Бойжеткендерге арналған сәндік костюмнің тігілу әдіс-тәсілдері


Мазмұны
Аннотация
Кіріспе
- Көшендік бөлімСәнге бағыттамаҮлгіні таңдауҮлгінің сыртқы көрінісіне сипаттамаСәнді киімде қолданылатын бисердің шығу тарихы және оның қолданылуы.
- Техникалық ұсыныстарМата таңдауКиімге қойылатын талаптар. Мата үлгілері (коллаж)
- Конструктивтік бөлімБұйымға берілген қосымшаларБұйым сызбасының есептеріҮлгінің ерекшелігі. Бұйым бөлшектерінің спецефикациясыТігіске берілген ен. Үлгіні мата бетіне орналастыру.
- Технологиялық бөлімТехнологиялық тізбектілікНегізгі түйіндердің өңделуіне технологиялық карта. Құрал-жабдықтарды таңдау және тиімді өңдеуді таңдау. Ылғалды-жылу өңдеуді таңдау.
- Экономикалық бөлімБұйымды бағалау
- Қауіпсіздік ережесі
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрілігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты
Экономика мәдениет және білімдегі сервис факультеті
Кітапханатану, библиография
және сервис кафедрасы
031340 - “Кәсіби еңбек”
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бойжеткендерге арналған сәндік костюмнің тігілу әдіс-тәсілдері
Студент: Амандосова Г. Т.
Ғылыми жетекшісі: Рахметова Н. Б.
Кеңесшісі:
Жұмыс қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі: п. ғ. к. Нұрахметова К. Ғ.
Орындалу мерзімі:
Қорғау мерзімі:
Қайтарылған мерзімі:
Бағасы:
Алматы - 2003ж.
Аннотация
Бұл жұмыс талабы негізгі бес бөлімнен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың мақсат, міндеттері қарастырылды.
Көшендік бөлімде үш үлгіден негізгі үлгіні аламыз, сәннің бағытында, сән әлемінің жаңалықтарын ескере отырып, үлгі таңдалды.
Техникалық ұсынысты: маата таңдалып, бұйым талаптары анықталды.
Конструктивтік бөлімде: таңдалған өлшемге байланысты, сызбаның есебі, қосымшасы, тігіс ені, бөлшек спецификациясына толық шолулар жасалып, көлемі 1:4 сызбасы, бөлшектері сызылды.
Технологиялық бөлімде: тігілу тізбектілігі, таңдалған құрал-жабдық, ы. ж. ө., технологиялық түйіннің өңделуі қарастырылды.
Экономикалық бөлімде: бұйымның өзіндік құны есептелінді.
Графикалық бөлімде бұйым үлгісінің алдыңғы және артқы көрінісінің түспен шешкендегі, суреті, конструктивтік бөлімге бұйымның алғашқы және үлгі ерекшелігінің сызбасы 1:2 көлемде берілді.
Сондай-ақ таңдалған матаға коллаж жасалды, төрт түйінің кесіндідегі өңделу берілді.
РЕЦЕНЗИЯ
Мамандығы
Дипломдық жұмыстың тақырыбы
Жұмыстың толық тақырыбының атауы
Бөлімдерде орындалған
а) графикалық бөлім
б) анықтама қағазы
Рецензия мазмұны
Рецензия қорытындысы және бағасы
Рецензент Дарменова Р. А.
қолы фамилия, аты-жөні
“ ”
П І К І Р
Диплом жұмысының жетекшісі
Студент
Курсы, мамандығы, тобы
Осы тақырыпты
Диплом қорғауға жіберілсін
Алматы қаласы “ ” 2003
Дипломдық жұмыс бөлімдерінің кеңесшілері
Көшендік бөлім Орымхан Ж.
Техникалық ұсыныстар Дарменова Р. А.
Конструктивтік бөлім Рахметова Н. Б.
Технологиялық бөлім Дарменова Р. А.
Тапсырма берілген мерзімі
Кафедра меңгерушісі Нұрахметова К. Ғ.
Дипломдық жұмыстың
ғылыми жетекшісі Рахметова Н. Б.
Орындаған студент Амандосова Г. Т.
Мерзімі 19. 06. 2003
Кіріспе
“Өнерлінің қолын ұста,
өнегелінің жолын ұста”
(Халық мақалы)
Қазақ халқы сонау замандарда өмір сүрген ата-бабаларымыздың өнерлернің қай түрін болсын қасиеттеп, қадірлеп, тіптен пір тұтып, көздің қарашығындай аялап сақтаған. Мектеп реформасында балалар мен жасөспірімдердің еңбек тәрбиесін күшейту тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі. Ендеше оқушыларды өнерімізге тәрбиелеу өз елін, жерін сүю, салт-дәстүрін бағалай білуге үйретеді.
Алғашында адамдар киімді өздері аулаған, кейіннен қолда өсіре бастаған аңдардың терілерінен, ағаштардың қабығы мен бұталарынан және басқа да табиғи материалдарын пайдаланған. Ал қазіргі кезде киім тігу, киім таңдауды біз сән өнері дейміз. Бірақ бұл өнердің құрамында өрнек, сурет, зергерлік, кесте тігу өнерлері қалыптасқан. Әр өнердің мақсаты: сұлулық заңынан дүниені түрлендіріп, адамның эстетикалық заңына емес, сұлулық заңына бағынады. Сондықтан да ата-бабаларымыздың көптеген өнер мұраларын тек алғашқы себеппен ғана емес, сұлулық заңдылығымен қарастырып отыру қажет.
Сұлулық заңдылығын адам қоғам заңындай толық ұғып түсіндіре алмайды, ол тек жан құштарлығымен жылжып түйсік арқылы сезіліп отырады. Ал киім сұлулығына қойылатын талаптар тарихпен жанасып, адам қолымен жасалған материалдық өнер арқылы эстетикалық ләззат сезімін оятады. Киім тігу барысында адамның алуан түрлі ой-қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талаптылығы, ұқыптылығы, бақылағыштығы іске асып отырады. [1; 70-71] .
Заман талабына сай жастарды киім тігуге, модельдеуге, киімді пішуге үйретіп, кәсіби білім деңгейін көтеруді қажет етіп отыр.
Бүгінгі таңда халықтың өмірге деген ықыласы анағұрлым жоғарылады. Себебі қоғамның даму барысында мәдени экономикалық, саяси жағдайлардың бәрі адамның сана сезімімен, талғамының дамуына әсер етеді. Сондықтан да оқушылардың білімін жан-жақты жетілдіріп, олардың мамандық таңдауына дұрыс бағдар беріп, дұрыс жол көрсету қазіргі заманғы мектеп мұғалімдерінің негізгі міндеті болып табылады.
Сондықтан, мектеп бағдарламасына енгізілген “Ата - мұра, ата - кәсіп” оқушылардың ұлттық өнерімізге тәрбиелеуге, өз елін, жерін сүю, салт-дәстүрін бағалай білуге үйретеді.
Еңбек сабағы жоғары сынып оқушыларына оқытудың әдістерін дипломдық жұмысқа арқау ете отырып, жазылған диплом жұмысының көкейкестілігі - жаңа үлгідегі күрделі конструкциялы әсем безендірілген сәнді костюм.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - ебек сабағында жоғары сынып оқушыларын сәнді киім тігіп, безендіріп әшекейлеу арқылы әсемдікке, шеберлікке тәрбиелеу, эстетикалық талғамын және қызығушылығын арттыру.
Сәнді киім тігу әдіс-тәсілдерінде келесі міндеттер қарастырылды:
- Жаңа жобада киімнің нобайын, матасын таңдау;
Теориялық мағлұмат беруге байланысты:
- Киімге қажетті өлшемін, қосымшасы, есебін, сызбасын анықтау;
- Киімнің тігілу әдіс-тәсілдерін, құрал-жабдықтарын таңдау.
- Киімнің безендірілуіне байланысты бисермен әсемдеу жолдарын және тарихын анықтау.
Тәжірибелік мағлұматқа байланысты модельдеу ерекшеліктерін ескеру.
- Таңдалған костюм жаңа мата түрі қолданылды.
- Қазіргі заман талабына сай модельдеу ерекшелігі қарастырылды.
- Киімге бисермен безендіру жолдары қарастырылды.
- Көшендік бөлім.
Киім көшені жан-жақты ұғымды қамтиды. Костюмнің модасын жасап, оны жобалау көркем өнер шығармашылығына қатысты. Ал қайсы бір көркем өнерде ең маңыздысы көшендік шешімі. Көшен яғни “композиция” сөзі латынның “composіtіo” сөзінен шығып, құрастыру, біріктіру, байланыстыру деген мағына береді. Костюмнің көшендік бөлімі, костюмнің барлық элементтерін жинақтап, топтастыру деген мағананы білдіреді. [2, 44-45] .
Костюм туралы айтқанда адамкелбетінің киім бөліктерімен үйлесуін түсініуіміз керек. Бұл жағынан “костюм” - тарихи түсінік, өйткені белгілі тарихи уақытқа, белгілі дәуірдегі адамға қатысты қолданылады.
Бір уақыттарда костюм жеке бөлшектерді орнықты ұйымдастыруды меңгерді, яғни белгілі құрылымы мен пішіні, құрастыру сызықтарымен сипатталды.
Сұлба - костюм пішінінің ең маңызды сипаты болып есептелінеді. Сұлба жазықтықтағы пішіннің пропорциясы, кескіні, жобасы.
Қазіргі кездегі костюм көшені ою көшенінің дәлелденген және дұрыс шешімін дұрыс айқындайтын негізі болып табылады.
Өз бетінше бұйым, сонымен бірге костюм да барынша құнсыз, ол адамның қатысымен ғана костюмнің көркем бейнесі туындайды.
Костюм және оған қатысты матадағы орнамент, бірлескен, тұтастық, олар бір-біріне толықтырылып тұрады. Орнамент немесе матаға қандайда болмасын бір бұйымды өңдеу шығармашылық үрдісі костюм эскизін салу жұмысымен тығыз байланысты.
Түс - бұйымның қажетті сапаларының бірі. Табиғатта негізгі төрт түс бар: қызыл, жасыл, сары, көк.
Халқымыз түстердің өзін өнермен, тірлікпен астастырған. Кез-келген түсті бекер таңдамаған. Қай түсті, қандай жағдайда қолдануды ойластырған. Бояулардың қаншама түрін біле отырып, қазақ сол бойулардың әрқайсысының астарын ашқан, оған әлеуметтік мән берген.
Дипломдық жұмыстағы бұйымның түсі келесі салада көрсетілген. [3; 62-63] .
Костюм - бұл көлемді кеңістік пішіні, сондықтан костюм көлемі кеңістіктегі бөлшектердің құрылымы. Оның тәсілдері салмақ аудан, сызықтар және материал (түс, фактура) болып табылады.
Киімнің кеңістіктегі пішіні, өлшем сәйкестілігі, бөлшектердің сызықтың мінезінің (сұлба сызығына, рельеф тігісі) материал мен оның фактурасы, түсі және суреті мен үйлесімділік костюм құрылымын сипаттайды. Киім өлшемі кеңістікте бұйым макетімен және қағазда эскиздік жобамен шешіледі. Сондықтан да, ырғақты қозғалыс негізі ролді ойнайды.
Суретшінің мақсаты - өңдеген суреті әдемі және матада түпнұсқадағыдай жасау ғана емес, сонымен қатар адам тұлғасында көрінуі мен матаның мақсатқа сай қызметін ескеру. [2; 45-46] .
