АУДАННЫҢ ТАБИҒАТ – КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫ МЕН ТОПЫРАҒЫ

Мазмұны
Кіріспе 6-7
1. Әдебиеттерге шолу
8-17
2. Тәжірибе жүргізілген аймақтың табиғи-климат жағдайлары
және топырақ жамылғысы мен өсімдігі 18-23
3. Зерттеу бөлімі 24-43
3.1. Зерттеу жұмыстарының әдістері
24-26
3.2. Зерттеу нәтижелері
25-29
3.3. Күріш тұқымын өсірудің зертханада және егіс 30-34
алқабындағы өнімділігіне сараптама
3.4 Күріш өніміне химиялық қосылыстарды 34-38
( пестицидтер) экологиялық тұрғыдан сараптау
3.5 Дубовский – 129 күріш сортын өсірудің экологиялық -
экономикалық тиімділігі 39-43
4. Еңбек қорғау 44-46
5. Қорытынды 47-48
6. Өндіріске ұсыныстар 49
8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 50
КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі салалардың ішінде күріш шаруашылығы
Қазақстанның азық-түлік қажеттілігі толық қамтамасыз етілген саланың бірі.
Қазақстан күрішті 400-500 мың тонна өндіре алатын мүмкіндігі бар.
2003-2006 жылдарда сыртқы рынокта өзіміздің күрішке деген сұраныс
өскен, сондықтан, күріш негізінен Қазақстанға, Ресейге, Тәжікстанға
шығарылады. Сонымен қатар алыс шет елдерге де күріш өнімін шығару
жандандырылуда. Отандық күрішке сұраныс жаман емес, аспаздық сапасымен
сонымен қатар сатып алушылардың саны көбеюінен байқалады.
Жыл басында ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен Алқа мәжілісінде
министр өткен жыл еліміздің аграрлық саласы үшін табысты болғандығын атап
көрсетті. Нақ осы жылы тәуелсіздігіне ие болғаннан бері ең мол астық
алынды. Осы жылы 22 миллион тоннадан астам өнім алынғанын баян етті.
Сонымен қатар мемлекет қорынан қаржыландырыла-тын бағдарламалардың бәрі
толық жүзеге асырылғаны да айтылды. Яғни, бөлінген қаржыны игеру көрсеткіші
99,5 пайызды құрады. Мал шаруашылығы мен оның өңдеу саласы да жақсы
табыстарға жеткенін айтты. Осы жетістіктер еліміздегі ауыл шаруашылығын
арттыру бағытында жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттын нәтижесі деуге
болады.
Азық-түлік келісім шарт корпорациясы былтырғы жылы еліміздің егін
шаруашылығына 39 миллиард теңгенің инвестициясын жұмсаған. Бұл құрлымның
еліміздің астық өндірісінің жедел дамуына тигізіп отырған игі ықпалы үлкен.
Сондай-ақ корпорация алдағы жылдарға арналған болжамдары да қуантарлық. Ол
алдағы 3-4 жылдың ішінде еліміздің экспорты 5 миллиард долларға жететіндігі
айтылды.
Келешекте еліміздің ауыл шаруашылығы мен аграрлық ғылымның әлемдік
деңгейден кейін қалмауын қамтамасыз ету, осы уақытқа дейінгі оқулықтарды
ескеру мақсатында ғылым мен технологияның дамуы үшін отандық аграрлық
ғылымды коммерцияландыру, шетелдік азық агротехно-
логиялар трансфертін қамтамасыз ету секілді міндеттер алға қойылуда. Басты
басымдықтар ретінде биоотын және оның ілеспе өнімдерін өндіруді қолға алу,
ұлттық табиғи байлықтарды (орман, су, жер, т.б.) қорғау, сақтау және
байыту, өнімді сақтау және өңдеу экологиялық таза өнім шығару мәселелері
қарастырылуда.
Ауылдық аумақтар ісі жөніндегі комитет 2004-2010 жылдарға арналып,
мемлекеттік бағдарламаның қабылдауы ауылдық аумақтарды дамыту ісіне оң
ықпалын тигізді. Жалпылай алғанда, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, ауыл
шаруашылығы саласының өркендеуіне тікелей байланысты екені мәлім.
Қорыта келе, күріш өндірісінің рыногында бәсекеге түсетініне сенім
артуға болады. Осыған байланысты сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін
арттыру үшін күріш және оның қалдықтарын өңдеу егіншіліктің экономикалық
қауіпсіздігін арттыру негізінде күріш өндірісі мен өткізудің тиімді жүйесін
қалыптастыру, күріш шаруашылық кешенін мемлекеттік басқаруды онтайландыру
болып табылады.
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі салалардың ішіндегі күріш шаруашылығы
Қазасқтанның азық-түлік қажеттілігі толық қамтамасыз етілген сала.
(Елімізде халықты күрішпен қамтамасыз ету деңгейі 116-120%-ға жеткен)
Қазақстан күрішті 400-500 мың тонна көлемде өндіре алады (240-300 мың тонна
күріш жармасы). Кейбір аймақтарда күріш өндірісі ішкі қажеттілікті
қамтамасыз ете алмайтын болғандықтан (Ресейде талғампаздардың бағалауынша
күріш жармасына қажеттілік 610 мың тонна көлемде болса, ал өндірілетіні
небары 250 мың тонна), жақын және алыс шет елдерге күріш импортына мүмкінді
бар.
Қазақстанның күріш жармасын өндіруде 20 пайызын қамтамасыз ететін
Алматы облысында күріш шаруашылығын дамытуға соңғы жылдары көптеген миллион
қаржылық ресурстар көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге несие түрінде, тура
инвестициялар түрінде, тұқым өндірісіне демеу қаржы беру арқылы, минералдық
тыңайтқыштарды және басқаларға жұмсалуда. Қабылданған шаралар мен ішкі
рыноктағы күрішке деген бағаның тұрақты өсуі өзіміздің күріш шаруашылығының
бәсекеге қабілеттілігіне оң әсерін тигізді. Мысалы, 1 гектар күріш егісіне
орташа 50,0-55,0 мың теңге шығын жұмсап, өңделген түрінде гектарына 30-32
центнер таза күріш алатын болсақ, онда күріш өндірісінің тұрақты
рентабельділігін қамтамасыз етуге болады. Қазіргі кезде 1 кг күріш
жармасының бағасы ішкі рынокта 30-35 теңгеден 55-60 теңгеге дейін
көтеріліп, осы деңгейде сақталуда. Ішкі рынокта Қазасқтандық күріш тұрақты
сұранысқа ие болуда, ал 1 кг күріш жармасының бағасы 28-30 теңге деңгейінде
ұсталуда. Қазіргі кезде ірі шаруашылықтың 1 тонна күріштің өзіндік құны
12900-13830 теңгені құрайды.
Күріш бағалы жармалық дәнді дақыл. Күріш Дүниежүзі халықтарының
(Қытай, Үндістан, Корея, Вьетнам және басқа елдердің халықтары) жартысынан
астамының сүйіп жейтін тағамы, өйткені ол басқа жармалық дақылдармен
салыстырғанда әрі дәмді, әрі сенімді. Оның дәнінде
70% крахмал, 7,5% белок және аздап (0,5%) май болады. Күріштің 1 кг
сабанында 0,25 мал азықтық өлшем болғанымен, ол нашар қорытылады. Бірақ
концентраттар арқылы оны мал азығы ретінде пайдалануға болады. Күріштің
сабаны жоғарғы сортты қағаз, құрлыс материалы, есілсе арқан, тоқылса қап,
сондай-ақ әр түрлі сәнді қалпақ, үйде киетін жеңіл аяқ киім, еденге
төселетін шағын кілемдер, әшекей бұйымдар ойыншықтары да жасалады.
Барлық ауыл шаруашылық дақылдардың ішінде суды көп пайдаланатын – осы
күріш. Орташа транспирациялық коэффициенті 500-600-ге тең. Өсу кезінде
күріштің суға мұқтаждығы әр түрлі. Суды ең көп қажет ететін кезеңі
түптенуден шашақ бас шығаруға дейінгі кезең. Осы кезде күріш атыздарындағы
судың тереңдігі 15 см болуы керек. Күріш дәні сүттеніп піскен кезде атызға
су жіберу доғарылады, ал қамырланып піскенде атыздағы су аударылып,
құрғатылады. Күрішті әр түрлі топыраққа өсіруге болады, оған механикалық
құрамы ауыр топырақтар қолайлы болып келеді. Ал Қазасқтанда күріш сұр
топырақтарда өсіріледі. Күріш егісі негізінен Қызылорда облысында
орналасқан. Сонымен қатар, Алматы облысының Балқаш ауданында Қаратал және
Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында өсіріледі.
Күріш шаруашылығы біршама жетістіктерге қарамастан оның тиімділігі
мен күріш өндірісінің рентабельділігін арттыру, оның сапасын жақсарту,
күріш өңдеудің және оның қалдықтары өндірісін дамыту және өндірілген
өнімдерді өткізу рыногын кеңейту проблемалары бірінші кезекте тұр. Соңғы
жылдары күрішті экспорттауда ақталған күріштің орнына ұнтақталған күріштің
өсуі алаңдатады, бұл көп көлемде (Ресей Федерациясына) құрама жем
өнеркәсібі үшін тез дайындалатын күріш, күріш сірнесі және арзан спирт
өндірісі үшін пайдаланылатын Ресей Федерациясына экспортталады. 2005-2007
жылдардың экспор көлемі 2001-2002 жылдарға қарағанда артқанымен, 1995-1999
жылдарда қазақстандық күріштің экспорт көлемі дәстүрлі рыноктарда, оның
бәсекелік қабілеттілігі-
нің төмендеу процесі жүруде. Сонымен бірге Қазақстанға күріш өндірісінің
көлемі ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз еткеніне қарамастан, күмәнді
арзан қытай күріші әкелініп, күріш шаруашылығының және бүкіл аймақтың
экономикасына нұқсан келтіруде. Көптеген проблемалардың шешілуі еліміз
экономикасының аграрлық секторының жалпы мәселелерімен байланысты. Қазірге
кезде аграрлық машина жасау, химикаттар мен минералды тыңайтқыштар
өндірісін дамытуға көптеген миллиондық инвестициялар бағытталуда, бұл
Қазақстанның техника, минералды тыңайтқыштар, өсімдік қорғау құралдарына
және басқаларға деген импорттық тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді.
Облыстың күріш өндірісін негізгі бағыттар бойынша дамытуды
жаңғыртудың перспективалы жоспарларын дайындау үшін (өндірістің өзіндік
құнын төмендету, күріштің жаңа сорттарын шығару және тұқым шаруашылығын
химияландыру, күріш өңдеу өнеркәсібінің қалдықтарын терең өңдеу
технологиясын енгізу, ауыл шаруашылығы техникалары мен материалдық –
техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуді жаңарту үшін пайдаланылатын
ресурстардың тиімділігін арттыру) бірінші кезекте техникалық жаңарту
жүретін күріш өндірісінің басым технологияларын анықтау қажет.
Кластерлік негізде күріш өндірісінің дамуы бірінші кезекте күріш
өңдеу өнеркәсібінің қалдықтарын толық пайдалануға қайта бағдарлауды
қарастарды: күріштің дән ұсағы, күріш ұнтағы қауызы. Күріш өндірісінің
бәсекеге қабілеттілігін және алынған өнімдердің сапасын арттыруда
ұсақталған күріштен крахмал өнімдерін алу үшін терең өңдеу мен оның
қалдықтары өндірісінің маңызы зор. Күріш саласын өңдеу кезінде 30%-ға дейін
күріш қалдығы болады. Күріш дақылының егіншілік кәсібіне қосылып егілу
мерзімін біздің жыл санауымыздан 2 мың жыл бұрын болған деп есептейді. Ерте
кездегі ғалымдардың зерттеу жұмыстарының қорытындысына қарағанда, күріштің
шыққан жері – Үндістанның Шығыс жағы және Үндістанның Ганга өзенінің
төменгі жағалауы деп санайды.
Біздің елімізде күріш дақылы өткен заманда қазіргі Орта Азия
аймақтарымен Әзірбайжан жерінде өсірілген. Бұл жерлерде күріш дақылы біздің
дәуірімізден көп жыл бұрын пайда болған.
Біздің қазіргі ғалымдардың күріштің ұқсастық түрлеріне егілу
тәртібіне қарап, аталған аймақтарға күріш тұқымы Үндістан жағынан Иран және
Ауғаныстан арқылы келген болуы керек деп жорамалдайды.
Ауыл шаруашылық ғалымдары дүние жүзіне көп тараған дақылдардың бірі
күріш деп есептейді. Күріштің біздерге танысы Orusa Sativa болса, оның ең
әдепкі тегі Orusa Latua Koen деп аталады.
Мәдени күріштің жер шарына кең таралуы және әр аймақта көп
өзгерістерге ұшырауы нәтижесінде бірнеше түрлерге бөлініп кеткен. Осыны
зерттеп құрғақ күріштен оның уызды түрін, ірі дәнді түрінен майда дәнді
түрін бөліп 1785 жылы алғаш таблицасын жасаған Карл Линней болды. Мұнан
кейін күріш түрлерін 1900 жылы Жапонияның ғалымы С.Такана жіктеді, 1912
жылы Киккива, 1928 жылы Като мен Маруяма күріш түрлерінің морфологиялық
және биологиялық қасиеттеріне қарап күріштердің екі түрге бөлінетіндігін
анықтады, олардың біреуі Жапондық, бұл көбінесе Жапонияда, Кореяда егіледі;
екіншісі Үндістандық бұл Үндістанда және Үнді Қытай елдерінде өсіріледі.
Ғалымдар Матсуо (1952) мен Маринага (1953) морфологиялық және
генетикалық зерттеулер жасап соның негізінде күріштің 1431 сортын мынадай 3
түрге бөлген. Олар: кәдімге бізде егіліп жүрген, үндістандық және жапондық
күріштер.
Үндістандық түрге жататын күріштердің ерекшеліктері – дәні ұзынша
сопақ ұзынының еніне арақатынасы 3,0:1; 3,5:1. Көпшілігі қылтықсыз немесе
қысқа қылтықты. Күріштің жапырағы мен гілінің қауызында өте жіңішке және
қысқа түтіктері бар. Жапырақтары жалпақ, түсі бозғылт көк.
Жапондық түріне жататын күріштердің дәндері жалпақ дәнінің ұзындығы
еніне 1,4:1; 2,9: 1 болып келеді. Күріштің бұл түрлері көбінесе қылтықты
және қылтықсыз болады. Ал қылтықты түрлерінің қылтығы ұзын
немесе қысқа тұрпайы болып кездеседі. Гүл қауызының түктері қалың, жуан
және ұзыншалау болады. Жапырақтары жіңішке, шағын түсі көк, ең жоғарғы
жапырақ сабағына көлбей бітеді. Күріш дақылында көп байқалатын түс –
сарғыш. Күріш сабағы сарғыш болса, өсімдіктің гүл қауызы да өзінің түсіне
ұқсас, кейде күрең, қызыл, қара ал екі түсті гүлдің қауызының жаны қоңыр
күрең болады.
Қылтықты күріштердің қылтықтары ұзынды-қысқалы болып кездеседі.
Кейбір қылтықсыз күріште қылтықты дән пайда болады. Оның қылтықтары
масақтың жоғарғы жағындағы дәндерге кездеседі, ол масақтың төменгі жағы
қылтықсыз болады. Қылтықтың түстері әр түрлі бояумен боялған болып
кездеседі.
Қазақстанның барлық күріш өсіретін аймақтарда егіліп жүрген күріш
түрлері жапондық тектес күрішке жатады. Бірақ бұлар күріштің жаңарған
түрлері болып саналады.
Күріштің дәні де басқа масақты дақылдар дәні сияқты өзінің
шығымдылығын ұзақ уақыт сақтай алады. Мұндай қасиет әсіресе күріштің жабайы
өсетін түрлерінде көбірек кездеседі. Олардың ішінде де кейбір түрлері
піскеннен соң дәндері келесі көктемге дейін өнбейді, ал керісінше, басқа
бір түрлерінің дәні піскен кезде жаңбыр жауса, онда масағы сабағында тұрып
ақ өсіп өне бастайды.
Алматы облысы Балқаш ауданында егіліп жүрген күріштің жергілікті
сорттары мен селекция әдісімен өсірілген келешегі бар күріш сорттары
пісетін мерзімі жетісімен дәндері өніп шыға бастайды. Бірақ дәні өнетін сол
сабақтағы масақтың кейбір дәндері өнбейді. Бірақ күріш тұқымы өзінің өсіп
шығуы үшін тиісті жылылық пен судың қажет мөлшерде болуын және себілген
мерзімнің сәйкес келуін талап етеді.
Күріш тұқымы өніп шығуы үшін және оның кейін өсуі үшін жылылықтың
көбірек керек ететіні мәлім. Бірақ Д.Х.Қара Мурзя Авдеев 1927 жылы
Әзірбайжан жерінде күріштің тұқымы 10 градус жылылықта өспейтіні
дәлелденді. М.В.Брежинский (1934) күріш өніп шыға бастаған кезде ауаның
жылылығы 10-13 градустан төмендесе онда, күріш өнімдігі сиреп оның түптеу,
бас шығару, гүлдену және пісу мерзімдері ұзаққа созылады және ұшық дәндері
көп болады деп көрсетті.

құнын төмендету күріштің жаңа сорттарын шығару және тұқым шаруашылығын
химияландыру, күріш өңдеу өнеркәсібінің қалдықтарын терң өңдеу
технологиясын енгізу, ауыл шаруашылығы техникалары мен материалдың
техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуді жаңарту үшін пайдаланылған
ресурстардың тиімділігін арттыру). Бірінші кезекте техникалық жаңарту

Кластерлік негізінде күріш өндірісінің дамуы бірінші кезекте күріш

қарастырады: күріштің дән ұсағы, күріш ұнтағы, қауызы. Күріш өндірісінің
бәсекеге қабілеттігін және алынған өнімдердің сапасын арттыруда ұсақталған
күріштен крахмал өнімдерін алу үшін терең өңдеу мен оның қалдықтары
өндірісінің маңызы зор күріш саласын өңдеу кезінде 30% дейін күріш қалдығы
болады.
Отандық күріш шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуының
кері факторларына өнімдердің өзіндік құнын көтеріп жіберетін өндірістегі
шығындардың жоғары болуы, оның ішінде ресурс шығындары жатады. Балхаш
ауданында күрішті жалпы қабылданған технолгия бойынша өсіріледі. Егіске
дайындау және күріш себу жұмыстары сусыз ұрғақ жерлерде жүргізіліп, күріш
және ақ дақылдар алмасып отыратын күріш жоңышқа ауыспалы егісінде күріш
өсіріледі. Ұсақ мерзімді технологиялық тәуелділікке түспес үшін және шет
елдерден технологияның тура импортынан шығу үшін соңғы уақытта Азия және
Еуропа елдерінде тараған жергілікті жағдайға көндігетін күріш өндірудің
технологияларын зерттеу және әзірлеу жұмыстары жүргізілді.
Күріш өндірісінде қолданылып жүрген технологияда Балхаш ауданында
жазғы уақыттары судың жетіспеуінен жұмыс қолы жеткілікті кіші шаруа
субъектілері қаржы ресурстарының аздығынан барлық технологиялық процестерді
толық жүргізе алмаған жағдайда Қытай, Корея, Жапония және басқа Азия
елдеріне тараған күрішті көшеттеп отырғызу технологиясын қолдану
мүмкіндігін зерттеу мен әзірлеу қажет. Күріш өсіруде көшеттеп отырғызу
әдісін пайдаланудың облыс жағдайында өзіндік артықшылығы бар.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей күріштің өнімділігін жалпы
арттыруда әр түрлі елдерде сорттың үлесіне 50%-дан 70%-ға дейін келеді.
Осыған байланысты әр бір өндіріс құрал жабдығы сияқты сорттар да сапалық
және физикалық ескереді, тұқым шаруашылығының жеткілікті тиімділігі
жүйесі жағдайында да өзінің бастапқы биологиялық және шаруашылық
қасиеттерін тез жоғалтады. Қазақстандағы өндірілетін күріштің негізгі сорты
– Маржан АШҒЗИ селекциясыныкі, егісті жерлердің 70%-ын алады. Одан басқа
Кубань-3, Авангард сорттары өндіріледі.
Жаңа технологияға өтудің кезіндегі негізгі даулы сұрақтардың бірі
ауыспалы егіске негізденген және топырақты 25-27 см тереңдетіп өңдеуде
әзірленген және мақұлданған егіншілік жүйесінен бас тарту қажеттілігі
туады. Тығыздалған топырақ асты шегін жасау көп жағдайда ресурстардың
үнемді пайдалануы мен суландырылатын жерлердің қайтадан тұздануы сияқты
көптеген проблемаларды шешеді. Тығызданған топырақты шегі кезінде болатын
топырақ өңдеуді шығындандыру кейбір технологиялық операцияларды суға
толтырылған шектерге ауыстыру күріш өндірісіндегі барлық шығындардың
құрамындағы 25-28%-ға дейін үлесті алатын жанар-жағар май шығыны 1,5-2
есеге дейін қысқарады. ТОпырақ құралығын ұдайы толтыру мен сақтау үшін
көпжылдық шөптерді пайдалану, арамшөптермен күресі мүмкін болмайды, және
күріштің дара дақылына немесе тамыр жүйесі терең емес дақылдары
пайдаланатын жаңа күріш ауыспалы егісіне ауысуы қажет. Қазіргі ауыспалы
егіс жүйесі күріштің дара қақылына ауысуға кедергі
жасайды, себебі суландыру жүйесі ауыспалы егістін барлық алқаптарын бір
мезгілде суға бастыруға арналған. Бірақ тығыздалған топырақ асты шегін
жасауда минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану тиімділігі
артады сүзілген судың ысырабын азайтудың арқасында күріш өндірісінің
экологиялық қауіпсіздігі артады және күріш өндірісін интенсивтендіру
мүмкіндігі пайда болып, оның өнімділігін 55-60 цга көтереді.
Күріш өндіру саласында күріш тұқымын себудің мерзімі де ерекше әсер
етеді. сондықтан Қазақстандағы күріш өндіретін шаруашылықтардың барлығы
тегіс әр жердің топырақ және климат жағдайларына сәйкес себу мерзімдерін
сәйкестіріп отырады.
Қазақстанның суармалы жерлерінде күріш өндеуді арттырудың негізгі
резевтердің бірі – тұқым себудің ең ұтымды мерзімін, себу әдісін және
мөлшерін жан-жақты жете білген жөн. Мұның өзі күріш егісінің жиілігін
ойдағыдай дәрежеде қалыптастыруға және әр егіс көлемінен мол өнім алуға қол
жеткізетін факторлар болып есептелінеді.
Қазақстанның және басқа да республикалардың ғылыми зерттеу
мекемелерінің мәліметтеріне қарағанда, күріштің әр бір жағдайының сорты
бірегей табиғи ауа-райы жағдайының өзінде де өздеріне тиісті әр түрлі
агротехникалық мерзімде егуді түрлі себу әдісі мен мөлшерін қолдануды талап
етеді.
Қарастырылатын жұмыста күріш өнімділігіне себу мерзімінің әсерін
қарастырдым.
Күріш негізінен жылылықты сүйетін өсімдік. Сондықтан да оның өніп
көктеуі, өсіп-жетілуі әр мерзімдегі жылылыққа тікелей байланысты.
Қазақстандағы күріш сорттары үшін оның тұқымының көктеп шығуына кем дегенде
120 Жылулық керек. Температура бұдан төмен болса, күріш тұқымы ылғалды
бойына аз тартады да оның көктеу процесі тым көп уақытқа созылады.
Біздің республикамыздың көптеген шаруашылықтары осы замаңғы техниканы
және органикалық минералдық тыңайтқыштарды жеткілікті пай-
даланып, тұқымды көп мөлшерде себу әдісін қолданып отыр. Дәлірек айтқанда,
әр гектарға 7 миллион және одан да көп мөлшерде көктеп шығатын дән
себіледі. Мамандардың айтуына қарағанда, мұндай мөлшерде себілген тұқым
күріш түсімділігін күрт арттырады. Дегенмен, кейбір күрішшілер ойдағыдай
өнім алу үшін әр гектарға 4-5 миллионға дейін өнгіш тұқым себуді дұрыс деп
есептейді.
Тап осы пікірді профессор Н.Б.Наталин де қолдайды. Ол тұқым себу
мөлшері жоғарыдағы көрсетілгендегідей болса әр шаршы метр жердегі
өсімдіктің қалыңдығы ойдағыдай болады дейді.
Профессор П.Т.Ерыгин өзінің еңбектерінде астықты негізінде түпкі
сабақтан алатынымызды, өсімдіктің 2-3 түптен артық түп салуы өзінің кемуіне
әкеліп соқтыратының айтты. Оның пікірінше тұқым аз мөлшермен себілсе,
негізгі сабақтың саны азайып одан алынатын өнім мөлшері кемиді.
Ф.М.Куперман пікірі бойынша, күріш өсімдігінің жиі өсуі және
тыңайтқышпен жеткілікті мөлшерде қоректенуі масақтың дән байлауына қолайлы
жағдай жасайды. Бұдан мынандай қорытынды жсауға болады. Күріш алғашқы өсу
кезеңінде қоректік заттармен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс.
Сонда әр бір масақ өнімді барынша мол беретін болады.
Ф.М.Куперман күріштің қалыңдығы қандай болса да ол күріштің өсу
қарқыны мен пісу мерзіміне әсер етпейді дейді. Профессор А.Ф.Джулай бұл
пікірді қостамайды, ол қалың өскен өсімдік күріштің өсу қарқынын тежеп,
соның салдарынан күріштің пісу мерзімінің қысқаратының дәлелдейді.
Жапонияның зерттеушісі Чен Син Чен 1958 жылы күріштің әр түрлі
сорттарының өсу кезеңін зерттей келіп мынаны атап көрсетті. Өсімдіктің
масақ салатын түптерінің пайда болуына қарай, олардың масағындағы дәндердің
саны да әр түрлі болатының дәлелдеді. Оның айтуына қарағанда, негізгі
түптің сабағы ұзындау және оның масағындағы дәндердің саны кейін түптеген
сабақтарға қарағанда көп болады. Қосымша түп неғұрлым кеш шықса, оның
сабағы да соғұрлым қысқа және дәндері де ұсақ болады.
Чен Син Ченнің тұжырымдарын профессор А.Ф.Джулай да қолдайды.
Өсімдіктің жиілігі не сиректігі тек қана тұқым себудің мөлшеріне ғана
емес, ол сонымен қатар тұқымның өнгіштік энергиясына топырақтың қышқылдану
мөлшеріне, топыраққа сіңірілу мөлшеріне тікелей байланысты екені байқалады.
Күріштің өсуі және оның пісіп жетілуі тұқым себудің нормасына және
оның қалың жиілігіне тікелей байланысты. Қалың егілген күріштің өніп жетілу
мерзімі едәуір мөлшерде қысқарады және күріштің аз түптенуіне және оның
пісу кезеңіне ықпал жасайды.
Республиканың күріш өсіретін көптеген шаруашылықтарында күріш тұқымын
себу мөлшері әр гектарға 5-7 миллион дән түсетіндей шамада болғаны дұрыс.
2. ТӘЖІРБИЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН АУДАННЫҢ ТАБИҒАТ – КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨСІМДІК
ЖАМЫЛҒЫСЫ МЕН ТОПЫРАҒЫ
Шаруашылық туралы жалпы мағлұмат. Өтес Ақдала жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі 2002 жылы бұрынғы Ақдала күріш совхозының негізінде
құралған. Шаруашылыққа Ақдала совхозының 9 бригадасының 5-уі кірген.
Қырман, МТМ, мал бордақылау коаплексі, АЗС қарайды. Шаруашылықта 3570
гектар егістік жер бар.
Шаруашылық ауыспалы егіс жүйесін тиімді пайдаланады. Күріштен 35-40
центнер гектарына өнім алады. Бидайдан 18-24 цга көпжылдық шөптен 25-30
тга өнім алынады. Шаруашылықта 120 адам жұмыс істейді, сонымен қатар мал
бордақылау кешені де кіреді. Кешенде 300 бас ірі қара, 100 бас жылқы
бордақыланады. Шаруашылықта құрама жем шығаратын цех жұмыс істейді. Онда
жаңа технология бойынша француз аппараттары орналасқан. Шаруашылықта: алты
люминатор класс 2004, бір Джондир, сегіз Енисей маркалы комбайндар бар. Екі
Масdоn шөп шабатын комбайн, онр екі ХТЗ тракторы, он екі МТЗ тракторы және
екі К-701 тракторы бар.
Облыс орталығынан 370 шақырым, Алматы қаласынан 200 шақырым жерде
орналасқан. Шаруа қожалығының орталығы Ақдала ауылы. Өндірілген өнімді және
басқа да шығарған заттарды жергілікті жерде облыс орталығында және Алматы
қаласына өткізіледі.
Шаурашылықтың ауа-райы жағдайы. Күріш өндіруде табиғи ортаға
қойылатын талаптарды білу көптеген шаруашылық мәселелерін шешуге пайдасын
тигізеді. Қазақстанда күріш өсірудің агроклиматтық жағдайларын зерттеу
кезінде екі түрлі мақсатты игеру жөн.
1. Күріш өсімдігінің дамуына сәйкес агроклиматтық көрсеткіштерді
анықтау;
2. Қазақстанның жекелеген аудандарындағы климаттық жағдайлардың күріштің
өсуіне қаншалықты қолайлы екендігін бағалау.
Қазақстан климатының басты ерекшелігі оның континенттігі мен
құрғақышылығы. Ауа-райы жағдайларының тұрақсыздығы мен республиканың жер-
жерлерінде метеорологиялық элементтердің жылдық және тәуліктік
амплитудасының жиілігі де осыларға әсер етеді. Сонымен қатар, күріш егісін
қандай жерлерге орналастыруға болады, тұқымды қай уақытта себу керек, оның
даму кезеңінде қандай агротехникалық шаралар қолданып өнімін қалай
арттыруға болады деген мәселелер тұрады. Бұл мәселелер туралы сөз еткенде,
топырақ пен климат Береке шаруа қожалығы Алматы облысы Балхаш ауданында
орналасқандықтан, сол өңірдің ауа райына тоқталайық. Облыста күріш егістігі
Ақадала суландыру жүйесіне шоғырландырылған, бұл жердің топырақ
мелиоративтік жағдайлары күріштен басқа ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге
мүмкіндік бермейді.
Шаруашылық орналасқан жердің ауа райы континентальды, жазы ыстық және
құрғақ, қысы салқын, қар қабаты тұрақсыз. Орташа жаздық ауаның
температурасы 110С. Ауаның жылдық температура амплитудасы +34о-тен 40оС
аралығында ауытқиды. Жылдың жылы кезеңі (орташа тәуліктік ауа температурасы
0о жоғары) 25-20 наурыздан 15-18 қарашаға дейін созылады. Кейбір суық
жылдары жеке күндердің ауаның төменгі температурасы -34о -40оС дейін
төмендейді (1 кесте).
Кесте 1 - Орташа айлық және жылдық ауа температурасы,оС
Бақанас метеостанциясы
Айлар ЖылдықОрташа
жылдық
амплиту
да
І ІІ ІІІ
І ІІ ІІІ
басталуы бітуі күн саны
Узрос-269 6 млн 10.08 18.08 8
Қазақ салысы 6 млн 10.08 17.08 7
Дубовский-129 6 млн 10.08 16.08 6
Алакөл 6 млн 10.08 16.08 6
Қазалы-168-3 6 млн 10.08 18.08 8
Кестеде көріп отырғандай күріш сорттарының арасындағы гүлдеу
күндерінің ұзақтығы әр түрлі екенін көреміз. Күріштің барлық сорттары
гүлденген соң, екінші, үшінші күннен бастап жаппай тозаңданады. Бірақ
гүлдеу күндері әр түролі болып тұр. Басқа өнімдікке қарағанда күріштің
тозаңдануының өзінше ерекшеліктері бар. Олардың аталық жынысы аналық
жыныстан бұрынырақ өсіп, ертерек пісіп жетіледі. Күріш дақылының аталық
және аналық жыныстары бір гүлдің ішінде тұрады. Сондықтан өзімен өзі
тозаңданады. Күріштің пісіп жетілуі деп өсімдіктің сабағындағы
жапырақтарындағы басқа да мүшелеріндегі түрлі көміртек, белок және
минералдық заттардың дән қауызына жиналуын қатты дәнге айналуын айтады.
Барлық уақытта күріш гүлінің тозаңдануы 2-4 сағат уақыт ішінде өніп
үлгереді. Одан кейін дән байлап, 6-7 күнде гүл қауызының ең жоғарғы
щеңберіне жетеді. Гүл ұрығы өзіне қажетті заттарды жинап, толықсуы оның
сортына байланысты болғандықтан. Жоғарғы кестедегі көрсеткіштерге қарай
отырып, күріштің Дубовский-129 сортының гүлдеу күн аралықтары өсу мерзіміне
байланысты қарастырылды. Кестеден көретініміз гүлдеу кезеңдері бірдей
мөлшерде себілген күріш сорттарының гүл жарған кездерінің айырмасы 1-2 күн
Узрос-269 пен Қазалы -168-3 сорттары 8 күн аралығында гүлдесе, ал Алакөл
мен Дубовский-129 сорты 6 күн аралығында гүлдеген.
Қазақстанда күріш дақылы өскенде аз түптенетіндігі және содан келіп
негізгі сабақ арқылы мол дән түсіп көп өнім беретіндігі анықталды. Өндіріс
жағдайында әр бір гектарға 220-250 киллограмға дейін дән себілгенің өзінде
өсімдіктің сирек көктеп шығуы жиі кездеседі. Осыдан кейін өсімдіктің
жиілігі не сиректігі тек қана тұқым себудің мөлшеріне ғана емес, сонымен
қатар тұқымның өнгіштік энергиясына, суарылу жағдайына, топырақтың
қышқылдану мөлшеріне тікелей байланысты екені байқалды.
1. Күріш тұқымын өсірудің лабораторияда және егіс алқабындағы
өнімділігіне сараптама
Күріштен өнімнің аз алынуының негізгі себебі – егіннің әр шаршы метрде
өскен түп санының не тым азайып немесе шамадан тыс көбейіп кетуінен деп
айтуға болады. Осыған байланысты себу мерзімдері көрсетілген варианттар
бойынша күріш сортының лабораторияда және егіс алқабында өнімділігін
анықтадық.
Кесте 4 - Дубовский-129 күріш сортының лабораторияда және егіс
алқабында шығымдылығы пайыз (%) есебімен
Күріш сорты Себу мерзімі 2006 2007
лаб. егіст. лаб. егіст.
Дубовский-129 5 млн 87,6 58,0 87,3 68,0
6 млн 90,0 68,0 89,5 75,0
7 млн 92,0 68,0 91,5 75,0
8 млн 86,1 57,4 90,7 71,0
Зерттеудің қорытындысына қарағанда, егілген тұқымның шығымды-лығы
лабораториялық шығымдылығы лабораториялық шығымдылығынан әр қашан төмен
болатынын көреміз. (4 кесте) Егістегі шығымдылығы төмен күріш, кейінен онан
әрі сиреп өнімді аз береді. Кестеден көріп отырғанымыз бойынша
лабораториялық шығымдылық барлық үлгілерде жоғарғы көрсеткіштерді көрсетіп
тұр. Күріштің шығымдылығының төмендеп кетуі өніп шыққан өсімдіктің сирек
өсуінен тұқым сапасының нашарлығынан тұқымның ішінде ала-құла дәндер
болады, агротехникалық ережелердің бұзылуынан немесе ауа-райының
қолайсыздығынан да болады.
Күріштің өсіп жетілуі мерзімі көп жағдайда оның сорттарына
байланысты. Осыған орай қарастырып отырған Дубовский-129 сорты берілген
үлгілерді өсіп жетілуі кезеңдері де біркелкі еместігін көрсетеді.
Кесте5 -Дубовский-129 күріш сортының себу мөлшері және өсіп жетілуі
Өсіп жетілу Өсуі Көктеуі Түптенуі Түтіктенуі Пісуі
кезеңдері
5 млн 8-15 15-17 24-29 20-21 30-34
6 млн 8-13 15-18 26-30 22-26 30-33
7 млн 7-15 15-17 27-32 20-22 37-39
8 млн 7-13 12-15 25-30 18-20 30-33
Жоғарыдағы кестеден көрсетілген мәліметтерге қарағанда себу мерзіміне
байланысты күріштің Дубовский-129 сортының өсіп жетілуі көрсетілген.
Кестеден күріштің Дубовский-129 сорты көрсетілген үлгілерде себілген, өсіп
жетілуі әр түрлі болып тұр. 5 миллион дән себілген тұқым 8-15 күн
аралығында өніп, оның пісіп жетілуі 116 күнге созылды, ал 6 және 8 миллион
дән себілген тұқым 8-13 күн аралықтарында өсіп шығып, пісіп жетілуі 120 күн
аралығына жетіп отыр. 7 миллион дән себілген тұқым 7-15 күнде өсіп, 115
күнде пісіп жетілген көріп отырмыз. Осыған байланысты күріштің өнімділігі
тұқым себу мөлшеріне тікелей байланысты екенін дәлелдейді. Осыған орай
Алматы облысы Балхаш ауданы жағдайында күрішті 7 миллион дән сепкенде мол
өнім алатынымызға көз жеткіздік.
Кесте 6 - Дубовский-129 сортының өнімділігіне себілген тұқым
мөлшерінің әсері
Себілетін тұқым Егін себер алдындаТүптенуі, Өніміділігі
мөлшері (1га миллион 1шаршы метр см
тұқым)
Өсімдік Сабақ цга Қосымша
саны саны өнімділігі
, %
5 млн 101 363 3,4 56,3 1
6 млн 134 362 2,7 59,1 2,8
7 млн 153 337 2,2 63,4 3,1
8 млн 169 321 1,9 61,8 2,4
Бұл көрсетілген мәліметтерге қарағанда әр бір шаршы метр жердегі
күріштің орташа қалыңдығы 130 және онан көп болса, гектардан мол өнім
алатыны байқалды.
Күріштің өсуі және пісіп жетілуі тұқым себудің нормасына және оның
қалың жиілігіне тікелей байланысты. Қалың егілген күріштің өніп жетілу

пісуі кезеңіне ықпал жасады.
Зерттеулердің нәтижесіне қарағанда күріш сирек егілсе оның қалың
түптеніп, пісіп жетілу мерзімінің ұзаққа созылатындығы дәлеледенді. Солай
бола тұрса да, мынаны айта кеткен жөн. Себілетін тұқым мөлшері көбейген
сайын, өсімдіктің көктеп шығуы егістің түптенуіне сәйкес бола бермейді.
Яғни, себілген тұқым мөлшері көбейген сайын өнбей қалатын және кейін тез
жойылып кететін тұқым мөлшері арта түседі.
Дубовский-129 күріш сортының әр түрлі мөлшерде себілген тұқым өнімділігі.
Күріш толық піскенде күріш өнімді де қуатты, мықты болады. Күріштің
өсуіжәне пісіп жетілуі тұқым себудің мөлшеріне, оның қалың жиілігіне
тікелей байланысты. Қалың күріштің өніп жетілу мерзімі едәуір мөлшерде
қысқарады және күріштің аз түптенуіне және оның пісу кезеңіне ықпал
жасайды. Ең алдымен күрішті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz