Орталық Қазақстан түсті металл кен орындарының қазіргі жағдайы және оларды толық пайдаланудың мәселелері


Мазмұны
Реферат 3
Кіріспе 4
Негізгі бөлім:
І тарау. Түсті металл кен орындарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалаудың теориялық негізі және әдістері
- Жер қойнауын пайдаланудағы ренталық
қатынастар мен баға 6
1. 2. Бағалаудың басқа да түрлерімен экономикалық-географиялық бағалаудың байланысы және ерекшеліктері 16
1. 3. Түсті металл кен орындарын бағалау әдісі 26
ІІ тарау. Орталық Қазақстан түсті металл кен орындарының
қазіргі жағдайы және оларды толық пайдаланудың мәселелері
2. 1. Орталық Қазақстан экономикалық ауданымен оның түсті металл кен орындарына экономикалық-географиялық сипаттама 34
2. 2. Кенді толық пайдаланудың қазіргі жағдайы 54
2. 3. Көп компонентті түсті металл кен орындарын пайдаланудың экономикалық-географиялық мәселелері 59
ІІІ тарау. Орталық Қазақстан түсті металл кен орындарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау және олардың ренталық төлем шамаларын анықтау
3. 1. Бағалауға қолданылатын деректер 63
3. 2. Кен орындарды экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау және ренталық төлем шамаларын анықтау 64
3. 3. Орталық Қазақстанның экологиясын сауықтырудағы төлемдердің рөлі 65
Қорытынды 75
Пайдаланылған әдебиеттер 78
Реферат
Бакалаврлық бітіру жұмысының тақырыбы “Орталық Қазақстанның түсті металл кен орындарын экономикалық - географиялық тұрғыдан бағалау”.
Жұмыстың негізгі мақсаты:
Орталық Қазақстан түсті металлургия кәсіпорындарының шикізат базасын сол ауданның табиғи - экономикалық жағдайын ескере отырып бағалау.
Жұмыстағы ІІІ тарауға 2 карта - схема, 11 кесте қосылған жалпы көлемі 79 бет.
Түйінді сөздер:
Табиғат ресурстары, пайдалы қазбалар, кен байлығы, шикізат қоры, кен орны, баға, бағалау, тиімді пайдалану, рента, пайда, кіріс, шығын, шығынның жоғарғы деңгейі, өзіндік құн, күрделі қаржы, тиімділік, экономикалық - географиялық бағалау.
Жұмыстың жазылуы барысында 33 әдебиет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы жанындағы экономика институтының ғылыми есеп беру жұмыстары пайдаланылды.
Кіріспе
Табиғат ресурстары, оның ішінде әсіресе минералды шикізат ресурстары қоғамның негізгі ұлттық байлығы болып табылады. Бұл байлықты тиімді түрде пайдаланудан көп нәрсе, ең бастысы қоғамдық еңбектің өнімділігі артады. Сондықтан табиғат байлықтарын, оның ішінде минералды ресурстарды дұрыс тиімді пайдаланудың халық шаруашылығында маңызы зор. Қазіргі таңда республикамыз өз егемендігін алып отырғанда бұл мәселе экономикалық және заң түрінде шешілетін жалпы мемлекеттік мәселеге айналып отыр. Табиғаттың қолайлы жағдайы мен табиғи ресурстардың молдылығы өздігінен мемлекеттің немесе ауданның экономикалық гүлденуін қамтамасыз етпейтінін атап айтқан жөн. Тек қана осы ресурстарды тиімді түрде пайдаланғанда ғана қоғамдық еңбектің өнімділігінің артуына мүмкіндік береді.
Қоғамдық өндіріс тұрғысынан қарағанда минералды ресурстарды тиімді түрде пайдалану екі жақты қарастырылады. Ең алдымен табиғат ресурстары қандай да болмасын өндірістің қажетті материалдық негізі болып табылады және өте жылдам дамып бара жатқан қазіргі күннің өндірісі алуан табиғат ресурстарының түрлерін барынша көптеп, масштабты түрде игерілуін талап етеді. Мысалы, қара және түсті металлдар бола тұрмай қазіргі күннің машиналарын шығару мүмкін емес. Сондықтан жаңағы түсті металл кен орындары игерілмейінше, оларды яғни дұрыс зерттелінбейінше өндірістің мүмкін еместігі де хақ. 1 тонна мыс өндіру үшін 100 тоннадан астам мыс кен тасын, ал 1 тонна қалайы алу үшін 300 тоннадан астам кен тасын байыту қажеттілігі туындайтын ерекше ескеру қажет. Қазіргі кездегі атом, автоматика, телемеханика және электроника сияқты өте қажетті өнеркәсіп салаларының дамуы вольфрам, молибден, берилий, селен, теллур, таллий, германий сияқты металлдар өндірісіне өте тәуелді. Аталған элементтер мен жер қойнауының басқа да өнімдеріне (мысқа, мырышқа, болатқа) деген сұраныс соңғы кездерде ондаған аталған минералды ресурстар кен орындарының кең көп шоғырланған аудандарының бірі Орталық Қазақстан болып табылады.
Орталық Қазақстанның минералды ресурстары ішінде әсіресе түсті металл кендерін географиялық орналасу жағдайына байланысты экономикалық тұрғыдан дұрыс бағалаудың мәнісі зор. Соған орай осы дипломдық жұмыста Орталық Қазақстанның түсті металл кендерін экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау қарастырылып отыр.
Мұнда алдымен Орталық Қазақстанның кен байлықтарын экономикалық-географиялық сипаттау барысында ауданның географиялық орналасу жағдайы мен оның территориясындағы табиғи ресурстарға негізделген шаруашылық салаларына жеке тоқталып, олардың қалыптасу тарихы мен бүгінгі хал-ахуалына мінездеме беріледі. Аталмыш ауданда орналасқан кен байлықтарының түрлері, кен орындарының дәл координаталары картаға түсіріліп, олардың қазіргі күнгі әрқайсысының баланстық қоры есептелінеді.
Басқа кен байлықтарының ішінен түсті металл кендерінің кен орындарына жекеше тоқталынып әрқайсысына берілген мінездеме дипломдық жұмыс барысында ескеріліп отырылды.
Орталық Қазақстанның түсті металл кендерін пайдалану мәселелері және оларды бағалау әдістері жайындағы тарауда кендерді игеріп жатқан кәсіпорындардың қазіргі нарықтық экономиканың заңдылықтарынан туындайтын негізгі күрделі проблемалары жайында айтылады және кен көзін экономикалық тұрғыдан бағалаудың бұрыннан қолданылып келе жатқан әдістеріне талдау жасалады. Яғни кен көзін экономикалық тұрғыдан бағалаудың негізінде дифференциялдық жер рентасын табудың жолдары (халық шаруашылығы тұрғысынан және шаруашылық есеп тұрғысынан бағалау арқылы табу) қарастырылады.
Нарықтық экономикаға көшуге байланысты кен көзін экономикалық тұрғыдан бағалап жүрген әдістерге өзгерістір енгізуде озық капиталистік елдердің ғалымдары ұсынып жүрген әдістердің біразы берілді.
Дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес оның мағынасын, нәтижесін нақтылы дәлелдермен ашып көрсетуде түсті металл кендерін экономикалық тұрғыдан бағалауға сол кендерді пайдаланып жатқан кәсіпорындардың техникалық-экономикалық көрсеткіштері көрсетіліп, бағалауға қолданылатын деректер беріледі. Осы деректерді пайдалана отырып Орталық Қазақстанның түсті металл кендерін экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау жүргізіледі. Бағалаудың нәтижелері келтірілген мысалдардан айқын көрінеді.
Жалпы алғанда бір ауданда орналасқан табиғи ресурстардың жеке түрлерін (кен, жер, орман, су т. б. ) экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалаудан кейін, сол аудандағы табиғи ресурстардың шоғырын бағалап, оның өнеркәсіпке, сайып келгенде жалпы халық шаруашылығына тигізетін әсерін, яғни тиімділігін анықтау эконом-географтардың негізі бір кәсіби міндеті болуға тиіс.
І тарау. Түсті металл кен орындарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалаудың теориялық негізі және әдістері
1. 1. Жер қойнауын пайдаланудағы ренталық қатынастар және баға
Қазақстан республикасында нарық қатынастарына өту кезінде теориялық жағынан жиналған барлық ой-тұжырымдардың ең ұтымдылары, баға қалыптастырудың әлемдік тәжірибиедегі ең қолайлылары алынып, оларды ұлттық экономикадағы ерекшеліктерді ескеру арқылы отандық баға өзгерісінің қайта құрылуында шығармашылықпен жетілдіріліп пайдаланылуы тиіс.
Дамыған елдердегі баға реттеудің әдістемелік тұстары мемлекеттік ұйымдардың бағаның жалпы негізін, әдісін және мөлшерін белгілеу арқылы жүргізіледі. Стратегиялық және тактикалық сұрақтарды шешумен қатар мемлекеттік ұйымдар ұлттық экономикада маңызды орынға ие тауар мен қызмет көрсетуге баға белгілеуді өздерінің міндетті іс деп қарауы тиіс. Тікелей баға белгілеу және оны реттеу мен бірге мемлекеттік ұйымдар бағаға бақылауды да іске асырады. Аралас экономикадағы дамыған елдерде жалпы өндірілетін өнімнің 10-30 %-і баға өзгерісінің үлесіне тиеді.
Қазақстанның экономикасында болып жатқан өзгерістер, көптеген нормативті документтердің енгізілуі баға өзгерісі жүйесінде жаңа қайта құруларды қажет етеді. Баға өзгерісін экономикалық басқаруда тетік ретінде түбегейлі жаңа бағыттар қажет. Елдер арасында, мемлекет ішінде сауда қатынастары мен әр түрлі тауар айналымдары бағасыз мүмкін емес болар еді. Сондықтан да баға өндірісті басқаруда реттеуші құрал, тиімді тетік болып есептелінеді. Бағаның көмегімен өндірістің экономикалық нәтижелері анықталады, жалпы мемлекеттік деңгейде маңызды құндылықтардың тепе-теңдіктері қабылданады, ұлттық табыс бөлінеді, салааралық қаржы мәселесі шешіледі. Нарықтық экономика жағдайында баға өндірісті реттеуші және табиғатты әсіресе жер қойнауын пайдалануда нарықтық механизмнің қозғаушы элементі болып табылады.
Бағаның көптеген түрлері оның пайдалану құндылығына байланысты анықталады. Ол табиғи ресурс, оның жағдайы және алғашқы өңдеуден басталып, тұтынушыға берілетін дайын өнімді алумен аяқталады. Бірақ бұл бағалар локальды (мысалы: цехтік), аймақтық (аудан, облыс) және мемлекеттік (ұлттық) деңгейлерде белгіленуі мүмкін. Ол кезде өнімге кеткен шығын, оған деген сұраныс, жасалатын қызмет, жаңалылығы, дефициттілігі және тағы басқа өндірілістің өнімнің қасиеттері ескерілуі керек. Табиғат ресурстары және табиғат пайдалану салаларының өніміне баға белгілеу экономика ғылымымен шаруашылық тәжірибиесінің басты мәселесі ретінде дүниежүзі ғалымдарының назарын соңғы бірнеше ғасыр бойы өзіне аударуда.
Экономика ғылымындағы баға өзгерісі жүйесінде екі түрлі көзқарас бар. Олар құндылықтың еңбек теориясы кейде оны “шығын” теориясы деп те атайды. Бұл теория бойынша тауарлардың бағалық қатынасы оның құндылығын анықтайды, ал құндылық абстрактілі еңбектің шығын мөлшерімен анықталады. Шекті кіріс теориясы бойынша заттың құны оның пайдасының мөлшерімен анықталады. К. Маркстің құндылық теориясы жоспарлы экономика және социалистік экономика жолдарымен дамитын елдерде баға белгілеуде негіз болуда. Осы К. Маркстің теориясының негізінде баға өзгерісінің әр түрлі өзгеруі, жоспарлы экономиканың жұмыс істеуде жүзеге асады. Соның ішінде қосымша баға көлемін белгілеу сияқты әдістер ұсынылуда. Жоспарлы экономиканың жұмыс істеуі барысында баға өзгерісі төмендегідей өзгеріп отырады.
Өзіндік құн негізіндегі баға. Бұл әдістің мән мағынасын өздерінің жұмыстарында Д. Кондрашев, Л. Лайзенберг, В. Первушин және тағы басқалары қорғады. Олар өзіндік құндағы орташа салалық табыс көлемін пайыз (әдетте 3-5 %) есебінде анықтады, яғни
Б = Ө орт +(0, 3-5, 0 %), Ө орт = С+V ср +% (С с + V ср ) (1)
Келтірілген шығын негізіндегі баға. Бұл баға өзгерісінің негізін қалаушы экономистер Л. Вааг, С. Захаров, Ю. Яковец және тағы басқалары. Олардың ұсынуы бойынша өнімнің өндіріс бірлігінде келтірілген шығынның белгілі пайызы мен табыс көлемі шығарылады, бұл баға формуласы төмендегідей болады:
Б = (С р +Е н К ср ) + %(С ср + Е н К ср ) = (С с + V ср + Е н К ср ) + %( С с + Е н К ср ) (2)
Өндіріс бағасын жақтаушылар З. Аплас, И. Молышев, В. А. Белкин және тағы басқалары бағаны өндіріс құралына және өндіріс өніміне қажет ақыға кететін шығын деп анықтауды ұсынған математикалық түрде болады:
Б = С ср +Р ср +К ав = С с + V ср +Р ср К ав (3)
Құндылық деңгейдегі баға негізін белгілеуде С. Струмилин, Я. Конрад, А. Пробст және тағы басқалары ат салысты. Осы әдіске сай әр тауар бағасы Б = С с + V = С с + V + % V (4) бойынша анықталады, яғни табыс түрі еңбектің түрі орташа көлемімен анықталады.
Шеткі шығын базасындағы баға әдісін К. Пожарицкий, В. Новожилов, Н. Федоренко және тағы басқаларының ұсынуында табиғат пайдалану проблемаларын ұсынуда экономикалық- математикалық әдістерді пайдалану негізінде болуда. Аталған авторлардың ұсынысы математикалық түрде
Б = С мах +М = С смах +V мах + % (С мах + V мах ) (5) келіп тұйықталады.
Бұнда баға өзгерісінің негізінде өндірістің орташа нормативті,
шеткі шығынды шарт бойынша ақша төлеу қабілеттілік сұраныс істеуін ескеріп жасау керек. Осыған ұқсас ой-пікірді “Тиімді жоспар бағасының” және “Шеткі мүмкін болатын шығын деңгейіндегі бағаны” жақтаушылары ұсынуда.
Жоғарыда келтірілген математикалық өрнектер мағыналары төменде келтірілген:
Б- дайын өнім бағасы, теңге.
Ө орт - өнімнің орташа салалық өзіндік құны, теңге.
Е н - негізгі қорлардағы тиімділіктің нормативті коэффициенті, үлес бірлігі.
К орт - ақша қаражатын жұмсаудағы үлестің орташа деңгейі, теңге.
С с , V ср - орташа шығын, сәйкесінше жүзеге асушы еңбек, теңге.
С мах - ең нашар кәсіпорын өнімінің өзіндік құны, теңге.
Р орт - табыстың орташа мөлшері, теңге.
К ав - алдын-ала ақша алу қаражаты, теңге.
Жоғарыда ұсынылған әдістер бір-бірінен шығын мөлшерімен, оның элементтерімен ерекшеленеді. Тек соңғы шеткі шығын деңгейінде баға белгілеу пікірін жақтаушылар ғана белгілі бір шарт бойынша ақша төлеу қабілеттілік сұранысына қажетті максималды мүмкін деңгейлерін жалпы қоғамдық керек шығындар деп есептейді. Осы жағынан бұл баға өзгеріс концепциясы игіліктің шектеулілігі жақын келеді де сұраныс пен ұсыныс сәйкестігінде болады.