Киімді құрастырудағы модельерлерді қарастыратын болсақ ағылшын модельері Чарлз Фредерик Ворт алғаш рет өз туындыларын әсем де сәнді әйел көйлектерін, қуыршақтары емес, манекеншицаларға кигізіп, әр түрлі кештер ұйымдастырады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында әйелдер киімінің сән үлгісінің негізі қаланды.
Француздың модельер Поль-Пуаре болса ХХ ғасырдың басындағы сән үлгісінің негізін қалаушы Поль Пуаре алғашқылардың бірі болып сән үлгілерін маусым бойынша өзгертуді енгізді, оған дейін үлгілер жүйесіз бүкіл жылбойына шығарыла берген.
Ресей модельерлеріне келетін болсақ Вячеслав Зайцев, Валентин Юдашкинды айтуға болады.
Валентин Юдашкин “Haute couture” ассоциациясына мүше болды. Бұл Ресейдегі алғаш және әзірше жалғыз кутюре болып саналады.
Ал біздің Қазақстандық модельерлерге келетін болсақ Құралай Нұрқадилова, “Қыз Жібек” сән ательесінде, “Сымбат” ательесіндегі көптеген модельерлер әйел киімдерін жетілдіруде көптеген жұмыстар атқаруда. Әсіресе ұлттық нақыштағы бойжеткендер көйлектерін жетілдіруде.
- Сәнге бағыттама
Адам әрдайым қоғамда, ортада өмір сүреді, сондықтан да қоғамда болып жататын қозғалыстар жеке адамды айналып өтпейді. Моданы қоғамның күнделікті көріністерінің белгісінің бірі десек, одан қателеспейміз. Рас, әл-ахуалына, дәулетіне, біліміне, сәулетіне, ой-өрісіне, мәдениетіне, жұмыс істейтін жері мен мамандығына байланысты біреулер моданың тереңіне деңдейді, енді біреулер болса мода қуудың өз жағдайына сай келмесін көріп іштей тынады.
Жалпы сәнге бағыттамаға келетін болсақ сән, мода деген сөз біздің тілімізге шет тілінен енген термин сөз ретінде қабылданған. “Мода” сөзі француздың “mode” деген сөзінен алынған, ал бұл сөз латынның “modus” сөзінен бастау алған. [4; 6-7] .
Ол белгілі бір өлшем, тәртіптің немесе образ деген мағынаны білдіреді. Моданы өмірдің немесе мәдениеттің белгілі бір саласында белгілі бір мәнердің аз уақытқа дәуірлеп тұруы деп те аударуға болады. Талғам ұғымынан моданың айырмашылығы ол көркем туындыларға және күнделікті тұрмыста қолданылатын заттарымыздың сыртқы түрінің неғұрлым аз уақытта үстірт өзгеруін білдіреді.
Ал тар мағынада “Мода” дегеніміз салыстырмалы түрде аз ғана уақыттың аралығында киімнің сыртқы түрі мен үлгісінің өзгеріп отыруы.
Жалпы моданың екі бағытын айқындауға болады:
- Жеке адамдарға арналған, ерекше сәнді және салтанатты сән үлгілері;
- Жалпы халыққа арналған сән үлгілері.
Бұлардың біріншісі екіншісінен қымбатырақ болады. Бірақ сән үлгілерін жасаушылардың міндеті осы екі категорияға дабірдей. Аталарымыздың “Ағаш көркі - жапырақ, адамкөркі - шүберек” деген мақалының мағынасы тереңде. Оның философиялық мәні біздердің бүгінгі қызметімізді толық сипаттап береді.
Байқап отырсақ, мода барған сайын қоғам өмірінің барлық жақтарына - саясатқа, экономикаға, социологияға және басқаларына дендей еніп келеді. Сол себепті де қоғамдық өмірдің барлық жақсылықтары мен қарама-қайшылықтары сән үлгілерінен өзіндік көрінісітерін тауып отырады. [5; 20-22] .
Костюм тарихының адамзат қоғамындағы ең бір маңызды түсініктердің бірі “сарын”.
Сарын - суретшілердің, дизайнерлердің ойлауындағы ортақ категория, сарын - бұл тұрақты, мақсатты түрдегі жүйе. Бұл - сәулет өнерінде, суретте, қолданбалы-қолөнерде болмасын өзінің тұрақты ырғақты түрін сақтап қалады.
Сонымен қатар сарын дегеніміз - киімнің модельердің, дизайнерлердің шығарған бұйымдарында жалпы ортақ ерекшеліктерін сақтап тұру.
Романтикалық сарын - бұл сарындағы киімдерді танып білу өте қиын. Бұл сарынды кей кездері фантазиялық деп те атайды. Романтикалық сарын көбінесе тарихи костюмдерге келеді, яғни тарихикостюмдердің формасын, пішімін, әшекейлерін қолданады. Бұл сарындағы киімдер формасы жағынан әр түрлі болып келеді. Сонымен қатар осы киімдерді тігетін маталар да әртүрлі. Мысалы, табиғи жібек, вискоза, парча, капрон, синтетикалық маталар.
Романтикалық сарындағы киімдердің көптеген түрлерінің болғандығына қарамастан, оларды біріктіретін бастысы - бұл киімдердің нәзіктілігне, жұмсақтығына ерекше көңіл бөлінетіндігінде. [2; 50-60] .
Киім ассортименті - мұның өзі тұтынушылар сұранымын қанағаттандыру үшін өнеркәсіп шығаратын түр мен мақсаты алуан түрлі бұйымдардың жиынтығы.
Айқындалған белгілері бойынша барлық киімдер ассортименттік топтарға бөлінеді: киімнің мақсаты, материалдардың түрі мен киім өндірудің әдісі негізгі белгілері т. б. Әрбір ассортимент тобы типтік ұсыныстардың жиынтығы болады.
Типтік ұсыныс дегеніміз - аталмыш топ бұйымдарына тән сипаты бар негізгі конструкциялық-технологиялық белгілерді мейлінше мол қамтыған бұйым. [6; 9-10] .
Сұлба дегеніміз - француз сөзінен аударғанда заттың сыртқы бейнесі, көлеңкесі деген мағынаны білдіреді. Сұлба - костюм формасын анықтайтын белгілі бір түсінік, бұйымның сәнді тұлғасын анықтаудағы негізгі факторы болып саналады. Сонымен қатар сұлба - жарықтықтағы форманы қабылдау, бұйымның негізгі нұсқаларын, ұзындықтарын, енін, бел сызығының орнын т. б. белгілерін анықтайды.
Қынамалы сұлба - өте сымбатты тұлғалы адамдарға келеді, олардың фигураларын нақты көрсетіп тұрады.
Пропорция дегеніміз - киім пропорциясына жақын ара қатынас, ең әдемі жетілген дұрыс арақатынас, ең әдемі жетілген дұрыс арақатынас болып табылады.
Костюмде қалыпты пропорциялармен қатар әдемі өзгертілген пропорцияларды да қолдануға болады. Мәселен, бұл тігісін аздап көтері немесе төмен түсіру, иық кесіндісін кеңейтіп және тарылта түсі. [7; 60-61] .
- Үлгіні таңдау
- Үлгінің сыртқы көрінісне сипаттама
Дипломдық жұмыста таңдалынып алынған бұйым бір киер сәнді костюм және де сахна төріне де киюге болады. Қазіргі заман талабына сай 15-20 жас аралығындағы жасөспірімдер мен бойжеткендерге арналған көкірекше мен белдемше. Ашық қоңыр түсті стрейч-атлас және құбылмалы органза матасынан тігілген қынамалы силуэтті, жеңі қондырмалы. Бұйым көкірекшеден және белдемшеден тұрады. Көкірекшесі алдыңғы және артқы бөліктен тұрады.
Алдыңғы бөлігі қолтық ойындысынан рельеф тігісі түскен. Мойын ойындысы үш бұрыш фигура тәріздес ойылған. Көкірекшенің төменгі қиығы оңнан солға қарай көлбеу пішілген.
Артқы бөлігі қолтық ойығынан рельеф тігісі түскен, артқыбойдың ортаңғы бөлігінен сыдырма түскен, мойын ойындысы дөңгеленіп ойылған. Бұйымның төменгі бөлігі алдыңғы бойына сәйкес солдан оңға қарай көлбеу пішілген.
Белдемшесі толық күн тәріздес пішілген. Алдыңғы және артқы бөліктерден тұрады. Негізгі белдемшенің үстінен кигізілетін белдемше негізі белдемшеден 20 см қысқа етіп пішілген алдыңғы және артқы бөліктен тұрады.
Бұйымның көкірекшесінің алдыңғы бойында және жеңінде бисер, стеклярус және өсімдік тектес өрнекпен безендірілген.
Берілген өлшемі 170-88-92.
- Сәнді киімде қолданылатын бисердің шығу тарихы және оның қолданылуы.
Дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес тігілгелі отырған көйлек бисермен, яғни моншақтармен әшекейленетін болатындықтан бисер тарихына тоқталып өтсек.
Қазақ халқының қолданбалы өнері сонау ескі заман тарихымен біте қайнап келе жатқан өте бай мұра. Ұлылыығы мол, ұлағаты жетерлік қазақ халқының көзге көрікті, көңілге қонымды қолданбалы өнері - әшекейсіз емес.
Сол өнердің ең әдемі, сондай-ақ эстетикалық талғамды талап ететін киімді бисермен өңдемекшіміз, яғни тарихына тоқталамыз.
Бисер.
“Бисер” деген сөз арабтың “бусра” немесе, “бусер” деген сөзінен шыққан. Египеттен шығарылатын мөлдір емес әйнектен жасалған кішкентай моншақтарды атаған. Бисер, сөзінің тікелей аудармасы жасанды маржан (жемчук) . Бұлар әйнектің кристал формасындағы кішкентай моншақтар, бұларға егелу барысында домалақ немесе көп бұрышты формалар беріліп отырған.
Бисердің тарихи әйнектің шығу тарихымен тұспа-тұс Әйнек б. д. д. ІV - мыңжылдықта жасалған. Уақыт өте б. д. д. ІІІ мыңжылдықта мөлдір әйнек жасалса, ал б. д. д. І мыңжылдықта түрлі-түсті әйнектер шығарыла бастаған. [6; 3-5] .
Моншақ - мойынға тағылатын сәндік бұйым. Моншақ ұсақ, түрлі-түсті, формасы да әр түрлі (шар тәрізді, сопақша, қырлы) болады. Моншақ неолит дәуірінде тастан және сүйектен, қола дәуірінде металдан, Ежелгі Египетте шыныдан, орта ғасырларда Венецияда, Русьте, Орта Азияда т. б. жерлерде шыныдан жасалады.
ХІV ғасырларда Русьте моншақ тау хрусталі мен ақық тастардан даярланды. Ақық, меруерт, маржан, інжу моншақтар барлық халықтар оның ішінде қазақтар арасында қазірде кең тараған.
Көне заманнан бастап моншақ жасау қолға алынған, ең алғашында моншақтар ұзын болып құйылып, содан кейін қолмен қиылып егеленген.
Бисердің шыққан жері Венеция болып табылады. Бұл жерде Х-ХІІ ғ. ғ. бастап әр түрлі әшекейлер жасала бастаған.
Сонымен қатар бисердің шыққан жерін Египет деп те атауға болады. Египеттіктер бисерден моншақтар жасаған, көйлектерге әшекей ретінде тігілген. [8; 3-6] .
Киім-кешектерді бисермен өңдеу, маржанмен өңдеуден қатар жүрген, яғни әшекей бұйымдардың көбісі маржанмен өңделіп келген. Маржанды алқаларда, білезіктерде және киімдерді өңдеуге қолданған.
Тек ХVІІІ ғасырдан бастап бисерді қолдану кеңінен тарала бастады.
Ал ХІХ ғасырдан бастап Қазақстан жерінде бисерді қолдану кеңінен тарай бастады. Осы кездерде бисерден көбінесе әшекей кеңінен тарай бастады. Осы кездерде бисерден көбінесе әшекей бұйымдарды жасаған.
ХХ ғасырда бисерді көбінесе әйелдердің әшекей бұйымдарында қолданған.
Қазіргі кездерде бисерді киімдерде қолдану, сонымен қатар бисерден әр түрлі әшекей бұйымдар жасау мектептер қолға алынуда. Өйткені мектепте бисермен жұмыс жасау өте қызықты. Оқушылардың қызығушылығын, эстетикалық талғамын арттырады және байсалдылыққа үйретеді.
2. Техникалық ұсыныстар
Идеалды варианттарда киімді пайдалану уақыттары физикалық және моральдық жағынан сәйкес келуші ұмтылу керек.
Тігін өнімдері бұйымдардың ассортименті деп түрі мақсаттағы және алуан түрлі материалдардың жиынтығы түсініледі. Бұйымның әр түрлі артикуль деп аталатын шартты сандық белгілер бекітіледі. Тігін өндірісі бұйымдарының ассортименті өте кең. Оны меңгеру мен практикада қолданудың ыңғайлылығы үшін түрлі жүйелеу қолданылады.
Жалпы ассортимент дегенмізі - жиынтық, таңдап алу, яғни түрлі мақсаттағы және алуан түрлі материалдардың жиынтығы деп түсініледі.
Ал артикуль дегеніміз - техникалық жағдаймен: сәйкес жасалатын матаның дербес түрі. Артикульдің сандық белгісі бар, ол прейскуранты бойынша матаның шартты рет нөмірі.
Маталар негізінен: табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді
Маталарда қолданылатын айқаспалардың түрлері. Тоқыманың айқасу түрлері өте әр түрлі және олар матаның құрамы мен қасиетін анықтайды. Тоқыманың айқаспа түрлері матаның мықтылығына, созылғыштығына, қалыңдығына, т. б. қасиеттеріне әсер етеді.
Күрделілігіне қарай тоқыманың айқаспалары төрт класқа бөлінеді: жай, майда, өрнекті, күрделі және ірі өрнекті.
2. 1. Мата таңдау
Жоғарыда көрсетілген мата қасиеттері мен талаптарды ескере отырып, таңдалған үлгіге жібек, жасанды жібек маталарын қолдануға болады. Соның ішіндеәсіресе эстетикалық талапқа толық жауап беретін жасанды жіптер қосылған мата.
Жасанды жіптерден тоқылған маталар - жібек маталардың ең көп тобы: олар вискоза және ширатылған ацетат жіптерінен, әр құрамды креп және мооскреп жәптерінен әр түрлі қосылыстарының айқаспаларымен тоқылады.
Сонымен қатар басқа да талшықтары бар жібек жіптерден тоқылған маталарды алу үшін таза жібек жіптері мен таза жібектен иірілген жіптерге мақтадан иірілген жіптерді немесе жасанды құрама, не синтетикалық аумақты жіптерді қосып пайдаланамыз.
Маталар ассортиментінің басым бөлігі сырықтық тығыздығы 18-17 текс жіптерден, ең жұқа маталар 6-8, 5 жіптерден тоқылады. Маталардың 1м 2 массасы 80-200г.
Таза талшықтардан тоқылған маталармен салыстырғанда жасанды талшықтардан тоқылған маталар қалыңдау, қаттылау, ауырлау болып келеді.
Бұл маталарды тігу үшін №90-100 инелер мен №50-60 мақта тігін жібін пайдаланған жөн.
Жасанды жіптен тоқылған маталар крептік, сәтендік, атластық, стрейч-атластық болып бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz