МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ ІЛІМІМЕН және ОНЫ ЗЕРТТЕУ әдістерінің ИНТЕГРАЦИЯСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ ІЛІМІМЕН және ОНЫ ЗЕРТТЕУ әдістерінің ИНТЕГРАЦИЯСЫ. 1

Көп ұлтты Қазақстан қоғамында полимәдени білім беру мәселесі3

Интеграция ғылым мен практикада пәнаралық6

байланыстың алғы шарты ретінде6

Басқа ұлт балаларының қазақша сөйлеу тілін9

этномәдени лексикамен байыта отырып, оларға ел таныту9

Жалпы білім беретін мектепте білімді интеграциялап оқытудың маңызы11

Мектеп оқушыларында дуниенің табиғи-ғылыми бейнесі туралы түсінік қалыптастыру. 13

Отбасындағы бала тәрбиесі мәселелерінің қазақ мақал-мәтелдеріндегі көріңісі. 16

эКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ17

ПРОЦЕСІНДЕ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ17

БОЛАШАҚ ОҚЫТУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ20

Б. Х. Қойбағарова20

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ24

ТУРИЗМНІҢ БАСҚАДА ҒЫЛЫМДАР САЛАСЫМЕН ИНТЕГРАТИВТІ БАЙЛАНЫСЫ25

Студент жастардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру - педагогикалық өзекті мәселе28

"Қазақ ағартушыларының еңбектерінде жастарды жақсы қасиеттерге баулу мәселелері"34

Болашақ ұстаздарды ғылым мен тәжірибеден білім беріп даярлау жолдары. 36

Музей педагогикасының білімдік, тәрбиелік ықпалдары. 39

Алматы мемлекеттік39

МАШЫҚТАНУ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ БІЛІМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ42

Мәтін арқылы бастауыш сынып оқушысының тілін дамыту44

мәселесінің зерттелуі44

Т. М. Әбдікәрімова44

7-8-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КІРІКТІРІЛГЕН НЕГІЗДЕ ӨТКІЗІЛГЕН ҚАЛЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ІЗГІЛІК ҚАСИЕТТЕРДІ ДАМЫТУ49

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМДІ ИНТЕГРАЦИЯЛАП ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ. 53

ПЕДКОЛЛЕДЖДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТИМЕСІ жетілуі55

МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ ІЛІМІМЕН және ОНЫ ЗЕРТТЕУ әдістерінің ИНТЕГРАЦИЯСЫ.

Тәуірбекова С. Ж.

(ББЖКБАРИ, Алматы қ) .

Басқару ғылымы басқару үрдісінің заңдылықтарын, оның барысындағы іс әрекетті, қалыптасқан қарым-қатынастарды зерделейді. Осындай мақсатта педагог кадрлардың біліктілігін арттыру барысында жүргізілген зерттеулерде анықталғандай, бүгінгі таңда мектепті басқару ілімінің философия, психология, физиология, экономика, әлеуметтік, техникалық, жаратылыстану ғылымдарымен және олардың тәжірибелерімен де интеграциялануының қажет екендігі. Өйткені мұндай жағдай бір жағынан ғылымның мазмұнының байытып, оның ілімі мен тәжірибесінің де дамуына ықпал етсе, екінші жағынан бүгінгі таңдағы жаңа және бұрынғы білім салаларының даму бағытындағы қиылысында, олардың ғылыми өзара тәуелділігін анықтауға және соның негізінде интеграцияланған сипаттағы мектепті басқарудың жетілдірілген жүйесі мен әдістерін жасауға мүмкіндік береді.

Соған байланысты бүгінде мектеп басшыларының біліктілігін арттыру барысында, олардың білім, біліктілігін қалыптастыруда басқару ілімінің басқа ғылымдармен және тәжірибемен интеграциялануына баса назар аударылуда.

Кез келген ғылымның дамуы сияқты мектепті басқару ғылымының да дамуы оның іс жүзіне асуына, тәжірибемен ұштасуына тікелей байланысты. Осы мақсатта жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарымыз үш кезеңнен тұрады:

  • бірінші кезенде тәжірибелік мәліметтер, материалдар жинақталады;
  • екінші кезенде осы жинақталған материалдар қорытындыланады, жүйеге келтіріледі;
  • үшінші кезеңде нақты жағдайларға байланысты жаңа ғылыми анықтама, ілім дүниеге келеді.

Басқару ілімі мен тәжірибенің, соның ішінде зерттеу әдістерінің интеграциялануының пайдасы үлкен. Себебі бұл басшыларға мектеп тәжірибесінде нақты міндеттерді жүзеге асыруға, басқарушылық шешім қабылдауға қажетті білім, біліктілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Басқару үрдісін зерттеу әдістерінің ішіндегі ең тиімдісі үлгі жасау. Себебі, ол үрдістің, обьектінің, тәжірибенің жағдайын, ерекшелігін, оны дамытудың жолдарын анықтауға көмектеседі.

Олар: кестелік, мәтіндік, статистикалық немесе динамикалық. Үлгі жасау барлық деңгейдегі басшылардың басқару мәдениетінің көтерілуіне, басқару шешімдерін тиімді таңдауға ықпал етеді және оларға басқару жүйесінің біртұтастығын көруге, оның барысында пайда болған проблемаларды анықтауға көмектеседі.

Басқару үрдісін зерттеу әдістерінің келесі түрі ғылыми тәжірибе (эксперимент) жүргізу. Ғылыми тәжірибе-бұл ғылыми зерттеу әдістерінің ішіндегі ең көп қолданылатыны. Мектеп жағдайында ғылыми тәжірибеге қатысушылар: мектеп директоры, орынбасарлары, мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар ортақ мақсаттарды жүзеге асыру барысында әр қайсысы өзіндік қызметтерді атқарады және міндеттерді шешеді. Сондықтан кез келген қабылданған басқару шешімдері бір жағынан осы үрдіске қатынасушылардың әр қайсысының іс-әрекетінің нәтижесінің артуына әсер етсе, екінші жағынан бүкіл ұжымның мүдесін көздейтін, соңғы нақты нәтиженің сапасына әсер ететін болуы керек. Соған байланысты бүгінгі таңда мектепте ғылыми тәжірибе жүргізуде ең алдымен басқару шешімінің тиімділігін тексеріп алу керек, содан кейін ғана оны басқару жүйесіне енгізу қажет.

Институт қызметкерлері жетекшілік ететін тірек мектептеріндегі өткізіліп жатқан ғылыми тәжірибелер мазмұны төмендегідей:

  • мектептің оқу-тәрбие үрдісінің жеке бағыттарының жаңа жұмыс жоспарын бақылау, сараптау;
  • басқарудың жаңа ұйымдастыру түрін еңгізуге байланысты ғылыми тәжірибе ;
  • оқу-тәрбие үрдісін бақылауды ғылыми-тәжірбиелік бағалау;
  • басқару іс әрекетіндегі үйлестіру жүйесі бойынша ғылыми тәжірибе;
  • жедел басқаруды ұйымдастыру негізіндегі ұжымның ғылыми тәжірибелік жұмысы;
  • іс әрекетті реттеу жүйесін бақылау бағытындағы ғылыми тәжірибе;
  • басқарудың жаңа технологиясы мен әдістерін ендіруге байланысты ғылыми тәжірибе.

Жоғарыдағы аталған тәжірибелермен қатар бүгінгі таңда мектепте оның басшыларын тағайындауға байланысты ғылыми зерттеу жүргізу қажет. Себебі қазіргі кездегі мектеп басшыларын тағайындау тиімді, жүйелі емес. Ал, ғылыми тәжірибе негізінде мектеп басшыларын белгілі бір мерзімге тағайындау, соныңда оның кәсіби деңгейін, қызметіне лайықтылығын ұжым болып болып бағалау, білім беруді басқарудың жоғарғы органдарының аттестациясынан өтуі, содан кейін тағайындалуы жүзеге асады.

Осы мақсатта мектеп басшыларының біліктілігін арттыру барысында олардың басқару іс әрекетін бағалауда сараптаушының бағасы (тәжірибелі мектеп басшысы өзінің әріптесіне баға береді), ми шабуылы (түрлі мәселелер бойынша интелектуалдық деңгейі жоғары басшы өзінің әріптесімен әңгімелеседі), өзін-өзі бағалау, басқару жағдайын, жоспар, нұсқау, шешімді, өздігінен орындаған жұмысты талдау, диагностика, мониторинг әдістері қолданылады.

Жоғарыдағы баяндалған ойды қорытындылай келе мектеп басқаруды жетілдіру ғылым мен тәжірибенің интеграциялануына, ғалымдар мен мектеп басшыларының бірлескен ісі, басқару ілімімен зерттеу әдістерінің бірін-бірі толықтыруына байланысты жүзеге асады.

Көп ұлтты Қазақстан қоғамында полимәдени білім беру мәселесі

Төлендиева К. С.

ББЖ КБАРИ әдіскері

Бүгінгі таңда дүние жүзінде бір ғана ұлт өкілі өмір сүретін мемлекет жоқ деп айтуға болады. Әлемде болып жатқан ғаламат өзгерістер өзінің басым бағытта дамып келе жатқан қарама-қайшылықтарымен білім беру саласының алдына үлкен де күрделі мәселе қойып отыр. Ол: жастарды көп ұлтты және полимәдени ортада өмір сүруге, діні, нәсілі, ұлты басқа адамдармен қарым-қатынас жасап, бірге жұмыс істей білуге үйрету. Жастарды өз ұлтының төл мәдениетін дамытумен қатар, барлық халықтарды сыйлап, басқа елдердің де мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін бағалауға және түсінуге тәрбиелеу. Өмірде кездесетін басқа ұлт өкілі туралы теріс түсініктер мен жағымсыз қылықтарды жоюға күш салу.

Көп ұлтты Қазақстан қоғамында да полимәдени білім беру мәселесі көкейкесті болып отыр. Қазіргі педагогикалық шындық, бір жағынан, білім беруде этномәдени факторларды ескеруді, екінші жағынан, басқа ұлт, этнос, конфессия, нәсіл өкілдерінің арасында толерантты қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеуді, басқа халықтардың мәдениетін танып, білу үшін жағдай жасауды талап етеді.

"Мәдениет" ұғымының бірнеше жүздеген анықтамасының болуы, "полимәдени тәрбие" ұғымын талдап, түсіну үшін қиындық туғызады.

М. С. Каган, Б. С. Ерасов және т. б. мәдениеттанушылар жалпы түсініктегі "мәдениеттің" үш компонентін атап көрсетеді: материалды, көркем, рухани.

Білім беру саласы үшін "мәдениеттің" рухани компоненті анағұрлым маңызды да мәнді дей отырып, мәдениетті нақты бір ұлтқа (этносқа) тән этикет, құлық нормасы, адамдар арасындағы қарым-қатынас, сенім, құндылық және идеалдар жиынтығы ретінде қарастырамыз (ЮНЕСКО, 1995) . (1. 4) Бұл ұстанымды полимәдени ортада тәрбиелеудің мақсатын, қызметі мен мәнін анықтау үшін қолданатын жұмыс құралының бір нұсқасы ретінде пайдаланамыз.

Осы мақсатты орындау классикалық философия мен педагогикада сәйкес келетін идеяларды, тұжырымдамалар мен теорияларды саралап, талдаумен тығыз байланысты. Полимәдениеттілік пен полимәдени тәрбие беру идеялары қазіргі заманның ғана талабынан туындаған мәселе емес, бұл мәселені бұрын соңды да көптеген ғалымдар қозғаған.

Мәселен, Я. А. Коменский ХҮІ ғасырда жасалған "Пампедия" бағдарламасында адамдар қауымдастығы, олардың қажеттілігі мен ұмтылыстары туралы (тұжырымдарға) болжамдарға сүйене отырып, “Пампедияны” күллі адамзат ұрпағын тәрбиелеудің әмбебап (жан-жақты) бағдарламасы ретінде негіздейді. (2. 383) .

Полимәдени тәрбие берудің мәнін, қызметі мен мақсатын түсінуге Н. К. Рерихтің "игілікті синтез" турлы идеясы (бұл жерде "игілікті синтезді" адамдар арасында қайырымды қарым-қатынас орнататын "мәдениеттердің бірігуі" деп қарастырады) және қазіргі заманның атақты тарихшылары мен философтарының (Н. А. Данилевский, Э. Мейлер, А. Тойнби, Ю. Яковец және т. б. ) адамзаттың тарихи-мәдени даму тұтастығы мен әртүрлі халықтар мәдениетінің даму принциптерінің кейбір ұқсастығы жайлы идеялары көмектеседі.

Тұлғаның дамуындағы полимәдени тәрбиенің мәнін түсінуде П. Ф. Каптеревтің педагогикадағы жалпы адамзаттық және ұлттық қарым-қатынастар туралы идеяларының маңызы зор. П. Ф. Каптерев ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, педагогикалық процес ерекшеліктеріне оның(ұлттың) тұрмысын, тілін, дінін жатқызады. (3. 421) Каптеревтің айтуы бойынша, педагогикалық қызмет ең алдымен ұлттық идеал негізінде жүзеге асады, содан кейін барып жалпы адамзаттық идеалға жету қызметіне ауысады. Тәрбиеде: "бір халыққа ғана емес, көптеген халықтарға қарап, олардың идеалдарын да қарастыру керек, өз халқыңның кемшіліктерін өзге халықтың жақсы қасиеттерімен толықтыру; халықтықты өзге халықтықпен, жалпы халықтықпен және жалпы адамзаттықпен байланыстыру керек, " - деп атап көрсеткен (3. 56-57) .

Полимәдени тәрбиенің мәнін түсінуде М. М. Бахтиннің басқаларға әсер ететін және басқа мәдениет түлғаларымен қарым-қатынасқа түсе отырып, сол қатынас барысында өзін-өзі қалыптастыратын керемет мәдениет әлемі - адам жайлы ережесінің мәні ерекше.

Полимәдени тәрбиені негіздейтін тұжырымдар Л. С. Выготскийдің құлық пен психиканың мәдени-тарихи даму теориясынан шығады. Осыған сәйкес психикалық дамудың детерминанттары мен көздері (источник) тарихи дамып келе жатқан мәдениетте жатыр…(4. 145)

Халықаралық білім энциклопедиясы (1994) білім мекемелерінде қалыптасып келе жатқан тәжірибе мен теориялық ережелерді тарата отырып, полимәдени білім (тәрбие) беруді жастарды басқа мәдени жүйені сыйлауға тәрбиелейтін; халықтардың дәстүріндегі, өмір сүру ерекшелігіндегі, мәдени құндылықтарындағы ерекше және ортақ қасиеттерді меңгеруге; оқушылардың басқа да мәдениеттер туралы білімді меңгеруіне жағдай жасайтын қазіргі жалпы білім беру саласының маңызды құрамы ретінде қарастырады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында көп ұлтты ортада білім беру мен тәрбиелеу, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мәселелері төңірегінде Қазақстан және ТМД елдерінде көптеген зерттеулер жасалып жатыр (Ж. Ж. Наурызбаев, Н. А. Асипова, Б. Г. Алиева, Э. Г. Гарунов, И. М. Данилова, Э. И. Маматказина, В. А. Ким, А. Н. Николаева және т. б. ) .

Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тужырымдамасы жасалған, оның басты идеясы: этникалық топтардың өзіндік ерекшелігін сақтауға, сонымен қатар өзге мәдениеттерді менгеруге және өзара байланысқан мақсаттарды (этникалық идентификация және мемлекеттік интеграция) жүзеге асыруға бағытталған білім беру моделін құру (5. 5) .

Қай жерде болмасын тәрбие мен білім қатар жүреді. Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай, "… тәрбиесіз берілген білім адам өмірі үшін қатер…. ". Сондықтан оқу процесінде пән арқылы полимәдени тәрбие беру мақсатын ескерген жөн.

Сонымен, полимәдени тәрбие - этносаралық интеграцияға бағытталған және бір жерде өмір сүретін халықтардың мәдени құндылықтарындағы, тұрмысы мен салт-дәстүріндегі ерекшеліктер мен ұқсастықтарды анықтауға мүмкіндік жасайтын, жастарды басқа мәдени өмірлік және дүниетанымдық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейтін қазіргі жалпы білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.

Полимәдени тәрбие берудің мақсаты: көпұлтты, полимәдени ортада белсенді өмір сүруге бейімделген, сенім-нанымдары басқа ұлт, нәсіл өкілдерімен тату-тәтті, достық қарым-қатынаста өмір сүре білетін, өзге халықтардың мәдениетін түсініп, құрметтей алатын адами тұлғаны қалыптастыру.

Осы мақсаттан нақты міндеттер туындайды:

  • Басқа мәдениеттерді дұрыс түсініп, меңгеру үшін оқушылардың өз халқының төл мәдениетін жан-жақты, толық меңгеруі.
  • Оқушылардың Қазақстандағы және дүние жүзіндегі мәдениеттердің алуан түрлілігі туралы түсінігін қалыптастыру.
  • Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың мәдени құндылықтарына тарту.
  • Оқушылардың өз ұлтына және өзге мәдениеттерге деген позитивті көзқарасын қалыптастыру.
  • Оқушыларға өзге ұлттардың өнерін, салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін өз ұлтының төл өнерімен, салт-дәстүрімен, ана тілімен және мәдениетімен салыстыра отырып меңгеруге жағдай жасау.
  • Оқушылардың басқа ұлт өкілдерімен тиімді қарым-қатынас жасай білу дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
  • Оқушыларды бейбіт, шыдамды, ізгілікті, адамгершілікті қарым-қатынас негізінде тәрбиелеп, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Педагогикалық процесте оқушы өзінің тек өз ұлтымен ғана емес, сонымен қатар басқа да мәдениет өкілдерімен байланысын сезініп, өзгешелігіне қарамастан, кез келген ұлт, нәсіл өкілдерімен қарым-қатынас жасауға талпынатындай жағдай жасау керек. Полимәдени тәрбие беруді жүзеге асыру мұғалімдерді әртүрлі халықтар мәдениеті арасындағы дәнекер, олай болса, мәдениетаралық қарым-қатынасты ұйымдастырушы ретінде дайындау үшін арнайы бағдарлама мен әдістемелік құрал әзірлеуді қажет етеді.

Әдебиеттер тізімі:

  1. В. В. Макеев, З. А. Малькова, Л. Л. Супрунова Поликультурное образование - актуальная проблема современной школы. /Педагогика №4, 1999ж.
  2. Коменский Я. А. Таңд. пед. шығ. 2 т.
  3. П. Ф. Каптерев Таңд. пед. шығ. М., 1982
  4. Л. С. Выготский. Таңд. шығ. жин. 3т. М., 1983
  5. “Қазақстан республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасы” / Қазахстанская правда, 1996ж. 7 тамыз
  6. Н. А. Асипова Научно-педагогические основы формирования культуры межнационального общенияшкольников. - Бишкек “Илим” 1994
  7. Наурызбай Ж. Ж. Научно-педагогические основы этнокультурного образования школьников: Автореф. Дис докт. - Алматы 1997ж.

Проблема поликультурного воспитания приобретает особую актуальность в многонациональном казахстанском обществе. Современные педагогические реалии требуют, с одной стороны, учитывать в образовании и воспитании этнокультурный фактор, с другой - создать условия для познания культуры других народов, воспитания толерантных отношений между людьми, принадлежащих различным этносам, конфессиям, расам.

The problem of polyculture educatіon are gaіnіng partіcularly actualіty іn multіnatіonal Kazakhstan socіety. The modern pedagogіcal real demand іn fіrst, take іnto account educatіon and traіnіng ethnocultural factor, and second - create condіtіons for get to know culture for another natіon . Thus, traіned polіtely relatіons between the people belong to varіous ethnos and race.

Интеграция ғылым мен практикада пәнаралық

байланыстың алғы шарты ретінде

Шолпанқұлова Г. К., Ещанова Г. Б.

(Абай атындағы АМУ, Алматы,

Х. Досмұхамедұлы атындағы

Атырау университеты, Атырау)

ХХІ ғасыр қоғамның әр түрлі саласындағы ғаламшарлық әлеуметтік-экономикалық өзгерістерімен сипатталатындықтан, жаңа қоғамдық қажеттіліктер білім берудің парадигмасын өзгертуді талап етеді. Қазіргі қоғам дамуының маңызды мәселелері кешенді сипатқа ие, оны шешу ғылыми білім мен ғылымдар интеграциясына негізделген.

Сондықтан Республикамызда әлемдік білім кеңестігіне кіруге бағыталған білім берудің жаңа жүйесін құру оқу-тәрбие процесінің теориясы мен практикасындағы ерекше өзгерістермен үндес жүреді. Бүгінгі ғылыми ойдың даму деңгейі ғылымдар арасындағы байланыстың бірлігін, тұтастығын көрсетеді.

Осыған орай, бұл мақалада ғылым мен практикада пәнаралық байланыстың алғы шарты ретінде интеграцияның мәні ашып көрсетіледі.

Ғылым интеграциясының пәнаралық механизмі жеке пәндердің оқу материалы құрылымынан ғылыми идеялар мен таным әдістерінің талдап-қорытындылануымен, басқа пәндер саласының жүйелерінде (объект, процесс, әрекет) олардың экстраполяциялануымен түсіндіріледі.

Ғылымдар интеграциясының деңгейін, мазмұнын, сатысын, типтерін, формасын сипаттайтын көптеген тұжырымдамалар баршылық.

Соның ішінде, Б. М. Кедровтың тұжырымдамасында ғылымдар интеграциясы мен өзара әрекеті тарихи принциптен шыға отырып, қайта өркендеу дәуірінен бастап “ғылымдар байланыстарының үзілуі, қайтадан бір-бірімен байланысуы, бұл байланыстылықтың алғашқыда қарапайым орналасудан органикалық жолмен әр түрлі ғылымдар арасындағы жалпы байланысты түзу идеясына өтуі” эволюция ретінде қарастырылады[1] . Мұндай байланыс алдымен, шектес және бір-біріне жақын, сосын алыс ғылымдар арасында айқындалды.

Интеграция ғылым мен практикада пәнаралық байланыстың алғы шарты ретінде қарастырылғаны ғалымдардың сан алуан тұрғыдан, ғылыми деңгейде түсіндіріп, әр қырынан берген анықтамаларынан көрінеді.

Көптеген авторлар пәнаралық байланыс пен интеграция өзара байланысқан, жақын ұғымдар деп есептеп, олардың арасындағы қарым-қатынасты әр түрлі анықтады.

Оның ішінде, В. Н. Максимова мен А. В. Усова пәнаралық байланысты білім беруде интеграция тенденциясын бейнелеудің дидактикалық құралы, ал Г. Ф. Федорец интегративті байланыстарды курсішілік және пәнішілік байланыспен органикалық бірліктегі пәнаралық байланыс ретінде қарастырады [2] .

Педагогикалық энциклопедияда бұл ұғымдардың жақындығы - “оқытудың кез келген кезеңінде пәнаралық байланыс білім интеграциясы арқылы анықтаушы қызмет атқарады”, - деп көрсетіледі [3] .

И. Д. Зверев пен В. Н. Максимова “ғылымға интеграция мен дифференциацияның өзараенуі пәндік оқыту жүйесін жетілдіру барысында пәнаралық байланыстың дамуының объективті негізін құрайтындығын” - анықтады [4] .

Қазақстанда пәнаралық проблемасын зерттеушілердің алғашқыларының бірі педагог-дидакт, профессор, Қаз ССР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер Р. Г. Лемберг болды. Ол пәнаралық байланыс мәселесін оқушылардың әлемнің тұтас бейнесін қабылдауын қамтамасыз ететін педагогикалық категория ретінде қарастырады [5] .

Сонымен ғылымдар интеграциясын зерттеу, оны пәнаралық байланыстың алғы шарты ретінде көрсету өзара әрекеттесетін ғылым сипатына, олардың санына, тілдік ерекшелігіне, даму деңгейіне, мақсатына тәуелді құбылысқа, яғни интеграциялық процестерге байланысты.

Қазіргі ғылымда интеграциялық процестер ішкі - онтологиялық, сыртқы - әлеуметтік - іс-әрекеттік факторлармен детерминацияланады. Ғылымда интеграциялық процестерді детерминациялайтын факторлар ғылымның ішкі даму логикасымен, материалдық әлемді тану процесіндегі объктілер жүйесінің өзара байланыстарын бейнелеумен сипатталады. Нақты пәндер арасындағы байланыс ғылым құрылымында бекітіліп, дифференциация мен интеграция тенденциясының диалектикалық бірлігін, ғылыми білім дамуының ішкі логикасын білдіреді.

Қазіргі ғылыми білім көпдеңгейлік сипатқа ие. Ғылыми білім дамуында ғылым синтезін білдіретін пәнаралық процесінің “бір жерге қосылуы, өзара байланысуы” ретінде ғылыми интеграция қолданысқа енді. Мектеп тәжірибесіне интеграцияланған сабақтар мен курстар, пәндер, пәнаралық және пәнішілік интеграция, оқытудың интегративті сипаты енгізілді. Сондықтан пәндік және интегративті оқытудағы ғылым интеграциясы ғылымды тұтас жүйе ретінде қарастыруға, білім мазмұнына негізделеді.

Білім мазмұнын интеграциялауда ғылыми таным қызметінің әдістері мен түрлерін синтездеуді білудің маңызы зор.

Интеграция білім мазмұнының төмендегідей негізгі үш компонентінде: пәнаралық байланыс әсерімен сапа жағынан өзгеретін білім жүйесінде; пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асырылатын оқу-танымдық әрекеттер жүйесінде; әр түрлі пәндер білімдерінің синтезі процесінде қалыптасатын қатынастар жүйесінде көрініс табады.

Материяның қозғалыс формасының өзара байланысы, олардың табиғи диалектикалық бірлігі ғылымдағы бағыттарды синтездейтін ғылым интеграциясының әдіснамалық негізі болып табылады.

Пәнаралық байланыстың көпжақты гносеологиялық шарттары мен ғылыми танымның диалектикасын түсіндіретін ғылым мен практиканың синтездері мыналар: ғылымаралық синтез, әдіснамалық синтез және ғылымның әлеуметтенуі әсерінен болатын синтез.

Ғылымаралық синтез ғылыми білімнің құрылымын жасап, олардың жүйесінен жаңа “қабаттарды”, блоктарды, элементтерді бөліп шығарады. Қазіргі ғылым көпфункционалды сипаттар алуда. Оның жүйесінде жаңа синтезделген элементтер - шекаралық ғылымдар (биофизика, биохимия, биокибернетика және т. б. ) пайда болады.

Ғылымның интеграциялануы мен дифференциациялануы білімнің сандық жағынан өзгерісі емес, ол ғылымның қайта жаңаруының заңды құбылысы, ғылымаралық синтездің нәтижесі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың заңдылықтарымен принциптері
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Оқыту әдістемесінің тарихы
Теңге бағамының айналысқа шығу тарихы
Жаңа заман ғылымы кезеңі. Екінші жаратылыстық - ғылыми төңкеріс
Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі ба ғыттары
Білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту технологиясы
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқару
Жаңару бағытындағы жалпы білім беретін орта мектепте дарынды балалармен жұмыс жүйесі
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz