Жас өспірім кез және оның ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 1
Жас өспірім кез және оның ерекшеліктері 10
Қорытынды. 12
Қолданылған әдебиеттер: 14

Кіріспе

Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдына оқу іс-
әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез
араласып кетуіне себеп болады. Немесе өзінің шамасы келмейтін
тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте-бірте өзінің деген сенімін
жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл тіпті
баланың бойындағы әдетке айналады. Тәжірибеде бұл екі вариант та типтік
болып табылады. Білім алуға дайын тұрған балалар саны да, бұл жағдаймен
оқуға шамасы жетпейтін балалардың саны өте жоғары.
Оқу іс-әрекетінің жағдайында балаға оның ойын емес екендігін
түсіндіруге тырысу керек, сонда ғана ол оқуға ат үстілікпен емес, ынтамен,
шын көңілмен назар аударып, өзін-өзі шынайы өзгертуге үйренеді. Балалар
ойынға құрылған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын айыра біліп, оқу
тапсырмаларына құлқы болса да, болмаса да оны қалайда орындауы керектігін
білуге үйренуі керек. әрине, ойын баланың белсенді өмірінің аясынан шығып
қалмауы тиіс. Балаға оның енді үлкен екендігін, кішкентай балалар сияқты
ойыншықтармен ойнап отыруы ұят екенін түсіндіріп айтуға тиіспіз. Ойын тек
қана балалықтың ғана іс-әрекеті емес, ол барлық жастағы адамдардың бос
уақыттарында айналысып, көңіл көтеретін құралы.Әдетте бала адамдардың
әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орында ойынның мәнін
бірте-бірте түсіне бастайды әрі ойнағандада аса бір құштарлықпен ойнайтын
болады. Ойнай жүріп бала өзіне аса маңызды әлеуметтік дағды
қалыптастырады. Балалар қоғамының рөлі мен ережелері үлкендер қоғамының
қалыптасқан ережелері туралы білуіне мүмкіндік жасайды. Ойын үстінде
ынтымақтастық пен бәсекелестік сезімі қалыптасады. Ал, әділеттік пен
әділетсіздікке көзжеткізу, теңдік, лидерлік, бағыныштылық, адалдық,
сатқындық әрекеттері баланың бойындағы жеке тұлғалық қасиеттерді
қалыптастырады.
Баланың дұрыс психикасының ерекшелігі-танып-білуге деген белсенділігі.
Баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің құрылысын
өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп тәжірибеден өтеді, себеп-
салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады. Ол мысалы
қандай заттардың суға батып кететіндігі туралы білгісі келеді. Бала ой-
қабілеті жағынан неғұрлым белсенді болса, ол соғұрлым сұрақты көп қояды.
Кейбір мәселелер туа қалған жағдайда оны шешуге тырысады, әрине ол оны
тек ойша ғана шеше алады. Бала болып жатқан жағдайды бағамдайды және оған
өзі ойша араласып, іс-әрекет жасайды. Сол жағдайды шешу үшін образдармен
іштей әрекеттесуден туған ой-көрнекі образды деп аталады. Образды ойлау-
бастауыш сынып жасындағы баланың негізгі ойлау түрі болып табылады.
Мектепте оқыта бастағанда баланың ойлау жүйесі өзінің эгоцентризмімен,
белгілі бір мәселелерді дұрыс шешуге қажет болатын білімінің жоқтығынан
ойлау үрдісінің ерекше болуымен назар аудартады. Мысалы, бала өзінің
білімдік тәжірибесінде заттардың ұзындығы, көлемі, салмағы сияқты
ерекшеліктерін онша түсіне бермейді.
Біліміне жүйеліктің жоқтығынан, түсініктерінің жеткілікті түрде даму
дәрежесіне жетпегендігінен ойлау жүйесінде көріністі тек қана қабылдау
логикасы басым болады.
Кез келген педагогикалық мәселені шешкен кезде, - мейлі ол оқыту
тәрбие мәселелері болсын, - дайын рецепттер қолдануға болмайды.
Педагогикалық практикада кездесуі мүмкін барлық оқиғалар мен ситуацияларды
алдын-ала ескере алмайды және өмірдегі барлық жағдайларға кеңестер бере
алмайды. Педагог үшін өзінің педагогтық дүние танымын қалыптастыру, белгілі
көзқарастарының, өз әрекетінде басшылыққа алтын принципті қағидалардың
жиынтығының игеру маңыздығы. Мұның тәрбие мәселелеріне де қатысы бар.
Оқушыларды оқыту мәселерінде басшылыққа алынуға тиісті негізгі принциптер –
дидактика принциптері қарастырылған еді. Бұл принциптерді тар мағынасында
ұғылатын тәрбие мәселелерінде де, басқаша айтқанда, тәрбие жұмысында
қолдануға болады.
Шынында да, жоғарыда көрсетілгендей, тәрбиеде көрнекі жарқын мысал,
еліктеуге болатын мінез-құлық үлгісі үлкен рөл атқарады.
Оқушы нормалар мен ережелерді саналы түрде меңгергенде, олардың ой
елегінен өткізіп, олардың ақылға қонымдылығын, әділеттілігін, өмірлік мәнін
түсінгенде ғана тәрбие табысты болмақ. Оларды игеруде және сенімге
айналдыруда оқушылардың белсенділігінің, олардың этикалық білімдерді
игеруде, талап етілетін тәртіп формаларын өз бойларында қалыптастыруға
деген тілегі мен ықыласының үлкен мәні бар.
Тәрбие комплексті, бірақ жүйелі және дәйексіз түрде жүзеге асырылуы
қажет екені күмәнсіз. Қазіргі уақытта тәрбие жұмыстарын жүргізуде
жоспарлықтың, тұрақтылықтың болмауы бұл принципті мейлінше үлкен маңызға
ие. Тәрбиенің нақты міндеттері мен мінез-құлыққа қойылатын талап та
оқушылардың жас мөлшеріне, тәрбие деңгейіне, олардың мінез-құлқының жеке
ерекшеліктеріне және соларға әсер ететін қайнар көздерге едәуір мөлшерде
тәуелді болады.
Тәрбиені бойға едәуір сіңіру принципі ең алдымен оқушылардың талап
етілетін тәртіпке жаттығулары, нормалар мен тәртіп ережелерін, қоршаған
адамдармен қарым-қатынасты игерулерін практика арқылы бекітетін тәжірибе
алулары арқылы жүзеге асырылады.
Оқушылардың адамгершілік тәрбиелері мен практикалық іс-әрекеттерін
ұйымдастыруда теорияның практикамен байланыс принципі де жүзеге асырылады.
Тәрбиелеуде сөз бен істің арасында алшақтық болуына қарсы, этикалық
нормалар мен ережелерді сөз жүзінде ғана игеруге қарсы еркшк маңызы бар.
Бұл формаларды өмірге енгізу практикалық әрекет пен істе жүзеге асыру ғана
олардың берік игерілуіне, оларды сенімге және іс-әрекетті басшылыққа
айналдыруға көмектеседі. 9Тәрбиелеуге қолданылатын бұл принципті сана мен
мінез-құлық бірлігі принципі деп те атайды.
Тәрбие жұмысында ғылымилық принципі де жүзеге асырылуы мүмкін.
Жекелеген тәрбие шаралары мен әңгіме тақырыптарын кездейсоқ және жүйесіз
таңдауды тәрбиелік ықпал жасаудың біркелкі ғылыми негізделген жүйесі
ауыстырылуы қажет. Ал тәрбие процесінің өзі мұғалім балаларды дамыту мен
тәрбиелеудің заңдылықтары жөніндегі нақты ғылыми негізге сүйене отырып,
ықпал ету шараларының дәл сондай жастағы, дәл сондай тәрбие алған
шәкірттерге қолданылуы қажет және тиімді формалары мен құралдарын қолдана
отырып әрекет жасайтын дәл, ғылыми негізделген процеске айналуы қажет. Егер
бұл әзірге біршама қашықтағы перспектива болса, оның себебі осы айтылған
барлық проблемалардың осы педагогика да, психологияда да жеткіліксіз шешім
табуында ғана жатыр. Ал ғылымилық принципінің өзі тәрбиелеудің күрделі
практикасы мен тәрбие жұмысында жылдан-жылға кеңірек және көбірек
қолданылып келеді.
Ал, енді қиялға тоқталатын болсақ, қиял әсер беретін іс-әрекет ретінде
көрініс табады. Бала шынайы өмірдегі қиындықтарды бастан кешіріп өз
басындағы жағдайды тығырыққа тірелгендік деп түсінген шақта, ол өз
қиялындағы әлемге кетіп қала алады. Мысалы, әкесі жоқ болса, бұл баланың
жанын жаралайды, ал ол қатты қиналған кезінде өз қиялында ең керемет,
мейірімді де ержүректі әкеге ие бола алады. Қиял өз мазмұны бойынша қандай
да бір адам сенгісіз нәрсе сияқты болып көрінгенмен, шынайы әлеуметтік
кеңістіктің нормативтеріне сүйенеді. Бала өз қиялында мейірімдікті немесе
қатыгездікті көруі арқылы, ол болашақтағы өз іс-әрекеттеріне мазмұн болатын
жағдайларға бейімделе алады.
Қиялға берілуі үлкен адамға қарағанда баланың өмірінде үлкен рөл
атқарады, қиялдың жиі көрініс беруі арқылы ол шынайы өмірде көбірек
қателеседі. Қиялдың шаршауды білмейтін жұмысы баланың қоршаған ортаны
тануға және игеруге мүмкіндік беретін, өзінің өмірлік тәжірибесінің
шеңберінен шығып кетуіне жағдай жасайтын маңызды жолы болып табылады, ол
шығармашылық қабілеттің дамуының маңызды психологиялық алғы шарты және
әлеуметтік кеңістіктің нормативін игерудің тәсілі. Соңғысы қиялдың жеке
тұлғаның өзіндік ерекше сапасының мүмкіншілігімен тікелей жұмыс істеуге
мәжбүр етеді.
Ақыл-ойдың дамуына оқу іс-әрекеті ерекше әсер етеді. әсіресе оқу
жүйесінде сөйлеу қабілетін меңгерудің және дамытудың айқындауыштық мәні
бар. Сөйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту мақсатында баланы оқытудың
және дамудың мынадай түрлері болады : біріншіден, нормаға сәйкес әдеби
тілді меңгеру, екіншіден, оқи және жаза алу. Оқи білу де, жаза білу де тіл
жүйесіне, оның фонетикасына, орфографиясына сүйенетін сөйлеу дағдылары.
Үшіншіден, оқушылардың сөйлеу мәдениетінің белгілі бір талап деңгейіне
сәйкес келуі, яғни,ол оқушы деген атқа ие болғандықтан да сол деңгейден
төмен болмауы тиіс.
Бастауыш сынып жасындағы бала үлкендердің сөзін бірте-бірте толық және
дәл қабылдау, өз бетінше оқып, радио тыңдау дәрежесіне жететін болады. Ол
сөз әлеміне қиындықсыз араласып, оның мазмұнын бағамдай алатын болады,яғни,
әңгіменің не туралы болып жатқанын ұғынып, сөздің негізгі тақырыбының
дамуын қадағалап, соған сәйкес сұрақтар беруге және диалог құруға шамасы
жететін болады. Бала өзінің сөздік қорын ынталы түрде кеңейтіп, өзі
үйренген сөздер мен тіркестерін жиі пайдалануға, қарапайым граматикалық
түрлер мен құрылымдарды меңгеруге тырысады. Мұның бәрі баланың сөйлеу
қабілетінің және ақыл-ой қабілетінің дамуындағы жетістіктер.
Тіл меңгеру барысында жаңа әлеуметтік қатынастар пайда болады, олар
баланың ойлау жүйесін байытып және өзгертіп қана қоймайды, сонымен бірге,
оны жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Бала мектепке бара бастаған сәттен,
оның сезімталдық дамуы оны қоршаған сырт адамдарға және оның сырттан алған
тәжірибесіне қатысты болады.
Баланың үрейленуі өзін қоршаған ортаны қабылдауының санада сәулеленуі
болып табылады, ал қоршаған орта бала үшін біртіндеп кеңейе береді. Үрейдің
негізгі бөлігі отбасындағы, мектептегі және өз құрбылары арасындағы
жағдайлардан құралады. өткен уақыттағы адам түсіндіріп бере алмайтын және
одан құрылған қорқыныштары бірте-бірте күнделікті тіршіліктің толып жатқан
саналы мәселелерімен алмасады. Ал баланың үрейленуіне негіз болатын алда
тұрған сабақ немесе укол, тіпті түрлі табиғи құбылыстар немесе жора-
жолдастарының ара-қатынасы болуы да мүмкін.
Бұл жастағы балаларда бірте-бірте оларға тән, мектепке барғысы келмеу
әдеті пайда болады, оған жаңа өзіміз айтқан үрей қосылады. Осындай жағдайда
тап болған балада бас ауыруы пайда болады, құсады, басы айналады. Мұның
бәрі құр сылтау емес, сондықтан да оған дұрыс көңіл бөлу керек. әдетте
мұндай балалар жақсы оқиды, ал олардың қорқыныштары жаман баға алып қаламын
дегендіктен емес, негізінен ата-аналар үшін, әсіресе анасы үшін
алаңдағандықтан туындайдайды, мысалы баласы үшін олардың мұңға батып, қайғы-
қасыретке қалуы қатты алаңдатады. Ата-аналар баланың көзінше өз
алаңдаушылықтарын, күдіктері мен толқыныстарын айтады, сол арқылы баланың
бойында өз ата-анасы үшін алаңдаушылық пайда болып, әсіресе олардың мектеп
алдындағы жағдайын ойлап, бала үрейлену сезіміне беріледі, сөйтіп әрине ата-
ананың өздері себеп болады. өздеріне-өздері онша сенімді емес ата-аналар
баланың үнемі өз қастарында болуын қалайды. Олардың саналы түрде баладан
айырылмауы баланың тәуелсіздікке, табандылыққа деген ынтасын жояды.
Сабақ алдында үрейлену әдеті болған баланы тезірек мектепке қайтару
керек болады. Басы ауырып тұрғанына немесе басқа да сәл нәрсені сылтау
еткеніне ерекше көңіл аудару сол белгілердің күшейіп кетуіне әкеліп
соқтыруы мүмкін. Кейде тіпті баланың көңіл-күйінің жоқтығы мен шағымына
көңіл аудармау керек болады.
Баланы тыңдап отырғаннан да, оны мектепке баруға достық ниетпен қалай
да көндірген дұрыс.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың ішіндегі ер балалардың 5-8
пайызының, қыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері
Жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық көмек көрсету
Жас кезеңдерінің ұзақтығы
Жас ерекшелік психологиясының әдістері
Акселерацияға байланысты жеткіншектік кезеңнің шектері
Жас ерекшелігі психологиясы жайлы
Жоғары мектеп оқушысының тәрбиедегі өз-өзін бағалау ерекшеліктері
Педагогика пәнінен дәрістер
Жасөспірімдік кезеңдегі қоғамдық, белсенділік және дүниетанымның қалыптасуы
Жанұяға жас өспірім мен жеткіншек тәрбиесінің тиімді жолдарын ұсыну
Пәндер