Педагогикалық инновация туралы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Физика факультеті

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы:

Педагогикалық инновация туралы түсінік.

Орындаған:

Радиофизика және электроника бөлімінің

ІІІ курс 313 топ студенті Шабданұлы Еркін

Тексерген: Мамырайым Бекжанбек Болатұлы

Алматы 2005

Педагогикалық инновация туралы түсінік.

ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі - білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті.

Қазақстан Республикасындағы жоғары білімді дамыту қазіргі университеттерде:

  • практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;
  • қоғамның интелектуальдық қуатын жетілдіруі;
  • еліміздің материалдық - қаржылық әл - ауқатын әрі қарай дамыту;
  • жоғары білім беру жүйесін әрі қарай дамыту міндеттерін көздейді.

Бұл міндеттерді шешу үшін әр оқытушы күнделікті ізденіс

арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым - қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет.

Ғылыми - педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып

табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс - тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.

Инновация (латын сөзі in - ішінде, novis - жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С. И. Ожегов сөздігі бойынша: инновацияны бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орынын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.

1957 - 1964 ж. Он жылдық тарихқа американдық білім жүйесіндегі инновациялар және өзгерістер кезеңі ретінде енеді.

1. Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың білімді көтерудің ұйымдастыруында.

2. Өз зерттеулерінде ағылшын ғалымдары мынадай қорытындыға келеді: „әр жоғарғы сатыдағы оқытушы әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде іс-әрекет жасауы тиіс”, - дейді.

3. Инновациялық технологияларды қолданып дамыту мәселелерін басқа елдердің педагогтары да қарастырады.

90 - жылдардың бас кезінде орыс ғалымдары Днепрова В. И., Золвязинский, Лазерованың еңбектерінде „инновация” ұғымы пайда болады. Олар „инновация” ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс - әрекеті деп сипаттайды. М. М. Паташник, А. С. Лоренсов „жаңалық” дегенді құрал ретінде (жаңа әдіс, жаңа технология) ал „инновацияны” осы тәсілдерді меңгеру үрдісі деп санайды.

Біздің елімізде „инновация” ұғымын пайдалану соңғы бес жылдыққа жатады. Ең алғаш „инновация” ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Немеребай Нұрахметов. Ол: „инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” - деген анықтаманы ұсынады.

Ы. Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми зерттеу институты әдіскері Қ. Құдайбергенова өз еңбектерінде „инновацияны” - нақты қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған:

„ИННОВАЦИЯ” - жаңарту.

„НОВОВЕДЕНИЕ” - енген жаңалық.

„НОВШЕСТВО” - жаңалық.

„ИННОВАЦИОННЫЙ ПРОЦЕСС” - жаңарту үрдісі.

Педагогикалық энциклопедияларда төмендегідей анықтамалар берілген: „инновация” сөзілатын тілінен енген - новый, яғни аударғанда „обновление - жаңарту”, „новинка - жаңалық”, „изменение - өзгеріс” деген мағына береді.

Инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, жаңа әдіс - тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану деп анықталған.

Инновация ұғымын ғалымдар әр түрлі түсінеді:

1) жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі.

2) өзгеріс.

3) құрал, әдіс.

Т. И. Шамова, П. И. Третьяковалардың еңбегінде „Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, демек инновация үрдісін мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал „жаңаша” деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс - тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз” делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде „инновация” әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым „жаңаша білім беру” деп түсіндіріледі.

Ал, А. И. Кочетов „инновация” ұғымына төмендегідей анықтам береді: „Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс - әрекеттің бір тұтас бағдарламасы. ” Алайда Р. Масырова мен Т. Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, „егер баратын деңгей алдын - ала көрсетілген болса, ол қандай инновация” делінген. В. Кваша мен В. Латинаның пікірлері бойынша „инновация” - бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс - әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып табылады.

Тәжірибелер көрсетіп жүргендей, кез - келген инновация - мөлшерлі іс - әрекеттің шегіне ұмтылуы және одан шығуы. Педагогика ғылымының тарихын саралап талдау көптеген педагогикалық инновациялардың ерте уақыттарда да болғанын көрсетеді. Мысалы, Сократ мектебі - „Қуаныш үйі”, К. Д. Ушинский мен Н. Л. Толстойдың ғылыми идеялары.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерлерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. „Жаңару ” дегенімізді былай деп түсіндіреді: „жаңару - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, Ашылған уақыттан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея” (Масырова Р., Линчевская Т. Инновационная школы в Казахстане. РБК, Алматы) .

Н. Нұрмағамбетов „инновация” білімінің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу тәрбие жұмыстарының түрлерінде, тәсілдерінде, оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі:

- жеке түрі (жеке дара, бір - бірімен байланыспаған) ;

- модулдік түрі (жеке дара кешені, бір - бірімен байланысқан) ;

- жүйелі түрі (барлық оқу түрін толық қамтитын) .

Жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.

Модификациялық инновация - бұл қолда барды дамыту мен, түрін өзгертумен айналысу.

Комбинаторлық инновация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың кәзіргі кездегі әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновацияға білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.

Қазіргі зерттеулер көрсетіп отырғандай, жоғары оқу орындарындағы бүгінгі үлгілерінің көрсеткіші, берілген білім сапасы формализм мен субъективтіліктен әлі арыла алмауда, осыған орай, ғалымдар, жаңашыл оқытушылар бұл мәслелерді шешу бағытында біршама істер атқаруда. Инновация дегеніміз - педагогикалық жүйедегі жаңашылдық.

Педагогикалық жүйе құрылымын кей ғалымдар (И. П. Подласый, В. П. Беспалько, т. б. ) студенттер тәрбие мақсаты тәрбие мазмұны

тәрбие үрдісі оқытушылар тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары түрінде қарастырады. (тәрбиелей отырып оқыту жағдайында) . Білім беру үрдісінің негізгі бөліктері: мақсат мазмұн

форма әдіс оқыту көрнекілігі тізбесі жаңа мазмұнға ие болғанда ғана педагогикалық жүйедегі жаңашылдыққа жол ашылады. Ал жаңа технологияны қолдану төмендегі кезеңдер арқылы іске асады: оқып - үйрену

меңгеру өмірге ендіру дамыту.

Жаңа техногиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:

  • Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
  • Студенттердің сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми әдістемелік, оқыту әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап назарда ұстау;
  • Жаңа буын оқу құралдарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы студенттерге білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
  • Оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.

Кез - келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжирбиесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық және телекоммуникациялық технологиясын игеру міндетіміз.

Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл, оқытушы үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа оқытушы үшін өтілген материал тәрізді. ХVІІ ғасырда Я. А. Коменский жасаған жүйелер А. С. Макаренко және В. А. Сухомлинский іс-тәжірибелері, сондай-ақ В. Ф. Шаталовтың қолданған тірек - конспектілері жаңалықтарды, ой- идеяларды өз уақытында да, қазірде де қолдануды тиімді деп тауып отыр.

Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе бұл ұғым белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау дегенді білдіреді. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып, инновацияны „жаңалық”, „жаңа әдіс”, „өзгеріс”, „әдістеме”, „жаңашылдық”, ал инновациялық үрдісті „жаңа әдістеме енгізу құралы” деп ұғатын боламыз.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырды. К. Ангеловский, М. Поташник, В. Я. Ляудис т. б. ғалымдар оқытушының жаңалыққа қабілеттілігіне ерекше көңіл бөлді. Авторлардың көбі педагогикалық инновацияның негізгі міндеті енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу деп санайды. Ол үшін ең бастысы - университет жұмысын дамытудың аймағын қарастыру керек дейді. Енгізіліп отырған жаңа әдістеменің ерекше жағын көре білу, түсіне білу және оның басқа әдістемелермен қандай байланысты екенін білу керек.

Инновациялар классификациясы негізінде білім беру мекемелердің қызметіндегі туындайтын саналы педагогикалық ой-идея жүйесі жатыр.

Сонымен, оқытушының инновациялық әрекетке көшуі бірден-бір көкейкесті мәселе. Білімнің ағартушылық жүйесінде оқытушы субъект деп танылады. Университетте білім берудің динамикалық үрдісі оқытушыдан шығармашылықты, инновациялық әрекетті талап етеді. Мұндай талап етушілікте, байланыста оқытушының дәстүрлі деңгейі мен қазіргі университет, қоғам қажет ететін шығармашылықты, жаңашыл - оқытушы арасында қарама - қайшылыққа туындайды.

Университет өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы болашақ оқытушыларды даярлаудағы әдістемелік өзгерістермен тығыз байланысты. Инновация көлемділігі оның жүйелілігі мен классификациясын тудырады. Осындай мәселелердің шешімін іздеу жолында еңбектеніп жүрген ғалымның бірі - О. Т. Хонерин. Ол инновацияны мынадай түрлерге жіктейді:

  1. модификациялы, яғни педагог қауымның идеяларынан туындаған. И. В. Волков, Е. Н. Ильин, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жаңашыл - педагогтар;
  2. комбинаторлы;
  3. радикалды, инновациялық жолмен оқытудың модельдері.

В. Мужич инновацияға топпен оқыту, кабинеттік оқыту, жеке жұмыстарды жатқызса, Манро үзбей оқыту, „алыстан оқыту” немесе радио арқылы оқыту деп бөледі. З. Главашкин инновацияларды білім берудің секторларына байланысты топтайды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық мәселелері
Педагогикалық тәжірибені оқыту проблемасы
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Педагогикалық инновация туралы түсінік
Қазақстандағы инновациялық технологияның бүгінгі даму қарқыны
Инновациялық технологиялармен оқыту
Орта мектеп химия курсында инновациялық технологияларды пайдаланып оқыту әдістемесі
Оқу әрекетін ұйымдастырудың инновациялық сипаты
Педагогикалық үдерістегі инновациялық оқыту әдістері
Бастауыш білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларын қолдану әдістемесін дайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz