АҚШ-тың оқу-ағарту бағдарламаларының Қазақстандағы білім жүйесіне әсері
АҚШ-тың оқу-ағарту
бағдарламаларының Қазақстандағы білім жүйесіне әсері
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері он жылдан астам
уақыт өтсе де, жан-жақты реформалар жүргізу үрдісі аяқталған жоқ.
Тәуелсіздік жылдарының алғашқы күнінен бастап дамыған елдерден үлгі алуға
тырысқан Қазақстан Республикасы өз ішіндегі жаңашылдықтарды басқа елдермен
тығыз қарым-қатынас жасасу арқылы енгізіп келеді. Америка Құрама Штаттары
сондай елдердің ішінде ең маңызды орынға ие. Әрине, екіжақтың достық қарым-
қатынастарын былай қойғанда, олардың арасында жер мен көктей айырмашылық
бар. Бірақ өз дамуына септігін тигізетін мұндай қарым-қатынастарды
жасаспасқа болмайды. Қазіргі танда Америка Құрама Штаттары КСРО ыдырағаннан
кейінгі қалған вакуумды толтыруға белсенді түрде тырысып-ақ жатыр. Оның
бірнеше себебі бар. АҚШ өз ықпалын бұрынғы Ресей ықпалымен ауыстырғысы
келеді, әрі стратегиялық маңызы бар энергетика қайнар көздеріне бай, әрі
әлі даму сатысындаш бүл аймақ қандай да болсын ықпалға тез іліккіш болып
тұр.
Осындай жағдайларда өсіп-өрбіп келе жатқан еліміздің өз тәуелсіздіғін
сақтап қалуына, сонымен қатар АҚШ сияқты ірі державамен серіктестік
деңгейінде қарым-қатынас жүргізуіне таңданбасқа болмайды.
Қазақстан қоғамының трансформациясы жағдайында мемлекет алдында
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін қалыптастыру өзекті мәселесі
пайда болды. Бұл мәселені қарастыруда Қазакстан Республикасының жоғары
білім беру жүйесін реформалау үрдісін зерттеу керек. Бұл жерде өтпелі
кезеңді басынан өткізіп жаткан елдер үшін білім жүйесін реформалау жаңа
құбылыс болып табылмайтындығын атап кету қажет. Мұндай реформалар білім
жүйесінің жақсаруын, даму динамикасын, эволюциясын көрсетеді және әрдайым
болып тұрады.
Қазіргі Қазақстанда жоғары білім мәселесі экономикалық жағдайға
тікелей байланысты. Бірақ, біздің ойымызша, бұл мәселені шешуде тек
қаржылық-экономикалық жағдаятқа ғана сүйенуге болмайды. Білімді
реформалауға кешенді түрде қарап, әлеуметтік, экономикалык және мәдени
факторларды да ескеру керек.
Әрбір әлеуметтік институт, соның ішінде білім беру жүйесі қалыптасқан
жағдайларға бейімделуі тиіс, өйткені ол оның өмір сүруіне қажетті шарт
болып табылады. Біздің еліміздегі білім беру жүйесінің реформасы басқа да
өтпелі мемлекеттердегідей "жоғарыдан" жүргізіледі.
Кеңес Одағының ыдырауымен байланысты ТМД елдерінде, соның ішінде
Қазақстан Республикасында қиын кезең басталды. Бірінші онжылдықта Қазақстан
қоғамының трансформациями сараптау оның егемендігінің қалыптасу жылдарының
қиынға сокқандығын көрсетеді. Қазақстан қоғамының экономикалық, әлеуметтік-
саяси, психологиялық, экологиялық және т.б. салалардағы дағдарысы
өндірістің, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, инфляцияның өсуіне,
мораль мен құқықтың мағынасыздануына алып келді. 90-жылдар басындағы осы
ортақ дағдарыс жоғары білім беруді адамдардың әл-ауқатын жақсартуда
стратегиялық ресурс етуге, ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге, халықаралық
аренада мемлекеттің бәсекелесу мүмкіндігін арттыруға, оның әлемдік жоғары
технолоғия рыногында нығаюына жол бермей, жоғары білім беру жүйесіне кері
әсерін тигізді. Дағдарыстың кері әсері позитивті үрдістерді тежеп, отандық
білімнің көптеген жетістіктерінің жойылуына әкеп соктырды. Өкінішке орай,
мемлекет білімнен біршама алшақтап, жоғары мектеп өзін өзі сактап қалумен
ғана айналысты. Бұның әлеуметтік-саяси нәтижесі ретінде мемлекет пен
білімнің және қоғамның бірінен бірі алшақтауы байқалады. Алайда қазіргі
жағдайларда мемлекеі пен қоғам өздерінің приоритеттері туралы айта бастаған
кезде білім көлеңкеде қала алмайды.
Өтпелі кезең мемлекеттерінде жоғары білім беру жүйесінде өзіндік
тенденциялар қалыптасқан:
Бірінші тенденция - мемлекет тарапынан жоғары білім жүйесіне назардың
төмендеуі. Әлеуметтік экономикалық дағдарысқа байланысты посткеңестік
мемлекеттерде ішкі әсер төмендеп, сыртқы әсердің күшеюі байкалады.
Екінші тенденция - жоғары білімді батыстандыру және американдандыру.
Көптеген елдерде реформалау негізіне көбінесе жоғары білімнің американдық
үлгісі пайдаланылады (бакалавриат, магистратура, докторантура және т.б.).
Бұл әртүрлі халықаралық қорлардың (ІПЕХ, 1)518, АССЕЬЗ, 50К.ОЗ және т.б.)
кең жарнамалануына байланысты жеткізіліп отыр. Адамдар шет елге оку үшін
ақысыз шыға алады. Бірақ адамдар санасы арқылы елдің элита саналарына
батыстық стандарттар енгізіледі.
Үшінші тенденция — халықаралык горизонтальды білім жүйелерінің пайда
болуы. Бұған мысал ретінде ЮНЕСКО-ның, Университеттердің Халықаралық
Ассоциациясының, Университеттердің Еуропалық Ассоциациясының, ТМД елдерінің
білім министрлерінің Конференциясын және т.б. келтіруге болады. Бұл жүйелер
әлемдік білім кеңістігіне жедел кіруге септігін тигізеді. Мұндай жүйелерде
вертикальды иерархия жоқ.
Төртінші тенденция — нашар дамыған елдерден жоғары дамыған
демократиялық мемлекеттерге интеллектуалды кадрлардың кетуі.
Біздің ойымызша, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан
үкіметі бұл мәселеге байыппен қарап, мемлекеттік білім саясатына кейбір
өзгерістер енгізуі керек. Әсіресе, Қазақстан спецификасы - территориялық
кеңдігінде (республиканың жалпы ауданы 2,7 млн. шаршы шақырымды құрайды [1]
), адам ресурстарының жетіспеушілігі байқалады. Мұндай жағдайда тек
интеллектуалды деңгейді көтеру аркылы республика өз мемлекеттілігін сақтап,
нығайтып, жалпымемлекеттік, жалпыұлттық мүдделерді қорғап, елдің
қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.
Қазақстандағы жоғары білім екі сатымен дамыды деп пайымдауға болады:
1) Жоғары білім жүйесінің жаңа құрылымыньщ қалыптасуы мен реформаларының
басталу және білім саясатының қалыптасу кезеңі (1991-1999 жылдар); 2)
жоғары білім жүйесін модернизациялау үрдістерінің реалды бастамасы кезеңі
(1999 жылдан бүгінге дейін). Біздің ойымызша, мұндай кезеңдеу жоғары білім
жүйесін реформалау үрдістерінің толық көрінісін береді.
Реформалар нәтижесінде Қазакстан Республикасының білім жүйесінің
қалыптасуы мен қызмет аткаруының саяси-құқықтық неғіздері қаланды. 1992-
1993 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының "Білім туралы Заңы" (1992
жыл), "Жоғары білім туралы Заң" (1993 жыл) қабылдаңды. Бұл құжаттар заңды
түрде жаңа ұлттық білім үлгісін қамтамасыз етіп, сонымен қатар ұлттық-
мәдени ерекшеліктерді ескере отырып білім саласында мемлекеттік саясат
жүргізуге алғышарт болды,
Кейін, 1993 жылы, республикада білімді мемлекет тарапынан колдау
бағдарламасы, білім саласындағы мемлекеттік саясат Концепциясы, Қазақстан
Республикасының гуманитарлық білімі туралы Концепциясы белгіленді. Алайда
бұндай реформалар жүргізілгенмен, оларда ескі жүйенің қалдықтары бар еді.
1995 жылы жаңа Конституция қабылданғанмен, Қазақстан Республикасының
"Білім туралы Заңына" бірнеше түзетулер ғана енгізілді. Демократияға өту
кезеңіндеғі басқа да мемлекеттер сияқты Қазақстан да әрбір адамның өз
қабілетіне қарай білім алуына еркі бар екендігін жариялайтын Адам құқықтары
туралы Декларацияның талаптарын орындайды [2].
Білім саласындағы заң Қазақстан Республикасының Конституциясына
сүйенеді. Ол мемлеқеттік саясат принциптерін анықтайды, азаматтардың білім
алу конституциялық құқықтарын қамтамасыз етеді, білім алу үрдісіндегі
субъектілердің арасындағы қатынастарын реттейді [3].
Білім беру саласында реформалар жүргізудің екінші кезеңінде, яғни 1999
жылы жаңадан Қазақстан Республикасының "Білім туралы Заңы" қабылданды [4].
Ол занды түрде білім жүйесінің жаңа ұлттық үлгісін бекітті.
Осы заңды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27 қаулысы
қабылданды, оның ішінде 13-і жоғары қәсіби білімге арналған. Олардың
негізгілерін атап айтсақ: Қазақстаң Республикасы Үқіметінің 1999 жылғы 20
шілдедегі "Қазақстан Республикасының жоғары оқу мекемелерінде кадрлар
даярлауды міндетті түрде мемлекеттік несиемен қамтамасыз ету туралы" №
1018, 1999 жылғы 22 қыркүйектегі "Мемлекеттік білім беру мекемелерінде
ақылы білім беру тәртібі" туралы № 1438, 1999 жылғы 25 қарашадағы
"Мемлекеттік білім гранты туралы тәртіп" жөніндегі № 1781, 1999 жылғы 2
желтоқсандағы "Жоғары кәсіби білімнін көп деңгейлі құрамы туралы" № 1845,
1999 жылғы 3 қыркүйектегі "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау
туралы" № 1305 және 2001 жылғы 20 ақпандағы "Білім саласындағы халықаралық
ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы" № 259 қаулылары.
Бұл жерде айта кететін жағдай, уақыттың өзгеруіне қарай білім беру
саласында Қазақстан Республикасының басқа елдермен де ынтымақтасу мәселесі
туындай бастайды. Яғни Қазақстан басшылығының басқа елдерден үлгі алу
қеректігін мойындағаны.
Қазақстан Президентінің Жарлығымен 2000 жылы 30 қыркүйекте "Білім"
атты Мемлекеттік бағдарлама бекітілді [5]. Бұл құжат білім саласында
ұйымдастырушылық-экономикалық, методикалық, құқықтық және әлеуметтік-
психологиялық өзгерістердің талабына сай құрылды.
Қазіргі кездегі жоғары білім жүйесінің даму тенденциясын былай
суреттеуге болады;
• біріншіден, ол Қазақстан Республикасы КСРО құрамында болған
кездегі жүйелік әлеуетіне сүйенеді;
• екіншіден, нарықтық экономиканың талаптарына және шарттарына
сәйкес өзгеріп отырады;
• үшіншіден, білім саласында жаңа оку құралдарын қалыптастырудың
белсеңді үрдісі жүріп жатыр;
• төртіншіден, білімнің экономикалық фундаменті өзгеруде;
• бесіншіден, мемлекеттік емес оқу орындары көбейгендіктен,
мемлекет білім сапасына бақылау мен оқу-ағарту бағдарламаларының басым
бағыттарын қалыптастырумен шұғылданады.
XXI ғасыр табалдырығын аттағаннан кейін көптеген елдер әлеуметтік
салада біршама өзгерістерді бастарынан кешіруде. Шын мәнінде соңғы 10 жыл
ішінде оқу-ағарту саласында реформа жүргізбеген бір де бір дамыған мемлекет
жоқ. Кейбір елдерде бұл тәжірибе тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қазіргі
қоғамның дамуында және әлемдік рынокта мықты позицияны қамтамасыз етуде
білімнің басымдық рөлі туралы идея жоғары дамыған мемлекеттердің оқу-ағарту
саясатында маңызды орынға ие. Ол ресми құжаттарда, саяси платформаларда
және мемлекет басшыларының сездерінде керініс табуда. Әлемдік қауымдастық
өзінің жарқын болашағын жаңа біліммен байланыстырады.
Ғаламдастыру соңғы он жыл ішінде адамдар санасыңда және тәжірибеде
қозғаушы күш ретінде қарастырылды. Ғаламдастыру үрдісінің әсері халықаралық
білімге ақпараттық, коммуникациялық технологиялар және технологиялық
байланыстар енгізуде айқын көрінеді. Бұл үрдістің пайда болуынан гөрі оның
халықаралық білім концепциясына әсері, оның табиғаты және қамту аумағы
қызығушылық тудыруда. Ғаламдық мүдделердің пайда болуы және өртүрлі
мемлекеттердің бірігуі олардың үқіметтерін халықаралық және аймақтық саясат
қалыптастыруына, екіжақты және кепжақты келісімшарттар жасасуына, қаржы-
экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-мәдени және білім салаларында келісімдер
жасасуға мәжбүр етеді. Сондай-ақ осындай жобаларда жоғары білім саласы ете
кең ауқым алып жатыр. Бұны ондағы халықаралық және аймақтық деңгейде
жасалған көптеген алмасу бағдарламаларынан көруге болады. Мысал ретінде ТМД
елдерінің білім министрлерінің Конференциясын, Еуразиялық Университеттер
Асоциациясын және т.б. келтіруге болады. Жоғары білімнің әлемдік даму
тенденцияларының жақсы жақтары мен кері әсер ететін жақтары бар. Осылайша,
мысалы, Жоғарғы білім бойынша дүниежүзілік конференцияда (1998 жыл, Париж)
ғаламдасу және аймақтасу үрдістеріне тән позитивті жақтарымен қатар,
адамзаттың тұрақты дамуына бірқатар кері әсер етуші жақтары бодды:
• әлем аймақтарынын поляризациясы;
• бай және қедей аймақтар арасында айырмашылықгың үлкеюімен
сипатталатын маргинализация;
• кейбір әлеуметтік топтардың өзінің мәдени құңдылыктарын этникалық
ереқшеліктері бойынша, территориясы, діні, дәстүрі, мәдениеті, діни
фундаментализмі принциптері негізінде бекітумен сипатталатын фрагментация
[6].
Жоғарыда келтірілген поляризация, маргинализация және фрагментация
үрдістері адамзаттың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz