Мұнай өнімдерін сақтау және таратуды автоматтандыру

Мұнай және мұнай өнімдері мұнай базаларында сақталады. Мұнай базасының
жеке резервуарларын автоматтандыру және айдау процестерін басқару мұнай
құбырөткізгіштерінің резервуарлық парктерін автоматтандыруға ұқсас. Мұнай
және мұнай өнімдері мұнай базаларынан темір жол эстакадаларына,
авиацистерналарына және сұйық заттарды құйып таситын кемелерге түседі.
Темір жол эстакадалары жүргізілетін операцияларға байланысты құю, төгу
және құю-төгу болып бөлінеді. Эстакадалардың мұнай өнімдерін құю және
төгуге арналған негізгі элементтері – темір жолдың бір немесе екі жағына 4-
тен 12 м-ге дейін қадаммен қондырылатын құю стоятары. Стояктар бір-бірімен
сәйкесінше, стояктарды цистерналарды толтыру бойынша қосу және ажырату үшін
арматурасы бар коллекторлармен жалғанады. Өнімнің эстакада коллекторларына
берілуі әдетте резервуарлардың сораптарымен іске асырылады. Мұнай жүктерін
темір жол вагон-цистерналарына құю процесі цистерналарды құюға дайындау,
цистерналарға құю құралдарын заправка жасау, жүктеме сораптарды жіберу және
бекіту арматурасын ашу, толтыру процесіндегі бақылау бойынша көптеген
операцияларды белгілі бір жүйелілікпен орындаумен байланысты. Цистернаны
толтырғаннан кейін арматураны жабады, құю құралдарын бастапқы қалпына
көтереді, құйылған өнімнің көлемін және алынған сынақты өлшейді, вагон-
цистерналардың люктерін жабады және пломбалайды.
Іс-әрекет етуші эстакадалардағы вагон-цистерналарды өңдеу процестерін
жетілдіру цистерналардың люгіне құю құрылған қолмен заправка жасауды
жеңілдету үшін және құю циклын аяқтауды автоматтандыру (яғни, толтыру дабыл
қаққышына және ағынды дабыл бойынша автоматты түрде жауып тастауға) үшін
механикаландыру құрылғыларын пайдалануға әкеледі.
Цистерналарды толтыру циклының аяқталуын автоматтандыруға арналған
құрылғылар әр түрлі болып келеді. Оларға мыналар жатады: цистерна толған
кезде стрелканың, сақинаның немесе құюшыға толтыру циклының аяқталуы туралы
көзге көрінетін сигнал беретін басқа аспаптардың орнын өзгертетін қалтқы
индикаторлар; құюды механикалық шектегіштер, мұнда қалтқы механикалық
күштер арқылы жылжи отырып, өнімнің цистернаға берілуін тежейтін ажыратқыш
клапанға әсер етеді; клапан-ажыратқышты басқару сығылған ауа энергиясы
есебімен жүргізілетін, құюды пневматикалық шектегіштер; электрлік дабыл
қаққыштар және құюды тежегіштер.
Цистернаның 1 ішіне құю шлангасымен қоса пневмо-күшейткіші бар
құбыршадан тұратын асып төгілуді шектегіш датчигі 2 енгізіледі. Өнімнің
берілу желісінде екі жақты әсер ететін пневможетекті, пневмотикалық
реверсивтік реле 4 арқылы басқарылатын клапан-ажыратқыш (отсекатель)
қондырылған. Қолмен басқару 5 басқару блогындағы „ПУСК” және „СТОП”
тетіктері жүзеге асырылады. Схема элементтерін жабдықтау үшін ауа 7 сүзгіші
және 6 ауа қысымның редукторы арқылы беріледі.
Құюды автоматты түрде шектеудің үлгі-сызбасының жүрісін қарастырайық.
1 сүзгіш және 2 қысым редукторы арқылы жабдықтау ауасы 3 манометрімен
бақыланып тұратын 0,14 МПа қысыммен басқару блогының, 5 камерасына
беріледі, одан 9 және 16 дроссельдері арқылы 25 өлшеу құбыршасына, оны
үнемі желдете, үрлей отырып, түседі. 10 (пуск) тетігін басқан кезде ауа 8
клапан арқылы 11 камераға түседі. 12 мембранасы осы кезде жылжып, 6
клапанымен ауаның атмосфераға шығар жолын жауып тастайды. Осымен бір
уақытта 7 клапаны ашылады, және ауа 5 камерасынан 26 пневморелесіне түседі,
27 ажыратқышы ашылады. 10 тетігін жібергеннен кейін 8 клапан жабылады,
бірақ 11 камерасындағы қысым ауаның 4 дроссель арқылы түсуі нәтижесінде
сақталады. Басқару блогы осылайша 27 клапан-ажыратқышты ашық күйде ұстап
тұрады. Датчиктің 19 және 24 камералары өзара байланыста болады. Ауа 20
дросселі және 22, 23 камералары арқылы атмосфераға жарым-жартылай өтеді.
Цистернадағы өнімнің деңгейі 25 құбыршасының төменгі ұшына жеткенде, ауаның
25 датчигінің құбыршасы арқылы шығуына қарсыласуы өседі. Нәтижесінде 24
камерасындағы қысым жоғарылайды. 15 мембрана ауаның атмосфераға шығуын жаба
отырып, иіледі. Осымен бірге уақытта 22 камерасының мембранасы 17 штокпен
бірге 18 клапанды аша отырып жоғары жылжиды.
Ауа басқару блогынан 19 камерасы, 18 ашық клапан және 21 оң кері
байланыс желісі арқылы 24 камераға түседі, 15 мембрананы тығыздап қысады
және бір уақытта 25 құбыршасындағы өнімді үрлейді.
Қарастырылған датчиктің іске қосылу циклы 11 камерадағы қысымның
құлауымен қабаттаса жүреді, нәтижесінде клапанды басқару 26 пневморелесіне
түсетін пневмоимпульс алынады. Пневмореле қоректі (питание) 27
пневмоклапанның басқа қуысына бағыттайды, нәтижесінде соңғысы жабылады.
Өнімді цистернаға құюды апатты тоқтату үшін 13 (стоп) тетігін басады.
Бұл кезде 14 клапан 11 қуысын атмосферамен байланыстырады, және клапанды
басқару релесіне берілетін пневмоимпульс алынады.
Қайта құрастырылып жатқан эстакадаларды жабдықтау үшін операторға
вагон-цистерналардың аузына құю құрылғыларын қашықтықтан кигізуге және тек
құюды аяқтау циклын автоматтандыру ғана емес, құюды аяқтап болғаннан кейін
құю құрылғысын цистернадан шығаруды да автоматтандыруға мүмкіндік беретін,
механикаландырылған және автоматтандырылған құю стояктарын пайдаланады.
Мұнай өнімдерін автоцистерналарға құю процестері барлық мұнай
базаларында кең таралған біршама көпшілік процесстерге жатады.
Автоцистерналарды толтыру үшін, мұнай өнімінің жіберілетін көлемін
қашықтықтан беруді, автоцистерналардың толуы кезінде құюды автоматты түрде
тоқтатуды, құю циклының аяқталуы туралы дабыл қағуды қамтамасыз ететін, әр
түрлі автоматтандырылған қондырғылары бар құю станциялары тұрғызылады.
ІІІ құю қондырғысы арқылы цистерна мұнай өнімімен толтырылады. 4 құю
датчигі цистернаның толғандығы туралы дабыл қағады. Жартылай автоматты 3
клапан-дозатор құю стоягы арқылы өнімнің ағуын берілген мөлшердің құйылуы
немесе цистернаның толғандығы туралы дабыл бойынша ажыратып тастайды.
Цистернаны алдын-ала жерлендіргеннен кейін клапанды қолмен ашады, мөлшер
мен құюға рұқсат оператор жағынан беріледі. Қашықтықты қосымшалы 2 сұйықтық
есепке алғышы құйылған өнімнің көлемін өлшеуді және өлшеу мәліметтерін
сельсиндік беріліс көмегімен операторлыққа қашықтықтан беруді қамтамасыз
етеді.
І сүзгіш және ІІ электрқозғалтқыштан жетегі бар сорап өнімді
резервуардан 2 есептегіш, 3 клапан – дозаттар және ІІІ құю құрылғысы арқылы
цистернаға айдайды. 1 тығыздық өлшегіш автоцистерналарға құйылатын өнімнің
тығыздығын бақылайды.
Басқару пульті жіберілген өнімді, жіберілуге жататын мөлшерді
қашықтықтан бақылауды; клапан-дозаторды ашуға рұқсат – дабылын жіберуді,
және де пультте орнатылған өнім мөлшерін жібергеннен кейін оны жабуға
бұйрық беруді; сорапты басқаруды және бұйрықты орындауға дабыл беруді
қамтамасыз етеді.
Мұнай өнімдерін автоматтандырылған қондырғының көмегімен жіберу
процесі белгілі бір жүйелілікпен өтеді. Автоцистерна жүргізушісі
операторлық ғимаратына жақындап келіп, диспетчерге мұнай өнімін алуға құқық
беретін құжаттарды береді. Диспетчер құжаттарды тексеріп, ұяшықтан
сәйкесінше құюды басқару пультінің кілтін алып, берілген автоцистернаға
құйылатын мөлшерді теріп, пультте „Налив разрешен” тетігін басады.
Жүргізуші тапсырылған құжаттардың орнына сәйкесінше басқару пультімен
байланысты құю постының нөмірі көрстілген кілтті алады.
Құю станциясына келіп, автоцистернаны посттың алдына қойғаннан кейін,
жүргізуші арнайы баспамен автоцистернаға көтеріліп, оның ауызын ашады және
оған стояктың құю датчигі бар құю құбыршасын түсіреді. Төменге түскеннен
кейін ол арнайы магниттік құрылғының көмегімен цистернаны жерлендіреді және
клапан – дозатордың ұяшығына оған берілген кілтті салады. Осы кезде
қондырғының сораптық агрегаты іске қосылады және клапан – дозатордың
пультінде „Открой клапан” сары плафоны жанады. Жүргізуші клапанды қолмен
ашады, бұдан кейін автоцистернаны толтыру басталады, ол туралы „Налив идет”
деген жазуы бар жасыл плафон, және де температура корректорымен
жабдықталған сұйықтық есептегіштің сандық барабандарының айналуы дабыл
береді.
Мұнай өнімінің берілген мөлшері жіберілгеннен кейін клапан- дозатор
автоматты түрде жабылады және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz