Түрлі елдердегі және Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесі


ЖОСПАР
КІРІСПЕ1
Білім-тәрбие беру мекемелерінің дамуы қоғамның тәрбие беру саласындағы мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың маңызды алғышарты3
Мектеп жүйелері5
Мектептегі білім беру мен тәрбиелеу практикасы. 5
Білім беру жүйесінің негізгі факторлары. Білім беру мен тәрбиенің приоритеттері және проблемалары. 9
Түрлі елдердегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері және оның даму тенденциялары. 12
Білім беру мен тәрбиені реформалау. 17
Қазақстандағы білім беру жүйесі және оның қазіргі проблемалары. 21
Халыққа білім және тәрбие беру жүйесі. 24
Білім жүйесінде халықаралық байланыстың маңызы27
ҚОРЫТЫНДЫ29
Қолданылған әдебиеттер30
КІРІСПЕ
Халыққа білім беру және тәрбие мәселелері дүние жүзінің дамыған және дамушы елдеріндегі көкейкесті мәселелердің бірі. Олар әр елдің келешек өмірін ұйымдастырудың алғышарты.
Жалпы алғанда білім беру жүйесі деп сол не өзге елдегі қызмет атқаратын білім-тәрбие беру орындарының жиынтығы, олардың арасындағы байланыстарды және сол орындардың құрылуы мен жұмыс істеуінің ортақ принциптері түсінілсе, оның құрылымы, түрлі деңгейлері сапаларына қойылатын талаптар артып отырады. Соның ішінде қоғамдық өндірістің ғылыми-техникалық деңгейінің дамуы мен өсуі, өндірушілердің басым көпшілігінің жалпы білімдік және техникалық дайындығының жоғары деңгейде болуы басты талаптардың бірі.
Осындай жағдайлармен байланысты дүние жүзінің қауымдастығы алдында жалпы мақсат тұр. Ол - жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде білім-тәрбие берудің прблемалары мен басым тұстарын анықтау. Осы басым тұстар мен проблемалардың қатарына басқа нәсілдерге, діндерге, әлеуметтік құрылымдарға деген толерантты көзқарастар; тұлғаның рухани қасиеттері; басқаларға деген жанашырлық сезім және көмектесуге әзірлік; бейбітшілікке бағытталған тәрбие жатады. Осы басым тұстар мен проблемалар әр елде ұлттық және қоғамдық ерекшеліктер негізінде қарастырылады.
1980-1990 жылдар қарсаңында жалпы идеологиялық егес аяқталды. Осының салдарынан тәрбиеге халықаралық қатынас және бейбітшілік идеясы рухындағы күрделі түзетулер жасалды.
Жасөспірімдерді өмірге дайындау және қоғамның тәрбие саласына қоятын мақсаттарын жүзеге асыру тиісті білім-тәрбие беру орындарының жүйесін құрмастан және жетілдірместен мүмкін еместігі Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында”, “Орта білім беру стандартында”, Тәрбие концепциясында”, “Орта білім беретін мектептердің мазмұнын жаңарту” жөніндегі құжаттарда да атап көрсетілген.
Егеменді Қазақстан жағдайында жалпы білім және тәрбие беретін мекемелерінің желісінің ұлғая түсуі кәсіптік-техникалық, арнайы орта және жоғары оқу орындарының жаппай мамандар дайындау жөніндегі ролі одан әрі арта беруі тиіс.
Бұл көрсетілген мәселелер білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы, ондағы өзгерістер мен жаңалықтар, оның түрлі елдердегі даму тенденциялары өзекті проблемалар екендігін анықтайды және тақырыптың “Қазіргі білім беру жүйесі және оның түрлі елдердегі даму тенденциялары” деп белгіленуін қамтамасыз етеді.
Сонымен жұмыстың зерттеу объектісі - “Түрлі елдердегі және Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесі”.
Зерттеу мақсаты және міндеттері: қоғамның тәрбие саласындағы мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың маңызды алғышарты не екенін анықтау, білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін факторларды қарастыру, оның түрлі елдердегі даму ерекшеліктерін және тенденцияларын атап көрсету және Қазақстандағы білім беру жүйесі мен оның қазіргі даму жағдайын талқылау.
Ғылыми әдістемелік негізі: Мемлекеттік құжаттар, орта білімді жақсарту жөніндегі концепция, зерттеу тақырыбына байланысты арнайы әдебиеттер, оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар, басылым материалдары, әдебиеттерге теориялық талдау, салыстырмалы, қорытындылау, типолгиялық салыстырмалы әдістер қолданылды.
Білім беру жүйелерінің қоғамның дамуына ықпалы, оларға әсер ететін факторлар проблемасына бірқатар педагог ғалымдар әдебиеттер жазып шығарған. Мәселен Харламов И. Ф. өзінің “Педагогика” кітабында білім беру жүйесінің әр елдегі даму ерекшеліктеріне қөп көңіл бөлген. Оның атап көрсеткен ерекшеліктері мен даму тенденциялары көп тарамды және әр түрлі болып келгенімен олар дүние жүзінің көптеген елдерінің білім беру жүйелерінің дамуында көрініс табады. Ал Джуринский А. Н. өзінің еңбектерінде білім берудің қазіргі заманғы проблемаларына тоқтала келе, әрбір елдегі, соның ішінде Англия, Германия, АҚШ, Франция, Жапония т. б. елдеріндегі қазіргі мектептік жүйелердің реформасы мәселесін көтереді.
Біздің зерттеу жұмысымызға сондай-ақ Малькова, Корнетов, Днепров, Джураковский, Константинов, Шадаевалардың еңбектеріндегі сол не өзге елдің білім беру жүйелері өзгешеліктеріне қатысты мәліметтері жәрдемін тигізді.
Қазақстандағы білім беру жүйесі, оның даму жағдайы мәселесін түсінуде Жарықбаев Қ. Б, Құнантаева К, Мадин т. б. еңбектерінің маңызы зор.
Осы еңбектерді талдай келе жұмыс жоспары құрылды. Негізгі бөлім тақырып мазмұнын ашып көрсетуге арналған. Ол төрт бөлімнен тұрады:
Білім-тәрбие беру мекемелерінің дамуы қоғамның тәрбие саласындағы мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың маңызды алғышарты.
Білім беру жүйесінің дамуының негізгі факторлары.
Түрлі елдердегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері және оның даму тенденциялары.
4. Қазақстандағы білім беру жүйесі және оның қазіргі проблемалары.
Қорытындыда зерттеу нәтижесінде алынған тұжырымдар баяндалды. Жұмыс соңында қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетілді.
Білім-тәрбие беру мекемелерінің дамуы қоғамның тәрбие беру саласындағы мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың маңызды алғышарты
Жас өспірімдерді өмірге дайындау және қоғамның тәрбие саласына қоятын мақсаттарын жүзеге асыру, тиісті білім-тәрбие беру орындарының жүйесін құрмастан, мүмкін емес. Сондықтан да, өндірістің дамуы және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қиындау деңгейіне байланысты білім-тәрбие беру орындарының саны мен мамандықтарының көбеюі және олардың сатыларының өсуі байып тұрады. XІX ғасырдың соңына дейін олардың ең кең тараған және негізгі түрі бастауыш мектеп болған. Содан кейін оның үстіне жалпы білім беру мектебінің деңгейінің жоғарырақ сатылары, атап айтқанда, орта және жоғары сатылары құрылды. Қзіргі кезде орта мектеп дүние жүзінің дамыған елдеріндегі халыққа білім беру орындарындағы ең негізгі және кең тараған түрі болып табылады.
Бастауыш мектптерге жаңа сатыларды қосу үрдісі үстінен ғана емес астынан да жүрді. Осылай XІX ғасырда дами бастаған балабақшалар сияқты мектепке дейінгі тәрбие беру орындарының жиынтығы XX ғасырда кең тарау алды. Өмір, орта және жоғары буындығы инженерлі-техникалық жұмысшыларды және мәдениет пен басқару саласындағы әр түрлі мамандарды кәсіби дайындауға арналған арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарын құруды және дамытуды талап етті. XX ғасырдағы өндірістің техникалық негізінің жоғары қарқында дамуы көпшілік мамандықтардың жоғары дәрежелі мамандарын дайындау және осы мақсатта дүние жүзі елдерінің барлығында саны үнемі өсіп жатқан кәсіби-техникалық оқу орындарын құру қажеттілігін туғызды. Осымен қатар клуб, театр, кинотеатр т. б. сияқты мәдени орындардың саны көбеюде.
Білім тәрбие беру және мәдени орындардың кең ауқым алуымен қатар олардың құрылымы мен сабақтастық қарым қатынастарын жақсарту үрдісі жүріп жатыр. Осының бәрі әр елдің өзіндік спецификалық білім беру жүйесін құруға алып келді.
Білім беру жүиесі дегенді қалай түсіну керек? Система өзі грек тілінен шыққан және қазақ тіліне аударғанда біртұтас, бірнеше әр түрлі бөліктерден құралған, бөліктердің құрылымы дегенді білдіреді. Мұнда білім беру жүйесі деп кез келген елдегі қызмет атқаратын білім тәрбие беру орындарының жиынтығын, олардың арасындағы байланыстарды және де сол орындардың құрылу және жұмыс істеуінің ортақ принциптерін түсіну керек.
Әдетте әр елдің білім беру жүйесі келесі қызметтерді атқаратын білім тәрбие мекемелерінен тұрады:
мектепке дейінгі тәрбие
жалпы орта білім
мектептен тыс білім беру және тәрбие
кәсіптік-техникалық білім
орта арнаулы білім
ғылыми және ғылыми педагогикалық кадрлар дайындау
мамандықты көтеру және кадрларды қайта дайындау.
Мектеп жүйелері
XX ғасырдың екінші жартысында алдыңғы қатарлы елдерде реформалар жүріп өтті. Соның салдарынан олардың білім беру жүйелері маңызды өзгерістерді басынан кешті. Міндетті білім беру мерзімі ұзарды, бастауыш және толық орта мектептер аралығындағы мектеп сатысы пайда болды. Бастауыш және толық емес орта білім алысымен, оқушылар негізгі үш білім алу ағымы бойынша бөлінеді:
1. Ары қарай университетте оқуға дайындауға арналған толық
жалпы білім беру мектебі.
2. Техникалық жоғары оқу орындарында оқуға дайындайтын
орта мектеп.
3. Кәсіби оқу орындары.
Жеке меншік оқу орындарының болуы мектеп жүйесіне тән нәрсе. Олар, әрине, төлемақылы және олардың бір бөлігі қымбат және пұрсатты. Жеке меншік және қоғамдық оқу орындарының бірге өмір сүруі оқудың зиялылығымен және шіркеу мен мектептің қарым-қатынастарымен тығыз байланысты. Батыста жеке меншік мектептердің барлығы дерлік түрлі шіркеулердің конгрегацияларының меншігінде. Дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінің көбінде қоғамдық оқу орындар шіркеу мен діннен оқшау (АҚШ, Франция, Япония) . Бұл елдерде дінді оқыту адамдардың жеке, өз жұмысы. Бірақ Англия мен Германияда дін ілімі жалпы білім берудің стандартты бағдарламасына енгізілген. Мектеп саласына қатысты мемлекет пен шіркеудің қарым-қатынастары егестен немесе мықты қарым-қатынастардан бас тартып адал қарым-қатынастарға көшуге бет алды.
XX-шы ғасырдың соңғы ширегінде дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінде білім беру жүйесінің күрт кеңеюі байқалды. Бұл процесс жоғары мектептің экономикалық процестегі, өмір стандарттары туралы қоғамдық көзқарастарды байытудағы ролін көсетті. Студенттердің әлеуметтік құралы айтарлықтай өзгеріп, анағұрлым демократиялық болды. Университеттік және университеттік емес жоғары білім беру бағдарламаларының құралы өзгеруде.
Жоғары мектеп оқу орындарының санының көбеюінің келеңсіз жақтары бар. Олардың ең елеулісі білім беру сапасының төмендеуі болып табылады. Осы проблеманы шешу мақсатында жоғары мектеп қызметіне мемлекеттік бақылау жасау механизмі реформаландырылуда.
Мектептегі білім беру мен тәрбиелеу практикасы.
Мектептегі білім беруді жеткілікті жоғары дәрежеде ұстау қоғамның қарқынды дамуының алғышарты. Жоғары дәрежеде дамыған индустриалды мемлекеттер мектеп ісінде елеулі көрсеткіштерге қол жеткізді. Оларда оқу, білім деңгейінің орта статистикалық көрсеткіші үнемі көтерілуде. Осылайша Батыс Европада 1990-шы жылдардың басында ер жеткен тұрғындардың 95%-і ең аз дегенде тоғыз жылдық мектеп білімі болды. АҚШ-та 1985-ші жылдың қарсаңында ер жеткен тұрғындардың 85%-нің толық орта білімі болды.
Мектеп білімі бір бастан сөзсіз болып табылмайды. Оларға оқушыларды дайындау сапасының төмендеуі түрткі болады. Білім берудің ең төменгі көрсеткішін көтеру жаңа көріністің дамуына бой алдырды. Ол функционалды сауатсыздық. Функционалды сауатсыз болып мектеп дәрежесінде міндетті білім беру курсынан өткен, бірақ күнделікті өмір проблемаларын шешуге қажетті оқу, жазу, есептеу қабілеттілігі жоқ адам саналады.
Мектеп бағдарламалары үнемі түзетулер мен өзгертулерге түсіп тұрады. Мектеп бағдарламаларының негізі едәуір тұрақты болып келеді. Дегенмен оларды үнемі жаңарту қажеттілігі ұдайы туып тұрады. Осыған мысал ретінде мектеп бағдарламасына экология тақырыбын енгізуді алуға болады.
Жалпы білім беру мектептерінде оқу бағдарламасының бірнеше типтері бар. Дәстүрлі тип болып міндетті бағдарламалар табылады. Жалпы білім беру мектебінде міндетті курстардың саны оннан аспайды. Оқушылардың белгілі бір бөлігіне арналған арнаулы бағдарламалардың саны едәуір көбірек. Олар: факультативтер, таңдаулы курстар, ерекше оқу орындарының бағдарламалары. Кейбір бағдарламалар, бағдары мен дәрежесіне байланысты, міндеттіден арнаулыға ауыса алады. Арнаулы курстар тереңдетілген және жеңілдетілген болуы мүмкін.
Дүние жүзі мектебінде дәстүрлі міндетті және арнаулы бағдарламалармен қатар интегративті бағдарламалар кеңінен тарауда. Оның мысалы орта мектептегі жаратылыс тану бағдарламасы болып табылады. Интегративті бағдарламаның мақсаты-түрлі ғылымдардың және олардың өзара қарым қатынастарының негізгі көріністерімен, заңдылықтарымен таныстыру.
XX-шы ғасырдың екінші жартысында дүние жүзі мектебі білім беру бағдарламаларын реформалауға кірісті. Бағдарламалар құрамы мәселесіндегі кертартпалықты сақтаған жағдайда, бұл реформалар оқуды икемдірек қылуға, жаңаруға бейімдірек болуға, оған жалпы және жекешелендірілген міндеттілік және таңдаулылық дәрежесін беруге бағытталады. Мектеп бағдарламаларын өзгерту екі түрлі жолмен жасалады: 1. Экстенсивті.
2. Интенсивті.
Бірінші жол дәстүрлі болып табылады. Ол бөлшектелген пәнді білім беруді қарастырады. Мерзімінің өсуіне, ауқымының кеңеюіне қарай мұндай білім беру, сапасы жағынан барлық оқу пәндеріне бірдей дәрежеде тарайды. Интенсивті типтегі бағдарламалар ең алдымен оқу материалын жете түсінуге, ұғынуға бағытталады.
“Мектеп жарылысы” (дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінде көпшілік орта мектептің пайда болуы) сапасы жағынан бөлек білім беру мен оқуды дифференциациялау жүйесін құру және дамытуға түрткі болды. Дифференциацияның негізгі формасы оқу орындарын түрлі типтерге, сондай-ақ мектеп ішідегі топтарға және профильдерге, класс ішінде топтарға бөлу болып табылады.
Дифференциация біртекті емес және қарама-қайшы түрде жүреді. Оның, құралы төлемақылы білім және емтихандар жүйесі болатын, әлеуметтік іріктеу механизміне айналуы сирек емес.
XX-шы ғасырдың соңында дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінде толық емес орта білім беру орындары қалыптасты. Оның қабырғаларында дифференциацияланған білім беру жүзеге асырылды: кіші орта мектеп(АҚШ және Жапония), біріккен мектеп(Англия), ортақ мектеп( Германия), біртұтас колледж (Франция) .
Бастауыш немесе толық емес орта мектептен кейін дифференциация түрлі типті толық жалпы білім беру орындарында жүзеге асырылады: грамматикалық және қазіргі мектептерде (Англия), реалды училищеде, гимназияда және негізгі мектепте (Германия), технологиялық, кәсіби және жалпы білім беру лицейлерінде (Франция), жоғары орта мектепте (АҚШ, Жапония) . Осы оқу орындарының негізгі ерекшелігі бағдарламалардың дифференциациялануы болып табылады.
Дүние жүзі мектептерінде дарынды балалар мен жеткіншектерді оқытуға деген ықылас өсуде. Дарындыларға арналған ерекше мектептер пайда болды. Оларда оқыту мазмұндырақ бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Оқу жастар дарынын ашуды, қабілеттілігін көрсетуді үндейді. Сонымен қатар жай мектептерде дарынды балаларға арналған тереңдетілген кластар ұйымдастырылады.
Дарынды оқушыларды мақсатты түрде дайындау мен оқыту саясатының қажеттілігі бар. Өйткені ол ұлттың келешегін құруға түрткі болады. Ғалымдардың жүргізген санағы бойынша әр түрлі жастағы адамдардың 3-8%-нің үздік қабілеттері бар. Бірақ олардың барлығы өздерінің сол қабілеттерін көрсете алмайды.
Мүгедек және ақыл-ой дамуындағы кері ауытқулары бар балаларды оқыту мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Бұл қазіргі мектеп ісінің маңызды бағыты.
Сондай-ақ орнын толтырушы білім беру туралы айта кеткен жөн. Ол оқушылардың үлгермеушілігін, қанағаттанарлықсыз дайындығын жоюға арналып ұйымдастырылған. Орнын толтырушы білім беру практикасы мектеп пен жанұя қарым-қатынасын, психология мен ориентация мамандарын тартуды, жеке тәсілді қарастырады. Мұндай оқудың ерекшеліктері - қосымша сабақтар, кластардың толмауы, бейімделу кластарының болуы, бір класта қайта оқу, т. б.
Шет ел мектебі адамгершілік тәрбиесінде бірталай тәжірибе жинақтады. Соның салдарынан көлікте үлкендерге орын беруден бастап біреудің қиыншылығына көмектесуге дейінгі тиісті мінез-құлық құрылады. Батыста мінездік тәрбие методикасы кең тарған. Ол тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілер арасындағы еркін жағдайды, серіктестікті қарастырады.
Оқушылардың өз-өзін басқаруы дербестік пен белсенділікті тәрбиелеуде маңызды роль атқарады. Оқушылардың өзін-өзі басқаруының дәстүлі түрі-оқушылардың мұғалімге класта тәртіпті сақтауға көмектесуі, кластан тыс жұмыстарды жүргізуі. Әдетте мұндай жүйенің оқушылар кеңесі формасы болады.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы тәрбие нәтижесін тез жақсартады деген үміт ақталмады. Ол мектеп басшылығының қысымында болды және оқушылардың дербестігі мен белсенділігін толық мадақтамады. Осының себебінен олардың мектеп кеңестері алмастырды Олардың құрамына оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылық өкілдері мен қоғам өкілдері кіреді. Олардың қызметінің айрықша бағыттары - оқушыларды мектеп өміріне тарту, балалардың дербестігін, өз көз қарастары мен талаптарын жақтай алу қасиетін дамыту, қарым-қатынас жасау мәдениетін тәрбиелеу. Мектеп кеңестері мектептегі психологиялық ахуалды жақсартты.
Планетарлы саяси өзгерістермен байланысты тәрбие беруде маңызды өзгерістер болды. Бейбітшілік рухындағы тәрбие көлемі өсті. Нәтижелі ұлтаралық тәрбиеге бағытталған жоспарлар жүзеге асырылуда. Осындай оқу жобаларының бірі - халықаралық бакалавриат оқу орындары. Олардың мақсаты ұлттар арасындағы түсінушілік рухын жетілдіре тәрбиелеу. 1996-шы жылы жоспарға 83 елдің 600-ден астам оқу орындары қатысты.
Дүние жүзінде көпмәдениетті тәрбие кең тарауда. Бірақ оның көлемі алдыңғы қатарлы елдерде бірдей болып келмейді. Мұндай тәрбиенің тәжірибесі екі тілді бағдарламалы жеке меншік мектептерде жиналған. Онда балалар мемлекеттік тілде және өзі жататын этникалық топ тілінде оқытылады. Мұндай мектептер балаларға өздерінің этникалық ерекшелігін ажырата білуге көмектесу мақсатында құрылған.
Дүние жүзі мектебі саяси мәдениет тәрбиесіне көп көңіл бөледі (азаматтық тәрбиеге) . Бұл үшін оқу бағдарламасына рольдік ойындарды енгізеді (“Сайлау”, “Ереуіл”, “Сот”, т. б. ), оқу процесінде үлкен орын қоғамдық-саяси пәндерге бөлінеді. 1980-1990-шы жылдары Францияда, Германияда және Жапонияда орта мектеп бағдарламасында азаматтану курсы пайда болды.
Тәрбиенің дәстүрлі саласы - оқу процесінде тәрбиелеу.
Оқу бағдарламалары ең алдымен оқушылардың өнегелілік, ой, дене, еңбек тәрбиесі мәселелерін шешуді қарастырады. Сонымен бірге қоғамдық пәндер ерекше орында (әдебиет, тарих, қоғам тану, шет тідер, т. б. ) . Бұл пәндер руханилықтың, отан сүйгіштіктің, адамгершіліктің, азаматтықтың көзі ретінде қарастырылады.
Көптеген елдердің мектептерінде арнаулы рухани тәрбие сабақтары жүргізіледі. Дін рухани тәрбиедегі өз орнын әлі сақтауда. Конфессионалдық оқуға тиым салу, дүние жүзі діндерінде негізі қаланған жалпы адамзаттық идеалдардан бас тарту болып саналмайды.
Уақыт талабына жауап ретінде оқу бағдарламаларында жаңа пәндер пайда болады. Олардың негізін есірткіге қарсы, ішімдікке қарсы, табиғатты қорғау тақырыптары құрайды. Бұл тақырыптарды дәстүрлі мектеп пәндеріне қосады.
Білім беру жүйесінің негізгі факторлары. Білім беру мен тәрбиенің приоритеттері және проблемалары.
Білім беру жүйесінің дамуына бірқатар факторлар әсер етеді. Олардың ең негізгілерін қарастырайық.
А) Қоғамдық өндірістің даму деңгейі және оның ғылыми -техникалық негіздерін толық жетілдіру. Жоғарыда айтылып кеткендей қоғамдық өндірістің ғылыми-техникалық деңгеиінің дамуы мен өсуі өндірушілердің басым көпшілігінің жалпы білімдік және техникалық дайындығының жоғары дәрежеде болуын талап етеді. Осы нақты мұқтаждық мектеп жүйесін құру, дамыту және оны үнемі жетілдіру қажеттілігіне себеп болады. Сондықтан да техника жағынан жақсырақ дамыған елдерде түрлі мектептер жүйесі тезірек дамиды, білім-тірбие беру мекемелеріне жаңа түрлері ертерек пайда болады және құрылады. Осылайша Англияда бастапқы білім беру XІX-шы ғасырда міндетті болды. Техникалық өндірісі жоғарырақ дамыған елдерде жалпы білім беру және кәсіптік орта білім беру мекемелерінің жүйесі жоғары қарқында кеңейді. Сонымен қатар университеттер және түрлі арнаулы жоғары оқу орындары ашылды. Қазіргі таңда ғылыми- техникалық прогрестің әсерінен дүние жүзінің барлық елдерінде арнаулы орта және жоғары, әсіресе университеттік білім берудің рөлі айтарлықтай өсуде, көпшілік мамандық жүмысшыларын дайындауға арналған кәсіптік-техникалық оқу орындарының жүйесі жоғары қарқында дамуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz