Экономика және микроэкономика



Кіріспе

1. Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері.

2. Экономикадағы таңдау және шектеу.

3. Экономикалық жүйелердегі ұштастыру мәселелері. Айналым моделі.

Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті

Реферат

Тақырыбы: Экономика және микроэкономика

Орындаған: Сабиева Алтыншаш

Тексерген: Абдрахманова Салтанат

Қызылорда 2009
Жоспар:

Кіріспе

1. Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері.

2. Экономикадағы таңдау және шектеу.

3. Экономикалық жүйелердегі ұштастыру мәселелері. Айналым моделі.

Қорытынды

Кіріспе

Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді қолданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны ғылыми жүйеге салуда неміс философы Гекгельдіњ еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудың себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген ( статистикалық ), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе ( система ) түрінде қарау, болжамдар жасау жєне оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау.
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу.Осылай болған жағдайда ғана обьектінің мүмкіндігінше жан – жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым – шытырық процесс тәрізді, бірақ та баға динамикасын ( өрісі ) нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай – ақ өндіріс және тасымал шығындары т.б. белгілейді. Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке – дара жинақталған жағын білдіреді.

-3-
Тану процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтлыққа қарай жүреді. Индукция мен дедукция. Ғылымда, оның ішінде экономикалық ілімде жеке процестерді білу ғана жеткіліксіз. Ол бастапқы қадам. Нақтылық өмірде бір – бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ. Бәрі де өзара байланысты, ғылымның іздегені шындық. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция және дедукция деген методологиялық әдістермен жүзеге асады.
Индукция жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады. Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық обьектілердің, процестерді кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сақтау проблемасының маңызы зор. Мұның өзі жүйенің және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін ( тенденциясын ), сатыларын анықтауға қажет.

-4-
1. Экономикалық теория және оның зерттеу әдістері

Микроэкономика - экономикалық теорияның негізі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс - әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді. Адамдардың іс - әрекеті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады және бұларды құрайды: қажеттілік, ресурстар, технология, өнімдер және оларды пайдалану бір - бірімен тығыз байланысты болады.
Адамдардың экономикалық іс - әрекеті белгілі нақты экономикалық тәртіппен жүріп отырады. Олар адамдардың арасындағы өзара әр түрлі байланысына тәуелді болады және белгілі нысандарда жүзеге асырылатын экономикалық тәртіптің шарты болып есептеледі. Мұндай өзара байланыстар мен қарым - қатынастар қайталанып отырады әрі тұрақты болады және экономикалық тәртіптің тәсілі, нормасы, ережесі болып өздеріне сәйкес институттар мен қоғамдық құрылымдарда бекітіледі. Мұндай институттар мен олардың құрылымдары белгілі әлеуметтік жүйеге негізделіп, экономикалық іс - әрекет пен экономикалық тәртіптерге толықтай әсер етеді. Әрине, нақты зерттеу мәселесіне және экономикалық территорияның белгілі бағыттарына байланысты оларды талдау әр түрлі деңгейде болады. Дегенмен де нарық, меншік, мемлекет сияқты негізгі институттарды ескермесе болмайды.
Сонымен, адамдардың экономикалық іс – әрекеттерін, оларды жүргізу барысында пайда болатын және өздеріне сәйкес институттар мен олардың жүйелерінде шешілетін жалпы экономикалық проблемаларды микроэкономиканың зерттеу обьектісі деп атаймыз.
Экономикалық субьектілер - бұл экономикада жеке қызмет атқаратын кез келген бірліктер. Бұндай бірліктер адамдар, сонымен қатар олардың тобы, қоғамдастықтар болуы мүмкін. Кез келген қоғамдасты микроэкономикада субьект болып

-5-
қарастырылмайды. Ол үшін адамдардың белгілі тобы бірігіп, қызмет істеп, алдарына қойған мақсаттарына бірге жетуі тиіс.
Тіршілік әрекетінің жалпы экономикалық процестеріне қатысушылары ретінде барлық экономикалық субъектілер екі түрлі қызметпен шұғылдануы мүмкін: бір объектіні басқа объектіге айналдыру және оларды өз қажеттілігіне пайдалану. Бірінші жағдайда, олар өндірушілер, ал екінші жағдайда тұтынушылар болып есептеледі.
Тұтынушы мен өндірушілердің экономикалық қызметтерінің объектілері игіліктер болып табылады. Игілік - кез келген зат, ол материалдық, сонымен қатар материалдық емес болады және тұтынушының белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырады немесе өндірушінің көздеген мақсатына сәйкес қолданылуы мүмкін. Нарықтық экономикада олар тауарлар мен қызметтер деп аталады. Қызметтердің түріне байланысты игіліктер 2 түрге бөлінеді: өндірістік ресурстар және олардың негізінде өндірілетін тұтыну игіліктері.
Сонымен микроэкономика пәні деп экономикалық суъектілердің экономикалық игіліктер туралы шешім қабылдағандығын айтады. Микроэкономикалық зерттеулер бірнеше ілгері алғышарттарға сүйенеді және бұлар микроэкономикалық талдаудан өзіндік ерекшеліктерін анықтайды,оның ішінде ең алдымен экономикалық атомизмді атауға болады: микроэкономика өздігінен шешім қабылдап, соны іске асыратын экономикалық бірліктерге көп көңіл аударады.
Микроэкономикалық талдаудың келесі қағидалық белгісі - экономикалық субъектілердің ұтымдылық қимылын болжауы. Экономикалық рационализм тұжырымдамасының (концепциясының) түпкі мәні біріншіден, экономикалық субъектілердің өз қызметтерінен түсетін тиімділігін анықтау болса; екіншіден, осы тиімділікке жету үшін кеткен шығындарын есептеу; нәтижесінде осы көрсеткіштерді бір - бірімен салыстырып, өз пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізе

-6-
білу болып есептеледі. Бұл жерде пайда – экономикалық субъектілердің тапқан игіліктері, ал шығындар - экономикалық субъектілердің олсы пайдаға қол жеткізу жолында жұмсаған игіліктері болып табылады. Шығындар мен пайдаларын салыстыру арқылы экономикалық субъект ұтымды шешім қабылдайды.
Микроэкономиканың ерекшеліктері экономикалық модельдер құрғанда анық байқалады.Экономикалық модель дегеніміз экономикалық құбылыстарды немесе оның белгілі бір фрагментін қарапайым түрде көрсету. Бұл кезде зерттеліп отырған құбылыстардың басты қасиеттерін және өзара қарым - қатынастарын жақсы түсіну үшін кейбір бөліктері қарастырылмайды.
Модельдер ауызша, график түрінде және символдық ( аналитикалық ) болуы мүмкін. Кез келген ғылым әр түрлі модельдерден тұрады, олар көбінесе ауызша болады.Бірақ та, теориялық модельдеу кезінде әрдайым графикалық және аналитикалық модельдер қолданылады, себебі олар көрнекі ( график ) және қысқаша түсінікті болады.
Кез келген модельде айқын және айқын емес түрде белгілі болжамдар болады. Әр түрлі құбылыстар, олардың қасиеттері сонымен қатар олардың өзара байланыстары көбінесе символдық түрде, соның ішінде сандық және айнымалы шамалармен бейнеленеді. Модельдерде экзогенді және эндогенді деп аталатын екі экономикалық айнымалылар қолданылады. Экзогенді айнымалылардың мәні модель құрмастан бұрын белгілі болады - бұлар берілген ақпараттар. Модельді талдау кезінде зерттеліп отырған экономикалық құбылыстың қасиеттері туралы белгілі бір қорытынды шығарылады. Бұл кезде анықталған шамаларды эндогенді айнымалылар дейміз.

-7-
2. Экономикадағы таңдау және шектеу

Әкономикалық шешім қабылдау қажеттілігі төмендегі себептерден туындайды. Біріншіден, экономикалық субъектіні белгілі экономикалық іс - әрекеттер жасауға мүмкіндігі болғанда, ал екіншіден, осы экономикалық іс - әрекеттерді орындаудың әр түрлі тәсілдері болғанда. Экономикалық іс - әрекеттердің әр түрлі тәсілдері міндетті түрде Баламалы немесе бірін - бірі ығыстыра алатын ( жоққа шығаратын ) болуы тиіс. Бұл шарт орындалмаса орындау тәсілдерінің қай - қайсысына да қолдануға болады және ешқайсысы да бір - біріне кедергі болмайды.
Бұдан түсінетініміз, экономикалық шешімді қабылдау проблемасы - шын мәнінде экономикалық іс - әрекеттердің бірнеше баламалы нұсқаларының ішінен біреуін таңдау проблемасы және мұндай жағдайда берілген экономикалық субьектіге нақты мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар баламалы қадамдардың ішінен таңдау қажеттілігі де берілген уақытта туады.
Жоғарыда айтылғандай, әрбір экономикалық іс - әрекеттер белгілі бір өзіне сай қажеттілікті анықтаудан басталады. Әрине қажеттілікте шек болмайды. Белгілі бір уақыт аралығындағы қажеттілігімізді уақытша қанағаттандырғанда, ол басқа жаңа қажеттіліктер туғызып, күрделене, тереңдей түсетіні сөзсіз. Сондықтан бұл мәселелер көбінесе тұрақты болады. Ал екінші жағынан, біздің қажеттілігімізді қанағаттандыратын ресурстар мен технологиялар әрқашанда шектеулі болады. Біріншіден, бұл табиғатта кездесетін игіліктердің әр түрлі мөлшерде болуы, мысалы, кейбір игілктер басқаларына қарағанда өте аз болады. Екіншіден, адамзат қолымен жасайтын игіліктер де шектеулі. Бұл тек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу тәжірибесінің қорытындысы туралы
Микроэкономика пәнінен дәрістік кешен
Экономикалық теория ғылымы: микроэкономика және макроэкономика
Микроэкономиканы зерттеу әдістері
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Экономикалық теория негіздері.Микроэкономика
Сұраныс көлемінің өзгеруі
Оқу тәжірибесінің қорытындысы туралы есеп беру
Нарықтық тепе-теңдік және оның түрлері
Экономикалық факторлар және мемлекеттің төлем балансы
Пәндер