Отбасын құруға дайындық немесе халық педагогикасының бірінші негізі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ ұлтының тарихы мен әдебиетін жатқа айтқызған ауыз әдебиетіндегі жырауларың бір кештен таңға дейін, немесе бірнеше түн бойы айтқан қиссаларын ертеңгі күні қатесіз жатқа айтатын, күйшілердің күйлерін қатесіз орындайтын бұрынғы ұл-қыздарымыздың зеректілігіне не болды? Қайда кетті? Үлкенге ізет көрсетіп, алдынан қия өтпейтін, сәлемі дұрыс жастарымыз туған ата-анасымен неге сыйыспайды, тіпті әжесі мен атасына немересі айқайлайтын, туған әке-шешесін асырауды, күтуді ауыртпалық көріп кәрілер үйіне тапсыратындар шығып жатыр. Бұған не болды?

Қазіргі замандағы материалдық «жетіспеушілік» артта қалар, «жері байдың елі бай» дегендей, жетілерміз, өнеркәсіпті өркендетерміз. Ал, осы жаңа техникаларды меңгеріп, одан әрі жетілдіре алатын тәрбиелі де талантты ұрпақ қайда, біздің ұлттық болашағымыздан не күтуге болады?

Совет-Хан Ғаббасов ұсынып отырған еңбегінде халықтық педагогикамыздың арғы-бергі жағын сараптап-көрсетіп қана қоймай, жалпы педагогика ғылымдарында бұрын ескерілмеген, білмеген жаңа көзқарастар мен тұжырымдар жасаған. Қарапайам тілде айтсақ, осы уақытқа шейін, ақыл тәрбиесінен кенде қалмаған сияқтымыз, бірақ мәдениетімізде, ғылымызда, материалдық салада көптеген шетелдерден артта қалып қойғанымызды енді көріп тұрмыз. Ал, бұл жасанды ұяңшылдық пен надандықтан ұрық тазалығы туралы сөз қылмауымыздың, жастарды арақ, темекі, апиындармен улаудың салдары, жүрек тәрбиесінің болмауы. Тек ақыл айтумен айналысып, бүкіл педагогика жұмысының жүйесі ақыл тәрбиесіне ғана құрудың нәтижесі.

Қазақстан Республикасының Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында С. Ғаббасов жетекшілігімен жүргізіліп отырған «Халық педагогикасының негіздерін айқындайтын психо-физиологиялық жаңа көзқарас» жайлы жақсы тұжырымдарда халықта тезірек түсіндіруді, тереңірек үйретуді іске асырмақ. Бұл игі іс.

Отбасын құруға дайындық немесе халық педагогикасының бірінші негізі

Отбасын құруға дайындық кезеңінде екі жастың өздері, сондай-ақ олардың туыс-туғандары мен ата-аналары үш түрлі мәселеге ерекше көңіл бөлулері қажет:

1. Ата-ана дәстүрлерін қадағалау арқылы халқымыздың генофонын көздің қарашығындай сақтау . Қандай да ағаттықтармен бұзып алмаудың қамы.

2. Отбасын құруға саналы түрде дайындалу арқылы ұрық тазалығын сақтау. Өйткені ұрығында уланып туған ұрпақты түзеп алудың мүмкіншілігі жоқ.

3. Ата-ана мен бала арасындағы сыйластық .

Міне, осы үш мәселені қазіргі уақыт жағдайларымен салыстыра отырып талдау жасап көрелік. Бірінші мәселені яғни, ата-баба дәстүрлерін қадағалау арқылы халқымыздың генофондын сақтаудың жайы «қызыл империяның» саясатымен шын мәнінде құрдымға құлдырап бара жатқан еді. Дәстүр атаулының ішіндегі ең ұлттық ерекшелігі бар құндысы болып табылатын «Жеті атаға дейін қыз алыспау . . . » өз мәнінен айырыла бастаған болатын. Халық бұл дәстүрді сонау Фараби мен Қорқыт замандарынан яғни VIII-IX ғасырлардан қалыптастырғандығы белгілі. Халқымыздың осы дәстүрді ұстанғандығына . . . мінеки, он екі ғасырдай уақыт өткен. Сонда, бұл дәстүрдің құндылығы неде?. . Бұл сауалға жауап бергенде, ең әуелі салыстырмалы түрде XIX ғасырдың бастапқы кезінде ашылған . . . «Дарвинизм» ілімін еске алуға тура келеді. Оның ашқан « . . . табиғи сұрыптау . . . » аты жаңалығы, осынау халқымыздың « . . . жеті атаға дейін қыз алыспау . . . » дәстүрімен тікелей сабақтасып жатқандығын ашып айтқан жөн. Оның үстіне басқа жер бетінде тұратын халықтарда мұндай дәстүрдің аса сирек кездесетіндігін айтпағанның өзінде, тіпті бір туыстас Түркі халықтары да «. . жеті ата дейін алыспау . . . » дәстүрін қолданбайды. Қазақ халқына ең жақын деген қарақалпақ пен қырғыздар да ең ұзағында үш -төрт атадан аса алмайтындығы белгілі . . .

Міне, халқымыздың көптеген қасиеттерінің ішіндегі ең ұлағаттысының бірі осы. Оның мәнін ұқпағандықтан көмескіленіп бара жатқандығын ескермесек болмайды. Өйткені, өзінің ұлттық тарихы мен педагогикасынан айырыла бастаған жұртымыз, бірте-бірте мәңгүрттену жолына ауысқандығын қадап айтқан жөн . Ана тілін білмейтін жұртымыздың 40 проценті, сөз жоқ, «жеті атаға дейін қыз алыспау» дәстүрін не қажетіне жаратпақ. Тек ерекше атап айтуға тұрарлық жағдай, ол кең байтақ өлкеміздің шығысы мен батысы, түстігі мен терістігінің жіті араласуынан біздің халқымыз ас бір қолайлы жағдайда отыр. Егер осыны саналы түрде дамытып, « . . . қыз алып, қыз берісуді . . . » осындай кең өріске шығарсақ, онда жұртымыз бұрын -соңды көрмеген жаңғырудың құдіретін сезінеді. Халқымыз генофонды мүлдем жаңа жаңғырудың жаңа биіктігіне көтерілер еді . . .

Екінші үлкен мәселе, яғни, отбасы құруға дайындық немесе ұрық тазалығын сақтау аса қиын күйге душар болып отыр. Бұл халқамыздың дәп осы мәселені тереңдей түсініп мән бермеуінің салдарынан у ішкендей болып отырғанын батыл түрде айтуымыз қажет. Олар бүгінгі таңда отбасы құруға дайындық дегенде, тек материалдық жақтарын ескереді. Той жасарда арақ-шарап, ішімдіктің мол болуын қарастырады. Отбасы құру қуанышына жиналған жұрт есінен танғанша арақ-шарап ішуді қызық көреді. Бұл сәтте үй болғалы тұрған екі жас та құралақан қалмайды. Олар да ішеді.

Той тарқағаннан кейін арақ ішкен екі жасты күтіп тұрған ақ төсектің арты уланып тумақ болмақ. Өйткені, күллі наркотикалық заттардың, соның ішінде арақ-шарап адам ағзасындағы бірден барып уландыратын мүшелер ми қабаттары мен ұрық бездері екендігі ғылыми нәрсе. Егер, мынау бір ғылыми дерекке көңіл аударсақ, адам ағзасына түскен арақтың 100 гр. организмнен жеті күнде әрең шығып тазарады екен. Ал, ЗАГС-ке тіркелгеннен кейін ай бойы ішілетін ішімділіктің зияндылығын немен салыстыруға болады екен? Ендеше ертеңгі өмірге келетін ибасыз қыздар . . . қатыгез ұлдардың көбеюіне кім кінәлі болады ?!

Біздің ойымызша, келер ұрпақ алдында қауым болып қателесіп жүргендігімізді дер кезінде, уақыт өткізбей мойындағанымыз жөн. Өйткені тіршілік заңы өте қатал. Оны нәпсісіне еріп бұзғандар, түбінде бір заршылық көрмей қалуы мүмкін емес. Сондықтан да, табиғат қайнауларында тіршілік ететін күллі жан иелері, ұрпақ қамына кірісерде, тек судың тұнығын ішіп, шөптің асылын жеуге тырысады. Тіпті, олар өз бойларындағы арамтер мен артық майынан да арылуға арнайы уақыттарын жібереді. Ал, пендешілікпен шымалған адам баласы, керісінше, ақылы мен парасаттарын әдейі уландандыратындығын қалай түсінеміз? біздің ойымызша бұл масқара халден ел-жұрт болып тез тыйылуымыз керек.

Қазіргі дүниеге келіп жатқан нәрестелердің кейбірі ұрығынан бұзылып туылғандықтан, көпшілігі жарық дүниені көрмей-ақ өлі туып жатса, бірсыпырасының жаны шықпағапымен жарымжан күйінде тіршілігін бастаған болады. Ал, дұрыс туды дегендердің өздері де зейіндері мен зерделері таяз болып туатындықтан олардың да жай-жапсарларын оқу-ағарту жүйелерінде істейтіндер жақсы біледі. Ендеше, бұл індеттен құтылудың жолын халық педагогикасының негіздерінде ел болып еркін шешіп алудың жолдарын қарастырған жөн үшінші мәселе, яғни, ата-ана мен бала арасындағы сыйластың қазіргі кездегі жай-күйі қалай екенін айтсақ, бұл мәселе де қатты дағдарыста екендігі аңғару қиын емес. Бұрынғы ата-бабаларымыздың салып кеткен жолы бойынша, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық аса үлкен этикалық заңдылықтарға бағынатындықтан, өзара үндесіп жатады. Ал, қазір ол үндестіктердің бұзылуының салдарынан, ата-ана баланы, бала ата-анасын түсіне алмайтын күйге ұшырап отыр. Соның кеселінен үлкен трагедияларға жиі ұшырап отырғанымызды жасыра алмаймыз. Жастардың бойындағы өзім білемдік ешбір сын көтермейтін жағдайларға жетіп отыр. Ендеше, ел басына түсіп, еңсесін езген осы кінәраттың түп төркінін анықтауға тырысып көрелік.

Халқымыздың өзі өмір сүріп келген ұзақ тарихында небір кезеңдерді бастарынан өткізіп, заман дауылдарының аяздай қарыған үсіктеріне ұшырапған сәттері көп. Әсіресе, соңғы үш ғасырға жуық уақыттың ішінде, аса күрделі аласапыран кездерді бастарынан өткізеді. Өз билігінен ажырап қалған халықтың азып-тозып кетуіне көптеген себептер ықпал етті. Енді сол себептерді іріктеп, жұптап қарасақ:

  1. Өз еркіндігі жоқ, басқа жұрттың боданы болып келген елдерде ғана қалыптасатын топастана бастаған тоғышар орта,
  2. Тағдыр тауқіметінің салдарынан ата-баба дәстүрлерінен адасып, оның үстіне арақкештікке салынғандықтан - адамдық парасаттарынан айырыла бастаған ата-аналардың бой көрсете бастауы,
  3. Ата дәстүрінің құндағында өспей, ана тілінде тәрбиелеген жаңа буын жас ұрпақтың есер қылықтары . . . - деп шартты түрде топтастыруға болатын тәрізді. Оның үстіне, халқымыздың ежелден келе жатқан дархан мінездерін - дарақылыққа, жомарт пейілдерін - ысырапшылдыққа айырбастай салатын пендешілігіміз де жетіп жатыр. Осындай жайсыз мінез-құлықтардан, ежелден қалыптасқан халқымыздың ішкі мәдениеті мен адамшылық сипаттары көмескіленіп кетті.

Міне, 1990 жылы 25-ші қазан айында, халқымыз ғасырлар бойы аңсаған арманына жетіп, өзінің дербес мемлекет ретіндегі декларациясын дүниежүзіне паш етті. Енді өзін-өзі билейтін ел болмақ?! Олай болса, жоғарыдағы айтылған - топастана бастаған тоғышар орта да жөніне келіп, ата-баба дәстүрінен ажырап қалған қауым да . . . ана тіліміздің қасиеттері де қайтып оралғалы отыр . Бірақ бұл қасиеттер аспаннан өзі келе салмайтындығын ел болып ұғынуымыз керек. Сондықтан егеменді елдігімізді толық меңгеруіміз үшін, «еңбектеген жастан, еңкейген қарияға дейін. . » намыстарын қайрап, жігерлерін жанитындай белсенділікке ауысуымыз ауадай қажет. Сөйтіп, тіршілік тұрмысымыздағы белең алып отырған ата-ана мен бала арасындағы қайшылықтар да жойылып, адпмшылықтың ақ босағасын аттаймыз деген үмітіміз мол. Ол үшін үзіліссіз ұрпақ тәрбиесін халық педагогикасының құндағында, ерекше жігер беріп қолға алатын мезгілді өткізіп алмауымыз керек.

Ана құрсағындағы тәрбие немесе халық педагогикасының екінші негізі

Ана құрсағындағы тоғыз ай - адам ғұмырының ең ұзақ та сонымен қоса ең күрделі кезеңі. Оның ұзақтығы - түйсіну мен сезінуге ақыл күшін қосу арқылы байқасақ, - Жер бетіндегі тіршіліктің сатыларын қамтуға кеткен 150 миллион жылмен парапар. Міне, мұны түсіну үшін, тіршілік құпиялаларына тереңдей толғап үңілмей болмайды.

Қазіргі ғылыми дәлелдерге сүйенсек, Ана құрсағындағы өсіп жатқан Жан иесі өзіне берілген тоғыз айдың ішінде, табиғатта кездесетін барлық тіршіліктің әр деңгейіндегі сатыларын басып өтеді де, « . . . он сегіз мың ғаламның . . . » сипаттарын түгелдей қайталап өтетіндігі белгілі. Былайша айтқанда, бірклеткалық «қарапайым» тіршілік көзінен бастап хайуанат әлеміндегі омыртқалыларға дейін, тіпті оның ең шырқау биігі болып саналатын Адам бейнесіне дейін ауысып жетіледі. Сөйтіп, табиғаттағы әр тіршіліктің өз аты-жөндерімен атасақ, бір клеткалы амебадан . . . құрт-құмырсқа, бақа-шаян, жан-жануарлардың саты-сатыға бөлінетін баспалдақтарын басып өтеді екен.

Бұл күлі табиғат жаратылыстарының ішіндегі аса күрделі, әлі де тылсымы ашылып, бітпеген құдіретті құбылыс екендігіне сөз жоқ.

Міне, осынау айтуға ғана жеңіл, ал өсу жолындағы әрбір сәті күрделі сан-алуан құбылыстарға жіктеле отырып, тек биология мен физиология заңдылықтары ғана бағынып дамитын тоғыз торқаның ішіндегі жан иесі - жүрек тәрбиесі атты жүйенің әліппесін парақтап та кетеді екен. Егер әл-Фараби тұжырымына жүгінсек: « . . . Адам мүшелерінің ішінде ең алдымен жүрек пайда болады, сонан кейін ми, одан кейін бауыр, бұдан кейін көкбауыр . . . сосын басқалары пайда болады. Бәрінен соң ғана қимылға келетіні - жыныс мүшелері», дей келіп, жүрек басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі білмейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да - басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес, екінші, өйткені ол ағзадағы барлық басқа мүшелерді билейтін болса, оның өзін жүрек билейді деп таңғажайып тамаша тұжырым жасайды.

Фараби өзінің осы тұжырымын әрі қарай ғылыми жетілдіре келіп, түркі халықтарының тәлім-тәрбиесінен (халық педагогикасынан) негіздерін алатын үш түрлі ілімнің - хауас, хауас салим, хауаси хамса заһириди (түйсік, ішкі бес сезім және сыртқы бес сезім ), екінші имани гүл (үш сүю), үшінші - Жауәнмәртілік (ақыл, әділет, рақым) мәнін түсіндіреді. Бұл ілімнің - өз топырағына түспеген дән сияқты араб елдерінде өзінің өркендей даму жолдарына түсе алмайды. Бірақ түркі халықтарынан шыққан ғұламалар Ғұламахи, Дауани, Жүсіп Баласағұн, Әлішер Науаи. ., бұл жайында көп еңбектер жасайды. Жүсіп Баласағұн осының негізінде дүниежүзін тамсандырған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫ БОЛАШАҚ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жоғары оқу орындарында студенттерді болашақ отбасылық өмірге даярлаудың педагогикалық негіздерін анықтау, студенттерді отбасылық өмірге дайындау әдістемесін жасау
Бастауыш мектеп кезеңі
Отбасы тәрбиесінің басымдылығын мойындау
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың алатын орны
Қазақ хандығы кезіндегі ұлттық тәрбие көріністері
Халық педагогикасының жастарды тәрбиелеудегі рөлі
Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту
Мектеп жасындағы балалардың оқу тәрбиесінің әдістемесін жасау
Педагогика тарихында балалар тәрбиесі маңызды мәселе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz