СНПС-Ақтөбемұнайгаз -Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың айқын мысалы


СНПС-Ақтөбемұнайгаз»-Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың айқын мысалы
3. 1 Кәсіпорынның жалпы сипаты
Қазақстан-Қытай “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” ААҚ кәсіпорны Қазақстанның 7 ірі мұнай өндіруші компанияларға кіреді. 2001 жылдың нәтижелері бойынша компания үлесіне қазақстандық мұнай өндірудің 8, 2% келеді. Компания өз тарихын 1981 жылы «Актюбинскнефтьң бірлестігінен бастайды. 1997 жылы Қазақстан мен Қытай 9, 5 млрд. доллар сомасына мұнай келісімдеріне қол қойды.
Ақтөбе қаласы Қазақстан мен Ресей шекарасынан жақын жерде, шамамен Орынбордан оңтүстік-батысына 250 шақырымда орналасқан. Ақтөбе облысы Арал теңізінен Ресей шекарасына дейінгі және батысында Күлсарыдан шығы-сындағы Нұрыға дейінгі кеңстікте орын алады.
«Ақтөбемұнайгазң ААҚ-ның офисі орналасқан Ақтобе қаласы Батыс Қа-зақстанның ірі өнеркәсіптік, экономикалық және мәдени орталығы болып та-былады. Ақтөбе облысында қазба байлықтардың үлкен табиғи қорлары-мұнай, руда, табиғи газ, тұз, алтын бар.
Мұнай мен газға барлау-зерттеу жұмыстары 80 жыл бұрын басталды. «Ақ-төбемұнайгазң игеріп жатқан кен орындары Жаңажол және Кеңкияқ болып та-былады. Олардың геологиялық қорлары бірге санағанда 450 млн. т құрайды. Ал-ғашқы мұнай кен орындары Шұбарқұдық пен Жақсымай 1926-1933 жылдары ашылған. Осыдан кейінгі дамуды 3 тарихи кезеңге бөліп қарастыруға болады:
Бірінші кезеңде, 1933-33 жылдары Жақсымай мен Шұбарқұдық кен орын-дарының өнеркәсіптік эксплуатациясы басталды.
Екінші кезеңде, 60-шы жылдары осы аймақты толық зерттей бастады. 1966 жылы жоғары мұнайдың кен орны-Кеңкияқ іске қосылды.
Ақтөбе мұнай өнеркәсібі дамуының үшінші кезеңі 1978 жылы ашылған ірі тұз асты мұнайгаз конденсаты бар Жаңажол кен орнының іске қосылуымен байланысты. /30/
«Октябрьмұнайң, «Кеңкияқмұнайң басқармалары мұнай-газ өндіруді жүзе-ге асырады. Жер қойнауынан алынатын мұнай мен ілеспе газ Жаңажол газ өң-деу зауытының айыру қондырғысынан кешенді тазартудан өткізіледі. Тазарту кезінде зауыт тауарлы күкірт алады. Көлік басқармасы өндірісті көлік-техноло-гиялық қамтамасыз етумен айналысып, Ақтөбе, Қандыағаш қалалары мен кен орындары арасында вахталық тасымалдау істерін атқарады. Құрылыс басқармасы өнеркәсіптік және әлеуметтік-тұрмыстық обьектілердің құрылысын жүргізеді. Бұдан басқа да құрылымдар мұнай-газ өндірудің қосалқы шаруаларын жүзеге асыруға ат салысады.
Қазір ақтөбелік және қытайлық мамандардың бірлескен жоспарларында кәсіпшілік құрал-жабдықтарды түбегейлі жаңарту, пайдалану және барлау бұр-ғылауларын арттыру, болашағы зор Кенңкияқ-тұз асты кен орнын кезең-кезең-мен игеру, мұнай және ілеспе газ өңдеудің қалдықсыз экологиялық қауіпсіз технологиясын енгізу, мұнай-газ өндіру көлемін едәуір арттыру қаралған. Бұл облыстың экономикалық қуатын арттыруға ықпал ететін болады. /31, 244 б/
1981 жылы КСРО мұнай өнеркәсібінің Министрлігінің құрамында «Актю-бинскнефтьң өндірістік бірлестігі құрылды. 1993 жылдың желтоқсанында ол «Ақтөбемұнайгазң АҚ ретінде қайта құрылды.
1997 жылдың маусым айында мұнайгаз кен орындарын барлау мен игеру Қытай Ұлттық компаниясы (ҚҰМГК-нің еншілес компаниясы) Қазақстан Рес-публикасы Қаржы Министрлігінің Жекешелендіру департаментімен «Ақтөбе-мұнайгазң АК-ның 60, 3 % пакет акциясын сатып алу туралы келісім-шартқа отырған. Қытай Ұлттық мұнайгаз Корпорациясының мұнай-газ өндірісі секто-рының барлық салаларында 50 жылдық тәжірибесі бар. ҚХР-ның вертикалды интеграцияланған компанияның елдің 100-ден аса кәсіпорындарының 100 про-цент немесе бақылау пакет акцияларын иеленеді. Оның елдің ішінде, сондай-ақ шет елдерде ірі жобалардың жүзеге асырылуында экономикалық қуаттылығы мен бай энергетикалық ресурстары бар. Компания мұнайгаз жобаларына инвес-тиция салу мен қаржыландыруды Канадада, Венесуэлада, Суданда т. б. елдерде жүзеге асырады. /32/ 2000 жылдың наурыз айында компанияның аталуы«СНПС-
Ақтөбемұнайгазң Ашық Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.
2001 жылдың наурыз айында мемлекеттік пакет акциялары (25, 12%) 5 жыл мерзімге американдық Аксесс Индастриз компаниясына сенімді басқаруға бе-рілді. Бұл келісімнің маңыздылығы американдық жағының Орск мұнай өңдеу зауытына ақтөбелік мұнайдың кедергісіз жіберілуін орындау міндеттемесінде (Аксесс Индастриз ресейлік Тюмен мұнай компаниясының акционері, ал Орск мұнай өңдеу зауыты өз кезегінде Тюмен мұнай компаниясының бақылауында ) . /33/
15 филиалы, 6927 адам қызметкерлері бар қоғам облыстағы ең ірі өндіріс орны болып табылады.
«Октябрьскнефтьң мұнайгаз өндіру басқармасы-Қандыағаш қаласы.
Кеңкияқтағы «Кеңкияқнефтьң мұнайгаз өндіру басқармасы.
Ақтөбе қ-ғы Жаңажол газ өндіру зауыты.
Мұнай мен мұнай өнімдерін өткізу басқармасы-Ақтөбе қ.
Технологиялық транспорт пен арнайы техниканың Октябрьск басқармасы-Қандыағаш.
Бұрғылау жұмыстарының басқармасы-Қандыағаш.
Кеңкияқ транспорттық басқармасы-Кеңкияқ.
Өндірістік-техникалық қызмет көрсету мен құрал-жабдықтарды құрастыру басқармасы-Ақтөбе қ.
Өндірістік қызмет көрсетудің Орталық базасы-Қандыағаш.
«Актюбэнергонефтьң басқармасы-Қандыағаш.
Ақтөбе мамандалған құрылыс-монтаж басқармасы-Ақтөбе қ.
Кеңкияқ құрылыс-монтаждық басқармасы-Кеңкияқ.
Транспортсервис басқармасы-Ақтөбе қ.
Қоғамдық ас беру мен сауда басқармасы-Ақтөбе қ.
Ғылыми-зерттеу институты-Ақтөбе қ.
Қоғам коммерциялық ұйым болғандықтан, өз қызметін өндірістік-шаруашылық дербестік негізінде жүргізеді.
Қоғам қызметінің пәніне төмендегілер жатады:
- көмірсутекті шикізатты өндіру мен өңдеу;
- эксплуатациялық, құрылымдық, барлау скважиналарын бұрғылау;
- мұнай мен газ кен орындарын зерттеу, барлау және іске қосу, мұнай мен газ-ды қайта өңдеу;
- мұнай мен газды, олардан шығатын өнімдерді тасымалдау, сату;
- электр және жылу энергиясын өндіру және сату;
- бұрғыланған минералды ресурстарын игеру, өндіру, сату;
- мұнай құбырларын салу;
Жарияланған жарғылық капитал 14835637500 теңге құрайды және номи-налды құна 1500 теңге болатын 9890425 акцияларға бөлінген. Оның ішінде атаулы жай акциялар саны 8946470, кұны 13419705 мың теңге, артықшылығы бар акциялар саны 943955, құны 1415932, 5 мың теңге.
Кесте №9
Компанияның ационерлер тізімі
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын қарастыратын болсақ, оның толық сипаттамасы қосымша бетте ( №3, 4) берілген. Қоғамның басқару орган-дары 3 органнан тұрады:
- Жоғары орган-акционерлердің жалпы жиналысы.
- Басқару органы-Директорлар кеңесі. Ол 3 жылдан аспайтын мерзімге акцио-нерлердің жалпы жиналысының көпшілік дауысымен сайланатын 9 мүшеден тұрады.
- Атқарушы орган-Бас директор.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ шаруашылық қызметті басқаруға маңызды көңіл бөледі. Халықаралық мұнай компанияларының комплексті жүйенің мо-дельдік басқару негізінде, компания жаңа әлемдік стандартқа сәйкес басқару-шылық деңгейге көшті. Өндірістік-шаруашылық қызмет түбегейлі өзгерді. Мұ-най мен газ өндірудің өз құндылығы жылдан жылға азайып келеді. Қытай Ұлттық мұнай компаниясы келгенге дейін кен орындағы мұнайдың өзіндік құны тонна үшін 80 доллар құрады. Ал 1999 жылы компания мұнайдың өзіндік құ-нын 50 долларға дейін төмендетті. /34/ Акционерлік қоғам шығынды мекеме-ден даму перспективасы бар, экономикасы тиімді компанияға айналды.
1999 жылы компанияның каржылық-экономикалық қызметінде өзгерістер болды. 2000 жылы өндірістік-шаруашылық қызметтің табысы 100 млн. доллар-ға жетті, 2001 жылы - 153 млн. долларға, 2002 жылы 220 млн. АҚШ долларын құрады.
1999 жылдан 2001 жылға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі 32, 5 млн. доллар көлемінде дивиденд алды. Бұл Қазақстандағы шетел инвесторлары жекешелендірген компаниялары ішінде алынған дивидендтер көлемі бойынша алдыңғы қатарларда. 2002 жыл үшін төленген дивидендтер көлемі бір акция үшін 4 АҚШ доллар құрады.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ-ның қаржылық саясатын зерттегенде, оң және теріс жақтар байқалды.
Оң жақтары. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акцияларын сатып-сатып алу келі-сімі бойынша қытайлық жақ 1998 жылдан бастап 4 млрд. доллар көлемінде ин-вестиция салуды міндеттенеді. Сонымен қатар капиталдық салымдар бойынша қажетті инвестиция салу қарастырылады. Яғни 1998 жылдан бастап 5 жыл ішінде осы мақсатқа 585 млн. доллар салу қажет. Қазірдің өзінде оның нәтижесін байқауға болады. Осы міндеттемені қытай жағы мерзімінен бұрын бітіріп, белгіленген инвестиция көлемі 600 млн. доллардан асып отыр.
Теріс жақтары. Мұнай өндірісіне қытайлық жақтың келуімен көптеген жұмысшы орындарының қысқартылуы болды. Қытай басшыларының айтуынша, «бір жұмысты екі адамға бөліп жасатудың қажеті жоқң. Сонымен қатар басқару аппаратында жоғары лауазымды көбінесе қытай өкілі алып отыр. Біздің байқауымызша, қаржы департаментінің әр бөлімінің басшысы қытай өкілі, ал оның орынбасары қазақстандық жақтың өкілі болып отыр.
Жолдар салуға қажетті түрде инвестиция бөлінбейді.
3. 2 «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ-ның өндірістік-шаруашылық қызметі
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ-ы үш кен орнында көмірсутек өндіруге ли-цензиясы бар: Жаңажол, Кеңкияқ-тұз үсті, Кеңкияқ-тұз асты. Барланған геоло-гиялық мұнай қоры 618 млн. т құраса, геологиялық газ телпектері қоры 100, 5 млрд. текше метрді құрайды. Одан бөлек, компания Каспий ойпатының Шығыс бөлігіндегі Орталық территориясында көмірсутек шикізатын барлау жұмыста-рымен айналысуға құқығы бар. Бұл шоғырдың ауданы 3262 шаршы км., мұнай-дың геологиялық қоры шамамен 130 млн. тонна.
10-шы сурет
11-ші сурет
Акционерлік қоғам мұнайгаз өндіру көлемін 2 млн. тоннадан 5 жыл ішінде 4 млн. тоннаға арттырды.
2001 жылы акционерлік қоғам 3 млн. 250 мың тонна көлемінде мұнай өн-дірді, 2000 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру көлемі 26 пайызға өсті. 2002 жылы компания 4 млн. 200 мың тонна, ал келесі жылы 5 млн. 200 мың тонна мұ-най өндіруді жоспарлап отыр. Компания жыл сайын мұнай өндіру көлемін 1 млн. тоннаға арттырып отыр. Бұл қарқын 2005 жылы өнім көлемін 7 млн. тон-наға жеткізеді. Ақтөбе облысының жаңа учаскелерін игеру қосымша 3 млн. тонна мұнай әкеледі және де әрі қарай өнім көлемін жалпы 10 млн. тоннаға жеткізеді, табиғи газ көлемі 5 млрд. текше м-ден кем болмайды деп жоспарла-нуда. /35/
Кесте №10
2001-2002 жылдар аралығындағы мұнай өндірісінің көрсеткіштері
Мұнай өткізудің жалпы көлемі 4322 мың тонна құрады, оны өткізуден та-быс 571610 мың АҚШ доллары. Осы көрсеткішті 2001 жылмен салыстырғанда (372555 мың доллар ) табыс 199060 мың АҚШ долларға өсті, өсім 53, 43 % құ-рады. Оның ішінде халықаралық нарыққа мұнай өткізу үлесі 2001 жылы 61, 4 %, тек 80% өсті. Ал бұл қоғам табысын 64 млн. АҚШ долларға өсірді. Газ өт-кізуден түскен пайданы есептесек, бұл көрсеткіш 4417600 АҚШ долларын құ-райды. /36/ 2002 жылы жергілікті атқарушы органдарға жылу мен электр энер-гиясы бойынша газ бағасын куб м үшін 2100 тг-ден 1200 тг дейін түсірілді.
«СНПС-Ақтөбемүнайгаз» ААҚ-ның негізгі тұтынушылары мен қамтамсыз етушілері туралы мәлімет төмендегі №11, 12 кестелерде берілген.
Кесте№11
Компанияны қамтамасыз етушілер
Кесте №12
Компанияның негізгі тұтынушылары
1999 жылы Қазақстан-қытайлық бұрғылау компаниясы «Ұлы қабырғаң ЖШС құрылды. Бұрғылау жұмыстары халықаралық дәрежелі 23 бұрғылау қон-дырғыларымен жасалады. Бір ұңғының құрылыстық циклі орташа 90 күн ( ұң-ғының тереңдігі 3850 ден 4000 метр), бұрғылау жылдамдығы 2 есе артты. Бұр-ғылаудың сапасы мен жылдамдығы туралы 2002 жылы акционерлік қоғам тари-хында жаңа парақ ашылды.
Мұнай мен газ өндіру көлемінің өсуіне байланысты ірі инвестициялар күр-делі құрылыс масштабтарын кеңейтуге бағытталып отыр. Қазіргі Жаңажол газ өңдеу зауытының қайта жаңартылуы өткізілді, осы профильді жаңа зауыттың құрылысы басталды.
Жаңа зауыттың қуаттылығы жылына 2 млн. тонна мұнай, 1, 4 млрд. текше м. газ дайындауға арналған. Жаңа зауыт құрылысының капиталдық салымы 170 млн. АҚШ долларын құрайды. Зауыттың бірінші кезегі Қазақстан Республика-сы тәуелсіздігінің 11 жылдығы қарсаңында іске қосылды.
Қазіргі зауыттың жаңартылуы, жаңа газ өңдеу зауыттың құрылысы табиғи ресурстардың тиімді пайдалануы мен шығарылатын өнімнің сапасын жоғарла-тып, тұрғындардың қажетті көлемде жергілікті арзан бағалы газбен қамтамасыз етеді. Жыл сайын компания капитал салымдарының көлемін ұлғайтуда. Оның сандық көрсеткішін 12-ші суреттен көруге болады.
Компанияның 1997-2002 жылдар аралығындағы капитал салымдары
12-ші сурет
Мұнай мен мұнай өнімдерін сату
Компания мұнай өнімдерін өткізу жолдарын дамытуда және мұнай өткізу-ден барынша көп табыс алуда белсенді жұмыс атқарады. Инфрақұрылымдарды модернизациялау мен қайта жаңартудың салдарынан акционерлік қоғам Ақтөбе мұнайының сапасын жоғарлатты, сол себептен оған сұраныс көбейді.
1997 жылдан бастап компания мұнай сату жөнінде сауданы диверсифика-циялаумен ұдайы айналысады. 2001 жылы жақын мен алыс шекаралас шетел-дерге мұнай жеткізу үшін темір жол, теңіз жолы және мұнай құбыры арқылы тасымалдаудың жаңа аралас маршруты ашылды. Ақтөбе мұнайының бір бөлігі Қазақстанның ішкі нарығына жеткізіледі.
2002 жылы Қытай Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясы «ҚазМұнайГазң ком-паниясымен біріге отырып, қашықтығы 450 км «Кеңкияқ- Атырауң мұнай құ-бырын сала бастады. Ол Каспий мұнай құбырынан кейінгі екінші ауқымды, ең жоғары қуаты шамамен жылына 12 млн. тонна мұнайды құрайды.
Мұнайды сатумен компанияның мұнайды жеткізу мен сату бөлімшесі ай-налысады. Бөлімше жұмыскерлері жаңа тұтынушыларды іздеп, олармен мұнай-ды жеткізілуіне келісім-шарттар жасасады. Келісім-шарттарда жеткізу мерзімі, тауар сапасы, бағасы, жақтардың міндеттемелері т. б шарттар қарастырылады. Сатылатын мұнайдың сапасы жоғары, ал техникалық шарттары ТУ 39-1623-93 әлемдік стандартқа сәйкес келеді. Мұнайдың көбісі Ресей мен Қытайға жібері-леді. Мұнайдың жіберілуі келесі схема бойынша жүзеге асырылады. Ай сайын Жаңажол және Кеңкияқ мұнайгаз өндіру басқармаларынан 150-180 мың тонна мұнай Орск қаласындағы «Орскнефтеоргсинтезң ЖШС-нің мұнай өңдеу зауы-тына жіберіледі. Мұнайдың бір бөлігі сонда өңделуге қалады, ал екінші бөлігі соңында орын басу үшін «АНАКО» ААҚ арқылы ресейлік тұтынушыларға «Кротовкаң мұнай өңдеу станциясына жіберіледі. «Кротовка» орын басу стан-циясына дейінгі тасымалдауды «СНПС-Ақтөбемұнйгазң «ҚазТрансОйлң арқы-лы жүзеге асырады, тасымалдау шығындары тонна мұнай үшін 3, 6 доллар құ-райды. Өндірілген мұнайдың 20 пайызы Қытай Ұлттық мұнай корпорациясы-мен келісімі бойынша Қытайға тасымалданады ( ай сайын 30-50 мың тонна ) . /37/
Мұнай құбыры арқылы мұнай Бестамақ станциясына дейін, одан Ала-шанькоу станциясына дейін тасымалданады. Бестамақ станциясына дейінгі та-сымалдау шығындары үшін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ-ы жауап береді жә-не де бұндағы шығыстар тонна мұнай үшін 2, 88 доллар құрайды. Мұнайды та-сымалдау үшін ұзындығы 416 км Жаңажол-Кеңкияқ-Орск мұнай тасымалдау құбыры тартылды. Бұған қосымша тартылған Ақтөбе облысы бойынша 379 км және Ресейге қарай 37 км мұнай тасымалдау құбыры қосылады.
Пайдалануға берілген диаметрі 1020 мм қос желілі магистральды газ құбы-рының ұзындығы 1175, 2 км, жобалық мұнай газ тасымалдау мүмкіндігі 600 млн. текше м құрады. 1998 жылы ұзындығы 232 км Жаңажол-Ақтөбе газ құбы-ры пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде облыс тұрғындары газбен қамта-масыз етілді. /31, 114 б/
Мұнайды ең тиімді Қытайға тасымалдау болып отыр. 1 тонна мұнайға ке-летін табыс 3148, 54 тенге құрайды. Ал Ресейге жіберген кезде табыстың сома-сы 2738, 9 теңге болады. Өңделген мұнайдан түсетін табыс 3555, 71 теңге құрай-ды.
Кәсіпорында мұнайдың сандық есебі жүргізіліп отырады және кезең со-ңында өзіндік құн анықталады.
Орск қаласына жіберілген мұнайдың бір бөлігі зауытта өңделіп, қайтадан қаладағы Авто құйма станциялары арқылы тікелей тұтынушыларға жеткізіледі.
1999 жыл ішінде Орск мұнай өңдеу зауытында 52378 тонна мұнай өңделді. Төмендегі кестеде (№13) мұнайдан шығатын мұнай өнімдері келтірілген.
Кесте №13
Мұнай өнімдері темір жол арқылы цистернамен тасымалданады. Қазіргі кездегі проблема Орск мұнай өңдеу зауытының «СНПС-Ақтөбемұнайгазң ААҚ-н қажетті көлемде мұнай өнімдерімен қамтамасыз ете алмауы болып отыр. Осы мәселені шешу үшін мұнай өңдеу зауытын салу керек, оның құры-лысы облыста басталуда.
Газды әлемдік нарыққа шығару міндеті қойылған. Ол үшін біріншіден, газ сапасы әлемдік стандартқа сай келу үшін газ өңдейтін құрылғыларды салу. Екіншіден, Жаңажолды Орал-Бұхара газ құбырымен байланыстыратын 160 км магистаралды насосты қосушы жол салу. Үшіншіден, ұзындығы 72 км Жаңа-жол-Эмба темір жол құрылысын және жобалау жұмыстарын бітіру қажет. Төр-тіншіден, газ қуаттылығы 6000-7000 млн. куб. м жету үшін үшінші газ өңдеу зауытын салу керек.
Импорттың орнын басу
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ-ы импорттың орнын басу бағдарламасын жасап, сол бойынша қызметтер атқаруда. 5 жылда бұл шараларға 140 млн. АҚШ доллары жұмсалды.
Жаңажол кен орнындағы ілеспе газды толық пайдаға асыру және оны им-портқа шығаруды көбейту мақсатында 1998 жылы «Жаңажол-Ақтөбе» магис-тралдық газқұбыр салынды.
Еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін құру туралы Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың саясатын қолдай келе, компания Жаңажол кен орнында қуаттылығы 24 Мвт электрстанциясын салды, алдағы уақытта қуаттылығы 40, 5 Мвт жаңа электрстанциясын салу көзделіп отыр.
Тұрғындарды көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін 2001 жылы жылы-на 90 тонна өнім шығаратын жылыжай салынды.
3. 3 «СНПС-Ақтөбемұнагаз» ААҚ-ғы қаржылық есеп
1. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп халықаралық стандартқа сай келетін Қазақстан Республикасының стандарты бойынша жүзеге асырылады. «СНПС-Ақтөбемұнайгаздың» бухгалтерік құрамы 150-ден аса қызметкерлерінен тұра-ды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz