Мұнайды бергіштік коэффициенті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мұнайды бергіштік коэффициенті

Мұнайды бергіштік коэффициенті – алынған (игерілген) мұнай мөлшерінің,
бастапқы кеніште есептелген мұнай мөлшерінің қатынасы болып табылады. Оның
мәні көп факторларға байланысты: қабаттағы сұйық пен жыныстардың физикалық
қасиеттерінен, кенішті игеру режимінен, кен орнын игеру көрсеткіштерінен
(скважиналардың орналасу торынан, оларды пайдалануға беру ретінен және кен
орнынан өнім алу қарқынынан, т.с.с. ) мұнайды ығыстыру агентінің, кеніште
орын алып жаулауынан т.б.
Ең жоғарғы мұнай бергіштік коэффициенті қатты суарынды режимде болады,
өйткені сумен ығыстырылады, кейде оның тұтқырлығы қабаттағы жағдайда
мұнайдың тұтқырлығынан үлкен болады, ал газдың тұтқырлығынан бірнеше есе
көп болады.
Мұнайды ығыстыру агентінің тұтқырлығы неғұрлым мұнайдың тұтқырлығынан
үлкен болған сайын, мұнайды бергіштік коэффициенті мәні соғұрлым үлкен
болатыны анықталған.
Газарынды режимнің мұнайды бергіштік коэффициенті біраз аз болады,
неге десеңіз, мұнай қабаттан газбен ығыстырылады, оның тұтқырлығы мұнайдың
тұтқырлығынан айтарлықтай кем болғандықтан және газбен жыныстар
ылғалданбайтындықтан. Қабаттың қысымы сәл ғана түскен жағдайда, мұнайдан
газ айырылып шығып, жыныстардың мұнайға деген фазалық өткізгіштігін
азайтады.
Ең аз мұнай бергіштік коэффициенті – кеніш, еріген газ режимінде жұмыс
істеген жағдайда болады.
Газдың ұлғайған энергиясының көбі, скважиналар түбіне қарай ағып өтіп,
мұнайды ығыстыруға пайдалы жұмыс істемейді.
Эксперименталдық және өндірістердегі статистика мәліметтері бойынша -
мұнай бергіштік коэффициенті (МБК) қабаттардың жұмыс істеу режимдеріне
байланысты келесі мәндерде болады:

Суарынды режим
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 0,
5-0,8
Газарынды режим
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 0,
4-0,7
Еріген газ режимі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 0,
5-0,8

Мұнай бергіштігінің ең жоғарғы мәні 0,8 қатты суарынды режим кезінде,
мұнайды кеніштен ығыстыруға жақсы тиімді жағдайда болады (жыныстың
бірқалыпты болғаны және өткізгіштігінің мол болғаны, мұнайдың тұтқырлығы
мәнінің аз болғаны және мұнай мен қабат суының арасындағы шекарадағы
үстіңгң керу күшінің кем болғандығы қажет).

І, ІІ, ІІІ – суарынды, газарынды және еріген газ режимдеріне сәйкес қабат
қысымы;

Режимдердің газ факторы:
1- суарынды; 2- газарынды;
3-мұнай бен газдың шекарасы бар жағдайда;
4- еріген газ режимі;

Ұңғы өнімділігін арттыру әдістері

Қабаттың түп маңы аймағына ықпал ету әдістері көп жағдайларда ұңғыға
келетін сұйық пен газ ағыны жеткіліксіз. Мұндай ұңғыларда ағынды немесе газ
бен сұйық жұтылуын арттыру үшін түп маңы аймағының өткізгіштігін өнімді
қабатта карбонаттар мен глинозем еритін жасанды арналарды тұзқышқылды,
жылуық қышқылды және саз қышқылды өндеумен жасау, кеуекті кеңістерді тұнба
және шайырлы материалдардан тазарту жолымен; жыныстарда жасанды жарықтар
жасау немесе табиғи жарықтарды қабатты гидравликалық жарғанда немесе түпте
торпедо жарғанда ұлғайту; кеуеу арналары қабырғаларында немесе ұңғы
оқпанында тұрған парафиндер, тұздар мен шайырларды жылулық химиялық өңдеу
және түп маңы аймағына жылулық әсер ету жолымен төмендету арқылы көтеруге
болады.
Ұңғы шығымын көтеру үшін түпке әр түрлі әсер ету әдістері мен олардың
қосындыларын қолданады.

Ұңғы төңірегін қышқылмен өңдеу

Қабатқа тұз қышқылымен әсер ету қышқылдық жыныстар өкізіштігі-
нің өсуіне ықпал туғызатындай және ұңғы түбін газ немесе мұнайды аз беретін
қабат байланыстыратындай арналар қалыптастыратын карбонатты жыныстарды
еріту қабілетіне негізделген. Алынатын өнімдер суда жақсы еритіндіктен
оларды қабаттан шығару жеңіл.
Қышқылдың әрекетті күйде қабатқа өту тереңдігі бұл агент пен жыныстың
реакциясы жылдамдығына байланысты.
Реакция жылдамдығының жыныстың химиялық құрамына, жыныс бетінің
бірлігіне қышқыл мөлшеріне, қызу мен қабат қысымына тәуелділігі тәжірибеде
анықталған. Айталық, мысалы, диаметрі әдеттегі мұнай коллекторындағыдай
(миллиметрдің жүздік үлесі) таза карбонат арнада қышқылдың бейтараптану
уақыты қас-қағым сәт.
Қызу өскен сайын қышқылдың әрекеттігі артады. Қызу 20°-тан 60°-ге
қыздырылған суда да қышқылдың жыныспен әсерлесу жылдамдығы қышқылдың
бастапқы концентрациясына тәуелді емес (2-12 % HCl). Қысым өссе, қышқылдың
карбонатпен әсерлесу жылдамдығы төмендейді.
Қабат жағдайларына байланысты кәсіпшілікте HCl 12-25 % концентрациясы
қышқылды пайдаланады.
HCl концентрациясы 10-12 %-н төмен қышқыл қолдану қабатқа көп
мөлшерде су айдау қажеттілігін туғызады, ал оның нәтижесінде қабатты
өңдегеннен кейін ұңғыны меңгеру қмындайды. Концентрациясы жоғары қышқылды
пайдаланғанда да зиянсыз емес, өйткені бұл кеуекті ортада хлорлы кальций
мен хлорлы магнийдің тұтқырлығы жоғары ерітінділерінің түзілуіне соқтырады,
ал оларды қабаттан шығару өте қиын. Бұдан басқа құбырлар мен жабдықтар
коррозиясымен күрес ауырлайды.
HCl концентрациясы 15-25 %-н жоғары қышқыл тек әктас пен доломитті
ғана емес, сондай-ақ гипсті де жақсы ерітеді. Ол тұнбаға жеңіл түседі және
қабат-қабат кеуектерін тығындайды. Қышқыл концентрациясы жоғары болғанда
қабат қуыстарында реакция үрдісінде қалыптасатын хлорлы кальций айдалған
сұйықпен толық ерімейді және оның қалдығы тұнбаға түседі де, өңдеудің
тиімділігін төмендетеді.
Зерттеулер көрсеткендей, тұз қышөылмен өңдеуде түп маңы аймағын қызуы
төмен агенттермен (мысалы, сұйық азот) салқындатуымен бір уақытта қышқыл
концентрациясын көтеруге болады. Салқын қышқылдың әрекеттік қабілеті жылы
қышқылға қарағанда төмен, сондықтан оны қабатта үлкен қашықтыққа айдауға
болады.
Әрбір ұңғыны қышқылмен өңдеу технологиясын, қабат жағдайларын, ескере
отырып таңдау керек. Еруі қиын жыныстарда реакция жылдамдығын арттыру керек
(мысалы, қышқылды қыздыру жолымен), ал жақсы еритін карбонатты жыныстарда
қабат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай кен орнын игеру
Мұнай газ өңдеу кәсіпорнында өндірісті жоспарлау міндеттері мен әдістер
Мұнай кен орындарын игеру режимдері
Алдын ала қыздырылған мұнай және мұнай өнімдерін айдау
Өзен кен орнында мұнай бергіштікті арттыру
Ұңғыны пайдалану
МҰНАЙ –ГАЗ ІСІ НЕГІЗДЕРІ
Мұнай және газ кен орындарын игеру технологиясы және игеру кезеңдері
ШТСҚ жабдықталған ұңғылардың тиімді технологиялық жұмыс режимін орнату және негізгі көрсеткіштерін анықтау
Кең орнына ұңғымаларды орналастыру
Пәндер