Көктүрiктер мифологиясындағы космогониялық әлем



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Көктүрiктер мифологиясындағы космогониялық әлем.

Жоспары:

1 Кiрiспе бөлiм: Түркi мифологиясы және оның зерттелуi

2 Негiзгi бөлiм:

1 Мифологиялық уақыт пен кеңiстiк және
прототүрiктер мәдениетi

2 Дәстүрлi қазақ мәдениетiнiң табиғи ғарыштық негiздерi

3 Түркi мифологиясындағы космогониялық
әлем

4 Қазақ мифi және әлемдiк мифология

3 Қорытынды бөлiм

Көшпелi халықтар жыр-аңыздың екi жанрын–

батырлар жыры мен демонологияны жасаған, ал
мұның екеуi де әдебиеттен гөрi мифологияға жақ-
ын. Көшпелiлер ақиқат өмiрдi осындай жолмен
қабылдап, өздерiнiң дүниетанымын осылайша
көрсеткен.
Л.Гумилев.

Саған айтар бiр сыр бар, мылқау қара тастың да,
Өткен күннiң бiр белгiсi жатыр құмның астында.
Құм астынан ата-бабаң құлақ етiп қияқты,
Сенiң әрбiр қимылыңды тыңдап жатқан сияқты.
М.Шаханов.

Кiрiспе бөлiм: Түркi мифологиясы және оның зерттелуi

Түркi мифологиясы және оның зерттелуiне тоқталсақ. Жалпы түркi
мифологиясын зерттелмеген сала деп айтуға болмайды. Ал, ол зерттеулер бiздi
толық қанағаттандырмайды. Бiрақта, түркi мифологиясы ғалымдар назарынан тыс
қалмаған, бұл туралы зерттеулер И.Стеблин-Каменский, Л.Гумилев,
И.А.Кастаньен, Е.М.Мелетинский, И.Грабарь-Пассек, М.И.Шахнович, М.М.Бахтин,
А.Ф.Лосев, Ю.Лотман еңбектерiнен түркi мифологиясы жайлы я болмаса
мифология туралы айтқан құнды пiкiрлерiн бiз өз жұмысымызға арқау еттiк.
Ал, бұл жерде түркi мифологиясын тек шет ел ғалымдары ғана зерттеген екен
деген түсiнiк тумауы керек. Әрине, бұл жерде бiз өзiмiзден шыққан
зерттеушiлерiмiздi айта кетуiмiз жөн. Олар: С.Қасқабасов, С.Қондыбаев,
Ш.Ыбыраев, Н.Мыңжанұлы, Х.Әбiшев, Ө.Қ.Бекежан сияқты ғалымдарымыздың
еңбектерiне кеңiрек арқа сүйеймiз. Және де басқа да құнды дерек көздерiн
Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, Ә.Марғұлан еңбектерiнен алғанымызды айта кетуге
тура келедi. Ал, ендi осы жерде жалпы жұмысымызға сипаттама берiп өтсек.
Тақырыптың өзектiлiгi. Қоғамымыздағы соңғы жылдары орын алған
бетбұрыстар өткен тарихымызбен сан жылдар бойы сомдалған рухани
мұраларымызды өткенгi және бүгiнгi көзқарастар тұрғысынан зерделеп, ой
елегiнен өткiзу.
Бүгiнгi күнде фольклорымыздың iшiндегi көне жанр миф соның iшiндегi
көне түркi мифологиясы туралы тың деректердi жинақтап беру мәселесi.
Көктүрiктер мифологиясындағы космогониялық әлемiн барынша таныстырып
өту және де адамзат дүние танымының қалыптасу жолын кеңiнен таныстыру.
Жалпы жұмыста көктүрiктер мифологиясындағы космогониялық әлем туралы ой
бөлiсе келiп, оның ендiгi бет алысы жайында сөз ету және ғылыми тұрғыдан
дәйектi түрде саралау өзектi мәселелердiң бiрi.
Зерттеудiң мақсаты мен мiндетi. Көктүрiктер мифологиясындағы
космогониялық әлемiн жүйелi түрде бағамдау, мифтiң фольклордағы орнын
айқындай түсу, олардың жаңа мазмұндық қабаттарын барынша ашу, пiшiндiк
болмысын қарастыру және де көктүрiктер мифологиясын әлемдiк мифологиямен
типологиялық салыстыру негiзгi мақсатымыз. Көктүрiктер мифологиясына
қатысты деректер мен дәйектердi ғылыми айналымға кеңiнен енгiзу, маңызы мен
мәнiн айқындау.
Тақырыптың зерттелу деңгейi. Көктүрiктер мифологиясы оның әр түрi сала-
сала бойынша азды көптi зерттелген. Ал, шынтуайтына келгенде көктүрiктер
мифологиясы туралы зерттеулер теңiзге тамған тамшыдай ғана. Бiрақта, жалпы
көктүрiктер (қазақ) мифологиясы туралы С.Қасқабасов, С.Қондыбаев, Ш.Ыбраев,
Н.Мыңжанұлы еңбектерiнде бiршама деректер мен мағлұматтар бар. Аталмыш
басылымдарда көктүрiктер мифологиясы жөнiнде кейбiреулерi ғана аталған.
Тағы бiр топ зерттеулер Х.Әбiшевтiң еңбектерiнде талданып бағаланған. Және
бiр дерек көзi Әлем халықтарының мифi атты энциоклопедияда азда болса
бiраз деректер келтiрген. Ал, бұл атылмыш еңбектер мен толық қанды
қанағаттана аламыз деу жансақтық болады. Ол жерде жалпы көктүрiктер
мифологиясы туралы сөз болғанымен, космогониялық әлемi басқа да мифтiк
аңыздар туралы деректер көктүрiктер мифологиясына қатысты талдаулар жоқтың
қасы.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс негiзiнен кiрiспеден, 4
тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Жалпы мифтi бiз фольклор шеңберiнде қарастырып өтемiз. Ал осы жерде миф
және мифология туралы азғана анықтама бере кеткендi жөн көрдiк. Бұл жерде
миф және мифологияның не екенiн екеуiнiң ара жiгiн ажыратып алсақ.
Бұл туралы бiз жаңалық ашып жатудың керектiгi шамалы. Миф пен
Мифология атаулының анықтамасы кез келген арнайы тақырыптық сөздiктер мен
кiтаптардың кiрiспесiнде-ақ тәптiштелiп баяндалады. Бұл жерде бiз соларды
қысқаша жалпылама түрде қайталап шығамыз десекте болады.
Мiне, бiз өзiмiзге өзiмiздiң мифiмiздi қайта таныстырғы-мыз келедi.
Таныстыруды толықтай жүзеге асырмасақ та, азын-аулақ бет ашу жасауға
мүмкiндiгiмiз бар.
Миф – фольклордың ең көне жанры, тiптi, фольклордың төркiнi десе де
болады. Ол адамзаттың алғашқы қауым болып өмiр сүрген шағында пайда болған.
Онда сол кездегi адамның өзiн қоршаған табиғаттың, аспан мен жердiң,
әлемнiң қалай пайда болғаны әр түрлi құбылыстың дүниеге келуi, адамның
өмiрi, жаны, өлiмi т.б жаратылыстың түсiнiксiз жайттары туралы ойлар мен
түсiнiктерi көрiнiс тапқан. Мiне, мифтiң тарихилығы деген осы. Демек,
мифтiк сана мен ойлаудың өзi – тарихи заңды кезең. Ол барлық елдiң
тарихында болған жағдай. Олай болса мифтiк сана, мифтiк ойлау дегенiмiздiң
өзi – тарих, яғни фольклордың алғашқы дәуiрi. Мифтiк сананың өз даму
кезеңдерi бар. Бiрiншi кезеңде табиғат пен рухты, адам мен затты, өлi мен
тiрiнi бөлмейдi мұнда теңдiк заңы негiзге алынады. Екiншi кезеңде адам мен
табиғаттың теңдiк заңы бұзылып адам өзiн табиғаттан, маңайдағы әлемнен, жан-
жануардан бөлек сезiнген. Сөйтiп, осы айырмашылықтың сырын түсiнуге
тырысқан. Мифтiң ең көп туатын мезгiлi – мифтiк сананың осы екiншi кезеңi.
Миф – ата-бабаларымыздың ежелгi, бастапқы танымындағы ғалам, оның жеке
дүниелерi, сол ғаламның алғашқы пенделерiнiң өмiрi хақындағы түсiнiктерi.
Олардың қатарына аспан, жер, су дүниесiмен жер асты, осылардың тұрғындары,
яғни тәңiрлер мен тәңiриелер, құбыжықтар мен перiлер, дәулер, жасампаз
батырлар мен ел терушiлер, iлкi адамдар, ғажайып мақұлықтар мен заттар т.б
жатады. Мифология дегенiмiз солар туралы аңыз әңгiмелердiң жиынтығы және
ғалам жөнiндегi фантастикалық түсiнiктер жүйесi, ғалам картинасы. Ең
ақырғысы аталмыш аңыздарды олардың түпкi мотивтерi мен идеяларын зерттейтiн
саланы да мифология дейдi.
Қазақ елi көшпелi өркениеттiң бел баласы, қара шаңырағының иесi,
өшпелi ғаламның соңғы тұяғы.
Осы көшпелi тұрмыс-салтын тастағаны кеше ғана. Жиырмасыншы ғасырдың 20-
30 жылдарында ресей империясына бағынышты болған тұста отырықшыланды. Бұл
қазақ мәдениетiнiң негiзi-көшпелi мұра, салт, ғұрып, сенiм, рәсiм мен ауыз
әдебиетi сияқтылар кешенiнен тұрады деген сөз. Ал қазақ мәдениетi
дегенiмiздiң өзi осы көшпелi мәдениеттiң ғасырлық-территориялық соңғы
қорытындысы, қазақ үшiн бұлар экзотика бола алмайды, өйткенi ол - өмiр.
Көшпелiлердiң мифологиясына да көзқарасымыз осындай болғаны жөн.
Көктүрiкте мифология бар ма? деген сауалдың қойлыуы заңды. Қарапайым
оқырман ғана Ол не? деген сауал қояр, ал рухани мәселелердi зерттеушi
маман Көктүрiкте ертеде болған, бүгiн жоқ дер едi. Өйткенi көктүрiкте осы
салада осы тақырыпта әр түрлi газеттiк сипаттағы мақалалар болмаса арнайы
ғылыми зерттеу бағыты толық қанды қолға алынған жоқ. Мифология деген
сөздi естiгенде оқырман ең алдымен орыс мәдениетi арқылы бала кезден таныс
болған грек мифологиясын еске түсiредi, дәл солардiкiндегi көне мұра
көктүрiктерде сақталмағандықтан бiзде жоқ деп айтуы мүмкiн. Ал
шынтуайтында ол бiзде бар, тек бiздiң мифология дегенiмiзге басқаша
анықтама берiлуi мүмкiн.
Түркi мифологиясы – бүгiнгi түркi қауымын жасауға қатысқан бiрнеше мың
жылдық көшпелi ру тайпалардың орташа алынған өздерi, дүние-ғалам, өмiр
туралы түсiнiктерiнiң, ежелгi танымдарының бiрыңғай жүйесi.
Бұл жөнiнде С.Қоңдыбаев былай деп өз еңбегiнде бiр жүйеге келтiредi:
Қазақта айқын мөлдiр сипатты мифология жоқ. Ол ауыз әдебиетi мұраларының
жырлар мен дастандардың, әр түрлi шежiре аңыздардың, ертегiлердiң, жұмбақ
пен мақал-мәтелдердiң, фразеологизм мен дiни әпсаналардың астарында сондай-
ақ қазақ тiлiнiң сөздiк қорының қойнауында жасырынып жатыр. Сондықтан
қазақ мифологиялық зерттеу мектебiн қалыптастыру үшiн үш кезеңнен өтуге
тура келедi.
Бiрiншi кезең – ықтимал мифтiк сипаты бар сөздер мен ұғымдарды,
аңыздар мен басқа да фольклорлық материалдарды жинақтап, олардың негiзiнде
алғашқы мифологиялық түсiнiктердiң долбарлы бағыттарын, үлгiлерiн тұрақты
трафареттерiн анықтау. Оны географиялық рекогносцировка алдын-ала,
бажайлап-байыптау деуге болады.
Екiншi кезең – қазақ мифологиясының ғылыми пән ретiнде тарихи даму,
өзгеру, қалыптасу жолдарын, негiзгi зерттеу нысандарын, әдiстемелерiн
теориялық ережелерi мен жөн жосықтарын бiр арнаға түсiру.
Үшiншi кезең – бастапқы ғылыми мифология пәнiн рухани саланың
мамандарының көмегiмен дамыған мифологиялық зерттеу мектептерiне теңестiру.
Қазақ мифологиясын өнер мен мәдениетте кеңiнен пайдалану жолдарын iздеу –
дейдi ғалым.
Мiне, жалпы мифке осындай түсiнiктемелер ғылыми теориялық анықтамалар
берiлген. Бiз ендi осы шағын анықтамалардың шеңберiнде қалып қоймай әр
зерттеушi ғалымдардың мифке берген анықтамаларының басын қосып сараласақ
олардың әрбiреуiн ой елегiнен өткiзбекпiз қазақ мифологиясын тұрақты түрде
зерттеп жүрген ғалымдарымыздың бiрi С.Қасқабасовтың да еңбектерiне
тоқталғанды жөн көрдiк. Ғалым ол жерде мифтi халық прозасының ертегiден
басқа жанрларының қатарына, солардың басына қойған. Бұл жөнiнен бiз
ғалымның пiкiрiн толық қуаттаймыз. Ал ендi сол арқа сүйесек.
Халық прозасының ертегiге жатпайтын жанрлары (әсiресе жай әңгiме, хикая
және аңыз) өзiнiң табиғаты мен мүддесiне қарай баяндап отырған оқиғаларын
барынша шын етiп көрсетуге тырысады, әрбiр фактiнi өмiрде болған деп
хабарлайды.
Аңыздағы, әпсанадағы, мифтегi, хикая мен әңгiмедегi баяндалатын
оқиғалар айтушы мен тыңдаушыларға, жалпы көпшiлiкке шын болып көрiнуге тиiс
өйтпеген күнде ол шығармалардың ел үшiн құны болмайды. Бұл шығармаларда да
қиял белгiлi дәрежеде орын алады. Бiрақ мұндағы қиял мен ертегiдегi қиял
бiр емес. Ертегiде қиял болуға мiндеттi деп табылады және ол көркемдеу
құралы боп есептеледi. Ал, ертегiге жатпайтын прозалық жанрларда, яғни
аңыздың прозада, қиял саналы түрде пайдаланылмайды. Оның себебi – мұнда
қиял көркемдiк қызмет атқармайды, ол өмiрдiң түсiнiксiз бiр құбылысын
немесе фактiсiн түсiндiру мақсатынан пайда болады. Соның арқасында қиялдан
туған нәрсе рас болған деп қабылданады және шындықтың өзi деп қабылданады.
Миф тек алғашқы қауымның ғана жемiсi, ол кейiнгi замандарда
тумайды керiсiнше мифтiк қасиетiн жоғалтқан соң ертегiге айналып кетедi.
Мифтiң тағы бiр ерекшелiгi – өмiрдегi нақтылы бiр оқиғадан алшақтығы. Бұл
жағынан келгенде мифте бiршама абстрактiлiк бар деуге болады, бiрақ ол
абстрактiлiк алғашқы кезде қиял деп түсiнiлмеген.
Осы күнге дейiн бiз қазақ фольклорында миф жанры бар деп айтпаппыз.
Көбiне мифологиялық түсiнiктер, мотивтер кейiпкерлер бар деп жалпылама
түрде айтып сырғып өтедi екенбiз. Оның басты себебi, бiздiң ойымызша, миф
жанрын европалықтарша түсiнгендiктен. Әдетте миф десе ойымызға ежелгi
Греция мен Римнiң тамаша әңгiмелерi түседi. Мiне, сол өлшеммен келемiзде,
қазақ фольклорында миф жоқ деймiз, бар ма екен деп iздемеймiз.
Соңғы ширек ғасыр iшiнде әлем фольклортануында мифке деген көзқарас
ынта күрт өзгердi. Азия, Африка, Америка, Австралия елдерiнiң отаршылдықтан
құтылып, өз экономикасын, мәдениетiн, тарихын, әдебиетiн зерттеп дамытуы
арқасында мифке деген ықылас ерекше өстi. Осының нәтижесi ретiнде миф
жанрына арналған қомақты да мазмұнды зерттеулер әр тiлде жарық көрдi.
Ғылымда мифке берiлген анықтама өте көп. Анықтамалардың көпшiлiгi
антика дәуiрiндегi дамыған мифологияға арналған және мифтiң атқаратын
қызметiне оның дiнмен, өнермен, философиямен, әртүрлi ырымдармен, ертегiмен
және әпсана-хикаятпен арақатынасына байланысына негiзделген.
Егер барлық анықтаманы жинақтап айтсақ үлкен екi топқа бөлiнедi
бiрiншiсi – миф дегенiмiз дүние туралы фантастикалық түсiнiк әлемде билiк
жүргiзетiн құдайлар мен рухтардың ғажайып образдарының жүйесi, екiншiсi –
миф дегенiмiз құдайлар мен қаһармандар жайындағы ауызекi әңгiме.
Бiрақ Австралия, Океания, Африка, Чукотка елдерiнiң мифтерiн
зерттеушiлердiң айтуына қарағанда, миф тек қана таза әңгiме түрiнде кездесе
бермейдi. Демек, мифология дегенiмiз мифтiк әңгiмелердiң жиынтығы ғана
емес. Кейбiр мифологиялық түсiнiктер әңгiмеде емес, ырымда ғана бой
көрсетедi. Тiптi көп жерлерде миф пен басқа фольклорлық прозаны ашып
айырмайды, себебi миф тарихи негiзi бар аңыз, хикаят, тiптi ертегi
сипаттада баяндалады.
Мiне, осының бәрi миф жанрының фольклортануда әлi де айтарлықтай
зерттелмегенiн дәлелдесе керек.
Бiздiң қазақ фольклоры тұрғысынан қарағандағы миф деп отырғанымыз –
әлемдiк мифологияның ауқымынан шықпайтын, тiптi типологиялық сипатымен оған
сәйкес келетiн дүниенiң, жаратылыстың әр түрлi құбылыстарымен
обьектiлерiнiң пайда болуын, аспан мен жердiң жаратылуын, адамзаттың
алғашқы қалай пайда болғанын және аңдар мен құстардың шығу тегi мен мiнез
құлқын, ерекшелiктерiн түсiндiрiп баяндайтын прозалық шығармалар.
Типологиялық сипатына орай түркi мифi ежелгi классикалық мифтер түрiне
жақын. Мифтiң поэтикасын зерттеген ғалым Е.Е.Мелитинский ежелгi классикалық
мифтердiң мынадай белгiлерiн көрсетедi: қандайда болмасын заттың мәнiн
оның пайда болуымен байланыстыру; яғни заттың жаратылысын түсiндiру деген
сөз – оның қалай пайда болғанын әңгiмелеу; айналаны қоршаған дүниенi
сипаттау деген сөз – сол дүниенiң пайда болу тарихын баяндау.
Ежелгi классикалық мифтiң белгiлерi мұнымен шектелмейдi. Архаикалық
мифтi сипаттайтын тағы да бiраз нәрселер бар. Олар мыналар: мифтiк уақыт
пен мифтiк сана; мифтiк ұғым мен мифологиялық ойлау; осылардан барып мифтiк
дәуiрде аспан мен жер бiр, адам мен табиғат – бiр деп түсiну. Сол себептi
ежелгi классикалық мифтiң мазмұны – әлемнiң жаратылуы, алғашқы адамның
дүниеге келуi мен оның жасампаздығы болып келедi.
Архаикалық мифтiң кейiнгi, адамзат қоғамы мен санасының iлгерiлеген
кезiндегi мазмұны адамды қоршаған дүниенi пайда болуы мен ерекшелiгiн,
аңдар мен жануарлардың мiнез құлқын түсiндiру болып келедi. Бұл мифтiк
сананың кейiнгi, дамыған сатысы. Мұнда алғашқы қауым адамы өзiн табиғаттан
бөлiп алып, оған қарсы қоя бастайды. Табиғаттан маңайды қоршаған дүниеден,
аңнан, құстан өзiнiң ерекше екенiн түсiнген адам ендi соның себебiн
iздеген. Сөйтiп, ол өзi туралы, аңдар мен құстар туралы миф туғызған. Бұл
кездегi миф бұрынғы iзбен, яғни ескi наным түсiнiктi пайдалана жасаған.
Бiрақ бұл уақыттағы миф түсiндiрмелi сипатта болған.
Архаикалық мифтiң жанр ретiндегi тағы бiр сипаты – атқаратын қызметiнiң
танымдық және көркемдiгi мен қиялының қарапайым болуы. Ежелгi көне мифтi
алғашқы қауым адамы қиял деп есептемеген, оған оның оқиғасы мазмұнына
кәмiл сенген. Мифте қиял бар деген түсiнiк бiздерде ғана, ал мифтiк
дәуiрдегi мифтiк санадағы адам оны таза шындық деп қабылдаған. Мифтiң бұл
қасиетi туралы М.И.Стеблен-Каменский былай деп жазады: миф дегенiмiз –
өзiнiң пайда болып, өмiр сүрген ортасында, қаншалықты шындыққа ұқсамаса да,
ақиқат деп қолданған әңгiме...
Бiрақта мифтi зерттейтiн адам, әрине оған сенбейдi. Сол себептi ол
мифтi қиял емес деп айта алмайды. Алайда, мұнысымен ол миф мазмұнын шындық
деп қабылдайтын сананың орнына өз санасын, яғни мифтi тек қиял деп
түсiнетiн сананы қойып отыр.
Расында да, қазiргi зерттеушi – бiздiң түсiнiгiмiзде миф – қиялдан
туған әңгiме. Ал, бiздiң бұрынғы бабаларымыз, тiптi революцияға дейiнгi, ол
аз болса одан бертiнгi кезде өмiр сүрген қариялар қазақ арасында айтылған
аңыздар мен мифтерге иланған, ондағы оқиғаларды баяғыда болған деп ойлаған.
С.Сейфуллиннiң айтуынша адам ол заманда түрлi хайуандар туралы,
жаратылыстың түрлi заттары құбылыстары туралы әңгiме қылғанда, өздерiнiң
түсiнулерiне шындап нанып әңгiме қылатын. Және оларды неше түрлi керемет
сиқыр iстеуге, неше түрлi құбылуға қолдарынан келедi деп те сенген.
Солардың бiрiн әңгiме қылған өзiнiң қиялын шын тәрiздi қылып айтатын.
Сонымен, бұрынғылар шын деген әңгiмелер соңғыларға ертек болып қала
берген.
Демек, бұрын қазақтар өздерi айтатын мифтер мен аңыздарға сенген.
Қазақтың мифтерi өзiнiң барлық компонентi жағынан жоғарыда белгiлерiн
сипаттаған көне классикалық мифпен жақын. Онда сол архаикалық таза күйiнде
болмаса да көне заманғы мифке тән мифтiк сана, уақыт, мифологиялық
ұғымдардың iздерi айқын көрiнедi. Қазақ мифiнен мифтiк сананың дамуындағы
екi сатыны да, адам мен табиғатты қарсы қоюдың да, аңмен құстардың мiнез
құлқын түсiндiрiп әңгiмелеудiң де көрiнiстерiн табуға болады. Ендi осы
ойымызды дәлелдесек.
Дүниенiң осы күнгi көрiнiсi – жер бетi, аспан шырақтары, аңдар мен
құстардың, өсiмдiктердiң түрлерi, адамдардың өмiр салты, әлеуметтiк топтар,
дiни қағидалар, яғни өмiрдегi барлық нәрсенiң қазiргi күй-жайы – миф
бойынша атам заманда болған оқиғалар мен тiршiлiк еткен мифтiк
адамдардың iс-әрекетiнiң нәтижесi.
Мифтегi оқиғалардың болатын шағы – мифтiк дәуiр. Ол қасиеттi уақыт деп
есептелген, себебi барлық заттың пайда болуы, осы күнгi түр-түсi,
ерекшелiгi сол заманда орныққан деп түсiнiлген. Мифтiк сана бойынша заттың
мәнiн ашу үшiн оның шығу тарихын бiлу керек, яғни заттың мәнi мен тегi
теңестiрiле байланыстырылған. Қай заттың болмасын шығу тегiн бiлмейiнше,
оны пайдалануға болмайды. Мiне, мифтiң көбiнесе этиологиялық болатыны
осыдан.
Алғашқы қауым адамының ойлау қабiлетi абстрактi түсiнiктердi
қабылдамаған, сол себептi ол дәуiрде субьектi мен обьектiнi, зат пен оның
атауын, көп пен азды, кеңiстiк пен уақытты дәл айыра алмаған. Соған
қарамастан алғашқы қауымдық логика айтарлықтай абстрактiлiкке бара алған,
әйтпесе мифологиялық түсiнiк пайда болмас едi. Таза–мифологиялық ойлау
дегенiмiздiң өзi – белгiлi бiр дәрежедегi абстракция, – деп жазады
Е.М.Мелетинский. Мұның таңдан-арлық ештеңесi жоқ. Себебi көне қоғамдардағы
өндiрiстiк практика мен техникалық тәжiрибеден туындайтын әртүрлi
импульстер болды. Сөйте тұра мифологиялық ойлаудың химиядағыдай таза
күйiнде анықталмайтындығының өзi оның адамзат мәдениетi тарихының, тiптi
сананың өзiнiң ең көне синкреттi фазасымен төркiндес екенiн көрсетедi.
Мифтiк санаға рух пен табиғаттың бiрлiгi тән. Осыдан барып оның негiзi
болып теңдiк заңы саналады. Өзiнiң даму жолында мифтiк сана екi түрлi
сатыдан өтедi деуге болады: Бiрiншi кезеңде рух пен табиғат толық тең, яғни
бiр болып көрiнедi. Екiншi кезеңде адамның табиғат қойнауынан алшақтауына
байланысты жаңағы айтқан теңдiк заңы бұзыла бастайды.
Табиғаттағы дүниенiң бәрi бiрдей деген алғашқы мифтiк сана әлемдегi
жанды және жансыз өлi мен тiрi нәрсенi анық жiктемеуден туған. Бұл түсiнiк
мифтiк санаға тән анимизмдi, яғни дүниедегi нәрсенiң бәрiнiң жаны бар деген
сенiмдi туғызған. Сол себептi революциядан бұрын қазақтар жаратылыстың
барлық түрлерiн, барлық хайуанаттардан адамша ақылды, адамша тiршiлiк
қылады деп бiлген.
Мифтiк сананың алғашқы кезеңiнде адам өзi мен жануардың арасына жiк
қоймаған. Сол себептi, мысалы, австралиялықтар мен океаниялықтардың көне
мифiнде адам мен жануар дараланбайды. Бұл оқиға аңдар адам кезiнде болған
едi – деп басталу ол мифтерде заңдылық.
Адам мен жануарды бөлмеу, адамды екi кейiпте болады деп түсiну ол
замандағы миф кейiпкерiн жартылай адам, жартылай жануар түрiнде бейнелейдi,
яғни зооантропоморфтық образ жасайды. Бұл, әсiресе, тотемдiк мифтерде кең
етек алған, ал кейiнгi дәуiрлерде мифтiң басқада түрлерiнде орын тепкен.
Әдетте көне тотемдiк мифтерде бiр рулы ел мен белгiлi бiр жануарлар тобының
тотемдiк атасы – бiр аң деп баяндалады. Бұл мифтегi кейiпкерлердiң өзгеруi
– әлi таза құбылу емес, бұл мақсатты құбылуға апаратын жол. Мақсатты құбылу
кейiн, мәселен, ертегi жанрының бiр белгiсiне айналады. Ал, тотемдiк
мифтегi қаһарман кейiпiне өзгеруi шын мәнiндегi құбылу деп саналмауы керек,
себебi мұнда сол кездегi сана бойынша қаһарман адам кейiпiнде де, жануар
түрiнде де көрiне бередi. Ойымызды нақтылай түсу үшiн бiр екi мысал
келтiрсек.
Қиыр солтүстiкте Қола түбегiнде тұратын лопар елiнiң мифтерi былай деп
баяндайды: Бiр Мяндаш-қыз деген әйел бұғы болыпты. Бiр күнi ол бұзау ұл
туыпты. Бiраз уақыт өткеннен кейiн бұзау ұл жап-жас бұғы Мяндаш жiгiтке
айналыпты. Әлгi бiр айналып едi кәдiмгi адам кейiпiне келдiң. Тағы бiр
мысал Өте ерте заманда бiр си-қыршы кемпiр болыпты. Ол адам түрiнде
жүруден әбден жалығыпты. Содан бiр күнi әлгi кемпiр жабайы ұрғашы бұғыға
айналып кетiптi. Тағы бұғылар мен қанша жүргеннiн кiм бiлсiн әйтеуiр жаңағы
ұрғашы бұғы буаз болып қалыпты. Туатын күнi жақындаған кезде мен қалай бұғы
туам деп қорқып, ол қайтадан әйел қалпына келiптi.
Келтiрген екi мифтеде адам мен жануарлардың арасында жiк жоқ. Мұндағы
кейiпкерлер бiресе адамға, бiресе аңға оп-оңай айналып кетедi. Бiрақ осы
айналуда өзгешелiк бар. Алғашқы мысалдағы бұғылардың адамға айналуы әлi
жете мақсатты емес.
Ал, екiншi мысалдағы құбылу басқаша сипатта: кәрi мыстан әйел еркiнен
ұрғашы бұғыға айналады кейiн қорыққаннан адам қалпына келедi.
Мифтiк дәуiрде адам өзiнiң әртүрлi жанды жансыз нәрсенiң кейiпiне
кiрiп өзгерiп кететiндiгiне кәмiл сенген. Бұл дәуiрде адам өзiн-өзi бiрде
аспандағы аққу кейiпiне, бiрде жортып жүрген жолбарыс кейiпiне ауыса алады
деп сенген.
Мифологиялық ойлаудың кейбiр ерекшелiктерi көне замандағы, жабайы
адамның өзiн-өзi маңайдағы табиғаттан, әлемнен бөлмеуiнiң салдарынан пайда
болған. Ол кездегi адам өз қасиетiн табиғатқа, оның белгiлi бiр құбылысы
мен обьектiсiне телiген, олар да адам сияқты өмiр сүредi деп ойлаған. Өзiн
қоршаған дүниенi адам қалпында қабылдамаса, алғашқы қауым адамдары мифтi
де, ондағы кейiпкерлердi де, анимизм, фетишизм, тотемизм сияқты дiни
нанымдарды да шығармаған болар едi.
Дүниедегi нәрсенiң бәрi бiрдей деген түсiнiк мифтiң негiзгi
функциясымен, яғни себептi түсiндiрмелiк (этиологиялық) қызметi мен тiкелей
байланысты. Соған қарамастан кейде мифтiң түсiндiрмелiк қасиетi болмауы да
мүмкiн. Мысалы қазақ ертегiлерiнде кездесетiн мифтерде өлi, тiрi деген
ұғымдар бөлектенбейдi. Мифтiк сананың алғашқы кезеңiне тән мұндай өлi мен
тiрiнiң бiрлiгi, толық теңдестiгi, дүние өмiр бақи болады деген түсiнiк
туғызған. Өлiм – алғашқы жағдайға қайтып келу. Қазақтың кiсi өлдi дегендi
қайтыс болды, қайтты деп айтуының түбiрiнде осы түсiнiк жатыр. Ажал –
ол да өмiр, бiрақ басқаша өмiр. Өлген адам жоғалды деп саналмай, ол басқа
өмiрге көштi, алғашқы өзiнiң түрiне қайтып келдi деп түсiнген.
Ешқандай мақсатсыз құбылушылық кездесетiн мифтер дүниедегi нәрсенiң
бәрi бiрдей деген түсiнiкке негiзделген. Көптеген аспан және тотемдiк
мифтерде тiрiнiң өлiге айналуының басты себебi қатты шаршағандық болып
келедi. Мұндай құбылуды алғашқы жағдайға қайта оралу деп айтуға болмайды.
Қатты шаршаған мифологиялық кейiпкер қозғалуға шамасы келмегендiктен тасқа
айналып, тыныш табады. Мысалы, шаршап жатып, ұйықтап кеткен батыр жайындағы
қазақ мифiн алайық... Атақты ақынымыз С.Сейфуллин бұл мифтi былайша
баяндайды.
Болыпта баяғыда Жеке батыр
Тау бағып жатады екен тiгiп шатыр
Бiр күнi қарауылда қалғып кетiп
Сол батыр бүгiнгiше ұйықтап жатыр
Сол батыр осы күнгi бiр үлкен тау
Көз жұмған көкке қарап сары үлкен тау
ңұйықтаған батырңдейдi таудың атын
Адамша көлбеп жатқан қыры үлкен тау.
Батырдың қырыққа таяу келген жасы
Денесi биiк жота, келген басы

Сақалы төсiн жапқан, қыр мұрынды

Киюлi баста жатыр дулығасы
Осы типтес миф көптеген көне заман салтын сақтаған елдерде де
кездеседi. Мәселен австралиялықтардың осындай мифтерiн зерттеген
Е.М.Мелетинский былай деп жазады:
Аранда мен лоритья тайпаларының тотемдiк мифтерi көбiне схемаға
құрылады: тотемдiк бабалар жекелеп, кейде топталып өздерiнiң ата мекенiне
қайтады – солтүстiкке. Жол бойы өткен жерлерi, iшкен тамақтары, шошала
тiгуi, елмен кездесуi – осының бәрi түгел тiзбектелiп шығады. Ата мекенiне
жақын жерде, көбiнесе солтүстiкте, жолаушылар өз тотемiнiң жергiлiктi
мәңгiлiк адамдарымен жолығады. Мақсатына жеткен соң, жолаушылар шыңға,
ағашқа, чурингiлерге айналып, iнге, үңгiрге, суға жер астына кiрiп кетедi.
Олай болу себебi – адамдардың шаршағандығы деп түсiндiрiледi.
Үңгiрге жер астына кiрiп тас боп қатып қалған адам туралы миф қазақта
да кездеседi. Мысалы, Семей облысындағы Қоңыр әулие деген үңгiрде адам
кескiндес үлкен тасты қатып қалған қоңыр әулие деседi жұрт. Мұндай көне
мифтiң қалдығы Қазақстанның әр түкпiрiнен табылады.
Әрине, қазақ мифi австралиялықтардiкiндей өте көне емес және екеуi
бiрдей емес. Қазақ мифi халқымыздың қоғамдық дамуына сәйкес өзгерген,
бұрынғы түсiнiктерiн жаңартқан. Бiрақ түп негiзi сақталған. Ол – тiрiнiң
тасқа айналуы. Рас, бiздiң мифте Жеке батыр шаршап, ұйықтап жатқанда тасқа
айналып кеткен, өзiнiң қалауымен тасқа айналады, яғни мұндағы құбылушылық
белгiлi бiр мақсатпен iстеледi.
Жалпы мифтiң дамуында байқалатын заңдылықтың бiрi қазақ сияқты жоғары
дамыған елдiң мифтерiнде адамның затқа, хайуанға айналуы басқаша
түсiндiрiледi. Көбiнесе, мұндағы басты себеп–шаршап ұйықтап кету, немесе
қарғыстанып, жазалау, яки болмаса зор қауiптен қашу т.б
Ал, австралиялықтар сияқты елдердiң мифi – алғашқы қауымдық миф. Мұнда
тiрiнiң өлiге айналуы, адамның затқа, құсқа, аңға құбылуы мифтiк сана
аясында түсiндiр-iледi де, құбылушылық мақсат болады. Мысалы, Океания
жұртының Тагоронның теңiздi қалай жасағаны деген мифiнде көлдiң суын
тоқтату үшiн бiр әйел өзi тасқа айналады. Ал, қазақ мифiндегi құбылушылық
амалсыздықтан болған деп түсiндiрiледi. Жетi қарақшы, Жеке батыр, Қырық қыз
т.б жайындағы мифтерде кейiпкерлер амалсыздың күнiнен басқа кейiпке түседi.
Бiрақ мұндағы амалсыздық – зорлық деген мағынада емес. Кейiпкер өз еркiмен
өзiн өзi тасқа, не аңға айналдырмайды. Оны басқа субьект немесе басқа бiр
себеп құбылдырады. Бұл тұрғыдан келгенде, қазақ мифi жалпы архаикалық
мифтiң табиғатына қайшы келмейдi.
Миф мiндеттi түрде себеп-салдарлы болады. Қандай да болмасын
құбылушылықтың, яғни өзгерiстiң себебi бар. Мифтердегi құбылушылық үш түрлi
себепке байланысты болып келедi. Бiрi–адам өте шаршағандықтан ұйықтап
кетiп, сол бойда тасқа, я болмаса аңға, құсқа айналып кетедi. Мұндай мифтер
Африка мен Австралияның жергiлiктi тайпаларының фольклорында өте көп. Қазақ
арасында да мұндай мифтердi кездестiруге болады. Мысалы, жоғарыда
баяндалған ұйықтаған батыр деп аталатын тасқа байланысты миф.
Екiншi себеп – адамның кiнәлi болуы. Мұндағы құбылушылық жаза ретiнде
қабылданады. Мәселен, Сынтас, Келiншектау мифтерiнде әкесiнiң алдында
кiнәлi болғандықтан қыздар тасқа айналып қалады. Кейiнгi дәуiрлерде адамның
кiнәлiлығы (виновность) күнәлiлiк (грех) деген түсiнiкпен ауыстырылады.
Мысалы, суыр болып кеткен Қарынбай туралы мифте адам құдай алдында күнәлi
болғандықтан, аңға айнылдырылып жiберiлген деп баяндалады.
Құбылушылықтың үшiншi себебi – зор қауiптен құтылу жолы адамға ғаламат
қатер төнедi. Содан құтылу үшiн ол не тасқа не жұлдызға т.б нәрсеге айналып
кетедi. Қазақта сондай мифтiң бiрi Қазығұрт тауындағы Қырыққыз деп
аталатын тастарға байланысты айтылады.
Баяғыда бiр байдың қызының тойы болады. Той болып жатқанда қалыңдық
қырық қызымен, күйеу серiктерiмен серуендеп шығады. Жаугершiлiк заман екен
Жау келiп қалды – деген дауыс шығады. Сонда қыздар шулап: Е, құдай!
Бiздi жау әкеткенше тас қыла көр! – дейдi. Содан бәрi тасқа айналыпты.
Бұл мифтегi тағы бiр көңiл аударарлық нәрсе – адамның да тасқа айналуы
– құдайдың iсi болып көрiнуi. Бұл, сөз жоқ, кейiнгi бiр құдайлық ислам
дiнiнiң әсерi. Ежелгi мифтерде басына төнген қатерден құтылу үшiн адам өзi
тасқа, немесе аңға айналып кететiн. Мысалы, Милонезияда тұратын тайпалардың
Шолпан тұралы мифiнде Манди деген қыз құрбандыққа шалынатын өлiмнен қашып
жұлдызға айналып кетедi.
Осыған ұқсас миф қазақтарда да болған. Соның бiр вариантын Х.Әбiшев
Аспан сыры атты кiтабында былай баяндайды:
Үркер, негiзiнде, жетi жұлдыз екен, бұлардың жылтылдап көрiнiп
тұратыны алтау. Жетi қарақшы келiп шапқанда, бұлар үркiп, содан Үркер
атаныпты. Оның арасындағы бәрiнен жарығырағы қыз болған соң, Үркер қызын
қорғаймын деп, оны көрсетпей, бiр жерге жиналып топталып тұрады, әйтпесе
Жетi қарақшы ұрлап әкетедi.
Рас, мұнда адамның тiкелей өзi жұдызға айналуы жоқ, бiрақ миф мазмұнына
қарағанда Үркер мен Жетiқарақшы арасындағы қатынас қыз бен қуғыншыны еске
түсiредi. Әйтеуiр, Үркер туралы осы мифтiң көне екендiгiне күмән жоқ және
оның мифтiк сананың екiншi сатысына тән құбылушылық пен байланысты екенi
тағы даусыз. Бiрақ бұл жерде айта кететiн нәрсе: қазақ мифтерiнде адамның
өз еркiмен аңға, тасқа, құсқа айналуы өте сирек, тiптi жоқтың қасы. Ал, бұл
құбылушылықтың ең көне түрi.
Бұдан шығатын ой – жалпы алғашқы қауым мифiнде құбылушылық бiрнеше
түрде кездеседi де, бiрнеше себепке байланысты болады. Соның ең көнесi –
адам өз-өзiнен, өз еркiмен басқа кейiпке түсуi. Ол көбiне-көп не бiр
қатерден қашып, не қатты шаршап басқа кейiпке түседi. Құбылушылықтың бұл
түрi мифтiк сананың бастапқы кезiнде орын тепкен адам өзi мен табиғатты
бөлмей дараламай екеуi бiр дүние деген түсiнiкке негiзделген.
Ал, адамның аңға тасқа т.б затқа айналуы оның кiнәсы-на байланысты.
Мұнда адам өзi мен өлi табиғаттың арасында алшақтық бар екенiн сезiп, адам
мен жануарлар екi бөлек дүние екенiн бiлген. Сол себептi адамның аң
кейiпiне,тасқа айналуы – оның өзеркiнен тыс iстелетiн iс деп танылған. Ол
жаза немесе қарғыс, ал бертiнгi дәуiрлерде тәңiр, құдай алла iсi деп
есептелген. Бiрақ оның бәрi – алғашқы қауымдағы сөз құдiретiне сенушiлiктiң
(магия) iзi.
Бұл айтылғандардың бәрi алғашқы қауымдағы көне мифке тән. Көне мифтiң
функциясы – таза практикалық функция, жаратылысты танып бiлу. Алайда бұл
таным процесi мифтiк санаға негiзделген.
Мифтiк сананың дамуындағы екiншi кезең адам өзiн қоршаған ортадан бөлiп
алып, ерекшелендiре қарайтын сезiммен сипатталады. Сондықтан бұл шақтағы
мифтерде адамның жануарға айналуы мақсатты құбылу болып табылады. Мұнда
адамның жануарға айналуы мiндеттi түрде бiр себепке байланысты болады.
Табиғаттың бiр құбылысының пайда болуын түсiндiретiн немесе жер су, аң-
құстардың шығу тегiн, әйтпесе басқа бiр сырын ашатын мифтерде құбылушылық
өте зор роль атқарады. Өлi мен тiрi табиғаттың пайда болғанын түсiндiретiн
мұндай мифтер этиологиялық (себептiк) деп аталады және олар тек
мифологиялық түсiнiк шеңберiнде ғана сақталған, ертегiде, я болмаса көркем
фольклорда ондай құбылушылықтың себебi ешқашан түсiндiрiлмейдi. Ал,
этиологиялық мифте белгiлi бiр жануардың не себептi мұндай екенi, оның
қалайша жануар болғандығы баяндалады. Мұндай мифтерде толық құбылушылық
әңгiме болып отырған аң мен адам арасындағы кейбiр кездесетiн ұқсастықтарға
негiзделедi: сыртқы түр ұқсастығы, қимылдары, жүрiсi мiнез- құлқының
ұқсастығы т.б.
Бұл айтылғандарды ендi қарапайым түрде жеткiзсек адам алғаш жаралғанда
дүниенiң жұмбақ сырларын толық түсiнбегенде осындай қазiргi күнi бiз миф
деп жүргенiмiздi бiздiң бабаларамыз дүниенiң не бiр құпия сырларына
таңырқай қарап, бастарынан мифологиялық уақытты өткiзген. Ал, бiз ол
уақытты сол адамдардың түйсiгi мен байланыстырып мифологиялық сана деймiз.
Қазiргi күнгi аңыз қылып миф деп айтып жүрген таңғажайып әңгiмелерiмiздi
расында да олар, шындық өмiрде басынан кешуi ықтимал, ал, олай болмаған
күнде бiзге бүгiнгi күнгi таңғажайып (қияли) әңгiмелер мифтер, аңыздар
жетпеген болар едi. Ал осы айтқандарымызды ғалымдар жоғарыда баяндалғандай
бiрнеше жүйеге келтiрiп, оларды тiптi кезең-кезеңге бөледi. Яғни адамзаттың
алғашқы дүниеге деген көзқарасы, оны түсiнуi солай болуы хақ.
Бiз жоғарыда жалпы көктүрiктер мифологиясының зерт-телуi, өзiмiз айтып
жүрген миф пен мифологияға қысқаша анықтамалар берiп өттiк және де бiз осы
жұмыстың жалпы сипаттамасын келтiрдiк. Жұмыс сипаттамасы негiзiнен
тақырыптың өзектiлiгi, осы жұмысқа кiрiскен себебiмiздiң мақсаты ондағы
мiндетiмiз, осы тақырыптың зерттелу деңгейi, зертеуiмiздiң нысанасы,
жұмыстың теориялық әдiстемелiк негiзi мен құрылымы туралы баяндап өттiк.
Ал, ендiгi жерде негiзгi бөлемге тоқталсақ. Алдымен сөз болатын мәселе
прототүрiктердiң мифологиялық уақыты мен кеңiстiгi және мәдениетi туралы
сөз қозғамақпыз.
Ежелгi миф - аңыздар алғашқы адамдардың тiршiлiгiнiң маңызды
белгiсiндей, олардың символдық мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны және
уақытты әрi игердi, әрi түсiндi. Миф алғашқы қауым адамына тән ойлаудың
бiрiншi бөлiнбеген формасы. Мұнда поэзия мен ғылымның дiн мен моральдың,
рациональды әсердiң элементтерi бар – дейдi А.Қасымжанов.
Мифологиялық дүние танымның кiндiгi–кеңiстiк пен уақытты адам мен
жақындастыру талпынысы, бағдары. Мифологиялық уақытта адам мен табиғаттың
арасында алшақтық жоқ. Миф алғашқы адамдардың тiршiлiгiнiң ажырамас бiр
бөлiгi болып табылады. А.Ф.Лосев атап өткендей, миф дегенiмiз ойдан
шығарылған қиялда, ғылыми қағида да, символикалық таңба да, дiни сенiм де
емес. Ол – сөз құдiретiне ие болған мәдени тұлғаның тарихы.
Мифтiк уақыт пен кеңiстiк туралы сөз қозғағанда оның жазусыз
мәдениетпен бiтiсе қалыптасқаннын ескеру керек. Мифтiк түсiнiктерге,
болжамдарға көрiпкелдiк пен сәуегейлiкке арқа сүйеген жазусыз мәдениет өз
пиғылын жеке адамның еркiнен тыс жағдайда жүзеге асырады. Коллективтiк
тәжiрибе мен әдет-ғұрыпты арқау еткен қоғамның қуатты болжау мәдениетi
болуы шарт. Ал бұл табиғатты, әсiресе аспан шырақтарын бақылауды мiндеттi
түрде ынталандыра отырып, осыған байланысты теориялық танымның өркендеуiне
алып келедi. Сызба геометрияның кейбiр бiтiмдерi календарлық-астрономиялық
ауызша поэзиямен қаныға отырып, мәдениеттiң жазбасыз сипатымен орайласуы
әбден кәнiк – дейдi Ю.Лотман. Бұл үзiндiден мифологиялық танымның уақыт
пен кеңiстiктi игеру құралы екендiгiн көремiз. Жазулы ақпарат жоқ кезiнде
миф оның қызметiн атқарған, адам мен дүниенiң дәнекерi болған. Кейiн құдай
адамдарға кiтап силаған соң, мифологиялық дүние танымды дiн мен философия
ығыстырды. Бiрақ ол уақыт ағымында жоғалып кетпей баспаның көмескi сана
мен архетиптiк жадыдан табады.
Мифологиялық уақыттан сокральды (қасиеттi) мағынасы бар мотив – адамның
биологиялық өмiрi оның тууы мен өлiмi. Қауымдағы ең бiрiншi бөлiнiс –
жыныстық бөлiнiс. Оның негiзiнде мифологиялық сана уақыттан тыс тұратын
алғашқы абсалюттiк бейнелердiң бiрi – Алғашқы Адам Ата-Ана туралы түсiнiктi
қалыптастырады. Егер дiни түсiнiктердi Адам Ата мен Хауа Ананы құдай
жаратса, мифологиялық Арғы Тек – табиғаттың туындысы тотем. Мифологиялық
уақыт бүкiл табиғатқа адамдық белгiлердi танып, оны адамдандырды.
Мифологиялық кеңiстiк - уақыттың континиумда адам мен әлемнiң арасында
ешқандай алынбайтын кедергi жоқ.
Мифологиялық текстегi кейiпкерлердiң сөзi мен iсi синкреттiк және
тұтастық сипатта болады. Оның бiрлiгiн жүзеге асыратын күш–салт-
дәстүрлердiң мызғымас жүйесi. Тек осы арқылы адам өзiне бiр тұрақтылық
табады.
Сонымен, мифологиялық уақытта адам мен табиғаттың арасындағы бiрлiк
ерекше жоғары дәрiптеледi. Егiншiлiкпен бақташылық, тiптi қол өнердiң өзi
ежелгi дәуiр мәдениетiнен аң стилi, қытайдың инь, ян бастамалары, Египет
Шумердегi өлiп қайта тiрiлген құдай туралы аңыздар табиғатпен үйлесiмдiкке
шақыратын рәмiздер.
Қазақтың арғы ата тектерiнiң уақытты мифологиялық тұрғыдан түсiнуi
әлемдiк үлгiлерден алыс жатқан жоқ. Мәдениеттанулық, структурализмнiң
өкiлдерi (В.Пропп, К.Леви-Стросс) әртүрлi халықтардың мифтерi мен салт-
дәстүрлерiн зерттей келе, олардағы құрылымдық ұқсастықты атап көрсеттi.
Мысалы, ежелгi гректердегi Циклоп пен түркi халықтарының Төбекөз туралы
мифтерi тек мазмұндық емес, сонымен бiрге құрылымдық ұқсастықты танытады.
Ендi, мифологиялық уақыттың өзiндiк ерекшелiктерiне тоқталсақ. Көп
дәлелдеудi қажет етпейтiн нәрсе–мифологиялық уақыттың реалды уақытпен
жақындығы. Алғашқы бiлiм жеткiлiксiздiгiнен реалды дүние қиял, ойдан
құрастырылған жасанды анологиялық бейнелер арқылы түсiндiргенiмен ол ақылы
шарықтаған Жаңа Заман адамынан табиғатқа жақын тұр. Мифологиялық тұлға
реалды уақытты өзiнiң виртуальды, iшкi тылсымдық уақытымен қабылдайды және
ол адамдық дүниемен бiрге өтедi.
Мифологиялық уақыттың негiзгi оқиғалардан, оның мазмұны мифологиялық
тұлғаның iс әрекеттерiнен тұрады. Оқиға да, әрекет те ерекше бiр
құрастырылған хронотоптарда өтедi.
Олардың алмасуы мен өзгеруi адамнан тысқары болатын реалды пен
кеңiстiкте өтпей, осы мифологиялық хронотоптар арқылы жүзеге асады. Бұл
этностық уақытқа да тән құбылыс Уақыттың баяу немесе жылдам жүруi оқиғаның
тығыздығына тiкелей қатысты. Бiр ғажабы оқиға азайып сирей бастаған жерде
оның орнын уақыт толтырады. Жалпы уақытты айтып ескертiп отыру оқиға
қоюлығы азайған жерде еске түседi. – дейдi Ш.Ыбраев. Тотемдiк Iлкi Тек
адам мен табиғаттың iшкi тұтастығын бiлдiретiн маңызды дүниетанымдық
түйнекке жатады.
Зерттеушiлер Iлкi Тек жалғыз адам әлемiне тән деп есептемейдi. Ол бүкiл
ғарыштық әлемдi үш дүние (жоғарғы, орталық және төменгi) қамтитын көрiнiске
жатады. Мысалы, көшпелiлердiң әрбiр түлiктi белгiлi бiр ғарыштық стихиямен
байланыстырады:
...ешкi–сайтаннан
қой–оттан
түйе–сордан
жылқы–желден
сиыр–судан
(Ж.Қаракузова, М.Хасанов Космос казахский культуры)
Бұл стихиялар (дүлей күштер) ғарыштық жасампаздықтың таңбалары: сиыр:
өлiм мен о дүниенiң белгiсi, түйе – жердiң бейнесi, ңешңдеген түбiрi бар
ешкi – хаостың, бостықтың таңбасы. Кейiн қазақтың дәстүрлi мәдениетiнде
тотемдiк ұғымдар қалғанымен, олардың нақтылы көрiнiстерi өзгердi.
Әрине, тотемдiк түсiнiктер тек этникалық уақыттың бастама нүктесi мен
шектелмеген. Қазақ мәдениетiнiң архетиптiк уақытында қалыптасқан және
дәстүрлiк уақытта жан-жақты қолданылған уақытты циклдiк есептеу жүйелерi
арқылы (мүшел, жыл қайыру, мүшел жас, амал мен тоғыс, халық күн тiзбесi)
түсiнудiң көне алғышарттары мифологиялық кезеңде пайда бола бастаған. Және
ол тотемдiк уақыт бастамасы мен тiкелей қатысты болған. Бұл туралы
Ш.Уәлиханов былай деп жазған: Мүшел есебi бұдан 3-4 мың жыл бұрын шыққан...
Тарихи зерттеулер бойынша алғашқы мүшелде төрт-ақ хайуан болған: ұлу,
бөдене және барыс, тасбақа. Бұлар дүниенiң төрт тарапы мен жылдың төрт
мезгiлiн бейнелеген. Ұлу – шығыс пен көктемнiң, бөдене – оңтүстiк пен
жаздың, барыс – батыс пен күздiң, тасбақа – солтүстiк пен қыстың ишараты
болған... Бертiн келе бұл мүшел 6, 8, 12 хайуанға жеткен... Мүшел сөзiнiң
қайдан және қашан шыққаны белгiсiз.
Қазақстан мәдениетiнiң тарихын зерттеушi Ә.Хасенов бұл туралы былай
пайымдайды: Ежелгi түркi сөздерiне талдау жасай келе мүш ыйл және мүш
ел сөздерiне тоқтауға болады. Мүш – он сөзiнiң бiр варианты (алтмұш -
алпыс, алты он) Сонда мүш йыл –он йыл болмақ. Мағынасы тұрақсыз, шатаса
беретiн ұлу мен мешiндi кейiн қосылды деп есептесек: Орхон түркiлерiнiң
алғашқы мүшелiнде он жыл болды деген қорытынды шығады. (Қазақстан өнерi
мен мәдениетi тарихы)
Мифологиялық уақытты басқа типтер ауыстырған соң да тотемдiк түсiнiктер
халық жадысында архетиптiк қызмет атқарып, басқа бiр рәмiздер мен
таңбаларға айналады. Мысалы, Ата-тек тотем Көкбөрi жаугершiлiк және
бостандық үшiн күрес заманында қайсарлыққа шақырған рәмiздiк роль атқарды.
ұлттық ойындардың бiрi көкпардың төркiнiнде көкбөрi ұғымы жатыр.
Мифологиялық уақыттың тағы бiр ерекшелiгiн мәдени дисперсия немесе
синкретизм деп атауға болады. Әр түрлi әлемдер мен мәдениеттердiң тоғысуы,
уақыттың кезеңдердiң бiр-бiрiмен араласып кетуi, қиял ғажайып оқиғалардың
тұрмыс шындығы мен бiрге жүруi мифтiк санаға тән құбылыс. Мысалы,
Қобыланды эпосы қыпшақ тайпаларының сыртқы жауларымен күресiн бейнелейтiн
нақтылы тарихи хронотопы анықталған батырлық жыры. Алайда, бұл эпоста
кездесетiн Құртқаның шешесi Көктен кемпiр, Баба Түктi Шашты Әзиз бейнелерi
исламға дейiнгi мифологиялық кейiпкерлер болып табылады. Осындай мысалдарды
қазақтың рухани мәдениетiнен көптеп кездестiруге болады.
Мифологиялық кейiпкердiң өзi бас кезiнде стихиялық күштерге толық
тәуелдi болса, адамдық мәдениеттiң нығаюы нәтижесiнде оның дербестiлiгi
айқындала бастады. Бұл туралы С.Қасқабасов былай дейдi: мифологиялық
сананың екiншi кезеңiндегi қазақ мифтерiнде адам өзiн қоршаған ортадан
бөлек, айрықша жан деп пайымдайды және оның басқа жанға немесе нәрсеге
айналуы адам еркi бойынша емес сыртқы басқа әсерлер бойынша өтедi. Әдетте
бұл бiреудiң қарғысы немесе тәңiрiнiң, құдайдың жазасы түрiнде болады.
Бiрақ қарғау және құдайлық күштердiң араласуымен болған айналыстың өзi сөз
арқылы жүзеге асады, себебi бұл уақытта (анимизм мен тотемизм орныққаннан
кейiн) магия өте дамыған едi. (Казахская несказочная проза)
Магия уақыт ұғымымен тiкелей қатысты. Ол құбылыстар мен заттар
дүниесiне ешқандай технологиясыз және құралсыз, өз қалауымен әсер ететiн
ерекше ритуальдық әдiс есебiнде ендi. Яғни, магия түзу сызықтық уақыт пен
жазық кеңiстiк әлемiндегi құбылыстарды ерекше бiр тылсымдық күшпен
өзгертуге негiзделген. Оның обьектiнi билейтiн субьект деп те қарастыруға
болады.
Мифологиялық уақыттың тағы бiр ерекшелiгi оның болжалдық функциясымен
байланысы. Мәдениеттер типлогиясы iлiмiнде мифтiк уақыт пен кеңiстiк тек
бағдар емес сонымен бiрге адамдардың болашақты бiлуiнiң құралы болды.
Кейбiр зерттеушiлер мифологиялық сана өткен шақ пен қазiргi жағдайдың
аумағынан шыға алмаиды деген пiкiр айтады. Бұл бiздiңше жаңсақ пiкiр.
Мифологиялық уақытқа сүйенген мәдениеттiң болашақ туралы болжамдары
ақыл ой мен логикаға негiзделуден гөрi адамның iшкi интуициялық және
тылсымдық қабiлеттерiне иек артқан. Бұл мәселе ғылымда тек соңғы жылдары
дұрыс бағытқа қойылып, бұрынғы мистика деп айдар тағылған оның пара
психологиялық таным мүмкiншiлiктерi зерттеу обьектiсiне айнала бастады.
Әрине көптеген болжамға байланысты мифологиялық түсiнiктердi өз
мүддесiне қатысты әдейi бұрмалаушылықта кездеседi. Мысалы, хиромантия
(алақан сызықтары бойынша адамның тағдырын анықтау), гаруспикация (отқа
қыздырылған малдың жауырын сүйегi арқылы құбылыстарды болжау), астрология
(зодиак жұлдыздары арқылы...) құмалақ салу ж. т.б осы сияқты болжамдар
өтпелi заман тәрiздi қиын қыстау уақытта көбейiп те кетедi.
Алайда, болашақ бейнесiн түсiнуге ұмтылу ертедегi мифологиялық уақыттың
маңызды қасиетi едi. Болашақ бейнесi мифологиялық сана үшiн
эсхатологиялық түрiнде болды. Яғни, тарихи уақыт ақырзаманмен бiтедi деп
есептеледi. Оның тiптi ғарыштық мифтерi де болды. Мысалы, Темiрқазық
жұлдызын айналып жүрген Жетiқарақшы жұлдыздары, не Үркердiң қызын, не
Абозат пен Көкбозатты ұрлап алған күнi ақырзаман болады екен деген миф бар.
Бiрақ, ақырзаман мен бiтетiн уақыт бағыты, әдетте этно-мәдени жүйенiң
күйзелiс, дағдарыс кезеңiне тән. Бұл көбiнесе мәдени тұтастықтың әлсiреуi,
көсемдер мен әскери басшылардың этностың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеудің өзектілігі
Жанат Әскербекқызы өмірі мен шығармашылығы
Ежелгі грек және түркі халықтарының мифологиясы: ұқсастығы мен ерекшелігі
Қазақ философиясы. Асан Қайғының, Шоқанның, Абайдың идеялары
Қазақ мифтері мен мифтік аңыздары турал
Грек және грек мифологияларының айырмашылықтары
Түркі мифологиясы
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар
Қазақ мифологиялық фольклорындағы ұлттық таным
Тәуелсіздік мұраты - Мәңгілік ел
Пәндер