі қабатты
ашу.Осылайша,ретімен ілгерілей беру.Алғашқы ашылған қабат өлшемді қабат
делінеді.Егер мұнай алабы көп қабатты болса,бұл қабаттарды бірнеше группаға
бөліп,әр группадағы мұнайлы қабатқа астынан үстіне қарай ашу тәсілі
қолданылады.Мұнайлы қабат қанша группа болса,сонша өлшемді қабат болады.
2.”Үстінен астына қарай” ашу тәсілі.Алдымен мұнай алабының ең үстінгі
қабатын ашу.Үстінгі қабат ашылып болғаннан кейін,мұнай алу құдығын
тереңдетіп,оның астынғы қабатын ашу.Осылайша,ілгерілей беру.Бұл тәсіл
кезекте тым аз қолданылады.
3.Бірлестіріліп игеру тәсілі қосып ашу деп те аталады. Ол-мұнай алабындағы
барлық мұнай қабатын бір уақытта ашу.
4.Бір уақытта жеке-жеке игеру тәсілі. Әрбір мұнайлы қабат группаларынан
жеке-жеке құдық қазып мұнай алу.
Мұнай алабын игеру тәсілі
Мұнай алабындағы өндіріс құдықтарын қалай орналастыру-мұнай алабын
игерудегі шешуші мәселе. Сол себеті, мұнай алабын игеру тәсілі құдық
орналастыру тәсілі бойынша нарықталады. Жалпы алғанда, мұнай алабын игеру
тәсілі 2үлкен түрге бөлінеді, біңі-геометриялық құдық тораптары бойынша
орналастылып, игеру тәсілі, енді бірі-құдық қатары бойынша орналастырып
игеру тәсілі.
Бірінші түрдегілер құдық торабы бойнша шаршы немесе үшбұрыш деп,
құдық торабының тығыздығы бойынша сирек, орташа, жиі деп мұнай құдығының
іске қосылу қарқыны бойынша жан-жақты, яғни бір уақытта дерлік өндіріске
қосу, жиілету деп мұнай құдығының өзара орналасу бойынша
жиілету,қыстырмалап жиілету мен құрылым қатынасы бойынша қиылдама
көлбеулік, өрлеме көлбеулік, тік бағытты болып бөлінеді.
Екіншітүрдегілер қдық қатарының пішініне қарай ашық, тұйық деп
құдық аралығына қарай, тең аралық, теңсіз аралық деп ұқсасу ақытта
өндіріліске қосылған құдықтардың қатар санына қарай екінші қатардан бір
уақытта өндіске түскен деп бөлінеді.
Геометриялық құдық тораптары өткізгіштері төмен игеру барысында
еріген газ бен мұнай ығыстырылатын мұнай тұтқырлығы жоғары мұнай
алаптарының таған сулы мұнай алаптарында қолданылады. Ал құдық қатары мұнай
өндіру қабілеті жоғары, өткізгіштігі жақсы, қысыммен ығыстырылатын мұнай
алаптарында қолданылады.

Схема 75. Геометриялық құдық торабы бойынша,орналастыстырып,игеру тәсілі.
1. құдық торабы бойынша
2. құдық торабының тығыздығы бойынша
3. өндіріске кірісу қарқыны бойынша
4. мұнай құдығының орналасу орны бойынша
5. құрылымдық байланысы бойынша
6. шаршы формасы бойынша
7. үшбұрыш формалы
8. сирек
9. орташа
10. жиі
11. жан-жақты
12. жиілету
13. қыстырмалап жиілету
14. жайшалап жиілету
15. құлдаша көлбеулік
16. өрлеме көлбеулік
17.тік бағытта

Схема 76.Құдық қатары бойынша орналастырып игеру.

1. құдық қатары бойынша
2. құдық аралығы мен қатар аралығы бойынша
3. өндіріске кіріскен қатар санына қарай
4. ашық
5. тұйық сақина формалы
6. тең аралық
7. теңсіз аралық
8. екінші қатардан бір уақытта өндіріске кіріскен
9. үшінші қатардан бір уақытта өндіріске кіріскен
Игерілетін қабат жүйесі.
Көп қабатты мұнай алабында геологиялық ерекшелігі бір-біріне жақын,бір
қаншалаған мұнайлы қабатты бірлестіріп,су жіберіп,мұнай алу жүйесі
бойынша дербес игеру,игерілетін қабат жүйесі делінеді. Игерілетін қабат
жүйесі мына шарттарға үйлесу қажет:
1. игерілетін қабат жүйесінің недәуір жақсы экономикалық өнімділікке
кепілдік ете алатын недәуір мол геологиялық қоры мұнай құдығының
белгілі өндірістік қуаты болу
2. игерілетін қабат жүйесінің асты-үстінде игерілетін қабат жүйесінің
дербес игерілуіне кепілдік ете алатын тиімді бөлгіш қабат болу
3. игерілетін қабат жүйесінің мұнайлы қабаттардың шөгінді фаза
түрлері,құм,фармациялары өткізгіштігі бір-біріне жақын болу,әрі
қабаттар арасындағы кедергіні азайта алатын болу
4. Игерілітін қабат жүйесінде мұнайлы қабаттардың тектоникалық түрі,
мұнай судың орналасуы,ығыстыру тәсілдері, қысым жүйесі,табиғи мұнай
қасиеті, жалпы алғанда бірдей болу.
Қабат жүйесін бөлі және құрау
Игерілетін қабат жүйесінің игеру жұмыстары мен әдістері белгілеу. Қабат
жүйесін бөлу мен құрау, жалпы алғанда ,екі қадамға бөлінеді. Бірінші
қадамға жоғарыда баяндалған игерілетін қабат жүйесінің бөліну шарттары
бойынша қабат жүйесін бөлу қажеттілігі мен мүмкіндігін анықтау : екінші
қадамға игерілетін қабат жүйесін бөлу, құрау, негізгі бірлігін белгілеп,
әр түрлі бөлу мен құраудан ең тиімді бөлу-құрау жобасын таңдау.
Игерілетін құдық тораптары
Игерілітін құдықтардың мұнай алабындағы орналасу, түзулу формасы. Оның
негізгі формасы 2 түрлі. Бірі-үшбұрышты құдық тораптары, енді бірі-
квадрат құдық тораптары . схема 77.
Құдық тораптарын орналастыру-мұнай газ алабын игерудегі маңызды мәселе.
Ол мұнай газ өндіру қарқыны мен тұрақты өнім беру жыл ішегіне ғана емес,
мұнай алабын игерудегің ең соңғы мұнай алу шамасы мен экономикалық
өнімділігіне де қатысты. Сол себепті , құдық тораптарын орналастырғанда,
мына мәселелерге назар аудару қажет :
1. құдық тораптарын сатылы орналастыру. Кйінгі мезгілде жиілетіп теңдеуге
тиімді болу тұрғысынан бастапқы мезгілде құдық тораптарын сирек
орналастыру .
2. мұнай өндіру қарқынын тездетуге және жоғары тұрақты өнім беру мезгілін
узартуға тиімді бөлу .
3. техникалық шаралар нәтижесін сәулелендіре және мұнай алу , су жіберу
жүйесін теңмерге тиімді бөлу. Мәселен, көп тармақты құдық тораптарын
орналастырған кезде арасын тұтастұруға назар аудару.

Схема.77
а. Квадрат құдық торабы б. Үшбұрышты құдық торабы .
Экономикалық анализ көрсеткіші.
Түрліше игеру жобасы экономикалқ анализ жасаған кезде қолданылатын түрліше
бағалау өлшемі. Мұнай алаптарының анализ көрсеткіштері бір-біріне ұқсас
болмайды. Әдетте, жалпы қаржы ұсынылымы, жалпы өзіндік құн, жалпы өнім құны
алынған мұнайдың бірліктегі өніндегі құны, ішкі пайда мөлшері, нақты кіріс
шамасы , қаржының қайта құылу мерзімі, т.б. негізгі анализ көрсеткіші
есептеледі.
Жоба таңдау. Ең тиімді жоба, жоба көрсету.
Жоба таңдау, ең тиімді жоба, жоба көрсету-бір-біріне ұқсамайтын
бірқаншалаған игеру жобасын геологиялық жақтан талдау жасап, салыстырып,
мұнай алу қарқыны жоғарырақ, тұрақты өнім беру уақыты ұзағырақ, ең соңғы
мұнай алу өнімділігі жоғарырақ, қаржы жұмсалымы аз ,экономикалық өнімділігі
жақсы, ең тиімді жобаны таңдау, әрі оны атқарылатын жоба ретінде көрсету.
. Жобаның атқарылуы.
Көрсетілген жобаның бекітіліп, іс жүзінде атқарылуы , мұнай алабын игеруге
ресми кірісу. Жобаны атқару барысында да шешуге тиісті көптеген мәселе
болып тұрады . Айталық, құдық бұрғылау, құдық өлшеу, мұнай алу
технологиясы, жер беті құрылысы, т.б. жөнінде нақты талап қою. Құдық
тораптары бұрғыланып болғаннан кейін, жер асты жағдайымен қайтара танысу,
сол негізде бұрынғы жобада жобаланған қабат жүйесінің бөлінуін, құдық
тораптарының орналастыруын, су жіберу тәсілін, т.б. тексеріп,
тиянақтандырун, теңдеу: мұнай құдығын өндіріске қосу, су жіберіу, құдығына
сынақ ретінде су жіберу жөніндегі жұмыс тәртібі мен алға қойылатын
талаптарды белгілеу.
Құдық тораптары мен көлемдік құдық тораптары.
Мұнай алу құдықтары мен су жіберу құдықтарын айырым-айырым қатарлап
орналастыру қатар құдық тораптары делінеді. Мұнай алу құдықтары мен су
жіберу құдықтарын белгілі бір геометриялық пішін бойынша орналастыру
көлемдік құдық тораптары делінеді. Жалпы алғанда, қатар құдық тораптары
орналасу көлемі кеңірек, әрі тұрақты негіздік мұнайлы қабаттарда
қолданылады. Ал көлемдік құдық тораптары негідік мұнайлы қабаттарда
қолданылады. Көлемдік құдық тораптары орналасуы тұрақсыз, қосымша мұнайлы
қабаттарда қолданылады.
Негіздік құдық тораптары.
Игеру районы көп тармақты құдық тораптарымен игерген кезде, орналасуы
тұрақты, өткізгіштігі жоғары, өндіру қуаты күшті, дербес игеру шартын
әзірлеген негізгі мұнайлы қабаттарда алдымен бір тұтас сирек құдық
тораптарыорналастырылады. Ол негіздік құдық тораптары делінеді. Негіздік
құдық тораптары арқылы негізгі мұнай қабаттарының игерілуімен бірге басқа
мұнайлы қабаттар да анықталады.
Құдық тораптарының жиілігі.
Құдық орналасқан көлемдегі әр квадрат километр аудандағы құдық саны,
бірлігі: км2 \құдық. Ол кейде әрбір құдықтың менгерілген ауданы бойнша
өрнектеледі. Бірлігі-км2\құдық.
Су жіберу тәсілі.
Су жіберу тәсілі-су жіберу құдықтарының мұнай алабында орналасу және су
жіберу құдықтары мен мұнай алу құдықтарының слыстырмалы орналасу қатынасы
мен орналасу формасы. Су жіберу тәсілін таңдау мұнайлықтан мұнай алу
өнімділігіне тіке әсер етеді.

Су жіберу.
Мұнайлы қаьат қысымын сақтау тұрғысынан су жіберу аспабы арқылы су
құдығынан мұнайлы қабатқа сапалы талапқа үйлесімді су жіберу. Су жіберу-
құдықтардың орналасуына қарай 3-ке бөлінеді.
1.жиек сыртынан су жіберу.
2.жиектен су жіберу.
3.жиек ішінен су жіберу.
Алдын ала су жіберу.
Мұнай алабын өндіріске қосумен қатар, су жіберіп, мұнайлы қабаттың тұрақты
қысымын өзгертпей игеру алдын ала су жіберуден де көлемдірек мұнай алабын
игеруде ішкі жағынан алдын ала су жіберіліп, мұнайлы қабат қысымы басынан
аяқ алғашқы қысым шамасында сақталады да, мұнай құдығы ұзақ мезгіл
фонтондайды. Мұнай алабының өндірістік қуаты тасқындап, жоғары тұрақты өнім
беру мерзімі ұзарады. Мұнайлықты игеру өнімділігі де жақсарады. Ол-мұнай
алабын игеруде бірқыдыру мұнай өндіретін елдер қолданып отырған мұнай
алудың ең тиімді жолы.
Кейінірек су жіберу.
Алдымен табиғи энергиядан пайдаланып, мұнай алу, мұнай ығыстыру энергиясы
жетіспей, мұнайлы қабат қысы және мұнай алу мөлшері күрт төмендеген кезде,
су жіберу кейінірек су жіберу делінеді. Кейінірек су жіберу екінші мұнай
алу әдісі ретінде қолданылады. Ерекшелігі: қаржы аз жұмсалады, тез өнім
береді. Сусыз мұнай құрамы мол, мұнай алу өнімділігін арттыруға тиімді. Ол-
бірсыпыра мұнай өндіретін елдер қолданатып отырған игеру тәслі.

Схема. 79. Жиектен су жіберу Схема. 78. Жиек сыртынан су жіберу.
Жиек сыртынан су жіберу, жиек ішінен жіберу.
Жиек сыртынан су жіберу-мұнайлықтың шекарасы сыртындағы сулы өңірге белгілі
бір формамен орналасқан су құдығынан су жіберу.Схема78.
Жиектен су жіберу-мұнайлықтың шекарасына немесе су-мұнай өтпелі өңірге
белгілі бір формаман орналақан су құдығынан су жіберу.
Жиек ішінен су жіберу-мұнайлықтағы мұнай құрамды көлемге орналасқан су
құдығынан су жіберу. Жиек ішінен су жіберу-су жіберу құдығымен мұнай алу
құдығының орналасу байланысына қарай 2-ге бөлінеді . Қатар қосып сужіберу
және көлемдік су жіберу.
Қатар қосып су жіберу.
Су жіберу құдықтарыныңқатарынан пайдаланып, мұнайлықты бірнешелеген өңірге
бөліп, өңірлер бойын ша сужіберіп игеру, екі қатар су жіберу құдығының
арасына үш қатар, бес қатар мұнай алу құдықтарын қыстырып орналастыру.
Осындай құдық орналастыру формасы қатар кесіп су жіберу делінеді. Ол
мұнайлы қабатың орналасуы тұрақты,тұтасуы жақсы, өткізгіштігі жоғары,
құрылымдық пішіні ретті, недәуір көлемді мұнайлықта қолданылады.

Схема. 80. Қатарлар бойынша кесіп су жіберу.
Кесінді район және кесінді аралық.
Кесінді район-қатар кесіп, су жіберу тәсіліндегі екі қатар су жіберу
құдығының қатар аралығындағы район. Кесінді район-дербес игеру бірлігі. Ол
игеру районы немесе динамикалық район деп те аталады. Кесіндіаралық-екі
қатар су жіберу құдығының аралығындағы перпендикуляр аралық: Кесінді
аралықтың шамасы мұнайлы қабаттың тұтасу жағдайына, өткізгіштік дәрежесіне,
мұнай алу қарқыны жөніндегі талаптарға, т.б. байланысты.
Кесінді бағыты.
Қатар кесіп су жіберу тәсіліндегі су жіберу құдықтарының қатарының орналасу
бағыты кесінді бағытына қарай 3түрге бөллінеді.
1. ендік кесінді. 2.бойлық кесінді. 3. көлбеу кесінді.
Қатар аралығы, құдық аралық.
Қатар аралығы-қатар орналасқан құдық тораптарының су жіберу тәсіліндегі
әрбір су жіберу-мұнай алу құдық қатарларының перпендикуляраралығы. Ал құдық
аралық-әр бір құдықтың аралығы.

Схема.81. Сақина формалы су жіберу.

Сызық бойынша су жіберу. Сақина формасында айналмалы су жіберу.
Бөліктер бойынша су жіберу.
Су жіберу құдығымен мұнай алу құдығының қатарласып орналасуы бойынша су
жіберу тәсілі сызық бойынша сужіберу деп, су жіберу құдығын сақина
формасында айналмалмалы орналастырып, су жіберу тәсілі сақина формасында
айналмалы су жіберу деп аталады. Егер су жіберу құдығы мұнай алабының
ортасына орналастырылса, ол ортан белінен су жіберу делінеді. Су жіберу
құдықтарын мұнай алабын ендік, бойлық бойынша кесіп өтетін бірнешелеген
бөліктерге бөліп, орналастырып, су жіберу тәсілі бөліктербойынша су жіберу
деп аталады.
Көлем бойынша су жіберу.
Су жіберу құдықтары мен мұнай алу құдықтары мұнай алабына белгілі бір
формамен тегіс орналастырып, су жіберу тәсілі көлем бойынша су жіберу
делінеді. Оны су жіберу құдықтары мен мұнай алу құдықтарының салыстырмалы
қатынасына және орналасу формасына қарай 3түйінді,
4түйінді,5түйінді,7түйінді,9түйінді ,кері9түйінді, т.б. түрлерге бөлуге
болады. Көлем бойынша су жіберу-күшемелі су жіберу тәсілі. Ол, жалпы
алғанда, орналасу көлемі шамалы, формасы тұрақсыз,қабаттарының тұтасуы
нашар, өткізгіштігі төмен мұнайлы қабаттар мен күрделі мұнай ұяшықтарында
қолданылады.
3түйінді су жіберу .
Тең қабырғалы үшбұрыш формасында орналасқан құдық тораптарындағы көршілес
2қатар мұнай құығының ортасына кірістірілген бірқатар мұнай құдығы мен су
құдығының арасындағы құдық қатарлары бойынша су жіберу әдісі . мұнда әрбір
су жіберу құдығы-маңындағы алты мұнай алу құдығына бағынышты болады да,
әрбір мұнай алу құдығына 2су жіберу құдығы әсер етеді. Су жіберу құдығы
менмұнай алу құдығының қатынасы 13 қатынасындай.
4түйінді су жіберу .
Тең қабырғалы үшбұрыш формасында орналасқан құдық тораптарының әрбір
қатарындағы көршілес екі су құдығының аралығына екі мұнай құдығын
кірістіріп, үш су құдығынан құралған тең қабырғалы үшбұрыштың центрін бір
мұнай алу құдығы етіп, су жіберу әдісі. Мұнда әрбір су жіберу құдығы
төңірегіндегі алты мұнай алу құдығына бағынышты болады. Әрбір мұнай алу
құдығына 3 су жіберу құдығы әсер етеді. Су жіберу құдығымен мұнай алу
құдығына қатынасы 1:2.

Схема. 82.Схема. 83. 3түйінді су жіберу, 4түйінді су жіберу әдісі.
Бес түйінді су жіберу әдісі.
Мұнай құдығы қатары мен су құдығы қатарын өзара кірістіріп, көршілес 4су
құдығынан құралған квадраттың центіріне бір мұнай құдығын орналастырып, су
жіберу әдісі. Мұнда әрбір су жіберу құдығы – маңайындағы 4мұнай алу
құдығына бағынышты болады. Әрбір мұнай алу құдығына 4су жіберу құдығы әсер
етеді. Су жіберу құдығы мен мұнай алу құдығының қатынасы 1:1.

Схема 84. 5 түйінді су жіберу әдісі. Схема 85. 7 түйінді су жіберу әдісі.
7 түйінді су жіберу.

Тең қабырғалы үшбұрыш формасында орналасқан құдық тораптарының әрбір құдық
қатарындағы көршілес екі мұнай құдығының ортасына 2су жіберу құдығын
кірістіріп, үш мұнай алу құдығынан құралған тең қабырғалы үшбұрыштың
центірін бір су құдығы етіп, су жіберу әдісі. Мұнда әрбір су жіберу құдығы
төңірегіндегі үш мұнай алу құдығына бағынышты болады. Әрбір мұнай алу
құдығына 6су жіберу құдығы әсер етеді. Су жіберу құдығы мен мұнай алу
құдығын 2:1 қатынасындай.
9 түйінді су жіберу.
Квадрат формалы орналасқан құдық тораптарындағы көршілес екі қатар су
құдығының ортасына бірқатар мұнай құдығы мен су құдығын кірістіріп, су
жіберу әдісі. Мұнда әрбір су құдығы 2 мұнай құдығына бағынышты болады да,
әрбір мұнай құдығына 8су құдығы әсер етеді.
Су құдығы мен мұнай құдығының қатынасы 3:1.

Схема 86. 9 түйінді су жіберу әдісі.Схема 87. Кері 9 түйінді су жіберу
әдісі.
А. Жиектегі құдық В. Бұрыштағы құдық
Кері 9 түйінді су жіберу.
Квадрат формалы орналасқан құдық тораптарындағы көршілес екі қатар мұнай
құдығының қатарлары аралығына бірқатар су құдығын кірістіріп, су жіберу
әдісі 9 түйінді су жіберу әдісі делінеді. Мұнда әрбір су жіберу құдығы 8
мұнай алу құдығына бағынышты болады. Әрбір мұнай алу құдығына 2 су жіберу
құдығы әсер етеді.Су жіберу құдығы мен мұнай құдығының қатынасы 1:3.
Түйіндер бойынша су жіберу.
Су жіберу құдықтары мен мұнай алу құдықтары белгілі бір геометриялық
форма бойынша емес, игеру қажетіне қарай орналастырылған ретсіз су жіберу
тәсілі. Ол көп опырық қабатты. Гелогиялық шарт жағдайы күрделі райондармен
мұнай алабында қолданылады.
Төбесінен су жіберу.
Су жіберу құдығын мұнай ұяшығының үстүңгі бөлігіне орналастырып, су жіберу.
Ол центрден су жіберу деп те аталады.
Көлбеу 4 түйін, көлбеу 5 түйін, көлбеу 7түйін, және көлбеу 9 түйін бойынша
су жіберу.
Бұлар айырым-айырым 4 түйінді, 5 түйінді, 7 түйінді, 9 түйінді және кері 9
түйінді су жіберу әдістерінен өзгерген су жіберу тәсілдері.

Схема 88. Көлбеу 4 түйін, көлбеу 5 түйін, көлбеу 7түйін, және көлбеу 9
түйінді су жіберу
а) көлбеу 4 түйінді әдіс б) көлбеу 5 түйінді әдіс с) көлбеу 7түйінді әдіс
д) көлбеу 9 түйінді әдіс е) көлбеу кері 9 түйінді әдіс.

Игеру көрсеткішін есептеу
Мұнай алабын игеру жобасын жасаған кезде, түрліше игеру жобасын салыстыру,
таңдау негізі мен қолдау тұрғысынан түрліше жобада көрсетілген тұтас игеру
жобасының мұнай қабат қысымы, жалпы су құрамы, мұнай алу қарқыны, игеру жыл
шегі, тұрақты өнім беру жыл шегі, ең соңғы мұнай алу өнімділігі сияқты
көрсеткіштерін сіңіп, ағу механикасы мен сандық аналогия тәсілі бойынша
жинақтап, есептеу және межелеу.
Су жіберу тәсілі
Су жіберу құдығы бұрғыланып болғаннан қалыпты су жіберуге дейінгі жұмыс
реті мен жұмыс сатылары. Ол, жалпы алғанда төрт сатыға бөлінеді:
1. Сұйықтықты сыртқа айдау
2. Құдық жуу
3. Сынақ ретінде су жіберу
4. Су ілестіру
Су жіберіп сынау
Жуылу талымдылығынан өткен су жіберу құдығын сынақ ретінде су жіберіп
бұрғылау.Су жіберіп, сынаудағы мақсат су сіңіру көрсеткіш қисық сызығын
өлшеу. Мұнайлы қабаттың су сіңіру шамасын байқау. Үйлесімді жұмыс тізімін
белгілеу. Тұтас құдықты және қабат бөліктерін су үлестіруі негіздерімен
қамдау, су жіберіп сынауда тасымды болса, су жіберіліп, өндіріске қосылады,
тасымсыз болса, қышқылдандыру қысымы мен қабат жару сияқты арттырып жіберу
шаралары арқылы мұнайлы қабаттың су сіңіру қуаты арттырылады.

Схема 89. Су сіңірудің көрсеткіш қисық сызығы
А. Су жіберу қысымы (МРа) Б. Су жіберу мөлшері (m3d)
Су сіңіру көрсеткіш қисық сызығы.
Жіберілген су қысымымен жіберілген су шамасының байланыс қисық сызығы
өлшенгенде, жіберілген су қысымы, баяу өрлеуі әрбір өлшеу түйініндегі су
қысымы мен су шамасы тұрақты болу, өлшеу түйіні 4-тен кем болмауы керек.
Су жіберу шамасы.
Бірлік уақытта мұнайлы қабатқа жіберілген су шамасы (m3d, m3mon,104m3a)
мен бейнеледі.
Ол-мұнай алабынан су жіберу жағдайын бейнелейтін көрсеткіш.
Су үлестіру.
Су жіберу құдықтарының төңірегіндегі қатысты мұнай құдықтарына су жіберу
жөніндегі талапқа негізделіп, түрліше бөліктегі мұнайлы қабаттың қасиетіне
қарай жіберілетін су шамасын үлестіру қысқаша су үлестіру делінеді,
үлестіріп жіберу деп те аталады. Мұнда жалпы алғанда қабаттағы
арақайшылықты бәсеңдетіп, мұнай алабын игеру нәтижесін арттыру тұрғысынан
өткізгіштігі жоғары мұнайлы қабатқа аяғында тежеп, су жіберу. Өткізгіштігі
төмен мұнайлы қабатқа күшеп су жіберу талап етіледі.
Су жіберу құдығының жұмыс тізімі.
Су жіберу құдығынан қандай су қысымы жағдайында су жіберілетіндігі.
Үйлесімді жұмыс тізімінде мыналар талап етіледі: мұнайлы қабатқа жарық
сызат түзіледі. Жіберілген су шамасы төңірегіндегі мұнай құдықтарының
қажеттігін қандыра алатын болу. Әрі әрбір мұнайлы қабаттың толық
сәулелендіруге тиімді болу.
Оң су жіберу және теріс су жіберу.
Мұнай трубасынан құдыққа су жіберу оң су жіберу, колоннан құдыққа су
жіберу теріс су жіберу деп аталады. Мұнай алабында көбінесе оң су жіберу
әдісі қолданылады.
Су жиегі және сұйықтықты ығыстырып шөгу шегіне жеткізу.
Жіберілген судың ілгерілген алдынғы жиек сызығы су жиегі
делінеді.Қатарластырып су жіберу тәсілімен игерілетін мұнай алабындағы
немесе райондағы су жіберу құдығы сұйықтықты ығыстырғаннан соң, арада бір
құдық қалдырып, су жіберіледі де, екінші бір құдықтан сұйықтық
шығарылады.Мұндағы мақсат- жіберілген судың құдық қатарында немесе сол
төңіректе ату сызығын қалыптастырып, екі жағындағы өндіріс құдығына теріс
мұнай ығыстыру.Бұл әдіс сұйықтықты шөгу шегіне жеткізу делінеді.
Бірінші су жіберілген құдық және екінші су жіберілген құдық.
Құдық желісінің су жіберілетін құдық қатарындағы бірінші топта су
жіберілген құдық екінші рет су жіберілген құдық деп аталады.
Шарпу коэффициенті.
Өндіріс құдығынан су байқағанда су жіберіп-мұнай алатын белгілі бір құдық
тобының сумен ығыстырған көлемінің дара өндіріс құдығының меңгерілген
көлеміне қатынасы.Түрліше көлемге жіберілген судың шарпу коэффициенті түрлі
болады. Айталық, түзү сызықтық су жіберу жүйесінің шарпу коэффициенті 0,57,
бес түйінді су жіберу шарпу коэффициенті 0,723, төрт түйінді су жіберу
шарпу коэффициенті мен жеті түйінді су жүйесінің шарпу коэффициенті ұқсас.
Екеуі де 0,74 болады.
Жіберілген судың шарпу коэффициенті су жіберу уақытының артуымен қоса,
артып отырады.Жалпы алғанда шарпу коэффициенті мен су ығыстырылған көлем
коэффициенті игеру сатысын немесе жіберілген судың мұнайлы қабат кеуектері
көлеміндегі еселігін түсіндіріп бере алатын болуы қажет.
Су ығыстыру көрсеткіші.
Су жіберіліп игерілетін мұнай алабынан алынған әрбір-тонна мұнайдың мұнайлы
қабаттағы су шамасы су ығыстыру көрсеткіші делінеді.
Сумен ығыстырудың жылдық көрсеткіші = (жіберілген судың жылдық
шамасы- өндірілген судың жылдық шамасы)жылдық алынған мұнай шамасы
Жалпы сумен ығыстыру көрсеткіші = (жалпы жіберілген су шамасы-
жалпы өндірілген суд шамасы)алынған мұнай шамасының жиынтығы

Кірінді су мөлшері.
Жиек сулы мұнай ұяшығының мұнайлы аумағындағы жер қабаты қысымының
төмендеуінен жиек суының мұнайлы бөлікке кіруі-су кіру деп, кірген су
шамасы кірінді су мөлшері деп аталады.
Тасып-төгілу мөлшері.
Жасанды жолмен су жіберіліп игерілетін мұнай ұяшығының жиек суы да болады.
Мұнайлы қабат қысымы сулы қабат қысымынан өрлеген кезде мұнайлы бөлікке
жіберілген су немесе табиғи мұнай сулы өңірге қарай ағады. Бұл құбылыс
тасып-төгілу деп, тасып-төгілген ақпа дал шамасы тасып-төгілу мөлшері деп
аталады.
Мұнай алабын игеру барысында тасып-төгілу құбылысын мүмкіндігінше
болғызбау үшін су жіберіп, мұнай алуды дер кезінде үйлесімді теңшеу керек.
Жіберу алу тепе-теңдігі.
Мұнайлы қабатқа жіберілген су мөлшері мен алынған ақпа дененің (мұнай, газ,
судың) жер асты көлемінің тепе-теңдігі, жіберу мен алу тепе-тең жағдайда
игерілсе, жер қабаттың қысымы тұрақты, мұнайлы қабаттың сұйықтықпен қамдау
энергиясы жеткілікті, өндіріс қуаты орынды болады.
Қысым тепе-теңдігі.
Мұнайлы қабатқа жіберілген су қысымының мұнай, су алуға жұмсалған қысымға
теңелуі қысым тепе-теңдігі деп аталады.Ол жіберу мен алу тепе-теңдігінің
бейнеленуі.
Жер асты шығыны.
Жіберілген судың жер астындағы көлемінің алынған ақпа денелердің (мұнай,
газ, судың) жер асты көлемінің жетпей қалуы жер асты шығыны делінеді.Жер
асты шығыны жіберу ме алу теңсіздігінен, суды кем жіберуден болады.Ол жер
қабаты қысымын төмендетеді де, сұйық жетіспей, мұнай алабының жоғары әрі
тұрақты өнім беруіне кесірін тигізеді.

Құдық түрлері және түрдері жобасы.
Мұнай (газ) алабын барлау, игеру барысында бұрғыланған құдықтарды түрліше
мақсат, түрліше пайдалану жолдарына қарай түрліше түрлерге айыру құдық
түрлері делінеді.Мысалы: барлау құдығы, бағалау құдығы, мұнай алу құдығы,
газ алу құдығы, су жіберу құдығы, газ жіберу құдығы, тағы басқа.Кеибір
күрделірек мұнай алабында немесе районда құдық тораптары бұрғыланып,
болғаннан кейін, оларды өндіріске қоспай тұра тұрып, алдымен жер асты
жағдайымен қайталай танысып, мұнай алу құдықтарымен су жіберу құдықтарының
түрлері жобасын белгілеу құдық түрлері жобасы делінеді.Бұның өзі жобаны
атқару қызметі, әрі бұрынғы игеру жобасының толықтануы мен кемелденуі.
Игеру құдығы.
Мұнай –газ алабын игеруге пайдаланатын құдық.Мұнда мұнай алу құдығы, газ
алу құдығы, су жіберу құдығы, газ жіберу құдығы
Мұнай алабын игеру жүйесің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай мен табиғи газды игеру
Қоныс және бектас кен орнындағы өндірістік мониторинг (атмосфералық ауаның ластану мониторингі мысалында)
Қазақстанның көлік кешені
Қиылысудың геометриялық мінездемеси
Соғыс кезіндегі мәдениет
«Пайдалы қазба кенорындарынашу және даярлау». Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды өндірісте пайдалану өзектілігі
Кеңес дәуіріндегі заң ғылымы
«шөлдену процесі»
Карьер жолдарының құрылысы
Пәндер