Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасты қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

2-сынып Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасты қалыптастыру

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1-Тарау. БАСТАУШЫ СЫНЫП ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ГУМАНИСТІК КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ7

1. 1 Педагогика тарихында гуманистік көзқарастың зерттелуі мен қалыптасуы7

1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастырудың мүмкіндіктері30

2-тарау. 2-СЫНЫП АНА ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГУМАНИСТІК КӨЗҚАРАСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ37

2. 1 Мемлекеттік құжаттарды зерттеу тақырыбы тұрғысынан талдау37

2. 2. Озат мұғалімдер тәжірибесі54

ҚОРЫТЫНДЫ63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР65

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік -экономикалық және саяи өзгерістер ең негізгі көкейкесті проблемаға айналып отыр. оған себеп - адам, қоғам, табиғат заңдылығымен (қалыптасқан) санаспау салдарынан туған келіспеушілік.

Мектеп жағдайында гуманизм қарым-қатынастар мәселесі қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінен түскен жоқ. "Қазақстан Республикапсындағы гуманитарлық білім беру" тұжырымдамасында (1996) қоғамымыздағы демократиялық жаңғыруларға сай жалпы азаматтық ұлттық құндылықтарға, адамгершілік ойларға негізделген және Қазақстан Республикасының "Білім туралы заңында" (1999) айтылғандай білім берудің негізгі мақсаты - адамды әдеттегі үйреншікті сана - сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік деңгейіне көтеру, өз гуманистік дүниетанымымен, адамзат табыстарына негізделінген өзіндік сенім көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік тудыру, оқушының гумандық дүниетанымы мен өз мәдениеті арқылы өркениетті көтеру көзделеді.

Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әлеуметтік-экономикалық жағдайымыздың артуы және оларды жүзеге асырудың құралы - білім саласын жетілдіру, соның ішінде ана тілі пәні негізінде бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік туады.

Әр халық өзінің жас ұрпағы қайырымды, адал, білімді, ізгі ниетті болуын армандайды. Қазіргі кезде халықаралық байланысы артқан барлық елдерде гумандық көзқарас мәселесіне ерекше мән беріп отыр. Гумандық көзқарас бүкіл әлемдік деңгейдегі ел мен елдің, ұлт пен ұлттық халықаралық байланысына жан-жақты жол ашудан көрінеді. Сондықтан, гумандық қарым-қатынас бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі ретінде жаңа ғылыми зерттеулердің жандануына әсер етуде.

Гуманизмнің негізгі және оның тәлім-тәрбиелік маңызды туралы құнды ой-пікірлер қазақ даласындағы ұлы ғұламалар Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Қожа-Ахмет Иассауи, Махмуд қашқари, Имад-ад-Дин Әбул-Қасым Әл-Фарабилердің, т. б. еңбектерінен көрінеді. Сонымен қатар күміскөмей, жезтаңдай ақын-жыраулар Шалкиіз, Доспанбет, ұлы ағартушылар Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаевтың ұлттық құндылықтар жайында жастарды адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, қазақ зиялылары Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сияқты қасиеттерге тәрбиелеудегі халық даналылығын жоғары бағалаған.

Мектепте бастауыш сынып оқушыларына гамандық тәрбие беру проблемасын зерттеуде Ш. А. Амонашвили, В. Н. шацкий, Н. Л. Грозденская, Д. Б. Кобалевский, Н. А. Ветлугина, т. б. ауқымды үлес қосса, қазақстандықтардан Н. Д. Хмель, М. Н. Сарыбеков, Г. К. Дүйсенбинова, Ш. С. Ахымбекова, Б. Махметова, т. б. оқу-тәрбие процесін гуманизациялау туралы көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Біздің зерттеу тақырыбымыз бүгінгі күнге дейін республика көлемінде өз деңгейінде ғылыми тұрғыдан толықтай, қарастырылмай келе жатқан мәселелерінің бірі. Сонда да болса, көрнекті ғалым - психолог Л. М. Божович, А. Г. Ковалев, Н. А. Рубинштейн, С. А. Мясищев, Қ. Б. жарықбаев, А. А. Бейсенбаева, С. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, Х. А. Өтешова, т. б. өздерінің зерттеулерінде гумандық қарым-қатынастардың қалыптасып дамуы, олардың заңдылықтары мен қалыптасу әдістемелерін қарастырған.

Оқушыларда ізгілікті қалыптастыру мәселесіне қатысты А. А Бейсенбаеваның, мектеп білімін ізгілендірудің теориясы менпрактикасы, Х. Т. Наубаеваның балабақша балалары іс-әрекеттерін ізгілендіру мәселесі, Қ. Т. Әтемованың оқушыларда гумандық қасиеттерін қалыптастыруда мектеппен отбасының бірлескен жұмысы.

С. А. Ұзақбаеваның халықтық педагогика арқылы гумандық қарым-қатынастарын қалыптастыру, Г. А. Уманов, Л. К. Керімовтердің қиын балаларды қайта тәрбиелеу арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, Н. Н. Ханның тұтас педагогикалық процесте болашақ ұстаздардың педагогикалық қарым-қатынастарын тәрбиелеудің келелі мәселелерін зерттеген.

Қоғамдық ғылымдарының дәлелдеуі бойынша ұлттық тәлім-тәрбеинің негізіне сай ұлттық ойлау, сана-сезімі, мәдениеті қалыптасуы тиіс. Ұлттық даму ерекшеліктерін ескермеу, әдет-ғұрып, салт-дәмтүрлерді білмеу, әрбір адамның адамгершілік қасиетінің жойылуына, олардың азғындауына әкеп соқтыратын, оны болдырмаудың ең бастытолы - жүйелі білім мен тәрбие беру.

Соның ішіндегі бастауыш сынып оқушыларының бастапқы гумандық көзқарасын қалыптастыру, оны басқару педагогика ғылымының өзекті мәселесі. Өйткені, жанұядан бастауыш мектептен бастау алған, айналасындағы ортадан көріп-білген үлгі-мәліметтер алғашқы гумандық ұғым-түсініктерін дамытады. Ана тілі сабағында оқушылардың гманистік көзқарасын қалыптастыру мәселесін қарастыру өзекті, әрі оны уақытқа дейін арнайы қарастырылмаған тың мәселелердің бірі.

Сонымен қатар ана тілі арқылы оқушылардың гумандық көзқарастарын қалыптастырудағы бай мүмкіндіктері мен оларды бастауыш мектептердің оқу-тәрбие процесінде қамтамасыз ету мен оны тәжірибе жүзінде іске асырылмауы арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады.

Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу проблемасын айқындау және тақырыпты "2-сыныпта ана тілін оқыту барысында оқушылардың гуманистік көзқарасын қалыптастыру жолдары” деп таңдануымызға себеп болды. Зерттеудің мақсаты. Ана тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының гумандық көзқарастарын қалыптастырудың маңызын ғылыми-педагокикалық тұрғыдан негіздеп, оны жүзеге асырудың тиімді жолдарын айқындау.

Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:

1. Гуманистік көзқарастың мәнін, маңызын көрсету.

2. Ана тілі сабақтарында оқушылардың гуманистік көзқарасын қалыптастырудың жолдарын айқындау.

Зерттеу обьектісі: Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: Ана тілін оқыту барысында оқушылардың гуманистік көзқарастарын қалыптастыру жолдары.

Зерттеу әдістері:

1. Педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оқып танысу, пайдалану.

2. Озат тәжірбиені зерттеу, жинақтау, талдау.

3. Бақылау, әңгіме.

Диплом жұмысының құрылысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-Тарау. БАСТАУШЫ СЫНЫП ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ГУМАНИСТІК КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Педагогика тарихында гуманистік көзқарастың зерттелуі мен қалыптасуы

Гуманизм идеясы мен гумандық қасиеттер және гумандық қатынастар мәселесінің ұзақ көне тарихы бар.

Тәрбиенің гуманистік негізі

Ертедегі Шығыс және Еуропа философтарының еңбектерінде маңызды орын алады. Бұл гуманистік ақыл-ой ғұлама ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің есімдерімен байланысты, атап айтқанда әл-Хорезм, әл-Фараби, әл-Бируни, Ибн Сина, Омар Хаям, Ж. Баласағұни, М. Қашғари, С. Сарайи (Шығыс), В. да Фельтре, Т. Мор, М. де Монтень, Э. Роттердамский, А. Де Сент-Экзюпери (Еуропа) . Олардың гуманстік идеясы гуманистік педагогиканың әрі қарай дамып, қалыптасуына негіз болды. Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Я. С. Рогебашвили, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақтың ұлы ағартушылары: Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев.

Педагогикалық мұрадағы гуманистік идеялар 20 - 30 жылдардағы педагогтардың еңбектерінде айқын көрініс тапты. Мәселен, А. В. Луначарский, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев. Бұл ғалымдардың еңбектерінде гуманистік тәрбие педагогика ғылымындағы ең нәтижелі жүйе ретінде жобаланып, болашақ ұрпақтың гуманистік жолы болып қарастырылған. Алайда 30-шы жылдардағы қоғамдағы басқарудың әкімшілдік-әміршілдік бағыты тәрбиенің гуманистік негізін тығырыққа тіреді. Жеке адам тәрбиесін, оның проблемасы даурықпа сөзге айналды.

Қазіргі қоғамның жаңару бағыты, әрбір ұрпақтың жеке тұлга болып қалыптасуында гуманистік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық. Сондықтан қазіргі заманның педагогика ғылымында адамның қарым- қатынасында гумандық қасиетті қалыптастырудың ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеу, қарастыру басты мәселеге айналып отыр. Адамдық тұлғаның бейнесі көрсеткіштерінің бірі - гумандық қасиет болуы, бүкіл адамзаттық құндылықтардың біріне саналады.

Осыған орай соңғы жылдары ТМД және егеменді Қазақстан Республикасы көлемінде адамгершілік проблемасы гумандық қатынастарды зерттеумен шұғылданып келе жатқан көрнекті ғалымдар, педагогтар мен психологтар баршылық. Одақ көлемінде З. Васильева, М. Г. Тайчинов, И. А. Кайров және т. б. Қазақстан Республикасында Л. В. Руднева, Ғ. Жүнісова, Б. Д. Қисықова.

Сонымен қатар арнайы гуманизм проблемасының жалпы философиялық және этикалық аспектісін (Н. М. Бередной, А. А. Задорный, С. Ф. Збандуто, О. С. Богданова) және мектеп оқушыларында гумандық қарым-қатынасты қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық негізін (Н. Н. Тарасевич, А. В. Скиндер, К. М. Монич, М. Н. Аплетаев, М. А. Вейт және т. б. ) зерттеумен көптеген ғалымдар шұғылданып келеді. Білімдер жүйесін қалыптастыру процесінде адамды жеке тұлға етіп дайындауда пәнаралық байланыстың алатын орны ерекше. Осы орайда пәнаралық проблемасының философиялық, психологиялық, педагогикалық бағыттарын анықтау арқылы оқушыларда гумандық қатынасты тәрбиелеу мәселесін зерттеу - қазіргі дидактиканың өте маңызды бағыты.

Қазіргі кезде әлі де болса шешімін таппаған, күрделі зерттеулерді қажет ететін мәселелердің бірі - адамдар арасындағы гумандық қарым-қатынастарды қалыптастыру болып отыр.

Өсіп келе жатқан жеткіншектерімізді мәденитетті, парасатты, білікті, көрегенді етіп тәрбиелеу - олардың дүниетанымын жоғарғы азаматтық деңгейде дамытып, қоғамымыздың ілгерлеу процесіндегі адам факторын жандандыру, ұлттық намысын қозғап, кез - келген парасатты азаматтардың, оның ішінде ұстаздардың ізгілікті ісі деп ойлаймыз. Олай болса, Елбасының Қазақстан халқына жолдауы, осы жолдаудағы 2030 жылға дейінгі дамуымыздың ұзақ мерзімдік стратегиясы аса маңызды құжат болып табылады (94) . Бұл мемлекет басшысының салиқалы ой тізбегінен өткен жай, әлемдік өркениет дамуының қырын-сырын оқып, зерттеп жүйелеген көрегендік саясатының толық қанды жемісі болмақ. Осы тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолында барынша еңбек етіп, елімізді өркендетіп, гүлдендіру, ”Мен Қазақстанның азаматымын” - деген ұлтжанды отандастарымыздың ардақта да, асқақ борышы болмақ. Сондықтан да, өсіп келе жатқан жас ұрпақтарымыздың жан-жақты ойлай білетін, өз елінің, халқының қамын жейтін, қоғамды алға қарай дамытатын адамгершілігі мол бүлдіршіндерін дайындауымыз керек. Сол себепті де, білім беру саласында жұмыс істейтін педагогтарымыздың алдында үлкен міндет, ауыр жүк тұр. Өйткені, қазіргі оқушыларға егемен еліміздің болағашына, өтпелі кезеңнің көлеңкелі жақтарын ескере отырып, оған мойын ұсынбай, алдымызда тұрған нарықтық экономика жағдайында мазмұнды, әрі сапалы білім беру біздің аса жауапты міндетіміз. Мектепте мұғалімдер, үйде ата-ана, қоғамдық орында жұртшылық болып болашағымыздың оқу-тәрбие жұмысына белсене араласу - қазіргі кезеңдегі бірінші орынға қойылған мақсат, себебі, білімсіз, ғылымсыз ешбір қоғам алға жылжымайды, дамымайды.

Еліміз өркендесін десек, дүние жүзіндегі озық елдердің қатарына жетеміз десек, қазіргі ұрпаққа беретін біліміміз, тәрбиеміз соған лайықты болуға тиіс.

Қоғамның тарихи даму кезеңі адамгершілік тәрбиесінің проблемаларын үнемі жаңа адам тәрбиелеу міндеттерімен байланысты болып келгенін дәлелдейді.

Сол себепті де, ең алдымен адамның рухани жан дүниесін, асыл сезімін, адамгершілік парызын, сұлулық талғамын қоршаған ортаға гумандық қатынасын қалыптастыру келелі мәселелердің бірі болып саналады.

Негізінде, гумандық дегеніміз - мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін, моральдық сананы мақсатты қалыптастыру немесе тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың этикалық білімділікті, адамгершілікті қасиеттерді дамытудың сара жолы.

Сонымен, адамгершілік міндеті өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғам - көрініс тапқан. Мұнда қаған балаларының есімдері Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз болып аталуының өзі осы табиғатпен байланыс, үйлесімділікті адамның басты қасиеті деп ұғынуынан болса керек.

Біз гумандық қасиеттерге адам бойындағы ізгі қасиеттер жататынын көреміз. Адамның өзіндік ой - пікір, көзқарас, мінез-құлық, іс-әрекеті бүкіл ортамен қарым - қатынасы арқылы көрінеді. Гумандылық анықтамасы әр дәуір арқылы беріліп келеді. Ежелгі дәуір ойшылдары да гумандылық туралы өздерінің түйінде ойларын келтіріп отырған. Бұл ерекшелік ауыз әдебиеті үлгілеріне де тән. Енді солардың кейбіріне назар аударарлық. “Ер Төстік”, “Тазша бала”, “Алдар көсе”, “Жиренше”, т. б. Сондай ертегі, аңыздардағы ұнамды кейіпкерлердің барлығы да әділдік, ізгілік, адамгершілік жолындағы іс-әрекеттерімен бағалы. Ал “Алпамыс”, “Қобыланды”, “Қозы көрпеш - Баян сұлу”, т. б. жырларда ел мүддесін көздеген ерлік пен кіршіксіз махаббат тақырыбы арқылы ізгілік арқауы тартылған. Мақал-мәтел, жұмбақтар да адам бойына игі қасиеттер дарытумен бірге айнала қоршаған ортаны тани білуге, онымен үйлесімді өмір сүруге үйрететін ізгі тәрбие құралы болып табылады.

Ғылымды дамытуда орасан зор еңбек етіп, мол үлес қосқан ғұлама ғалымдардың үлкен шоғыры орта ғасыр заманында Таяу және Орта Шығыста тұрған халықтардан шыққаны белгілі.

Егер ілгерідегі шығармалар шамандық салт-санасына жазылған болса, Қожа Ахмет Иассауи шығармалары бүкіл түрік әлеміндегі суфизмнің шыңы болып табылады. Ол, өз еңбектерін шағатай тілінде жазған. Ойшыл ғұлама ислам дінін түркі тілінде насихаттауды мақсат ете отырып, бұл дүниенің алдамшы байлығына бой алдырмауға, астамшылдыққа ұрынбауға шақырады, имандылық негізіндегі ізгілікке үндейді. Қадір-қасір, жетімдерге аяушылық, жанашырлық көрсетіп, қайырымды, мейірімді бол дейді. Діні қатты қатыгездерден түңілгендігін білдіреді. Ізгілік діні - Алланың ақ жолын ұстану деп ұғынады. Оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани да ізгілік ұғымында өз ұстазымен үндес, сарындас. Оның “Хакім ата” (яғни Бақырға кітабы ұстаз идеясын заңды жалғастырушы болып табылады. Мұнда суфистік дәстүр негізіндегі шарапқа құштарлық байқалады. Бұл жердегі “шарап” ішімдікті емес, құдайды тану жолын бейнелейді. өйткені софылар Алланы ақыл көзімен емес, шарап ішкендей қызулықпен, ғашықтық, жүрекпен таниды. Сондықтан да, ізгілік арнасы осы сезімге сияды.

Махмұт Қашқари ішіпейілділік ұлылықтың, ал тәкаппарлық ақылсыздықтың белгісі деген ой арқылы гумандылыққа қатысты іс-әрекеттерді мінез-құлық, көзқарастарымен байланыстырады.

Соңғы кездері “гуманизм” ұғымы көне түркі әлеміндегі “Жуан мәрттік” ұғысы негізінде қарастырыла бастады. Бұл сөз көне парсы тіліндегі “Жувон жігіт”, “Мәрд - жомарт” деген сөздерінен алынған. Тіліміздегі “Жомарт” сөзі де осы “Жуан мәрт” сөзінің өзгерген түрі. “Жуан мәрттік” ұғымына М. Әуезов, М. Мырзахметов, т. б. ғылыми тұрғыдан назар аудара бастады. Бұл ұғым Жүсіп Баласағұнидың “Құтты білік” дастанында айтарлықтай көрініс береді. Онда әділет, бақыт, ақыл, қанағат сынды этикалық төрт ұғымды соларға сәйкес Күнтуды, Айтолды, Ұғдырмаш аты төрт кейіпкер алынады. Солардың өзара сөздері мен қарым-қатынасы арқылы моральдық ұғымдар төркініне ой жүгіртеді. Кейіпкердің үшеуін - әділдік, ақыл, бақытты - адам бойындағы ең негізгі қасиеттер қатарына жатқызады.

Бұлар үнемі ізденіс, ұмтылысты қажет ететін қасиеттер. Мұндағы саналы іс -әрекет ақылды, шындық, ақиқат жолы әділдікті, алеңбектің игілікті нәтижесі одан әргі ізденіс, ұмтылысқа талпындыратын бақытты бейнелейді. Жуан мәрттіктің мұндай үш сипаты Кейқауыстың “Кабуснама” (1082-1083) кітабында да бар. Онда: “Адамның адамдық сипатын білдіретін үш нәрсе бар. Бұл үшеуінің бірі - ақыл, екіншісі - тұрақтылық, үшіншісі - жомарттық”, - деп көрсетіледі.

Атақты ұлы неміс ақыны Гете: “Шығыста әйгілі жеті ақын бар, сол жетеудің ең осалының өзі менен мықты”, - деп, Шығыс ғұламалары жөнінде әдеп сақтағаны сияқты, бұл бағалау мәселенің арғы жағы тек шындық екені бізге аян. Ертеректегі тарихқа көз салсақ, адам балаларының сырын түсініп, өнер мен ғылымда дамытуда Шығыс пен Батыс халықтарының қосқан үлесі көп. Әсіресе Омар хаямның, жәмшид Кемидің (математиканы), Әл - Фарабидің (филосафиялық - ғылыми еңбектері) гуманистік көзқарастары көп. Шығыс ғылымымен сусындаған мәдени байлыққа ие болған Бируни, Әбу Әли Ибн Сина, Ұлықбек (өзбек ағайындар) еңбектерін де білеміз. Бұл ғұламалар гуманизм туралы ежелден - ақ айтып келе жатыр. Осыған орай біз, өз зерттеу жұмысымызды Әл-фараби еңбектерінен талдаудан бастауды жөн көрдік.

әл-фараби араб еліне барған сапарында ол арабтардың тұңғыш философы, ұлы ғалым Әл-кинди мен (800-879) танысып, оның геометрия, астрономия, психология, музыка, т. б. еңбектерімен танысып шықты. (Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары қазақ мемлекет баспасы. Алматы, 1964) . әсіресе, фарабиге ұнағаны, алдымен Әл-Кинди музыканы дәл білім мен ғылымды табиғаттың өзінен бақылаудан іздейді де, сол бақылаудың нәтижесі ақыл-ойдың таразысына салып шешеді. Басқа сөзбен айтқанда, дүниетануда бірінші орынға ол адамның ақыл-парасатын қойған ғалым. Осы тұрғыдан келіп ол адамның ақыл-қабілетін төрт түрге бөледі.

  1. Алғыр ақыл;
  2. Сылбыр ақыл;
  1. 3. Табынышты ақыл;

4. Көлгір ақыл;

Әл-Фарабиге, әсіресе осы тұжырымдар қатты ұнайды. Біз, оның психологиялық және педагогикалық көзқарасына тоқталып өтелік. Әбу Насыр Әл- Фараби өмір сүрген заман Шығыс әлемінде бүкіл арабхалифатында ғалым мен білімнің дәуірлеп тұрған кезі еді. Ұлы ғұламаның балалық, жігіттік шақтары өткен қазақ даласы, әсіресе оның Оңтүстік өлкесі сол кездері үлкен мәдени орталықтардың бірі болатын.

Тарих бізге ІX-X ғасырлар арасында Отырар қаласы (бұрынғы Фараб) Таяу және Орта Шығысқа баратын үлкен сауда-саттықты Жібек жолының бойына орналасқан еді. Ол өнер-білімнің, мәдениеттің орталығы, көптеген ғұлама ғалымдар шыққан үлкен шаһар. Фарабидің аты әлемге жайылған ғалым болуына осындай құнарлы ортаның себі тигендігіне күмәндануға болмайды. Орта ғасырлық шығыс философиясында сол кезде басты үш бағыт болды. Мұның біріншісі - ортодокстік ислам (халифаттағы үстем таптардың идеологиясы), екіншісі - неплатондық ағыс (афоризм), үшіншісі - нерипатизм немесе аристотелизм, яғни Аристотель жолын қуушылар.

Бұл соңғысы прогрессивтік топтардың көзқарасын бейнелейді. Кейіннен осы ағымдағы ағылшын өкілдері философиялық мәселелердің бәрін табиғат заңдарынан іздеді. өз тұсында осы ағымның көрнекті өкілдерінің бірі Әл-Фараби болды.

Ұлы ғұлама, өзінің пәлсапалық пайымдауларын негізінен идеалистік сарында өрбіткенмен, оның еңбектеріне сол дәуірдегі ғылым жетістіктерін қорытындылайтын прогрессивтік, материалистік идеялар баршылық. Мәселен, ол дүниенің мәңгілігін мойындап, табиғат құбылыстарын детерминистік (себептілік) принцип бойынша түсіндіреді.

Жанның мәңгі бақи жоғалмайтындығы, өліп-өшіп отыратындығын мойындайды. Сол кезде, ол болжам жасап пікір айтаған ғылыми - білім саласы кемде-кем. Оның жан дүниесі туралы толғаныс тебіреністері “Қайырымды қала тұрғандарының көз қарастары жайындағы трактат”, “Азаматтық саяхат”, “Даналық таңда тастар”, “Бақыт жолын сілтеу”, “Мәселелердің мәні” т. б. еңбектерінен бізге белгілі болып отыр.

Психология үшін негізгі мәселе болып табылатын жан мен тәннің ара қатынасы, бұл екеуінің бір-бірімен байланысы жайлы мәселеде әл-фараби сол кездегі ғылыми ой-пікірдің биігінен көріне білді. Ол жанның мәңгі өлмейтіндігін уағыздаған грек ғалымы Платонға қарсы дау айтып, оның “Жан - тәннен бұрын пайда болады, жан мәңгі бақи өлмейді деуі қате түсінік” - деп түйеді. Оның пікірінше, жан мен тән бірге дамиды, тәнсіз жан жоқ, жан - тәннің тірлік қасиеті, адамда қатарынан екі жан бола алмайды, адамның тәні де, жаны да өткінші, уақытша.

Тән - жанның дамуына, оның біртіндеп қалыптасуына, жетілуіне әсер етіп отырады. Жанның дамуы үшін тәннің саулығы керек. тән саулығы жоқ жерде жан саулығы да жоқ. Шыққан жан ешуақытта қайтып келмейді, бір денеден екінші денеге көшіп те жүрмейді, бірақ мәңгі бақи өмір сүреді де, надан, залым, арамза адамның жаны өшіп кетіп отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Педагогикалық бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының бойында гуманистік көзқарасты қалыптастырудың ізгіліктік негіздері
Білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру мазмұнын жаңғыртудың теориялық-әдіснамалық негізі (көпсалалы колледждің оқу-тәрбие үдерісі жағдайында
Жастарға білім беру және тәрбиелеу саласында тарихи кезеңнің ерекшеліктері
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік- эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың педагогикалық негізі
Бастауыш сыныпқа ағылшын тілін оқытудың ерекшелігі
Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары
Халық ауыз әдебиеті - эстетикалық тәрбие беру көзі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz