Мұнай өнімдерін сақтау және таратуды автоматтандыру туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Тарату 1
Мұнай өнімдерін сақтау және таратуды автоматтандыру 12

Тарату

Қорғаныс кран егер әртүрлі себептермен реттеуіш кран істен шықса және
жабылмай қалған жағдайда жабылып қалады.
„Байпас – 1” жүйесі екі позициялы реттеу желісінде автоматтандырылған
операцияларды іске асыру үшін қызмет етеді және реттеуші кранды жабуға
бұйрық дабылын шығыс қысымы Рх(1,05Рном дейін өскеннен кейін 5-30 с-тан соң
және де қос крандарды ары қарай бекітіп (блокировка) тастайтындай шығыс
қысымы Рвых(1,1 Рном дейін өскеннен соң 5-30 с-тан кейін беруді; реттеуші
кранды Рвых(0,95 Рном кезінде ашуға және электрлік дабыл қаққышты Рвых(1,1
Рном жеткеннен соң 5-30 с-тан кейін іске қосуға бұйрықты дабылын беруді;
бұйрықтық импульстардың 5-30 с шегіндегі уақыт кідірісін реттеу, ал
жабылған кран қақпағының тығындауышы үшін 5-15 с шегінде май беруді
(кідіріс уақыты реттеу объектісінің инерттілігінен тәуелді орнатылады)
қамтамасыз етеді.
„Защита - 2” жүйесі жұмыстық және резервтік редукцияландыру желілері
бар газ таратушы станциялар үшін арналған. Кейбір жағдайларда, мысалы үлкен
өнімділікті жүйелер үшін редукцияландыру желісі екі және одан көп параллель
қондырылған газ қысымын реттегіштерден тұруы мүмкін. Әр желі пневможетекті
кранмен жабдықталады. „Защита - 2” жүйесі осы крандарды реттелетін қысымның
номиналдықтан ауытқуымен көрсетілетін апатты жағдай туған кезде автоматты
басқаруды жүзеге асырады. Қалыпты жұмыс кезінде пневможетекті кран жұмыстық
желіде ашық, ал резервтік желіде жабық күйде болады. Одан басқа жүйе
жұмыстық реттегшітің істен шығуы кезінде газ тарату станциясының жұмыстық
қабілеттілігін жұмысқа резервтік редукцияландыру желісін енгізе отырып
немесе оны пайда болған істен шығулардың түріне тәуелді өшіру арқылы
автоматтық қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Себебі жұмысты желі
реттеушісінің апатты толық немесе жартылай жабылуы немесе салыстырмалы
жоғары емес кіріс қысымы кезіндегі газ тұтынудың біршама жоғарылауы болуы
мүмкін реттелетін қысымы төмендеуі кезінде жүйе резервтік желіні оған
қондырылған пневможетектің қатысуымен автоматты енгізуді қамтамасыз етеді.
Газ тарату станциясының шығысындағы қысымның, клапанның герметикалық
жабылмауы кезінде газ тұтынудың тоқтатылуы кезінде газ қысым өлшеушінің
апатты толық немесе жартылай ашылуымен келген төмендеуі кезінде қорғаныс
редукцияландырудың жұмыстық желісін жауып тастайды. Шығыс қысымның осыдан
кейінгі төмендеуі резервтік редукцияландыру желісіндегі кранның ашылуына
әкеледі.
Қысым реттегішінің резервтік редукцияландыру желісінде де апаттық
ашылу жағдайында жүйе осы желідегі кранды кезеңді жабу және ашу жолымен
шығыс қысымның екі позициялы реттеуді қамтамасыз етеді. Қысқа уақыт аралығы
үшін төменгі қысымды желілердің үлкен сиымдылығы кезінде реттеудің осындай
түрі толық жарамды деп табылады.
„Защита - 2” жүйесі редукцияландыру жүйесіндегі пневможетекті
крандардың диаметрімен гадың газ тарапты станциясының шығысындағы қысымымен
және электрлік дабыл қаққышының барлығымен ажыратылатын бірнеше түр
өзгешелікпен шығарылады. Газ газ таратушы станциясының кірісінен фильтр-
құрғатқыш ФО арқылы РГ газды қоректендіру редукторына және У1 және У2
пневматикалық крандарды басқару тарабына келіп түседі. Редуктор РГ, сол
ретінде оттегі редукторы қолданылуы мүмкін, газ қысымын 0,6 МПа-ға дейін
төмендетеді. Қысымды төмендетудің екінші сатысы болып стабилизаторы бар
сүзгіштің ВС блогы табылады, одан кейін газ 0,14 МПа қысыммен тікелей
автобасқару жүйесінің пневматикалық элементтерді қоректендіру үшін түседі.
Жүйенің жұмыстық қысымы М манометрімен бақыланады. Жұмыстағы және
резервтегі редукцияландыру желілерінің нөмірлері В2 „режим” тумблерімен
беріледі.
БС блогынан кейін газ бірінші желі кранының КВ1 соңғы ажыратқышының
К3 пневматикалық контактісіне, екінші желі кранының КВ2 соңғы ажыратқышының
К3 контактісіне және В1 тумблеріне түседі. Бірінші желі краны жабық болуына
байланысты КВ1 соңғы ажыратқышының К3 контактісі тұйық және газды Р8 және
Р9 екі камералы реленің 3 камераларына өткізеді, олар іске қосылған кезде
сәйкесінше түйісулерді тұйықтайды және бірінші желі кранының тығыздауышына
май беру іске қосады. Газ бір уақытта Др3 дросселі арқылы Р9 реленің 4
камерасына түседі және пневматикалық дроссельдің ашылу дәрежесімен
анықталатын және кранның тығыздауышы (уплотнение) үшін май берудің қажетті
уақытына сәйкес келетін уақыт кезеңінің өтуіне байланысты контакт реле
ажырайды.
Газ тарату жүйесінің шығысындағы газ қысымы ДНД, ДН және ДВД
датчиктерімен бақыланады.
Газ датчиктердің сильфондарына шығыс газ құбырөткізгішінен түседі.

120 – сурет. Защита – 2 жүйесінің принципиалдық пневматикалық үлгі –
сызбасы.

Жүйені жұмысқа қосу кезінде В1 „Питание” тумблері „Включена” күйіне
келтіріледі, осы кезде Р1-Р12 релесінің және ДНД мен ДВД датчиктерінің 1-2
контактілері, газ таратушы станцияның шығысындағы газ қысымы бекітілген
норма шегінде болуы шартына сәйкес, ажыратылған күйде болады. Егер
станцияның шығысындағы қысым номиналдық қысымнан 90-%-ға дейін төмендесе,
онда ДНД төменгі қысым датчиктері іске қосылады. Станцияның шығысындағы газ
қысымның төмендеуі, қысым реттегішінің толық немесе жартылай жабылуынан газ
тұтынудың жұмыстық редукциялау желісінің өткізу қабілеттілігінен көп болуы,
кіріс қысымның біршама төмендеуі немесе станция жұмысының із жүзіндегі
шарттарының жобалық параметрлерге сәйкес келмеуі нәтижесінде, тууы мүмкін.
Қорғаныс жүйесі реттелінетін қысымның кездейсоқ қысқа уақытты
төмендеуі немесе жоғарылауы жүйенің іске қосылуына әкелмейтіндей етіп
құрылған. Ол үшін апатты автобасқару және дабыл қағу схемасына уақыт
бойынша кідіріс енгізіледі. Реттелетін қысымның төмендеуі кезінде жүйе
резервтік желідегі кранның ашылуын және апатты дабылдың берілуін қамтамасыз
етеді.
Др1 дросселінің ашылу дәрежесімен ескертілетін уақыт аралығындағы ДНД
контактісінің тұйықталуы Р1 релесінің іске қосылуына әкеледі, осының
нәтижесінде соңғысы 1-2 контактісін тұйықтай отырып өз-өзінен жабылуға
(самоблокировка) келеді, және бір уақытта Р6, Р7 релелерінің 4, 7
камераларына дабыл (сигнал) беріледі. РБ реленің 1-2 контактісінің ажырауы
Э бөлгіш ыдыстан қысымның алынуына және электрлік дабыл қаққыштың іске
қосылуына әкеледі.
Р1 реленің 1-2 контактісі – Кп3 алынып – салынбалы клапан – В2 тублер
тізбегі бойынша дабыл бірінші желінің пневможетекті кранының У1 күшейткішін
бұйрықты ашу камерасына, ал Кп 12 алынып-салынбалы клапан – Р8 реленің 1-2
контактісі – У1 күшейткішінің май беру камерасы тізбегі бойынша кранның
тығынына түседі. Кран орнынан қозғалғаннан кейін КВ1 соңғы ажыратқышының К3
контактісі ажырайды, ал Р8 релесінің 3 камерасы атмосферамен байланыста
болады, Р8 релесінің 1-2 контактісі де ашылып жатқан кранға май беруді
тоқтата отырып ажырайды. Кран ашылғаннан соң КВ1 соңғы ажыратқышының К0
контактісі тұйықталады және іске қосылатын Р4 релесінің 3 камерасы, 1-2
контактісі арқылы дабыл Р1 және Р3 релелерінің 4 камераларына түседі. Р1
релесі өзінің 1-2 контактісін ажыратады және дабылды ашылатын У1
күшейткішінен алып тастайды.
Егер жұмыстық желінің РД қысымды реттегішінің істен шығуы нәтижесінде
реттелетін қысым номиналдық қысымнан 10%-ға артатын болса, ДВД жоғарғы
қысымды датчиктің контактісі тұйықталады, соның нәтижесінде Р1-Р4
релелерінің 4 камераларына, осы релелердің іске қосылуына тыйым сала
отырып, пневматикалық дабыл түседі. Бір мезгілде дабыл Р5 реленің 3
камерасына түседі және Др2 дросселін қондыруға тәуелді уақыт аралығында
камерадағы қысым өзінің номиналдық мәніне жетеді және Р5 реленің іске
қосылуына әкеледі. Осының нәтижесінде дабыл У1 және У2 күшейткіштерін жабу
камераларына түседі, ол қос редукцияландыру желілеріндегі пневможетекті
крандардың жабылуына әкеледі. Р5 релесінің 1-2 контактісі – КпБ және К10
алынып – салынбалы клапандары тізбегі бойынша дабыл пневматикалық және
электрлік қорғанысты іске қосуға (Л1 индикаторын қосу және Р6 релесін
ажырату) түседі.
Крандар жабылғаннан кейін газдың ағып кетуінің алдын-алу үшін олардың
тығынын майлап нығыздау қажет. Ол үшін КВ1 және КВ2 соңғы ажыратқыштарын К3
контактілері тұйықталады, және дабыл Р8-Р12 релелерінің 5 камераларына
түседі, бұл өз кезегінде дабылдың У1 және У2 күшейткіштерін майлау
камераларына түсуін ескертеді. Др3, Др4 дроссельдерімен бекітілген уақыттың
таусылуынан кейін Р9 және Р10 релелерінің 4 камераларына түсетін дабылдар
соңғылардың өшірілуіне әкеледі, нәтижесінде май берілісі тоқтатылады. КВ1
соңғы ажыратқышы контактісінің тұйықталуы кезінде дабыл бір уақытта Р5
релесінің 4 камерасына беріледі және күшейткіш крандардың жабу
камераларынан алынып тасталынады. Қос крандардың жабылуы газ берілісінің
тоқтатылуына және шығыс газ құбырөткізгішіндегі қысымның құлауына әкеледі.
Осыдан кейін ДВД датчигінің контактілері ажырайды, Р1 және Р3 релелерінің 4
камераларынан дабыл алынып тасталынады, нәтижесінде КВ1 соңғы ажыратқышының
К3 контактісі – Р11 релесі контактісі – Кп1 алынып – салынбалы клапан
тізбегі бойынша түсетін дабыл Р3 релесінің іске қосылуын туғызады.
Шығыс қысымның әрі қарай номиналдық мәнге дейін төмендетілуі ДН
номиналдық қысым датчигі контактісінің тұйықталуына әкеледі, нәтижесінде
дабыл резервтік желінің күшейткіштері кранын майлау және ашу камераларына
түседі. Одан кейін газ тек қана резервтік желімен беріледі. Жұмыстық желіні
тек оператор ғана аша алады.
„Защита - 3” жүйесі екі жұмыстық және резервтік қысымды бәсеңдету
желілері бар газ тарату станциясы үшін арналған. Ол газ тарату станциясында
реттелетін қысымның номиналдық мәнінен ауытқуымен көрсетілетін апатты
жағдай туған кезде бәсеңдету желілеріне қондырылған пневможетекті крандарды
басқаруды, және де станцияның шығысындағы газ қысымын үздіксіз бақылауды
және бәсеңдету (редуцирование) желісін қажетті ауыстырып қосуларды жүзеге
асырады. Шығыс қысымның төмендеуі кезінде жүйе жұмысқа резервтік бәсеңдету
желісін енгізеді, шығыс қысымның жоғарылауы кезінде істен шыққан реттегішті
іздеу тәртібін басқару шитіндегі ауыстырып қосқыштардың көмегімен орнатады.
Газ тарату станциясын оптималды дайындық жағдайларында ұстап тұру үшін
бәсеңдету желісінің тәртібін мезгіл-мезгіл ауыстырып тұру ұсынылады.
Защита – 3 жүйесінің жұмыс принципі мыналардан тұрады, шығыс қысымның
номиналдықтан 5%-дан артық өсуі кезінде жүйе берілген кідіріспен келісілген
уақыт интервалынан кейін „Первая рабочая” тәртібінде жұмыс істейтін
бәсеңдету желісінің кранын жабуға бұйрық береді. Егер қысымның жоғарылуы
осы желі реттегішінің апатты ашылуымен ескертілген болса, онда қысымның
өсуі тоқтатылады және газ тұтынылуының бір бәсеңдету желісінің максималды
тұрған бірінші желінің реттегішімен номиналдық деңгейде ұсталынып тұрады.
Егер апат кезеңінде немесе газ тұтынудың кезекті өсуі кезінде газдың
шығыны бір бәсеңдету желісінің максималды өткізу қабілеттілігінен өсіп
кетсе, онда реттелетін қысым төмендей бастайды, және номиналдық мәннің 95%-
на жетуі кезінде жүйе резервтік желінің пневможетекті кранын ашады. Газ
тарату станциясы қалыпты жұмыс тәртібіне ажыратылған, бұзулған желімен
өтеді. Егер де шығыс қысымның жоғарылауы екінші жұмыстық бәсеңдету желісі
клапанының апатты ашылуымен ескертілген болса, онда бірінші жұмыстық
желінің жабылуынан соң қысым жоғарылай бастайды, және номиналдық мәннен 10%-
ға асқан кезде жүйе екінші жұмыстық желі кранын жауып тастайды. Жиып
келгенде газ тарату станциясының шығысындағы қысым төмендей бастайды, және
номиналдық мәннің 105%-на жеткен кезде бірінші жұмыстық желі дайындық
жағдайында іске қосылады. Көп газ тұтыну кезінде қысымның әрі қарай
төмендеуі (номиналдықтан 95%-ға дейін) жүреді, ол резервтік желінің
ашылуына себепші болады. Екінші жұмыстық желі бұзылған ретінде жабық болып
қалады. Біршама көп газ тұтынылуы кезеңінде жұмыстық реттегіштердің
біреуінің істен шығуы кезінде шығыс қысым төмендей бастайды, соның
нәтижесінде жүйе Р(0,95 Рном кезінде резервтік бәсеңдету желісін іске
қосады.
Осылайша, Защита – 3 жүйесі газ қысымын реттегіштердің біреуінің кез-
келген істен шығулары кезінде тұтынушыларды бірқалыпты газбен жабдықтауды,
және де екі жұмыстық бәсеңдету желісінің өткізу қабілеттілігі жеткіліксіз
(үдеме (пиковый) жүктемелер және төмендетілген кіріс қысымдары кезінде
болғанда резервтік желіні енгізуді қамтамасыз етеді. Кейбір жағдайларда
жүйе екі қысымды реттегіштердің істен шығулары кезінде де тұтынушыларды
үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ете алады. Мысалы, жұмыстық желінің
біреуінің реттегішінің апатты ашылуы салдарынан соңғысы істен шығады, ал
басқа жұмыстық және резервтік желілер газ тарату станциясының жұмысын
қамтамасыз етіп тұрады. Осы кезде жұмыс істеп тұрған реттегіштердің біреуі
апатта жабылып қалды деп болжайық. Газды аз тұтыну кезінде газбен жабдықтау
қалған жұмыстық қабілетті қысым реттегішпен қамтамасыз етіліп тұрады.
Бірақ, газ тұтынудың көбеюі кезінде газ тарату станциясының шығысындағы
газдың қысымы төмендей бастайды, және 0,9 Рном тең қысым кезінде жүйе
барлық бәсеңдету желілерінің крандарын ашып жібереді. Апатты ашылған
реттегіш байпас ретінде жұмыс істей бастайды, ал шығыс қысымның берілген
деңгейде ұсталынып тұруы істеп тұрған реттегішпен қамтамасыз етіледі.
Газ шығынының әрі қарай апатты ашылып тұрған реттегіштің өткізу
қабілеттелігінен төмен азаюы кезінде қысым өсе бастайды. Р(1,5 Рном болған
кезде бірінші жұмыстық желінің краны жабылып қалады. Егер апатты ашылған
реттегіш осы желіде болатын болса, онда қысым әрі қарай номиналдық деңгейде
ұсталынып тұрады. Газ тұтынылуының өсуі бірінші жұмыстық желінің ашылуына
және т.б. әкеледі. Осылайша, газ тұтынуының біршама тербелісі кезінде
бірінші жұмыстық желі екі позициялы реттеу тәртібінде жұмыс істеп тұрады,
ал түзу (исправный) қысым реттегіш реттелетін қысымды берілген деңгейде
ұстап тұрады. Егер апаты ашылған реттегіш екінші жұмыстық желіде болатын
болса, онда жүйе әрі қарай газ тұтынысының тербелісі кезінде екі позициялы
реттеу тәртібінде жұмыс істеп тұратын осы желіні жауып тастайды.
БАУ-64 жүйесінің түр өзгешелігі болып табылатын АУПК-ГРС құрылғысы
бәсеңдету желісіндегі пневможетекті кранды автоматты түрде басқаруға
арналған. Құрылғының жұмыс істеуіне импульс болып бәсеңдетілетін қысымның
номиналдық мәннен ауытқуы табылады.
Құрылғы резинаға, полистиролға, оргшыныға және жабындымен қорғалмаған
құрылымдық болаттарға, түсті металдарға және олардың қорытпаларына әсер
етпейтін тазартылған газды пайдаланады. Құрылғы газ реттегіш жүйелердің
келесі автоматтандыру схемалары үшін қолданылуы мүмкін.
1. Қысым реттегіштен және пневможетекті краннан тұратын қысымды
реттеудің біржелілік схемасы. АУПК-ГРС құрылғысы реттелетін қысымның
жоғарылауына әкелетін қысым реттегіштің істен шығуы кезінде бәсеңдету
желісін жабуды қамтамасыз етеді.
2. Қысымды реттеудің дәл сондай бір желілік схемасы. АУПК-ГРС
құрылғысы қысым реттегіштің апатты ашылуы кезінде кранды қатыстыра отырып
газ қысымын екі позициялы реттеуді қамтамасыз етеді.
3. Газ қысымын реттеудің екі желілі схемасы (бір желі жұмыстық;
екіншісі - резервтік). Әрбір желі қысым реттегіштен, пневможетекті краннан
және АУПК-ГРС құрылғысынан құрылады. Құрылғы жұмыстық желіде шығыс қысымның
жіберілген қысымнан жоғары көтерілуі кезінде кранды жауыптастайды, ал
резервтікте – шығыс қысымның ққұлауы кезінде кранды ашады және оны жұмыстық
желідеп кранның жабылуы әкелген деңгейден біршама көп деңгейге дейін
жоғарылауы кезінде жауып тастайды. Осылайша, АУПК-ГРС құрылғысы істен
шыққан жұмыстық желіні жауып тастайды және қысымды екі позициялы реттеуді
іске қоса отырып енгізеді. Осы схемадағы екі АУПК-ГРС құрылғылары Защита –
2 жүйесіндегідей функцияларды орындайды.
4. Екі позициялы реттеу желісінде екі АУПК-ГРС құрылғылары Байпас – 1
жүйесіндегідей функцияларды атқара алады.
Газ қысымын реттегіштер. Газ таратушы жүйелерде қысымды пневматикалық
реттегіштер кеңінен қолданылады. Оларды қоректендіру үшін тасымалданатын
табиғи газ қолданылады, оны қосымша тазалау және құрғату қажет. Газдардың
біраз бөлігі аспаптардан қоршаған ортаға шығатын болғандықтан, аспаптарды
газды олардан орталықтандырылған бұрып жібергіштері бар саңлаусыз шкафтарға
салады. Кей кезде газды лақтыру жүргізілетін элементтерден тікелей шыраққа
бұрып әкетеді. Реттегіштер ретінде негізінен РД және РДУ типті
пропорцианалды қысым реттегіштері пайдалынылады, атқарушы механизмдер
ретінде – 25 с 48 нж мембраналық пневможетекті реттегіш клапандар
пайдалынылады.
Сақтандырғыш құрылғылар. Аппаратураларды және ГРС орамның газ
құбырөтізгіштерін қысымның есептелінгеннен аса шамадан тыс жоғарылауынан
сақтау үшін сақтандырғыш клапандарды, шауып тастағыштарды және қақпақтарды
(затвор) қолданылады. Серіппелі және жүктемелі сақтандырғыш клапандары өте
кең таралған. Серіппелі сақтандырғыш клапанда газдың ішкі қысымы
сақтандырғыш клапанның серіппемен ұсталынып тұратын тарелкасын көтеруге
тырысады. Серіппенің сығылу дәрежесі арнайы гайкамен реттеледі. Газ
құбырөткізгішіндегі қысым белгілі бір мәнге жеткен уақытта клапан седлоға
сығылады, тарелка соңғысынан алшақтайды және газ атмосфераға арнайы шырақ
арқылы шығарылады. Бұл газ құбырөткізгішіндегі қысым номиналды есептік
мәнге тең болғанша жүреді. Сонда сақтандырғыш клапанның тарелкасы бастапқы
жағдайға қайтып оралады. Газдың шыраққа ағып кетуі тоқтатылады. Серіппелі
сақтандырғыш клапандар осыларға ұқсас жұмыс істейтін жүктемелермен
салыстырғанда көбірек саңылаусыздандырылған (герметизированы), бірақ осы
жүктемелі сақтандырғыш клапандарды талап етілетін қысым күйіне келтіру жүк
салмағын өзгерту және соңғысын рычаг бойымен жылжыту (орнын ауыстыру)
көмегімен жүзеге асырылады. Жүктемелі клапандарда қақпақтар арқылы
штоктардың сальниктерінің өтулерінде (проходы) газдың ағып кетуі мүмкін.
Клапандар арнайы әдістермен реттеледі және орнатылған қысымға (әдетте
жұмыстықтан 5-10% құрайтын) реттелген болып есептеледі, егер олар таза,
шапшаң сарт еткен даңыспен ашылатын немесе жабылатын болса. Сақтандырғыш
клапандар үлкен өткізу қабілеттілігіне ие болуы керек, себебі газ
құбырөткізгіштерінде немесе аппараттарда қысым кенеттен жоғарылаған кезде
артық газды атмосфераға немесе газ жинақтауыштарға жылдам жіберу керек.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай өнімдерін сақтау және таратуды автоматтандыру
Жобада ГНПС "Шымкент" жағдайында резервуар паркін автоматты басқару
Мұнай айдаудың технологиялық схемасы
Автоматты технологиялық және химиялық реакторлы процесс
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау
Өндірістік практиканың құрылымы
Басқару объектісінің температура бойынша екпін қисығын алу
Қалқымалы шатыры бар резервуарлар жабдықтарының ерекшеліктері
Тауар қозғалысы
Пәндер