Оңтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жағдайы мен дамуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

КlРlСПЕ. . 4

Ι. Ауыл шаруашылығының экономикадағы орны мен дамуы

  1. Ауыл шаруашылығының қазiргi нарық экономикадағы орны

және мәселелерi 7

  1. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының дамуы. . 13

ΙΙ. Оңтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жағдайы мен дамуы

  1. Оңтүстiк Қазақстан облысының әуметтiк - экономикалық

дамуы. . 31

2. 2. Оңтүстiк Қазақстан облысының экономикасында ауыл

шаруашылық саласының орыны 38

  1. Ауыл шаруашылық кәсiпорындарының жаңа

формаларының қалыптасуы. . 43

  1. Мал шаруашылығы: нәтижелерi және мәселелерi 47
  2. Егiн шаруашылығы: нәтижелерi мен мәселелерi. 57

ΙΙΙ. ОҚО-да нарық жағдайында ауыл шаруашылық өнiмдерiн

өңдеудi қалыптастыру және дамыту

  1. Өнiмдердi өңдеудiң қазiргi нарықтағы қалыптасуы 64
  2. Өнiмдiрдi өңдеудiң перспективадағы дамуының жолдары… 70

ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР. 75

ӘДЕБИЕТТЕР 78

КlРlСПЕ

Қазiргi уақытта жер шарында ауыл шарушылығы өнiмдерiн өндiру үшiн бар- жоғы бiр миллиардқа жуық гектар жер аумағы пайдаланылады. Ал, ауыл шаруашылығы қажеттiлiгiне жарамды жердiң жалпы әлемдiк қоры 10, 5 миллиардқа жуық гектар қҮрайды. Өз кезiнде К. А. Тимирязев айтып кеткендей, ″егер планета бойынша адамдардың саны мҮхит кеңiстiгiне ағаш салып өмiр сүретiндей жағдайға жетсе де, бiздiң жерiмiз соның барлық адамдарын қоректендiруге қауқары жетедi″.

БҮл үшiн тиiстi әлеуметтiк -экономикалық және саяси жағдай керек. Елдiң экономикалық және техникалық артта қалуын жою, аграрлық экономиканы реформалау және басқа жаңғыруларды жүргiзу, мәселенi шешуде ерекше рөл атқарады.

Әр елдiң экономикалық даму дәрежесi сол елдiң нарықында өнiмдердiң сатылуының нарығында мол болуымен емес, қайдан, оның қандай технологияның көмегiмен, қалай өндiрiлетiндiгiмен анықталады. Әрине қазiргi халықаралық интеграцияның даму талаптарына сәйкес, елге керек нәрсенiң бәрi өз елiмiзден өндiрiлсiн деу орынсыз болар едi. Себебi, бiрiншiден, барлық өнiм түрiн өз елiмiзде өндiруге толықтай мүмкiндiк (қаржы технология, өндiрiстiк қуат) жоқ. Екiншiден, өнiмнiң барлық түрiн бiр елде өндiру, шығару экономикалық жағынан тиiмсiз. Халықаралық интеграция дамып отырған жағдайда өнiмнiң кейбiр түрлерiн өз елiмiзден шығарғаннан, гөрi шет елдерден сатып алған пайдалы. Бiрақ ол жан-жақты зерттелiп, өнiмнiң қай түрлерiн сырттан сатып алу, қай түрлерiн өзiмiздiң елде өндiру экономикалық жағынан негiзделген болуы қажет. Ол экономиканың тҮрақтануына себiн тигiзедi. Көптеген елдердiң тәжiрибесi көрсетiп отырғандай, өз елiнде отандық агроөнеркәсiп кешенiн дамыту, шикiзат сатумен салыстырғанда тиiмдi, мемлекет қазынасына үзбей табыс түсiрiп тҮруына тiкелей әсер етедi. Ал, шикiзатты шет елдерге сату экономиканың тҮрақтануына нақты әсер ете алмайды. Ол мына себептерге байланысты:

  1. бiздiң шикiзатымызға шет елдердiң сҮраныс дәрежесiнiң өзгерiп отыруы;
  2. шикiзат бағасының қҮбылмалылығы;
  3. шикiзат сатуда шетелдiк бәсекелестерге төтеп бере алмауы.

Ет, сүт өнiмдерi, негiзiнен, сырттан сатып алынады. Олардың үлесiне Республика бойынша пайдаланылған тауардың 70 пайыздан астамы келедi. Ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң жалпы тҮтынылған үлесiне 20 пайызға жуығы сырттан тасмалданады. егер ±ылыми зерттеу нәтижелерi бойынша егер, елде пайдаланылатын тамақ өнiмiнiң 15 пайызынан астамы сырттан тасмалданса, онда Үлттық қауiпсiздiкке зиянды деп саналады. МҮндай қауiпсiздiк болмас үшiн аграрлық саясатқа көптеген елдерде үлкен көңiл бөлiнедi. Мысалы, Германияда аграрлық саясат Мемлекеттiк саясаттың қҮрамдас бiр бөлiгi болып саналады. БҮл елде халықты азық-түлiкпен жабдықтау стратегиялық саясатқа жатады, олар ол саясатты өз мүмкiндiктерiне сәйкестендiрген.

Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық саласының өркендеуiне көптеген мүмкiндiктер бар. Ол үшiн агроөнеркәсiп кешенiн дамытуда, халықты азық-түлiкпен қамтамасыз етудi нарық жағдайында экономикалық реформалаудың жаңа формасын дамытуымыз қажет. Экономикасы дамыған елдерде ең алдымен отандық мүмкiндiгi бар шаруашылықтарды дамуға әрекет жасайды. Бiрақ, экономиканың барлық саласын бiрден жанданыру мүмкiн емес. Әр ел алдымен қарқынды дамытуға мүмкiндiгi бар өндiрiстi қолдайды. Мысалы: Жапония қазiргi экономикалық өрлеудi өз елiнде ойыншықтар шығарудан бастаған. БҮл өндiрiстен жиналған қаржылар басқа салаларды дамытуға жҮмсалды. Қазақстан үшiн тиiмдi шаруашылық және өндiрiс салалары: агроөнеркәсiп кешендерi мен жеңiл және тамақ өнеркәсiбi. БҮл салалар дамытылса шет елден киiм-кешек, тамақ өнiмдерiн сатып алуда кететiн қаржы үнемделер едi, оны басқа салаларға жҮмсауға мүмкiндiк туылар едi. Ал келешекте шетке шығатын мҮнайдың бағасы өсiп, шетелде сату үшiн оны тасымалдауға мүмкiндiк туылса, онда Қазақстанның экономикалық тҮрақтануына қосымша әсер етер едi. Бiрақ, қазiргi кезде оның ақиқатқа айналуы көбiнесе шетелдiк инвесторларға байланысты болып отыр. БҮл мәселенiң шешiлуi солардың қолында, керiсiнше елiмiзде агроөнеркәсiп кешендерi мен жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн дамыту- өз мүмкiндiктерiмiзге байланысты.

Ι. Ауыл шаруашылығының экономикадағы орны мен дамуы

  1. Ауыл шаруашылығының қазiргi нарық экономикадағы орны

және мәселелерi

Нарық экономикасы- бҮл экономикалық проблемаларды тиiмдi шешудi қамтамасыз ететiн, тауарларды өндiру және оларды ақшаның көмегiмен айырбастау процесiнде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты Үйымдастыру формасы. Нарық- нәтиже мен еңбек шығындары арасындағы байланыстарды объективтi көрсететiн, яғни, ауыл шаруашылығының ағымдағы мөлшерiне сай тҮтынуды сипаттайтын, ауыл шаруашылық өнiмдерiн айырбастау актiсiнң жиынтығы. Тек нарық көмегiмен ғана ауыл шаруашылығы жалпы экономикалық жүйеге келдi. Осылайша нарық өз шешiмiн тауып, қоғамдық тҮтынуды қамтамасыз етуде қажеттi мөлшердегi ауыл шаруашылығы қҮрал жабдықтары мен жҮмысшы күшi ауыл шаруашылығында өзара пропорционалда бөлiп қамтамасыз етедi.

Нарықты алғашқыда әртүрлi тауарларды сатуға байланысты жҮртқа жария орын ретiнде түсiндi. Қоғам дамыған сайын, оның экономикалық қҮрылымы күрделенген сайын нарық Үғымы да өзгерiп отырады. Қазiргi дамыған қоғамда нарық -мiндеттi түрде сатушылар мен сатып алушыларды кездестiретiн орын емес, онда сатушылар мен сатып алушылардың техникалық жетiстiктердiң дамуына байланысты қарым-қатынас процестерi де дамыған. Олар бiр-бiрiмен тiкелей байланыспай-ақ қызмет жасай алады. Мысалы, ауыл шаруашығы саласында келiсiм -шарттардың нақтылай қолма қол немесе қолма қол емес келiсiм-шарттар негiзiнде жүйелi түрде ел дамыған сайын өркендеуде. Нарық қҮрылымы қоғамдық еңбек бөлiнiсi негiзiнде оқшауланған өндiрушiлердiң арасындағы үстемдiк етушi, анықтаушы байланыс ретiнде көрiнедi. Нарық экономикасы - ауыл шаруашылық қызметiн Үйымдастыру тәсiлi. БҮл қызметтi атқару барысында тәуелсiз, тең жақтар тауарды өндiредi, сатып алып, сатады және қызмет көрсетедi.

Нарықтық қатынастарға өту нақты алғанда экономиканың әлдеқайда жаңа сапалық күйiне көшудi бiлдiредi. МҮның өзi тҮтастай бiрқатар объективтi факторлардан көрiнедi. Нарықтық экономиканың тиiмдi жҮмыс iстеуiнiң негiзгi шарты нарықтық iс барысында субъектiлердiң толық өзiн -өзi басқару мен олардың экономикалық жауапкершiлiгiне негiзделетiн тәуелсiздiгi болып табылады.

Жергiлiктi нарықты ауылшаруашылық өнiмдерiмен қамтамасыз етудегi мәселелердi тек нарықтық қатынастарда ғана шешуге болатынын осы күнгi тәжiрибе көрсетiп отыр. Материалдық ресурстардың тапшылығы, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрудегi кезектi қиыншыдықтар мен мал, егiн шаруашылығындағы, механизациядағы, агрохимиялық жабдықтаудағы, ғылыми-техникалық өркениеттiң арта қалуындағы өзектi себеп - әмiршiл-әкiмшiл жүйенiң ажырамас жоспары болғандықтан нарықтық қатынастарға күрт қадам жасалынды.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң нарығында бiрқатар ерекшелiктер бар. Оның бастысы: ауыл шаруашылығында - нарықтық қҮрылым мен қарым- қатынас жүйесi әлi де сақталған, ерiктi бәсекелестiк нарығына барлығынан жақын тҮрған, Үлттық масштабтағы жалғыз және соңғы сала. Оның негiзгi себептерi мынада:

бiрiншiден, ауыл шаруашылығы нарығында тәуелсiз өндiрушiлердiң саны өте көп.

екiншiден, ерiктi бәсекелес нарығы болып саналатын ауыл шаруашылығы нарығының белгiсi ретiнде әрбiр жекелеген өндiрушiнiң бағаға әсер ете алмауын айтуға болады. Өйткенi, ешқандай фермер жекелей алғанда нарықтық бағаға әсер ете алатындай өнiмнiң көлемiн ешқашан да өндiре алмайды.

Ерiктi бәсекелестiк нарықтың үшiншi мыңызды белгiсi - өнiмнiң бiртектiлiгi және қалыптандырылуы. Өндiрушi тек қана өз тауарын жарнамалап, тек өз өнiмiнiң сапасын бөлiп көрсете алмайды. Lс жүзiнде бiр фермердiң астығы сорты мен сапасы жағынан басқа фермердiң астығынан ерекшеленуi мүмкiн, бiрақ бҮл астық бiр сорттағы және сападағы қалықпа түсiрiлген астық болса, онда одан ешқандай айырмашылықты табу мүмкiн емес.

Ерiктi бәсекелестiк нарығының төртiншi ерекшелiгi- бәсекелестiкке бейiмсiздеу жаңа фирмалардың нарыққа келуi үшiн қолбайлау болатын барьердiң жоқтығы.

Нарыққа кiру барьерi әр түрлi болуы мүмкiн. Олигополиялық және монополиялық қҮрылымдағы салаларда оларға ең алдымен масштабтың жағымды тиiмдiлiгi жатады, басқаша айтқанда жоғары қуаттылықтағы өндiрiсте шығындарды азайту және өнiмнiң бәсекелестiкке бейiмдiлiгiн арттыру.

Ауыл шаруашылығы мемлекеттiк реттеудi керек ететiн сала болып табылады. Мемлекет белсендi қаржылық және несиелiк саясат жүргiзiп, салық жүйесiн анықтайды және пайыздық үстемеге ықпал етедi. БҮдан басқа, қазiргi жағдайда ауыл шаруашылығындағы мемлекеттiк реттеудiң маңызды жағы ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң Үсыныс денгейiне, ал сол арқылы нарықтық бағаға әсер етуi болып табылады.

1991-1995 жылдар кезеңiнде экономикалық реформаларды жүзеге асыру бағдарламасын орындау Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында саяси және әлеуметтiк- экономикалық өзгерiстерге алып келдi. Мемлекеттiк меншiк пен оның мемлекеттiк емес жеке, кооперативтiк, Үжымдық, Үжымдық-үлестiк, акционерлiк қҮқықтық формаларға көшу қажеттiлiгi туындады. Соның нәтижесiнде кеңшарлық-Үжымшарлық жүйесiнiң орнына көпукладты экономика келдi. 1996 жылдың басында республикада 1850 кеңшар жекешелендiрiлiп, мемлекеттен алынды. БҮл -1992 жылдың 1 қаңтарына дейiн болған шаруашылықтардың 95 пайызы. Қазiргi уақытта Қазақстанның агроөнеркәсiптiк кешенiнде:

  • 1270 -ке жуық Үжымдық кәсiпорындар;
  • 375 акционерлiк қоғам және кәсiпорындар;
  • 1065 шағын кәсiпорындар;
  • 255 ауылшаруышылығы өндiрiстiк кооперативтерi;
  • 78000- жуық шаруақожалықтары қҮрылып жҮмыс iстеудi.

Мемлекеттiк емес кәсiпорындардың пайдалануында ауыл шаруашылғы жерiнiң 78 пайызы бар.

1995 жылы Қазақстан агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк емес секторында республиканың өнiм өндiруiнiң жалпы көлемдегi астықтың 75 пайызы, еттiң 89 пайызы, сүттiң 95 пайызы, жҮмыртқаның 94 пайызы, жүннiң 92 пайызы және кртоппен көкөнiстiң 80 пайызы өндiрiлдi.

Ауыл шаруашылығында маркетингтiк қызметтер және басқа нарықтық инфрақҮрылымдар элементтерi қалыптасып жҮмыс iстеуде. Баға, несие және салық саясаты, өнiм өткiзу жүйесi түбiрiмен қайта өзгердi, мемлекет өнiм сатып алуының орнына еркiн, келiсiмдi баға келiп, қаржылық рынок қалыптасты және белсендi жҮмыс iстей бастады, салық жүйесi жаңадан қҮрылды. Тауар өндiрушiлер заңды тәртiппен өнiм өткiзу арналарын таңдауда кеңейтiлген қҮқытар алды.

Осы және басқа өзгерiстер республиканың ауыл шаруашлығында нарықтық үлгiдегi экономикалық қатынастар жүйесiн қҮрудың берiк негiзiн қалады.

Экономикалық реформаларды iс жүзiне асыру процесiне меншiк пен шаруашылық жүргiзудiң әдiстерiнде едәуiр өзгерiстер болуда. Ең алдымен мемлекеттiк меншiкке негiзделген шаруашылық жүргiзудiң бҮрынғы жүйесiне қарағанда көпукладты экономика меншiктiң әрбiр формасына кәсiпорндардың тиiстi үлгiсi Үсынылды. Олар өзара қҮқықтық ережесi, Үйымдық қҮрылымы, өндiрiс, қызметтiк мiндеттерi, мамандану масштабы және басқа белгiлерi бойынша ерекшеленедi. Әмiршiл-әкiмшiл экономикамен нарықтық экономиканың арасындағы принциптiк айырмашылық бәрiнен бҮрын қызметтiк, мақсаттың, мiнедеттердiң, Үйымдық қҮрылымның, тактика мен стратегияның, экономикалық қатынастардың мәнiнен және осы жүйелерге қатысты кәсiпорындардың ерекшелiктерiнен де бiлiнедi. Нарықтық үлгiдегi кәсiпорындар өздерiнiң қызметтерiнде сатып алушылардың нақты және мүмкiн қажеттiгiне бағдар Үстап, олар мiндеттi түрде сатып алынатын өнiмдi шығарады. Жоспарлау сыртқы факторларды, рыноктың коньюнктурасын нақты, және мүмкiн тҮтынушылардың талғамы мен сҮранымдарын есепке ала отырып жасалынады. Сондықтан да мҮнда өндiрiстiк процестер барынша ыңғайлы, тауарардың ассортиментi едәуiр кең болады. Әкiмшiл-әмiршiл экономика жағдайында кәсiпорын өзiнiң қызметiнде негiзiнен қатаң регламентацияны-iшкi өндiрiстiк мүмкiндiктердi және бөлiнетiн қорлар мен қаржыны есепке ала отырып, өндiрiс қажеттiлiгiн басшылыққа алып өздерi шығара алатын өнiм түрлерiн ғана Үсына алады. Сондықтан да мҮндағы өндiрiстiк процестер өте қатаң, қайта қҮруға өте қиын келедi. Тауарлардың ассортиментi өте аз өндiрiстiк қызметтiң бағыттары шамадан тыс мамандандырылған.

Жоспарлы экономикадан жаңа көпукладты экономикаға өту кезеңiне халық дайын емес едi. Әсiресе бҮл ауыл шаруашылық субъектiлерiнен көрнiс танытты. Ауыл шаруашылық субъектiлерiнiң дамуының тежеушi негiзгi факторлары мыналар: төмен материалдық -техникалық жарақтану, қажет өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақҮрылымның болмауы, қаржыландыру және жеңiлдiк несиелендiру проблемалары, жоғарғы баға, материалдық -техникалық жабдықтаудың қиыншылықтары. Ауыл шаруашылық субъектiлерiнiң көптеген басшыларының арнаулы ауыл шаруашылық бiлiмi жоқ және бiлiктi көмекке зәру (заңдық -54%, мал дәрiгерлiк қызмет-32%, агрономдық, 19 %) . Нәтижеде олардың көпшiлiгi делдалдық қызметтi қажет етедi: техника алуда-58% (ал Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша тiптi-85%), минералдық тыңайтқыштарды алуда және өнiмдi өткiзуде -35%. МҮның бәрi ауыл шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiнiң нәтижесiне керi ықпал тигiзедi. Егiн шаруашылығының жалпы мәдениетi төмен: ауыспалы егiс сақталмайды, минералдық тыңайтқыштар мен химиялық қорғау қҮралдары iс -жүзiнде қолданылмайды, сортты жаңарту жүргiзiлмейдi және тағы басқалардың себептерiнен дәндi дақылдар өндiрiсi қоғамдық секторға қарағанда ауыл шаруашылық субъектiлерiнде төмен.

Бiрқатар ауыл шаруашылық субъектiлерiнiң экономикалық жағдайы, олардан сатып алынған астық үшiн, мемлекет дер кезiнде есеп айырыспағандықтан шиеленiсе түстi.

ИнфрақҮрылым объектiлерiнiң жағдайы нашар болды.

Жоғарыда көрсетiлген таза экономикалық емес, сонымен бiрге әлеуметтiк мәндегi барлық факторлар айналып келгенде шаруа қожалықтары қызметiне де керi әсерiн тигiздi.

Осыған байланысты ауыл шаруашылығы субъектiлерiнiң тиiмдiлiгiн үш түрiн бөлiп айтуға болады: экономикалық, әлеуметтiк, экологиялық.

Экономикалық тиiмдiлiктiң басты өлшеушiсi- белгiлi бiр ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрудiң табыстылығы.

Ауыл шаруашылық субъектiлерiнiң әлеуметтiк тиiмдiлiгi- ауыл шаруашылық еңбеккерлерiнiң демографиялық және әлеуметтiк жағдайларымен анықталады.

Ауыл шаруашылық субъектiлерiнiң экологиялық тиiмдiлiгi- олардың ауылшаруашылығы жерлерiнiң, су және жел эрозиясына қоршаған орта мен елдi мекендердiң жағдайына әсер етуiмен анықталады.

  1. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының дамуы

Ауыл шаруашылығы -Қазақстанның агроөнеркәсiптiк кешенiнiң басты саласы. Ол егiншiлiк пен мал шаруашылығы салаларынан тҮрады.

Егiншiлiк Қазақстанның аграрлық секторындағы iрi сала. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердiң республикадағы көлемi 222 млн. гектардан асады. Ауыл шаруашылығы жерлерi: жыртылатыны (31, 9 млн. га), шабындық (5, 1 млн. га) және жайылым (182, 3 млн. га) қҮрайды.

Егiс алаңдары қҮрылымы Қазақстанда өсiмдiк өсiрудiң негiзгi салалары- дәндi дақылдар өндiру мен жемiс өндiрiсiнен тҮрдаы.

Республикамыздың агроөнеркәсiп кешенi үш сферадан қҮралған:

  1. Қор шығаратын. Машина жасау, микробиологиялық және химиялық өнеркәсiппен айналысады. Агроөнеркәсiп үшiн машина жасаумен Павлодар трактор зауыты, Ақмола эрозияға қарсы техника шығару өндiрiстiк бiрлестiгi және ″Манкентживмаш″, ″Актюбсельмаш″ пен Мамлют машиина жасау зауыттары мал шаруашылығы үшiн машина өндiредi. Химиялық өнеркәсiп саласында Жамбыл және Ақтөбе облысындағы кәсiпорындар минералдық тыңайтқыштар өндiредi.
  2. Ауыл шаруашылығы. Республика агроөнеркәсiп кешенiнiң екiншi сферасы. Экономикалық реформалардың басында 2200 кеңшар, 406 Үжымшар жҮмыс iстедi.
  3. Дайындау сақтау және тағы басқа қызмет көрсетулер. Қазақстан агроөнеркәсiп кешенiнiң үшiншi сферасы- тамақ, ет-сүт және Үн-жарма өнеркәсiбi кәсiпорындарынан, дайындау, сақтау, сондай-ақ ауылшаруашылығын өндiрiстiк -техникалық, транспорттық, агрохимиялық, мал дәрiгерлiк-санитарлық және суландыру жөнiнен қызмет ететiн кәсiпорындар мен Үйымдардың жүйесiнен және агроөнеркәсiп кешенiнiң басқа да салаларынан тҮрады.

Мал шаруашылығының маңызды салалары - қой, iрi қара мал, шошқа, қҮс, жылқы және түйе шаруашылығы. Табиғи мал азықтық жерлер ауыл шаруашылығына жарамды жерлердiң 80 %-iн қҮрайды. Көктемгi- күз жайылымдары 65 млн. гектар жердi алады. Оңтүстiк, Оңтүстiк - шығыс, батыс қҮмды бедемдерiнде орналасқан. Жазғы жайылымдар 44 млн. гектардай, Орталық, Солтүстiк, Батыс- Қазақстанның далаларында, lле, Жоңғар Алатауларының альпiлiк шалғындарында дамыған. Қысқы жайылымдар 32 млн. гектар, сусыз, қарсыз шөл аймақтарда дамыған.

Қой әртүрлi табиғи ортаға бейiмделген және Қазақстанда бiрнеше түрлi тҮқымдары өсiрiледi. Биязы және жартылай биязы жүндi қойлар жем- көпке талғампаз келедi. Қылшық жүндi қойлардан ет-май бағытындағы едiлбай тҮқымы кең тараған. Қазақстан ғалымдары биiк таулы альпiлiк және субальпiлiк шалғынды пайдалану үшiн арқар-меринос тҮқымын бағады.

Қой мен еттi мал өсiру үлесiне Қазақстандағы ет өндiрiсiнiң 65%-i тиесiлi.

Республиканың аграрлық секторында көп жақты экономиканы қалыптастыруға бағытталған, меншiктiң және шаруашылық жүргiзудiң бiрнеше түрiне негiзделген тамыры терең әлеуметтiк -экономикалық өзгерiстер жүзеге асып жатыр. Сонымен қатар, ғылыми негiзделген аграрлық саясаттың болмауы, ауылдағы халықтың нарықтық қатынастарға тезiрек бейiмделе алмауы және басқа факторлар ауылшаруашылық эканомикасының дамуына терiс әсерiн тигiзедi. Егiстiк жер көлемi қысқаруда, ауылшаруашылық өндiрiсiнiң қҮлдырауы жалғасуда. Ауыл шаруашылық кәсiпорындарының қаржы жағдайы нашарлауда, соның салдарынан саладағы материялдық - техникалық база қысқарып, Үдайы өндiрiс процесi нашарлауда.

Экономиканың басқа салаларына қарағанда ауыл шаруашылығының өзiндiк ерекше сипаты бар, сондықтан өнеркәсiп өндiрiсiнiң ерекшелiктерiн есепке алып жасалған тиiстi аграрлық саясат керек. Осындай ерекшелiктердiң себебiнен дамыған елдерде аграрлық секторға мемлекеттiк қолдау үнемi жүзеге асырылып отырады.

Елiмiздiң аграрлық секторында мемлекеттiк реттеудiң жоқытығынан қиын жағдай қалыптасты. Өнiмдi өңдейтiн және сақтайтын кәсiпорындар жекешелендiру болып өткеннен соң өздерiнiң монополиялық жағдайын пайдаланып, ауылшаруашылық өнiмдерiнiң сатып алу бағасын төмендеттi, ауылшаруашылық өндiрiс экономикасына сөйтiп зиян келтiрдi. Өздерiн шикiзат базасының қысқаруына алыв келедi, соның салдарынан элеваторлық қойма сыйымдылықтарын толтыру, олардың қуатының 17-18 пайзына дейiн ет өңдейтiн кәсiпорындарда 15 %, сүт өңдейтiн кәсiпорындарды 28 % жемiс консербiлерiн жасайтындарда 10-15 пайызға дейiн-ақ болады. Өңделген өнiм бағасы шикiзат бағасынан 3-4 есе асып түседi. Бiрiншi және жоғары сорт Үнның 1 тоннасы 20 мың тенгеден 30 мың тенге аралығында сатылады. Ал бидайдың 1 тоннасы 7, 1-8, 0 мың тенге мөлшерiнде.

Кесте 1

Ауылшаруашылық өнiмдерi және оларды өңдеу арқылы алынған өнiмдердiң бағасы (1тоннаға-тенге) :

Ауыл шаруашылығы өнiмi: Ауыл шаруашылығы өнiмi
Сату бағасы (тенге): Сату бағасы (тенге)
Өңделген өнiмдер: Өңделген өнiмдер
Өңделгеннен соң сату бағасы (тенге): Өңделгеннен соң сату бағасы (тенге)
Ауыл шаруашылығы өнiмi: Бидай
Сату бағасы (тенге): 7820
Өңделген өнiмдер: Үн
Өңделгеннен соң сату бағасы (тенге): 20010-3
Ауыл шаруашылығы өнiмi: Ет, (тiрiдей салмақ) бойынша
Сату бағасы (тенге): 60900
Өңделген өнiмдер:

Сиыр етi

қой етi

Өңделгеннен соң сату бағасы (тенге):

200100

25

Ауыл шаруашылығы өнiмi: Сүт
Сату бағасы (тенге): 18130
Өңделген өнiмдер: Сүт өнiмi
Өңделгеннен соң сату бағасы (тенге): 25000-35000

Ауыл шаруашылық өнiмдерi оны өңделгеннен соң алынатын өнiмдердiң бағасын, өндiру және өңдеуге жҮмсалатын шығынға сайма-сай реттеу, бҮл салаларда қалыпты жағдайда Үдайы өндiрiс процесiн Үйымдастырудың экономикалық негiзiн жасаса болар едi.

Есеп көрсетiп отырғандай реттемелi баға мына мөлшерде болуға тиiс:

бидайға-11520 тенгеден 15120 тенгеге дейiн;

етке -7 тенгеден-82250 тенгеге дейiн;

сүтке- 3 тенгеге дейiн.

Осы Үсынылып отырған бағаны аталған өнiмдер түрiне байланысты сатуды Үйымдастыру, оларды өндiру (рентабельдiлiгiнiң) тиiмдiлiгiн 25-70 пайыз көлемiнде қамтамасыз етер едi.

Кесте 2

Бағаны реттеген кездегi өнiмдердiң негiзi түрлерiн өндiрудiң есеп бойынша тиiмдiлiгi.

Өнiм: Өнiм
Өзiндiк қҮн 1т/тенге: Өзiндiк қҮн 1т/тенге
Реттелмелi баға 1т/тенге: Реттелмелi баға 1т/тенге
Рентабельдiлiгi, %: Рентабельдiлiгi, %
Өнiм: Астық
Өзiндiк қҮн 1т/тенге: 7500-9150
Реттелмелi баға 1т/тенге: 11520-15120
Рентабельдiлiгi, %: 25-100 дейiнгi
Өнiм: Ет
Өзiндiк қҮн 1т/тенге: 29520-75010
Реттелмелi баға 1т/тенге: 7-82250
Рентабельдiлiгi, %: 170дейiн
Өнiм: Сүт
Өзiндiк қҮн 1т/тенге: 15000-25500
Реттелмелi баға 1т/тенге: 25000-3
Рентабельдiлiгi, %: 40 дейiн
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама жайлы ақпарат
Мемлекеттің қаржылық жоспарлары
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
Ақмола болысының іргетасы
Оңтүстік Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи территориялары
Ауыл шаруашылығы саласы
Батыс Қазақстан экономикалық, ауданындағы халықтың қоныстануына әсер ететін физикалық - географиялық жағдайлар
Ауыл шаруашылық саласында маркетингті қолдану
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Шардара су қоймасында балық шаруашылығын дамытудың облыс экономикасындағы орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz