Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары



Кіріспе

Ι Инфляцияның мәні, туу себептері.

1.1 Инфляцияның экономикадағы мәні.
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері.
1.3 Инфляцияның түрлері.

ΙΙ Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары

2.1 Инфляцияның зардаптары және оны азайту іс.шаралары
2.2 Табыс . инфляциясымен күрестің басты құралы.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

Ι Инфляцияның мәні, туу себептері.

1.1 Инфляцияның экономикадағы мәні.
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері.
1.3 Инфляцияның түрлері.

ΙΙ Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары

2.1 Инфляцияның зардаптары және оны азайту іс-шаралары
2.2 Табыс – инфляциясымен күрестің басты құралы.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қазіргі кездегі ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам
өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда экономика мен экономикалық
теория бүгінгі күндерде қоғамды дамытудың басты пәрменді күші болып
отыр. Экономикалық құрылымы өте күрделі және экономика ғылымы
эволюциялық жолмен дамып , болжамдарды жалғастырып келеді. Экономика
соныменқатар қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды. Әсіресе ,
соның ішінде баға , табыс , жұмыссыздық және тағы басқа құбылыстардың
өзгерісімен тығыз байланысты . Қазіргі күндері экономиканы біріншіден
- өндіріс , инфляция , табыстар қозғалысын түсіндіру және жазу үшін ,
екіншіден – экономикалық тәртіпті негіздеу үшін қолданылады.
Экономиканың өзін макроэкономика және микроэкономика
деп екі салада қарастырамыз. Бұл екі сала өзара бір – бірімен тығыз
байланысты болады. Міне, осы макроэкономика саласының күрделі
мәселелерінің бірі - инфляция болып табылады.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай
тарихы бар 1775 – 1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін
болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды. Франция 1789 –
1794 жылдары революция кезінде ендірілген қағаз ақшалар 7 жылда
883 есе құнсызданды.
Алғашқы рет ″ инфляция ″ деген ұғым ақша айналымына
қатысты АҚШ – та Азамат соғысы кезінде 1851 – 1865 ж.ж орасан зор
гривналар ақша орнына қолданылған күміс кесек 450 млн доллар
шығарылуына байланысты қолданыла бастады, ал оның төлем қабілеті 2
жылдың ішінде 60 % -ке дейін төмендеді.
Инфляция тек қағаз ақшаға тән және ол экономиканың
кез – келген үлгісінде орын алады, көбінесе инфляция айналымдағы
ақшаның көбеюімен бейнеленеді. Бірақ кейде, инфляциялық ахуал,
айналымдағы ақшаның саны бір қалыпта қалған күнде – де туады.
Мысалы, егер елде тауар өнімінің көлемі азайып кетсе, онымен тікелей
байланысты тауар айналымының да көлемі азаяды. Олай болса , оларға
жұмыс жасайтын ақшаның да саны азаяды. Сөйтіп , дәл осы кезде
айналымда жүрген ақшаның кейбір бөлігі артық болып шығуы мүмкін .
Тап осындай жағдай ақша айналымы жеделдетілсе де туады. Ақша
айналымын жеделдету , басқа жағдайлары бірдей болғанда, айналымға
қосымша ақша шығарғанмен бірдей.
Сонымен инфляциялық ахуал көптеген себептердің
әсерінен тууы мүмкін. Осы себептерді екі топқа бөлуге болады :
1. Ақша айналымымен тікелей байланысты себептер
• Айналымға бюджеттің тапшылығын жабу үшін , тауарлық
ресурстармен қамтамасыз етілмеген тым көп қолма – қол ақша
шығару;
• Айналымға қолма – қол емес ақша шығарумен байланысты ,
шаруашылыққа шамадан тыс көп несие беру;
• Ұлттық валютаның бағамын бір деңгейде ұстау үшін Ұлттық
банктің , басқа елдердің, еркін айырбасталымды валюталарын
сатып алу немесе сату.
2. Ақша айналымы мен жанама байланысты себептер
• Шаруашылықтың үйлесімді өркендеуінің бұзылуы ;
• Шаруашылықтың шығынды тетігі ;
• Салық саясаты ;
• Баға саясаты ;
• Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі

Бір қарағанда екінші топта келтірілген себептер
инфляциямен байланысы жоқ сияқты болып көрінеді , бірақ бұдардың
әрқайсысы айналымдағы ақшаның жинағының өзгеруіне әсер ете алады ,
сөйтіп инфляциялық ахуал туғыза алады. Мысалы , шектен тыс жоғары
салықты өндіріс пен тауар айналымының өсуін ынтымақтандырмайды ,
керісінше , инвестицияның белсенділігі төмендейді , соның нәтижесінде
өндіріс көлемі де , тауар айналымы да азайып , айналымда артық ақша
пайда болады.

Макроэкономикалық құбылыстарға басты себептер
ұлттардың табысқа жету – жетпеуіне байланысты болады.
Ұлттар өзінің экономикалық жағдайындағы шығындар,
салықтар, ақша айналысындағы өзгерістеріне экономикалық саясат арқылы
әсер етеді.
Өсудің тенденциясын анықтау көрсеткіші үшін
өндірістің потенциалдық көлемін, яғни оның мүмкіндігінің минимумын
алады.
Өндірістің потенциалдық көлеміне жету – жұмыспен
қамтамасыз етуге , инфляцияның ұлғаюына байланысты, жұмыссыздық
көбейген кезде инфляция төмендейді. Сонымен қатар, соңғы уақытқа
дейін біздің санамызда ″ инфляция ″ ұғымы капитализмнің келелі
ретінде орнықты. Құн заңы әрекетімен анықталатын тауар ақша
қатынастарының болуы инфляциялық процесстерді тудырады. Инфляцияның
себебі, әрекет ету механизмі, көрінуі және оның зардаптарымен күресу
жолдары бұрын соңды біздің елде зерттелмеген.
Қазіргі кезде ол барлық жұмысшы күштерінің 6 %
-тін қамтиды.
Сонымен инфляция дегеніміз - латын сөзінен
алғанда inflatio қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын
әлеуметтік – экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда
айналыстағы ақша өлшемдері қосындысынан артып кетіп , осының
нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы
инфляцияны білдіреді. Оның мәнін түсіну үшін 10 млрд алтын доллар
керек екен , ал қағаз ақша 20 млрд доллар шамасында шығарылды
делік. Мұның өзі қағаз доллардың екі есе құнсыздануына әкеліп
соқтырады. Инфляция жұмысшылардың жағдайына зардапты ықпалын
тигізеді. Себебі , тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет
жалақыны бұрынғы дәрезесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның құнсыздануы
, халықтың әл – ауқатының дәрежесін төмендетуге әкеп соқтырады.
Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның
деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады.
Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып таур азық –
түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляция қағаз ақшалардың алтынмен салыстырғанда
құнының төмендеп кетуінен туады да, товар бағасының көтерілуіне
әкеліп соғады.
Егер қағаз ақшалар товар айналысына қажетті мөлшерде
шығарылатын болса, онда бұл ақшалардың нақтылы сатып алу
қабілеттілігі олардың мазмұнына сәйкес келетін болады.Осылардың
нәтижесінде девальвация және ревальвация деген ұғым бар.
Девальвация дегеніміз – қағаз ақшаның ресми
құнының өзіне тұрақты қалпына келтіру. Ол үшін бағасы төмендеп
ақшаларды айналыстан шығарып оның орнына толық құнды кредит
билеттерін шығару яғни бұл ашық девальвация . Айналыстағы қағаз
ақшаның ресми құнының төмендету бұны бүркемелі девальвация
мақсатымен ақша реформасын жүргізу. Ұлттық ақша өлшемінің алтындық
мазмұнын кеміту және шет ел валюталарымен қатынас курсын төмендету.
Ревальвация дегеніміз – ақша курсын көтеру. Алтын
немесе шет ел валютасымен салыстырғанда мемлекеттік қағаз ақша
курсның өсуі. Ревальвация – ақшаны тұрақтандыру , бағаның инфляциялық
өсуіне қарсы ықпал етудің белгілі бір әдісі.
Шет ел мамандары инфляцияның өсу қарқынына
байланысты оны 3 түрге бөледі :
1. Баяу және сұлама инфляция
2. Қарқынды инфляция
3. Ұшқыр инфляция
Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де жылына 10
%-тен аз ақша негізінде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде
халық та, мемлекет те төтенше жағдайда тап болмайды.
Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10 – 20 –дан 200
% - ке дейін өседі. Соның салдарынан жалақы өсіп, ол одан әрі
өсуіне әкеп соқтырады.
Ал ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға
астрономиялық қарқынмен 1000 % -тен жоғары өседі. Баға мен
жалақының арасы алшақтап , бай адамдардың да тұрмыс жағдайы,
тіршілігі қиындай бастайды.
Шет ел нарықта болатын инфляциялық тепе – теңдік
формаларына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы деп
бөледі. Еркін баға белгілеу экономикасына тән ашық инфляция
бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде
көрінеді. Ашық инфляция кейбір тауар нарығындағы бағаның оқтын –
оқтын төмендеуімен немесе оның өсуінің баяулауымен сыйса
береді.Ал ол ашық инфляцияның нарық механизмін едәуір
бұрмалағанымен әйтсе де оны толық бүлдіре алмайтын
көрсетеді.
Жасырын инфляция деп аталаын басылыңқы инфляция
реттелмелі бағалар қолданылатын экономикаға тән , ол тауар
тапшылығында , өнімніңсапасының нашарлауында, амалсыздан ақша
жинақтауда астыртын экономикада көрінеді. Егер біздің осы уақытқа
дейінгі экономикамызды алсақ, онда ұзақ жылдар бойы басылыңқы
инфляция жағдайында болды. Және болашақ экономика үшін бұл
қауіпті емес, одан әлі де болса құтылуға болады 1993 ж дейінгі
.
Сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі
типке бөлуге болады :
1.Сұраным инфляцияциясы
2. Ұсыным инфляцияциясы
Сұраным инфляцияциясы – нарықтық байланыстарда монополизм мен
әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігі болған
жағдайда да орын алады.
Ұсыным инфляцияциясы - өндіріс шығындарының өсуінің немесе жиынтық
ұсынымның нәтижесінде болады. Тағы ұсыным инфляцияциясы ұсыным
мен шығындарды өзгерту нәтижесінде болуы мүмкін.
Ұсыным инфляцияциясының екі түрі бар:
1) Жалақының өсуі әсерінен болатын инфляция
2) Ұсыным экономикасы механизмінің бұзылуы нәтижесінде пайда
болатын инфляция

Инфляцияның сипаты қоғамдық ұдайы өндірісті дамыту
барысында елеулі түрде өзгереді. Осыған байланысты инфляцияны
кейбір елдерде орын алатын жергілікті инфляция, барлық елдерді
қамтитын бүкіл әлемдік инфляция, елде бір ішкі экономикалық
факторлардың әсерінен болатын индуцироланған инфляция , мөлшерден
тыс несие экономикасынан туындайтын несие инфляциясы , сыртқы
себептерден туындайтын сырттан әкелінген және сыртқа шығарылатын
инфляция, инфляциялық процестің бір қалыптылығы еместігімен
байланысты болатын сатылы инфляция деп ерекшеленеді.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ

1.1ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік – экономикалық құбылыс, осы құбылыс
кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не
тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.
Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай
өзгешеленеді:
• Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша
жұмысты ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне
ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық
әрқашан және барлық жерде болады.
• Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми – техникалық прогрестің,
өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс
құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты
жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда
болады.
• Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық
дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын,
жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда
болады.
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған
сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымына (ЭЫДҰ –ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті
экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі
халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен
жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.
Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде кепілденген және толық жұмыспен
қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, кенеттен мемлекеттік
секторды қайта құру мен жеке секторда жұмыс орындарын ашудың баяу
қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың
өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде
де жалақы деңгейінің төмендеуі байқалады.
Жұмыссыздық – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын
азайтатын құбылыс.
Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде
едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол
жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды.
Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын
жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және
осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық
тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл–ауқатының
деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі
бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға
ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін
ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.
Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды,
адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар
проблемасының шиеленісуін білдіреді.
Жұмыссыздық деңгейін (u) жұмыссыздар санын (U) бүкіл экономикалық
белсенді халық санына (L) бөлу арқылы табады және ол пайызбен көрсетіледі:

(1)
Мұнда Е-жұмыс істеушілер саны.1,б
Ол Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша және әр мемлекеттің арнайы
заң нормаларымен есептелінеді. ХЕҰ әдісі бойынша, мемлекеттік жұмыспен
қамту органдарынан басқа қызмет орындары мезгіл–мезгіл халықтық сұрақтану
жүргізеді. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін есептеумен Статистика бойынша
агенство шұғылданады.2,145-146бб
15жастағы және одан жоғары
жастағы халық, мың.адам
I тоқсандағы Анықтама:
IV тқ.
2006ж
2005ж 2006ж 2007ж*
Жұмыссыз халық, мың. адам 661,1 652,6 624,0 618,7
Жұмыссыздық деңгейі, % 8,5 8,2 7,7 7,7
15-24жас аралығындағы Жұмыссыз ха-204,8 207,2 152,9 146,2
лық
16-24жас аралығындағы Жастардың 14,7 14,7 11,1 10,8
жұмыссыз деңгейі
Ұзақ мерзімдегі жұмыссыздық 4,8 4,3 3,5 3,8
деңгейі,%
Жұмыспен қамтылған халық,мың. адам7102,77289,07489,97414,9
Жұмыспен қамтылу деңгейі,% 62,6 63,2 64,1 64,4
Жалдамалы жұмыскерлер,мың. адам 4563,04719,44897,84811,6
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, 2539,12569,62692,12603,6
мың.адам
Экономикалық белсенді халы, 7763,27941,68113,98033,6
мың.адам
Экономикалық белсенді халық 68,4 68,9 69,4 69,7
деңгейі, %
Экономикалық белсенді емес халық, 3587,13582,83574,83488,5
мың.адам
Экономикалық белсенді емес халық 31,6 31,1 30,6 30,3
деңгейі, %

1-кесте - Қазақстан Республикасындағы 2005-2007жж. бірінші тоқсаныңдағы
еңбек нарығындағы негізгі көрсеткіштер

Алғашқы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында 2007ж бірінші
тоқсанында жұмыспен қамтылғандар саны 7,5 млн.адам. Бұл алғашқы жылдың
сәйкес кезенімен салыстырғанда 200,9 мың адамға не 2,8% көп. Жұмыспен
қамтылғандардың құрамында жалдамалы жұмысшылардың үлесі 64,5%-ды құраса, өз
бетінше жұмыспен қамтылғандар - 34,6%. Жалдамалы жұмысшылардың негізгі
үлесі мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде – 81,3%-ды құрады.
Сол жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздардың саны (экономика- лық
белсенді жастағы халық, жұмыс орны жоқ, бірақ белсенді жұмыс іздеп жүрген
және жұмысқа дайын адамдар) 624мың адамды құраса, ал жұмыс- сыздық деңгейі
-7,7% құраған. Бұл алғашқы жылдың сәйкес кезенімен салыс- тырғанда 28,6 мың
адамға немесе 4,4%-ға қысқарғанын көрсетеді. Жұмысыз халық ішінде ерлер -
257,1 мың адам (41,2%),әйелдер-366,9 мың адам(58,8%)9,www.stat.kz
Барлығы Оның ішінде Анықтамалы:2006 ж I
тоқсан
ерлер әйелдерБарлығы Оның ішінде
ерлер әйелдер
Жұмыссыз халық,мың адам 624,0 257,1 366,9 652,6 277,0 375,6
Жұмыссыздық деңгейі,% 7,7 6,2 9,2 8,2 6,9 9,6
15-24 жас аралығын дағы 152,9 78,5 74,4 207,2 97,0 110,2
жұмыссыздар, мың адам
Жастардың жұмыссыздық 11,1 10,4 12,1 14,7 12,7 17,2
деңгейі,%
Ұзақ мерзімді жұмыс 3,5 2,5 4,6 4,3 3,1 5,5
сыздық деңгейі,%

2-кесте - 2007ж. I тоқсанындағы жұмыссыздық

Жұмыссыздық масштабын азайту ретінде жұмыссыздық ретінде
жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне жету көзделінеді. Өйткені жұмыссыз- дықты
мүлдем жою мүмкін емес және ондай мақсатты қойып керегі де жоқ. Фрикциондық
пен құрылымдық жұмыссыздықтар түрлері экономикаға табиғи тән элементтер
болып танылады, сондықтан олардың деңгейлерінің қосындысы жұмыссыздықтың
табиғи деігейіне тең болады. Осы деңгейге жеткенде еңбек нарығы тепе-
теңдік жағдайда болады. Бірақ еңбек нарығының бұл жағдайында кәсіптік-
біліктілік жағынан бос жұмыс орны мен онда жұмыс істегісі келетін адамдар
арасында толық сәйкестік бар деуге болмайды, бірақ сан жағынан ұсыныс пен
сұраныс бірдей болуы мүмкін. Жұмыссыздық нарықты қатынастардан туады,
сондықтан ол экономикадағы өзгеріспен тығыз байланысты. Американдық
экономист А.Оукеннің есептеуі бойынша, егер ұлттық ішкі өнім (ҰІӨ) 2,7%-ке
өссе, жұмыссыздық деңгейі өзгермейді; ал ҰІӨ қосымша тағы 2 %-ке өсуі
жұмыссыздық деңгейін бір пайызға азайтады және ,керісінше,ҰІӨ-нің қосымша
қысқаруы жұмыссыздық деңгейін көтереді.9,www.zakon.kz

1.2 ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ТОПҚА БӨЛІП ҚАРАСТЫРУ ЖӘНЕ
ЦИКЛДЫҚ, ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ

Жұмыс күші құрамындағы жұмыссыздық коэффицентінің қобалжуын әр түрлі
топтар бойынша жалпы коеффицент немесе u жұмыссыздық дәрежесі, және
жұмыссыздық коцеффицент арасындағы қатынастарды пайдалана отырып,
жұмыс күші құрамындағы топтар бойынша зерттеуге болады. Жалпы коеффицент
жұмыссыздықтың топтардағы орташа өлшемді коеффиценті болады:

(2)
мұндағы салмағы – бұл нақты топқа тиісті азаматтық жұмыс күшінің
үлесі
Теңестірудің көрсетуі бойынша, жұмыссыздықтың жалпы коеффиценті
негізінен жұмыс күші құрамындағы әр түрлі топтарда тең келетін жұмыссыздық
коэффиценттерінен құралуы немесе жасы, нәсілі және жынысы бойынша
ерекшеленген топтар арасындағы жұмыссыздық коэффиценттерінде күрделі
айырмашылықтарды жасауы мүмкін болып табылады1.
Жұмыссыздықты тудыратын экономикалық себеп бойынша жұмыссыздықты төрт
түрге бөлуге болады:
• фрикциондық жұмыссыздық қызметкер бір жұмыс орнынан екіншісіне
ауысқанда болады;
• құрылымдық жұмыссыздық экономика құрылымында ұзақ уақыт бойы
өзгерістер болуынан туады: нәтижесінде қызметкер мен жұмыс орын
арасында біліктілік деңгейі және маман түрі бойынша сәйкессіздік
пайда болады;
• циклдік не сұраныс тапшы жұмыссыздық түрі тұтас сұраныс
жеткіліксіз жағдайында туады;
• маусымдық жұмыссыздық кейбір салаларда экономикалық
белсенділігінің жыл бойында теңселуімен байланысты
болады2,148б..
Құрылымдық жұмыссыздық дегеніміз – бұл экономика толық жұмылды-рылған
деңгейде болатын жұмыссыздық болып табылады. Құрылымдық немесе фрикциондық
жұмыссыздық еңбек базары құрылымынан туындайды, яғни экономикадағы жұмыс
орындары сипаттамасымен, жұмысшылар мен фирмалардың мінез-құлқына ықпал
ететін жұмыссыздыққа көмек сияқты әлеуметтік дәстүрлер және еңбек базары
институттарынан туындайды4,536б..
Экономистер “құрылымдық” терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт
өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз
алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің
нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде
жойылады. Басқа мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл
жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге
бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір
қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес
келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология
мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз
болып қалады.
Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп
отырады. Құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқұ
курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Құрылымдық
жұмыссыздық ұзақ мерзімді болып келеді, сондықтан да ол қауіпті болып
келеді1,63 б.
Құрылымдық жұмыссыздық дәрежесі жалпылама жұмыссыздық дәрежесімен
бірдей болады.
Циклдық жұмыссыздық дегеніміз – бұл құрылымдық жұмыссыздықты басып
озатын жұмыссыздық болып табылады. Яғни ол келесі түлек толық жұмылдырылған
түлек дәрежесінен төмен болған жағдайда пайда болады4,536 б..
Циклдік жұмыссыздық жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе
жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады.
Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық
төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде
“сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық”деп атайды1,64б.
Көріну сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады. Қазақстан
жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады.
Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіп- орынмен ресми түрде
үзбеген (осы себепті жқмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және
мөлшерленген жұмыс уақытында (күн,апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар
жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс істемеушілік деп
атайды2,148б.

1.3 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДӘРЕЖЕСІН ТӨМЕНДЕТУ ЖӘНЕ КӨМЕК
КӨРСЕТУ

Макродеңгейдегі еңбекке сұраныс және ұсыныс экономика жағдайына тәу-
елді және мемлекеттік деңгейде қабылданған әлеуметтік-экономикалық даму кон-
цепцияcына сәйкес реттеліп отырады. Нарықтық экономиканың дамуының әртүр-
кезеңдерінде еңбек рыногының әлеуметтік- экономикалық теорияларының өзіндік
позициялары болды. Классикалық теория өкілдері болып табылатын А.Смит,
Д.Рикардо, Ж.Б.Сей, сонымен бірге неоклассиктер А. Маршал, А.Пигу, нарық
жүйесі мемлекеттің экономикалық процестерге араласпаған жағдайында толық
жұмыспен қамтамассыз ете алады деп дәйектеді. А.Пигу өзінің “Жұмыссыдық
теориясы” еңбегінде (1993ж.) жұмыссыздықтың басты себебі ретінде еңбек
ақының жоғарғы деңгейін: еңбек ақыны өсіру, өндіріс шығындарын көбейтеді
және жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі деп есептеді.
К.Маркс жұмыссыздықтың үш түрін ажыратады: ағымдық, жасырын және
тұраланған. Мұндай жұмыссыздық түрлері өткен тарихта ғана қалып қойған жоқ,
ол нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің бәріне де тән. Қазақстан да
бұл проблемалардан өтіп кете алған жоқ.
Жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейінің болуы еркін экономикаға тән
қасиет. Нарықтық экономикаға өту кезеңдегі негізгі мәселе – жұмыссыздықтың
өсуін баяулату және оны белгілі бір деңгейде ұстап тұру. Мемлекеттің
араласуының негізгі шаралары – жұмыссыздықты болдырмау және жұмыс орындарын
ұйымдастыру3,178-179б.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауында
барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға, экономикалық өркендеуге
әкелетін саясатты жасау қажеттілігі аталады. Осыған байланысты қазіргі
негізгі мәселе еңбек нарқындағы жұмыссыздықпен, кедейлікпен күресу.
Мемлекет бағдарламалары жасалуда. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында іс
жүзінде асып жатқан жұмыспен қамтудың белсенді көмек көрсету бағыттарына
мыналар жатады:
• Жұмысты іздестіруге көмектесу және жұмысқа орналастыру арқылы қызмет
көрсету;
• Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті жоғарлату;
• Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
• Жұмыспен қамтуды субвенциялау;
• өзін-өзі жұмыспен қамтуға метериалдық көмек көрсету;
• өзін-өзі жұмыспен қамтуға микрокредиттер беру немесе кішігірім
кәсіпорындарды құру және т.б.
Бұл бағдарламалар іске асып жатқанымен, өз деңгейінде тиімділігі әлі төмен
және нәтижелері де мардымсыз болып келеді. Оның басты себебі – бұл
бағдарламалардың дұрыс ұйымдастырылып, менеджмент негізінде іске
асырылмауы болып отыр5,168-169бб..
Еңбек нарқы, жұмыссыздық тек бір саланы ғана қамтитын саясат емес, ол
барлық салаларды , барлық адамдарды қамтитын саясат. Еліміздің әл-аухаты,
экономикалық жағдайы мемлекеттің ұстанған саясатына және жүргізіліп жатқан
реформаларына, саяси-экономикалық басым бағыттарына тікелей байланысты.
Еңбек нарығының қалыптасуы және дамуы азаматтарды қорғау, оларды
әлеуметтік тұрғыдан қолдау бойынша экономикалық, құқылық және ұйымдастыру
шаралары жүргізілуі қажет6,171б..
Қазақстан жағдайында нарықтың инфрақұрылымы, оның ішінде еңбек
нарығының институттары мен ұйымдары, жеткілікті дамымағандықтан мемлекет
әлі де зор роль атқару керек. Еңбек нарығы толық құнды бәсекелесті болған
сайын қызметкерлер де, кәсіпкерлер де елдің еңбек ресурстарын барынша көп
өнімді пайдалануға ынталанады. Жеке меншікті сектордың даму дәрежесі өскен
сайын, еңбек нарығының инфрақұрылымы кемеліне жеткен сайын мемлекет
әлеуметтіқатынастарына өзінің рөлін, кірісу дәрежесін мен формасын
өзгертеді2,156.
2 ИНФЛЯЦИЯҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1 Инфляцияның түрлері
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте,
төтенше жағдайларға байланысты болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында
мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларға мәжбүр
болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға,
ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10% -тен
аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны
экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық
саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен
сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік
береді.
Жоғары қарқынды(галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан
200%-ке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген
контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.
Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен
тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы,
Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%- ке дейін
жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты
тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан
өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша
мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады.
Инфляция балансталған, тепе-тендіктің болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі
баяу және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның мәні, туу себептері
Инфляцияның зардаптары және оны азайту іс-шаралары
Инфляцияның экономикадағы ролі мен мәні
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты
Қазақстанның несие жүйесінің қызыметін талдау
Сұраныс инфлияциясының өсуі
Инфляция әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде. ҚР инфляцияға қарсы саясаты
ҚР –ның инфляцияға қарсы саясаты
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы
Мемлекет - Өте ұшқыр
Пәндер