Білім-тәрбие беру мекемелерінің дамуы қоғамның тәрбие беру саласындағы мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың маңызды алғышарты
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
Білім-тәрбие беру мекемелерінің дамуы қоғамның тәрбие беру саласындағы
мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың маңызды алғышарты 3
Мектептегі білім беру мен тәрбиелеу практикасы. 4
Білім беру жүйесінің негізгі факторлары. Білім беру мен тәрбиенің
приоритеттері және проблемалары. 5
Түрлі елдердегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері және оның даму
тенденциялары. 7
Қазақстандағы білім беру жүйесі және оның қазіргі проблемалары. 9
ҚОРЫТЫНДЫ 10
Қолданылған әдебиеттер 11
КІРІСПЕ
Халыққа білім беру және тәрбие мәселелері дүние жүзінің дамыған және
дамушы елдеріндегі көкейкесті мәселелердің бірі. Олар әр елдің келешек
өмірін ұйымдастырудың алғышарты.
Жалпы алғанда білім беру жүйесі деп сол не өзге елдегі қызмет
атқаратын білім-тәрбие беру орындарының жиынтығы, олардың арасындағы
байланыстарды және сол орындардың құрылуы мен жұмыс істеуінің ортақ
принциптері түсінілсе, оның құрылымы, түрлі деңгейлері сапаларына қойылатын
талаптар артып отырады. Соның ішінде қоғамдық өндірістің ғылыми-техникалық
деңгейінің дамуы мен өсуі, өндірушілердің басым көпшілігінің жалпы білімдік
және техникалық дайындығының жоғары деңгейде болуы басты талаптардың бірі.
Осындай жағдайлармен байланысты дүние жүзінің қауымдастығы алдында
жалпы мақсат тұр. Ол – жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде білім-тәрбие
берудің прблемалары мен басым тұстарын анықтау. Осы басым тұстар мен
проблемалардың қатарына басқа нәсілдерге, діндерге, әлеуметтік құрылымдарға
деген толерантты көзқарастар; тұлғаның рухани қасиеттері; басқаларға деген
жанашырлық сезім және көмектесуге әзірлік; бейбітшілікке бағытталған тәрбие
жатады. Осы басым тұстар мен проблемалар әр елде ұлттық және қоғамдық
ерекшеліктер негізінде қарастырылады.
1980-1990 жылдар қарсаңында жалпы идеологиялық егес аяқталды. Осының
салдарынан тәрбиеге халықаралық қатынас және бейбітшілік идеясы рухындағы
күрделі түзетулер жасалды.
Жасөспірімдерді өмірге дайындау және қоғамның тәрбие саласына қоятын
мақсаттарын жүзеге асыру тиісті білім-тәрбие беру орындарының жүйесін
құрмастан және жетілдірместен мүмкін еместігі Қазақстан Республикасының
“Білім туралы заңында”, “Орта білім беру стандартында”, Тәрбие
концепциясында”, “Орта білім беретін мектептердің мазмұнын жаңарту”
жөніндегі құжаттарда да атап көрсетілген.
Егеменді Қазақстан жағдайында жалпы білім және тәрбие беретін
мекемелерінің желісінің ұлғая түсуі кәсіптік-техникалық, арнайы орта және
жоғары оқу орындарының жаппай мамандар дайындау жөніндегі ролі одан әрі
арта беруі тиіс.
Бұл көрсетілген мәселелер білім беру жүйесінің қазіргі
жағдайы, ондағы өзгерістер мен жаңалықтар, оның түрлі елдердегі даму
тенденциялары өзекті проблемалар екендігін анықтайды және тақырыптың
“Қазіргі білім беру жүйесі және оның түрлі елдердегі даму тенденциялары”
деп белгіленуін қамтамасыз етеді.
Сонымен жұмыстың зерттеу объектісі - “Түрлі елдердегі және
Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесі”.

мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың маңызды алғышарты
Жас өспірімдерді өмірге дайындау және қоғамның тәрбие саласына қоятын
мақсаттарын жүзеге асыру, тиісті білім-тәрбие беру орындарының жүйесін
құрмастан, мүмкін емес. Сондықтан да, өндірістің дамуы және қоғамдағы
әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қиындау деңгейіне байланысты білім-
тәрбие беру орындарының саны мен мамандықтарының көбеюі және олардың
сатыларының өсуі байып тұрады. XІX ғасырдың соңына дейін олардың ең кең
тараған және негізгі түрі бастауыш мектеп болған. Содан кейін оның үстіне
жалпы білім беру мектебінің деңгейінің жоғарырақ сатылары, атап айтқанда,
орта және жоғары сатылары құрылды. Қзіргі кезде орта мектеп дүние жүзінің
дамыған елдеріндегі халыққа білім беру орындарындағы ең негізгі және кең
тараған түрі болып табылады.
Бастауыш мектптерге жаңа сатыларды қосу үрдісі үстінен ғана емес
астынан да жүрді. Осылай XІX ғасырда дами бастаған балабақшалар сияқты
мектепке дейінгі тәрбие беру орындарының жиынтығы XX ғасырда кең тарау
алды. Өмір, орта және жоғары буындығы инженерлі-техникалық жұмысшыларды
және мәдениет пен басқару саласындағы әр түрлі мамандарды кәсіби дайындауға
арналған арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарын құруды және дамытуды талап
етті. XX ғасырдағы өндірістің техникалық негізінің жоғары қарқында дамуы
көпшілік мамандықтардың жоғары дәрежелі мамандарын дайындау және осы
мақсатта дүние жүзі елдерінің барлығында саны үнемі өсіп жатқан кәсіби-
техникалық оқу орындарын құру қажеттілігін туғызды. Осымен қатар клуб,
театр, кинотеатр т.б. сияқты мәдени орындардың саны көбеюде.
Білім тәрбие беру және мәдени орындардың кең ауқым алуымен қатар
олардың құрылымы мен сабақтастық қарым қатынастарын жақсарту үрдісі жүріп
жатыр. Осының бәрі әр елдің өзіндік спецификалық білім беру жүйесін құруға
алып келді.
Білім беру жүиесі дегенді қалай түсіну керек? Система өзі грек тілінен
шыққан және қазақ тіліне аударғанда біртұтас, бірнеше әр түрлі бөліктерден
құралған, бөліктердің құрылымы дегенді білдіреді. Мұнда білім беру жүйесі
деп кез келген елдегі қызмет атқаратын білім тәрбие беру орындарының
жиынтығын, олардың арасындағы байланыстарды және де сол орындардың құрылу
және жұмыс істеуінің ортақ принциптерін түсіну керек.
Әдетте әр елдің білім беру жүйесі келесі қызметтерді атқаратын білім
тәрбие мекемелерінен тұрады:
мектепке дейінгі тәрбие
жалпы орта білім
мектептен тыс білім беру және тәрбие
кәсіптік-техникалық білім
орта арнаулы білім
ғылыми және ғылыми педагогикалық кадрлар дайындау
мамандықты көтеру және кадрларды қайта дайындау.
Мектептегі білім беру мен тәрбиелеу практикасы.
Мектептегі білім беруді жеткілікті жоғары дәрежеде ұстау қоғамның
қарқынды дамуының алғышарты. Жоғары дәрежеде дамыған индустриалды
мемлекеттер мектеп ісінде елеулі көрсеткіштерге қол жеткізді. Оларда оқу,
білім деңгейінің орта статистикалық көрсеткіші үнемі көтерілуде. Осылайша
Батыс Европада 1990-шы жылдардың басында ер жеткен тұрғындардың 95%-і ең аз
дегенде тоғыз жылдық мектеп білімі болды. АҚШ-та 1985-ші жылдың қарсаңында
ер жеткен тұрғындардың 85%-нің толық орта білімі болды.
Мектеп білімі бір бастан сөзсіз болып табылмайды. Оларға оқушыларды
дайындау сапасының төмендеуі түрткі болады. Білім берудің ең төменгі
көрсеткішін көтеру жаңа көріністің дамуына бой алдырды. Ол функционалды
сауатсыздық. Функционалды сауатсыз болып мектеп дәрежесінде міндетті білім
беру курсынан өткен, бірақ күнделікті өмір проблемаларын шешуге қажетті
оқу, жазу, есептеу қабілеттілігі жоқ адам саналады.
Мектеп бағдарламалары үнемі түзетулер мен өзгертулерге түсіп тұрады.
Мектеп бағдарламаларының негізі едәуір тұрақты болып келеді. Дегенмен
оларды үнемі жаңарту қажеттілігі ұдайы туып тұрады. Осыған мысал ретінде
мектеп бағдарламасына экология тақырыбын енгізуді алуға болады.
Жалпы білім беру мектептерінде оқу бағдарламасының бірнеше типтері
бар. Дәстүрлі тип болып міндетті бағдарламалар табылады. Жалпы білім беру
мектебінде міндетті курстардың саны оннан аспайды. Оқушылардың белгілі бір
бөлігіне арналған арнаулы бағдарламалардың саны едәуір көбірек. Олар:
факультативтер, таңдаулы курстар, ерекше оқу орындарының бағдарламалары.
Кейбір бағдарламалар, бағдары мен дәрежесіне байланысты, міндеттіден
арнаулыға ауыса алады. Арнаулы курстар тереңдетілген және жеңілдетілген
болуы мүмкін.
Дүние жүзі мектебінде дәстүрлі міндетті және арнаулы бағдарламалармен
қатар интегративті бағдарламалар кеңінен тарауда. Оның мысалы орта
мектептегі жаратылыс тану бағдарламасы болып табылады. Интегративті
бағдарламаның мақсаты-түрлі ғылымдардың және олардың өзара қарым
қатынастарының негізгі көріністерімен, заңдылықтарымен таныстыру.
XX-шы ғасырдың екінші жартысында дүние жүзі мектебі білім беру
бағдарламаларын реформалауға кірісті. Бағдарламалар құрамы мәселесіндегі
кертартпалықты сақтаған жағдайда, бұл реформалар оқуды икемдірек қылуға,
жаңаруға бейімдірек болуға, оған жалпы және жекешелендірілген міндеттілік
және таңдаулылық дәрежесін беруге бағытталады. Мектеп бағдарламаларын
өзгерту екі түрлі жолмен жасалады: 1. Экстенсивті.
2. Интенсивті.
Бірінші жол дәстүрлі болып табылады. Ол бөлшектелген пәнді білім
беруді қарастырады. Мерзімінің өсуіне, ауқымының кеңеюіне қарай мұндай
білім беру, сапасы жағынан барлық оқу пәндеріне бірдей дәрежеде тарайды.
Интенсивті типтегі бағдарламалар ең алдымен оқу материалын жете түсінуге,
ұғынуға бағытталады.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы тәрбие нәтижесін тез жақсартады деген
үміт ақталмады. Ол мектеп басшылығының қысымында болды және оқушылардың
дербестігі мен белсенділігін толық мадақтамады. Осының себебінен олардың
мектеп кеңестері алмастырды Олардың құрамына оқушылар, мұғалімдер, ата-
аналар, басшылық өкілдері мен қоғам өкілдері кіреді. Олардың қызметінің
айрықша бағыттары - оқушыларды мектеп өміріне тарту, балалардың
дербестігін, өз көз қарастары мен талаптарын жақтай алу қасиетін дамыту,
қарым-қатынас жасау мәдениетін тәрбиелеу. Мектеп кеңестері мектептегі
психологиялық ахуалды жақсартты.
Дүние жүзінде көпмәдениетті тәрбие кең тарауда. Бірақ оның көлемі
алдыңғы қатарлы елдерде бірдей болып келмейді. Мұндай тәрбиенің тәжірибесі
екі тілді бағдарламалы жеке меншік мектептерде жиналған. Онда балалар
мемлекеттік тілде және өзі жататын этникалық топ тілінде оқытылады. Мұндай
мектептер балаларға өздерінің этникалық ерекшелігін ажырата білуге
көмектесу мақсатында құрылған.
Уақыт талабына жауап ретінде оқу бағдарламаларында жаңа пәндер пайда
болады. Олардың негізін есірткіге қарсы, ішімдікке қарсы, табиғатты қорғау
тақырыптары құрайды. Бұл тақырыптарды дәстүрлі мектеп пәндеріне қосады.

приоритеттері және проблемалары.
Білім беру жүйесінің дамуына бірқатар факторлар әсер етеді. Олардың ең
негізгілерін қарастырайық.
А) Қоғамдық өндірістің даму деңгейі және оның ғылыми –техникалық
негіздерін толық жетілдіру. Жоғарыда айтылып кеткендей қоғамдық өндірістің
ғылыми-техникалық деңгеиінің дамуы мен өсуі өндірушілердің басым
көпшілігінің жалпы білімдік және техникалық дайындығының жоғары дәрежеде
болуын талап етеді. Осы нақты мұқтаждық мектеп жүйесін құру, дамыту және
оны үнемі жетілдіру қажеттілігіне себеп болады. Сондықтан да техника
жағынан жақсырақ дамыған елдерде түрлі мектептер жүйесі тезірек дамиды,
білім-тәрбие беру мекемелеріне жаңа түрлері ертерек пайда болады және
құрылады. Осылайша Англияда бастапқы білім беру XІX-шы ғасырда міндетті
болды. Техникалық өндірісі жоғарырақ дамыған елдерде жалпы білім беру және
кәсіптік орта білім беру мекемелерінің жүйесі жоғары қарқында кеңейді.
Сонымен қатар университеттер және түрлі арнаулы жоғары оқу орындары ашылды.
Қазіргі таңда ғылыми– техникалық прогрестің әсерінен дүние жүзінің барлық
елдерінде арнаулы орта және жоғары, әсіресе университеттік білім берудің
рөлі айтарлықтай өсуде, көпшілік мамандық жүмысшыларын дайындауға арналған
кәсіптік-техникалық оқу орындарының жүйесі жоғары қарқында дамуда.
Ә) Қоғамның саясаты және оның әр түрлі топтарының мүдделері. Кез
келген елдегі білім-тәрбие беру мекемелерінің және жалпы білім беру
жүйесінің дамуы қоғамның саясатының әсерінсіз бомайды. Өзінің мүлкі және
саяси деңгейі жағынан әр түрлі топтары бар қоғамда білім беру жүйесі екі
жақты түрде болады, яғни білім-тәрбйе беру мекемелерінің бірқатары қоғамның
ауқатты тобына арналған болса, ендігілері төменгі топтарға қызмет етеді.
Үндістан сияқты адамдары түрлі касталарға бөлінетін елдерде сол түрлі
касталардың балаларын оқытатын арнаулы бөлек мектептер бар.
Б) Халықтың білім беру саласындағы тарихи тәжірибие және ұлттық
ерекшеліктер. Әр елдің білім беру жүйесі оқу-ағарту саласындағы тарихи
тәжірибенің және ұлттық дәстүрлердің әсері арқылы да құрылады. Бұл,
мысалға, кейбір мұсылман елдерінің әр түрлі мектеп сатыларында және тағы
басқаларында ұлдар мен қыздарды бөлек немесе бірге оқыту практикасында
крініс табады. Осылайша бірқатар елдерде бастапқы білім беру алты класты
қамтыса, басқаларда бес немесе төрт класты қамтиды. Осы ерекшеліктердің
бәрінде білім берудегі ұлттық ерекшеліктер үлкен роль атқарады.
В) Педагогикалық факторлар. Педагогикалық фактолардың білім беру
жүйесіне тигізетін әсері әр алуан болып келеді. Мысалы, алғашында, бала
бақшаларды ашуға әйелдердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz