Фараби және педагогика
Фараби және педагогика
Адам көздеген мақсатына жету үшін бұған жетудің тәсілін, жүрер жолын
жақсы білуі шарт. Содан соң барып қана оны меңгеруге кірісуі қажет. Шын
қызықтырған нәрсе ғана адамды өзіне ие етеді, бір кәсіпке, не өнерге
талпыну үшін адамға бәрінен бұрын табандылық керек. Сонда ғана ол белгілі
білім саласында сындарлы пікір айта алатындай жағдайға ие бола алады.
Ғылымды ұғу үшін үнемі сол ғылымның жолында болу қажет... Ғылымнан басқамен
шұғылдануды азайту керек болады. Әрбір нәрселермен шұғылдана беруде істе
тәртіпсіздік пайда болады. Арада мың жыл өткеннен кейін дәл осындай пікірді
өзінің Отыз екінші сөзінде Абай да айтқан ғой. Көңілің өзге нәрседе болса,
- деп жазды ол, білім, ғылым қонбайды. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім
ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі... Ғылымды
үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Фараби нағыз ғалым
принципшіл, қулық-сұмдықпен, ұсақ-түйекпен, өсек-аяңмен ісі жок, жұртты
алдап-арбауды білмейтін, басқаларға асқан ілтипатпен қарайтын, ерекше
кішіпейіл болуы керек, білімділік оның енегелі мінез-кұлқымен ерекше
безендіріліп тұрмаса болмайды, - дейді. ...Білімді болу деген сөз,— деп
жазды ол,— белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз... білімді
адам көп нәрсені біледі және кабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз
нәрселерді өз бетінше аша алады. Адамға ғылым қандай жағдайда ұялайды, ол
миға қайткенде қонады дейтін сұраққа Фараби былайша жауап береді: Қандай
бір ғылым болсын көңілге дербес, ерекше мәндерді (негіздерді деген мағынада
— К- Ж.) ұғыну арқылы ұялайды... Бізге осы ерекше мәндердің кейбіреулерін
ғана, ал кейде олардың көпшілігін сезінудің өзі жеткілікті. Осы жағдайларды
біздің сезіміміз қабылдап, ұғымымыз жинақталғаннан кейін ғана барып, біздің
санамыз өзіне тән рөлді атқара бастайды. Фараби еңбектерінде ұстазбен
шәкірттің ара қатынасы, бұл екеуінің психологиялық қасиеттерінің қандай
болуы керек екендігі жәйлі де аз айтылмаған. Ұстаз өз шәкіртінен адалдық,
сыпайылық, ізгілік, әділдік сияқты жақсы қасиеттерді көргісі келсе, онда
оның өзінде де осы аталған қасиеттер болуы шарт. Пәлсапаны үйрену үшін
алдын ала нені білу кажет? дейтін еңбегінде ол былай дейді: Мұғалімдік
(ұстаздық) еткен адамның өлшеуі (әдісі) тым өктем (қатаң) болмасын және тым
асыра босаңсытқан төмендікпен де болмасын. Егер тым қатты, үнемі ызғарымен
болса, онда оқушылар мұғалімін жек көретін халге жетеді. Егерде өте босатып
жіберген кішіпейілділік болса, онда оқушылар жағынан мұғалімді кем санау,
оның ғылымына жалқау қарау қаупі туады. Ұстаз ескерер тағы бір жәйт,— дейді
Фараби,— бұл шәкірттің мінез-құлқындағы жағымсыз мінезді, ұнамсыз қылықты
болдыртпау, онда жақсы сипаттардың қалыптасуына мүмкіндік беру. Фараби,
осы жерде, мінез тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Мінезділік — бақытты
болудың басты шарттарының бірі. Кейбір адамдар қолдағы бақытынан оп-оңай
айырылып калады, тіпті кейде бақытсыздыққа да ұшырайды. Оны мұндай күйге
түсіретін — сол адамның нашар мінезі. Сондықтан жастардың жаны мен тәнін
тәрбиелеуді бесігінен бастаған абзал, ал оқу орындарында бұған ерекше назар
аударып отырмаса тағы болмайды.
Фарабидің ұғымында ізгі, қайырымды қаланың басшысы да, медресе имамы да
жұрттың әрі ұстазы, әрі тәрбиешісі. Егер имам шәкірттерді оқытып -
тәрбиелесе, қала басшысы барлық жұртты ізгі қасиеттерге баулиды. Олай
болса, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz