Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі – жас ерекшелігі физиологиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Педагогика өзінің атауын гректің ”paidagogas” “ баланы жетектеуші” сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құлдардың қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие - қоғамның кейінгі ұрпақтарды өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін делдал - ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келеді. Педагогикалық ұғымдардың бірі - тәрбие. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келді.

Педагогика ғылымы тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория, тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философия тұрғысынан қарастырып, түсіндірді. “Егер қоғам тәрбеден қол үзсе, онда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспай, бір жерде тұра берген болар еді “ - дейді В. И. Ленин. Сондықтан да Ленин тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп тұжырымдайды.

XX ғасырға дейін ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың даралануы белсенді жүріп жатты. Сонымен бірге білімдер аумағының өсуі жеке пәндердің бөлінуіне алып келеді, яғни пәннің өзінің ішінде бөлініп даралануы басталды. Педагогика да бірте-бірте жалпы пәнмен байланысты бола отырып, мақсаттары жас ерекшеліктері, оқу - тәрбиелеу, оқу орындарындағы типтері бойынша ерекшелігі бар салалар айқындала түсті. Педагогика өзінің даму кезеңінде тәрбие мен білім беру жайлы жалпы ғылыми тарауларға бөліне бастады. Мысалы, оларға педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, оқыту және блім беру теориясы - дидактика, тағы да басқа жатады.

Адам жөніндегі ғылмдар жүйесінде педагогиканың орны оны басқа ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. өзінің ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланысты болып, өз дамуы мен кемелденуінде олардың әрқилы ақпал әсеріне ұшырап отырады. Бұл ұштастықтардың кейбір тарих тұңғиығынан жалғасып келе жатса, енді бірулері кейі, жақын дәуірде пайда болды. Педпгогиканың алғашқы байланыс түзген білім салалары - философия мен психология. Бұл ғылыми “одақ” қазіргі күнде де педагогикалық теория мен практиканың ең, өрістеп дамуының алғы шарты.

Педагогиканың философиямен байланысы өте бір ұзақ та өнімді болды, себебі философиялық идеялардан педагогикалық тұжырымдар мен теориялар туындап отырды. Педагогикалық ізденістердің бағыттары белгіленді, сонымен бірге педагогиканың әдіснамалық негізі осы философиялық көзқарастардан қалыптасты. Философиялық бағыттар (экзистенциалды, прагматикалы, неопозитивистік, материалистік т. б. ) жүйесін ұстануына орай педагогика зерттеушілерінің оқу - тәрбие саласындағы ғылыми - ізденіс жолы, білім беру процесінің мәні мен мағынасы, мақсаты мен технологиялық сипаттамасы айқындалады. Философия сонымен бірге педагогикалық болмыс пен нақты тәжәрибені теориялық тұрғыдан түсінудің құралы ретінде қолданылып, жаңа педагогикалық тұжырымдамалар жасаудың бастау көзін береді. Философия - табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі заңдарын зерттейді, өмір шындығын танып білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсінебілушілікке тәрбиелейді.

Тәрбиенің мақсаттары, халыққа білім берудің мазмұны, педагогикалық процесті ұйымдастыру сияқты, проблемаларды зерттеудің барысында, педагогика ғылымы алдын-ала болған нақтылы әдіснамалық жағдайлардың негізіне сүйенеді.

Ғылыми педагогика тәрбие процесінің ерекшеліктерін, негізгі кезеңдерін, басқа құбылыстармен өзара байланысын қарастырады, олардың заңдылықтарын анықтап қарастырады.

Педагогика материалистік диалектиканың қарама - қарсылықтардың бірлігі мен күресі, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы және теріске шығаруды теріске шығару сияқты негізгі заңдарын әрбие, білім беру және оқыту барыстарында шығармашылықпен пайдаланады.

Ғылыми Философия тұрғысынан қарағанда, мысалы теріске шығаруды теріске шығару заңының мәнін былайша түсіндіруге болады: ескінің орнын жаңа басады, дамудың бір кезеңі екінші кезеңмен ауысады. Мысалы, қоғамның тарихи дамуы барысында бір формация екінші формациямен ауысады. Ғасырлар бойы табиғи дамудың негізінде жануарлар мен өсімдіктердің ескі түрлерін жаңа түрлері теріске шығарды. “Қай салада болмасын өзінің бұрынғы өмір сүру формасын теріске шығармайтын дамудың болуы мүмкін емес”

(Маркс К. және Энгельс Ф. Шығармалар, 4-том)

Педагогика ғылымының даму процесінде көптегенөзгерістер болып келеді. Жалпы білім беретін мектептердегі оқыту жұмысының осы заманғы ғылым мен техниканың, әдебиет пен өнердің даму дәрежесіне сай емес екендігі байқалады. Осы жағдайлар ескеріліп, оқыту мазмұнына байыпты өзгерістер енгізілді. Бастауыш және жоғарғы сыныптар үшін ғылым негізінде бағдарламалар жасалады. Егер бұл өзгерістерді философиялық тұрғысынан қарастырсақ, онда жаңа оқу бағдарламалары өмір талабына қайшы келетін ескі оқу бағдарламаларын теріске шығарғандық болып табылады. Демек, бұдан оқыту мен тәрбиенің бір кезеңі екінші жаңа үдемелі кезеңмен ауысады деген ұғым туады.

Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және Жан - жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспн қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешуге көмектеседі. Мысалы, құқықтықжәне эстетикалық тәрбиеге байланысты мәселелер зерттелгенде, педагогик, этика мен эстетика, ал оқыту мен білім беру проблемеларын зерттегенде таным теориясына сүйенеді.

Кейбір жалпы проблемалар философия мен педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді. Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі тағы басқа жатады.

Сонымен, педагогикағылымы философиялық білімдерді басшылыққа алып, тәрбиенің және практиканың мәселелерін шешуде үлесін қосады.

Педагогиканың ежелден келе жатқан дәстүрлі де аса бір құнды байланысы жантану ( психология ) ғылымымен орныққан. Адам табиғатын білу, оның тума қасиеттері мен мүмкіндіктерін түсіндіру, тұлға дамуы мен оның жанүниелік қозғалыстарында байқалатын заңдылықтар және оларды басқарушы тетіктерді ескеру, сонымен бірге оқу мен тәрбие жүйесін осы психикалық заңдылық, қасиет - сапа, қажеттіктер мен мүмкіндіктерге негіздей отырып құрастыру талаптарын елеулі ғұлама - педагогтардың бәрі де алға тартып отырған. Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау және т. б. ) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), демек, адам психикасының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал педагогика осы мәселелерді тереңпайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады.

Педагогика мен психология ғылымдарының зерттейтін объектісі - адам. Бірақ, зерттеу екі бағытта жүргізіледі де, бір нәтижені көздейді. Мысалы, психология адамның мінез - құлқындағы түрлі ерекшеліктерінің механизмін ашуды қарастырса, ал педагогика адамның мінез - құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін іздестіреді. Педагогика ғылымы басты проблемаларды психологияның көмегімен шешеді. Мысал педагогика ұжым жайлы теориялық мәселелерді шешуде әлеуметтік психологияға, балалардың жас ерекшіліктеріне сәйкес психикалық даму заңдылықтарына байланысты мәселелерді - жас ерекшелік және педагогикалық психологияға, эстетикалық тәрбие теориясын қарастырғанда - психологиялық сезімдерге, әсіресе адамның танымәрекетіне байланысты сезімдер мен объективтік шындықтың сұлулығын қабыл алудан туатын көңіл - күйі эстетикалық сезімдерге сүйенеді.

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы адамды тұлға ретінде зерттеуімен ортақ келетін философия психология аймағымен шектеліп қалмайды. Оның адамды тіршіліктегі сипатында танушы анатомия, физиология, астрология және медицина ғылымдарымен де байланысы заңды құбылыс.

Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі - жас ерекшелігі физиологиясы ғылымына байланысты. Балалар организмдегі жоғары нерв қызметін, тыныс алу, қан және жүрек тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін мұғалімнің жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және теориялық мәселелерін дұрыс шешу жолдарын іздестіреді. Жас организмдерін даму барысында болып отырған анатомиялық физиологиялық ерекшеліктеріне, әсіресе жоғары нерв қызметінің негізгі заңдылықтарына (қозу, тежелу және тағы басқа) жете түсіну жалпы педагогикалық процесті ойдағыдай басқарудың негізі болады.

Педагогика мектеп гигиенасымен де тікелей байланысты. Мектеп гигиенасы - жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту жене дамыту жайындағы ғылым. Оқушылардың денсаулығы әр түрлі факторларға байланысты. Мектеп ғимаратында, мектеп бөлмелерінде ауаның жеткіліксіз болуы оқушылардыңбас ауруына, жалпы әлсіздікке, демек, түрлі сырқатқа ұшыратады. Жарықтың нашарлығы баланың көзіне әсер етеді, көру мүшесінің қызметін нашарлатады. Осылардың нәтижесінде балалр сабақ үстінде селқос, сылбыр болады. Олардың зейіні нашарлап, ойлау қабілеті төмендейді. Бұл жағдай сөзсіз үлгермеушілікті тудырады.

Мектеп гигиенасы мектеп ғимаратындағы жылу және ауа режимдерін, мектер жабдықтары мен оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптарды және оқу мен тәрбие жұмысының гигиеналық негіздерін зерттейді. Сондықтан мұғалімнің осы мәселелерді терең түсініп, меңгермейінше педагогикалық процесті ойдағыдай ұйымдастырып, басқаруы мүмкін емес.

Адам дамуына ықпал жасаушы табиғи және әлеуметтік факторлар арақатынасынан туындайтын проблема - педагогика үшін өзекті мәселелердің бірі. Адамның жекеленген табиғи дамуын зерттеуші биология ғылымында бұл мәселе аса маңыздылығымен танылған.

Адамды табиғи жаратылыс туындысы және әлеуметтік болмыс жемісі ретінде қарастыра отырып, педагогика антроаология ғылымындағы адам туралы білімдердің бай қорын толық пайдаланады, осыдан осылардың бәрін жалпыланған адам бойында теориялық бірігімге келтірумен оның сан қырлы да көпсырлы болмысын тануға жол ашады.

Педагогиканың медицинамен байланысының нәтижесінде педагогикалық білімдердің арнайы саласы коррекциялық (реттеуші) педагогика пайда болды. Осыдан, өз дамуында тума немесе жасанды ауытқуы бар балаларға білім берудің тәсілдері анықталды. Педагогиканың бұл саласы медицина деректерін пайдалана отырып, бала деніндегі кемшіліктердің орнын толтыру мен оның толыққанды араласып кетуін жеңілдететін терапиялық құрал - жабдықтар жүйесін түзіп, қолданымға келтірді.

Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы олардың медицина мен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар құбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақтық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіндіруге мүмкін болады. Сонымен бірге созылмалы ауру балалар үшін арнаулы оқыту және тәрбиелеу жүйесі қажет. Әрине, бұл мәселені бірлескен комплексті зерттеулер нәтижесінде ғана шешуге болады.

Сонымен бірге педагогиканың дами түсуі адамды қоғам мүшесі ретінде, оны әлеуметтік қатынас, байланыстар жүйесінде зерттеуші ғылымдарға да тәуелді келеді. Сондықтан да осы заман педагогикасының әлеуметтану, экономика, саясаттану және басқа әлеуметтік ғылым салаларымен тұрақты да ықпалды байланысқа түсуі кездейсоқ емес.

Педагогикалық нақты мәселелерді зерттеп, жинақтауға әлеуметтану ғылымының маңызы зор. Әлеуметтану ғылыми әлеуметтік ортаның адамға ықпалын, адамдар арасындағы әлеуметтік қатынасты қарастырады. Жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру формаларын зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік орта мен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылдайды. Педагогиканың әлеуметтануының білім әлеуметтануы, студенттер әлеуметтануы және тағы басқа тарауларына деген қызығушылығы туған, себебі тек әлеуметтанудың зерттеулері арқасында педагогтар, ұстаздар қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық, құқықтық - демографиялық және мәдени ортаның жағдайы туралы біле алады.

Педагогика және экономикалық ғылымдар арасындағы қатынастар өте күрделі, бірақ біртекті емес. Қай заманда да экономикалық саясат қоғам білімін қамтамасыз етудің қажетті шартты болған. Осы саладағы ғылыми зерттеулерді экономикалық қолдау педагогика дамуына үлкен ықпал жасаушы факторға айналып отыр. Осы ғылымдардың байланысынан “ Білім экономикасы ” деген арнайы педагогик саласы дүниеге келіп, білім беру аймағын реттестіруші экономикалық заңдылықтар ашылды, олардың қоғамды сауаттандыруға байланысты ерекшеліктері зерделенді.

Қоғам мен мемлекеттегі білм саясатының қалыптасуы әрдайым үстемдік жүргізуші партиялар мен таптардың идеологиясы негізінде түсіндіріледі: бұл тұрғыдан педагогика мемлекеттік оқу-тәрбие құралы ретінде саясаттану ғылымының заңдылықтарына сүйене отырып, адамның саясисана субъектісі ретінде қалыптасуының шарттары мен механизмдерін белгілейді, саяси идеялар мен талаптарды игеріп, орындау мүмкіндіктерін нақтылап, ашып отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Жас ерекшелік физиологиясы
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГИГИЕНАСЫ пәнінінен практикалық сабақтарға арналған электронды оқулық
Балалар мен жас жасөспірімдер өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары
Биологияны оқытуда өз организмін таным білуге үйрету
Дене шынықтыру физиологиясы
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы жайлы мәлімет
Половцовтың әдістемелік еңбектері
Балаларды жыныстық тәрбиелеу
Жасөспірімдердің ой еңбегімен физикалық жүктемеге бейімделу ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz