ҚАЗТРАНСОЙЛ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1ҚАЗТРАНСОЙЛ Құрылымы және Басқару 6
1.1 Негізгі қызмет 6
1.2 Қызмет аясы 9
2 ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ 13
2.1 Табиғат қорғау іс-шаралары 14
3 КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 17
3.1 Ағымдағы экономикалық жағдай 19
3.2 Компанияның жүзеге асыратын жобалары 20
3.3 ИСО стандарттарын енгізу 21
қОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 24

КІРІСПЕ

“ҚазТрансОйл”, – мұнай-газ тасымалы жөнiндегi ұлттық компания.
“Оңтүстiкмұнайқұбыры” өндiрiстiк бiрлестiгi және “Қазақстан мен Орта
Азияның мұнай құбырлары” негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
қаулысымен 1997 жылы құрылды. ұйымдық түрi – жабық типтегi акционерлiк
қоғам, меншiк түрi – мемлекеттiк, 100% мемлекетке тиесiлi. Компания мұнай
мен газ және мұнай өнiмдерiн тасымалдау, сыртқа шығару (экспорт) мен
сырттан әкелу (импорт) мәселелерiнде Республиканың мүддесiн қорғау, мұнай
құбыры тасымалының кәсiпорындарын басқару, мұнай құбырлары жүйесiнiң барлық
пайдаланушыларына бiрыңғай тарифтiк саясат жүргiзу үшiн құрылған. Компания
барлық пайдаланушылар үшiн мұнай құбырлары жүйесiне шетқақпайсыз тең
дәрежедегi рұхсат принципiнiң сақталуын қамтамасыз етедi. “ҚазТрансОйл”
компаниясы барлық құбыр желiлерiнiң, оның iшiнде халықаралық желiлердiң
жобаларында да Қазақстан Республикасының мүддесiн көздеуге өкiлдiк алған.
Компанияның негiзгi қызметi: мұнай мен оның өнiмдерiн Қазақстан жерiнде
тасымалдануын, сыртқа шығару мен сырттан әкелудi үйлестiру және басқару;
Атырау және Маңғыстау облыстарының технологиялық, өндiрiстiк және
шаруашылық қажеттiлiктерiне су жеткiзу; үкiметаралық келiсiмдерге сәйкес
көмiрсүтек тасымалының мәселелерi жөнiнде өзге мемлекеттердiң мұнай құбыры
компанияларымен өзара iскерлiк қатынас қалыптастыру; мұнай құбырлары торын
жан-жақты дамыту. Компания 41 сораптау-қотару (айдау) станциясын
пайдаланады. Мұнай сақтайтын қорқоймалары паркiнiң жалпы көлемi 1243 мың
м3. Негiзгi нысандар қатарына Атыраудағы, Мақат темiр жол станциясындағы
мұнай құйятын темiр жол эстакадалары да кiредi. Мұнай құйу мен оны темiр
жол арқылы тасымалдаудың жалпы қуаты жылына 10 млн. т-дан асады.
Сутартқыштар жүйесi бойынша Атырау және Маңғыстау облыстарының мұнай
өндiрушi кәсiпорындары мен елдi мекендерi тәулiгiне 380 мың м3-ге дейiн су
алады. Ақтау қаласындағы теңiз портын қайта жарақтандырғаннан кейiн теңiз
тасымалы арқылы сыртқа мұнай шығарудың жылына 4-5 млн. т-ға дейiн өсуi
күтiлуде. Компания ұзындығы 6300 км мұнай құбырларын, 1100 км-лiк мұнай
өнiмдерi құбырын, 3400 км сутартқыштарды пайдаланып отыр. Компанияның
стратегиялық мақсаттары: жұмыс iстеп тұрған мұнай құбырлары жүйесiнiң
сенiмдiлiгi мен тиiмдiлiгiн жоғарылату мақсатында оларды қайта жарақтандыру
және кеңейту, жаңа экспорттық мұнай құбырлары құрылысының экологиялық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету. Компанияның инвестициялық саясаты: мұнай
құбырларының қазiргi жүйесiн пайдалануды жүзеге асыра отырып, оны жаңарту
мақсатында халықаралық финанс нарқының қорларын тарту үшiн қолайлы қаржылық
құрылым жасау, тариф есебiнiң адекваттық әдiснамасын енгiзу есебiнен
Қазақстан Республикасының мұнай құбыры жүйесiнiң қазiргi нысандарын
жарақтандыру бағдарламасына капиталдың iшкi қорлары мүмкiндiктерiн
пайдалану. Компанияның Батыс және Шығыс бөлiмшелерi бар. Батыс бөлiмше Өзен
– Атырау – Самара, Қаламқас – Қаржанбас – Ақтау, Ақтау – Жетiбай–Өзен,
Мартыши – Атырау – Доссор мұнай құбырларын, Атырау облысының тұтынушыларына
Жайық өзенiнен су беретiн т.б. сутартқыштарды пайдаланады. Ақтөбе бөлiмшесi
Жаңажол – Кенқияқ – Орск арналы мұнай құбырына қызмет көрсетедi. Шығыс
бөлiмше Омбы – Павлодар – Шымкент – Чарджоу мұнай құбырларының және Құмкөл
– Қарақойын мұнай құбырының 2 тарамы аумағында жұмыс iстейдi.
Өткен жыл республикада мұнай өндірудің және тасымалдаудың елеулі
өсуімен ерекшеленеді. Қазақстан жерінің жер қойнауынан 59,22 млн. тоннадан
артық қара алтын өндірілді.
ҚазТрансОйл АҚ жүйесімен мұнай тасымалдау көлемі де елеулі артты.
2003 жылмен салыстырғанда жеткізілген мөлшері 12,3%-ға артты әрі 38,4
млн. тонна болды. Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына 8,8 млн. тонна
жеткізілді.
Экспортқа мұнай жеткізу де артты. Мысалы, өткен жылы ҚазТрансОйл АҚ-
тың ең ірі Атырау - Самара мұнай құбырымен көмірсутек шикізатының рекордты
көлемі - 15 млн. тонна тасымалданды, ал Ақтау кемежайы арқылы
танкерлермен 7,2 млн. тонна жөнелтілді. Атасу, Шағыр, Мақат, Атырау темір
жол мұнай құю эстакадаларында мұнайды ауыстырып құю артты. Өткен жылы
темір жол шандарына құю 3,4млн. тоннаға жуық болды.
Компания мұнай транзиті, мұнай сапасын сақтау және экспорттың жаңа
бағыттарын дамыту саласында көрші мемлекеттер кәсіпорындарымен
ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты. Осы орайда Атасу - Алашанькоу мұнай
құбыры құрылысының басталуы 2004 жылғы ең маңызды оқиғалардың бірі болып
табылады, сарапшылардың пікірінше үш елдің - Қазақстан, Ресей және Қытайдың
өзара тиімді серіктестігіне қосымша серпін береді.
Өндірістік қуаттарды құрумен қатар компанияның ойдағыдай дамуы үшін
қазіргі бар инфрақұрылымды ұстап тұруының маңызы орасан. Өткен жылы 120
километр құбыр, 82 километр электр беру желісі, 35 километр оқшаулау
жабыны, 73 электр химиялық қорғаныш объектілері, 8 мұнай қыздыру пештері
және 13 сұйық - қойма күрделі жөндеуден өтті.
2004 жылы ҚазТрансОйл АҚ өзінің жоғары сапалы қызмет көрсетуге
мүдделі екендігін кезекті рет қуаттады. Компанияда ІSО 9001:2000 және ІSО
14001:1996 халықаралық стандарттарына сәйкес сапа және қоршаған орта
менеджментінің ықпалдастырылған жүйесі ойдағыдай енгізілді.
Жүргізіліп отырған жұмыстардың кәсіпорынның халықаралық беделін
нығайтуда да алатын маңызы елеулі. Дүниежүзілік жетекші агенттіктердің
рейтингі осыны көрсетеді. 2004 жылы Moody’s Investor Services
агенттігінің рейтинги Ва 1, тұрақты болжамнан тәуелсіз Ваа3, оң болжам
деңгейіне дейін және Fitch Ratings ВВ, оң болжамнан тұрақты болжаммен
ВВ+ке дейін көтеруі компанияның өндірістік-қаржылық қызметінің
тиімділігін қуаттайды.
Компанияға берілген жоғары баға ҚазТрансОйл АҚ ұжымын жаңа кәсіби
биіктікке қол жеткізуге жетелейді. ҚазТрансОйл АҚ алдында Каспий теңізі,
Қашаған кеніші қорларын игеруге кең көкжиек ашады.
Бүгін Қазақстанның ең ірі құбыр компаниясы ҚазТрансОйл АҚ
көмірсутегін тасымалдаудың баламалы бағыттарын іздестіру, қазіргі бар мұнай
тасымалдау жүйелерін дамыту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде.
Өткен жолымыз бізге болашаққа сенімді және үмітпен қарауға мүмкіндік
береді.

1 ҚАЗТРАНСОЙЛ Құрылымы және Басқару

Магистральды мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау мәселелерінде
Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау мақсатында жарғылық капиталына
мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен ҚазТрансОйл ұлттық мұнай тасымалдау
компаниясы жабық акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі № 461 қаулысы қабылданды.
2001 жылы ҚазТрансОйл ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы ЖАҚ (2001
жылы ҚазТрансОйл ЖАҚ болып қайта аталды) акцияларының мемлекеттік пакеті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы № 591 қаулысымен
құрылған Мұнай және Газ көлігі ұлттық компаниясы ЖАҚ-қа берілді.
Мұнай-газ саласының қарқынды дамуы ел экономикасының осы секторында
Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау қажеттілігіне байланысты
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы №811
Жарлығымен ҚазақОйл ұлттық мұнай-газ компаниясы және Мұнай және Газ
көлігі ұлттың компаниясы жабық акционерлік қоғамдары негізінде
ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамы құрылды.
2004 жылғы 31 мамырдан бастап ҚазТрансОйл ЖАҚ ҚазТрансОйл АҚ болып
қайта аталды, оның бірден-бір акционері ҚазМұнайГаз ҰК АҚ болып
табылады.

1.1 Негізгі қызмет

2004 жылы компанияның негізгі қызметі болып табылатын мұнай тасымалдау
жөніндегі қызметтердің көлемі 38 390 мың тонна болды. Жоспар 107%
орындалды.
Есепті кезеңде Қазақстан аумағында мұнай өндіру көлемі 59,22 млн.
тоннаға жеткеніне орай ҚазТрансОйл АҚ жүйесімен Қазақстан мұнайын
тасымалдау 2003 жылмен салыстырғанда 12,3%-ға артты.
Мұнай өндірудің өсуіне байланысты ТМД елдері аумағымен одан әрі
транзит үшін Самара ҚТП-да мұнай қабылдау көлемін арттыру туралы АҚ
Транснефть ААҚ-пен уағдаластыққа қол жеткізілді. Атырау - Самара мұнай
құбырымен экспорттау көлемі 15 млн. тоннадан артық болды (2003 жылмен
салыстырғанда өсім 6%).
2004 жылы Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарына 8,8 млн. тонна мұнай
жеткізілді. Ақтау кемежайы арқылы танкерлерге 7,2 млн. тонна жөнелтілді
(2003 жылға қарағанда 20% артық).
Қытай бағыты бойынша Құмкөл мұнайын жөнелтудің артуына және Прииртышск
- Атасу бағыты бойынша Ресей мұнайы транзитінің басталуына байланысты Атасу
МҚӘ-дан (1,352 млн. тонна жөнелтілді, бұл 2003 жылдың көрсеткіштерінен 58%
артық) темір жол арқылы жөнелту артты. Сондай-ақ Шағыр (1,505 млн тонна
өсім 31%) темір жол мұнай құю эстакадаларында мұнай жөнелту көлемі артты.
Мұнай тасымалдау көлемі 2003 жылмен салыстырғанда Батыс филиалда 4
601 мың тоннаға артқаны және Шығыс филиалда 2003 жылы Құмкөл - Жосалы мұнай
құбыры пайдалануға енгізілуіне байланысты төмендегені байқалады.
Жалпы ақпарат
ҚазТрансОйл АҚ құрамына төрт филиал кіреді:
• Батыс
• Шығыс
• Ұжымдық пайдалану есептеу орталығы
• Ғылыми-техникалық орталық
ҚазТрансОйл АҚ мына компаниялардың акционері қатысушысы болып
табылады:
• МұнайТас СБКҚ ЖАҚ
• Қазақстан - Қытай құбыры ЖШС
• ҚазТрансОйл-Сервис АҚ
• Қазақстан Халық банкі жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ
• Комакинвест ЖАҚ
Компанияның ТМД-ның мына қалаларында өкілдіктері бар:
• Мәскеу
• Ор
• Киев
• Самара
2004 жылы ҚазТрансОйл АҚ қызметінің басты бағыттары мыналар
болды:
• магистральды мұнай құбырларымен республиканың мұнай өңдеу
кәсіпорындарына экспортқа, импортқа және ҚР аумағы арқылы
транзит;
• магистральды мұнай құбырларымен су жеткізу;
• Атырау - Самара және Махачкала -Тихорецк - Новоросийск құбырымен
экспортқа жеткізілетін қазақстан мұнайының ТМД елдері аумағы
арқылы транзитін ресімдеу;
• Сырт ұйымдардың мұнай құбырларын пайдалану және оған техникалық
қызмет көрсету жөнінде қызметтер көрсету;
• қазіргі бар мұнай құбырларын және мұнай құбыры көлігі
объектілерін қайта құру, ізерлеу және күрделі жөндеу
жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
• қазіргі бар мұнай құбырларының өткізу қабілетін кеңейту және
тасымалдаудың жаңа бағыттарын ұйымдастыру;
• компания қызметінің барлық тұтынушысы үшін бірыңғай тариф саясатын
жүргізу;
• магистральды мұнай құбыры жүйесін халықаралық стандарттар
деңгейінде пайдалану кезінде еңбек қорғау, өндірістік және
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды
ұйымдастыру;
• кадрларды мақсатты даярлау және қайта даярлау жөніндегі
жұмыстарды ұйымдастыру.

Қомпанияның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана
қ., Қабанбай батыр даңғылы, 20
Жылдар бойынша мұнай тасымалдау көлемінің өсуі, мың тонна

2003 жылмен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 4 198 мың тоннаға
артты. Мұнай тасымалдау көлемінің артуы мұнай өндіруші компаниялардың мұнай
өндіру көлемінің артуына және ҚТО-ның ММ жүйесіне мұнай тапсырудың артуына
байланысты.

Компанияның активтері

Магистральды мұнай құбырларының ұзындығы - 6291,6 км
Суағызғылар жүйесінің ұзындығы - 2145,2 км
Сорап-айдау стансалары - 40 кешен
Сұйыққойма паркінің жалпы көлемі - 1 306,4 текше метр
Оның ішінде:
Мұнай үшін - 1154 мың текше метр
Су үшін - 152,4 мың текше метр
ҚазТрансОйл АҚ-тың пайдалануында:

негізгі магистральды мұнай кұбырлары
• Өзен - Атырау - Самара
• Қаламқас - Қаражанбас - Ақтау
• Өзен - Жетібай - Ақтау
• Ақтау - Жетібай - Өзен
• 677 км - АМӨЗ
• Прорва - Құлсары
• 3 МАС - Қосшағыл
• Мартыши - Атырау
• Жаңажол - Кеңқияқ - Ор
• Әлібекмола - Кеңқияқ
• Омбы - Павлодар
• Павлодар - Шымкент
• Құмкөл - Қарақойын мұнай құбырының екі тармағы

Суағызғылар:
• Астрахань - Маңғыстау
• Сайөтес - Бозащы
• 112 км - Өмірзақ
• Бозащы - Ақшымырау
• Құлсары - Прорва
• Өзен - Кендірлі

темір жол аспалы мұнай құярлықтары
• Мақат Атырау облысы
• Атырау Атырау облысы
• Атасу Қарағанды облысы
• Шағыр Оңтүстік Қазақстан облысы

темір жол аспалы қотарғылары
• Ақтау БМАС Маңғыстау облысы
• Атырау МАС Атырау облысы

теңіз мұнай құю арналары
• Ақтау кемежайы
• Манғыстау облысы

1.2 Қызмет аясы

Негізгі техникалық экономикалық көрсеткіштер

Атауы өлш. бір. Факт. 2003ж.Факт. 2004ж.
1. Мұнай тасымалдау көлемі мың тонна 34,192 38,390
2. Мұнайдың жүк айналымы млн.тн.км. 24,604 25,135
3. Еділ суын жеткізу мың т.м. 14,839 18,004
4. Түсім млн.тг. 58,423 60,413
5. Өзіндік құны млн.тг. 33,327 35,122
6. Жалпы кіріс млн.тг. 25,096 25,291
7. Күрделі жөндеу млн.тг. 4,574 4,576
8. Күрделі қаржы салу млн.тг. 19,638 19,955

Жылдар бойынша жеткізу көлемінің өсуі, мың текшее м

Мұнай өндіруші компаниялардың су тұтынуының артуына байланысты
2003 жылмен салыстырғанда су жеткізу көлемі 21 %-ға артты.

Күрделі қаржы салымы көлемінің өсуі, млн.теңге

жылдан жылға күрделі қаржы салымы көлемінің өсу қарқынын атап
көрсетуге болады.

Жылдар бойынша өзіндік құнның өсуі, млн. теңге

Көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 2004 жылы 35 122 млн.
теңге болды, бұл өткен кезеңнен 5 %-ға артық және сол кездегі
инфляциялық дәліздің болжамды шегінде болды (6,3%).

Жылдар бойынша мұнайдың жүк айналымы көлемінің өсуі, млн.
тонна км

Жүк айналымы 2003 жылмен салыстырғанда 2 %-ға артты.
Қайта құру, ізерлеу және күрделі жөндеу

ҚазТрансОйл АҚ-ның негізгі қызметі магистральды мұнай құбырларын
пайдалану кезіндегі сенімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Осы саладағы неғұрлым өнімді жұмыс үшін ҚазТрансОйл АҚ ISO 9001
стандартының талаптарына сәйкес жұмыс істейтін РРSА ізерлеу компаниялары
халықаралық қауымдастығының мүшелері болып табылатын дүние жүзіне белгілі
ағылшын, неміс, ресей фирмаларын ынтымақтастыққа шақырады.
Магистральды мұнай құбырларын ізерлеу құбырдың ішкі және сыртқы
бетінің, дәнекерлеу жіктерінің ақауларын, сондай-ақ құбырдың бүкіл өн
бойына оның қабырғаларының технологиялық (металлургиялық) ақауларын
анықтауға мүмкіндік беретін ультрадыбысты және магнитті тексеру снарядтарын
құбыр ішімен өткізу жолымен жүргізіледі.
Өткен жылы мына мұнай құбырлары бойынша ізерлеу жұмыстары жүргізілді:
Қаламқас - Қаражанбас - Ақтау құбырының ұзындығы 62 километр
Қаламқас - Қаржанбас учаскесі
Жетібай - Ақтау құбырының ұзындығы 49 км 112 км - Жетібай учаскесі
Өзен - Атырау - Самара құбырының ұзындығы 322 км Өзен - Бейнеу
учаскесі, ұзындығы 85 км Үлкен -Шаған - Шекара (1237 км) учаскесі,
ұзындығы 199 км Құмкөл - Қарақойын учаскесі
Павлодар БМАС-тан ПМХЗ-ра дейін ұзындығы 8 км етек.
Жалпы алғанда 120 км құбырда, 82 км электр беру желісіне, 35 км
оқшаулау жабынына, 73 әлектр химиялық қорғау объектілеріне, 8 мұнай қыздыру
пештеріне және 13 сұйық қоймаға күрделі жөндеу жүргізілді.
1998 жылдан бастап 2004 жылға дейінгі кезеңде 5202 км мұнай құбырына
құбырішілік ізерлеу жүргізілді. Оның ішінде:

Батыс филиал бойынша - 3888 км
Шығыс филиал бойынша - 1314 км

Мұнай құбырларына құбырішілік ізерлеу:
• ультрадыбыстық ақау анықтарышпен 869 км-ге
• магниттік ақау анықтарышпен 4333 км-ге жүргізілді

Негізгі құралдарды күрделі жөндеу, млн. теңге

2004 жылдың нәтижелері бойынша негізгі құралдарды күрделі жөндеу
жөніндегі жұмыстарды Қоғам 4 576 млн. теңге сомасына орындады, орындалу
өткен кезеңнің деңгейіне сәйкес.

2 ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ

Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы қағидаттар ҚазТрансОйл АҚ-
да еңбек қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың бірыңғай жүйесі туралы
ережеде көрсетілген. Олардың негізгілері мыналар:
• өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысы бойынша қызметкерлердің
өмірінің және денсаулығының басымдылығын тану және қамтамасыз ету;
• еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласында лауазымды адамдардың
қызметтік міндеттемелерін айқындау;
• өндірістік жабдықтардың және өндірістік үдерістердің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету;
• өндіріс және еңбек жағдайлары жай-күйін талдау және тиісті шешім
қабылдау
Қоғам қызметкерлері арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және басқа да
жеке қорғаныш құралдарымен толық көлемде қамтамасыз етілген. Компанияда
еңбек қауіпсіздігі жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылған.
2004 жылы 903 қызметкер, 266 басшы және маман өндірістік қауіпсіздік
және еңбек қорғау мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Объектілердің өртке қарсы қорғаныш сенімділігін арттыру үшін жыл сайын
ұйымдық және практикалық іс-шаралар кешені жүргізіледі. Осы мақсатта 2004
жылы 5013 адам өрт қауіпсіздігі мәселелерін зерделей отырып арнаулы
курстарда оқыды, 38 жаттығу және 1023 сабақ өткізілді.
Күрделілігі жоғары өрттерді сөндіру дағдыларын, әртүрлі қызметтер мен
бөлімшелердің өзара әрекеті үйлесуін жетілдіру мақсатында 2004 жылы 13
мамырда ҚазТрансОйл АҚ Шығыс филиалы Шымкент мұнай құбыры басқармасы
Шымкент мұнай айдау стансасының сұйыққойма паркінде жоспарлы кешенді өрт-
тактикалың жаттығуы өткізілді.
Ғимараттар мен құрылыстардың металл және ағаш конструкцияларын оттан
қорғау, көбік жасағыштарды, өрт сөндіргіштерді, ЕӨЖ мүшелері үшін
жауынгерлік киім, өрт қауіпсіздігі белгілерін, әртүрлі өрт-техникалық
жарақтар және мүкәммалдар сатып алу жөнінде үлкен көлемді жұмыстар
жүргізілді.
Мұнымен қатар 2004 жылы АҚШ мемлекеттік департаментінің бағдарламасы
бойынша Атырау бас мұнай айдау стансасында (Атырау қаласы) лаңкестікпен
күреске бағытталған лаңкестік әрекеттердің зардаптарын жою жөнінде штабтық
жаттығулар жүргізілді. Жаттығуға Төтенше жагдайлар жөніндегі агенттіктің,
Энергетика ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚазТрансОйл АҚ тарифтік, әлеуметтік саясаты мен даму стратегиясын талдау
Қаржылық менеджмент туралы ақпарат
ҚазТрансОйл АҚ-ның өндірістік-шаруашылық қызметі
Жеке қаржылық операция тәуекелі
Компанияның инвестициялық портфелін ұйымдастыру
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Кәсіпорынның басқару ісінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Қазақстан Республикасында ұлттық компаниялардың дамуын басқару
Кәсіпорында еңбекақы төлеудің ұйымдастырудың жіктемесі
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау және соны тиімді басқаруды, оның өзіндік құнын төмендету жолдарын теориялық жағынан қарастыру және оны талдау
Пәндер