Кадастрлі, шектеулі, шекті, лимитті баға мәселелері ғылыми әдебиет беттерінде көп талқыланған. Бұл мәселе нарықтық экономикаға өтуде, ең бастысы табиғат ресурстарын экономикалық бағалауда орын алуда. Ол авторларының ойы бойынша табиғат ресурстарының ішінде жер қойнауы ресурстарын пайдалануға шекті шығын сол тауардың бір данасын шығаруға кететін шығынның жоғары деңгейін көрсетуі тиіс. Белгілі бір өнімнің түріне шекті шығын оған сәйкес шеткі баға бірдей болуы керек. Ол бағалар ең бастысы табиғат ресурстарын экономикалық бағалауда, оларды пайдалануда қарама-қарсы көзқарастардың жүйесін қалыптастыру үшін керек. Белгілі америка экономисі П. Самуэльсон жазғандай, игіліктер бағасы шеткі шығынға тең болғанда ғана технологиялық білім және ресурстардан экономика максималды түрде барлық мүмкіншіліктерін ала алады. Себебі шеткі шығын арқылы қандай да болмасын институционды ортада тиімсіздігін анықтауда қолданылуы мүмкін.
Өткен ғасырда Маркс пен Энгельс тауар, баға, еңбек жайлы талдауларының абстрактты кезеңінде тауар құнын тек оған жұмсалған еңбек арқылы ғана бағалау жеткіліксіз, яғни еңбек шығыны оның нәтижесін-тауардың тұтынушылық бағасын-құндылығын көрсете алмайды деді. Сол кезеде-ақ тауар бағасының екі түрі сипаты жайлы ойлары болған, бірақ талдауларының абстрактілі кезеңінде бағаның екі түрлі сипатын соңына дейін аша алмады. Оны дәлелдеу үшін тауар өндіруде негіз болатын объективті экономикалық заңдылықтарды табу керек болды.
Жеке адам мен қоғам үшін өндіруші күштердің дамуы ең соңында екі негізгі заңдылыққа келіп тәуелді болды. Ол уақытты үнемдеу заңы және қоғамдық қажетті уақыт шығынының бірлігімен тұтынушы құнының өсу заңына, содан соң тұтынушы құны мен құндылық заңының бір-бірімен әрекеттесуіне тәуелді. Бұл екі объективті экономикалық заңдылықтардың жұмыс істеуі-баға өзгерісінің негізгі процессі болып табылады. Жоғарыда аталған фокторлардан басқа ұсыныс пен сұраныс заңы, ақша айналыс заңы, нарық монополизациясы және т. б. баға өзгерісіне тікелей өзгерісін тигізеді. Баға өзгерісі теориясында шығынды, субъективті маржинальды, классикалық синтез сияқты үш негізгі бағытты бөлуге болады. Шығынды бағыт негізгінде баға өзгерісінің еңбек құндылығының теориясы болуда. Ол теория шегінде құндылықтың қалыптасуы өндіріс ортасында пайда болды делінуде. У. Джевокс, К. Менгер, Л. Вольрастардың еңбектерінің көмегімен субъективті маржинальды (шекті) бағыттың негізгі шекті қажеттілігінен құралады. Бұнда ең бастысы белгілі бір тауарға деген тұтынушының қажеттілігі болып саналады.
Шекті шығын теориясының ерекшелігі жоғарғы деңгейдегі абстрактілігі, соның нәтижесіндегі қолданбалы нәтижелер алуда кедергі болуда. Баға өзгерісі тұрғысынан теорияның басты өзгешелігі, құн мен баға қалыптасу процессі өндіріс ортасынан айналым ортасына ауысады, яғни сұраныстың абсолютизациясы жүзеге асады. Баға өзгерісінде жаңа жаңа классикалық бағыттардың пайда болуы ағылшын экономистері А. Маршалдың маржинальды теориясын өңдеумен байланысты. Бағаның бұл маржинальды үлгісінде ұсыныс пен сұраныс өздерінің тәжірибиелік көрінісін тапты. Сол үшін де бағаның маржинальды теориясы фирма ішілік баға өзгерісінде көбірек қолданбалы мағына береді. Қазір әлемдік тауар базарында қолданылатын ғылыми негізделген баға өзгерісінің әдісін ұстану керек. Ол әдістер тауар түріне байланысты әр түрлі болады. Ең күрделі және ең дұрыс әдіс деп әлемдік базардағы тауардың қажеттілігіне қарай бағасын анықтау болып табылады. Әлемдік баға - дегеніміз бұл баға бойынша ірі импорттық, экспорттық істер жүргізіледі. Баға деңгейін анықтауда ең әділ, дұрыс белгі болып нақтылы келісімдер бағасы, биржалық баға белгілеу, импорт пен экспорттың орташа бағасы арқылы анықталады. Әлемдік баға әр елде болып жатқан ұдайы процесстермен және әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп отырады. Бірақ бұл факторлардың ішінде негізгісі болып өндіріс шығындары мен әлемдік базардағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік. Ең негізгі заңдылық дайын өнімге шығын шикізатқа қарағанды көп кетеді. Дәл осы жағдайға қарап дайын өнімге нақтылы баға өзгерісін және шикізатқа деген бағаның өзгермелі қозғалыс болуын талап етеді. Әлемдік бағаға ұсыныс пен сұраныстың әсер ету ауқымы базарлардың бәсекестігіне байланысты. Осы тұрғыдан екі түрлі баға болып бөлінеді. Ол “еркін базар” әр кез ұсыныс пен сұраныс сәйкестігіне, тепе-теңдігіне тәуелді болады, және “тұйықталған базар” алушы мен сатушы арасында қалыптасады да ұсыныс пен сұранысқа тәуелді болмайды.
Нарықтық экономикада мемелекеттік органдар мен коммерциялық құрылымдар қолданылатын баға саясатының әр түрлі варианттары белгілі. Ал тау-кен өндірісі салаларының өнімдеріне баға белгілеуде дифференциалды тау-кен рентасы сияқты баға атрибуты (бөлінбес бөлшегі) ескеру керек. Тау-кен рентасы арқылы, кен қазбаларының құндылық бағасы, географиялық орналасуы, қазып алудың тау-кен және геологиялық жағдайлары, жер қойнауынан алынатын табиғи шикізаттың сапалық мінездемесі анықталады.
Минералды шикізат кешеніндегі өнімдердің баға өзгерісіндегі түбірлі өзгешелігі, өнімді қазып алу кезіндегі құны, нақтылы еместігі, себебі ол өнімнің қолданылуына тікелей байланысты. Өнімнің өзіндік құны бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорында орташа есеппен 10 есе өзгеріп отырады. Осы кезде минералды шикізат ресурстарының өнімдеріне баға белгілеуде дифференциалды жер және тау-кен ренталары жайлы сұрақ туады. Тау-кен рентасының сұрағы дифференциалды жер рентасының түрі ретінде әлі күнге дейін талқылануда. Ол проблеманың әр түрлі аспектілерін зерттеуге көптеген жұмыстар жасалған (1, 2, 3, 4 және т. б. ) . Талқыға түсетін негізгі сұрақтар дифференциалды тау-кен кірісі (қосымша кіріс ретінде) тау-кен рентасына өзгеретіндей, ауысатындай әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың бар жоқтығы, мемлекет пен тау-кен өндірісі кәсіпорындарының арасындағы ренталы, дифференциалды табысты бөлуі оған баға беруі және анықтауы.
Дифференциалды рентаның бар болуына қарсы академик С. Г. Струмилин “Жоспарлы экономика жағдайындағы еңбектің таптық қаналуының болмауына қарай қосымша баға соның ішінде жер рентасы элементтері де жойылады. Жердің әр түрлі учаскелерінің дифференциалды рентабельділігі сақталады, ол дифференциалды рента болмайды, өйткені қолданыстағы барлық жерлердің орташа бағасы құндылық заңдылығы бойынша, яғни олардың әр түрлі учаскелеріндегі еңбектің орташа шығынының орны толып отырады” деп жазды. (8)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz