Жоғарғы сыныптың қыз балаларын еңбек сабағында ұлттық нақыштағы салтанатты көйлегін тігуді үйрету


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Аннотация

Кіріспе

  1. Көшендік бөлімСәнге бағыттамаҮлгіні таңдауҮлгіге сипаттамаКөйлектің даму тарихы
  2. Техникалық ұсыныстарМата таңдауТаңдалған үлгіге қойылатын талаптарМата үлгілері
  3. Конструктивтік бөлімБұйымға берілген өлшемдерБұйымға берілген қосымшаларБұйым сызбасының есептеріБұйымның алғашқы сызбасыБұйым сызбасының ерекшелігіБұйым бөлшектерінің спецификациясы. Тігіске берілген ен
  4. Технологиялық бөлімТехнологиялық тізбектілікНегізгі түйіндердің өңделуіне технологиялық карта жасау. Құрал-жабдықтарды таңдау және тиімді өңдеуді таңдау. Ылғалды-жылу өңдеуді таңдау. Үлгіні мата бетіне орналастыру.
  5. Экономикалық бөлім
  6. Қауіпсіздік ережесі
  7. Қорытынды
  8. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

“Еңбек - өнер өрісі, өнер - өмір жемісі”

(Халық мақалы)

Еңбек пен өнер егіз, алөнердің қай түрі болмасын қажымай, талмай еңбектенуді талап етеді.

Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек, рухани жан дүниесі бар, халқын сүйген ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі болады.

ХХІ ғасыр өркениет дамуының кезеңі. Адамзат дамуының жаңа кезеңіне жаңа білім беру жүйесі, жаңа оқыту жүйесі, жаңа білім беру философиясы және жаңа білім үлгісі сай келуі тиіс.

Кәсіби еңбек арқылыбілім беру жас жеткіншектердің мектеп қабырғасында ұлттық мәдениеттің нәрінен сусындауға, озық дәстүрлер мен салт-саналары, тәлім-тәрбие шектеліп қоймай ол халық даналығының қазынасымен сабақтасып жатыр. Халқымыздың ғасырлар бойы қолдаған озық тәрбиесінде негізгі түйін сыннан өткен салт дәстүрін педагогикалық тәжірибеге қолдану. Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның озық үлгілерін кәсіби білім беруде пайдалану ұрпақ тәрбиелеуде зор ықпалын тигізері даусыз. Еңбек пәні мұғалімінің осы бағытта оқытуы еңбекке тәрбиелеу жұмысының негізі болып табылады. Білім беру, тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін, қабілетінің дамуы сабақтың басты мақсаты болып табылады.

Еңбек пәні оқушылардың іскерлігі мен ой-өрісін ғана өсіріп қоймай, оның адамгершілігін, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, рухани сезімін байытады.

Қоғам талабына сай біліммен білімді адамдар мәселесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Оқушылардың адамгершілік тәрбиесін жүзеге асыру, эстетикалық іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелерін зерттеген А. П. Сейтешев болса, болашақ еңбек пәні мұғалімдерінің даярлығы бағытындағы С. Жолдасбекова, Ұ. М. Абдіғаппаровалардың ғылыми-зерттеу еңбектерінен көруге болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - жоғарғы сыныптың қыз балаларын еңбек сабағында ұлттық нақыштағы салтанатты көйлегін тігуді үйрету арқылы шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру, яғни өз бетімен жұмыс істеуге баулу, оларға еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру, ғылыми-техникалық өрлеу талаптарына сәйкес қоғамдық пайдалы еңбекке даярлау.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • Ұлттық нақыгтағы көйлектер жайлы теориялық мағлұмат беру;
  • Әр түрлі сұлбадағы көйлектер эскизін, матасын таңдау;
  • Қажетті өлшемін, есебін, сызбасын орындау;
  • Тігілудің тиімді әдісін, құал-жабдығын таңдау;

Дипломдық жұмыстың жаңалығы:

  • Қынамалы сұлбадағы күрделі үлгідегі көйлектің жаңаша түрі және матасы қарастырылды;
  • Көйлек өрнектерінің орналасуы және безендірілуі қарастырылды;
  1. Көшендік бөлім

Қазіргі заманғы костюмді құрастыру және модельдеу - көркем сурет шығармашылығына жатады. Ал кез келген көркем сурет шығармашылығында көшен маңызды орын алады.

“Композиция”, яғни көшен сөзі латынның “composіtіo” сөзінен шыққан. Ол жалпы алғанда “құрастыру, біріктіру, байланыстыру ” деген мағынаны білдіреді.

“Костюм көшені” ұғымның астарында костюм бөліктерінің барлығын бүтіндікке келтіру жолы жатыр.

Жақсы сәтті ойластырылған киім көшенінде артық қосып-алар ештеңе болмйды. Кейде тіпті дизайнерге киімнің бүтіндігін сақтап қалу үшін костюмнің әдемі бір бөлігінен бас тартуға тура келеді.

Киімнің қарапайым түрлерін адамдар палеолит кезеңінде-ақ пайдалана бастаған. Киім формасының дамуында неолит кезеңінде сапалы секіріс жасалды. Осы кезде тоқу, яғни жіп пен матаның пайда болуы байқалады.

Киім - бұл адам денесін қоршаған ортаның әр түрлі әсерінен (ыстық, суық және ылғалдан, шаң-тозаңнан, т. б. ) қорғап тұратын және өсімдіктектес, жануартектес немесе жасанды жолмен тоқып шығарылған маталардан тігілген бұйым немесе бұйымдар жиынтығы.

Сонымен қатар киім адамның материалдық мәдениетінің бір элементі болып табылады. Ол адамзат қоғамының экономиканың, техниканың мәдениетінің өзіндік ерекшелігін, оның дәстүрін, эстетикалық талғамын айшықтай түседі.

Киім бір уақытта бірнеше роль атқарады: қорғаныштық, яғни адам ағзасының қалыпты күйін сақтайды, әлеуметтік, яғни тұлғаның қандай дабір әлеуметтік немесе кәсіптік топқа жататындығын анықтайды;

Ұлттық, яғни халықтың көркемдік дәстүрінің көрсеткіші ретінде; эстетикалық, яғни адамның бет-бейнесін белгілі бір кезеңнің эстетикалық идеалға жақындату, әсемдеу, көріктендіруі болып табылады.

“Киім” ұғымын кең түрде алып қарастыратын болсақ, бас киімдер, аяқ киім т. б. көптеген бұйымдарды жатқызуға болады.

Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде жалпы еуропалық киім қабылданған соның ішінде - әйелдерге - көйлектер, белдемшелер. Осы аталған киімдерді негізге ала отырып, әлеуметтіку, географиялық және экономикалық ерекшеліктері ескерілген түрлі формалар ойлап шығарылды. Жалпыеуропалық киіммен қатар, ұлттық киім үлгілері үлкен сұранымға ие.

Ғылым өндірістік бірлестік іріктеуі бойынша киімдер екі үлкен топқа бөлінеді.

Таңдалған модель тұрмыстық киім тобына жатады, соның ішінде әлемнің біркиер көйлегі болғандықтан, салтанатты киім болып табылады.

Жоғарыда арналған функциялармен қатар, костюм адамның ішкі жан дүниесінен де біраз мағлұмат бере алады. Біздің киген киімізге қарап, айналадағылар біз туралы дәлме-дәл анықтама беріп, мінез-құлқымыз жайлы тұжырым да жасай алады. Мұндайда “Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарап шығарып сал” деген нақыл еріксіз еске түседі.

  1. Сәнге бағыттама

“Моданы тұрақсыздығы үшін үнемі сынға алуға болады. Тіпті оның ағысын тоқтатуға талпынуға да болады. Бірақ ол, ең алдымен өзіміздің кедейлігімізге әкеліп соқпай ма? Біздің айналамыздың барлығы әрқашан өзгерісте болады ғой. Ешқандай ұсыныстар, көрсеткіштер, бұйрықтар немесе басқа да мода-көрсеткіштер, бұйрықтар немесе басқа да моданы “қатырып тастауға” бағытталған іс-әрекеттер, оның бағытталған жылдамдығын тоқтата алмайды”.

В. Зайцев “Такая изменчивая мода …”

Мода тек костюм дамуының маңызды факторы болып қана қоймайды, ол бүтін бір қоғамның маңызды факторы. . моданы әр кезеңде, әртүрлі көзқарастар тұрғысынан зерттеді. әлеуметтік психология және психоанализ, нарықтық капитализм экономикасы және мәдениеттану - қандай жағдайда да мода адамзат қоғамының даму динамикасын анықтайтын маңызды бөлім (компонент) болып табылады.

Әр еуропалық тілде “мода” сөзіне сай сөздер бар: французша “mode”, итальяндық “moda”, немістің “Mode”, ағылшынның “mode”.

“Мода” сөзі латынның “modus” - өлшем, ереже, деген сөзінен шыққан. Моданы зерттеушілер оған төмендегідей анықтамалар берді.

Мода - әлеуметтік ақпаратты өңдеудің ерекше өлшемі, түрі, сипаты (психолог Л. Петровтың анықтамасы) .

Мода - бір топ адамның жаңашылдыққа жауап ретіндегі әсерінің типі (әлеуметтік психолог Э. Богардустың анықтамасы) .

Мода мәдениетінің барлық құбылыстарына дерлік таралады, атап айтқанда үнемі өзгерісте болатын материалдық және рухани құндылықтарға: өнер, әдебиет, ғылым (әсіресе медицина, әлеуметтану, экономика, философия), техника, саясат, идеология, спорт.

Мода тарихы костюм дамуының тарихымен тығыз байланысты болғандықтан, көпшілік мода ең алғаш киім пайда болғанда туды, яғни алғашқы қауымдық құрылыста туды деп жаңсақ пікірлер айтады. Мода әлеуметтік-қоғамдық және мәдени құбылыс ретінде одан кеш пайда болды.

Костюм тарихын зерттеуші, өнертанушылар мода ХІV ғасыр аяғы - ХV ғасыр басында туғанына сенімді.

Киімді көркемдік қабылдау белгілі бір мөлшерде оның стилдік бағытына байланысты.

Сөздіктегі анықтамаларға сүйенер болсақ, стиль сәулет өнері, бейнелеу өнері, қолданбалы қолөнерде біркелкі бейнелі - пластикалық құрылым жасайтын тұрақты және біртұтас көркемдік жүйе.

Стиль модамен тығыз байланыста бола тұрса да, өзінің тұрақтылығымен ерекшеленеді. ХХ ғасырдың атақты модельері Коко Шанель “Мода келеді, кетеді - стиль қалады!” деп айтқан.

ХХ ғасырдың модасында стильдің төмендегі бағыттары қалыптасып:

Мода тенденцияларының тоқтаусыз өзгеруіне қарамастан аталған стильдер ХХ ғасырдың әр уақыт аралығындағы киімінде өз орнын тапқан және де бұл стильдер ХХІ ғасырда да өз өзектілігін жоғалта қоймақ емес, бұл олардың дәстүрлі стильдер деп аталуына негіз болады. Дипломдық жұмыс тақырыбына неғұрлым жақын стильге фольклорлық стильге тоқталатын болсақ, бұл стиль этникалық деп те аталады.

Фольклорлық стильге жататын киімдер әртүрлі халықтардың ұлттық киімдеренің кейбір элементтерін ала отырып орындалады.

Этникалық стильмодада ХХ ғасырдың басынан бастап кең етек жайды. Ұлттық мәдениетке деген қызығушылық ұлттық өнерді зерттеудің, сақтаудың қажеттілігін түсіну негізгі себепші болған еді.

Этникалық стильде орындалға киім, ұлттық костюмде дәлме-дәл қайталануы керек.

Ұлттық киім мен қазіргі заман талабына сай киім арасындағы байланыс неғұрлым нәзік болса, соғұрлым дайын бұйым әдемі, жоғары талғамға сай болады.

Егер кеңістіктегі форманы жазықтыққа түсіретін болсақ сұлбаны алуға болады.

Силуэт - форманың жазықтықта қабылдануы. Киім дамуының ұзақ уақыты бойы сұлбаның көптеген түрлері пайда болы, бірақ олардың барлығына бірнеше негізгі түрлерге біріктіруге болады.

Көйлек сұбасы қынамалы болғандықтан сұлбаның осы түріне кеңірек тоқталғанды жөн көрдік.

“Қынамалы сұлба” ұғымының астарында екі түрлі форма жатыр. Олар “Х сұлбасы” және “құмсағат” деп аталады. Бұл екі форманың өзіндік ұқасатықтары бар: фигураны қынап тұратын кеудеше, белдің өте жіңішке болуы.

“Х сұлбасы” (кеудеше және белдемше) екі трапецияны еске салады, бел сызығында өзара қосылған.

“Құмсағат” сұлбасымен жасалған бұйым кішкене қынамалы кеудеше және жіңішке тар етекті белдемшеден тұрады. Бұл жерде кеудешенің кішкене көлемі, белдемшенің де сондай көлемімен сай келіп, бел сызығымен бөлініп тұрады. Бұл сұлба орта бойлы сұңғақ әйелдердің фигурасының артықшылықтарын айқындай түседі.

Пропорция бұйым формасын құрастыруда маңызды композициялық құрал болып табылады.

“Пропорция” сөзін Цицерон біздің эрамызға дейінгі І ғасырда қолдануға енгізген.

Пропорция - бүтіннің ішіндегі бөліктерді өзара біріктіретін қозғалысты қамтамасыз ететін байланыс.

Пропорциялық қатынастарды дұрыс таңдау дайын бұйымның өзін және адам фигурасын қабылдауда маңызы зор. Костюмнің сәтті ұйымдастырылған бөліктері мен элементтері адам фигурасына әдемілік береді және келбеттің кейбір кешіліктерін жасыруға көмектеседі.

Бұйымның композициялық тұтастығы ең алдымен тепе-теңдікті, яғни форманың барлық элементтері мен бөліктері өзара тепе-теңдікте қарастырылады.

Адам фигурасының тепе-теңдігінің негізгі шарттарының бірі - симметриялы болу. Симметрия - бұл бірдей, тең бөліктердің бір-бірімен салыстырғандағы заңдылықты орналасуы.

  • әйнекті симметрия;
  • орталық остік симметрия;
  • спираль тәрізді симметрия.

Спираль тәрізді симметрия жағдайында композиция элементтердің осьтің айналасында орналасуы арқылы жасалады және сонымен бірге сол осьтің бойымен қозғалады.

1. 3. Үлгіге сипаттама.

Бұл көйлек 20-30 жас шамаларындағы сахна саңлақтары яғни әнші бойжеткендерге арналған. Қазіргі заман талабына сай ұлттық ерекшеліктерсақталған. Жалпы белгісі бойынша салтанатты киім, ал пайдалану әдісі мен орны жөнінен сахна әншісіне арналған сәндік көйлек. Бұл сәндік көйлек - қынамалы сұлбалы, ашық көк түсті креп-сәтен матадан тігілген.

Көйлектің алдыңғы және сыртқы бойы бірнеше бөліктен құралып, ұзына бойы тұтастай тігілген.

Алдыңғы бой үш бөліктен: ортаңғы бөлік, бүйір бөліктерінен тұрады:

Артқы бой екі бөліктен тұрады артқы бойдың жоғарғы бөлігінің ортаңғы тігісінде сыдырма орнатылған. Тік жағалы, алдыңғы көкірек тұсымен, жаға аралығын көк тас таспасымен біріктірілген. Жеңі жоқ көйлектің төменгі тұсы да қиғаш желбіршекпен өңделген.

Алдыңғы бөлігінде көкірек тұсынан төменгі бөлігіне дейін ерекше формада көк зергер жіппен өсімдік тектес өрнекпен безендірілген.

Берілген өлшемі: 164-88-92.

1. 4. Көйлектің даму тарихы

“Қарыс қазы - балықта, қалың қазына - халықта”

Мақал.

Тарихтың терең тамырлы мәндеріне бойласақ, ұлттық киімдерден тұнып тұрған өнеге мен өлшемдерді оқыр едік.

Сонымен қатар қазақ киімді сәндік пен салтанаттың да өлшемі саналған. Күнделікті киетін киімдерден басқа жылдар бойы әже сандығының бұрышында сақталып, сәті келгенде жарық етіп шығатын киімдер болған.

Қай ұлтта болмасын ұлттық киімдер жынысқа қарай маңызды үлкен екі топқа бөлінеді: ерлер киімі және әйелдер киімі. Ал балалар киімі осы ересектер киімінің негізінен алынады да балалар әлеміне сай, бала сана-сезімін оятуға, олардың көңіл-күйіне әсер ететіндей ерекше сәнді безендіріледі.

Енді осы ұлттық киім түрлері топтарының ішінде әйелдер киімі, дәлірек айтқанда көйлекке тереңірек тоқтала кетпекпіз.

Әйел көйлегін пішудің екі түрі болған: бірі - ұзыннан тұтастай пішу де, екіншісі - мықынға дейін бөлек пішіп, кейін қосып тігу. Қазақтар әйел көйлегінде міндетті түрде жең болуын ойластырған. Сол жеңнің өзіне бір немесе екі қатар желбір жасау арқылы да көркемдік жаға қарастырылды.

Тұтастай тігіліп, мойнынан тобыққа дейін төгіліп тұратын көйлектер әдепте ерекше мәнді жағдайларға арналады. Ойын-сауыққа, той-думанға арналған бір киер құнды маталардың ең қымбат түрлерінен тігілетін болған. Оның үстіне бұл көйлектерге қосымша әшекей бедерлі жасалады. Көйлектердің көрініп тұратын кеуде тұсына алтын жіптермен зер жүргізіледі немесе басқадай кестелер төгіледі. Жиын-тойларда киетін көйлектердің ұзындықтарыда ерекше болған. Олар тура жерге тиер тиместей етіп өте ұзын тігіледі.

Қашаннан қалыптасқан халық ұғымы бойынша өнер (әншілік, ақындық, шешендік, күйшілік т. б. ) ақылдың, дарынның белгісі болып саналған.

Француз жазушысы Ромен Роллан айтқандай қазақта екінің бірі домбыра тартып, ән айтып, өлең шығарғандықтан “өнерлі халық, ақын халық” деп атанған. Ондай дарынды, талантты адамдардың көбі ел аралап, өнер таратқан, сал-сері атанған, өнер арқылы еңбекші қауымның сана сезімін оятқан.

Халық арасына кеңінен тараған әндер ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра.

Бүгінгі таңда осы мол мұраның қыр-сырын жан-жақты ашып, жұртшылыққа паш етіп жүрген әншілеріміз, соның ішінде жас әншілеріміз сан жағынан ғана көбейіп қоймай, сапа жағынан да көтеріле түсуде. Қазақ әндерінің өзіне тән үні, әуені мен саздығына, орындалушылық дәстүрі бар. Ендеше осыған орай әншінің сыртқы түр-келбеті, киімі қандай болуы керек деген сұрақ туады. Осы сұраққа жауап іздеу нәтижесінде республикамызда көптеген сән салондары, ательелер қажырлы да нәтижелі еңбек етіп жатқанының куәгері болдық. Соның айғағы ретінде осы салада қызмет етіп жүрген бірнеше ұжымға тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз.

“Біз тәуелсіз мемлекетпіз” деп кеуде соқаннан пайда шамалы. Қайта жұмылып сол тәуелсіздікті тұғырлы етуге қызмет қылған абзал. Тәуелсіздік тұғырының бір қыры - сән өнері. “Киімге қарап бағалау” - бүгінгі дүниенің ерекшелігі. Қазақ жұрты қандай дегенге беретін жауабымыздың біреуі ұлттық киім болуы тиіс. Әрине, баяғы уақыттың белгісі болып музейлерде тұрған киімдер емес, ұлттық ерекшелік пен осынау ХХ ғасырдың соңындағы сән талаптары үйлестіріле тігілген киімдер.

Тәуелсіз Қазақстан жағдайында сәнді өнер биігіне көтеруге ең көп үлес қосқан өнер мен талғам ордасы “Сымбат” сән академиясы болып табылады.

Қазірде сахна төрінде әнімен, салтанатты сәнімен де көрерменнің көңілінен шығып жүрген әншілеріміздің киім үлгілерінінің біразы осы сән академиясының қабырғасынан шыққанын мақтан тұтатындығын “Сымбаттың” президенті С. Асанова өзі де атап айтқан:

“Бізде жеке адамдарға арнайы тігілетін киімдер болады. Олар, көбінесе, өнер жұлдыздары әншілер, бишілер және басқа шығармашылық қауым өкілдері. Олардың көп алдында жарқырай көрінетін қайталанбас үлгілерінің көбі ой-қиялым арқылы өзім үлгілегенімді де мақтан тұтамын”.

“Ерке-Нұр” сән үйі де қазақтың ұлттық киім дәстүрлерін негізге ала отырып, оны әлемдік шеберлік талаптарымен ұштастырып киім үлгілерін жасауды өздерінің ең мәртебелі міндеттері деп түсінеді.

Мұнда да қазақтың ұлттық киімдері өндіріледі, жеке өнерпаздарға, би ансамбльдеріне, оркестрлерге, театрлық топтарға, арнайы тапсырыстармен киімдер дайындалады.

Талабы мен талғамының жоғарылығымен сән әлемінде өзорнын тауып, ұлттық киімнің жаңа үлгілерін жаңғыртуға зор үлесін “Мақпал” сән үйі де қосып отыр.

Бұл тізімді ұзыннан-ұзақ жалғастыра беруге болады, бірақ мәселе олардың санында ғана емес. Қазақстандағы сән мен сымбаттың, әдемілік пен әсемдіктің ордаларының бірінші кезектегі міндеттері - қазақтың ұлттық киім үлгілерін қазіргі заман талабына сай қайта жаңғырту, жаңарту және оларды көпшілікке жеткізе білу. Киім мәдениетін көтеру, сән үлгілерін үздіксіз насихаттау жолындағы ізденістердлің нәтижесі ретінде біз ұсынып отырған әнші көйлегі “теңізге қосылған тамшыдай” болып, әнші қауымның көңілінен шығып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Біз бұл киім үлгісін кейбір әншілердің талғамдарына, көзқарастарына сүйене отырып жасап шығардық. “Мақпал” сән үйінің қызметтерін пайдаланатын, соңғы уақытта сахан төрінен жиі көрінетін жас әнші Алтынай Жорабаева: “Сахнада әнді орындау бір жағынан киімге де байланысты. Мен үшін киімнің қарапайымдылығы басты орында” деп интервью берген еді.

Халқының сүйікті қыздарының бірі, тамсанып тыңдар әншісі Роза Рымбаева былай деген: “Менің әр күнім бір-біріне үздіксіз жалғасып жатқан көптеген жұмыстардан құралады. Сондықтан мен өзіме ыңғайлы киімді киемін. Көпшілік арасында өзімнің әнші екенімді ерекшелеп тұрғанды жаным жақсы көрмейді. Сахнада, иә, менің костюмдерім әдеміліктің, әйелге тән нәзіктіліктің символы болуымен қатар, менің әндерімнің бейнесіне сай болуы керек деп ойлаймын”.

Әрине, әр әншінің талабы, талғамы әр түрлі десек те, бұл дипломдық жұмыста жоғарыда аталған көптеген деректерге сүйене отырып, қазақтың ұлттық киім дәстүрлерін осы заманғы талаптармен үйлестіре ойластырылған көйлек үлгісін ұсынып отырмыз.

2. Техникалық ұсыныстар.

Қандай да бір бұйымды тігу үшін, оны тігуге таңдалып алынған маталардың қасиеттерін білу керек.

Пішу, тігу, және бұйымды пайдалану кезінде көптеген факторлар матаның қасиеттеріне, сапасына өз әсерін тигізбей қоймайды. Бұл әсер етуші факторлардың ең бастысы - матаның, талшықтың құрамы. Матаның сыртқы түрі, иіліп-созылғыштығы, сетінегіштігі т. б. көптеген қасиеттері осы талшықтың құрамына байланысты.

Матаның қасиеттері құрамындағы талшықтың қасиетімен анықталады. Мысалы, мақта және зығыр маталары оның құрамындағы талшық тәрізді гигиеналық көрсеткіштері өте жоғары: қоршаған ортадан алған ылғал тарту, гипоаллергендік, ауа өткізгіштігі және жылу сақтағыштығы да жоғары; таза жүн маталары ылғалды жылумен өңдегенде тез қалпына келеді; синтетикалық талшықтардан тоқылған маталар беріктігімен, тозбауымен ерекшеленеді.

Екінші бір маңызды фактордың бірі - айқаспаның түрі. Матаның тығыздығы, сетінегіштігі, серпімділігі, созылғыштығы, отыру дәрежесі, ы. ж. ө. кезінде өзгеріске ұшырауы және эстетикалық көрсеткіштері де айқаспаға байланысты.

Таңдалған бұйымды тігу үшін іріктеп алған креп-сәтен матасы атластың айқаспамен тоқылған.

Сәтенді және атласты айқаспаларда маталардың оң бетінде сопақ, ұзын жапқышы болады, сондықтан да олардың өң беті тегіс және жылтыр. Атластың айқаспа маталардың бет жағы негізгі жіптерден тұрады. Бұл әдіспен жібектен креп-сәтен, жібек және жартылай жібек астарлық маталар тоқылады. Сәтендік және атластық айқаспа матаның үйкелісіне төзімділігін арттырады. Мұндай маталардың кемшілігі - сусып, ыдырағыш, төсегенде, тіккенде сырғымалы.

Маталардың қасиеттері үшке бөлінеді.

қалыңдығы мықтылығы гигроскопиялық

ені созылғыштығы бу және су

ұзындығы сапасы өткізгіштік

салмағы қыртыстануы ауа өткізгіштік

серпімділігі шаң тұтқыш

драпталынуы жылу сақтағыш

қаттылығы электрленгіштік

тозбауы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киім тігу технологиясы туралы
Ұлттық киімдердің түрлері
Оқыту әдістер тобы әдістер
Оқушылардың өздігінен дербес бақылауы
Ұлттық стильдегі пішімдер мен желбірлерді қолдана отырып, сахналық киімдерді жаңарту
Қазақ ұлтты киімінің тарихы
Технология сабағында оқушыларға бұйымдарды көркемдеп өңдеуге үйрету әдісін қалыптастыру
Халық педагогикасы білім беру саласындағы халықты педагогикалық тәрбиелеудің тәжірибесі
Қазақ халқы ұлттық киімдері
Қазақстандағы сәнгерлер жайлы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz